Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Ұзақ мерзімді міндеттемелер


КІРІСПЕ
Жұмыс тәжірибесі оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқу барысында практикалық жағдайларды зерделеу негізінде оқу үрдісінде алынған білімді және кәсіби дағдыларды тереңдеттім. Өндірістік практиканың негізі ретінде мен Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі «Turkuaz Machinery»- ден өтуді жөн көрдім. Кәсіптік тәжірибеден өту барысында ең бірінші алға қойған мақсатымның бірі тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу болды. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен және есептермен танысу және солармен жұмыс жасап көру болды. Әрбір кәсіптік тәжірбиеден өтіп жатқан студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау керек және де жетекшінің тапсырмаларын орындау керек.
Тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерімді тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Барлығын қорытындылай келгенде, тәжірбиеден өткен уақытта барыңды салып, барынша беріліп, айтқандарды бұлжытпай орындаса кез - келген адам өзінің мамандығы бойынша үлкен шыңдарды бағындырады деп ойлаймын. Және де мен өзімнің кәсіптік тәжірбиемде осылай барлық айтқан жұмыстарды қызығып орындадым, осыдан да кейін алдағы уақытты тағы кәсіптік тәжірбиеден өтіп, алға қойған мақсатыма жетемін деген ойдамын. Тәжірибеден өту мақсаты тағайындалған мамандыққа бағдарланған ұмтылысты қалыптастыру, мамандық бойынша тәуелсіз іс-тәжірибенің практикалық дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді:
а) бухгалтердің, экономисттің ұстанымдарының қайталануы;
б) нақты тапсырмаларды орындау: ұйымның құжаттамасымен оның тарихына, мәртебесіне, құрылтай құжаттарына, қызметкерлер құрамына және жұмысын ұйымдастыруға қатысты құжаттамамен танысу;
- базалық бизнес, экономика, қаржы жағдайы және нарықтық қызметтің нормативтік базасы сипаты мен көлемімен танысу;
- кәсіпорынның басқару құрылымын талдау, жұмысты жоспарлау және есепке алуды ұйымдастыру, қызметкерлерді басқару, кәсіпорынды басқару және маркетингтің тиімділігін бағалау;
- жұмыстың экономикалық көрсеткіштерін талдау, әсіресе бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- кәсіпорынның ақпараттық қолдау жүйесі, қолданылатын бағдарламалық өнімдер, корпоративтік желідегі ақпаратты қорғау шаралары;
- кәсіпорын құжаттарының, өтінімдердің, бұйрықтардың, жоспарлардың, прайс-парақтардың қолданыстағы үлгілерін әзірлеуге қатысу;
- жұмыс процесін ұйымдастыру, оны жіктеу және тіркеу, бақылау және сақтау;
в) жеке бастаманың көрінісі.
«Turkuaz Machinery» ЖШС Алматы қаласының және көптеген сатып алушыларының арасында, сондай-ақ оның жеткізушілерінің арасында әрдайым тауарларды үнемі төлейтін маңызды және жауапты компания екендігін дәлелдейді. Ол тұтынушыларды көптеген ауыр көліктермен және оның бөлшектерімен қамтамасыз етеді. «Turkuaz Machinery» ЖШС-нде бухгалтерлік есептің негізгі объектісі - ауыр көліктер. Сондықтан есепке алу аппараты қызметкерлерінің назарын олардың есепке алудың дұрыс ұйымдастырылуы болуы тиіс. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауарлар мен еңбек ресурстарымен бірлесе отырып, сауда-технологиялық процесс қамтамасыз етеді. Экономикалық субъектінің қызметінің қаржылық нәтижесі тауарларға баға белгілеудің оңтайлы түрде шешілуіне байланысты. Сондықтан кез-келген ұйым үшін тауарлардың құрамы, саны, құны, қозғалысы туралы ақпарат қажет. Бұл активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тауар массасының қозғалысын бақылау және басқару шешімдерін уақтылы орындау үшін маңызды. Қазіргі жағдайда тауарларды тиімді басқару нарықтағы сату үлесін ұлғайтуға, өндірілген өндірістік әлеуеттің тиімділігін арттыруға, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, кірістілікті арттыруға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға ықпал етеді. Өз кезегінде, оларды тиімді пайдалану тауар операцияларын есепке алудың айқын және ұтымды ұйымдастырылуына байланысты. Ұйымының басшылығы жеке құрылымдық бөлімшелердің жұмысының тиімділігіне және өз міндеттерін атқаратын қызметкерлердің адал қызметіне бақылау жасауға мүдделі. Бұл инвентаризация қауіпсіздігіне және оларды ұтымды пайдалануға ықпал етеді.
Осы есепті дайындау кезінде тауарларды есепке алу үшін бастапқы және шоғырландырылған есепке алу құжаттары, 2007-2009 жылдарға арналған баланс (1. 2-қосымша) және пайдалар мен шығындар туралы есептер (3, 4, 5-қосымша) пайдаланылған.
1 Жалпы бөлім
1. 1. Ұйымның жалпы сипаттамасы
Әлемдік атақты өндірушілер екінші онжылдықта өз өнімдерін Қазақстан мен Орталық Азияда тарату үшін Turkuaz Machinery компаниясына сенім артады. 2003 жылдан бері біздің табысқа жету тарихы құрылыс техникасы мен ауылшаруашылық техникасы, өндірістік құрал-жабдықтар, энергетикалық жабдықтар, майлаушылар, аэродром жабдықтары, тіркемелер, ауа компрессорлары, жарықтандыру жүйелері, генераторлар және жинақталған самосвалдар. Кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік компанияларында мақтан тұтады, олар барлық серіктестердің өсімін және табысқа жетуіне бағытталған. Кәсіпорынның мақсаты - Серіктестеріміздің тиімділігі мен тиімділігін көтеру, сонымен бірге Turkuaz Machinery портфолиосының барлық бағыттарындағы сенімді және инновациялық өнімдермен бірге біз бүкіл Қазақстан мен Орталық Азиядағы серіктестеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруды жалғастырамыз. Сапалы жұмыс жылдарында Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ең ірі мұнай-газ, тау-кен және құрылыс компанияларымен келісімшарттар жасалды. Компанияның тәжірибелі қызметкерлері жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес бөлімшелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның мамандары тапсырыс берушілердің өтініштері бойынша және қабылдаушы елдің ерекшеліктері бойынша жұмыс істейді, бұл жоғары деңгейде түсінуге мүмкіндік береді. Компания DOOSAN, BOBCAT, NEW HOLLAND, BEDNAR, HAULOTTE, FLEXI COIL, CNL және тағы басқалар сияқты жетекші өндірушілерден арнайы жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектердің кең спектрін ұсынады. Қаржылық тұрақтылық, бекітілген іскерлік қатынастар, корпоративтік этикаға сәйкес, Turkuaz Machinery өз клиентіне жоғары деңгейде міндеттеме береді, бұл өз кезегінде өзара әрекеттесудің жоғары деңгейіне әкеледі. «Туркуаз» компаниялар тобының тарихы «Туркуаз» компаниясы Орталық Азия елдерінде сауда жасайтын Стамбулда (Түркия) құрылған кезде, 1992 жылдан бері өз есебін жүргізіп келеді. «Туркуаз» халықаралық сауда компаниясы тікелей Қазақстандағы (Алматы қ. ) Топтың алғашқы өкілі болды. Бұл Қазақстанның басқа қалаларында, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы Топтың кеңселерінің ашылуына негіз болды. 1998 жылы Топтың штаб-пәтері Стамбұлдан Алматыға көшірілді. Өндірістік - аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді.
Бағынудың сызықтық құрылымы әрбір өндірістік бөлімше (басқарма, цех, қондырғы, учаске) басында осы бөлімшенің барлық жұмысшылары бағынатын басшы тұратынын білдіреді. Әрбір жұмысшы тек бір басшыға бағынады. Басқарудың мұндай құрылымында дара басшылық принципі сақталып, басқарудың екі жақтылығы болмайды.
Басқарудың жекелеген функцияларын орындау үшін әрбір басқару сатысы бірнеше звенолардан құралады. Олардың саны басқару деңгейіне, қандай да бір функцияны орындау бойынша жұмыстар көлемі мен сипатына тәуелді болады. Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.
*«Turkuaz Machinery»ЖШС-нің ұйымдаструшылық құрылымы
1. 2. «Turkuaz Machinery» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін ұйымдастыру мен талдаудың бухгалтерлік және аналитикалық қызметтері.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді. Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.
"Turkuaz Machinery" ЖШС шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі несандарын жүзеге асырды:
- шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарын өкілеті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;
- бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;
- шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.
