Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының
Ақтау көлік колледжі ЖШС

Тақырыбы: Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған оқу үдерісін жобалау

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы:
Абишова Алия Джолдасбаевна


Ақтау - 2018ж.

Мазмұны:
КІРІСПЕ.
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
0.1. Сыни ойлау туралы түсінік.
0.2. СТО технологиясының стратегиялары.
0.3. Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер.
1. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған оқу үдерісі.
0.1. Ағылшын тілі пәнінің сабағында СТО-ны тиімді пайдалану мүмкіндіктері.
0.2. Ағылшын тілі пәнінің сабағында СТО-ны пайдалану арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін арттыру.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұжымдарының, әр білім берушінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңарта отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып, саралауда білім беруші іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жаңа технологияны меңгеруде білім берушінің жан-жақтылығы, білімділігі қажет. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр білім беруші алдында отырған білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар- білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Білім беру ұжымдарында оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға жаңа технологиятерминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сыни ойлау туралы түсінік.
Сыни ойлау деген әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажат ететінмәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады;
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, білім алушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Жалпы адамзат баласы білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.

Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.

Тәсілдері
- Миға шабуыл
- Болжам (сурет, портреті бойынша)
- Қажетті сөздер бойынша болжам
- Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер)
- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы
- Кластер
- Кесте Б - Б - Б
- insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу
- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету
- insert таңбалау кестесі
- Шығармашылық жұмыс - синквейн
қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға қайта оралу.
- Досына хат жазу, күнделік жүргізу.
- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.
- Шатысқан қисынды тізбектер

2. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған оқу үдерісі.
Ағылшын тілі - дүниежүзілік маңызы бар тіл. Біріншіден, ол ғылым тілі. Екіншіден, ағылшын тілі- өнердің, әдебиеттің ,саясаттың, сауданың, ақпараттың тілі. Сондықтан болашақ бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда ағылшын тілін оқытып, игерту қажет. Бұл - бүгінгі заманның талабы.
Менің басты мақсатым - білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру. Инновация түсінігін ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық ұғымдарын білдіреді.
Білім алушылардың таным белсендігін, ойлау қабілетін арттыру үшін қазіргі кезде кең тарай бастаған Сын тұрғысынан ойлау технолгиясын қолдануға болады.Бұл технолгияның негізгі мақсаты: білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Ол үшін мына қағидаларды берік ұстанамыз:
- білім алушы мен білім берушінің арасындағы тепе-теңдік жағдай ;
- екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер;
- білім алушы мен білім берушінің арасындағы өзара сыйластық;
- білім алушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
- білім алушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру;
- сабақта шешуші рөл білім беруші емес , керісінше білім алушы екендігі туралы пікір қалыптастыру;
- әрбір білім алушының білім дәрежесін басқа білім алушымен салыстыру емес , білім алушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру;
Өзім жүргізетін пән бойынша білім алушылардың пәнге қызушылығын арттыру үшін дәріс беретін топтарда оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау әдістерін күнделікті сабақ жоспарыма енгізіп келемін. Мысалы: Венн диаграмммасы, Топтастыру, Кубизм, Ой толғанысы және т.б. әдістер. Осы аталған әдістерді сабақ пен тақырыптың ерекшелігіне қарай лайықтап қолданамын. Олар оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуын , ой жинақтауын қамтамасыз етеді және әр оқушының шығармашылық дарынын көрсетеді. Мысалы: 1 курс студенттеріне атақты қазақ суретшісі Ә.Қастеевтің өмірін таныстырған кезде мынадай әдістерді қолдандым. Білім алушылардыңдың өткен материалдарын тексеру үшін кубизм әдісі бойынша Қазақстан экономикасы туралы сұрақтар бердім. Бұл әдісте кубиктің 6 -жағына 6 тапсырмалар жазылады және топтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Бастауыш сыныптың математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Пәндер