Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жетілдіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ғылыми жоба

5В090500-Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша
республикалық пәндік олимпиада

Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жетілдіру

Орындаушылар:
Абиев Рахымжан
Малибекова Жансая
Бауыржан Сұлу

Ғылыми жетекші:
э.ғ.к., доцент А.Ш.Абдимомынова
э.ғ.м.А.М.Мұхтарова

Қарағанды, 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

1

Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері

4
2
Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерді өмірге бейімдеу қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік зерттеулерді талдау

5
2.1
Атамекен - отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жүргізілген зерттеулер

6
2.2
Жастар үйітүлектерімен жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмысы

7
2.3
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілген зерттеу

8
3
Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерге арналған Q-CAMP лагерін ұйымдастыру

10
3.1
Жобаның экономикалық негіздемесі
12

ҚОРЫТЫНДЫ
13

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

14

КІРІСПЕ

Жоба тақырыбының өзектілігі. Бүгінде мемлекеттік органдар мен қоғамды әлеуметтік қауіп жағдайында тұрған отбасылар мен балалар санының өсуі, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың физикалық және психикалық денсаулықтарының төмендеуі, әлеуметтік жетімдер санының өсуі, қараусыздық пен панасыздық, балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен қылмыскерлік,жастардың жұмыссыздығы,ажырасқан отбасылар санының көбеюі сияқты күрделі мәселелер алаңдатуда.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір жол ретінде, жастармен профилактикальқ жұмыс жүргізу,табысты әлеуметтенуге жағдай жасау мен адамдарда қабілеттілік, жауапкершіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.Себебі, мұндай қиындықтарға тап болушылардың басым бөлігі - өмірдің қиын жағдайына ерте кезден тап болушылар. Өмірінде қиын жағдайға тап болған балаларды уақытылы қолдау, олардың ішкі мүмкіндіктерін толық ашады, әлеуметтік ортада өзін-өзі таныту тәжірибесін жинақтайды.
Жобаның мақсаты - жасөспірімдерді ағымдағы әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайына әлеуметтік-психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында лагерь ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;
- зерттеу нәтижелерін талдау және қорытындылау;
-Q-CAMPлагерінің жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру жолдарын нақтылау.
Зерттеудің объектісі - Атамекен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, Жастар үйінен кейінгі түлектер,мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер.

Жобаның жаңалығы:
өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды жасөспірім кезеңнен бастап өмірге бейімдеу қажеттігін анықтайтын әлеуметтік зерттеулер жүргізілді,оның нәтижесінде жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жетілдіру қажеттігі туралы тұжырым жасалды;
өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерді қолдауды уақытылы жүзеге асыру мақсатында, олардың ішкі мүмкіндіктерін толық ашатындай, әлеуметтік ортада өзін-өзі таныту тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін жұмыс жоспары жасалып,оны жүзеге асыру үшін лагерь ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.

1Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жүзеге асырудың теориялық негіздері

