Патшалық Ресейдің отаршылдық билік жүйесінің құрылуының тарихи және саяси алғы шарттары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

АННОТАЦИЯ . . .

I тарау. XIX ғ. ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОТАРЛЫҚ БИЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Патшалық Ресейдің отаршылдық билік жүйесінің құрылуының тарихи және саяси алғы шарттары . . .

1. 2 Түркістан қаласы аумағында отарлық билік құрылымдарының қызметі мен сипаты . . .

II тарау. ОТАРЛЫҚ БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық модернизациясы . . .

2. 2 ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Түркістан

өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы . . .

III тарау. XIX ғ. ІІ ЖАРТЫСЫ - XX ғ. БАСЫНДА ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК -МӘДЕНИ АХУАЛ

3. 1 1850-1917 жылдардағы Ресей үкіметінің этностық үдерістерге тигізген әсері . . .

3. 2 Отарлық билік кезеңіндегі өңірдегі ғылым мен білім жүйесінің жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Егемен қазақ мемлекеттілігінің жағдайындағы ұлттық сананың жаңғыруы тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, отандық тарихтың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыда қайта бағалауды қажет етуде. Тарихи үдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қасаң әдістемелік қағидаларға ұрынбай еркін бағалайтын бұндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын анықтауға қызмет жасайды.

Қазіргі таңда тәуелсіз қоғамымызда тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру-басты міндеттердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты еліміздің тарихында көптеген деректік материалдарды ғылыми айналымға еңгізіп одан әрі тереңдетіп зерттеу жұмыстарын жүргізгеніміз абзал. Соның ішінде Қазақстанның саяси-әлеуметтік ахуалын терең түсінуде патшалық Ресейдің үстемдігі тұсындағы жекелеген аймақтардағы ерекшеліктерді нақтылы материалдар бойынша зерттеудің маңызы зор.

Осы себепті, ұлттық тарихи сананы тануды отандық тарихты бағамдау деп танитын болсақ, жекелеген аймақтардың бірі- Түркістан қаласының тарихы еліміздің қоғамдық-саяси эәне әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасаған қалалардың бірі.

Біржарым ғасыр уақыт бойы қазақ елінің Ресейге тәуелді болуы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, жандүниесіне әсер етті. Ақырындап зорлықпен танылған көзқарас мүлде дұрыс телініп, үстемдік алды. Бұл әрбір қазақтың еркін ойлап, белсенді қимыл көрсетуіне кедергі етті. Осының барлығы халқымыздың өткен тарихқа деген бұрыс көзқарасын қалыптастыруға алып келді.

Бұл күні, енді егемен ел ретінде, мұндай көзқарастан түбегейлі азат болу қажеті туды. Әлбетте, тарихымыз туралы жазғанда Кеңес Одағының тарап, бұрыңғы одақтас республикалардың өз тәуелсіздігін алып, жеке дара мемлекеттер болуынан кейін өткен тарихты қайта жазған кезде көршілес елдермен айтыс-тартыс туғызады-ау деген мәселелерді дұрыс қалыптастырудың өзіндік маңызы зор. Осындай нақтылы қарайтын мәселелердің бірі - қазақ жерінің оңтүстік аймағын, соның ішіде Түркістан қаласын патшалық Ресейдің қару күшімен тартып алуы.

Бұл кезеңде патшалық Ресей мен Қоқан хандығының арасындағы оңтүстік өңірі үшін жарты ғасырдай уақытқа созылған айқаста Ресей империясының мақсаты бұл өңірдегі қазақтарды қоқандықтардан азат ету емес, керісінше Орталық Азия халықтарын күшпен бағындру еді.

Ресей тарапынан оңтүстік аймақты ХІХ ғасырдың 60- жылдарынан бастап әскери-отарлау қимылдары ашық жүргізуге анық ұласты. Өз үстемдігін күшпен орнатқан сәттен ХХ ғасырдың басына дейін ұласқан Ресейдің әскери-отарлау саясаты күрделі де, әрқилы әрекеттерден тұрды.

Тарихшылардың зерттеу жұмыстарының басты бағыты нақты тарихи оқиғаларды қарастыру болып табылады. Түркітан қаласының саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу арқылы барлық шым-шытырық қайшылыққа толы кезеңдердегі жалпы Қазақстан аумағының тарихына терңнен талдау жасауға мүмкіншілік туындайды. Түркістан ел тарихындағы орны әрқашан да елеулі болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Діни басқарма қорында статистикалық сипаттағы құжаттар өте көп
Қазақ хандығындағы діни-идеологиялық ахуал
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Патша өкіметінің Қазақстандағы 1822-1824 жылдардағы териториялық әкімшілік реформа
Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz