Қазақ антропонимжасамындағы үйлесім факторы
Мазмұны
1 ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМЖАСАМЫНЫҢ ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1.1 Ат қою дәстүрі және интенсиялық фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1.1.1Түрлі халықтардың ат қоюындағы қазақ дәстүрімен ұқсас ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.1.2 Ат қою дәстүрі және ұрпақ қамы факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.3 Ат қою дәстүрі және тұрмыс факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1.4 Ат қою дәстүрі және ислам факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2. Қазақ антропонимжасамындағы үйлесім факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.2.1 Сыртқы әлеммен үйлесімдегі өмір-тіршіліктің антропонимжасамдық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.2.2 Үйлесім ұғымының құрметтеу-еркелету мәнді есімдер арқылы көрінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
1.2.3 Үйлесім ұғымының ұйқас есімдер арқылы көрінуі ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМЖАСАМДЫҚ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
2.1 Антропоним тудырушы қосымшаларға тән белгілер ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.2 Антропонимжасамдық қосымшалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.2.1 Қос қызметті тұлғалардың қосымшалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... 37
2.2.2 Қарапайым қосымшалардың антропонимжасамдық қабілеті ... ... ... ..39
2.2.3 Қосымша сипатты жасанды формалардың тілдік табиғаты ... ... ... ... 42
2.2.4 Еркелету, құрметтеу мәнді қосымшалардың антропонимжасамдық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
2.3. Антропонимжасамдық қосымшалардың этимологиялық негіздері ... .48
2.3.1 Антропонимжасамдық жасанды тұлғалардың қалыптасу жолдары...49
2.3.2Антропонимжасамдық қосымшалардың табиғатындағы тоғысу мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс мазмұны қазақ антропонимжасамының теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды. Кісі есімдерінің жасалуы, оған қойылатын шарттар, тілде нормалануы сипаттала отырып, тарихи негіздері мен қазіргі түркі халықтарына ортақ есімдердің ерекшеліктері және ортақ белгілері айқындалды. Антропонимжасамдық негіздердің көне жазбалардағы нұсқаларымен байланысы, қазіргі түркі есімдерінің арасынан алатын орны, мағыналық негіздер мен жасанды негіздерге топталуы, қосымшалардың қызметі, негізге жалғану жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері, қосымшалардың есім жасау қабілеті мен қалыптасу жолдары, түрлері, тарихи-этимологиялық сырлары сараланды.
Қазақ есімдері қажеттіліктің негізінде пайда болып, қалыптасқан атауыш құрал ғана емес, ұзақ тарихы бар ұлттық таным мен мәдени тәжірибенің үздік жемісі болып табылады. Сондықтан лингвистикалық факторлармен қатар, экстралингвистикалық негіздері де ұлттың тұрмыс-тіршілігі, таным-түсінігі, ұрпақ туралы көзқарастары тұрғысынан зерделенді.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Қазақ есімдерінің тілдік табиғаты бүгінге дейін тарихи және сипаттамалық тұрғыдан жан-жақты сөз болып келеді. Тілші ғалымдар тарапынан да, жазушы, журналист, қарапайым пікір білдіруші көпшілік тарапынан да бұл бағытта көптеген мақалалар мен ғылыми еңбектер жазылып, сөздіктер жарық көрді. Алайда, осы зерттеулерде кісі есімдерінің тілдік табиғаты лексика-грамматикалық тұрғыдан қарастырылып немесе танымдық, мәдени, әлеуметтік қырлары айтылып, мәселенің шешімі әржақты, жеке салаларға байланысты түсіндіріліп жүр. Төл есімдер мен кірме есімдерінің өзара байланысы, кірме есімдердің қазақ тіліндегі есімдерге әсері немесе керісінше үдерістердің себептері т.б. секілді жағдайларда да олардың үнемі өзге тіл элементтері екеніне назар аударылып, қазақ есімі ретінде тану назардан тыс қалып келеді. Қазақ есімі тілдік және тілден тыс факторлардың жиынтығынан тұратын құрылым, сондықтан оның ішкі болмысын кешенді түрде қарастырғанда ғана тереңірек білуге мүмкіндік туады. Аталған мәселелердің қалыптасу себептері де әр қырынан қарастырылуынан туындап отыр.
Кісі аттарының шығуына қатысты негізгі мәселелер тікелей қазақ халқының ат қою дәстүрінен басталады, осы дәстүрдің тілдік белгілері мен жүйесін зерделеуді антропонимжасам аясында қарастырудың маңызы зор. Екіншіден, есім адамдарды атаушы құрал, сондықтан оның әлеуметтік қызметі де жан-жақты талдауларды талап етеді. Қазіргі қоғамда кісі есімдеріне қатысты толып жатқан проблемалар бар, оларды дұрыс жолға қою мәселесі де күн тәртібінде тұр. Тілдік жүйеден бастап, қоғамдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі аралықта қалыптасып отырған жағдай ең бірінші бүгнігі сұранысқа толық жауап бере алатын лингвистикалық зерттеулерге зәру. Осы тұрғыдан келгенде әуелі қазақ есімі деген ұғымның өзін анықтап алу мәселесі туындайды және бұл алдымызға кісі есімдерінің дәстүрлі жасалу жолдарын кешенді түрде зерделеу міндеттерін жүктейді.
Кісі есімдерінің тарихи сипаты, өзге түркі есімдерімен байланысы, ол ортадан алатын орны, шығу тегі бір төл және кірме тұлғалардың қазақ есімі ретіндегі сипаты қазақ антропонимжасамының тарихи негізі әрі жүйесі болып табылады. Жасалуындағы лингвистикалық факторлар мен экстралингвистикалық факторлардың өзара байланысы, олардың антропонимжасамдағы орны. Бүгінгі жұртшылық санасындағы қазақ есімі деген ұғымның сипаты мен онан ауытқудың себептері және дұрыс жолға қоюдың теориялық шешімдері, антропонимжасамдық норма, оның заман талаптарына қарай өзгеру заңдылықтары, қазақ есімдерінің алдағы даму бағыттарын айқындау т.б. толып жатқан мәселелер өз шешімін күтетіні белгілі. Антропонимжасам ауқымы кең сала және қазақ есімдерінің өткені, бүгіні, болашағына қатысты кешенді мәселелер антропонимжасамның аясына топтасады.
Зерттеудің нысаны. Бүгінге дейін тілде қолданылып келген кісі есімдері бойынша жиналған материалдар.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ есімдерін антропонимжасамдық тұрғыдан саралау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ұлттық санадағы ат қою туралы ұғым-түсініктер мен кісі есімдері тұлғасының арасындағы байланыстың сырлары терең. Бұл өз кезегінде кісі есімдері жасалуының тілдік және тілден тыс факторларын құрайды. Жұмыстың мақсаты - осы екеуінің аясындағы антропонимжасам мәселелерінің шешімін іздеу. Осы мақсаттан мынандай міндеттер туындайды:
oo антропонимжасамды сөзжасамның дербес саласы ретінде қарастыра отырып, оларды өзара ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айқындау;
oo антропонимжасамның тіл білімінің өзге салаларымен арақатынасын көрсете отырып, өзіндік белгілерін анықтау.
oo антропонимжасамдық норма - қазақ есімдері деген ұғымның негізгі тұғыры ретінде құрылымдық элементтерді, төл және кірме есімдердің дыбыстық тұлғаларын, антропонимге айналған сөздердің мағынасындағы өзгерістерді антропонимжасамдық игерілу тұрғысынан қарастыру.
oo антропонимжасамдық мағынаның түрлерін анықтау;
oo антропонимжасамдық негіздердің тілдік табиғатын айқындау, яғни анықтамалық сипатамасын жасау, түрлеріне қарай топтастыру;
oo антропонимжасамдық қосымшалардың қызметі мен оған қойылатын талаптардың тілдік табиғатын саралау. Тарихи-этимологиялық сипаты мен антропонимжасамдық мүмкіндік дәрежесін айқындау.
oo жазба ескерткіштер материалдарымен салыстыра отырып, антропонегіздердің тарихи тегімен байланыс дәрежесін анықтау, түркі тілдеріндегі орнығу көрсеткіштерін зерделеу;
oo қазақ тіліндегі антропонегіздердің дербес тұлға ретіндегі сипатын саралау;
oo жасанды негіздер мен мағыналық негіздердің өзара ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтау;
oo ат қою дәстүрінің антропонимжасаммен арақатынасындағы өзіндік ерекшеліктерді зерделеу;
oo ат қою дәстүрі мен ұрпақ қамы ұғымының өзара байланысын саралау;
oo ат қою дәстүрі мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі мәдени ұғым-түсініктердің арақатынасын, антропонимжасамдағы орнын анықтау.
oo Ат қою дәстүрі мен антропонимжасамдағы үйлесім ұғымының арақатынасын саралау.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде баспасөз материалдарындағы авторлар мен кейіпкерлер есімдері, телеарналардан берілетін түрлі хабарларда сөйлеген адамдардың аты-жөні, қазақ радиосынан кісі есімдері туралы берілген хабарлар, көркем әдебиеттер, Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясындағы тұлғалар есімдері, Т. Жанұзақовтың, А. Жүсіпованың, А. Смағұловтың авторлығымен жарияланған сөздіктер, 1987 жылы Мәскеуде жарық көрген Справочник личных имен народов РСФСР, 1989 жылғы Карачаево-балкарско-русский словарь, 1963 жылғы Ногайско-русский словарь сөздіктерінен, 2004 жылы жарық көрген Н.Э. Гаджиахмедов пен Г.-Р. А.-К. Гусейновтың Кумыкские личные имена: происхождение и значение. Введение в кумыкскую антропонимику; А.Г. Шайхулов пен З.М. Раемгужинаның Башкирские и татарские личные имена тюркского происхождения. Башќорт һәм татар исемдәре. Башкирские и татарские имена собственные Уфа 2006, Толковый словарь татарских личных имен атты сөздіктер пайдаланылды. Сонымен қатар, 2009 жылғы Солтүстік Кавказда болған іссапарымыз барысында жиналған есімдер пайдаланылды. Татар, башқұрт есімдері бойынша, қосымша түрлі деректерден алынған материалдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ есімдері алғаш рет антропонимжасамдық тұрғыдан қарастырылып, зерттеу нысанына алынды. Жұмыста мынандай мәселелер шешімін тапты:
- қазақ тіліндегі сөзжасам мен антропонимжасамның өзара ортақ мәселелері мен ерекшеліктері айқындалды;
oo қазақ антропонимиясында алғаш рет антропонимжасамдық норма мәселесі сараланды;
oo кісі есімдеріне қатысты негіз бен қосымша ұғымдарының антропонимжасамдық сипатына тән белгілер жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделенді;
- қазақ тіліндегі антропонегіздер көне түркі жазба мұраларымен және қазіргі түркі халықтарындағы нұсқаларымен салыстырыла отырып, өзара сабақтастық көрсеткіштері, қалыптасу жолдары және дербес тұлға ретіндегі сипаты сараланды;
- кісі есімдеріне тән мағынаның түрлеріне антропонимжасамдық тұрғыдан жаңаша талдаулар жасалды;
- антропонегіздер өз ішінде құрылымына қарай жүйеленіп, арасындағы жасанды тұлғалар тұңғыш рет жеке талдауларға негіз болды;
oo антропонимжасамдық тұлғалардың екіншілік сипаты сараланып, антропонимжасамдық болмысына тән ерекшеліктер айқындалды;
- антропонимжасамдық қосышалардың этимологиялық негіздеріне талдаулар жасалды, антропонимжасамдық сипатқа ие болу жолдары мен осы бағыттағы үдерістері, даму сатылары айқындалды;
- ат қою дәстүрінің антропонимжасамдық сипаты тілдік тұрғыдан сараланды;
- ұрпақ қамы ұғымының антропонимжасамдық сипаттамасы жасалды;
- ұлттық ұғымдағы үйлесімге деген сұраныстың антропонимжасамдық табиғаты алғаш рет сөз етілді.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында ғылыми сараптама әдісі, тарихи-салыстырмалы әдіс, компоненттік талдау әдісі, құрылымдық семантикалық әдіс қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері
Зерттеу жұмысында түркі тілдері бойынша зерттеулердегі және қазақ тіл біліміндегі құрылымдық, семантикалық, сөзжасамдық, экстралингвистикалық теориялар басшылыққа алынды. Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері
Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Ә. Қайдаров Т. Жанұзақов, Р. Сыздық, М. Оразов, А. Әбдірахманов, Б. Сағындықұлы, А. Біжікенова, Б. Қасым т.б. еңбектеріндегі ғылыми-теориялық көзқарастар мен пайымдаулар, түркітану саласы бойынша Н. Баскаков, Г. Көлдеева, З. Садыханов, Э. Бегматов, А. Шайхулов, орыс тіл білімі бойынша В. Никонов, А. Суперанская, А. Суслова т.б. ғалымдардың зерттеулеріндегі тұжырымдар пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы
Зерттеу жұмысында ұсынылған тұжырымдар мен пайымдаулар, алынған нәтижелер қазақ антропонимиясының теориялық мәселелеріне үлес қоса алады. Еңбекте қарасытырылған мәселелер қазақ есімдерінің өткен тарихы мен бүгінгі даму бағыттарының өзара байланысын саралауда, қазақ есімдері деген ұғымның сипаттарын, алдағы даму бағыттарын айқындауға қызмет етеді. Осы зерттеу қазақ есімдерін тілдік және әлеуметтік тұрғыдан жүйелеу, түрлі сөздіктер даярлау т.б. секілді алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарының теориялық және практикалық мәнін белгілейді.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, антропонимдік тұлғалар мен қосымшалар туралы талдау әдістері мен жасалған тілдік тұжырымдар Қазақ ономастикасы, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәндері бойынша дәрістерде, арнайы курстарда, қазақ тілін тереңдетіп оқытатын жаңа үлгідегі орта мектептерде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар
- қазақ тіліндегі антропонимжасам даму барысында сөзжасамның аясынан бөлініп шыққан дербес сала. Олар өзара ортақ мәселелермен қатар, айқындауды қажет ететін өзіндік ерекшеліктерге де ие;
- уақыт сынынан өтіп, антропонимдік қор құрамынан тұрақты орын алған есімдер, антропонимжасамдық норма аясында жүйеленіп, біртұтас ұлттық сипатқа ие болады. Кірме элементтердің қазақ есіміне айналу үдерісі, жаңаша қалыптасуы мен мұндағы антропонимжасамның орны арнайы қарастыруды талап етеді;
oo кісі есімдеріне қатысты негіз бен қосымша ұғымдарының антропонимжасамдық сипатына тән белгілер өзіндік ерекшеліктерге ие;
oo қазақ тіліндегі антропонегіздердің тарихы көне дәуірлерден бастау алады, оларды көне түркі жазба мұраларымен және қазіргі түркі халықтарындағы нұсқаларымен салыстыра отырып зерттеу тарихи сабақтастық көрсеткіштерін, қалыптасу мен дербес тұлға ретінде орнығу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
oo кісі есімдері мағыналық жағынан іштей бірнеше топқа жіктеледі, олардың өзіндік сырлары антропонимжасамдық тұрғыдан талдаулар жасау арқылы анықталалды;
oo антропонегіздердің құрылымы өз алдына арнайы талдауларды талап етеді, мағыналық негіздер мен жасанды негіздердің тілдік жүйесі дербес мәнге ие;
oo антропонимжасамдық тұлғалар (антропонегіздер, қосымшалар) тілде бұрыннан бар дайын материалдардың негізінде жасалады да, екіншілік сипат иеленеді, екіншілік сипаты нақтылынған сайын, антропонимжасамдық болмысы айқындала түседі;
oo антропонимжасамдық қосышалардың этимологиялық негіздеріне талдаулар жасағанда түрлі элементтерден құралғаны байқалады, олардың табиғи даму заңдылықтарының нәтижесінде антропонимжасамдық сипатқа ие болу жолдары мен осы бағыттағы үдерістері, даму сатылары арнайы талдауларды талап етеді;
oo қазақ есімдері ұлттық ойлау мен танымның, тарихи-мәдени тәжірибенің жемісі болып табылады, сондықтан оның жасалуында ат қою дәстүрі мен оған қатысты түрлі салттық ұғымдардың орны үлкен. Бұл ерекшеліктер де антропонимжасамның аясында қарастырылады.
oo қазақ халқының ұлттық санасында ұрпақтың қамын ойлау терең әрі күрделі ұғым, оның түрлі көріністері ат қою дәстүрінде жатыр. Қазақ есімдерінің жасалуындағы осы фактор антропонимжасамның бір тарауы болып табылады;
oo антропонимдердің жасалуына ұлттық ойлау жүйесі мен үйлесім ұғымының өзіндік әсері бар, қазақ халқының адамдар арасындағы қатынасты реттеу мәселесін есімдер арқылы жүзеге асыру идеясы да антропонимжасамнан көрініс беріп отыр.
I.ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМЖАСАМЫНЫНЫҢ ЭКСТРАЛИНГВИС-ТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1 Ат қою дәстүрі және интенсиялық факторы
Экстралингвистика - тілдік элементтерді қалыптастырушы тілден тыс факторлардың жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тілдегі белгілі бір элементтердің пайда болуы үшін оған сыртқы әсерлердің болу міндетті. Зерттеуші М. Арыстанбаев өз пікірін Экстралингвистика ұлттың этникалық, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік, жағрафиялық және басқа да факторлардың жиынтығын тілдің дамуымен және қызмет етуімен тығыз байланыста қарастыратын тіл білімінің саласы болып табылады - деп тұжырымдайды [1, 62 б.]. Тіл мен ойлау өзара тығыз байланысты құбылыстар, яғни тіл ойлаудың жемісі. Ой - танымның жемісі. Таным мен тану сыртқы қоршаған әлем, сыртқы дүниеге тәуелді. Сыртқы дүниені тану адамзаттың ғасырлар бойғы өмір тәжірибесі арқылы уақытпен бірге жетілумен келе жатқан құбылыс. ...адамзаттың дыбыстық тілі дегеніміз - логикалық ұғымдар жүйесі түрінде адамзат санасында бейнеленген жаратылыстық-ғаламдық, болмыстық жүйе заңдылықтарының тілдік-дыбыстық материал арқылы бейнеленіп, осылайша адамдар арасында қарым-қатынас жасау қызметін атқаратын ерекше сипатты құрылым . Тілдік-дыбыстық материал адам танымының тілде формаланған бейнесі болып табылады. Тіл танушы ғалымдар тарапынан ...адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркелетінін айтады, яғни адам санасында жүйеленіп, орныққан, тілден тыс дүниелер тіл арқылы білдіріледі және қабылданады. Антропонимдер өзінің жеке материалы болмағандықтан, дайын сөздерден жасала отырып, белгілі дәрежеде оған тән дыбыстық форма мен мағыналық элементтерді пайдаланады, яғни таным әлемінің жемісі болып табылатын сөзге тән белгілер кісі есімдеріне де ортақ. Антропонимжасамның тілдік табиғаты туралы зерттеулердің толыққанды болуы үшін қалыптасуындағы тілден тыс факторлар мәселесі де назарда тұруға тиіс. Есім мағынасына көбіне, туған нәрестенің түрін сипаттаудан гөрі оның болашағы мен ...сондай болса екен! деген адами қасиеттері туралы ақпараттар жүктеледі, демек ол ойдағы арман-тілектің сөз арқылы таңбалануы болып табылады. Бұл тұрғыдан антропонимжасам - экстралингвистикалық факторлардың жемісі. Антропонимдердің жасалуында арман-тілек қана емес, бүкіл адамның таным дүниесіндегі мәдени ойлар мен ұғым-түсініктер қамтылады[2, 45-б]. Оларды өз ішінде жалпы жинақтай келіп, ұрпақ факторы, ислам факторы факторы, тұрмыстық фактор, үйлесім факторының аясына топтастырамыз. Осы аталған факторлардың барлығы ат қою дәстүрінің ішкі элементтері болып табылады. Ат қою мен антропонимжасам бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Өйткені ат қойғанда да кісі есімі жасалады, яғни сөз кісі есіміне айналады. Екеуінің арасындағы айырмашылықтар - антропонимжасамның табиғатындағы тілдік үдерістерден туындайды. Қойылған есімнің дыбыстық жақтан өзгеріп немесе тұлғалық жақтан түрленіп жаңа есімдердің жасалуы секілді ішкі құрылымдық жүйеге қатысты мәселелер антропонимжасамға тән болып келеді. Осы ерекшеліктеріне қарай антропонимжасамның экстралингвистикалық сипатына талдаулар жасағанда көбіне ат қоюды антропопнимжасам терминінің синонимі ретінде пайдаланамыз.
Белгілі бір есімнің аясына жинақталған ұлттық білім мазмұны, сыртқы әлеммен байланысты түрлі ақпараттарға толы болады, сондықтан антропонимжасамда осы ақпараттардың негізгі уәжі айқындалып, кодтары ашылуы тиіс, бұл мәселеге экстралингвистикалық тұрғыдан келу қажеттілігін тудырады.
1.1.1 Түрлі халықтардың ат қоюындағы қазақ дәстүрімен ұқсас ерекшеліктер
Жер бетінде атауы жоқ заттың болмайтыны белгілі. Егер атауы жоқ зат, құбылыс бола қалса, онда оны адам әлі танып үлгермеген. Сол секілді қазіргі көзқарас тұрғысынан аты жоқ адамды бар деп елестету қиын. Адамды белгілі бір есіммен атау жалпы жер бетіндегі халықтардың баршасына ортақ, сол секілді ат қою дәстүрінде де ортақ белгілер кездеседі. Алғаш адамға қойылған аттың қандай болғаны белгісіз, сипаттау түріндегі сөздерден, тіпті сөйлемдерден де тұрған болуы мүмкін. А. Гафуров былайша сипаттайды: Мынандай жағдайды көз алдымызға елестетіп көрейік. Алдыңызда алғашқы қауымның бір тайпасы. Көсем одақтас тайпаға көмекке жүз сарбаздан тұратын әскери жасақ жібермек болды. Қазір тіпті ойымызға келмейді - адамдардың ол кезде есімі жоқ. Тайпа көсемі өз жасағын қалай орналастырар еді. Ол шамамен мынандай бұйрық беретін болу керек: Жылан
шағып алғанның баласы, ұзынтұра, жирен шашты, кеше аңда жүріп екі қабан өлтірген және қабағы түнерген, маңдайында тыртығы, сол жақ қасында сүйелі барды шақыр. Біртіндеп суреттеу ұзара береді [3, 221 б.]. Бұл есімдердің шығуының әлеуметтік болжамы. Бұл тұрғыдан, қалай болжасақ та жеке адамды атау, өзгелерден ажыратып тану қажеттілігінен туғаны анық. Тілдің заңдылықтары мен адам санасының дамуы барасында қанша ұзақ болса да, есімдердің қолданыла келе қысқаратыны, ұзақ суреттеудің ішінен негізгі бір элементі ғана қалдырылып, қалыпты жүйеге түсетіні ақиқат. Екінші бір мәселе кісі есімдерінің танымдық қырлары. Есімнің қасиеті арқылы баланың тағдырына әсер ету, сөйтіп өзі қасиет тұтып, киелі санаған заттар мен құбылыс атауларын немесе осыған қатысты ұғым-түсініктерді есімге айналдырып отырған. Осы екеуінен келіп мынандай болжамдар туындайды: сипаттау мәнді есімдер ішінде тайпа көсемі немесе дара тұлғалардың есімге айналған сипаты жұртшылықтың көңілінен белгілі бір қасиеттің (ерлік, даналық, алып т.б.) атауы ретінде орын алды. Мысалы, адамды өзгелерден айыру үшін оның қоғамдағы әлеуметтік орны, атағы - сипаттау мәнді сөз, тіркес, сөйлем (болуы мүмкін) атауыш құрал ретінде қолданыла келе, шын мәнінде есімге айналды. Осылайша есім кие, қасиетке ие болды - есімі адамның қорғаушысы, өмір бойғы серігі деген ұғымдар қалыптасты. Барша адамзат есімдеріне ортақ шығу, қалыптасу туралы болжамдар осындай тұжырымдарға жетелейді.
Нәрестеге көркем есім беру туралы ертеден айтылып келеді. Қазақ ауыз әдебиетінде, Пайғамбар хадистерінде, жазба ескерткіштер материалдарында оған қатысты түрлі мәліметтер бар. Адам есімнің өмірі мен тағдырына әсері дәстүрлі ғылым шеңберінде де қарастырылып жүр. Қазақ тіліндегі халықтық этимология ат адамның өмірлік серігі және мініп жүретін аты (қолдаушы, жебеушісі), сондықтан оны ат дейді - деген болжам айтылады. Мұндай түсінікті орыс ғалымдары да ұстанады: Есім туған кезде беріліп, бөлекше үлгідегі танысқы (визиттік картаочкасы) секілді өмір бойы бірге жүреді. Сондықтан, есім таңдауда жаңылыспау өте маңызды. Бала болашағы көп жағдайда ата-ананың таңдаған есіміне байланысты. Есім кармасында, адамның өмір жолына тылсым түрде әсер ететін магиялық күш бар .
Балаға ат қою кез-келген халықта бар дәстүр. Біраз елдерде ат қоюға қатысты ырымдар мен жоралар ұқсас болып келеді. Перзентінің амандығын тілеу, оны сыртқы зұлым күштерден қорғау үшін жасалатын түрлі әрекеттер, осы негізде кісі есімдерінің жасалуы туыстығы жоқ алыс тілдерде де бар құбылыс. Мысалы, Т. Жанұзақов өз еңбегінде, Хайуандар мен аңдардың, құстар мен жәндіктердің, болмаса табиғат құбылыстарының аттарынан жасалған кісі аттары көптеген халықтарда бар, жиі кездесіп отыратын жай. Мәселен, Волков, Бугаев, Беркутов, Соколов, Козлов, Лисицин... т.б. ...Светлана, Света - Сәуле; Надежда - Үміт; Любовь - Сүйімхан, Сүйкім; Богдан - Құдайберген, Алдаберген; Злата - Алтын т.б. - деп жануарлар атауынан жасалған орыс есімдеріне және орыс есімдері мен қазақ есімдерінің арасындағы ұқсастықтарға тоқталады [4, 208-б.].
Мағыналық ұқсастық бұл есімдердің шығу уәждерінің де ортақ екенін көрсетсе керек. Мағыналық жақтан ортақ болуы шығауына әсер етуші факторлардың да ортақтығын білдірсе керек. Есімнің жасалуына ықпал ететін түрлі жағдайлар бар. Ол әсіресе баланың болашағы үшін туған кезде жасалатын ырымдармен байланысты. Жын-перілерді алдау үшін жасалатын ырымдар түрлі халықтарда кездеседі екен. Мысалы Карпат маңында (Прикарпатье) отбасында бала өле берсе, ата-анасы баланы терезе арқылы өзі секілді адамға бір кронаға сатады екен. Қолында наны бар, сатып алған адам аулада тұрып: әкең мен шешеңнің де осы дүниеде де, ана дүниеде де саған ешқандай қатысы жоқ - деген арнайы сөзді айтады. Сонан соң баланы өз үйіне әкеліп, столға жақызып, менің баламдай болып өс, ал ата-анасына маған тәрбиелеп беріңдер - дейді екен. Осыдан кейін баланы Сатылған (Продан) деп атайды. Грузиндерде керісінше, анасы баласын басқа біреудің қолына беріп, қайта сатып алады. Сөйтіп, оның атын Наскид (Сатып алған) қояды екен. Мұндай есімдер өзбектерде Сатуб-алды, Саткын, тәжіктерде айырбастап алынған мағынасындағы: Бадал, Иваз, Алуши секілді есімдер бар. Баланы сақтап қалу мақсатында түрлі ырымдар бойынша есім беру исламға дейінгі арабтарда да болыпты: Ямут (өлі мертвый). Орыстарда Мертваго (салыст. - живаго), есімі бар, шамасы орыстардағы көне Мертвяк или Мертвый, Мертвец секілді бұтқа табыну дінінен қалса керек. Алтайлықтарда Ит Кёдён (иттің арты), Тентек (ақымақ) секілденіп келеді . Мұндай наным-сенімдермен байланысты Итемген, Итбай, Бөрі т.б. секілді есімдер қазақ халқында да болған. Жын-перілерден құтылу үшін баланы елеусіз, жаман етіп көрсету мақсатында қойылатын ортақ мағынадағы Плахой (Плахотин фамилиясы бар), баланы алушы тылсым күштің жолы болмасын деген мақсатта қойылған Непутевый (Непутин фамилиясы бар) секілді есімдер қазақ тілінде Жаманбай, Иттимес түрінде қолданылады. Мұндай ырымдар басқа халықтарда да кездеседі: ветнамдықтарда 1945 жылғы Август революциясына дейін балалар көп өлген жерлерде ырымшыл (суеверные) адамдар баларына мынандай есімдерді көп қойған: Эть (бақа), Зюн (жауын құрт), Тхео (тыртық). Наным бойынша мұндай есімі нашар балаға жын-пері тимейді де, өлімнен аман қалады деп сенген .
Орыстарда екі есім беру ырымы ХІХ ғасырға дейін сақталған. Мысалы, алдыңғы екі бала тоқтамағандықтан, үшіншісін тылсым күшті алдау үшін оны Филарет және Евгений деп атайды. Баланы алуға келгенде Филарентті тауып алады да құр қол қайтады. Баланың туған уақыты мен жеріне байланысты астрологиялық жолмен анықтау да осы тектес ырымдардың бір түрі болып табылады. Осы тектес ырымдар араб халқында да болған екен [5, 24-б.]. Екі есіммен атау қазақ халқында да болғаны белгіл, жиналған материалдар бойынша алғанда, олардың әлі күнге сақталып келе жатқаны байқалады. Батыс Қазақстан облысындағы Оян ауылының тұрғыны Роман есімді азаматты, азан шақырып ат қойғанада осылай атағанмен, денесіндегі қалының көптігіне байланысты, осындай есім дерсе кетеді деген сеніммен Меңдібай атап кеткен. Төрт қыздың кенжесіне Айжан деп ат қойып, артынан ұл туса екен деген тілекпен, ата-анасы Ұлмекен деп атаған жағдай кездеседі.
Әрбір халықтың өзіне тән есім қою дәстүрі бар. Бізде бір есімді өмір бойы иеленеді. Ал Африка мен Азия елдерінің көпшілігінде адамның жасына қарай есімдері де өзгеріп отырады. Әуелі - балалықтағы есімдер, сүт тістер секілді, кейін келесісі, оны да кәмілеттік жасқа толған соң қалдырады, кейін ересектер есімін таңдайды, алайда қоғамдық жағдайына байланысты - қол бастауына т.б. байланысты бұл есім де өзгеріп отырған. Түркі халықтарында да осы дәстүрдің кей белгілері бар. Мысалы, Т. Жанұзақов көне жазбалардағы Күл Тегін, Тоныкөк, Білге қаған, Елхан есімдерінің қоғамдық титул, лақап аттары екенін айтады. Бірнеше есім иелену Қабанбай батырға байланысты да айтылады, оны түрлері мынандай: Ерасыл, Нарбала, Дарабоз, Қабанбай. Бір адамның бірнеше атының болуы қазіргі қазақ есімдерінің арасында да кездеседі, алайда ол дәстүрлі жолмен қалыптаспаған: Ақылдаса келе, сол уақытта атағы дүрілдеп тұрған Күләш Байсейітованың атын беруді жөн санайды. Күміс көмей әншінің ныспысы әу баста Гүлбаһрам болған екен. Сонымен құжатқа Күләш деп жаздырғанмен, әкесі Гүлбарам деп атап жүреді. Ал әжесі немересінің оң иығындағы үлкен қалына қарап Қалдықыз дейді. Анасы болса, әжесінің қызын Катя деп еркелетеді [6, 2006, 400-б].