Өмірде қиын жағдайға тап болған балалар - қалыптасқан күрделі ахуалдың салдарынан өмір сүру тіршілігі бұзылған балалар. Олар бұл жағдайды өз беттерімен немесе отбасының көмегімен шеше алмайды. Бала (отбасы) мынадай негізде өмірдің қиын жағдайына тап болған деп танылады: жетімдік, ата-аналық қамқорлықтың болмауы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде мінез-құлықтың ауытқуы, баланың туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерін шектеулі, дене және ақыл-ой мүмкіндіктеріне негізделген организм қызметтерінің тұрақты түрде бұзылуы, әлеуметтік маңызы бар ауру мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар салдарынан.
Өмірде қиын жағдаға тап болуына қандай себептер болуы мүмкін? Ата-анасынан айырылу (өлім); отбасындағы материалдық жетіспеушілік, баланың қажеттілігін қанағаттандырмау; отбасы қолайсыздығы, ата-ананың ішімдікке, нашақорлыққа әуес болуы; денсаулығына байланысты мүмкіндігінің шектеулі (бала немесе ата-ана); туған баласынан бас тарту; қаңғыбастық. Сонымен бірге, ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігінің жоқтығы немесе тиісті деңгейде болмауы; ата-анасы түзету мекемелерінде қамауда отырғандар; ата-аналары ұзақ уақыт емделіп жатқандар; ата-аналық құқықтарының шектелуі; ата-аналары іздеуде немесе іс-түссіз жоғалып кеткендер.
Өмірдің қиын жағдайына түскен балалар туралы теориялық зерттеулердің бірқатарын жинақтадық.
Д.И.Фельдштейн жасөспірімнің дамуының əлеуметтік жағдайын сипаттай келе, əсіресе жасөспірімдік кезеңде даму үрдісі біркелкі еместігімен сипатталу фактісін бөледі [1].Даму үрдістерінің біркелкі еместігі - бұл жалпы заңдылық. Бірақ қиын өмірлік жағдайға түскен жасөспірімдерде аталмыш заңдылық айрықша байқалуларға ие. Деривация, тəрбиеленушілерді басқа адамдармен, əсіресе ата-аналарымен эмоционалдық байланыста болудан айыру, аса күрделі кері маңызға ие. Бұл кейін жасөспірімнің жеке тұлғасының дамуында терең ауытқуларға əкеп соғады.
Л.С.Выготский жасөспірімдік жастағы ойлаудың дамуына ерекше назар аударды. Ойлаудың дамуындағы бастысы жасөспіріммен түсініктер білімінің үрдісін үйренуі, ол интеллектуалдық іс- əрекетінің жоғары формасына, мінез-құлықтың жаңа тəсілдеріне əкеледі. Оның пікірі бойынша, түсініктер білімінің қызметі бұл жастағы барлық интеллектуалдық өзгерістер негізінде жатыр. Шын мəніндегі түсіну, өзгелерді жəне өзін түсіну - міне, өзімен бірге түсініктердегі ойларды əкеледі, - деп жазды [4, 15б]. Ересектік түрлерді бөліп, зерттеген Т.В.Драгунова [6]. Олар көптүрлі:Ересектіктің сыртқы белгілеріне еліктеу -- темекі шегу, карта ойнау, шарап ішу, киім кию мен шаш үлгісінде, əшекей тағуда ересектер модасына ұмтылу, қылымсу амалдары, демалыс, ойын-сауық, күтіну əдістері.Бұлар ересектікке қол жеткізудің ең жеңіл тəсілдері жəне аса қауіптісі. Көңілді, жеңіл өмірдің айрықша стиліне еліктеуді социологтар мен заңгерлер демалудың төмен мəдениеті дейді, мұнда танымдық қызығушылықтар жоғалады жəне сəйкесінше өмірлік құндылықтар мен уақытты көңілді өткізудің ерекше ұстанымы құрала бастайды. Бұл - күш, батырлық, жау жүректік, төзімділік, жігер, досшылыққа сенімді жəне т.с.с.
Осы теориялық негіздерді талдау нәтижесінде өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың дамуына бірқатар қиыншылықтар болатындығы анықталды және әлеуметтік зерттеу қажет екенін тудырды.

2 Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерді өмірге бейімдеу қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік зерттеулерді талдау

2.1 Атамекен - отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жүргізілген зерттеулер

Q-CAMPлагерьін ұйымдастыру мақсатындағы зерттеу жүргізумізді Атамекенотбасы үлгісіндегі балалар ауылынан бастадық.Ол жақтағы 20 оқушыға 2 ай көлемінде бақылау жасадық.
Бақылау нәтижесінде:
балалар үшін қарапайымнәрселер қорқыныш болып көрінетінін:көшеде жүру,қоғамдық көліктер пайдалану,өз бетінше сауда жасау т.б анықталды;
өздеріне деген сенімнің әлдеқайда жоқтығын;
мамандық таңдау мәселесі тек грантпен ғана шектелетіндігі,әлі ол туралы ойланбағандықтарын;
айналаға сенімсіздік;
отбасы үлгісіндегі орталық болғанымен,жұмыс жасайтын ата-ана,аға-әпке жоқтығынан қарапайым отбасында айтылатын әңгімелерден бейхабар екенін;
заманауи көзқарастың жоқтығы,алға ұмтылыстың мүлде аздығын байқадық.
Бұл ерекшеліктерді біз олардың ақылға қонымсыз сұрақтар қоюынан,әңгімелесуден аңғардық.Бұндай көзқарас нәтижесінде не болғанын анықтау мақсатында 20 түлекпен кездесіп жедел сауалнама жүргіздік, жастары 19-23 жас аралығында болды.
2.2 Жастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балаларының психологиялық қабілетін айқындау
Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың ұйымдасқан сипаты
Пәндер