Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы
«Ақпараттық жүйелердің интерфейсі» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: DELPHI программалау ортасында ақпараттық жүйелер саласы бойынша мәліметтер қорына арналған интерфейс
Орындаған:
баға күні УИС-211 тобының студенті
Мейрманов А. Б.
Комиссия мүшелері: Жетекшісі:
1 ҚМ ж/е И кафедрасының
2 аға оқытушысы
3 Жумагулова С. К.
Қарағанды 2019
Мазмұны
3. Құрастырылған бағдарламаның сипаты. .
3. 1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері . . .
3. 2. Интерфейс туралы жалпы түсінік . . .
3. 3. Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс . . .
3. 4. Microsoft Visual C# программалау тіліндегі интерфейс . . .
23
23
26
27
31
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Borland Delphi Windows -қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB -парақшалары және т. б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар. Бұл курстық жұмыста қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.
Delphi-TurboPascal тілінің дамуы нәтижесінде пайда болған бағдарламалау ортасы, ал Turbo Pascal, өз кезегінде Pascal тілінен дамытылған. Паскаль толықтай процедуралық тіл болып табылған. Turbo Pascal-дың 5. 5 нұсқасынан бастап объектілі бағытталған қасиеттер пайда болды. Осы кезден бастап Object Pascal тіліне мәліметтер типтерінің динамикалық идентификациясы қосылды. Бұл қасиет компиляцияланатын кодта кластар мета мәліметтеріне рұқсат ету мүмкіндігін қосты. Бұл технология RTTI (Runtime Type Information) атауын алды.
Object Pascal тілінің С++ тілінен айырмашылығы - мұндағы үнсіз келісім бойынша объектілер динамикалық жадыда орналасады. Бірақ TObject класының NewInstance және FreeInstance виртуальды тәсілдерін анықтауға болады.
Delphi бағдарламалау ортасы . NET платформасына арналған C# тілінің концепциясын құруға орасан зор әсерін тигізді. Оның көптеген элементтері мен концептуалды шешімдері C# тілінің құрамына енді. Бұның басты себептерінің бірі - Delphi-дыбасты құрастырушыларының бірі Андерс Хейлсбергтың Borland Limited компаниясынан Microsoft корпорациясына көшуі.
Delphi 7 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT, Windows 7 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 7 ерекшелігі: көптеген Delphi 7-де құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады. Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамасыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты. Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген ақпараттарды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы. Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 7-ден өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 7-нің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар.
Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді. Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің күштілігі. Delphi 7-де басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді. Delphi 7 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Осы жұмыста программаларды тестілеу және жөңдеу бағдарламасын Borland Delphi бағдарламалау және Microsoft Visual C# орталарының мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.
Жұмыстың мақсаты - Borland Delphi және Microsoft Visual C# визуалды жобалау орталарында ақпараттық жүйелер саласы бойынша мәліметтер қорына арналған интерфейс құру болып табылады. Адамдардың қолдануы үшін оңай әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.
Курстық жүмыс үш - бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде - Delphi ортасымен танысу және Delphi бағдарламасының құрылымына шолу. Екінші бөлімде - Microsoft Visual C# бағдарламасы туралы жалпы түсінік беріліп, ал үшінші бөлімде - Курстық жұмыс бағдарламысы бойынша мәліметтер қорына арналған интерфейске сипаттама беріледі.
1 Delphi ортасымен танысу
1. 1. Delphi интерфейсі
Бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал, және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады, оның мәнін жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
Delphi - бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға бағытталған бағдарламаларды жасау ортасы. Delphi-де бағдарламалар, қазіргі көрнекі жобалау технологиялары негізінде құрылады, ол өз кезегінде бағдарламалаудың объекті-бағдарлану ойына базаланады. Delphi- де бағдарламалар Object Pascal тілінде жазылады және ол Turbo Pascal тілінің ізбасары және дамытушысы болып табылады. Delphi және Object Pascal ұзақ эволюцияның қорытындысы және қазіргі кезде ол, ең жаңа компьютерлік технологиялары бар өнім болып табылады. Бөліп айтқанда, Delphi көмегімен, консольдық тіркемелерден бастап және мәліметтер қорымен Internet үшін тіркемелерін аяқтайтын, әртүрлі түрдегі бағдарламаларды құруға болады.
DELPHI тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) - дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және оның жүктелгеннен кейінгі көрінісі төмендегі түрде болуы мүмкін (1. 1-сурет) .
Интерфейстің құрамына 5 терезе кіреді:
1. Негізгі терезе (Projegt1. dpr) ;
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) ;
3. Компоненттердiң сатылы ағаш тәрiздес тiзiмi терезесі (Object Tree View) ;
4. Форманың құрастырушының терезесі (Form1. dfm) ;
5. Программа кодының терезесі (Unit1. pas) .
DELPHI бірқұжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қолданбалы программамен жұмыс атқаруға болады. Программа жобасының атауы негізгі терезесінің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Форманың терезесінен Unit кодына жөне одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.
1 сурет. IDE терезесі
1. 2. Delphi ортасының меню жолы және компоненттер тақтасыМенюдің “Файл” (File) пункті командаларын қарастырайық. Бұл пунктте «Құру»(Создать), «Ашу»(Открыть), «Жобаны ашу»(Открыть проекта), «Таңдау»(Выбрать), «Сақтау»(Сохранить) және т. б. командалар қарастырылған.
1 кесте. Менюдің “Файл” (File) пункті командалары.
Закрыть
(Close)
Менюдiң басқа пунктерiн қарастырайық. “Правка” (Edit) пунктi “Отменить” (Undo) және “Вернуть” (Redo) командаларынан тұрады, олар редактормен жұмыс iстеу кезiнде жасалған қате әрекеттердiң салдарын жоюға өте пайдалы. Мысалы, егер қажет текст фрагментi кездейсоқ өшiрiлген жағдайда.
“Отменить” (Undo) командасын орнату үшiн редактор менюiндегi Сервис Опции редактора (Options Environment) пунктiн қалай қолдануға болатындығын түсiндiредi. “Отменить” (Undo) командасының мүмкiн санын шектеуге болады. “Вырезать”(Cut), “Копировать”(Copy), “Вставить” (Paste) және “Удалить”(Delete) командаларының қызметi Windows-тың басқа қосымшаларындағы осы командалардың қызметiмен бiрдей, бiрақ Delphi-де оларды тек текстке емес, визуалды компоненттерге де пайдалануға болады.
“Сделать верхним” (Bring To Front), “Сделать нижним” (Send To Back), “Выровнять” (Align) және “Размер” (Size) командалары 1 сабақта талқыланған. Қалған 4 пункт формаладың сыртқы түрiн жылдам “безендiруге” көмектеседi.
“Поиск” менюiнде программаны орындау кезiнде қатенi табуға көмектесетiн “Find Error” (қатенi iздеу) командасы бар. Қате туралы хабарда оның адресi (орны) көрсетiлген жағдайда Сiз менюдiң Search Find Error пунктiн таңдап, сол адрестi енгiзуіңізге болады. Егер мүмкiндiк болса, Delphi ортасы программада қате жiберiлген орынға сiздi апарады.
2 кесте. Менюдiң “Вид” (View) пуктiнiң құрамы
Менюдiң “Project” (Проект) пунктiнде проектiні компиляциялауға (compile) немесе құруға (build) болады. Егер Compile немесе Run таңдаса, онда Delphi соңғы компиляциядан кейiн тек өзгертiлген модульге ғана қайта компиляция жасайды. Бiр жағынан Build all бастапқы текстке қол жету мүмкiндiгi бар модульдердiң барлығын қайта компиляциялайды. «Проверить» синтаксис (Syntax Check) командасы DCU файлын жаңартпай, тек программа кодының дұрыстығын тексередi.
Ең төмендегi Информация (Information) пунктi программа туралы мына ақпаратты бередi: берiлгендер, ағын және код сегменттерiнiң өлшемi, локальды динамикалық жадының өлшемi және компиляцияланған жолдардың саны.
“Выполнить” (Run) пунктiн программаны компиляциялауға және жүктеуге және де командалық жолдың параметрлерiн программаға беру үшiн қолданады.
Компоненттер тақтасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз етеді. Олардың ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады. Жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т. б. арқылы орындалады.
Батырмалар панелі тәрізді компоненттер палитрасы түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және «Properties» опциясын таңдағанда пайда болады. Компоненттер тақтасы қосымшаға қатысатын компоненттерді таңдау мүмкіндіктерін береді. Компоненттер - бұл Delphi - қосымшаны жинауға қажетті «құрылыс блоктары». Компоненттер пиктограмма түрінде тақтада орналасқан. Delphi-ді іске қосқанда «Standart» беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктораммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтік терезесі қолданылады. Осы диалогтік терезені ашу үшін Component/Configure Palette командасын немесе компоненттер палитрасының кез-келген жерінде тышқанның оң жағындағы контекстік менюдің Properties(қасиет) командасы арқылы жүзеге асады. Component palette-(компоненттер палитрасы) -бұл Delphi-де көп қолданылатын құралдардың бірі. Ол көптеген сандар бетінен тұрады және олар компоненттер үлесінде болады. Жұмыс барысында пайдаланушы жаңа беттерді құруға және барын кетіруге, кез-келген беттердегіні кетіруге, қосуға және олардың тәртіптерін өзгерте алады.
2 сурет. Компоненттер палитрасы
- Standard - Delphi-гі басқарудың стандарттық компоненттері, олар алдыңғы Массивтықтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
- Additional - Delphi-гі басқарудың қосымша компоненттері, олар алдыңғы жиынтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
- Win32 - өзінде windows-тың (9x/NT) 32 дәрежелі Массивтығы бар компоненті;
- System - Delphi-дің спецификалық жүйелі көрнекі емес компоненті;
- Data Access - мәліметтер қорына шығу үшін;
- Data Controls - мәліметтер қорындағы ақпараттарды көрсету үшін компоненттер;
- ADO - ActiveX Data Objects (ADO) қолдану арқылы мәліметтер қорына қосылуға мүмкіндігі бар компоненттер;
- InterBase -Borland Database Engine (BDE) немесе ActiveX Date Objects (ADO) қолданбаусыз, InterBase мәліметтер қорына қосыла алатын компоненттер;
- MIDAS - мәліметтер қорының көп буынды технологиялары үшін компоненттер;
- InternetExpress -Web Server application (Internet-тіркемелер), жұмыс істей алатын тіркемелерді және де multi-tiered database (көп буынды тіркемелер) жұмыс істейтін тіркемені құра алатын компоненттер;
- Internet - Internet-пен жұмыс істей алатын компоненттер;
- FastNet components - оның көмегімен тіркемелер әртүрлі Internet - протоколдары қолдана алатын компоненттер;
- Decision Cube -мәліметтер қорындағы көп өлшемді ақтараттар анализі компоненті (тек Delphi Client/Server) ;
- QReport - жазбаша есептерді көрнекі жобалау компоненті;
- Dialogs - өзіне Windows-тың стандарттық диалогтық терезелерін кіргізетін компоненттер;
- Win 3. 1 - Windows 3. 1 басқару компоненттері (тіркемелердің кері сиымдылығы үшін) ;
- Samples - құжаттамаларда үлгі ретінде қолданылатын компоненттер ( олардың мәндері /DELPHI/SOURCE/SAMPLES/ папкасында орналасқан) ;
- ActiveX -басқа да фирмалармен дайындалған ActiveX, компоненттері;
- Servers page components - танымал COM- серверлер үшін VCL «белгісін» көрсететін компоненттер.
Компоненттер палитрасы Delphi құралдар панелінде көрінуі де мүмкін
немесе көрінбеуі мүмкін. Осы опцияны басқару View => Component Palette мәзірі бөлімінің көмегімен жүзеге асырылады.
Терезенің негізгі өрісінен сіз терезенің сол жағынан объектілер инспекторын (Object Inspector) көре аласыз, оның көмегімен сіз компоненттерге қасиет бере аласыз және жағдайларды жөндейді. Бұл бетті 2 бағаннан тұрады: сол бағанда қасиеттер аты бар, ал оң жағында қасиеттердің нақты мәні бар.
Delphi ортасының құрамына көптеген компоненттер кіреді. Солардың кейбірін, анығырақ айтқанда төмендегі бағдарламада қолданылатын негізгі компоненттерді қарастырайық (3 Кесте) .
3 кесте. Бағдарламада қолданылған негізгі компоненттер











1. 3. Delphi бағдарламасының құрылымы
Delphi ортасы - программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.
Delphi - ді шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпороциясының WEB - беттеріне кіругемүмкіндік туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz