Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : Жаңартылған білім мазмұны негізінде географияны оқытудың негізгіерекшеліктері

5В060600-География мамандығы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1. Географияны оқытудағы педогогикалық технологиялар . . . 9

1. 1. География сабақтары дамыта оқытудың тиімділігі . . .

1. 2. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығы . . .

1. 3. Жаңартылған оқу бағдарламаның тиімділігі, қажеттілігі . . .

2. Жаңартылған білім беру мазмұнында географиялық білім берудің тиімділігі . . .

2. 1. Дәстүрлі сабақ формасы мен жаңартылған білім мазмұнындағы білім берудің ерекшеліктері . . .

2. 2. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы аясында география сабағында белсенді әдістерді қолдану . . .

2. 3Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы . . .

3. Жаңартылған білім берудегі іс-тәжірбиедегі анықтау . . .

Қортынды . . .

Кіріспе

Жалпы білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Бүгін жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі да жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. Қазіргі уақыта тарихи кезеңге-Рухани жаңғыру кезеңге аяқ басты. Зерттеу жұмысының өзектілігі:Мектептің білім мазмұны әрқашан талқылауды қажет етеді.

1. Географияны оқытудағы педогогикалық технологиялар

Ұзақ мерзімге созылған мектеп географиясының мазмұнын жетілдіру кезеңі

Пәннің мазмұнын құру тұжырымдамасын ұсыну, оқыту нәтижесін болжауға

Жаңа тұрғыдан қарау, оқушыларды тәрбиелеу мен олардың жеке тұлғасын

Қалыптастыру кезеңімен алмасты. Енді оқыту нәтижелері әрекеттік тұрғыдан

Қарауға негізделіп өлшенеді. Білімнің сапасы оқушылардың алған білімін іс жүзінде пайдалана алуымен анықталады. Мектептің оқу жоспарында оқылатын пәндер саны артып география сияқты кейбір классикалық пәндерге бөлінетін сағат санының кемуіне байланысты қиындықтар туындауда. Мұның барлығы географияны оқыту әдістемесі бойынша теориялық зерттеулерге жүргізуді, оқу үрдісін ұйымдастыруды басқа тұрғыдан қарауды қажет етеді. Білім берудің қазіргі кезеңінде оқыту әдістерін, құралдары мен нышандарын жаңарту қажеттілігі туындауда. Соңғы мәселе оқу үрдісіне жаңа педагогикалық

Технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Білім беруді жаңарту өсер ұрпақ оқытудың дәстүрлі емес әдістері мен оқу үрдісін ұйымдастыру нышандарын

Пайдалануыды талап етеді. Осыған орай іс жүзінде кең тараған түсіндірмелі-көрнекілік және репродуктивті әдістерге ғана негізделуге болмайды. Қазіргі

Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту қағидасы білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеруді, жүйелілік-әрекеттік тұрғыдан

Қарауды пайдалануды, нақы жоспарланған оқыту нәтижлерін беруді қамтамасыз

ететін мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру бағытында ерекше жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Білім беру саласы қызыметкерлерінің алдына оқытудың нәтижелі болуына қолжеткізу мақсаты қойылған. Бұл мәселені шешу психологияның,

Ақпараттанудың танымдық әркетті басқару теориясының жаңа жетістіктерін

Қолдану негізінде белсенді түрде қолға алынуда. Қазіргі кезеңде оқыту

Әдістемесінің орынына оқыту технологиялары түсінігі жиі қолданылуда.

Педагогикалық бұл жаңа бағыт оңтайлы оқыту жүйесін жасаумен, әр түрлі

Ұйымдастырылған оқыту үрдістерін жобалаумен айналысады. Бірақ оқыту технологияларын енгізу олар дәстүрлі оқыту жүйесін жасаумен, әр түрлі

ұйымдастырылған оқыту үрдістерін жобалаумен айналысады. Бірақ оқыту технологияларын енгізу олар дәстүрлі оқыту әдістерін ауыстырады деп атауға болмайды. Пәнді оқыту әдістемесінің құрамдас бөлігі болғандықтан технологияны жеке емес, оқыту әдістерімен қатар қолданады. Оқыту технологиялары оқу үрдісін толық басқару ойына негізделеді.

Оқыту технологиялары бұл оқу үрдісі нақты нәтижелерген қолжеткізуге негізделіп жобаланған оқытудың тиімділін арттыру тәсілдері. Әр түрлі ұйымдастырылған оқыту үрдісінде қолданатын технология термині шет елдік әдістемеден енген. Оның төменде көрсетілген бір-бірінен айырмашылығы болатын екі түсінігі бар:

  1. Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы;

ә) компьютерлік бағдарламалар, географияның жаңа мультимеда оқулықтары сияқты оқыту құралдарына қатысты алынатын оқытудағы технология. Бірақ бірінші және екінші жағдай да технологияларды пайдалану дидактикалық міндеттерді шешуде оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

Мұғалімдер технологияның көмегімен нәтижелерге кепілдік беретін өндірісіік-технологиялық үрдіске айналдыруға ұмтылады.

Педагогикалық технологиялар мұғалім мен оқушыларға ықпалды қалай оңтайлы ұйымдастыру керек екеніне негізделеді. Ол алдыға қойылған мақсатқа қолжеткізуге кепілдік беретіндей оқу үрдісі жобаланып жүзеге асырылады. Мұнда мұғалімнің жеке оның басшылығымен жүзеге асырылатын оқушылардың іс-әрекеті орындалуы белгілі бір ретпен жүргізілетін әрекеттер тізбегіне сәйкес ұйымдастырылып алдын-ала жобаланған күтілетін нәтижелерге қолжеткізіледі. Қорыта айтқанда технология сабақтың белгіленген мақсатына қолжеткізуді жан-жақты ойластырып алдын-ала анықтауға ұмытылады.

Технологиялық тізбек пәннің курстың, тақырыптың, жеке сабақтардың мақсатына қарай сәйкес мұғалім мен оқушылардың өзара байланысқан әрекеттерін белгілі бір ретпен жүзеге асыра отырып барлық білім алушыларға пән бойынша міндетті түрде берілетін жалпы білімнің мазмұнын меңгертуге кепілдік беруі тиіс. Кез-келген оқыту технологиясының міндетті бөлігі оқыту болжауға әр түрлі өлшеуді пайдалану болып табылады.

Педогогикалық іс-әрекет ғылым мен өнер, шығармашылық нормаларының үйлесімді жиынтығы болғандықтан технологияны оқу үрдісіне енгізу қиын. Оқыту технологияларында бағдарламаланғандар көп болғанымен оқушылардың шығармашылық әрекеті аз. Онда қойылған мақсатқа сәйкес оқу үрдісін басқарунақты жолға қойылған.

Ағымдағы кез-келген іс-әрекет түрлерінде мұғалім мен оқушылардың еңбектерінің нәтижелері алдын-ала жоспарланатындықтан білім алудың әдіс тәсілдерін тираждауға мүмкіндік береді. Іс-әрекеттердің алгоритмі шығармашылықпен, әрекеттен алыс болады. Оқу үрдісіндегі ағымдағы әдіс бірегейлігінен, көркемдігінен, қайталанбауынан айрылған стандартты өнім беруі мүмкін. Бірақ әдістеменің құрамдас бөлігі ретіндегі технологияның қолданысқа енуге толық қанды ұүұығы бар.

Педагогикалық технология бұл жоспарланған нәтижеге қолжеткізуді қамтамасыз ететін оқыту теориясына негізделетін оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, ұйымдастыру нышандарының және оқу әркеттерінің үйлесімділігі. Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты жоспарланған нәтижеге қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған оқыту әдістерінің, мұғалім мен оқушылардың өзара үйлесімді әрекетін ұйымдастыру.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі алдыға қатаң мақсат қоюды, оқу үрдісін қатаң басқаруды ұсынбайды. Оқыту әрекетін әдістемеде мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы айқындайды, кері байланыс әлсіз, оқушылардың оқу жетістігін бағалау субьективті түрде жүргізеді.

Педагогикалық технология мұғалім мен оқушылар әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға негізделеді. Оның негізгі белгілеріне төменде көрсетілгендер жатады:

  • қойылатын оқыту мақсатының алдын-ала болжалып жасалуы;
  • оқу мақсатына қолжеткізуге кепілдіктберуге бағытталуы;
  • болжанатын тексеру жұмыстары арқылы жедел кері байланысының болуы;
  • оқытудың ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелерінің міндетті түрде бағалануы,
  • кез-келген мұғалімнің қайтадан өту арқылы оқыту әрекеттерін жаңғырту мүмкіндігінің болуы.

Оқыту технологиясында мақсаттар болжанып қойылады да, оқушылардың әрекеттері арқылы көрініс табатын оқыту нәтижелермен анықталады. Мұғалім ол әрекеттерді өлшеп бағалауы мүмкін. Дәстүрлі әдісте оқыту мақсаты айқын берілмейді (мысалы, климат туралы білім беру немесе климатты оқып үйрену) . Ал оқыту технологиясында біледі, түсінеді, пайдаланады, түсіндіреді, талдайды, бағалайды, болжайды деген терминдерді қолдана отырып, божау мақсатын қояды. Болжау мақсатын қалыптастырып болған соң меңгерілетін барлық оқу материалдары мағаналық бөліктерге бөлінеді. Әр бір бөлікке болжанатын тексеру жұмыстары жасалады.

Содан кейін оқыту, тексеру, ағымдағы бақылау түзету енгізу және қайта оқыту жүзеге асырылады. Ол берілген мағыналық бөліктердің оқу элементері толық меңгергенше қайталанады.

Оқыту технологиясы мұғалімге сабақ жоспарындв өзінің және оқушылардың

оқу

1. 1. География сабақтары дамыта оқытудың тиімділігі.

Оқу-адамның психикалы дамуының формасы, элементі. Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымы мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы. Даму ұғымның психологиялық анықтамасы жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстарды сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып өзгеріп, бір деңгейден өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жетклікті дәрежеде дәлелдеп берді деп те айтуға болады. Бұл жағдайды әбден зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог орыс ғалымы Л. С. Выготский. Ол дамудың оқытумен тең, керсінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындағы жайлы теория ұсынды. Бала дамуының жақын аймағы-баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. Бала дамуының қол жеткен аймағы -баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Орыс ғалымы И. Я. Лернер «даму» деген ұғымд педагогикалық заңдылықтарға негізделіп отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындағы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғарғы орынға шығарады. . Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

1. 2. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығы

Қвзіргі кезде дүние жүзі бойынша көптеген елдерде оқу сапасы айырықша көңіл бөліп отыр. Елімізде жаңа бағдарлама аясында бәсекеге қабілетті өзық ойлы оқушылар тәрбиелеп шығаруға үлкен мән беріледі. Көптеген елдерде оның бірі Американдық педагог Филип Шлекти өзінің XXI ғасыр мектебі атты еңбегінде мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп, бірақ әртүрлі жағдайларда ары қалай жетілдіріп қолдана алмайтын түлектің қоғамда өзінің орнын табуы екі талай деп есептейді.

Қазіргі заманда ең басты мақсат-біліммен қаруландыра отырып, инттеллектісі жоғары дамыған, білімге құштар тұлғаны тәрбиелеу. Жоғарғы оқу орындарына білімді, жаңашыл түлектер қажет. Осыған байланысты, заманымызға сай оқытушы сабақта тұлғаны белсенді оқу-білім қызметіне кірістіру арқылы дамыту керек. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыруының маңызды факторларының бірі - оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлілігі. Оқушылардың танымдық қызметінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып белсенді білім алу жұмысына кіірістіру, сабақтың оқу-тәсілдерін мұмкіншіліктерін әлде қайда кеңейтеді. Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлылығын қойып отыр. Құзырлылық бірінші орынға оқушының ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес, тапсырма жауабын ісі арқылы шешудегі дайындық әлеуеті. Педагогикалық жобалау шығармашылық қызметінің компоненті ретінде білім беру мазмұнын оқушы тұлғасының жетістігі етуді, оны баланың жадына емес, жанына, интеллектісіне жақындатуды талап етеді. Оқушыға нақ осы сәтте не қажет екендігін нақтылау оның даму бағытын белгісіздік қағидаларына сүйене отырып жобалау сбьектілердің ойлануына, жаңа білім үлгісіне тән субьект-субьектілік қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады.

2. 2. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы аясында география сабағында белсенді әдістерді қолдану.

Қазақстанның білім беру жүйесі интенсивтендірудің және даму қарқынын жеделтетудің қазіргі заманғы жағдайларында қазақстандық қоғамда белсенді және де өмірлік ұстанымы бар, әлеуметтік және кәсіптік өмірдің әртүрлі салаларында бағдарлауға қабілетті, сондай ақ мұндайдамыған танымдық белсенділігі негіз бола алатын мектеп бітірушілерді даярлау үшін әлеуметтік тапсырыс жасалды. Оқыту әдістері дегеніміз танымдық белсенділікті ынталандыруға бағытталған белсенді әдістер деп аталады. Біріншіден, оларға диалогтық әдістер жатады, қандай да бір білім беру проблемасын шешу жөнінде еркін пікір алмасуды ұйымдастыруды көздейтін, проблемалық әдіс, ойын, зерттеу, модульдік, сыни жағдайлар әдісі, тірек сигналдар әдісі бұл барлық әдістер. Оқыту түрлері мен құралдары, оқушылардың танымдық білім беру қызметін белсендіруге бағытталған. Оқытудың белсенді әдістерін қолданудың ерекшелігі, олар білім беру процесінің барлық қатысушыларының көп деңгейлі және жан-жақты коммуникациясын қамтамасыз етуге не істейді? Сондықтан оларды оқу процесінде қолдану қажет. Белсенді метолдарды қолдану оқытудың оқу іс-әрекетінде субьективті тәчілді іске асырады сондықтанда осы айтылған тәсілдер тиімді болып келеді. Тұлғалық көзқарас оқушының білім берудегі өзіндік ерекшелігін есепке алуды көздейді, тәрбие процесінде субьект-субьектілік қатынастардың қалыптасуын анықтайды, және оның белсенді ұстанымын таниды. Тұлғалық көзқарас оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жетекші болып табылады, ол жеке тұлғаның құрылымы мен оның элементтерін, олардың өзара байланысын білуді талап етеді. Бірінші кезеңде оқытушы проблемалық материалды ұсынады, алдағы қызметті жандандыру үшін жағдай жасайды, оқушыларды белсенділікке ынталандырады. Оқушылардың қызметі:Танымдық іс-әрекетте бастама көтеру; Пайда болған зияткерлік қиындықтар мен қайшылықтарды сезінеді, білімнің жоқтығын сезіну, тапсырманың эвристикалық сұрақтарын құрастырады. Алдағы қызметтің мақсаттары туралы хабардар болуы, және де іс-әрекетттегі жеке белсенділікті мақсатты түрде ынталандыру. Жаңа білімнің ашылу сатысында. Практикалық міндеттерді шешу тәсілдері туралы өз көзқарастарын білдіруге тәрбиелеу мәселелерді шешіледі.

Практикалық мәселені қалай шешу туралы өз көзқарастарын білдіру қабілетін тәрбиелеу мәселелері қарастырылуда:алынған нәтижелердің дұрыстығын өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгеру;

Оқытушының негізгі міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде жалпы оқу шеберлігі иен дағдыларын дамыту; өз іс-әркеттерін жоспармен байланыстыру қабілетін игеру өзін-өзі бақылау, әрекеттерін реттеу болып табылады. Рефлексия кезеңінде оқытушы танымдық қызметте өз жетістіктерін обьективті бағалау қабілетін қалыптастырады. Оқытудың белсенді әдістерін жүйелі қолданғанда оқытушының рөлі біртіндеп өзгереді, оқытушы енді ақпарат көзіннің рөлін атқарады. Оқытушы енді фасилитатор (латын тілінен қолайлы жағдай жасау ) немесе модератор (яғни латын тілінен тепе-теңдік, басқару, реттеу) рөлін атқарады.

2. 3 Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдердің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да, .

Білім алушы оқытудың қай сатысында?

Олар білім алуда неге талпынады?

Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? Екенін түсінеді.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
  3. Бірыңғай стандарттарды, спалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
  4. Қол жетімді, нақты, үздіксіз:

- білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

- Ата-аналарға оқу нәтижелеріні дейгейлері туралы;

- Басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.

Бағалаудың алғашқы жүйесі Германия пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған, әрқайсысы разрядтарды білдірген. Осы разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарларға бөлінген. Уақыт өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көпшілігі осы разрядта болған. Осылай бес ұпайлық шкала пайда болған. Бағалау тарихының өзіндік ерекшеліктері бар. Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, жақсы-жаман» ұғымдарды шеңберінде болған. Кейінгі уақыттарда ресейлік бағалау 3-, 5-, 8-, 10-, 12-ұпайлық жүйеден өткен. 1939 жылы сөздік бағалау қайта оралды, «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық» «жақсы», «үздік» бағалары қойыла басталды. 1944 жылы ол сөздерге үйреншікті 1-ден 5-ке дейінгі ұпайлар қосылды. Осылай 5-ұпайлық бағалау жүйесі заңды түрде енгізіліп, бүкіл совет дәуірінде мүлдем жаңартылмады. Ал бағалау түрлері жалпы шет мемлекетерде де өзіндік орын алады. Белоруссияда 2003 жылдан бастап 10-ұпайлық бағалау жүйесі енгізілген. Молдова, Латвияда да 10-ұпайлық жүйе, Украинада 12-ұпайлық бағалау, 10, 11, 12, ұпайларына оқитын бала бұл жерде үздік болып танылып, мектепті бітіруде алтын медальмен марапаталды. Польшада оқушылар 6 ұпаймен бағаланады. Францияда 20-ұпайлық шкала бойыгша оқиды, бірақ ең жоғарғы ұпай бұл жерде 18 ұпай. Француздардың түсінігі бойынша 20 ұпайдан тек Алла тағала жинай алса, 19 ұпайды мұғалім мырза жинай алады екен. 14-16 ұпай керемет нәтиже болып табылады. Француздік жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 10-нан 12-14 ұпайға дейін жинайды екен. Ұлыбританияда цифрлік бағалаудың орнына сөздік бағалау жүзеге асырылады. Бұл оқушының жұмысын толық және жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Елдің бағалау формасының үлгісі. Оқушының аты-жөні. Оқу пәні. Толтыру күні. Сипатталып жатқан уақыт мерзімі (1, 4 немесе 12 апта) . Пән бойынша оқушы үлгерімінің жалпы сипатттамасы- мұғалімнің жан-жақты пікірі. Жапонияның бағалау жүйесі өте қызық. Мұнда 100-ұпайлық жүйе, бірақ оқушының білім деңгейі жеке бағаланбайды. Тоқсан соңында бүкіл сыныпқа білім сапасының жалпы пайызы мен үлгерімнің орта ұпайы шығарылады. Бірақ соңғы кезде мұндай бағалау шынайы емес деген көптеген пікірлер айтылуда, сондықтан жуырда жапондықтар бұл бағалау жүйесінен бас тартуы мүмкін. Бағалау (ағылш. -assessment-size (көлемін анықтау, көбінде салықтың) sed\sit -отыру (соттың қасында ақпарат беріп көмектесу) - бұл оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінді және осы білім түсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау үдерісі. Бағалаудың мақсаты оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың негізгі алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау. Оқушының өзі емес, оның жұмысы бағаланады. Ал бағалауда басты назарды жұмыстың кемшіліктеріне емес, жетістіктеріне аудару керек. Кемшіліктер екінші кезекте қарастырылады.

Бағалаудың негізгі қағидаттары.

- Бағалау төмендегідей қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

- Шынайлық, сенімділік және валидтілік бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданатын критерийлердің валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданатын критериийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады. - Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын жауапкершілігін артырады.

- Үздіксіз. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

- Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны:

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны атап өткендей нұсқаулық әдістемелік құжаттар арқылы ретеледі:

-Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;

-Оқу бағдарламасы

-Оқу жоспары

-Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;

-Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

-Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;

-Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістеменің технологиядан ерекшелігі
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Педагогикалық инновация
Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік
1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz