Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Грамматикалық ұғымдар туралы түсінік . . . 5

2 Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі . . . 11

2. 1 Грамматикалық мағына . . . 11

2. 2 Грамматикалық форма . . . 19

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиет . . . 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тілімізде белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма - тұлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланысты.

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда категориялық грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені грамматикалық мағынаның осы түрі ғана арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі

Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына да берілмейді дегенді бұлардың жаңағы қасиетінің негізінде және категориялық грамматикалық мағына шеңберінде ғана тек шартты түрде айта алуымыз - курстық жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып есептеледі.

Зерттеу нысаны: Грамматикалық мағына мен оны білдіретін грамматикалық формалар және олардың сәйкестігі.

Зетттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі категориялық грамматикалық мағына негізін талдау. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделді:

  • грамматикалық мағынаның грамматикалық форма арқылы берілуі;
  • грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмауы және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмеуі;

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Курстық жұмысымызда «Қазақ грамматикасы», және «Қазақстан мектебі» журналының №4 санында 1961 жылы басылған А. Ысқақовтың «Грамматикалық мағына және грамматикалық форма» мақаласы, С. Исаев, Н. Оралбай, т. б. ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігін нақтылау, дәлелдеу үшін, көркем шығармадан 55 мысал талдауға түсті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • грамматикадағы әр алуан грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы болу;
  • белгілі грамматикалық формасы үнемі бірлікте болады;
  • олар бірінсіз-бірі өмір сүре алмауы мысалдармен нақты дәлелденеді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмысымыздың қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында тіл мен әдебиет мамандарын даярлауда оқылатын «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» және «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»пәндерде қосымша пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың бір-бірімен тығыз байланыстылығы анықталды;
  • Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайтындығы және грамматикалық формасыз грамматикалық мағынаның да берілмеуін нақты мысалдармен дәлелдеу;

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігін салыстыру барысында баяндау, сипаттау, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) - әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, лат. gramma - әріп) -

  1. тілдің ішкі (грамматикалық) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
  2. тілдің грамматикалық құрылысын, оның , яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Лингвистикада грамматика деген ұғымның мағынасы өте кең. Осыған байланысты лингвистикалық әдебиеттерде грамматикаға, сайып келгенде, мән-мазмұны, түпкі төркіні бір, түрлі-түрлі анықтама беріледі.

Грамматика - тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері ережелерінің жиынтығы; сол ережелерді сипаттайтын оқулық «грамматика» деп аталады. (С. И. Ожегов) .

Грамматика - сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдары мен сөйлемдегі сөз тіркестерінің өзгерілу заңдылықтары туралы ілім. (Н. И. Кондаков) .

Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз формаларының өзгеру жолдарын, сөз тіркесткрі формулаларын және сөйлем типтерін зерттейтін тарауы. (О. С. Ахманова) .

Тілдің грамматикасы дегеніміз - тілге тән грамматикалық категориялар жиынтығы мен жүйесі. (Б. Н. Головин) .

Жоғарыда келтірілген анықтама-түсініктемелерді қысқаша қорытындыласақ: грамматика - лингвитиканың үлкен бір тарауы; грамматика - тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім; грамматика - тілдің негізгі коммуникативтік қызметін жүзеге асырушы амал-тәсілдер туралы ілім.

Дәлдеңкірей түссек, грамматиканың негізгі объектісі - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. [1, 201б. ]

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

  1. сөзжасам процесінің тәсілдері - сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
  2. морфология - сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
  3. синтаксис - сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Қазір грамматика - лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері-сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқарылады. Бұдан шығатын қорытынды: грамматика-тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Грамматиканың негізгі объектісі-тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары менсол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.

Сөзжасам- тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.

Морфология - гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология- тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары, грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.

Синтаксис - гректің syntaxis (құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз-бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.

Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сөйлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонетикалық құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға мәселелері де грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сөздердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сездердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория . Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған грамматикаларда сипатталады. Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар менуниверситеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми грамматика деп аталады. Нормативті граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына бөлінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады. [2. 414 б. ]

Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді топтастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бірі-бірінен жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.

Грамматикалық негізгі единицалар - морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем.

Морфема сөз құрамында қолданылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол - сөздің ары қарай бөлшектенбейтін, ең кіші мағыналық бөлшегі. Сөз - морфемалардан құралып, заттарды, құбылыстарды, іс-әрекетті, сапа-белгіні, олардың бір-біріне қатысын белгілейтін, даралық қасиетке ие болатын, басқа сөздермен сан алуан қарым-қатынасқа, байланысқа түсетін және дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын бірлік. Сөз тіркесі - кемінде екі дербес сөздің емін-еркін тіркесінен жасалып, құбылыстарды бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын білдіретін грамматикалық бірлік. Сөйлем - сөздерден (немесе бір сөзден) құралып, біршама аяқталған ойды білдіретін грамматикалық бірлік.

Аталған бірліктердің (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ішінде екі жақты құбылыс ретінде қаралатын бірлік - сөз. Сөз тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі ретінде лексикологияда қарастырылғанда, біріншіден - лексикалық мағынасы, мағыналық құрылымы (смысловая структура) жағынан, екіншіден, - шығу тегі жағынан, үшіншіден, - қолдану аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден, - экспрессивті-стильдік сипаты жағынан қарастырылады. Ал сөз тілдің грамматикалық бірлігі ретінде грамматикада қарастырылғанда, біріншіден, - оның бойында лекссикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағынаның ұштасып келуі жағынан, екіншіден, - морфологиялық құрылымы мен құрылымдық элементтері жағынан, үшіншіден, - формалары жағынан, төртіншіден, - лексика-грамматикалық топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден - сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы және олардағықызметі жағынан қарастырылады.

Грамматикалық единица ретінде қаралатын сөздің басқа барлық бірліктердің ішінде алатын орны да, атқаратын қызметі де айрықша. Сан алуан грамматикалық құбылыстар сөзден тарайды және сөзге келіп тірелмейтін, оның қатысы болмайтын бірде-бір грамматикалық бірлік жоқ десе де болады. Сөз, біріншеден, - грамматикалық жүйенің ішінде морфемамен бірлікте болып, бұл бірліктер (сөз бен морфема) бір-бірімен өзара тығыз байланысқа, қарым-қатынасқа түскен күйінде грамматикалық құрылыстың морфологиялық саласын құраса, екіншіден, - сөз тіркесі және сөйлеммен өзара қарым-қатынасқа, тығыз байланысқа түсіп, олармен бірге грамматикалық құрылымның синтаксистік саласын құрайды.

Сөз де, сөз тіркесі де сөйлем құрауға қажетті бірліктер ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз бен сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енеді. Сөйлем ойды жеткізудің негізгі құралы болып саналады да, коммуникативті қызмет атқарады. Мұнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауы тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолдану арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің құрамында қолданылғанда, оның құрылымдық элементтері ретінде қарастырылады.

Тіл өзінің қатынас құралы, ойды білдіру, пікір алысу құралы болу қызметін, біріншіден, - өзін құрайтын элементтердің немесе бірліктердің әрқайсысы белгілі бір мағынаны, мазмұнды білдірген жағдайда, екіншіден, - ол бірліктер грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы өзара қарым-қатынасқа түсіп, ұйымдасқан жағдайда ғана атқара алады. Тілдегі бірліктер - морфема, сөз, сөз тіркесі, және сөйлемнің мағынаны, мазмұнды білдіретіндігі жоғарыда айтылды. Ал грамматикалық және ондағы құралдар мен амал-тәсілдердің тілдік бірліктерді қарым-қатынасқа түсіріп, ұйымдастыру қызметін атқаратындығын түсіну үшін грамматикалық абстракция туралы мәселені білу қажет [1. 213] .

Лексикалық тұрғыдан орман, өзен деген сөздер әр басқа сөздер ретінде танылса, грамматикалық тұрғыдан бұл екі сөздің бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бұлай болатындығы мынадан: аталған сөздердің (орман, өзен) бір-бірінен лексикалық мағыналары жағынана ажыратылуы грамматика үшін басты нәрсе емес, өйткені грамматика нақты сөздерді емес, жалпы сөз атаулыны немесе белгілі бір лексика-грамматикалық топқа бөлінетін сөздерді ескереді. Грамматика үшін орман, өзен және т. б. осылар тәріздес сөздердің басты жағы мынада: бұлар - атау тұлғадағы, жекеше түрдегі зат есімдер. Аталған сөздер және олар тәріздес т. б. сөздер септелгенде, біркелкі септеледі. Септік жалғауларының алдында (-дың, -дің, -ға, -ге, -ды, -ді, -дан, -ден) орман, өзен деген сөздер тұра ма немесе тау, жер, су, оқушы, етікші және т. б. осылар тәріздес сөздер тұра ма - оның грамматика үшін пәлендей мәні жоқ, әйтеуір септелеті сөздер келсе болғаны.

Сөйлемде құру үшін де грамматика сөздердің нақтылы лексикалық мағыналарынан абстракцияланады. Осыдан келіп, белгілі бір сөйлемдегі бір сөзді, сөйлемнің құрылысын бұзбай-ақ, басқа бір сөзбен қалауымызша ауыстыра аламыз. Мысалы, Біз ауылға бара жатырмыз деген сөйлемнің құрамындағы ауылға деген сөздің орнына, ыңғайына қарай, көлге, тауға, қалаға деген сөздердің қайсысын болса да, біреуін қойып айта беруге болады.

Грамматика сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасқа ғана сүйеніп қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика мен грамматиканың арасында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категориясы ең басты орынға, қатынас категориясы кейінгі орынға ие болса, грамматикада ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін ғана барып мағына категориясы мәлім болады. Бұған қоса, лексикадағы мағына грамматикадағы мағына котегориясымен сәйкеспейді. Грамматикалық мағынаның лексикалық мағынадан айырмашылығы сол, грамматикалық мағына логикалық ұғыммен ұштасады да, шындық өмірдегі заттармен тікелей ұштаспайды. Ал лексикалық мағына логикалық ұғыммен де, шындық өмірдегі заттармен де қатынаста болып, екеуімен де ұштасады.

Әрбір тілдің өзіне тән белгілі бір құрылымы болады. Құрылым тілді құрастырушы бірліктер - сөзде де, сөз тіркесінде де, сөйлемде де бар. Тілдің құрылымына талдау жасау, сайып келгенде, оны құрастырушы тілдік бірліктер - сөздің құрылымына, сөз тіркесінің құрылымына және сөйлемнің құрылымына талдау жасау болып шығады. Сөздің құрылымы грамматиканың морфология бөлімінде қарастырылса, сөз тіркесінің құрылымы мен сөйлемнің құрылымы грамматиканың синтаксис бөлімінде қарастырылады.

Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің гарамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, қазақ тілінде ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі - грамматикалық категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, грамматикалық мағынамен де, грамматикалық формамен де байланысты, екінші жағынан олардан күрделі болып келеді.

Грамматикалық категория грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен күнде де грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде сол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде жәнесинтаксистік категория деп бөлуге де болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіруі мәнді (слово изменительные) морфологиялық категориялар және топтау я жіктеу мәнді (классифицирующие) морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық (морфологиялық) категория бола бермейді. Кейбір сөз табында (мысалы, сан есім, есімдік, үстеу, т. б. ) грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар (бұл сөз таптарына енетін сөздер) белгілі парадигмалық жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары - зат есім, сын есім және етістік. Олар мыналар: зат есімнің сан- мөлшер (көптік) категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы, сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салт-сабақты етістік (немесе салттылық - сабақтылық) категориясы, етіс категориясы, болымсыз етістік (болымдылық - болымсыздық) категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы [3, 18 б. ] .

2 ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

2. 1 Грамматикалық мағына

Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы - нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздің мағынасы болса, грамматикалық мағынасы - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.

Грамматикалық мағына сайып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл (Абай75б. ) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бірінен лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраулы сөйлемдердің стилистикалық ерекшеліктері
Сөздің лексикалық мағынасы
Тіл тағылымы
Жақ категориясы немесе жіктік жалғауы
Аударматану
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Жіктік жалғауын оқыту әдістемесі
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Грамматикалық мағына және оның түрлері
Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz