САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ПАРТИЯЛАР ЖҮЙЕСІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы:Саяси партиялар, қозғалыстар және ұйымдар

Тобы: ГК-13

Орындаған: Маметов Ж. М

Астана 2019- жыл

САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ПАРТИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

Партиялар: саяси партия , консервативтік партиялар, социал -демократиялық партиялар.

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.

Қазақстан Республикасында ресми тіркелген аяси партиялар

1) "Нұр Отан" ) - Қазақстанның ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды. 1999 жылғы 19 қазанда жиналыс өтіп, «Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі. 1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясымен, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан - 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады. 2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. 2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX- съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал, 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.

Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. «Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әшімбаев Мәулен.

«Нұр Отан» партиясының Бағдарламалық құжаттары

  1. «Нұр Отан» партиясының Жарғысы
  2. «Нұр Отан» партиясының Доктринасы
  3. «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасы
  4. 2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
  5. Партиялық жобалар
  6. «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жаңа буынның жетістік жолы «Жастар-Отанға!» бағдарламасы
  7. Қазақстан Республикасының заңдарын жетілдіруге арналған ұсыныстарды қалыптастыру Ережесі

2) «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi - Қазақстанның саяси партиясы.

Партия төрағасы - Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.

3) “Ауыл” партиясы - қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті.

2000 жылы 30 наурызда ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркелді. Партия төрағасы болып Ғани Қалиев сайланды.

Партия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын жеделдетуге, қоғамды демократияландыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік әділеттілікті орнату, нарықтық экономиканы қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттарын дамытуға ықпал ету міндеттерін алға қойған. Партияның әлеуметтік негізін шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жетекшілері, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер, интеллигенция құрайды. ҚР-ның 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес 2003 жылы 2 сәуірде ҚР-ның Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті. Партия қатарында 80 мыңнан астам мүшесі бар (2003) .

Партияның қазіргі төрағасы - Әли Әбдікәрімұлы Бектаев. «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев партияның XII съезінде «Ауылға дәстүрді қайта әкелу» сайлауалды бағдарламасы бар.

4) Қазақстан Коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар.

ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді.

5) Қазақстан Патриоттары Партиясы - Қазақстан саяси партиясы.

Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті.

Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. Партия жетекшісі Ғ. Е. Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Партияның қазіргі жетекшісі Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов.

6) Қазақстан азаматтық партиясы - қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбе қаласында өтті. Съезде партия жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, бірінші хатшысы болып А. Перуашев сайланды. 1998 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Партия демократиялық құқықтық мемлекет құру, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің нығаюы мен дамуына ықпал ету мақсатында қызмет етеді. Қазақстан азаматтық партиясы мүшелерінің басым бөлігі - металлургия өнеркәсібі мен тау-кен өндірісі кәсіпорындарының қызметкерлері мен жұмысшылары, инженерлік-техникалық мамандар. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес 2003 жылы 10 қаңтарда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар. Дәрістер
Саяси партиялар туралы теория
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Саяси партия және партиялық жүйелер
Мемлекет және саяси партиялар
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Саяси партиялар жайлы
Саяси партиялар ұғымы мен мәнісі
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz