Есептердің математикалық моделін құру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ШЖҚ РМК
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5B011100 - Информатика
мамандығының білім алушыларына арналған
Математикалық және компьютерлік модельдеу пәні бойынша
Арқалық, 2019
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Информатика кафедрасы
Оқу түрі: күндізгі
Мамандық: 5В011100 - Информатика
Оқу-әдістемелік кешен
oo ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазанындағы № 604 қаулысымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
oo ____ ______ 20____ ж. хаттама №____ Ғылыми кеңес бекіткен 5В011100 - Информатика білім беру бағдарламасы
Математикалық және компьютерлік модельдеу пәнінің оқу-әдістемелік кешенін аға оқытушы, магистр Сундетбаева А.Ж. (87024939269, sundetbayevaa90@mail.ru) дайындады және Информатика кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, ___________ 20___ ж., хаттама №_____.
Құрастырушы(-лар) қолы Сундетбаева А.Ж.
Кафедра меңгерушісі қолы Ескермесұлы Ә
Институттың ОӘК отырысында мақұлданды, 20____ ж. ____ ______ № ____ хаттама.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
ШЖҚ РМК

Жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
Арқалық, 2019
1. Оқу пәннің сипаттамасы
1.Оқу пәннің сипаттамасы
Бұл курс модель туралы жалпы түсінік; таным əдістері арасында модельдеудің алатын орны; модель түрлері жəне қасиеттері; модельдеу мақсаты; модельдің сандық жəне сапалық бағалары; математикалық модельдеу;. математикалық модельдеудің топтамасы; құрылымдық модельдер жəне оның топтамасы; математикалық модель құру этаптары; ақпараттық процестер; модельдеу ақпараттық процесс ретінде; ақпараттық процестерді модельдеу; компьютерлік модельдеудің практикалық қолданылуы; MS Excel электрондық кестесінің құралдарын қолданып ақпараттық процестерді модельдеу; компьютерлік модельдеуде объектілі-бағытталған бағдарламалау тілін қолдану; компьютерлік модельдеуде Adobe Flash бағдарламасын қолдану; модель құрудың UML тілі; модель құрудың UML тілін қолданып жүйе моделін жəне диаграммалар құруды қамтиды.
2. Курстың мақсаты
Математикалық және компьютерлік модельдеу пəнiнiң мақсаты ЭЕМ-де əртүрлі есептердің модельдеу технологиясы мен əдістерін зерттеу. Бұл пəндi оқу нəтижесiнде студент модельді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, ұқсас модельдерді құру əдістерін бiлуi керек.
Бұл курста негізінен объектілі-жабдықталған жүйелерді талдау принциптері жəне UML тілі арқылы жобалау қаралып, оқылады. Концептуалды модельдің, кооперация диаграммаларының, кодты талдау жəне өңдеудің əдістері мен құрылу принциптері талданады.
Бұл курстың негізгі мақсаты - студенттерге математикалық және компьютерлік модельдеу технологиясы мен əдістерін, жабдықталған жүйелерді талдау, жобалау туралы жалпы түсінік беру жəне компьютерлік модельдеуді практика жүзінде үйрену болып табылады.
3. Міндеттері:
информатика маманына курсты оқыту барысын ұйымдастырумен байланысты кəсіби білім мен біліктер қалыптастыру;
студенттердің бағдарламаны терең жəне логикалық ойлауын қалыптастырудың барысы мен оның нəтижелерін зерттеу.
4. Оқу пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер: Дискретті математика, Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу.
Постреквизиттер: Ақпаратты кодтау оқыту әдістемесімен.
5. Пән бойынша оқыту нәтижелері
Осы пәнді сәтті аяқтау нәтижесінде студент:
ОН1 Математикалық және компьютерлік модельдеу теориясы мен әдістерін, математикалық модель құру этаптарын біледі;
ОН2 Мдельдеуді өңдеудің негізгі принциптерін, олардың классификацияларын, жобалау туралы жалпы қағидаларды түсінеді;
ОН3 HTML Модельдеуде әртүрлі есептердің технологиясы мен әдістерін, қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін, объектілі-бағытталған бағдарламалауды, UML тілін қолданады;
ОН4 Ақпараттық процестерді, таным әдістері арасында модельдеуді, жабдықталған жүйелерді талдайды;
ОН5 Берілген есепке байланысты оның математикалық және компьютерлік моделдерін біріктіре отырып жинақтайды;
ОН6 Әртүрлі модельдеудің жобалық жұмыстарды орындау барысында қолданылуын бағалайды;
ОН7 Алған білімін қолдана отырып күрделі еспетерді модельдеудің оңтайлы шешімін табады;
ОН8 Модельдеуді құруда, жоба жұмыстарын орындауда командамен жұмыс жасай алады, әріптестерімен, оқушылармен тиімді қарым-қатынас жасайды.
6.Оқу жоспарынан көшірме
Курс - 3
Семестр - 6
Кредит саны - 2
Сабақ түрі
Жалпы сағат саны
Дәріс
15
Тәжірибелік (семинар) сабақ
15
Зертханалық сабақ
Студиялық сабақ
СӨЖ
40
ОСӨЖ
20
Барлығы
90
7.МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(академиялық сағатта)
№ апталар
Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы
Сағат саны
1-4 апталар
Модуль1.
Дәрістер
1.1. Модель туралы жалпы түсінік. Таным əдістері арасында модельдеудің алатын орны.
1
1.2. Модель түрлері жəне қасиеттері. Модельдеу мақсаты. Модельдің сандық жəне сапалық бағалары.
1
1.3. Математикалық модельдеу. Математикалы қ модельдеудің топтамасы.
1
1.4. Құрылымдық модельдер жəне оның топтамасы.
1
Тәжірибелік сабақтар
1.1. Модель туралы жалпы түсінік. Есептер моделін құру.
1
1.2 Модель түрлері жəне қасиеттері. Есептер моделін құру.
1
1.3. Математикалық модельдеу. Есептердің математикалық моделін құру.
1
1.4. Құрылымдық модельдер. есептердің моделін құру.
1
СӨЖ
1.1. Математикалық модельдерін жасау. Компьютерлік модельдерін жасау.
3
1.2. Кездейсоқтық процесстерді модельдеу. MS Excel электрондық кестесінің формулаларымен қарапайым есептеулерді пайдалану.
3
1.3. Компьтерлік модельдеу элементтері. Модельдердің мысалдары. Статистикалық функцияларды игеру, қолдану.
3
1.4. Бағдарлама мүмкіндіктері, құрылымы.
3
ОСӨЖ
1.1. Модель туралы түсінік. Компьтерлік модельдеу элементтері.
1
1.2. Модель түрлері мен қасиеттері. Компьютерлік модельдеу элементтері. Модель түсіністігі.
1
1.3. Математикалық модельдеу, оның топтамасы. Имитациялық компьютерлік модель құру.
1
1.4. Құрылымдық модельдер, модельдер топтамасы, құру тəсілдері.
1
Модуль 1 бойынша барлығы
24
5-7 апталар
Модуль 2.
Дәрістер
2.1. Математикалық модель құру этаптары.
1
2.2. Ақпараттық процестер. Модельдеу ақпараттық процесс ретінде.
1
2.3. Ақпараттық процестерді модельдеу.

2.1. Шектеусіз өсуге арналған модель.
3
2.2. Модельдік эксперимент жасау. Электрондық кестеде арнайы бет даярлау.
3
2.3. Моделдердің түрлері, оларды қолдану жолдары. Модельдік эксперимент жасау.
3
ОСӨЖ
2.1. Математикалық жəне компьютерлік модельдер. Пайыздық өрнектеулер туралы есептер.
1
2.2. Имитациялық модель.
1
2.3. Көлдің су деңгейінің ауытқуын анықтау. Ақпараттық процестерді модельдеу.
2
Модуль 2 бойынша барлығы
19
8-15 апталар
Модуль 3.
Дәрістер
3.1. Компьютерлік модельдеудің практикалық қолданылуы Модельдеуде мəтіндік процессорды пайдалану.
1
3.2. MS Excel электрондық кестесінің құралдарын қолданып ақпараттық процестерді модельдеу.
1
3.3. Компьютерлік модельдеуде процедуралық бағдарламалау тілін қолдану.
1
Тәжірибелік сабақтар
3.1. Мəтіндік процессорды пайдаланып экологиялық есептердің моделін құру.
1
3.2. MS Excel құралдарын қолданып, ақпараттық процестерді модельдеу.
1
3.3. Компьютерлік модельдеуде Паскаль бағдарламалау тілін қолдану.
1
3.4. Visual Basic ОБП тілін қолданып модель құру
1
3.5. Macromedia Flash программасын қолданып, модель құру
1
СӨЖ
3.1. Пайыздық өрнектеулер туралы есептер.
2
3.2. Дифференциалдық теңдеуді шешу.
2
3.3. Бағдарламалау тілінің бірінде арнайы бағдарлама құру.
2
3.4. Математикалық əдістер.
2
3.5. Модельдік эксперимент жасау.
2
ОСӨЖ
3.1. Модельдеуде мəтіндік процессорды пайдалану.
1
3.2. MS Excel электрондық кестесінің құралдарын қолдану.
2
3.3. Pascal бағдарламалау тілін қолданып модель құру.
1
3.4. Visual С++ объектілі-бағытталған бағдарламалау тілін қолданып модель құру
2
3.5. Ақпараттық процестерді модельдеу.
1
3 Модуль бойынша
Модуль 4.
Дәрістер
4.1. Компьютерлік модельдеуде объектілі- бағдарлы бағдарламалау тілін қолдану.
2
4.2. Компьютерлік модельдеуде Macromedia Flash бағдарламасын қолдану
2
4.3.Жыртқыш-жемтік популяциясы саны динамикасының моделі.
1
Тәжірибелік сабақтар
4.1. Модель құрудың UML тілі.
1
4.2. Модель құрудың UML тілін қолданып жүйе моделін жəне диаграммалар құру.
1
4.3. Жыртқыш-жемтік популяциясы саны динамикасының моделі.
1
СӨЖ
4.1. UML тіліндегі модельдік үлгілер жасау.
3
4.2. UML тілінде арнайы бағдарлама құру.
3
4.3. Модельдік эксперимент жасау.
3
ОСӨЖ
4.1. Кездейсоқтықты модельдеу.
2
4.2. Моделдердің түрлері, оларды қолдану жолдары.
1
4.3. Қайық жəне сал динамикалық моделі.
2
4 Модуль бойынша
Барлығы
90
8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
8.1 Негізгі әдебиет
1. Шукаев Д. Н. Компьютермен модельдеу негіздері: оқулық. - Алматы, 2011.
2. Әйтімова Ұ. Ж. Өлшеу үдерістерін компьютерлік модельдеу: көмекші оқу құралы. - Алматы, 2015.
3. Өжікенов Қ. Ә. Жүйелерді модельдеудің бағдарламалық құралдары: Оқулық. - Алматы, 2012.
4. Компьютерлік модельдеу негіздері оқу-әдістемелік кешен. Құраст.: п.ғ.д.,доцент Б.Д. Сыдықов ; аға оқытушы Н.А. Тойғанбаева., оқытушы Г.Ж. Ануарбекова. - Алматы, 2012.
8.2 Қосымша әдебиет
1. Хакимова Т.Х. Теория и методика компьютерного моделирования для задач базы данных и глобальной сети: Учеб. пособ.-CD-диск.-Алматы, 2014
2. Каримов А. Химтехнологиялық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу: оқу-әдістемелік құралы. - Алматы, 2012.
3. Түнғатаров Н. Н. 3DS max-та компьютерлік модельдеу және анимация негіздері: оқу құралы. - Алматы, 2012.
9. Студенттердің білімін, икемін, дағдысын бағалау жүйесі
Ағымдағы бақылау (семестрдің 1-7 және 8-15 апталарында өткізіледі):
1. Әрбір келген дәріс сабағы 10 баллмен, әрбір қатыспаған сабақ - 0 баллмен бағаланады. Дәріске қатысу белсенділігі қосымша 90 баллға дейін бағалануы мүмкін. Орташа арифметикалық-студенттің дәрістік сабақтарға қатысу көрсеткіші (1).
2. Практикалық (зертханалық, студиялық) сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты әр практикалық (зертханалық, студиялық) сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің практикалық (зертханалық, студиялық) тапсырмаларды орындау көрсеткіші болып табылады.(2)
3. СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) тапсырмаларын орындау максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) тапсырмаларын орындау көрсеткіші болып табылады.(3)
Ағымдық бақылау (АБ) бағасы келесі формуламен есептелінеді:
АБ1,2=1+2+33
Межелік бақылау (семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі):
Межелік бақылауда (МБ) студенттің білімі жазбаша жұмыс ауызша жауап компьютерлік тестілеу норматив тапсыру шығармашылық тапсырма орындау арқылы тексеріліп, максималды 100 балл қойылады.
Студенттің межедегі рейтингі (Р) келесі формуламен есептелінеді:
Р1,2=АБ1,2+МБ1,22
Студентті қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберу рейтингі (Рорташа) келесі формуламен анықталады:
Рорташа=Р1+Р22
Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) емтихан сессиясы кезінде өткізіледі. Емтихан жазбаша түрде компьютерлік тестілеу норматив тапсыру шығармашылық тапсырма орындау арқылы қабылданады, максималды 100 балл қойылады.
Қорытынды баға (ҚБ) келесі формула бойынша есептелінеді:
ҚБ=Рорташа∙0,6+Е∙0,4
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі
Әріп жүйесі бойынша
Балдың сандық эквивалент
Проценттік мазмұны
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А
4,0
95-100
өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
жақсы
В
3,00
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
С
2,00
65-69
қанағаттанарлық
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,00
50-54
FХ
0
25-49
Қанағаттанғысыз
F
0-24
Бағалау критерийлері
Кесте 1
Баға
Критерий
А бағасы
Бағдарлама материалы толық меңгерілген, ешбір қателік жоқ, өзіндік ойлау қабілетін көрсеткен. Қосымша ғылыми әдебиеттер пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз бетімен жүйелеуге, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуға қабілетті.
А- бағасы
Студенттің өзі түзеткен, принципиальды емес кемшіліктер.
В+ бағасы
Бағдарлама материалының меңгерілуі 75 %-дан төмен емес, жауап беру барысында үлкен қателік жоқ
В бағасы
Дәріс конспектінің болуы және бақылау сұрақтарға толық жауап бермеу
В- бағасы
Бағдарламалық материалдарды ұғуы 75% кем емес, жауап беруі кезінде ірі қателер жібермеген, СӨЖ және ОСӨЖ бойынша тапсырмалар принципиалды ескертулерсіз өз уақытында орындалған және тапсырылған, оқытушының көрсетуі бойынша қосымша әдебиеттер қолданған, принципиалді емес дәлсіздіктер немесе студенттің өзі түзеткен принципиалді қателер жіберген, оқытушының көмегімен бағдарламалық материалдарды жүйеге келтіруге қабілетті.
С+ бағасы
Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады
С бағасы
Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды
С- бағасы
Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі заңдылықтарды айта алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады
D+ бағасы
Қорытындыны оқытушының көмегімен барлық мәлімет-терді толық талдау негізнде жасаған. Жеке сұрақтары дә-лелдеуді қажет етеді.
D бағасы
Бағдарламалық материалдарды игеруі 50% кем емес сын жұмыстарын және үй тапсырмаларын орындау кезінде дәлсіздік және принципиалді емес қателер жіберген.
FХ бағасы
Зерттеу жұмысында белсенділік танытпаған, тек оқытушы көрсеткен әдебиеттерімен шектелген, материалды жүйеге келтіруде қатты қиналған.
F бағасы
Бағдарламалық материалдың жартысынан (50%-дан төмен) артығын игермеген, жауап берген кезде принципиалді қате жіберген, тапсырманы орындамаған, бағдарлама бойынша негізгі әдебиеттерді талқыламаған.
10. Межелік және қорытынды бақылау сұрақтары
1-межелік бақылау сұрақтары
1. Модель туралы жалпы түсінік.
2. Модельдің алатын орны.
3. Модель түрлері.
4. Модель қасиеттері.
5. Модельдеу мақсаты.
6. Математикалық модельдеу.
7. Математикалық модельдеудің топтамасы
8. Құрылымдық модельдер.
9. Құрылымдық модельдер топтамасы.
10. Қ ұрылымдық модель құру тəсілдері
11. Математикалық жəне компьютерлік модельдер.
12. Модель құру этаптары
13. Ақпараттық процестер.
14. Модельдеу ақпараттық процесс ретінде.
15. Ақпараттық модель түсінігі
16. Компьютерлік модельдеуметодологиясы
17. Модельдер классификациясы
18. Компьютерлік модельдеудің негізгі принциптері
19. Модельдер құру технологиясы
20. Кездейсоқ заңдылықтарды имитациялау әдістері
21. Мәліметтерді интерпретациялау
22. Модельдеу нәтижелерін талдау және өндеу
23. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу
24. Петри желілерін модельдеу
25. Үздіксіз жүйелерді модельдеу әдістері
26. Әлеуметті-экономикалық жүйелерді модельдеу
27. Өндірістік процестерді модельдеу
2-межелік бақылау сұрақтары
1. Компьютерлік модельдеудің практикалық қолданылуы.
2. Модельдеуде мəтіндік процессорды пайдалану.
3. MS Excel электрондық кестесінің құралдары
4. MS Excel құралдарын қолданып модель құру
5. Паскаль бағдарламалау тілін қолданып модель құру
6. Visual C++ объектілі- бағдарлы бағдарламалау тілін қолданып модель құру
7. Visual C++ ОББ тілінің құралын қолданып түс палитрасының моделін жасау.
8. Flash технологияға кіріспе. Бағдарламаның қызметі жəне мүмкіндігі.
9. Flash MX-тің экрандық интерфейсі.
10. Macromedia Flash бағдарламасын қолданып, экологиялық модель құру
11. Модель құрудың UML тілі.
12. Модель құрудың UML тілін қолданып жүйе моделін жəне диаграммалар құру
13. "Жыртқыш- жемтік" популяциясы саны динамикасының моделі.
14. Математикалық моделдеудің қазіргі заманғы түріне не жатады?
15. Компьютерлік модель туралы түсінік?
16. Жүйе түсінігіне анықтама беріңіз?
17. Динамикалық жүйе түсінігіне анықтама беріңіз?
18. Объектілерді зерттеудің мақсаты не?
19. Объектілерді зерттеудің қандай әдістері бар?
20. Динамикалық моделдердің классификациялары?
21. Динамикалық жүйелердің математикалық моделдерінің түрлері?
22. Математикалық модельдерді құрудың аналитикалық тәсілдері неге негізделген?
23. Кирхгофтың екінші ережесі?
24. Үдету қисығы бойынша алынған математикалық модель қандай формада болады?
25. Сызықтық емес объектілердің математикалық модельдерін алудың қандай әдістері бар?
26. Динамикалық жүйелерді (ДЖ) модельдеудің құрылымдық тәсілінің мәні неде?
27. ҚБП-нің жүйесі - Simulink Matlab?
28. Математикалық моделдер матрицалы-векторлы түрде?
29. Комплекстік айнымалылы функциялар. Комплекстік сандармен жасалынатын амалдар.
30. Коши формасындағы тұрақты токты двигательдің моделі.
31. Лаплас түрлендірулерінің қасиеттері. "Ауыспалы функция" түсінігі.
32. Анықтауыш теңдеулер әдісі бойынша аналитикалық функцияларды модельдеу алгоритмдері.
33. ДЖ-ді сипаттайтын дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған ҚБП.
Емтихан сұрақтары

17. Компьютерлік модельдеудің практикалық қолданылуы.
18. Модельдеуде мəтіндік процессорды пайдалану.
19. MS Excel электрондық кестесінің құралдары
20. MS Excel құралдарын қолданып модель құру
21. Паскаль бағдарламалау тілін қолданып модель құру
22. Visual C++ объектілі- бағдарлы бағдарламалау тілін қолданып модель құру
23. Visual C++ ОББ тілінің құралын қолданып түс палитрасының моделін жасау.
24. Flash технологияға кіріспе. Бағдарламаның қызметі жəне мүмкіндігі.
25. Flash MX-тің экрандық интерфейсі.
26. Macromedia Flash бағдарламасын қолданып, экологиялық модель құру
27. Модель құрудың UML тілі.
28. Модель құрудың UML тілін қолданып жүйе моделін жəне диаграммалар құру
29. Жыртқыш- жемтік популяциясы саны динамикасының моделі.
30. Зерттеу объектілерінің моделдерін қандай топтарға бөлуге болады?
31. Заттық моделдеудің қандай әдістері бар?
32. Физикалық моделдеу дегеніміз не?
33. Аналогты моделдеу дегеніміз не?
34. Математикалық моделдеудің қазіргі заманғы түріне не жатады?
35. Компьютерлік модель туралы түсінік?
36. Жүйе түсінігіне анықтама беріңіз?
37. Динамикалық жүйе түсінігіне анықтама беріңіз?
38. Объектілерді зерттеудің мақсаты не?
39. Объектілерді зерттеудің қандай әдістері бар?
40. Динамикалық моделдердің классификациялары?
41. Динамикалық жүйелердің математикалық моделдерінің түрлері?
42. Математикалық модельдерді құрудың аналитикалық тәсілдері неге негізделген?
43. Кирхгофтың екінші ережесі?
44. Үдету қисығы бойынша алынған математикалық модель қандай формада болады?
45. Сызықтық емес объектілердің математикалық модельдерін алудың қандай әдістері бар?
46. Динамикалық жүйелерді (ДЖ) модельдеудің құрылымдық тәсілінің мәні неде?
47. ҚБП-нің жүйесі - Simulink Matlab?
48. Математикалық моделдер матрицалы-векторлы түрде?
49. Комплекстік айнымалылы функциялар. Комплекстік сандармен жасалынатын амалдар.
50. Коши формасындағы тұрақты токты двигательдің моделі.
51. Лаплас түрлендірулерінің қасиеттері. "Ауыспалы функция" түсінігі.
52. Анықтауыш теңдеулер әдісі бойынша аналитикалық функцияларды модельдеу алгоритмдері.
53. ДЖ-ді сипаттайтын дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған ҚБП.
54. Модельдер классификациясы
55. Компьютерлік модельдеудің негізгі принциптері
56. Модельдер құру технологиясы
57. Кездейсоқ заңдылықтарды имитациялау әдістері
58. Мәліметтерді интерпретациялау
59. Модельдеу нәтижелерін талдау және өндеу
60. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу
61. Петри желілерін модельдеу
62. Үздіксіз жүйелерді модельдеу әдістері
63. Әлеуметті-экономикалық жүйелерді модельдеу
64. Өндірістік процестерді модельдеу
11 .Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
№
Автор, атауы, шыққан жылы
Ақпарат көзі
Бары (дана)
Кітапханада Электронн ресурсэкз
Кафедрада
Негізгі әдебиет
1.
Шукаев Д. Н. Компьютермен модельдеу негіздері: оқулық.
Алматы, 2011.
20
1 дана
2.
Әйтімова Ұ. Ж. Өлшеу үдерістерін компьютерлік модельдеу: көмекші оқу құралы.
Алматы, 2015.
80
1 дана
3.
Өжікенов Қ. Ә. Жүйелерді модельдеудің бағдарламалық құралдары: Оқулық.
Алматы, 2012.
30
4.
Компьютерлік модельдеу негіздері оқу-әдістемелік кешен. Құраст.: п.ғ.д.,доцент Б.Д. Сыдықов ; аға оқытушы Н.А. Тойғанбаева., оқытушы Г.Ж. Ануарбекова.
Алматы, 2012.
5
1 - эл.рес.
Қосымша әдебиет
1.
Хакимова Т.Х. Теория и методика компьютерного моделирования для задач базы данных и глобальной сети: Учеб. пособ.-CD-диск.
Алматы, 2014
5 - эл.рес.
1 - эл.рес.
2.
Каримов А. Химтехнологиялық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу: оқу-әдістемелік құралы.
Алматы, 2012.
10
3.
Түнғатаров Н. Н. 3DS max-та компьютерлік модельдеу және анимация негіздері: оқу құралы.
Алматы, 2012.
10
12. Пән бойынша глоссарий
# Модельдің барабарлығы - қойылған мақсаттар үшін жеткілікті дәлдікпен және оның жай-күйі мен оның ортасының жай-күйін өзгертудің жеткілікті кең ауқымында зерттелетін объектінің қасиеттерін, жай-күйін және мінез-құлқын жаңғырту қабілеттілігінен тұратын үлгіге қойылатын талап. Модельдің барабарлығының жеткілікті шарты зерттелетін объектінің гомоморфизмі болып табылады.
# Алгоритм - әрекеттің соңғы санына есепті шешу нәтижесіне қол жеткізу үшін орындаушының іс-қимыл тәртібін сипаттайтын нұсқаулықтар жиынтығы.
# Алгоритмдік моделдеу - бағдарламалаудың әмбебап тілін (Паскаль, Бейсик немесе т.б.) және арнайы алгоритмдерді пайдалана отырып Имитациялық модельдеудің бір түрі. Модельдеуші жүйелер мен технологияларды қолданумен салыстырғанда көп еңбекті қажет етеді.
# Аналитикалық модельдер - модельделетін жүйенің құрылымын зерттеу үшін әзірленетін сандық-математикалық модельдер. Экономикалық-математикалық модельдеуде, әдетте, модельделетін жүйенің жұмыс істеу тиімділігін арттыру резервтерін немесе шаруашылық қызметтің зерттелетін көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды, сондай-ақ олардың әсер ету нысандары мен дәрежесін анықтау мақсаты бар.
# Баланс - экономикалық-математикалық моделдеуде-ресурс көздері мен оны пайдалану бағыттары арасында сәйкестікті белгілейтін теңдеу немесе теңсіздік. Егер ресурстың қолда бар көздері қалдықсыз пайдаланылуға тиіс болса не қалдықтың болуы экономикалық әсерге әсер ететін болса (кәдеге жаратуға шығындарды талап етеді не нарықта пайдамен сатылуы мүмкін) теңдеу пайдаланылады.
# Векторлық бағдарламалау - (1) векторлық бағдарламалау есептерін шешу әдістерін зерттейтін математиканың бөлімі; (2) векторлық бағдарламалау есебі нысанында модельделетін объектілердің құрылымы туралы білім беру үшін қолданылатын формализм.
# Өзара қатынас ( математикалық бағдарламалауда) - Лагранж көбейткіштерінің масштабына дейінгі дәлдікпен және оңтайлы шешімнің инварианттылығынан тұратын дөңес (соның ішінде сызықтық) бағдарламалау міндеттерінің сипаты, қосымша жағдайда, бұрынғы нысаналы функцияның мәні оңтайлы болып қала береді.
# Гомоморфизм - екі жүйе құрылымының ұқсас бір жақты қатынасы. Жүйе гомоморфты басқа жүйе деп аталады, егер компоненттері оның жай-күйінің кейбір жол берілетін векторының компоненттері болып табылатын, басқа таңдалған айнымалылардың векторына оның айнымалыларының кез келген жол берілетін векторын көрсететін қатынасты көрсетуге болады. Модельге қойылатын міндетті талап-модельдеуші объектінің гомоморфизмі.
# Модель бағандары - құрылымдық талдау деңгейлерінің санына қарамастан Имитациялық модельдің барлық процестерін біріктіретін, бағытталған бағандарды білдіретін Имитациялық модель объектісі. Үш өлшемді" көп қабатты " сурет болуы мүмкін. Процесті құрылымдық талдау кезінде шығады.
# Шектеуді екі жақты бағалау - осы шектеудің еркін мүшесінің шамасын кіші өзгерткен кезде математикалық бағдарламалау есебінің мақсатты функциясының мәнінің өсуін сипаттайтын шама; осы шектеудің еркін мүшесінің шамасы бойынша математикалық бағдарламалау есебінің шектеудің бос мүшелерінің функциясы ретінде қарастырылатын мақсатты функцияның оңтайлы мәнінің жеке туындысы. Шектеудің өлшем бірлігіне есептегендегі мақсатты функцияның өлшем бірлігімен өлшенеді.
# Дескриптивті модельдер - мақсаты модельделетін объектінің құрылымы туралы білімді формалды түрде ұсыну болып табылатын модельдер.
# Динамикалық модель - объектінің күйі анық немесе анық емес уақытқа байланысты болатын үлгі. Егер бұл модельге сырттан әсер етпесе де, онда Уақыт қозғалысы кезінде Шығыс сипаттамалары өзгереді. Динамикалық жүйенің үлгісі ретінде қабатқа бұрышпен тасталған дене болуы мүмкін.
# Векторлық бағдарламалау есебі - берілген вектор-айнымалылардың рұқсат етілген мәндерінің берілген жиынында Парето бойынша Оптимум табу есебі.
# Таңбалы үлгілеу - жалпы физикалық заңдылықтар негізінде арнайы белгілерді, символдарды пайдалана отырып үлгіні құру процесі.
# Идеализация - шын мәнінде жоқ немесе жүзеге асырылмайтын, бірақ нақты әлемде бейнелер бар объектілер туралы түсініктерді ойша құрастыру.
# Имитациялық үлгі, simulation model - қандай да бір күрделі нысанның қызметін имитациялауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық кешен. Ол компьютерде өзінің уақыт параметрлері бойынша (уақыт пен кеңістік ауқымына дейінгі дәлдікпен) зерттелетін процестердің аналогы болып табылатын параллель өзара әрекеттесетін есептеу процестерін іске қосады.
# Имитациялық үлгілеу, simulation - Аналогты үлгілеудің кең таралған түрі, математикалық аспаптық құралдар, арнайы имитациялайтын компьютерлік бағдарламалар және бағдарламалау технологиялары көмегімен жүзеге асырылатын Аналогты модельдеудің "имитация" режимінде компьютер жадында нақты күрделі процестің құрылымы мен функцияларына Мақсатты зерттеу жүргізуге, оның кейбір параметрлерін оңтайландыруды орындауға мүмкіндік береді.
# Интерактивті оқыту - танымдық қызметті ұйымдастырудың арнайы түрі. Интерактивті оқытудың мәні - оқу үдерісі барлық оқушылар таным процесіне тартылған болып табылатындықтан, олар нені біледі және ойлайды деп түсініп, рефлектациялауға мүмкіндік береді.
# Интуитивті модельдеу - интуиция, түсінік және өмірлік тәжірибе негізінде модель құру процесі.
# Ақпараттық құзыреттілік - бұл тұлғаның интегративті сапасы, ол студенттің ақпараттық қызметті жүзеге асыруға мотивациялық, теориялық және практикалық дайындығының және қабілеттілігінің біртұтастығы болып табылады.
# Құзыреттілік - құзыреттілік жиынтығы; берілген пән саласындағы тиімді қызмет үшін қажетті білім мен тәжірибенің болуы.
# Құзыреттілік тәсіл - бұл оқыту нәтижелерін моделдеу және оларды жоғары білім сапасының нормалары ретінде ұсыну әдісі. Нәтижелер ретінде бағдарламаның әрбір модулі үшін де, жалпы бағдарлама үшін де айқындалатын білім алушының білімін, түсінігін және дағдыларын қамтитын құзыреттілік жиынтығы түсініледі.
# Сызықтық бағдарламалау - (1) сызықтық теңдеулер және (немесе) теңсіздіктер жүйесімен берілген айнымалы мәндердің көп рұқсат етілген мәндерінде сызықтық функцияның экстремумын табу есептерін зерттейтін математикалық бағдарламалау бөлімі; (2) сызықтық теңдеулер және (немесе) теңсіздіктер жүйесімен берілген айнымалы мәндердің көп рұқсат етілген мәндерінде сызықтық функцияның экстремумын табу есебі нысанында модельделетін объектілердің құрылымы туралы білімді ұсыну үшін пайдаланылатын формализм.
# Макроэкономикалық модель - модельделетін шаруашылық жүйені құрайтын жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерді (кәсіпорындарды, салаларды) сипаттайтын ауыспалы бөлінбейтін және осы жүйеге тұтас ретінде тән байланыстарды ғана көрсететін экономикалық-математикалық модель.
# Уақыт ауқымы - үлгіні орындау кезінде астрономиялық нақты уақыт секундтарында, секундта қайта есептелген модельдік уақыттың бір бірлігін үлгілеудің ұзақтығын көрсететін сан.
# Математикалық модель - математикалық тәуелділік жиынтығы, гоморфты зерттелетін жүйе және оның қасиеттері мен мінез-құлықтары туралы пайымдауда пайдаланылатын.
# Математикалық модельдеу - олардың математикалық модельдерінде эксперименттерді қою арқылы нақты объектілерді зерттеу әдісі.
# Математикалық бағдарламалау - (1) берілген айнымалылардың рұқсат етілген мәндерінің жиынында экстремумды табу есептерін шешу әдістерін зерттейтін математиканың бөлімі; (2) берілген айнымалылардың рұқсат етілген мәндерінің жиынында экстремумды табу есебі түрінде модельдеуші объектілердің құрылымы туралы білімді ұсыну үшін қолданылатын формализм.
13. Математикалық және компьютерлік модельдеу пәнінен өзін-өзі бағалауға арналған тесттер:
Модельдеу деген не?
модалар салонында киімдер моделін демонстрациялау процесі
нақты объектіні, процесті немесе құбылысты зерттеу мақсатында оның негізгі қасиеттерін бейнелейтін моделін құру
нақты есептің қойылысын формальды емес тұжырымдау процесі
нақты объектіні, процесті немесе құбылысты басқа материальды немесе идеальды объектімен алмастыру
Модель- бұл?
нақты өмірдің фантастикалық образы
нақты объект, процесс немесе құбылыстың кеңістіктік-уақыттық сипаттамаларын бейнелейтін материалдық немесе абстрактылы ауыстырғыш
нақты объект, процесс немесе құбылыстың маңызды сипаттамаларын бейнелейтін ықшам жəне шағын түрдегі материалдық немесе абстрактылы ауыстырғыш
объектінің маңызды емес қасиеттері туралы ақпарат
3. Қолданылу аймағына қарай модель қандай түрге бөлінеді?
вербальдық, таңбалық
тəжірибелік, динамикалық, статистикалық
материалдық, ақпараттық
оқу, тəжірибелік, ғылыми- техникалық, ойын, имитациялық
4. Модель динамикалық деп аталады, егер...?
модель параметрлері ішінде уақыт параметрі болмаса
модель параметрлері ішінде уақыт параметрі болса
модель динамикалық қозғалысты сипаттаса
модель ойша немесе сөзбен сипатталса
Модель вербальдық деп аталады, егер...?

модель математикалық формулалармен сипатталса
модель арнайы таңбалармен сипатталса
Төмендегілердің қайсысы математикалық модельдің мысалы болады:
түраралық бəсекелестік жағдайындағы популяцияның көбеюінің формуласы
қоймадағы тауарлар тізімі
глобус
жолда жүру ережелерінің жинағы
Нақты ақиқат объектіні зерттеуде не құруға болады?
объектінің қасиеттерінің жиынтығын бейнелейтін бір ғана модель
əрбіреуі объектінің бір немесе басқа маңызды қасиетін сипаттайтын бірнеше əр түрлі модель
жалғыз бір ғана модель
d) объектінің дəл көшірмесін
8. Модельді құру процесінде не жүзеге асады?
объектінің шешетін есеп тұрғысынан алып қарағандағы неғұрлым маңызды қасиеттерін қарастыру
зерттелетін объектінің барлық қасиетін сипаттау
объектінің шешетін есеп мақсатына қатыссыз қасиеттерін қарастыру
объектінің маңызды үш қасиеттерін қарастыру
Оқу процесін сипаттайтын ақпараттық модельге қайсысы жатады?
үлгерім журналы
студенттер тізімі
сабақ кестесі
көрнекі оқу құралдарының тізімі
Дербес компьютердің файлдық жүйесі қандай модельге жатады?
иерархиялық
кестелік
графиктік
математикалық
"Модель" ұғымын төмендегі пікірлердің қайсысы неғұрлым дəл анықтайды?
болашақ объектінің бастапқы түрі
түпнұсқаның неғұрлым маңызды қасиеттерінен тұратын образы
түпнұсқаның дəл көшірмесі
кішірейтілген түпнұсқа
Компьютерлік модельдеу- ол:
компьютерлік құралдармен модель құру процесі
компьютер экранында модель құру
компьютер көмегімен нақты есепті шешу
компьютерлік модель көмегімен объектіні зерттеу процесі
Вербальды модель деген - ол:
жолда жүру ережелерінің жинағы
автомобиль моделі
популяцияның көбеюінің формуласы
қоймадағы тауарлар тізімінің номенклатурасы
Берілгендер үшін модель құру; алгоритм құру; программа құру; программаны орындату жəне түзету; нəтижені талдау- бұлар:
есеп шешудің алгоритмін құру
орындаушы командалар тізімі
математикалық есеп алгоритмі
компьютер көмегімен есеп шығару этаптары
Ауқымды компьютерлік Интернет желісі қандай модельге жатады?
желілік модель
кестелік модель
графиктік модель
вербальдық модель

a) қоймадағы тауарлар тізімі
b) түраралық бəсекелестік жағдайындағы популяцияның көбеюінің формуласы
c) глобус
d) жолда жүру ережелерінің жинағы
Ақпараттық модель дегеніміз:

Модельдеу этапының тізбегі:
мақсаты, объект, модель, əдіс, алгоритм, программа, тəжірибе, талдау, дəлдеу
мақсаты, модель ,объект, алгоритм, программа, тəжірибе, объект таңдалуын дəлдеу
объект, мақсаты, модель, тəжірибе, программа, талдау, тестілеу
объект, модель, мақсаты, алгоритм, əдіс, программа, тəжірибе
Индуктивті модельдеу деген:
модельді гипотетикалық сипаттау
индукция əдісімен есепті шешу
дедукция əдісімен есепті шешу
табиғаттың ауқымды заңдарының жеке жағдайы ретінде модель құру
Дедуктивті модельдеу деген:

Компьютерлік эксперимент деген- ол:
компьютерде есеп шығару
физикалық экспериментті өңдеу үшін компьютер қосу
компьютерлік программа көмегімен модельді зерттеу
физикалық экспериментті автоматты басқару
MS Exsel кестелік редакторында деректер тізімінен бірнеше ең үлкен немесе ең кіші мəліметтерді таңдау үшін қандай команда қолданылады?
a) Условие
b) Все
c) Первые 10
d) Сортировка
23. MS Exsel кестелік редакторында деректер тізімінен белгілі бір аралықтағы мəліметтерді таңдау үшін қандай команда қолданылады?
a) Первые 10
b) Все
c) Условие
d) Сортировка
24. MS Exsel кестелік редакторында мəліметтерді фильтрлеу үшін автофильтрді қосар алдында курсор қайда орналастырылады?
a) мəліметтер жазылған кез- келген ұяшыққа
b) 1- жолдың 1-ұяшығына
c) 1- бағанның 1-ұяшығына
d) мəліметтер жазылмаған кез- келген ұяшыққа
25. Геожүйе моделі не үшін қолданылады?
a) табиғатты қолдануды болжау жəне табиғатты тиімді пайдалануды басқару үшін
b) табиғатқа əсер ету үшін
c) табиғат құбылыстарын түсіну үшін
d) табиғатты өзгерту үшін

Дәріс кешені

12-модуль. Компьютерлік модельдеу
Пәннің коды MJCMN 3224
Дәріс № 1
Дәрістің тақырыбы 1: Модель туралы жалпы түсінік. Таным əдістері арасында модельдеудің алатын орны.
Жоспар:
Модель туралы жалпы түсінік.
Модельдің алатын орны.
Бастапқыда модель деп анықталған жағдайда обьектіні алмастыратын қандай да бір көмекші обьекті аталған. Сондықтан табиғат заңдарының əмбебаптығы, модельдеудің жалпалығы, жəне біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкіндіктері сəйкессіз болады. Мысалы, ертедегі философтар табиғи процестерді модельдеу мүмкін емес, табиғи жəне жасанды процестер түрлі заңдылықтарға бағынады деп санады. Олар табиғатты тек қана логиканың, талқылау əдістерінің, пікір алмасулардың, яғни замандық терминологияның, тілдік модельдеудің көмегімен бейнелеуге болады деп жобалады. Ұзақ уақыттар бойына модель түсінігі арнайы типтегі материалдық обьектілерге ғана, мысалы, манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе нақты обьектілер жасанды сызбалардың, суреттердің, карталардың модельдік ерекшеліктері арқылы сипаттала бастады. Келесі қадамда модель ретінде нақты обьект ғана емес абстрактылы, идеалдық құрылымдардың да жұмыс істеу мүмкіндіктері белгілі болды. Мұның мысалы математикалық модельдер бола алады. Математика негіздерін зерттеумен айналысатын математиктер мен филосфтардың еңбектерінің нəтижесінде модельдер теориясы жасалды. Онда модель бір абстрактылы математикалық құрылымның басқасына бейнелену, түрлендіру нəтижесі болып анықталады.
XX ғасырда модель түсінігі нақты жəне идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланады. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, əлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет. Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пəндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тəсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель білімнің мəнін нақтылау тəсілі ретінде қарастырылады.
Модель(Model, simulator) - 1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас обьектілер немесе процестер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір обьекті жұмысы, мыс., процессордың жұмыс істеуін модельдейтін программа немесе құрылғы. Ол материалдық обьект түрінде, математикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын обьектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап - оның қасиеттерінің негізгі обьектіге сəйкес келуі, яғни, барабарлығы.
Модельдеу(Моделирование; simulation) - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе обьект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) жəне талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған обьектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) обьектілердің əр түрлі табиғатын зерттеу əдісі. Модель төрт деңгейде түпнұсқаның гносеологиялық орынбасары бола алады: 1-элементтер деңгейінде, 2-құрылым деңгейінде, 3-қалып-күй немесе қызметтік деңгейін, 4-нəтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша модельдеу материалдық жəне идеалдық болып бөлінеді. Материалдық модельдеу обьектінің геометриялық, физикалық, динамикалық жəне қызметтік сипатын нақты дəл береді. Идеалдық модельдеуге обьектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.
Модель түсінігі кибернетикада бақыланатын обьектілер класын сипаттайтын теорияның моделін белгілеуде жиі қолданылады. Демек, кибернетикада берілген нақты обьектінің моделі осы обьект туралы теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу - бұл да оқып үйренетін обьекті теориясының модельденуі.
Модельдеуші(модель субьектісі) тек адам бола алады. Модельдеу обьектісі табиғи (өсімдік, күн системасы) жəне адамның ықпалымен құрылып жасанды болуы мүмкін. Модельдеу жүйесі(modeling system) - зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалық жəне физикалық аналогтарын құру жəне талдау. Модельдік тəжірибе зерттеу тəсілі ретінде жүйені жаңғыртуға жəне зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін жүйеге тікелей тəжірибе жүргізу қиын, немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін.
Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus-өлшем, үлгі) - бұл: - нақты обьектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
заттың кішірейтілгенұлғайтылған түрдегі макеті;
табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процестіңқұбылыстың бейнесі, сипаттамасы жəне схемасы;
жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты обьектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалықақпараттық аналогі;
анықталған шарттарда түпнұсқа обьектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-обьектісі;
модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін обьектініңқұбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа обьект.
Дәріс №2
Дәрістің тақырыбы 2: Модель түрлері жəне қасиеттері. Модельдеу мақсаты. Модельдің сандық жəне сапалық бағалары.
Жоспар:
Модель түрлері.
Модель қасиеттері.
Модельдеу мақсаты.
Модель - обьектінің нақты жұмыс істеуіне сəйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалық-ақпараттық алмастырушысы.
Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші обьекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.
Барлық модельдердің көп бейнелілігі негізінен үш топқа бөлінеді:
материалдық (табиғи) модельдеуші обьектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілгенұлғайтылған көшірмелер;
бейнелеуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
ақпараттық модельдер - модельденуші обьектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар,суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).
Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.
Ақпараттық модель (Информационная модель; information model) - 1) басқару жүйесінде - автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымның процесін параметрін ұсыну;
2) мəліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы; мəліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мəліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық жəне программалық тəсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формальдық баяндау.
Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға - яғни, бірнəрсе жазуға , бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі физикалық тəсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай жəне қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.
Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus-өлшем, үлгі) - бұл:
нақты обьектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;

анықталған шарттарда түпнұсқа обьектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-обьектісі; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz