Мәдени жаһандану ұғымымен танысу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Петропавл қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы
(Қазіргі әлемдегі Қазақстан)
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Жаһандану және Қазақстан

Тақырып: Мәдени жаһанданудың қазақ халқының ұлттық кодына әсері.

Орындаған: Жаксылыкова К.А_____________
(аты-жөні,қолы)

Жетекші: Касиенова Ж.Б__________________
(аты-жөні,қолы)

Ішкі модератор: _________________________
(аты-жөні,қолы)

Петропавл, 2020 жыл
Кіріспе
Жаһандану үрдісі әлемнің барлық сфераларын қамтитын әлемдік тенденция. Бұл үдеріс экономика, технология, бизнес, саясат сияқты салаларды қамтып,интергациялау мен унификация процестерін қарқынды жүргізуде.Бұл тұста мәдениет саласы да шетте қалып қойған жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда мәдени жаһандану феномені қоғам үшін жаңалық емес.

Зерттеу мәселесі:

Қазіргі кездегі өміріміздің барлық салаларын қамтып жатқан бұл феномен, қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын өзгертіп, елдер арасындағы халықаралық интерграцияларды жаңа деңгейге көтеретін үрдіс болып саналады.Алайда екінші жағынан қарастыраған тұста, бұл құбылыс әр елдің ұлттық болмысы мен бірыңғайшылығын жоғалтып, әрі осал мәдениеттердің үстем елдердің мәдениеттерімен ассимиляциялануына әкеліп соқтыратын феномен ретінде де танылды.Осылайша, бұл үдеріс қоғам арасында үлкен күмән келтіріп, саясаттанушылардың ғана емес, бірақ мәдениеттанушылардың да көкейісті мәселесіне айналып жатыр. Бұл тұста, жаһандану дегеніміз не және оның мемлекетке,қоғамға тигі - зер пайдасы мен кемшіліктері, қаупі қаншалықты деген сауал туындайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
21 ғасырда Жаһандану феноменіне қатысты әрбір мемлекеттің өзінің арнайы старатегиясы мен қабылданатын жобалары болмаса , онда сол елдің әлемдік аренадағы позициясымен бірге, мәдениеті, тілі яғни толықтай ұлттық коды жойылуы әбден мүмкін.Сол себепті ,бүгінгі жаһандық әлемде өзін тек алдыңғы қатардан тапқысы келетін және өзінің ата-бабасынан келе жатқан асыл мұрасын сақтап қалып, кейінгі толқын ұрпақа жеткізгісі келетін Қазақстан үшін бұл мәселе ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан, мәдениет пен ақпарат сияқты салалардағы қысым мен сансыз ақпаратқа төтеп беруге сақадай сай болу үшін, атап өтілген мәдени жаһандану үдерісінің барлық қырлардан қарастырылып, зерделенуінің маңызы өте зор.
Таңдалып алынған тақырып Қазіргі Әлемдегі Жаңа Қазақстан пәні бойынша кіріктірілген оқу бағдарламасының Жаһандану және Қазақстан бөлімінің, Жаһандану трендтері бөлімшесіндегі Жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдау және Жаһандану процессінде ұлттық болмысты сақтап қалу жолдарын ұсыну мақсатарымен ұштасып жатыр

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мәдени саладағы жаһандану үдерісінің қазақ халқының болмысына тигізетін жағымды және жағымсыз әсерін зерттеп, мәселенің шешу жолдарын ұсыну
Зерттеу жұмысының міндеттері:
# Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
# Мәдени жаһанданудың ұлттық кодқа кері және оң әсерін зерттеп,талдау
# Қазақстанның мәдени жаһандану концепциясы туғыздыратын кері салдарымен күресу жолдарын қарастыру
# Сауалнама мен сұхбат жүргізудің нәтижесінде, Жаһанданудың халықтың санасына,болмысына тигізетін жағымды жағымсыз әсерін анықтау

# Жиналған теория мәліметтері мен зерттеу барысында алынған нәтижелермен салыстырып, қорытынды жасау.
# Бүгінгі таңда қабылданған бағдарламалардың тиімділігін зерделеп, жаңа өзгерістерді ұсыну.

Зерттеу сұрақтары:
# Жаһанданудың Мәдени феномен ретіндегі Қазақстандағы көрінісі қандай ?
# Мәдени жаһанданудың ұлттық болмысқа жағымды және кері әсері қандай?
# Бүгінгі таңда Қазақстан бұл мәселемен қалай күресуде?

Зерттеу жұмысының болжамы: Қазақстанның Мәдени саладағы жаһандану үрдісінің қазақ халқының ұлттық болмысы, мәдениеті, тілі мен бірыңғайшылылығының, яғни толықтай ұлттық кодтың жойылуына әкеліп соқтыратын үрдіс.

Зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны (жоспары):
Бұл курстық жұмысты ары қарай оқи келе, сіз Мәдени жаһандану, ұлттық код, субмәдениет сияқты ұғымдармен танысып,бұл үрдістің елімізде алып жаткан көрінісі Үш тұғырлы тілдік саясаты туралы және аталған феноменнің ұлттық болмысымызға оң жіне кері әсері туралы оқитын боласыз.Аталған жағымсыз әсерлермен Қазақстан қалайша күресіп жатқандығы жайлы хабар алып, әртүрлі жас өкілдерінің бұл үдеріске қатытсты қарым-қатынасын көретін боласыз.

Негізгі бөлім

1. Зерттеу сұрақтары

1.1 Мәдени жаһандану үрдісінің қазіргі әлемдегі Қазақстандағы көрінісі
Мәдени жаһандану- әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениет саласындағы ғаламдық байланыстардың,құндылықтардың,халық аралық қарым-қатынастардың дамуы мен идеологиялардың ,дәстүрлердің , іскери және тұтынушылық мәдениеттің, жақындасу мен өрістетуінің кешендік үдерісі. [2, б.509]. http:startinfo.kzbuisnessjahand any-jahandany-keibir-masele
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әль-Фараби атынд. ҚазҰУ-нің 75 жылд. Арн. Халықаралық ғыл. тәжірибелік конф. Материалдары. Алматы: Қазақ ун-ті,2009 46-50бет Р.Е.Джансараева Г.Ы.Баймурзин
2. Жаһандану жағдайында Қазақстан дамуының басымдықтары: жаңа көкжиектер. Семей,2009 123-126 бет С.М.Ахтаева М.М.Қалдыбаев А.М.Алимжанова
3. Жаһандану кезіндегі мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері. Алматы,2013 87-91бет Б.О.Алтынбасов Н.Жангалиев

Ұлттық код - белгілі бір халықты басқа әр түрлі халықтарн ерекшелейтін және осы халықтың әлемдегі басқа этностардың алдында басқаға ұқсамайтын таным мен түсінігі, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан салт-дәстүрі ,әдет-ғұрпы, , мінезі,өркениеті, тілі мен ділі,жалпы айтқанда ұлттық болмысы. Егемен қазақстан https:egemen.kzarticle157327-ul ttyq-kod-qam-qazaqtynh-dgady
Бұл үрдістің Заманауи әлемдегі Қазақстанның мәдени саласына еніп, әсер етуінің ең басты көрінісі тілдің даму деңгеімен айқындалады.Бүгін, жаһандану етек алып отырған әлемде халықаралық коммуникацияның ең негізгі құралы ағылшын тілі болып саналғандықтан , бүгінгі таңдағы әрбір ел, бұл тілді жетек меңгеруді дұрыс деп санайды. Бұл тұста, еліміз де шетте қалған емес. Елбасы, тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылы жариялаған Үш тұғырлы тіл тілдік стратегиясына орай , Қазақстанның барлық саладағы дамуын қамтамасыз етудің басты бағытының бірі де бірігейі - үш тілді меңгеру болып табылады. Сол себептен , қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі жаһандық ғаламға табысты интеграциялаудың халықаралық тілі деп анықталды.
Осылайша, бұл тұрғыда мектептерде үш тілде оқыту жүйесі қарқынды дамып, 2012 жылы 42 жоғары оқу орнында ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Бұл модель бойынша 2019-2020 оқу жылдарында қазақ және орыс тілінде оқытылатын 1-9 сынып оқушылары бір тәртіпте, география, Қазақстан тарихы пәндерін қазақ тілінде өтсе, Дүниежүзі тарихы мен информатика пәндерін орыс тілінде өтетін болады. Жоғарғы мектепте, яғни 9-шы сыныптан кейін оқушылар жаратылыстану сабақтарын, яғни биология, химия, математика, информатика, физика пәндерін ағылышын тілінде оқитын болады. (qazquni.kz Дәурен МҰХАМАДИЕВ)

1.2 Мәдени жаһанданудың ұлттық болмысқа жағымды және кері әсері
Өзекті феноменге айналып, бүкіл ғаламды қамтып жатқан жаһандық үрдісті біржақты талдау мүмкін еместігі бірден-ақ мәлім. Бүгінгі таңда бір адамдар тобы мәдени саладағы жаһандануды ұлттық бірегейлікті тұрақсыздандыратын, жоятын күш деп санаса, енді басқалары бұл үрдісті керісінше интергацияны жеделдетіп, заманауи әлеуметтік қоғамдастықта дамуды алға тартып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени жаһанданудың қазақ халқының ұлттық кодына әсері
Батыс пен Шығыс әлемі
Әлеуметтану сұрақтары
Түркиядағы жаһандану
Жаңа әлемдік тәртіп және жаһандану дәуірі
Ғылым және ғылым философиясы
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері
Пәндер