Есімнің түрлері. Батыс Еуропада үлкен туыстарының құрметіне балаға бірден екі немесе одан да көп есім беру тән болып келеді. Неміс жазушысы Гофманның үш есімі болған: Эрнст Теодор Амадей. Кейде ер және әйел есімдері тіркесіп келеді: Эрих Мария. Ағылшын саудагері өзінің ұлын Вэст-Гэм деп атаған екен. Футбол командасындағы Вильям-Эдуард-Стюарт-Тревор-Генри-Э дван-Матрин есімдердің басқы әріптерін алып, бүтін бір есім құрастырған [7, 15 бет]. Басқы әріптер немесе буындары бойынша есім жасау тәсіл қазақ есімдерінің құрамында кездеседі. Мэлс (Маркс, Энгелс, Ленин, Сталин), Лән (Ленин әлем нұры), Ким (Коммунистическая идея молодежи), Марлен (Маркс, Ленин).
Кеңес үкіметінің тұсында осындай жасанды есімдер мен көркем әдебиет, көркемфильм кейіпкерлерінің есімін қою белгілі дәрежеде дәстүрге айналғаны белгілі. Өзіне ұнаған кейіпкерлердің атын сәбиіне беру т.б. көп халықтарда болды. Мысалы, Ивашко В.А. Как выбирают имена атты еңбегінде жетпісінші жылдардың басында Анжелика деген есімнің тым көбейіп кеткендігін айтады, себебі сол кезде экранда Анжелика и король, Анжелика - маркиза ангелов деген фильмдер жүріп жатқан болатын [7, 239 б]. Бұл көнеден келе жатқан ат қою дәстүрінің жаңа заманға лайықталған көрінісі болып табылады. Әсіресе, кейіпкерлер есімін қою мен тарихи тұлғалар есімін қоюдың арасында байланыстың бары белгілі. Мысалы, орыс зерттеушілері белгілі-бір есімінің ішкі болмысы туралы айтқанда ол есіммен аталған тарихи тұлғаларды да назардан тыс қалдырмайды. Мағыналық сипатында тарихи тұлғаның адами қасиеттері де қамтылатынын ескертеді . Тарихта өткен хандар мен билер, шешендер, ислам діні қайраткерлерінің есімдері кейінгі ұрпақтарға берілді. Қазіргі қазақ есімдерінің құрамында да осы дәстүр сақталған: Абай, Әйгерім (Абай жолы романының кейіпкерлері), Мұқтар (Әуезов), Күләш (Байсейітова), Айман (Айман-Шолпан жырының кейіпкерлері), Ақбөпе (Жаяу Мұса романының кейіпкері) т.б. есімдер қазір көптеп қойылады. Мысалы, Айман Мұсақожаева өз есімі туралы, Менің есімімді Айман қоюының өзі Мұхтар Әуезовтің Айман-Шолпан пьесасымен тығыз байланысты. Әкемнің айтуынша, ол менің осы пьесадағы көрікті де, келбетті, ақыл-парасаты тал бойына жарасқан Айман қыздай болуымды мұрат етіпті.
Ат қою - барша адамзат баласына ортақ дәстүр. Өйткені ол өмірдің өз қажеттілігінен пайда болған. Қолданыла келе, өмір тәжірибесі адам мен оның есімін бір-біріне кіріктіріп жіберді де, есімді адам, адамды есім ретінде тану ұғымын қалыптасты. Осыған байланысты дүниеге жаңа келген қорғанысы әлсіз сәбиді сақтап қалу мен бойына түрлі қасиеттер дарытуға әсер ету әрекетін есімі арқылы жүзеге асыру идеясы қалыптасса керек. Ат қою дәстүріндегі ортақ белгілер осы негізден тарай келе, түрлі есімдердің жасалуына себеп болған.
1.1.2 Ат қою дәстүрі және ұрпақ қамы факторы
Кісі аттарының жасалуындағы экстралингвистикалық факторлар турасында мынандай екі мәселеге тоқталмай өтуге болмайды: біріншіден қазақ халқының ұлттық танымындағы ұрпақ мәселесі, екіншіден, өмірге келген перзентке ат қою мәселесі. Ұлттық санадағы ұрпақтың орны Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар немесе Шаңыраққа ие болу т.б. секілді мақал-мәтел, тұрақты тіркестерден көрінеді. Адам өмірінде перзенттің орны қашан да жоғары, қазақ халқының балаға деген сүйіспеншілігі, оның бары мен жоғы туралы ұғымдары ертеден-ақ қалыптасқан - қу бас деген атаққа қалмау үшін ұрпақ жолында мал-дүниені, жанды пида етеді. Халықтың өмір бойы жиған рухани байлығының негізі болып табылатын ауыз әдебиеті материалдарында перзенттің орны, оның адами болмысы мен қасиеттері жан жақты баяндалады. Халық танымы мен түсінігінің негізінде сомдалған бейне елді қиындықтан құтқарып, бақытқа жеткізетін сондай бір ерекше жаралған перзентті армандаудан туған. Сондықтан, ол жалпы қазақ халқының перзентке деген сүйіпеншілігінің көрінісі ретінде де бағалы. Ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің көпшілігі құдайдан сұрап алған, зиратының басына түнеп әулиенің аянын немесе бақсы-балгерлердің батасын алу арқылы дүниеге келеді. Осындағы жеке адамдардың тағдыры жалпы ұлттық ұғымдағы перзент орнының қаншалықты жоғары екенін көрсетеді. Мысалы қазақ ертегілерінің тілінде осыған байланысты мынандай сөйлемдер мен сөз тіркестер жиі кездеседі: Малы орасан көп болған. Бай алпыс үшке жеткенше бала көрмей, бір перзентке зар болған . Ертеде өз еңбегімен күн кешірген бір кедей шал болыпты. Шал өмірінде бір шыр еткен көрмепті . Аты белгісіз патша халқына әділ, ғаріп-мүсәпірлерге көп қарасатын болған. Бірақ патша өзі баласыз болған [8, 229 б.]. Қазақ ертегілерінің көпшілігі осылай басталады. Бұлай басталуының да, перзентке деген көзқараспен байланысты өзіндік себептері бар: байдың да, кедейдің де, патшаның да баршасына ортақ арман - өмірден ұрпақсыз кетпеу. Шығарманың құрылымы да әуелі бардың байлығы, салатанаты туралы баяндауға арналады да, бірақ деп, соңында қалатын ұрпағы болмаған соң сонша дүние бақытының түкке тұрмайтындығы меңзеледі: Байбөрі малға бай екен, төрт түлігі сай екен, бір перзентке зар екен. ...Бір перзенттің дертінен, дәйім қайғы жер екен (Алпамыс батыр жыры). Кедейдің көрген жоқшылығы мен мұқтаждығы да бір перзенттің болмауымен салыстыруға келмейді: Ертеде аңшылықпен күн көрген бір кемпір мен шал болыпты. Бірақ өмір бойы бір перзентке зар екен. Құдайға жалбарынып, тілеген армандары бір бала болады [9, 272 б.]. Жоқшылықтың азабын тартып жүрсе де, сұрағаны байлық емес, перзент. Бір перзенттің дертінен дүние, мал-мүлік, байлықтың бәрін тастап, елден шығып, жапан түзді кезіп кететін оқиғалар ауыз әдебиетінің материалдарында жиі кездеседі. Мысалы, А Құдай, өзің қай жақтасың, қайда болсаң да, міне, біз сенен бала сұрап қаңғырдық! - деп жапан түзге бет алды. Қаңғырып жүре берді [10, 115 б.]. Сөйтіп жүргенде құдайдың көз жасын көріп, тілегін қабыл етіп немесе әулие аян беріп, бақсы-балгерлердің үшкірген емі қонып, тоғыз ай, он күн дегенде бір бала дүниеге келеді.
Қазақ халқының санасында ұрпағының жоқ болуы өте үлкен қайғы, баласы жоқ адамға жұрт мүсіркей қарайды: Тобықбайдың әйелі өмірі бала көтермепті. Мұның баласының жоқ болғанына барлық ел аяныш етеді екен де, өзін жақсы көреді екен . Байбөрі осылай деп жүрді жылап, Құдайдан күндіз-түні бала сұрап. Сүйегі сырқырайды Байбөріге, мұң-зарын есітіген жан салып құлақ (Алпамыс батыр жыры). Сонымен қатар, ашуланса баласы жоқтығын ең төменгі кемістік ретінде бетіне басатын тұстар да кездеседі: ...бұл той - баласы бардың келетұғын тойы. Ұлы барға орын бар, қызы барға қызық бар. Ұлы жоққа орын жоқ, қызы жоққа қызық жоқ .
Бір перзентке зар болған талайлар өмірден баз кешсе, ұрпағының өсуі, көп болуы да үлкен арман. Бұл жалғыз ұл, жалғыз бала, қу жалғыз, жар дегенде жалғыз секілді тұрақты тіркестерден де көрінеді. Жалғыздық құдайға ғана жарасады деп білетін қазақтың түсінігінде Жалғыз ұлы бардың кіресілі-шығасылы жаны бар. Сондықтан, оның жолында жаны садаға болып отырады. Ал ауыз әдебиетінде бұл мәселе де басты назарға алынып, арнайы тіркестер арқылы беріледі: Бұрынғы заманда әлемге аты шыққан бір дәулетті патша болыпты. Оның жар дегенде жалғыз ұлы болған екен .Бағдат шәріндегі Шаһиншаһ патшаның Шаһзада деген жалғыз ұлы болыпты .Ол бидің жалғыз баласы болыпты .Сол байдың жалғыз баласы болыпты . Ертеде бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты.Осы сөйлемдердің құрамындағы жалғыз... деген сөздердің ақпараттық терең мәні бар. Жалғыз ұл ұғымы патшаға да, биге де, байға да, жалғыз кемпірге де бәріне ортақ, бәріне бірдей. Жалғыз сөзі ұл немесе бала сөзімен бірігіп, тұрақты тіркес құрағанда оның мағынасынан қазақ халқының жалғызы туралы психологиялық жағдайларының барлығы көрініс береді: қоқыныш (күдіктену, амандығын тілеу, жолына жанын құрбан етуге дайын болу), қуаныш, сағыныш, сүйініш, медет ету, шүкірішілік т.б. Жолына жанын шүберекке түйіп отырған ата мен ананың және жауынан намысын қорғап, қолын бақытқа жеткізген ұланының атына халық тарапынан жолданатын ізгі тілек пен алғыс шексіз.
Қазақ халқында жалғыз перзентпен қатар, жалпы ұрпағына деген көзқарастың орны ерекше. Осы мейірім мен сүйіспеншілік-махаббат тілде түрлі еркелету, жақсы көру мәнді сөздермен таңбаланады. Еркелету, айналып-толғану, жақсы көру мәнінде балаларға арналып айтылатын мынандай сөздер бар: айым, айналайын, айнам, айым, ақботам, ақтайлағым, алтыным, балашығым, ботам, ботақаным, жалғызым, жаным, жарығым, көзімнің ағы мен қарасы, күмісім, күнім, қалқам, қарашығым, қарғам, қозым, қоңыр қозым, қуатым, құлыным, құлыншағым, өкпе-бауырым, өкпе-жүрегім, садағаң (болып) кетейін, тентегім, тентек қарам т.б. Бұл сөздердің көпшілігі сонымен қатар, есім орнына қолданылып, шақыру, өзіне назарын аудару қызметін де атқарады. Жеке тұрғанда да балаға деген сүйіспеншілікті білдіретін бұл сөздер мәтін ішінде түрліше құбылып, алуан түрлі мағыналық реңктерге ие болады.
Осы сөздер арқылы туған перзентіне бағытталатын түрлі сезімдерінің бірі - сағыныш. Халықтың аузында ғасырлар бойы сұрыпталып, шебер сомдалған ұлттық психологияның типтік белгілері қазақ ауыз әдебиетінен көрінеді, сондықтан қазақ ертегілеріндегі сағынышқа байланысты туған өлеңдерден қысқаша үзінді келтіре кетейік. Жау қолына түсіп, хабарсыз кеткен Қарабатырдың анасы мұңға толы сағынышын мынандай жолдармен жеткізеді:
Ау, шырағым, құлыным,
Маңдайымда тұлымым.
Көлге біткен құрағым,
Жалғызым-ау, шырағым!
Жау алды ма білмедім,
Су алды ма білмедім,
Аң алды ма білмедім,
Жөніңді біліп шырағым,
Құрбаның болып өлмедім!
Жиырма төрт ай болды,
Мен жалғызды көрмедім?! (Қара батыр ертегісі)
Туған перзентінің жауға кетіп, ұзақ мерзімге кешігуі Қобланды батыр, Алпамыс батыр жырланында да бар. Қобландының әкесі Тоқтарбай мен анасы Аналықтың, Алпамыстың әкесі Байбөрінің сағыныш-жоқтауы, жау қолындағы қорлықтан құтқарады деген жалғыз үміт-тілегі арнайы жыр жолдары арқылы беріледі. Батырлар жырында негізгі жау - қызылбас пен қаламақ болып келсе, ертегілерде көбіне дұшпан - жеті басты айдахар, жалмауыз кемпір, жезтырнақ т.б. түрінде беріледі. Осының бәрінен ата-анасын, туыстарын, елін батыр өзінің асқан ерлігімен, айласымен, әулиелер мен пірлердің, алдынан шығып отыратын тылсым күшке ие адамдар мен адамша сөйлейтін жануарлардың және тапқыр, алып, желаяқ, саққұлақ, көлтаусар т.б. секілді достарының көмегімен құтқарады. Ауыз әдебиетіндегі басты кейіпкерлердің бір бойына мейірімділік пен қайырымдылық, жомарттық, елге, жерге деген сүйіспеншілік, туған елдің намысын қорғау жолында жанын садаға ету т.б. секілді адами қасиеттер тоғысқан. Ал бір адамның бойына симайтын, бірақ қиындыққа қарсы тұрып, ел қорғайтын батыр үшін қажетті өзге ерекшеліктер оның достары арқылы көрінеді де, батыр сол арқылы мақсатына жетеді.
Мұнан шығарма кейіпкерінің кешенді тұлғасын көреміз. Тұлға бойынан көрінетін қасиеттер ұлт ұғымында ғасырлар бойы жинақталып, әр кезеңде туындап отырған түрлі қоғамдық қажеттілік пен сұраныстардың негізінде қалыптасқан.
Шығармалардағы ештеңеге мұқтаж емес батырдың да жүрегі жылы, мейірімге толы, дұшпанына қатал - ол да туған елі мен жерін сағынады, сағыныш сезімі көзінен жас болып ағады, жауға кеткен кек жолында жанын шүберекке түйіп, басын бәйгеге тігеді:
Алтынды ерге сүйеніп,
Елін-жұртын сағынып,
Өксіп-өксіп жылады.
Осы жерде Қобланды... немесе
Еменнен кестім найза, - деп, -
Пенделік тартқан халқыма
Тигіземін пайда - деп,
Күн шыққанша шәһәрін
Екі айналды Қобланды... (Қобланды батыр жыры)
Құдіретті күштен сұрап алған жалғыздың өзін әкесі намыс пен жауға кегі кетпес үшін халқының жолында құрбан етуден тартынбайды: ... бетінен жарлықасын, қайда барса жолы болсын, бір жаман алжыған шал, қақиған кемпір қызығын көрді не, көрмеді не, тірі болса қызығын халық, жұрт көрсін! - деді (Желкілдек ертегісі). Дұшпаннан кек қайтару мен намыс жолында жанын құрбан ету идеясы Ер ел үшін туады, ел үшін өледі, Еркек тоқты құрбандық секілді мақал, мәтелдерден де көрінеді. Жасынан санасына сіңген бұл идея батырлардың арманы ретінде мынандай жолдар арқылы беріледі: Айыр ма екен, нар ма екен,
Қайың ба екен, нар ма екен?
Үйде туып түзде өлген
Батырда арман бар ма екен?! (Ауыз әдебиетінен). Ел қорғап жүріп, өмірден өту батырлардың арманы.
Мәрт мінез, шындықпен өмір кешу, онан ауытқығанда жалған дүниені тәрк ету де ерге тән қасиет ретінде бағаланады: Мен құдайға жалғаншы болып, жалған дүниеде жүргенімнен өлгенім артық, өзімді өзім құдайға бергенім - деп, төбесінен оқ атты.
Батырдан ұрпақтың қалуы да ауыз әдебиетінде арнайы назарда ұсталады. Негізгі кейіпкердің өзі ата-анасының өлгенде көрген жалғызы еді, халық батырдың да ұрпақ жалғастығын назардан тыс қалдырмайды және оларға тән еркешеліктердің бірі жау болса да тектінің қызынан немесе киелі күшке ие перінің қызынан т.б. туады. Бұл батырдан туған перзенттің әкесінен асып түсетінін көрсетеді. Ұрпаққа деген сүйіспеншілік тек жақсы көріп армандаумен шектелмейді, олардың асыл текті болуын да басты мақсат етіп қояды.
Ұрпақ бойында болуға тиіс қасиеттер және қиын қыстау сын сағаттар мен онан шығудың жолдары ауыз әдебиетінде терең зерделенеді. Ауыз әдебиетінің материалдары арқылы белгілі бір батырды танимыз да, соның өміріне қатысты шытырман оқиғалардың куәсі боламыз, кейіпкердің өсу, тұлға ретінде қалыптасу жолдарымен танысамыз. Енді оның есімі аталған кезде есім мағынасының қандай екеніне қарамай, сол бай мазмұнды шытырман оқиғалар тізбектеліп көз алдымыздан өте береді. Сондықтан, перзент мәселесіне қатысты ұлттық таным аясында сомдалған тұлға әрі адам, әрі бай мазмұнды өмірдің иесі болып табылады.
Қазақ халқының ұғымындағы ұрпақ мәселесі мен ат қою дәстүрінің арасында өзіндік байланыс бар. Халық ұғымында, дүниеге ата-анасының арман-тілегімен келген перзенттің затына аты сай болу жағы да қарастырылады, ол өз кезегінде түрлі антропонимдердің жасалуына әсер етеді. Қазақ ауыз әдебиетіндегі негізігі кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді жинақтай келгенде адам деп кімді айтамыз, оған тән қасиеттер қандай болуы керек? - деген сұрақтың жауабын аламыз. Олардың бірінің бойындағы ерекше қасиетті екіншісі толықтырып, басқа бір қырынан танытып отырады, сондықтан қазақ халқының эстетикалық талғамы негізінде туып, қалыптасқан ұлттық болмыс пен мінез-құлықтың кейбір сипаттарын зерделеу үшін халық әдебиетінің материалдарын толықтай назарға алуымыз керек. Сонда ғана ұлттық рухани құндылықтарымыздың кешенді бейнесін көре аламыз. Осы құндылықтар тілде кісі есімі арқылы таңбаланады, яғни белгілі бір батырдың бойына біткен асыл қасиеттердің барлығы оған берілген есімнің ақпараттық мазмұны арқылы жұртқа танылады. Ештеңеден қорықпайтын, дүние-мүлікке мұқтаж емес, жауынан жеңілмейтін, кез келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz