Ойын бизнесі салығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ойын бизнесі салығы

Орындаған: ОНТ-31 тобы Бауыржанқызы Аружан

Қабылдаған : Тиштықбаева Арнагул

Қарағанды 2019ж

Жоспар:

  1. Салық және ойын бизнесінің экономикалық мәні . . . 3
  2. Шет елдердегі ойын бизнесі салығы . . . 11Ресей Федерациясының ойын бизнес салығы . . . 11АҚШ-тың ойын бизнес салығы . . . 14
  3. Қорытынды . . . 17
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 19
  1. Салық және ойын бизнесінің экономикалық мәні

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен мін-деттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салық - кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады.

Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын арта түсуде . Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағын да берегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірбиеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді, бюджетпен есеп айырысу жеңілдетілді.

Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А. Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты) ;

2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты) ;

3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс(қолайлылық қағидаты) ;

4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты) .

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А. Смитке «салықтар- оны төлей-тіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытын-ды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағи-даттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін то-лық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категория-сының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді ( 1 кестеде көрсетілген) .

1 - кесте. Салықтың атқаратын қызметтері

Фискалдық функция . . .
Салықтардың реттеуші функциясы . . .
Қайта бөлу функциясы . . .
Фискалдық функция . . .: барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік -мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы . . .: мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орада салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайданылады. Бұл реттеушілер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлемі ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы . . .: арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімді салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді (салыстыру үшін Украинада -29%, Ресейде - 33, 3%) .

Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құмар ойын бизнесі салығы 2007 жылғы каңтардын 12-сінде енгізілген. Казино, ойын автоматтарының залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қыметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады. Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ойын үcтелi, ойын автоматы, тотализатор кассасы, тотализатордың электрондық кассасы, букмекер кеңсесінің кассасы, букмекер кеңсесінің электрондық кассасы құмар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып есептеледі.

Салық салу объектінің бірлігінен құмар ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі айына айлық есептік көрсеткіштің 30-дан 830 еселенген мөлшерін құрайды. Салық мөлшерлемесі Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Құмар ойын бизнесі үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Құмар ойын бизнесі салығын есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі. Құмар ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. Құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі белгіленген. Қосымша төлем құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметтен алынған табыстың сомасы белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.

  1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі бойынша ойын бизнесі салығы 16-бөлім, 64-тарауда көрсетілген.

534-бап. Салық төлеушілер.

Мыналар:

1) казино,

2) ойын автоматтары залы,

3) тотализатор,

4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

535-бап. Салық салу объектілері.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады:

  1. Ойын үстелі;
  2. Ойын автоматы;
  3. Тотализатордың кассасы;
  4. Тотализатордың электрондық кассасы;
  5. Букмекерлік кеңсенің кассасы;
  6. Букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы.

536-бап. Салық мөлшерлемелері.

Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:

1) ойын үстелі-айына айлық есептік көрсеткіштің 1660 еселенген мөлшері (2012 ж -830) ;

2) ойын автоматы-айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері (2012ж-30) ;

3) тотализатордың кассасы-айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері (2012ж-125) ;

4) тотализатордың электронды кассасы-айына айлық есептік көрсеткіштің 4000 еселенген мөлшері (2012ж-125) ;

5) букмекерлік кеңсенің кассасы-айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері (2012ж-75) ;

6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы-айына айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері (2012ж-75) .

Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері мөлшері негізіне алына отырып айқындалады.

537-бап. Салықтық кезең.

Күнтізбелік тоқсан ойын бизнесі салығы үшін салықтық кезең болып табылады.

538-бап. Салықты есептеу тәртібі.

  1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 535-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
  2. Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшерінде, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

539-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі.

  1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қыызметтен алынған кірістің сомасы кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда есептеледі.
  2. Қосымша төлемді есептеу мақсаттарында ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін мөлшері мыналардыы құрайды:
  1. Казино қыызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 135 000 еселенген мөлшері;
  2. Ойын автоматтары залы қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшері;
  3. Тотализатор қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшері;
  4. Букмекерлік кеңсе қыызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшері.
  1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті мөлшерлері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
  2. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салықтық кезең ішінде ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кіріс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлемдер сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған кіріс деп танылады.

540-бап. Қосымша төлемді есептеу мен төлеу тәртібі.

  1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кететін сомаға осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.
  2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы бірнеше қызмет түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алыынған кірістен жеке-жеке есептеледі.
  3. Осы Кодекстің 534-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

541-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

542-бап. Салықты төлеу мерзімі.

Ойын бизнесі салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.

Қазақстан Республикасының ойын бизнесіне салығы әр уақытта өзгеріп отырады. 7kun. kz сайты бойынша соңғы 3 жылдағы өзгеріс:

  • Алматы, 12 желтоқсан 2017 жылғы шығарылымы. Қаңтар-қарашада ойын бизнесі 11, 3 млрд теңге салық төледі (2-кесте) . 2017 жылы бұл көрсеткіш 14, 1 пайызға артты. Республикалық бюджетке келіп түскен кіріс казинодан, құмар ойын алаңдарынан, лотереялардан, букмекерлерден болды. Ал, 2016 жылдың 11 айында ойын бизнесі 9, 9 млрд теңге салық төленген.

Мемлекеттік кіріс комитетінің деректері бойынша жеті жыл ішінде бұл салық бойынша төлем 3, 3 есе өсті.

2-кесте. 2017 жылғы әр аумақтан бюджетке төленген салық

Аумақ
Төленген салық мөлшері
2017 ж
2018ж, 1 тоқсан
2019 ж, 1 тоқсан
Аумақ: Алматы облысы
Төленген салық мөлшері: 6 млрд теңге
1, 7 млрд теңге
2, 1 млрд теңге
Аумақ: Алматы
Төленген салық мөлшері: 1, 6 млрд теңге
2, 7 млрд теңге
1, 2 млрд теңге
Аумақ: Ақмола облысы
Төленген салық мөлшері: 931, 7 млн теңге
445, 6 млн теңге
Аумақ: Астана
Төленген салық мөлшері: 684, 9 млн теңге
Аумақ: Оңтүстік қазақстан облысы
Төленген салық мөлшері: 472, 7 млн теңге
Аумақ: Маңғыстау облысы
Төленген салық мөлшері: 297, 3 млн теңге
Аумақ: Атырау облысы
Төленген салық мөлшері: 256, 2 млн теңге
Аумақ: Жамбыл облысы
Төленген салық мөлшері: 184 млн теңге
Аумақ: Ақтөбе облысы
Төленген салық мөлшері: 179, 9 млн теңге
Аумақ: Шығыс Қазақстан облысы
Төленген салық мөлшері: 137, 9 млн теңге
Аумақ: Батыс Қазақстан облысы
Төленген салық мөлшері: 132, 6 млн теңге
Аумақ: Павлодар облысы
Төленген салық мөлшері: 113, 1 млн теңге
Аумақ: Қарағанды облысы
Төленген салық мөлшері: 102, 9 млн теңге
Аумақ: Қызылорда облысы
Төленген салық мөлшері: 93 млн теңге
Аумақ: Қостанай облысы
Төленген салық мөлшері: 89, 9 млн теңге
Аумақ: Солтүстік Қазақстан облысы
Төленген салық мөлшері: 51, 1 млн теңге
  • Алматы, 6 маусым 2018 жылғы шығарылым. 2018 жылдың бірінші тоқсанында құмар ойындар мен бәссауда ұйымдастырумен айналысатын компаниялар 5, 4 млрд теңге табыс тапты (2-кесте) .

2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (4 млрд теңге), табыс 34, 2%-ға өсті.

Бірінші тоқсанда ойын бизнесі бойынша төленген салық 5, 5 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде ол 2, 3 млрд теңгеден 2, 4 есеге артты.

  • Алматы, 5 маусым 2019 жылғы шығарылым. 2019 жылдың I тоқсанында құмар ойындарды ұйымдастырумен және бәс тігумен айналысатын компаниялар 3, 1 млрд теңге табыс тапты.

2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (5, 4 млрд теңге) түсім 42, 5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, I тоқсанда ойын бизнесіне төленген салық 4, 6 млрд теңгені құрады (2-кесте) . Жыл ішінде ол 5, 5 млрд теңгеден 16, 4%-ға төмендеді.

Қазақстан Респбликасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі бойынша ойын бизнесіне салықтың есептелуіне мысал келтірейік.

Берілгені:

«Оркен» ЖШС ойын бизнесімен айналысады. Онда 7 ойын үстелі, 24 ойын автоматы және 2 тотализатор кассасы бар. Берілген мәлімдеме негізінде ойын бизнесіне салық сомасыын есептеу қажет. Сәйкесінше, ойын үстелі - 1660 аек, ойын автоматы - 60 аек, тотализатор кассасы - 300 аек.

Шешуі:

Ойын үстелі = 7*1660*2525=29 340 500

Ойын автоматы = 24*60*2525= 3 636 000

Тотализатор кассасы = 2*300*2525=1 515 000

Салық сомасы = 29 340 500+3 636 000+1 515 000=34 491 500 тг.

2) Берілгені:

Ойын бизнесімен айналысатын «Бақыт» жеке кәсіпкерінде : 6 ойын үстелі, 10 ойын автоматы, 1 тотализатор кассасы бар. 2 қаңтарда тағы 2 ойын автоматы орнатылды, 5 қаңтарда тағы бір тотализатор кассасы орнатылды. Жеке кәсіпкер төлеуге тиісті салық мөлшерін анықтаңыз.

Шешуі: 28 482 000 тг.

Ойын үстелі 6*1660*2525 =25 149 000

Ойын автоматы (10*60+2*60) *2525 =(600+120) *2525= 1 818 000

Тотализатор кассасы (1*300+1*300) *2525=(300+300) *2525 = 1 515 000

25 149 000+ 1 818 000+ 1 515 000 = 28 482 000 тг

3-кесте. 2010 ж. мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы

Төлемнің атауы
2009 ж МБ фактісі
2010 ж МБ жоспары
2010 ж МБ фактісі
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. )
% (4-бағ. /3-бағ. )
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. )
% (4-бағ. /2-бағ. )
Төлемнің атауы: 1
2009 ж МБ фактісі: 2
2010 ж МБ жоспары: 3
2010 ж МБ фактісі: 4
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 5
% (4-бағ. /3-бағ. ): 6
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 7
% (4-бағ. /2-бағ. ): 8
Төлемнің атауы: Салықтық түсімдер
2009 ж МБ фактісі: 2 228 681 798
2010 ж МБ жоспары: 2 702 957 751
2010 ж МБ фактісі: 2 934 080 721
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 231 122 970
% (4-бағ. /3-бағ. ): 108, 6
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 705 398 922
% (4-бағ. /2-бағ. ): 131, 7
Төлемнің атауы: Корпоратив-тік табыс салығы
2009 ж МБ фактісі: 643 668 527, 8
2010 ж МБ жоспары: 847 931 445
2010 ж МБ фактісі: 837 233 485, 8
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): -10 697 959
% (4-бағ. /3-бағ. ): 98, 7
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 193 564 958
% (4-бағ. /2-бағ. ): 130, 1
Төлемнің атауы: Жеке табыс салығы
2009 ж МБ фактісі: 268 724 614, 1
2010 ж МБ жоспары: 301 284 368
2010 ж МБ фактісі: 312 331 729, 7
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 11 047 362
% (4-бағ. /3-бағ. ): 103, 7
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 43 607 116
% (4-бағ. /2-бағ. ): 116, 2
Төлемнің атауы: Әлеуметтік салық
2009 ж МБ фактісі: 232 839 685, 8
2010 ж МБ жоспары: 243 021 633
2010 ж МБ фактісі: 253 829 912, 8
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 10 808 280
% (4-бағ. /3-бағ. ): 104, 4
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 20 990 227
% (4-бағ. /2-бағ. ): 109, 0
Төлемнің атауы: Мүлік салығы
2009 ж МБ фактісі: 91 851 110, 7
2010 ж МБ жоспары: 104 355 235
2010 ж МБ фактісі: 107 917 342, 8
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 3 562 108
% (4-бағ. /3-бағ. ): 103, 4
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 16 066 232
% (4-бағ. /2-бағ. ): 117, 5
Төлемнің атауы: Жер салығы
2009 ж МБ фактісі: 13 022 133, 4
2010 ж МБ жоспары: 12 924 823
2010 ж МБ фактісі: 13 467 103, 4
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 542 281
% (4-бағ. /3-бағ. ): 104, 2
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 444 970
% (4-бағ. /2-бағ. ): 103, 4
Төлемнің атауы: Көлік құралдарына салық
2009 ж МБ фактісі: 17 521 354, 3
2010 ж МБ жоспары: 24 508 958
2010 ж МБ фактісі: 26 261 779, 1
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 1 752 821
% (4-бағ. /3-бағ. ): 107, 2
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 8 740 425
% (4-бағ. /2-бағ. ): 149, 9
Төлемнің атауы: ҚҚС
2009 ж МБ фактісі: 515 933 455, 6
2010 ж МБ жоспары: 590 434 358
2010 ж МБ фактісі: 677 229 029, 1
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 86 794 671
% (4-бағ. /3-бағ. ): 114, 7
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 161 295 574
% (4-бағ. /2-бағ. ): 131, 3
Төлемнің атауы: Акциздер
2009 ж МБ фактісі: 57 393 428, 8
2010 ж МБ жоспары: 65 396 043
2010 ж МБ фактісі: 61 423 118, 0
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): -3 972 925
% (4-бағ. /3-бағ. ): 93, 9
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 4 029 689
% (4-бағ. /2-бағ. ): 107, 0
Төлемнің атауы: Ойын бизнесіне салық
2009 ж МБ фактісі: 2 375 030, 4
2010 ж МБ жоспары: 3 779 510
2010 ж МБ фактісі: 5 307 296, 9
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 1 527 787
% (4-бағ. /3-бағ. ): 140, 4
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 2 932 267
% (4-бағ. /2-бағ. ): 223, 5
Төлемнің атауы: Басқа да салықтар
2009 ж МБ фактісі: 362 355 217
2010 ж МБ жоспары: 489 455 403
2010 ж МБ фактісі: 615 570 660, 7
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 126 115 257, 7
% (4-бағ. /3-бағ. ): 125, 8
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 253 215 443, 7
% (4-бағ. /2-бағ. ): 169, 9
Төлемнің атауы: Мемлекеттік баж
2009 ж МБ фактісі: 22 977 240, 3
2010 ж МБ жоспары: 20 865 976
2010 ж МБ фактісі: 23 509 262, 3
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 2 643 286
% (4-бағ. /3-бағ. ): 112, 7
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 512 022
% (4-бағ. /2-бағ. ): 102, 2
Төлемнің атауы: Салықтық емес түсімдер
2009 ж МБ фактісі: 136 175 506, 6
2010 ж МБ жоспары: 93 408 964
2010 ж МБ фактісі: 104 398 205, 8
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 10 989 242
% (4-бағ. /3-бағ. ): 111, 8
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): -31 777 301
% (4-бағ. /2-бағ. ): 76, 7
Төлемнің атауы: Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2009 ж МБ фактісі: 35 887 388, 8
2010 ж МБ жоспары: 67 601 573
2010 ж МБ фактісі: 60 653 288, 8
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): -6 948 285
% (4-бағ. /3-бағ. ): 89, 7
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 24 765 900
% (4-бағ. /2-бағ. ): 169, 0
Төлемнің атауы: БАРЛЫҒЫ кірістер (3 санат)
2009 ж МБ фактісі: 2 400 744 694
2010 ж МБ жоспары: 2 863 968 288
2010 ж МБ фактісі: 3 099 132 215
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 235 163 927
% (4-бағ. /3-бағ. ): 108, 2
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 698 387 522
% (4-бағ. /2-бағ. ): 129, 1
Төлемнің атауы: Трансферттердің түсімі
2009 ж МБ фактісі: 1 104 600 000, 0
2010 ж МБ жоспары: 1 200 000 000
2010 ж МБ фактісі: 1 200 000 , 0
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 0
% (4-бағ. /3-бағ. ): 100, 0
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 95 400 000
% (4-бағ. /2-бағ. ): 108, 6
Төлемнің атауы: ЖИЫНЫ
2009 ж МБ фактісі: 3 505 344 694
2010 ж МБ жоспары: 4 063 968 288
2010 ж МБ фактісі: 4 299 132 215
Ауытқу (4-бағ. -3-бағ. ): 235 163 927
% (4-бағ. /3-бағ. ): 105, 8
Ауытқу (4-бағ. -2-бағ. ): 793 787 522
% (4-бағ. /2-бағ. ): 122, 6

2 - кесте бойынша Қазақстан Республикасының 2010 жылдағы мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы көрсетілген. Кесте бойынша қорытынды: ойын бизнесіне салық барлық салықтық түсімдердің 0, 106 %-ын құраған. Ал, мемлекеттік кірістер бойынша ойын бизнесіне салық 0, 098 %-ын құрайтынын көреміз.

  1. Шет елдердегі ойын бизнесі салығы. Ресей Федерациясының ойын бизнесі салығы

Әр мемлекетте құмар ойындар мәселесіне әртүрлі қарайды. Біреу толық немесе жартылай тыйым салады, ал біреу керісінше рұқсат береді, бірақ Үкімет пен жергілікті органдардың бақылауымен.

Ресейде ойын бизнесі қатаң белгіленген жерлерде - ойын зоналарында рұқсат етіледі. Қазіргі Федералдық заң ойын бизнесі қызметін реттейді және салықты белгілейді.

Ресей салығы бекітілген және жұмыста қолданылатын жабдықтар (кестелер, машиналар, серверлер, кассалық аппараттар) және жер бетіндегі оқытушылар құрамы болып табылатын салық салудың әрбір объектісі үшін белгіленген ставкадан тұрады. Сонымен қатар, операторлар стандартты салықтарды төлейді (пайдаға, ҚҚС-қа, кіріске, жергілікті салыққа) және бизнесті жүргізуге мүмкіндік беретін лицензияны сатып алады.

2017 жылдың қарашасында Мемлекеттік Дума федералды заңға казинолар мен букмекерлік кеңселерге салынатын салықты екі есеге арттырып, түзетулер енгізді. Бұдан былай Ресей Федерациясының құрылтай субъектілері үшін бірқатар тарифтер белгіленді, оларды басшылыққа алу керек:

- орнатылған ойын автоматы - 1, 5 мыңнан 7, 5 мың рубльге дейін;

- қолданыстағы ойын үстелі - 25 мыңнан 125 мың рубльге дейін;

- букмекерлік кеңсенің процессинг орталығына - 25-125 мың рубльге дейін;

- тотализатор кассасы - 25-125 мың рубльге дейін;

- букмекер конторы немесе тотализатор - 5-7 мың рубль.

Егер аймақта ойын бизнесі салығын реттейтін жергілікті заңнама болмаса, ставкалар көрсетілген диапазонның төменгі жолағында белгіленеді. Сонымен қатар, ойыншылардан ұтыс салығы бойынша 13% салық төлеу керек.

Ойын бизнесі салығы-аймақтық тікелей салық. Оны Ресей Федерациясында 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 29-тарауы реттейді. Бұл салықты анықтау мақсатында ойын бизнесі-бұл ұйымдардың ұтыс және (немесе) құмар ойындарды өткізгені үшін төлем түрінде кіріс алуына байланысты құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Ойын бизнесі саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдар Ойын бизнесіне салық төлеушілер болып танылады.

Құмар ойындарға салық төлеушілер - құмар ойындар саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдар.

Жеке кәсіпкерлер осы салықтың салық төлеушілері болып табылмайды, өйткені Ресей Федерациясының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалар ғана ойын құмарларын ұйымдастырушылар бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы
Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар
Табыстарға салынатын салық
Қазақстан Републикасындағы қазіргі салық жүйесі және оның құрылуы мен қалыптасу кезеңдері
«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( syllabus)
Жанама салық салуды жетілдіру
Салықтардың мәні, объективті қажеттілігі, мазмұны және салық жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz