Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Қайратқызы Гаухар ЮП18-3
Тақырыбы:Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшелігі
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Азаматтық.құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері ... .
1.1Азаматтық.құқықтық қатынастың түсінігі және оның ерекшеліктері ... ...
1.2Азаматтық.құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері ... ... ..
2. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
2.1 Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы,түсінігі,түрлері ... ... ... . ... ... ...
2.2Азаматтық құқық объектілерін ерекшелейтін белгілер ... ... ... ... ... ... ...
3. Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Азаматтық құқық субъектілерінің ұғымы, түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Азаматтық құқық субъектілерін ерекшелейтін белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... .
Кіріспе
Азаматық құқық Қазақстандық құқық жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр. Бұл сала азаматтық қоғамда қалыптасатын қатынастардың үлкен бөлігін реттейді. Азаматтық қоғам дегенде биліктің және басқарудың мемлекеттік институттарымен бірге өз қызығушылығымен және қоғамның қызығушылықтарымен қызметтің әр алуан түрлерін жүзеге асыратын әлеуметтік және экономикалық жағынан тәуелсіз субъектілерілердің жиынтығы түсініледі. Мемлекеттің азаматтық қоғамның қатысушыларының өмірі мен қызметі саласына араласуға құқығы жоқ, тек заң шеңберінде ғана өз қызметтерін атқарады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі әр түрлі қажеттіліктерді (экономикалық, мәдени, рухани және т.б.) қанағаттандыруды қажет етеді. Осы мақсатта олар мүлікті иесіздендіреді және бір-біріне әр түрлі қызмет көрсете отырып мүлікке ие болады, мемлекет мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, азаматтық заңнамада айналым қатысушыларының құқықтық жағдайларын нығайтады, мүлікті меншікке айналдыру мүмкіндігін, ақша-тауар қатынастарына қатысу мүмкіндігін береді.
Осылардың барлығы да азаматтық құқық курсы бойынша оқу құралын дайындау қажеттілігін тудырды, бұл еңбекте оқу бағдарламасының негізгі мәселелері және заңнаманың осы саладағы жаңа шарттары қарастырылады. ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) атты осы оқу құралы жоғары оқу орындарының азаматтық құқық курсын оқитын Юриспруденция мамандығының студенттеріне арналған.
Оқу құралының мақсаты - азаматтық құқықтың негізгі теориялық білімдерін меңгеруде, іс жүзіндегі заңдарға бағдарлана білуде студенттерге көмек беру. Мемлекет, азаматтық құқықтық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастың ерекше маңыздылығын мойындай отырып, оларға құқықтық реттеу жолымен нормативті әсер етеді. Сондықтан қоғамдық қатынас құрылымы, мәні бойынша, азаматтық құқық құрылымын құқық жүйесі ретінде қарастырады. Тек бір ғана құқықтық норманы қолдану жолымен ғана қоғамдық қатынастың реттілігіне қол жеткізу мүмкін емес, осыған байланысты кезеңдік әсер ету мақсатында мемлекет бірқатар нормалар кешенін қабылдайды, онда азаматтық-құқықтық салада қоғамдық қатынастың біртекті нақты бір ортасын реттей отырып, әр түрлі деңгейдегі қатысты өзіндік құқықтық білімге біріктіріледі.
1 Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен ерекшелігі
Юриспруденцияда азаматтық құқық түсінігі үш мағынада беріледі:
а) құқық саласы ретінде - бұл құқықтық нормалар жүйесі, ол мүліктік, сонымен қатар онымен байланысты және кейбір байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, ол қоғамдағы экономикалық қатынастың дұрыс дамуы үшін және жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін неғұрлым жақсы жағдай жасау мақсатында екі жақтың тәуелсіздігіне, мүліктік дербестігіне және заңды теңдіктеріне негізделеді;
ә) ғылым ретінде - азаматтық құқық бұл - ғылыми көзқарастар, идеялар, азаматтық-құқықтық құбылыстар, олардың байланысы мен дамуы туралы білімдер жүйесі. Азаматтық құқық ғылымы (азаматтық құқық ғылымының пәні) мыналарды зерттейді:
- азаматтық-құқықтық нормаларды;
- азаматтық құқықтық қатынастар мен азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуын;
- азаматтық құқықтың құқық пен ғылымның салалары ретінде дамуының тарихы мен тенденцияларын;
б) оқу пәні ретінде - азаматтық құқық ғылымының негізінде азаматтық құқық оқу курсы құрылды, оның міндеті - азаматтық құқықтың оқу орындарында құқықтың және құқықтық ғылымның саласы ретінде оқытылуы.
Азаматтық құқық қатынасы бұл - азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады.
Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:
- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;
- азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл - келісім, мәмілелер;
- құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі
- азаматтық құқық бұзылған жағдайдағы басым сот тәртібі.
Азаматтық құқықтық қатынас туралы неғұрлым анық көрініс оны тек қана біртұтас жалпы деп қарастырған кезде ғана емес, оның құраушы элементтерін жеке қарастырғанда да туады, оның қатарына құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері мен нысандары жатады.
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады ("өзі әрекет ету" құқығы). Заттық құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер -- қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы ("бөгде әрекет" құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкін. Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері; Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
құрайды. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздеріне Азаматтық кодексте көзделген және кезделмеген, бірақ азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындататын заңды фактілер жатады. Азаматтық кодекстің 7-бабында бұған қатысты былай делінген: Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекетінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Заңды фактілер ретінде оқиғалар мен әрекеттер танылады. Оқиғалар - азаматтық құқықтық қатынастардың еркінен туындайтын жағдаяттар (Мыналы, мұра қалдырушының қайтыс болуы, жер сілкіну, су тасқыны сияқты табиғат апаттары және т. б. ). Әрекеттер - адамның еркіне байланысты туындайтын жағдаяттар. Мысалы, мәміле жасау, сенімхат беру, зиян келтіру және т. б. Жекелеген жағдайларда егер онда тараптардың еркі көрінбейтін салса, әрекетсіздік те осындай жағдаятқа жатуы мүмкін. Қоғамдық-қатынастарды азаматтақ-құқықтық реттеуді жүргізу кезінде, қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Құқықтық қатынаста өзара әрекет олардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады. Кез-келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтықбайланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективті құқық дегеніміз берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъектісі азаматтық құқық мазмұны жағынан әр түрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы: а)белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы: а)белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін;ә) басқа адамдардың бәрінен оладың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б) меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықта жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды (Азаматтық кодекстің 188 - бабы). Міндетті тұлғаның тиісті мінез - құлық шамасы азаматтық құқықта міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әр түрлі болатынын ескеру керек. Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқықтық қатынастарына қатысушылардың міндеттерінде айқындайды.
Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бір алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады. Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте құқық сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін Азаматтық құқық құқық нормалары дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі құқық дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын құқықтын объективті мағынасындағы құқық деп немесе объективті құқық деп атайды. Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті. Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қасқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық факторлер болып табылады. Заттар - азаматтық құқық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатынасына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қарай белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады.Жалпы ережеге сәйкес қосалқы зат басты заттың заңдық тағдырына әсер етеді. Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілерімен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңды төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте - 100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютаменесеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсыбір мүліктік құқықты орнататын, оны күәландыратын, өзін көрсеткенде ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Құнды қағаз өзінде көрсетілгеніндей, мүліктік құқықтық айғақтайтын бірден бір құжат болып есептеледі. Құнды қағаздар мынадай 3 түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға берілед, әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мысалы, жинақ және депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосамент). Ал, ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны нысаны, түрлері.
Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: мәміле; меншік құқығы; міндеттемелі құқық; мұрагерлік құқық; зияткерлік меншік құқығы. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік сот және аралық сот құқықтарды мойындату құқық бұзушылыққа дейінгі болған жағдай, құқықтарды бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу және т.б. негіздерге сәйкес реттейді. Азаматтық құқықтың объектілеріне мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар жатады. Ал азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік - аумақтық бірліктер жатады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік - аумақтық , бөліністер жатады.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай - ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары іс - әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға ортақ, ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:
-өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
-мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
-республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер таңдай алады;
-заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
-заңды тұлға құра алады;
-заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
-республикадан тыс жерлерге еркін шығып кен етуге жіне оның аумағына қайта орала алады;
-әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа дазаңмен қорғалатын интелектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
-өз фамилиясы мен өз есімін, сондай ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады;
-басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады;
Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүру қабілеттілігі, ол 18 жастан пайда болады.
Жасы 18 - ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:
- он төрт жасқа толмағандар;
- он төрт жастан он сегіз жасқадейінгілер.
Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар. Алты жасқа дейінгі , жүйке ауруы немесе ақыл есінің кем азаматтар әрекет құбілеттілі жоқ деп танылады. Жартылай әрекет қабілеттілі алты және он төрт дейінгі балаларға тән. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата - аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кімелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата - аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай - ақкүнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы. Азаматтар он сегіз жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады.
Жүйке ауруы немесе ақыл - есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқдеп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материялдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Заңды тұлға құрмай - ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлер: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік. өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай - ақмүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзгеде құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай - ақмүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырылады.
Түрлері:
-ерлі зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі- зайыптылар кәсіпкерлігі;
-шаруа фермерлік шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
-кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асрылатын жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті болып табылады.
Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін ҚазақстанРеспубликасының 1997 ж.19 мамырдағы Жеке кәсіпкерлік туралы, 1998 ж. 31 наурыздағы Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдары және т.б. құқықтық - нормативтік кесімдер реттейді.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңдытұлға деп аталады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарына құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады ассорциялар, одақтар.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі олқұрылған кездегі пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңдытұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Бұл мәлімет оның құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін, яғни төмендегілері құрылтайшылар бола алады:
-мүлікті иеленушілер не олар уәкілдік берген органдар мен жақтар;
-заң құжаттарында арнайы көзделген өзге де заңды тұлғалар.
Заңды тұлға өзқызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал заң құжаттарында коммерциялық емес деп көрсетілген заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереженегізінде жұмыс істей алады.
Құрылтай шарты құрылтайшылардың арасында жасалынады, ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адамғана болса, құрылтай шарты жасалынбайды.
Құрылтай шартындағы тараптар (құрылтайшылар):
-заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін;
-меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және қатысу ережелерін;
-құрылтайшылардың арасындағы пайда мен шығынды бөлісудің;
-заңды тұлға қызметін басқарудың;
-құрылтайшылардың ұйымының құрамына кіру мен шығуының шарттарын жіне тәртібін белгілейді. Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.
Заңды тұлға жарғысында: ұйымның түрі, атауы, тұрған жері; басшының өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу тәртібі; ұйымды қайта құру жәнеоның қызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Тағы да бір маңыздымәселе, кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің 28 жұлдызында № 928 қаулысыиен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.
Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан Ресубликасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бірыңғай Мемлекеттік реестерге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары менөкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей - ақ есептік тіркеуге алынады.
Мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар тіркеліп, арыз берген кезден бастап 15 күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
Мемлекеттік қауіпсіздікті, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату істері мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілібір үс - әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лицензияларберу тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17сәуірдегі Лицензиялау туралыЖзаң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметінің осы түріне қойылатын талаптарға білітілік деңгейі сай келетін субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді. Лицензиялайтын органның пайдасына төленетін алым мен патент ақысын салық заңдары белгілейді.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болуы мүмкін, олар заңды тұлға құрмайды, тек заңды тұлға мүлкі беріледі және бекітілген ережелердің негізінде жұмыс істейді. Филиал мен өкілдіктердің басшыарын заңды тұлғаның уәкілдік берген органы тағайындайды және оның берген сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаны тарату, қайта қосу жолдарымен жабады. Егер заңды тұлға мемлекеттік болса, оған өкілеттік берген мемлекеттік органдар өз жарлығымен жояды. Сонымен қатар, заңды тұлғалар мүлікті меншіктенушінің талабымен, уәкілетті органның немесе соттың шешімімен банкроттық процедурасын қолдана отырып жабылуы мүмкін(АК 52 бабы).
Банкроттық борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болған дәрменсіздігі. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай - ақ бюджетке және бюджеттен тыс міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын өабілетсіздігі оның дәрменсіздігі деп түсініледі.
Заңды тұлғалардың (қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерденбасқа) банкроттығы туралы істерді Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Банкроттық туралы Заңымен, олұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, ауылшаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық рәсімдерінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Бұл жағдай банктерге, сақтандыру компанияларына, зейнетақы қорларына да қолданылады.
Жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде шаруа қожалықтарының банкроттығы Азаматтық кодекстің 21 - ші бабымен және арнаулы заңдармен реттеледі. Осыған орай, өзі кәсіпкелік өызметті жүзеге асыруға байланысты немесе берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмайтын жеке кәсіпкер 3 ай ішінде банкрот деп танылуы мүмкін.
2.1 Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі
Азаматтық құқық объектілері (ағып of civil rights (civil law) (property), нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle)) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
1. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
2. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке); заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет шығармашылық-интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.
3. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. Азаматтық құқық қатынастар объектілерін әртүрлі түсініктер беріледі және олар мыналар: жоо азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері; жоо азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебі болатын материалдық және рухани игілік;
ол объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық .Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде? Жылжымайтын мүлік -- Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады. Жылжымайтын мүлік құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымайтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі араасында негізгі айырмашылық неде? Кәсіпорын азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда кәсіпорын туралы Заңды тұлға тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады. Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз. Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол интеллектуалдық меншік деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген. Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз. Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады. Сіздің пікіріңізше, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды және олардың белгілерін қалай айқындауға болады? Мысал келтіріңіз? Атақты Астаналық клоун Н., Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, опармен ТМД бойынша гастролде жүріп үлкен жетістіктерге жеткенін біледі. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғалады ма? Төменде көрсетілген интелектуалдық меншік объектісін қызметтің нәтижесіне қарай бөліңіз:
- әдеби-көркем шығармасы;
-ғылыми еңбектер;
-артистердің атқаратын қызметі;
-фонограмма;
-радиолық бағдарламалар
-ЭЕМ бағдарламасы;
-тауар белгісі;
- қызмет көрсету белгісі;
-математика бойынша тапсырма
-ойлап табу,
-ғылыми ашулар
-коммерциялық атау және белгі;
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с. Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бір алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz