Азық қоректік заттарының қорытылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 1. Кіріспе. Пәнің даму тарихы.
1.Азықтың химиялық құрамы.
2.Пәнің басқа пәндермен байланысы.
Адамзат тіршілігінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Бұл әрдайым күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оны шешу үшін әрбір елде мемлекеттік шаралар жүзеге асырылады.
Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты.
Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады.
Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады.
Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70-ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты элемент- көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді.
Ал биологиялық мәні зерттеліп, тіршілікке қажеттілігі дәлелденген маңызды, немесе биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға жоғарыда көрсетілген кальций және фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг құрғақ заттар грамдап жиналатын алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса, мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп атайды.
Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен алдымен су және құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық және анорганикалық, яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі қоректік және биологиялық әсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және микроэлементтерден тұрады.
Құрғақ зат органикалық және анорганикалық немесе минералды заттардан тұрады. Оларды муфель пешінде 500-550 градуста жағу арқылы ажыратады. Мұндай темпертурада органикалық заттар жанып, энергия бөліп ыдырайды да, минералды заттар күл құрамында қалып қояды. Сондықтан азықтың минералды бөлігін шикі күл деп атайды. Шикі деген сөз бұл арада шикі-затты, яғни таза емес, қосындылары бар деген түсінік береді. Мал азығының құрғақ затында шамамен 5 проценттей күл болады. Оның құрамында калий және шақпақ басым келеді, ал жануар денесінің күлінде кальций және фосфор көп болады.
Шикі деген қосымша сөз зоотехникалық зерттеу бойынша анықталатын барлық дерлік қоректі заттар тобында кездеседі. Ол осы зерттеу тәсілдері бойынша жекелеген қоректік заттар емес, химиялық жағынан жақын біршама қосындылары біріктіріліп табылатындығын көрсетеді. Мысалы, шикі протеин тобына тек амин қышқылдарынан түзілген көп пептидтер макромолекулалары ғана емес, сондай-ақ басқа барлық азотты қосындыларда енеді.
Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі.

Дәріс 2. Азықтардың қорытылуы туралы ұғым
1.Азықтардың қорытылуы туралы ұғым
2.Зерттеу әдістері және факторлары.
Азық қорытылуы. Жемшөптін қоректік заттарын пайдаланып, өз қажетіне жұмсау үшін жануарлар алдымен оны жеп, қоректік заттарды қорытып, сіңірілген бөлігін зат алмасу барысында тіршілік мұқтажына пайдалынады.
Мал азығының желінуі. Химиялық құрамы қоректік қуаты әртүрлі жемшөп тіршілік қажетіне асу үшін ол міндетті түрде желініп, қорытылуы, бойға сіңірілуі қажет. Сонда ғана ол организмде энергияға, қажетті өнімге айналады. Азықтың өнімділік қуатының 70 проценті желінуіне, қалған 30 проценті қорытылуына байланысты.
Азықтың желінуі мен қорытылуы да тығыз байланысты. Клетчатканың көп болып, аумағын ұлғайтуы, қорытылуын төмендетіп, желінуін шектейді. Өйткені аумақты ірі азықтың ас қорыту жолдарынан өтуі баяулап, қорытылу мерзімі ұзарады. Соған байланысты қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастар астық тұқымдастардан гөрі көбірек желінеді. Күйісті мал пішенге қарағанда құрғақ заты бойынша есептегенде сүрлемді 20 проценттей кем жейді. Түрлі дәмді қосындылар сірне, ашытқы және басқалары тәбетті ашып, азықтың желінуін жоғарлатады.
Азық қоректік заттарының қорытылуы. Желінген жемшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорытылу барысында түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңірледі. Ыдырап үлгермеген, сіңірілмеген қоректі заттар нәжіс құрамында тік ішек арқылы сыртқа шығарылады. Бұл - қорытылмаған қалдықтар. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады.
Қорытылу ауыз қуысынан басталады. Онда түскен азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (амилаза) минералды заттар оның құрамына еніп,әсер ететін қосындыларды (амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) фементтерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктелген азыұ жыны (хамус) он екі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен бауыр етімен араласады. Өттегі қосындылар азық майларына әсер етіп, ішек сөлінің ферменттеріне (липаза) қолайлы жағдайлар туғызады. Азықтағы қоректік заттар ыдырауы ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жалғасады. Сөйтіп жай қосындыларға дейін (протейндер-амин қышқылдарына, майлар-май қышқылдары-глицеринге, көмірсулар, моноканттарға) ыдыратылған қоректік заттар аш ішек түгі арқылы сіңіріліп, қан мен лимфа құрамына енеді. Тоқ шекте жын (химус) құрамынан артық су сіңірліп, нәжіс қалыптасады.
Шошқаның ас қорытылуы. Шошқа- бір қарынды көп азық түрлерін жей беретін жануарға жатады. Ас қорыту жолдарының әр бөлімі біркелкі дамыған, аумақтары шамалас, орташа алғанда қарын аумағы 8 л, яғни ас қорыту жолының шамамен 30,0 процентіндей, аш ішегінің ұзындығы 15-25 м, аумағы 9-10 л, яғни 33,0 процентіндей, ұзындығы 20-35 см соқыр ішегінің аумағы 1,5 л, яғни 5,0 процетіндей, тоқ және тік ішегінің ұзындығы 5-6 м, аумағы 8-9 л, яғни 32,0 процентіндей. Жалпы ішек-қарын ұзындығы 20-30 м, аумағы 30 литрдей болады.
Азықтың қорытылуы, тек шайнаған кезде ғана бөлінетін сілекей ферменттерімен, ауыз қуысынан басталады. Азық түріне, ылғалдылығына, берілу жиілігіне байланысты тәулігіне 10-15 л, сілекей бөлінеді. Амилаза ферментімен қатар, шошқа сілекейінің құрамында көптеген минералдық (натрий, калий, магний, фосфаттар, карбонаттар, сульфаттар) және органикалық (ақзат муцин аминқышқылдары) қосындылар болады. Сілекей реакциясы сілтілі.
Шайналып, сілекеймен ылғалданған азық қарынға түседі. Қарын құрылысы жай, бір бөліктен тұрады. Оған енген азық өңештен он екі елі ішекке өткенше араласпай, бірқалыпты жылжып отырады. Қарының үш бөлігінде өңделіп қорытылады.
Олар өзара ішкі кілегейлі қабатының құрлысы арқылы ерекшеленеді. Өңештің қарымен жалғасқан жеріндегі кілегей қабығы тері тәріздес болып келеді. Қарының сыртқы шеңберімен оған бездері бар кардиналды бөлімі жалғасады.

Дәріс 3. Азықтардың құнарлығы туралы ұғым
1.Азықтардың құнарлығы туралы ұғым және анықтау жолдары.
2. О. Кельнер, советтік және энергия әдістері.

Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады.
Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді.
Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды.
О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды.
248 азық түріменжүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын крахмал май байлауымен салыстырылды.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады.
Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады.
Азық қорктілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16,67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52,54 процент және майдағы 76,50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді.
Міне осындай жолмен О. Кельнер азықтардың өнімділік әсерін, қуаттылығын есептеп шығарған. Ақзатты энергетикалық қуаттылығы бойынша 1 г ақзатта 5-7 калория, 1 г майда 9,5 калория майға теңестіріп азықтың таза қоректік заттарының өнімділік май байлануы бойынша қуаттылығын тапқан.
100 г қорытылатын ақзаттікі 23,5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47,4-59,8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18,8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады.
О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалауда крахмалдық теңеулеріне тән кемшіліктер орын алған. Олардың ең бастылары қоректілікті анықтау тек өгіздермен және санаулы ғана азық түрімен 18 жылда 16 азықпен 100 тәжірибе қойылған нақтылы жүргізілген қалған азықтар қоректілігі есептен шығарылған. Азық қоректілігі өнімдік әсерінін бір ғана қыры - май байлау қасиеттері арқылы бағаланған. Бұл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді. Басқа өнім сүт, жүн, төл беретін малдар үшін азықтың май байлаушылығы қоректілігін бағалаудын негізгі көрсеткіші бола алмайды.

Дәріс 4. Азықтардың витаминді,минералды және протеинді құнарлығы, малдарға әсер етуі.
1. Азықтардың витаминді,минералды және протеинді құнарлығы, малдарға әсер етуі.
Азық құрамындағы 70- тарта заттар мен қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет.
Қоректік заттардың атқаратын қызметі мал мен құс түріне байланысты өзгеріп отырады. Егерде бір қарынды мал азот көзі ретінде тек ақзаттық қосындыларды пайдаланатын болса, көп қарынды күйіс қайыратын малдар олармен қатар азық құрамындағы басқа азотты заттарды да ұтымды пайдаланады.
Протеиндер. Шикі протеин - жемшөптегі барлық азотты қосындыларды біріктіретін ең маңызды қоректік зат. Жануарлар организмінің құрғақ затының жалпы алғанда 45 проценті, ал кейбір мүшелерінің 85 проценті ақзаттан тұрады. Өсімдіктердегі ақзат көлемі біршама төмен.
Тек бұршақ тұқымдастарда, оның ішінде әсіресе соя дәндерінде, протеин көлемі 30 - 45 процентке жетеді. Ол өсімдіктердін дәнінде, гүлінде және жапырақтарында жиналады. Гүлденген жоңышқанын жапырағының құрғақ затында - 24 процент, піскен дәнінде - 35 процент, ал сабағында - 10 процент белок болады.
Қоректік заттар ішінде протеиндердін тіршілік үшін маңызы өте зор. Протеин мал азығына үзіліссіз енбесе организм тіршілігіне қауіп төніп, тіпті тоқтауы да мүмкін. Денедегі ақзат алмасуын қамтамасыз етіп, ескіріп ыдыраған қосындылар орынын жаналармен алмастырып, өсіп келе жатқан жас организмде жаңа үстеме қосындылар құрастырып, өндірілетін өнім ақзатын түзуге жағдай туғызу үшін сыртқы ортадан қажетті мөлшерде және саплы денгейде азоттық заттар еніп түруы шарт.
Минералды заттар. Минералды заттарға мал азығын жоғары температурада 500-550 С жаққанда қалатын шикі күл құрамындағы химиялық элементтер жатады. Олардың азық құрамындағы мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро көп мөлшердегі элементтер деп, ал қалғаны макро - аз мөлшердегі элементтер деп аталады. Макроэлементтерге жататын азық күлінде көп болатын кремний шақпақ элементі инертті реакцияларға қатыспайтын тотық ретінде болатындықтан, әдетте оны есепке алмайды. Макроэлементтердін төртеуі - кальций, калий, натрий және магний - алмасу барысында сілтілік қасиеттер көрсететіндіктен сілтілік немесе негіздік макроэлементтер деп, ал қышқылдық қасиеттер көрсететін үшеуі - фосфор, күкірт, хлор - қышқылдық макроэлементтер деп аталады. Арақатынастары бұзылған жағдайда бір элементтің мал азығында жеткілікті болуына қарамастан сіңіріліп, пайдаланылуы күрт төмендеп, организм зиян шегеді.
Малды қоректендіру барысында жемшөп түрлерінін организмге қажетті мөлшерде ғана берілгенде пайдалы екенін ұмытпаған жөн. Жемшөппен қажетті мөлшерден артық не кем азықтандыру да организмге зиянды әсер етеді
Витаминдер. Витаминдер денеде зат алмасу барысын қамтамасыз ететін, организмге түзілмегендіктен азықтармен толық жеткізілуі қажет органикалық заттар. Сыртқы ортадан организмге аз енсе зат алмасуы тежеліп, бұзылып витамин жетіспеушілік - гиповитаминоздық ауыру белгілері, ал витаминдер тіпті болмағанда - витаминсіздік, яғни авитаминоздық ауыру белгілері пайда болады. Аурудын алғашқы кезеңінде барлық витаминдердін жетіспеушілігінен тәбеттін бұзылуы, өсудін тежелуі салмақ қысымының тоқталуы сияқты белгілер пайда болып, ұлғая келе ол витамин жетіспеушілігінен туатын арнайы белгілерге ұласады. Олар тек жетіспейтін витаминді бергенде ғана жазыла бастайды. Организмдегі зат алмасу барысы неғұрлым жеделдеген сайын өсіп келе жатқан төл, буаз және жоғары өнімді сақа мал организмінде витаминдер жетіспеушілігінін зардабы өсе түседі.
Витаминдерді атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі - биокатализаторлар ретінде ферменттер құрамында қызмет ететіндері коферменттер. Оларға В витаминдердін тобы және К витамині жатады. Екіншісі - торш құрылысындағы тұзілу процесін реттеу арқасында зат алмасуына ықпалын жүргізетін индуктивтік әсер ететіндері. Оларға А, Д, Е, С витаминдері, холин жатады.
Химиялық құрылысы және физикалық әсері бойынша витаминдерді майда және суда ерігіштігіне қарай бөледі. Майда еритіндерге А, Д, Е, суда еритіндерге В тобынын және С витаминдері жатады. Витаминдердін негізгі көзі - азықтар. Тек кейбір витаминдер ас қорыту жолындағы микробиологиялық түзілуі В12К немесе организмдегі биологиялық түзілу С витамині арқылы пайда болады.
Дәріс 5. Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары туралы ұғым, жіктелуі.
1.Ауыл шаруашылық малдарының азықтары туралы ұғым.
2. Мал азықтарының жіктелуі, бағалануы.
1. Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады. Мал азығын түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына тағы басқа қасиеттеріне қарай топтастырып жіктейді. Ең алдымен олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи азықтар тегі бойынша өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді. Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді.
2. Өсімдік тектес азықтар. Өсімдік тектес азықтар физикалық жағдайы мен құрамында қоректік заттар шоғырлану дәрежесіне сәйкес аумақты және құнарлы топқа бөлінеді. Аумақты азықтарға 1 кг құрғақ затында 0,5 кг - нан төмен қорытылатын қоректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдылығы немесе клетчаткасы мол азықтар жатады. 1кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65 азық өлшемімен, яғни, 7,1 мДЖ-ден аспайды. Соған қарамастан олар шаруашылық азық қорының негізін құрастырады. Өйткені бұл топқа барлық көк ірі және шырынды жемшөп кіреді.
Ірі азық құрғақ затында 19 пайыздан астам клетчатка болады. Оларға барлық пішен түрлері: сабан, қырман қалдықтары жатады. Қырман қалдықтарында қорытылмайтын заттар көп болғандықтан, малға берер алдында арнайы дайындықтан өтеді.
Ылғалды (шырынды) азық құрамында 40 пайыздан астам ылғал болады. Шырынды азықтарда бұл ылғал негізінен протоплазма және өсімдік сөлі құрамында химиялық байланыста болады. Оларға көк балауса шөп, тамыр- түйнек жемістілер, сүрлем, пішендеме, химилық жолмен сақталған көк азықтар кіреді.
Сулы азықтарға азықтарға техникалық өндіріс, атап айтқанда, крахмал, спирт және қант өндірісінің қалдықтары жатады.
Химиялық құрамы бойынша құнарлы азықтағы көмірсутек немесе энергетикалық (астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (бұршақ тұқымдастар дәні, май өндірісінің қалдықтары) топқа бөлінеді.
Протеиндік құнарлы азықтарға жануар тектес азықтарды ет, ет-сүйек, балық ұны және заводтарда түрлі азықтар қосындысынан құрастырылған құрама жемді де жатқызуға болады.
Толық рационды құрама жемдер жан-жақты толықтырылған, мал мен құстың қоректік мұқтаждығын толығымен қамтамасыз ететін түрде шығарылады.
Құнарлы құрама жемдер тек қана түрлі дәндер, минералды заттардан құрастырылады. Олар жеке берілмей, малдың негізгі азықтарын толықтыратын қосымша азық ретінде қолданылады. Сондықтан оларды рациондағы негізгі азықтардың қоректілігін жоғарылату үшін пайдаланады.
Ақзатты - витаминді - минералды қосындылар азотты, витаминді, минералды заттары мол арнайы дайындалған біркелкі қосындылар. Құрама жемге немесе азықтарға қосып беріледі.
Премикстер - заводтарда витаминдер, микроэлементтер және басқа да биологиялық әсерлі заттардан (антибиотик, ферменттер, гармондар) жасалатын арнайы қосындылар. Жем салмағына 0,5-1,0 пайыз көлемінде қосылады.
Сонымен қатар өндірісте мал азығы ретінде қолдану үшін арнайы протеиндік(карбамид) және амин қышқылдарының (азықтық ашытқы, синтетикалық және микробтық препараттар т.б.) минералдық ас тұзы, (фосфаттар т.б.) қосындылар шығарылады.
Жанур тектес азықтарды 3 топқа бөлуге болады 1.Сүт және сүт өнімдері 2.ет өндірісінің қалдықтары 3. Балық зауытының қалдықтары.
Шаруашылықта малға азық берер алдында оның сапасын анықтайды. Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, иісі, түрін, дұрыс сақталуын анықтайды. Өсімдік түріне байланысты анықтау әдістерін қолданады.

Дәріс 6. Норма және рацион туралы ұғым.
1.Нормалап азықтандырудың маңызы.
2. Рацион құрастырудың негіздері.
1. Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем - шөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормалық көрсеткіштер арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды нормалап азықтандыру деп атайды. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрылады.
Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік мөлшерден аз немесе көп берілген зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да, төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі тежеледі. Ал, нормадан көп берілсе, шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық игерілмей, пайдасыз шығындалады.
Азықтандыру нормалары - малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса, оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын енергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғайады.
Қазіргі кездегі азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.
2. Малды азықтандыру рационы деп, белгілі нормаға негізделіп, құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады.Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің асқорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады.
Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс.
Түрлі азықтар белгілі бір ара қатынаста есептеліп жасалуы тиіс. Осы азықтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік ара қатынасын рацион құрылымы деп атайды. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады. Ол қалыптасқан жемшөп қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады.
Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары әр мал түріне және жыныстық, жастық. Өндірістік топтарына арналған типтік рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық (азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас қорыту жолдарына сиятынын бақылайды.

Дәріс № 7 Суалған сиырларды азықтандыру
1.Суалған сиырларды азықтандыру ерекшеліктері.
Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады.
Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге , бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет.
Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе аықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады.
Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосып қондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады.
Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800-900 г салмақ қосып жаңа туылған бұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс.
Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сіңірілетін қоректік заттар бойынша азықтың қоректілігін бағалау
Азықтардың қорытылуы
Шөп дайындау курс
Азық құрамындағы қоректі заттардың рөлі мен маңызы малды толық құрамды азықтандыру оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторлар
Зат алмасудың жалпы заңдылықтары
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Сауын сиырларды азықтандыру
Көк азық
Көк азық түрі
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Пәндер