Бактериофагтардың бактерия клеткасына әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
5
КІРІСПЕ
6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдеби шолу
7
7
1.1 Тарихы
7
1.2 Бактериофагтардың құрылысы
9
1.3 Бактериофаг қолданылуы
13
1.4 Бактериофагтардың бактерия клеткасына әсері
16
1.5 Бактериофагтарды алу технологиясы
18
ҚОРЫТЫНДЫ
22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
23

АНЫҚТАМАЛАР

Бактериофагтар (бактерия және гр. Phagos - жегілер), бактерия жалмаушылары - бактерияларды, т.б. микроорганизмдерді ыдырататын вирустар; бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар.
Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрлысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Вакцина - жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданылатын препараттар.
Фагтар - бактериялар және бірқатар басқа да микроағзалардың вирустары.
Фаготиптік әдіс - бір түрдеп микробтарды әр түрлі фаготиптерге бөлуге мүмкіншілік береді. Бұл әдістің жүқпа көзін анықтауда үлкен эпидемиологиялық маңызы бар.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы курстық жұмыста келесі белгілеулер пайдаланылды:
мг - миллиграмм
мл - миллилитр
м³ - метр куб
мкм - микрометр
рН- орта қышқылдығы
Сек -секунд
Г-грамм
%- пайыз
ºС- градус Цельсиясы
см - сантиметр
м- метр
сағ-сағат

КІРІCПЕ
1915 жылы Туорт агарда өсетін стафилококк колонияларының мөлдір болып жоғалуын байқады. Ондай колонияның басқа қалыпты колонияға егілуі бұл колонияның да жойылуына алып келді.
1917 жылы Д. Эррель қантышқақ бактерияларының сорпалы дақылына қантышқақпен ауратын науқастардың нәжісі фильтраттарын қосқанда сорпаның мөлдір болып, онда қоздырғыштың жойылуын байқады. Д. Эррель бұл құбылысты адам және жануар ішегінде бактерияларды ерітетін вирустардың бар болуымен түсіндірді. Ол бұл вирустарды бактериофаг деп атады.
Бактериофаг деп арнайы агент бактериофагтың микроб клеткаларын ерітіп (лизис) жіберуіне айтылады.
Фагтар ұсақ организмдер болып денесі 20 дан 200 нм ге дейін болады. Вирустар сияқты фагтар, сыртқы белокты қабықтан және нуклеин қышқылынан тұрады. Көпшілік фагтарда бұл екі жіпшелі ДНК болып келеді. Химиялық құрамы бойынша бактериофаг 50-60% белоктан және 40-50% ДНК дан тұрады. Кейбір фагтарда РНК, липид, көмірсу табылған.
Фагтарға арнайы-қасиет тән, яғни олар тек белгілі бip түрдегі бактерияларда ғана көбейіп, оларды ерітеді (лизисіне алып келеді). Фагтардың бұл спецификалық қасиеті жүқпалы аурулардың лабораториялық диагностикасында қолданылады.
Фагтар бактерия клеткасы ішінде көбейіп, оларды жойып, тығыз қоректік орта бетінде таза дақтардың пайда болуына алып келеді. Ондай дақтар фагтың негативті колониялары деп аталады. Бұл колониялардың пішіні әртүрлі болып келеді, көбінесе мөлдір орталықтан және лайланған шеткі зонадан тұрады Егер фаг оған сезімтал болған бактерия өскен сұйық ортаға қосылса, бұған дейін лайланған орта мәлдір сұйық ортаға айналады.
Фагтар сыртқы ортаға тәзімді болып келеді. Ол белгілі. дезинфекциялық - 1-2% фенолға, 0,5% сулемаға, 1,5% лизолға тәзімді болып келеді. Фагтар 70-75 С ке дейін қыздырғанда сақталады. Оларға рентген және ультракүлгін сәулелері, стрептомицин, полисахаридтер, крахмал кері әсер етеді. Организмде фаг 10-13 күнге дейін сақталады.
Фагтаң пайда болуы және табиғаты әлі күнге дейін толығымен зерттелмеген, бірақ 2 көзқарас бар:
Фаг бактериялардың эктопаразиты болып, бір бактериядан екіншісіне өту арқылы өмір сүреді (бактериялар ауруы).
Фаг эндогенді болып, ол бактериялардың даму түрінің бірі есептеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бактериофагтарды зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер орындалады:
oo Бактериофагтардың құрылысымен танысу;
oo Бактериофагтарды дайындау технологиясыг білу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдеби шолу
1.1 Тарихы
Бактериофагтар (бактерия және гр. Phagos - жегілер), бактерия жалмаушылары - бактерияларды, т.б. микроорганизмдерді ыдырататын вирустар; бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар.[1]
Оларды алғаш рет 1898 жылы орыс ғалымы Н.Ф. Гамалея (1859-1949) байқаған, 1915 жылы ағылшын ғалымы Ф. Туорт ашқан. Ал Бактериофагтар терминін ғылымға 1917 жылы алғаш рет француз ғалымы Ф. д'Эрелль енгізген. Бактериофагтар тек тірі клеткада ғана тіршілік ете алады. Ол ұзындығы 60 - 100 нм болатын бас бөлігінен және 100-200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады. Бас бөлігінде бір немесе екі ДНҚ жіпшелері, 3%-тей белок, т.б. заттар болады.
Құйрықша жиырылу қабілеті бар спираль тәрізді қаппен оралған ақуызды біліктен тұрады, оның шетіндегі базалды (негізгі) пластинкадан таралған өте жіңішке жіпшелер көмегімен Бактериофагтар басқа денеге беки алады. Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі.
Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азот тұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады.
Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады. Генетика мен молекулялық биологияның теориялық мәселелерін анықтап, шешуде Бактериофагтардың маңызы зор.[2]
Инфекцияның бұл түрін бактериофагпен емдеу жақсы дифференциалды бактериялардың сақталуын қамтамасыз етеді, ал C. diff микробтарын ғана бұзады. Бактериофагтар антибиотиктерге жақсы балама ретінде қарастырылады. Антибиотиктердің артық қолданылуына байланысты бактериялардың төзімді штамдары жиі кездеседі. Бактериофагтар сонымен қатар басқа дәрумендерге, соның ішінде дәрілікке төзімді E. coli және MRSA -ның бұзылуына қолданылады. Бактериофагтар әлемдегі көміртекті циклде маңызды рөл атқарады
Бактериофагтар - мұхиттың ең көп таралған вирусы . Пелагифаждар деп аталатын фазалар SAR11 бактерияларын жұқтырады және бұзады. Бұл бактериялар ерітілген көміртекті молекулаларды көмірқышқыл газына айналдырады және қол жетімді атмосфералық көміртегінің мөлшеріне әсер етеді. Pelagiphages көміртегі циклында маңызды роль атқарады SAR11 бактерияларды жою арқылы жоғары жылдамдықпен таратады және инфекцияны болдырмау үшін өте ыңғайлы. Pelagiphages құрамында SAR11 бактерияларының санын тексеріп, көміртегі диоксиді жаһандық өндірісінің көптігі жоқтығын қамтамасыз етеді.

1.2 Бактериофагтардың құрылысы
Фагтар - бактериялар және бірқатар басқа да микроағзалардың вирустары. Белгілі жағдайларда олар өз қожайындарының лизисін (еруін) туындатады. Фаггардың әсері табиғатта байқалады және тәжірибеде қолданыс тапқан. Фагтарды ашу және зерттеу тарихы. 1898 жылы Н.Ф.Гамалея сібір күйдіргісі бациллаларының фильтраты осы микроағзалардың жаңадан егілген дақылдарының лизисін туындататынын көрсеткен. Ф. Туорт стафилококктардың ақ, мөлдір емес колониялары мөлдірленіп, жойылатынын және стафилококктарды ерітетін агенттің, осы микроағзалардың жаңадан егілген дақылдарының жою қабілетін сактай отырып, бактериялық сүзгілер арқылы өтетінін аныктаған. Микроағзалардың еріту құбылысы сипатталды, бірақ оның табиғаты зерттелмеді.

Бактериофагтардың құрылысы
Бактериофгтарды канадтық ғалым д'Эрелль ашқан. Ол (1917 жылы) күыделікті дизентерия ауруына шалдыққан науқастан алып отырып, осы ауру қоздырғышының жаңадан егілген дақылдарын пробиркаларға салып, нәжістер фильтратын зерттеген. Термостатта инкубация өткен соң, дақыл өскен. Кейде ол өспей, еріп кетеді. Бұл құбылыс науқастың аурудан айыққан кезеңіне шақ келген.
д'Эрелль нәжістер фильтраттарының лизирлейтін қабілеті бактерияның жаңадан егілген дақылдарын кезектестіріп пассаж жасау барысында күшейе түсетінін көрсетті. Осыдан галым оларды бактериалдық сүзгілер, яғни вирустар арқылы өтетін тірі агент ерітетіні туралы қорытынды шығарған. Қазіргі уақытта оның көзқарасы галымдардың басым санымен қабылданған. д'Эрелль өзінің ашқан вирусын бактериофаг - бактерияларды жұтушы (грек тіліндегі фагос -жеуші), ал бұл құбылыстың өзін -бактериофагия деп атаған. Электрондық микроскопия ашылуымен фагтың корпускулярлық табиғаты өз дәлелін тауып, оның морфологиясы зерттелді. д'Эрелльдің жаңалығы фагтарды бірқатар жұқпалы аурулардан емдеу және оның алдын алу үшін қолданып жүрген дәрігерлер назарын тартты. Қазіргі уақытта фагтар медициналық тәжірибеде, түрлі биологиялық зерттеулерде кең қолданыс тапқан.

Фагтардың сезімтал бактериялды жасушалармен өзара әрекеттесу сатылары
Фагтардың қасиеттері
Фагтардың морфологиясы. Фагтардың басым саны басынан және құйрық бөлігінен құрылған, сол себептен оларды итбалықтармен немесе сперматозоидтармен салыстырады. Фагтардың көлемі, басының пішіні мен үлкендігі, құйрығының ұзындығы және құрылысы әр фагта ерекше келеді. Мысалы, кейде құйрығы ұзын фагтар кездеседі, олардың қапсиді жиырылмайды, кейде қысқа құйрығымен, кейде құйрықсыз және жіптәрізділері кездеседі.
Фагтардың химиялық құрылысы. Барлық вирустар секілді, фагтар бір типті нуклеинді қышқылдан (жиі ДНҚ - фагтар кездеседі) және ақуыздан құрылады. Шираққа жиырылған нуклеинді қышқылдың молекуласы фагтың басында орналасады. Фагтың қабығы (капсид) және құйрығының табиғаты ақуызды.
Фагтардың табиғатта таралуы ауқымды - оның түкпір-түкпірінде кездеседі. Фагтар оған сезімтал микроағзалар жүретін жерде кездеседі: суда, топыракта, ағыс суларында, адамның бөліністерінде және т.б. Бактериялардың белгілі түрлерінің барлығы дерлік өздері үшін тән фагтардың қожайындары болып табылады.
Фагтардың сезімтал бактериялды жасушалармен өзара әрекеттесуі бірнеше сатыдан тұрады:
Жасушаның бетіпде фагтардың адсорбциялануы;
Фагтың нуклеин қышқылының жасушаға енуі;
Репродукция;
Фагтардың қалыптасуы;
Жасушаның еруі, фагтың жасушадан шығуы.

1.3 Бактериофагтардың түрлері
Колипротей бактериофагының (Колипротеофаг) кең таралған энтеропатогенді эшерихий және протеяны спецификалы ыдырату қабілеті бар. ( Pr.mirabilis және Pr.vulgaris ). Энтероколит профилактикасы мен емінде және де, коли және протей бактериялары шақырған ауруларды емдеуде (цистит, пиелит, пиелонефрит, эндометрит, сальпингоофорит ) қолданылады. Протей бактериофагының (Протеофаг) протея бактериясыны спецификалы ыдырату қасиеті бар. ( Pr. mirabilis және Pr. vulgaris ). Протей бактериялары шақырған ішек аурулары мен іріңді - қабынған аурулар емі мен профилактикасында, ішек дисбактериозында қолданылады.
Сальмонеллезді бактериофагының АВСДЕ топтарының сальмонеллезді ыдыратады. Ересектер мен балалардағы сальмрнеллезді емдеуде және профилактикада қолданылады. Көк іріңді б актериофагының ( аэругиноз псевдомонасы ) аэругиноз псевдомонос бактериясыны спецификалы ыдырату қасиеті бар. Көк ірің таяқшасы тудырған іріңді - қабынған және энтеральді аурулар емі мен профилактикасында, мысалы, құлақтың, тамақтың, мұрынның, тыныс алу жолдарының, өкпенің және плевраның іріңді - қабынған ауруларында ; хирургиялық және энтеральді инфекция кезінде ; жаңа туылған нәрестелердің және емшектегі баланың іріңді - септикалық ауруларында қолданылады.

Сальмонеллезді бактериофаг, сальмонелезді тудыратын бактерияларды жояды.

Стафилококкты бактериофагының ( Стафилофаг ) іріңді инфекция кезіндегі стафилококк бактериясыны ыдырату қабілеті бар. Стафилококк бактериялары шақырған шырышты және ішкі органдар мен терінің іріңді инфекциясының емі мен профилактикасында (синусит, отит, ангина, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, плеврит, іріңді жаралар, абсцесс, флегмона, фурункул, карбункул, гидраденит, панариций, парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит, уретрит, цистит, пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит, гастроэнтероколит, холецистит, омфалит, сепсис ), сонымен қатар ішек дисбактериозында қолданылады. С трептококкты бактериофагының (Стрептофаг) іріңді инфекция кезіндегі стрептококк бактериясыны ыдырату қабілеті бар. Стрептококк бактериясы шақырған шырышты және ішкі органдар мен терінің іріңді инфекциясының емі мен профилактикасында (синусит, отит, ангина, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, плеврит, іріңді жаралар, абсцесс, флегмона, фурункул, карбункул, гидраденит, панариций, парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит, уретрит, цистит, пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит, гастроэнтероколит, холецистит, омфалит, сепсис), сонымен қатар ішек дисбактериозында қолданылады.
Интести-бактериофагының шигеллезді, сальмонеллезді, стафилококкты және энтерококкты бактерияны, ішектің энтеропатогенді таяқшасын, протей, аеругиноз псевдомонасыны спецификалы ыдырату қасиеті бар. Сезімтал микроорганизмдер шақырған ішек - қарын жолы ауруларының емі мен профилактикасында, яғни, бактериальді дизентерий, сальмонеллез, дисбактериоз, энтероколит, колит және диспепсияда қолданылады.
Поливалентті пиобактериофагының (Секстафаг) стафилококкты, стрептококкты, коли эшерихиясыны, протеяны ( мирабилис және вульгарис ), аэругиноз псевдомонасыны, пневмония клебсиелласыны спецификалы ыдырату қабілеті бар. Іріңді - қабынған және энтеральді ауралар емі мен профилактикасында, мысалы, құлақтың, тамақтың, мұрынның, тыныс алу жолдарының, өкпенің және плевраның іріңді - қабынған ауруларында ; хирургиялық және энтеральді инфекция кезінде ; жаңа туылған нәрестелердің және емшектегі баланың іріңді - септикалық ауруларында қолданылады. К омплексті пиобактериофа г - сұйық бактериофаг. стрептококкты, коли эшерихиясыны, протеяны ( мирабилис және вульгарис ), аэругиноз псевдомонасыны, пневмония клебсиелласыны спецификалы ыдырату қабілеті бар. Іріңді - қабынған және энтеральді ауралар емі мен профилактикасында, мысалы, құлақтың, тамақтың, мұрынның, тыныс алу жолдарының, өкпенің және плевраның іріңді - қабынған ауруларында ; хирургиялық және энтеральді инфекция кезінде ; жаңа туылған нәрестелердің және емшектегі баланың іріңді - септикалық ауруларында операциядан кейінгі жараларды өңдеуде қолданылады.
Нуклеин қышқыл түріне байланысты фагтар 2-ге бөлінеді:

Орташа фагты құрамына кіргізген бактерияларды муогенді (еріткіш),ал фагты профаг деп атайды. Бактериофагия -деп бактерия клеткасымен фагтардың қарым-қатынасын айтады.Ол келесі сатылардан тұрады.

Бактерия клеткасымен фагтардың қарым-қатынасы

1.4 Бактериофагтардың қолданылуы
Муогения немесе уыттылық конверсия шығару қабілетінің болуы; Жалпы және арнамалы трансдукцияны іске асыра алатын қасиеттердің болуы; Оларды гендік инженерияда бактериялардың генетикасын зерттеулерде; Микроорганизмдер селекциясында; Жұқпалы аурулардың болуында және емдеуінде кең қолданылады.
Фаггар табиғатта кең таралған. Ішек фагтарын су, топырақ, нәжістің құрамынан, стафилококк фагтарын мұрын, жүтқыншақ - шырышты қабықтарынан, теріден, жара бөлінділерінен алуға болады.
Кәзіргі уақытта барлық патогенді және көптеген патогенді емес микроорганизмдердің фагтары анықталған. Фагтар қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, спирохеталарларда табылмаған.
Зерттелінетін материалдан бактериофагты бөліп алу микроорганизм түрін алуға мүмкіншілік болмаған жағдайда жүргізіледі. Фагты бөліп алу үшін зерттелінетін материал фильтраты фаг көбейетін микроб түрімен қоса тығыз және сұйық қоректік ортаға егіледі. Фагтың бар екенін тест культураның (бактерияның) жоқ болуы дәлелдеиді.
Бактериофагтың тәжірибеде қолданылуы.
Бактериофагтар фагодиагностика үшін, яғни ауру қоздырғышын анықтау үшін қолданыладц. Микробтың түрін анықтауда бактериофагтың спецификалық қасиеті ескеріледі. Осыған орай микроб түрін анықтау үшін зерттелінетін микроорганизмдің таза түрі сұйық және тығыз қоректік орталарға егіледі. Оған бірнеше тамшы белгілі фаг қосылады. Сұйық орталарда микробтардың азаюы (ортаның мөлдір болуы) және тығыз қоректік орталарда өсудің болмауы фагтың бөліп алынған түрімен сәйкестігін дәлелдейді.
Фаготиптік әдіс - бір түрдеп микробтарды әр түрлі фаготиптерге бөлуге мүмкіншілік береді. Бұл әдістің жүқпа көзін анықтауда үлкен эпидемиологиялық маңызы бар.
Кейбір фагтар профилактика және ем ретінде қолданылады. Бактериофагтар бактериялардың өзгеріп тұруына күшті фактор болып саналады. Олар тірі вакцина алу үшін, антигендік қасиеттерді, токсин боліп шығаруды, антибиотиктерге тәзім қасиеттерін бір бактериядан екіншісіне өткізу үшін қолданылады. Фаг көмегімен оба қоздырғышының және тыры вибрионының авируленттік штаммдары алынған, олар жүқпалы аурулар профилактикасында. қолданылады. Фаг көмегімен стрептомицин продуценттері болатын стрептомицеттерде жоғары продуктивті штаммдары алыңады.

1.5 Фагтың бактерияларға әсері.
Фагтың бактерияны жою әрекеті бірнеше этаптардан тұрады.
1. Фаг адсорбциясы - фаг денесі бактерия клеткасы қабырғасында орналасқан арнайы рецепторларға жабысады. Фаг талшығы ушында лизоцимге ұқсас фермент орналасқан, ол бактерияның цитоплазматикалық мембранасын тесіп, сол жердей фагтың басында орналасқан ДНК бактерия цитоплазмасына енеді. Бос қалған фаг клетка сыртында қалады.
Латентті (жасырын) кезең - фаг ДНК сының бактерия цитоплазмасына енгенінен кейін басталады. Бұл кезеңнің созылу уақыты әртүрлі болып келеді. Мыс: Ішек таяқшасы мен оның бактериофагы үшін - бұл кезеңнің созылуы -12 мин. Бұл кезеңде фаг жасырын (латентті) жағдайда болғандықтан ДНК-сы анықталмайды.
Жаңа фагтың пайда болу кезеңі. Бұл кезеңде фаг ДНК-сы бактерияның генетикалық басқаруын өз қолына алып, фаг белоктарын және фаг қабықтарын синтездеуді бастайды.
Кезең соңында фагтың ДНК-сы және белокты қабықтары қосылып, фагтың жетілген бөлектерін құрайды.
Л. Клетка лизисы - фаг бактерия клеткасына жабысқаннан кейін шамамен 30 минуттан соң басталады. Жаңа пайда болған фаг басқа клеткаға енеді. Әрбір зарарланған бактерияда пайда болатын вирус белшектері 20 дан 200 ге дейін барады. Бұл сан фагтың шығуы деп аталады.
Лизогения.
Бактерия лизисіне алып келетін фагтар вирулентті фаг деп аталады. сонымен қатар клетка ішіне еніп, бірақ жоймайтын фагтар да бар. Олар клеткаға еніп, бактерия хромосомасына қосылып, онымен бірге көбейеді. Бактериялардың ондай түрін лизогенді деп атайды, олардың алдынға түрі - профагтар лизогенділерден бұрын дамиды. .
Лизогенді бактериялар профагты ұзақ уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа беруі мүмкін. Лизогенді фагтарға антибиотиктер, аскорбин қышқылы әсер еткенде профагтар клетка хромосомасынан цитоплазмаға өтіп вирулентті фагтарға айналады. Олар көбейіп, бактерияларды ерітіп, сыртқы ортаға шығып, басқа бактериллрға енеді.
Клетка - егесін жойғаннан кейін фаг оның кейбір гендерін алып, оны хромосомалық аппаратқа енгізуі мүмкін. Профагтың бактерияны жоюға қатысты әрекет құбылыстарын лизогения деп атайды.
Туляремия қоздырғышы (Francisella tularense).
Қоздырғышты бірінші болып 1910-1912 жылдары американдық бактериологтар Кой және Чепин кеміргіш мәйтнен Туляре аймағында алған.
Морфологиясы, биологиялық қасиеттері. Ұсақ, кокк тәрізді бактериялар, полиморфтық қасиеттері бар; таяқша, жіпше тәрізді түрлері кездесуі мүмкін. қимыл-әрекетері жоқ, спора түзбейді. Нәзік капсуласы бар. Барлық анилин бояулармен жақсы боялады. Грам теріс, аэроб, қарапайым қоректік орталарда өспейді. Дақылдау үшін қоректік орталар құрамында қан, лецитин, цистин болуы қажет. Сұйық қоректік орталарда микроб жақсы өспейді. Тығыз қоректік орталарда бір неше күннен кейін ұсақ, ақшылдау, көгілдір түсті колониялар түзеді. Микробтарды жасанды қоректік орталарда ұзақ өсіргенде вирулентті S түрлері авирулентті R-түрлеріне айналады. Патогендік әсері эндотоксинмен байланысты.
Төзімділігі. Сыртқы ортада төзімді. Топырақта, суда 4 С температурада 4 айға дейін сақталады. Температура 20-25 С ке дейін көтерілгенде 1-2 айдан кейін жойылады. Нанда 14 күнге дейін, кептірілген етге 31 күнге дейін сақталады. 60 С температураға дейін қыздырғанда 20 минутта, қайнатқанда тез жойылады. Күн сәулесі микробтарды 20-30 минутта, 50 % спирт 5 минутта жояды.
Антигендік құрылымы. Толық зерттелінбеген. Антигендік комплексі анықталған-Vi- қабықтық (микробтың вируленттігімен байланысты) және О-соматикалық (денелік).
Патогенділігі. Туляремия микробтары көп түрдегі жануарлар үшін патогенді. Әсіресе тышқан, қоян және басқа кеміргіштер өте сезімтал, оларда ауру септицемия түрінде отіп өліммен аяқталады.
Патогенез, клиника. Микроб зақымдалған және зақымдалмаған тері, жоғары тыныс жолдары, ас қорыту жолдарының, көздің шырышты қабықтары арқылы жүғады. Жұқпаның ену жолдарына байланысты туляромияның бір неше клиникалық түрлері бар; жаралы-бубонды, кезді-бубонды, ангинозды-бубонды, екпелі, абдоминалды, жалпы түрлері. Аурудың ағымы қатерсіз, 3 күннен 7 күнге дейін созылатын инкубациялық кезеңнен кейін жедел, продромальды кезеңсіз, дене қызуының көтерілуімен - 38-39 С , бас аурумен, бұлшық еттің ауырсынуымен басталады. Микроб лимфа жүйесіне еніп, лимфа түйіндерінің қабынуына алып келеді. Бубоидар дененің әр жерінде пайда болады. Бубондардың пішімдері алма көлеміне дейін барады, көбінесе іріңдеп, ұзақ уақытқа дейін жазылмайды.
Микроб бактериемиясы басқа мүшелерді (бауыр, көк бауыр) зақымдайды. Ауру кезінде организмде аллергиялық қайта құру дамиды, ол көптеген жылдарға дейін сақталады. Ауру орташа есеппен 16-30 күнге созылады, жазылумен аяқталады.
Иммунитет. Ауырғаннан кейін иммунитет тұрақты
Микробиологиялық диагностика. Туляреминмен аллергиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ген инженериясының кезеңдері
Бактериялар мен вирустардың генетикасы және өзгергіштік
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия
Гендік инженерия жайлы
Ағзаларды клондау жайлы
Ген инженериясы туралы
Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар. Вирустың клеткаға өтуі
Клондау - организмдерді жыныссыз жолмен көбейту
Вирусқа қары заттар
Вирустық жұқпалылардың таралуы жолдары, зақымдану жолдары
Пәндер