" Turkuaz Machinery " ЖШС бухгалтерлік есепті автоматтандырылған несанда жүргізеді. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны- бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Солардың ішінде ерекше орын алатын- "1С: Бухгалтерия". "1С:Бухгалтерия" бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегінде, проводкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.
Еңбекті қорғау қызметі жұмысшыларын үйлестіру және тиімді жұмыс жасау мақсатында жыл бойы өткізілетін жұмыстардың, солардың мерзімі мен қаржысын көрсететін тіздемесі белгіленген жалпы жылдық жоспар құрастырылады, яғни кәсіпорын ұжымдық келісіммен немесе шарттармен белгіленген көлемде қажетті құралдарды жыл сайын бөлу қажет. ЕҚ қызметі өзінің мәртебесі боынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі. Сымдарын қарастырып, күнделікті өмірдегі кезесетін ең керекті баптарғ тоқталсақ:
- өндірістік обьектілерді еңбек жағдалары бойынша аттестаттау - өндірістік обьектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының жай-күйін, еңбек гигиенасын ақындау және өндірістік орта жағдаларының еңбек жағдайлары нормтивтеріне сәкестігін ақындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
«Turkuaz Machinery» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне 1 кестеде талдама береміз.
1 кесте - Ұйымның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
2017
жыл
2018
жыл
*Дерек көзі: «Turkuaz Machinery» ЖШС-нің қаржылық есептеме мәліметтері
Талдау нәтижесінде, қарастырылып отырған «Turkuaz Machinery» ЖШС-нің сатудан түскен табысы алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ға өскен. Бұл жағымды фактор, себебі, сатудан түскен табыстың көбеюі кәсіпорынның жемісті жұмыс жасап жатқанын көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны 2018 жылы 4 023 127 теңгеге артып, 10%-ға көбейген. Өнімнің көп мөлшерде өндірілуіне байланысты кәсіпорын өнімнің өзіндік құнын өсіреді. Жалпы табыс 2017 жылға қарағанда 2018 жылы 3 654 708 теңгеге көбейді. Бұл жақсы(оң) көрсеткіш.
Осы кезде жалпы операциялық зиян -7%-ға тең болды. Қаржыландыру табысы ағымдағы жылы 96 306 теңгеге өсті. Яғни, 28%-ға өсті. Осы тұста қаржыландыру шығыны да өсіп отырды. Ол өткен жылға қарағанда 18%-ға өсті.
Салық салуға дейінгі пайда(зиян) -44%-ды құрады. Сондай-ақ жыл ішіндегі пайда -666 518 теңгені құрады. Оған әсер ететін фактор салық салуға дейін кәсіпорынның зиян шегуі.
2- кесте. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
* Дерек көзі: "Turkuaz Machinery" ЖШС-нің қаржылық есеп мәліметтері.
Талдау нәтижесінде, "Turkuaz Machinery" ЖШС-нің қаржылық жағдайы өткен жылмен салыстырғанда оң нәтижелерге қол жеткізіп отырды. Оның ішінде кәсіпорынның ақша қаражаты 2018 жылы 2 500 873 теңгеге дейін өсті. Яғни, 120%-құрайды. Себебі, ұйымның өнімдерінің өту сапасы алдыңғы жылға қарағанда жақсы өтті. Сондай-ақ, қысқа мерзімді дебиторлық берешек есепті жылы 46%-ға көбейді. Ол 9 907 589 теңгені құрайды. Ағымдағы табыс салығы 2017 жылға қарағанда 2018 жылы 206 743 теңгеге өсті. Себебі, өнім көбейген сайын оның табысы көбейеді. Содан кәсіпорынның салығы көбейе бастады.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің ішінде негізгі құралдар осы жылы 1 201 796 теңгеге өсті. Ол 22%-ды құрайды. Жұмыс сапасын жақсарту барысында ұйымның негізгі құралдарын көбейту маңызды орын алады. Материалдық емес активтер алдыңғы жылға қарағанда 5%-ға өсті. Сондай-ақ шегерілген салықтық активтер 21 753 теңгеге өсті. Ұйымның ұзақ мерзімді міндеттері есепті жылы 13%-ға дейін көтерілді. Ал капиталы 2018 жылы 9 197 295 теңгеге көбейді.
2 "Turkuaz Machinery" ЖШС-нің басқару есебін ұйымдастыру
2. 1. Шығындардың классификациясы
Тұтынушының тауарды сатып алудағы мақсаты пайдалылық болса, өндірушінің мақсаты өндіріс шығындарын азайту. Шығындар ұсыныс көлеміне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан, өнімнің қандай көлемін өндіру керектігін анықтағау үшін фирма шығындарын талдауы керек.
Шығындар- иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.
Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т. б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдарды расходы білдіреді. «Шығындар» - олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді.
Шығындардың әр түрлі классификациясы бар. 1. Бағалау әдісіне қарай шығындар: бухгалтерлік және экономикалық болып бөлінеді.
Бухгалтер іс жүзіндегі шығындарды есептейді, оның мақсаты - жүргізілген опреацияларды сипаттау. Демек, бухгалтерлік шығындар- белгілі бір өнім көлемін өндіруге кеткен өндіріс фактрорлерінің құны.
Экономист бухгалтерге қарағанда болашақты ойлайды, ол бір ресурсты қандай жолдармен пайдалануға болатынын қаранстырады. Сондықтан жіберіліп алған мүмкіндіктер шығыны болады немесе альтернативті шығындар.
Альтернативті шығындар - ресурстарды тиімді пайдаланғаннан табуға болатын ақша сомасы.
2. Қаражаттың пайда болуына қарай альтернативті шығындар: сыртқы және ішкі болып бөлінеді (нақты және нақты емес) .
Сыртқы (нақты) - фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған алтернативті залалдары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары. Бұл шығындар бухгалтерлік есептерде көрініс алады.
Ішкі (нақты емес) - меншік және өз қажеттілігіне пайдалананылатын ресуртарға жұмсалатын альтернативті шығындар. Демек, нақты емес шығындар - фирма ресурстарын сатқаннан түсетін табыстың жоғалтулары.
Экономикалық шығындар - фирма иелігіндегі жерден жіберіліп алған рента көлемі, қондырғыға салынған ақшадан процент, өз фирмасында жұмыс істейтіндердің еңбек ақысы.
3. Өндіріс көлеміне әсер ету шамасына қарай шығындар: тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар (FC) - өндіріс көлеміне тәулсіз болатын шығындар, оларға: амортизация, рента, жал төллемдері жатады, олар кәсіпорын тоқтап тұрса да төленуге тиіс.
Өзгермелі шығындар (VС) - өндіріс көлемінен тәуелді болатын шығындар, оларға: шикізат материалға, еңбек ақы шығындары жатады, бұл шығындар өндірістің өсу шамасына қарай артады.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы жиынтық шығындарды (ТС) құрайды.
ТС =FC+ VС
4. Өнім бірлігіне жұмсалуына қарай шығындар: орташа жиынтық және орташа тұтақты, орташа өзгермелі болып бөлінеді.
Орташа жиынтық (АТС) - жиынтық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.
Орташа тұрақты шығындар (АFС) - жалпы тұрақты шығындардың көлемінің өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.
Орташа өзгермелі шығындар (АVС) - жалпы өзгермелі шығындардың көлемінің өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.
Орташа шығындар қисығы U нысанында. Алдымен орташа шығындар өте жоғары. Ол үлкен тұрақты шығындар өнімнің шамалы көлеміне келетіндігімен байланысты. Өнім өндірісінің ұлғаюы шамасына қарай тұрақты шығындар өнімнің көбірек санына келеді де, орташа шығындар азаяды, минимумға түседі М нүктесіне келеді. Өндіріс көлемінің артуы орташа шығындар көлеміне тұрақты шығындар емес, өзгермелі шығындар әсер етеді. Сондықтан табыстың азаюы заңына сәйкес өзгермелі шығындар артады.
5. Кәсіпорынның шығара алатын максималды өнім көлемін есептеу үшін шекті шығындар пайдаланылады.
Шекті шығындар (МС) - әр қосымша өнім бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.
МС = ΔТС / ΔQ, мұндағы Q=1.
Бұл шығындарды анықтау фирма стратегиясы үшін қажет. Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар өзгермелі шығындар өсіміне тең болады.
Қосымша өнім бірлігін өндіру қосымша шығындарды тудырады, сонымен қоса шекті табыс әкеледі. Шекті шығындар шекті табыстан аз болғанға фирма өндірісін кеңейтеді. Егер шекті шығындар шекті табыстан артық бола бастаса, фирма зардап шегеді.
2. 2. Өндірістік шығындар есебі
Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыруға болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып, оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін емес және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz