Аллаһтан жәрдем сұраңдар


Ислам дініндегі құпия тылсым әлемі
Жоспары
КІРІСПЕ . . . 3
І Ислам дініндегі тылсым күштер
- Мұсылмандардың дүниетанымындағы табиғи құбылыстар
- Құран Кәрімнің ғылыми ашулары және тылсым әлеміне дәлелдер
ІІ Исламдағы эзотерика және мистикалық тәжірибе
2. 1 Ислам шариғатында сихр үкімі және оның салдары
2. 2 Сопылық: ислам мистицизм жолы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Адам баласы сонау орта ғасырлардан бастап жер жүзін, әлемді, адам болмысын тануға ұмтылып, зерттеп келе жатқанымен, дөңгеленген дүниенің ашылмаған сырлары қаншама?!
Қазақ тілінде керемет, ғажап, ғажайып, тамаша, таңданарлық, қайран қаларлық, керім сияқты мағынасы бір-біріне жақын, бірінің орнына бірі қолданыла беретін синонимдік сөздер бары белгілі. Осы мағыналас сөздер білімнің арқасында адамның қолымен жасалған техникаға, өнерге, құрылысқа байланысты жетістіктерді көрсету үшін қолданылады. Ал, Құдірет пен Мұғжиза адамдардың қолдарынан келмейтін, тек Аллаһ тағала тарапынан болатын істерге ғана қолданылатын сөздер.
Ал, Аллаһ тағаланы көру тағдырға жазылмағанмен, бірақ бар екендігіне соңғы кезде (Кеңес үкіметі құлағаннан кейін) көзіміз толық жетті. Ол үшін бұған сенудің жолы - бірнешеу. Ең бастысы, Жаратушы Аллаһ тағаланың бар екендігін ол өзінің ғылымымен, құдіретімен, кереметімен еріксіз сендіреді, мойындатады. Бұған дәлелдер жеткілікті. Айталық, қазіргі ғылымның шамасы келмейтін, ғылымдардың өресі жетпейтін, тек Аллаһтың ғана қолынан келетін істі Құдірет деп айтамыз. Бірақ, бір құдіреті мен екінші құдіретінің арасында миллиардтаған жылдардың өтуі мүмкін. Мысалы, ғылымның жаратылуы, ақырзаманның болуы, қиямет-қайымда өлген адамдар мен жан-жануарлардың қайта тірілуі.
Тақырыптың өзектілгі: Құдірет пен Кереметті жасай алатын тек - Аллаһ. Ал, Мұғжиза жай адамдардың емес, жоғарыда айтқанымыздай, пайғамбарлардың Аллаһ тағалаға жалынып-жалбарынуымен іске асады. Анық олай болса, адамдардың сана-сезімдерінің арқасында техниканың күшімен игеріліп жатқан тамаша игі істерді көргенде: «Мынау техниканың құдіреті ғой немесе пәленше мен түгеншенің тапқырлығымен болған керемет қой бұл!» - деп, таңырқаудың реті жоқ. Өйткені, көзге шалынған барлық құбылыстар мен көріністерді сол күйінде айнытпай, сөзбен суретін салып, оның мән мағынасы мен түр-түсін беруге қазақ тілінің байлығы толық жететінін ескерейік, ағайын.
Әһли-сүннет ғұламалары сиқырдың рас екенін мойындайды. Оның қайсыбір түрлерінің материялық әлемге әсер ететінін де растайды. Алайда ғалымдар осы бір тылсым әсер сиқыршының емес, Аллаһтың жаратуымен ғана болады деп санайды. Яғни, сиқыршы тылсым күштің себептерін ғана жасайды, ал оның салдарын Аллаһ жаратады. Бұхари, Мүслим сынды сахих хадис кітаптарында Аллаһ елшісіне де (аләйһи әкмәләтут-тахайя) дуа жасалғаны баяндалады. Муғтазила ғалымдары мен кейбір модернист тәпсіршілер мұндай оқиғаның болғанын мойындамаса да, сенімді қайнар көздерде мұндай жайттың болғаны анық айтылады. Белгілі бір хикметпен Хақ тағала Пайғамбарымызға жасалған дуаның оған әсер етуіне рұқсат еткен. Осының салдарынан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «муқаррабиннің қателесуі» («Муқаррабин» - Аллаһқа жақын болғандар деген мағынаны білдіретін арапша сөз. ) ретінде пайымдалатын бір-екі «сәһу» яғни, кішігірім қателіктер жасағаны кейбір сахабалар тарапынан (кішкене айырмашылықтармен) риуаят етілген.
Бүгінгі ғылым мен техника жан-жақты дамыған заманда физикалық әлемге сырттай ықпал ететін басқа да көзге көрінбейтін күштер туралы айтыла бастады. Соның бірі қазіргі әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартып отырған - парапсихология саласы. Парапсихология қалыпты табиғат заңдары бойынша түсіндіруге келмейтін оқиғаларды, яғни тылсым дүниелердің жаратылысқа әсерін зерттейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі тілге тиек етіп жүрген медиумдар (көріпкел, балгерлер) мәселесіне келсек, бұл жындардың әрекеті болуы мүмкін. Өйткені жындардың әлемі біз үшін тылсым жұмбақ. Адам бойында жаратылысынан бар келеңсіздікке қарсы тұру қуатын дұрыс пайдаға асырмағандықтан, осындай осалдықты тиімді пайдаланып жүргендердің әрекеті сиқырмен (дуамен) шатастырылып жатқан болуы да мүмкін. Қалай дегенмен сиқырдың (дуаның) бар екендігі және оның тылсым күш екендігі - ақиқат.
Алайда соңғы кездері адамдар арасындағы рухани тоқыраудың әсерімен не болса соны сиқырға балап, илану көбейіп барады. Ерлі-зайыптылардың сөзге келіп қалуы, еркектің белсіздігі, сәтсіздіктен көз ашпау, жас келіннің бала көтере алмауы секілді үлкенді-кішілі келеңсіз жайттардың барлығын сиқырдан көру (дуадан) жиілеуде. Ал байыптап қарайтын болсақ, бұлардың кейбірі талапсыздықтан туындаса, енді біреулері денсаулықтың кінәратынан туындайтын келеңсіздіктер. Мұндай келеңсіз жағдайлардың себептері мен шешімін сол саланың мамандарынан іздеу анағұрлым жөн. Өкінішке орай, замандастарымыз арасында мәселені байыбына бармай жатып қит етсе болды «дуалап тастаған ғой» деп тон пішіп, балгер, тәуіп, емші жағалағыштар жоқ емес. Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне дуа жасалғанын ұққан сәтте-ақ, дереу Аллаһ тағаладан шипа сұрап, тілек тілейтін.
Материядан тыс метафизикалық болмыстар туралы түрлі пікірлер бар. Осы сипаттағы оқиғалар көбіне пайғамбарлар, әулиелер, сәуегейлер және ішінара университет ғалымдары тарапынан жеткен. Бұлардың барлығы бір мәселе төңірегінде ортақ тұжырымда, яғни материядан тыс әлемнің бар екенін айтады.
Бүгінде жын, шайтан, періште, сондай-ақ түрлі рухани болмыстарға қатысты ең кешенді зерттеулерді батыс әлемі жүргізуде. Бір кездері материализмге әбден бой алдырған батыс бүгінде рухты толыққанды тануға қайта бет бұруда.
Материя болмысы рухқа тәуелді. Тіршілік иелері тек біз өмір сүретін әлемдегі бізге мәлім құбылыстармен шектелмейді. Мәселен, жер шары өзге ғаламшарлармен салыстырғанда кішкентай, тіпті елеусіз де. Жер шары осы күйімен-ақ қаншама тіршілікке талбесік болып отырса, біз әлі зерттеп үлгермеген ғарыштық әлемдердің, жұлдыздардың да бос тұруы мүмкін емес. Олардың да өздеріне тән тіршілігі және тұрғындары бар болуы мүмкін. Біздің терминологиямызда бұлар: періште, жын, шайтан - жалпы рухани болмыстар деп аталса, жалпы ғылыми ұғымда метафизикалық болмыстар деп нақтыланады.
Жұмыстың мақсаты-міндеттері: Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - ислам дініндегі тылсым әлемінің орны және оның ерекшеліктері. Осы мақсатқа жету үшін бір неше міндеттер қойылады:
- Мұсылмандардың дүниетанымындағы табиғи құбылыстар;
- Құран Кәрімнің ғылыми ашулары және тылсым әлеміне дәлелдер;
- Ислам шариғатында сихр үкімі және оның салдары;
- Сопылық: ислам мистицизм жолы.
Зерттеудің нысаны. Құпия тылсым әлемі.
Зерттеудің пәні. Ислам дінінің санадан тыс тылсым әлеміне көзқарасы және дәлелдері.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: Ислам дініндегі тылсым күштерге қатысты қазақ тілінде жазылған нақты еңбек болмағандықтан дипломдық жұмысты жазу барысында көбінде шетелдік, әсіресе түрікше әдебиеттерден пайдаландық. Атап айтар болсақ: Prof. Dr. Sedat Veyis Örnek, «100 Soruda İlkellerde Din, Büyü, Sanat, Efsane», Sevki Yavuz. Kuran Kerimde Tevekkur ve Tartisma metodi. Ömer Nasuhi Bilmen. Büyük İslam İlmihali . Osman Nuri Topbaş. Tassavuf. Hilmi Ziya. İsmail Lütfü Çakan. Hadislerle gerçekler. Sulaiman Uludag. İslam DüşünncesınınYapısı және Малиновский Брониславтың «Магия, наука и религия» еңбектері. Сондай-ақ қазақша әдебиеттерден атап айтатын болсақ: Бекен Т. «Ислам және медицина». Бекташ А. Тілегенова А. Дінтану . Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары және Ғарифолла Есімннің бірнеше еңбектері.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.
І ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ТЫЛСЫМ КҮШТЕР
- Мұсылмандардың дүниетанымындағы табиғи құбылыстар
Заңдылықтар мен себептер - арадағы дәнекер: олар иләһи бұйрықтар мен нәтиже арасында күзетшідей ғана қызмет атқарады.
Аллаһ тағала материялық әлемді жаратқан кезде, бұл әлемнің ажырамас бөлігі болып саналатын табиғат заңдылықтары мен себептерін де қоса жаратқан. Алғашқы жаратылысқа бұйырылған «Бол! (кун) » әмірімен жоқтан бар болғандар да жоғарыдағы қағидаға бағынады. «Және оған барлық нәрседен бір себеп бердік» аяты да осы шындықты дәлелдейді.
Алайда осы заңдылықтар мен себептердің барлығы Аллаһ тағаланың ұлылығын жасырып тұрған шымылдық қана, ал, негізінде, олардың арғы жағында бүкіл құбылысты басқарушы әрі барша болмыс атаулыны себептерімен қоса жаратушы біреу бар: ол - Аллаһ тағала. Заңдылықтар мен себептер Оның шексіз ұлылығының шынайы әсері мен ықпалын паш ету қызметін атқарады. Ол Жаратушы Иенің ұлылығына пенденің сырттай баға беруінен қорғайтын шілтерлі перде іспеттес деп Топбаштың енбегінде келеді. [1, 45 б. ] .
Сондай- ақ Топбаштын тағы бір еңбнгінде: Тіпті адамдар арасында да басшылардың өздеріне тән абырой-беделі, лауазымы бар. Сондықтан олар жұмыстарын тікелей өзі емес, көбіне біреулер арқылы басқарып отырады. Әр бөлімдегі жұмысқа тікелей араласа бермейді, көп көрінбейді де. Лауазымына қарай жұмыстарды басқаларға орындатады. Мәселен, бір елдің мемлекет басшысы қалалық әкімшілік қызметкері сияқты қолына қағаз алып, көше-көшені араламайды, өйткені бұған оның лауазымы жол бермейді. Кез келген генерал бөлменің тазалығы, қару-жарақтың күтімі сияқты істерді қол астындағы әскерлерге жасатады, лауазымы жоғары болғандықтан оны өзі істемейді.
Салыстыруда қателік кетпесін, дегенмен барша болмыс атаулының Иесі - Аллаһ тағала да бүкіл әлемде болып жатқан барлық істерді заңдылықтар мен себептерді араға қоя отырып басқаруда. Өйткені Оның ұлылығы осыны қажет етеді. Бір ерекшелік: Аллаһ тағаланың өзінің ұлылығына перде еткен нәрселері болмыстың жаратылуына ықпалын тигізе алмайды.
Демек, заңдылықтар мен себептер үкіметтегі заң орындаушы мекемелердің жоғарыдан келген бұйрықтарды жүзеге асырғаны секілді қызмет атқарады. Ал түптеп келгенде, бүкіл істерді орындайтын әрі орындататын бір ғана күш ол - Аллаһ тағала.
Табиғат заңдылықтары мен себептер орынсыз арыз-шағымдарға әуелгі тосқауыл болу үшін жаратылған. Заттар мен құбылыстардың екі жағы бар: мүлк және мәләкүт. Басқалай айтқанда, физикалық әрі метафизикалық, яғни дәл айна секілді. Оның бір беті мөлдір, жылтыр, таза, әдемі әрі ақаусыз; екінші беті қап-қара, кір, ұсқынсыз әрі ақауы бар. Дәл сол сияқты заттар мен құбылыстардың «мәләкүт» жағын білдіретін ішкі бетінде заңдылықтар мен себептер болмағандықтан, ол бетте кір, ақау не ұсқынсыздық жоқ. Мұнда әр нәрсе мөп-мөлдір, жып-жылтыр әрі тап-таза. Оған бір-екі мысал келтірер болсақ, тіршілік, нұр және мейірім-шапағат үшеуін алуға болады. Ал «мүлк» жағы деген сыртқы бетінде Аллаһ тағаланың ұлылығына, кемелдігіне және сұлулығына керағар, көзге, құлаққа, мұрынға тіпті сана-сезімге ұнамайтын біршама жайттар. Міне, заңдылықтар мен себептер осындай жағдайларда перде, кейде тосқауыл болсын деп жаратылған. Аллаһ тағала жаратылысты осылай басқарады.
Сонымен қатар, жөн-жосықсыз әрі орынсыз арыз-шағымдардың тікелей Аллаһ тағалаға қарсы бағытталмауын қамтамасыз етудің сыры да заңдылықтар мен себептердің жаратылуын қажет етеді. Өйткені, ақыл-ойы таяз надан адамдар көбіне заттар мен құбылыстардағы нәзік те шексіз хикметтерді, нәтижеде туындайтын қаншама әсемдіктерді көре алмағандықтан, тікелей Аллаһ тағалаға шағымданып, ауыр сөздер айтады. Әйтсе де мұндай шағымдар - шағымға себеп болған мәселеден де қатерлі. Өкінішке қарай, көбіне мұндай наразылықтар одан да бетер бақытсыздыққа ұрындырады. Міне, Рахман әрі Рахим Аллаһ тағала шексіз мейірімділіктің белгісі ретінде істерін себептер мен перделер арқылы көзден тасалап, пенделердің ең сорақы бақытсыздыққа ұрынбауын қалап әрі оларға орынды себеп-сылтаулар тарту еткен [2, 98 б. ] .
Сондықтан болар, бауырына басқан перзентінен айырылып, жер құшып қалған ананың ызасы мен наразылығы ауру не қайғылы қазамен бүркемеленіп, нәрестесінің өлімінен де бетер қасіреттен, яғни Жаратқан Иеге тіл тигізуден аман қалады. Құлдарын шексіз мейірім-шапағатымен аялаған Аллаһ тағала қандай ұлық десеңші! Тіпті осы «Ұлы, ұлық» сөздерінің өзі Оның шын мәніндегі ұлылығын әсте ашып бере алмайды.
Табиғат заңдылықтары мен себептер Жаратқанның шексіз құдіретін көрсету үшін жаратылған. Шебердің ұсталығы жасаған туындысының құндылығына қарай өлшенеді. Ал Аллаһтың ұлылығын байқау үшін айналаға бір сәт көз жіберу жеткілікті. Сан түрлі дауысқа салып құстардың сайрауы, алуан түсті гүлдер, сан мыңдаған жәндік түрлері, көздің жауын алар ғажайып өнер туындылары . . . айта берсек таусылмайды. Міне, Аллаһ тағала табиғаттың тілімен олардың бәріне өзінің ұлық есімдері мен сипаттарын әуенге салдыруда әрі осы ұлық есімдері мен сипаттарының көріністерін себептер «көрмесіне» жайып салып, саналы тіршілік иелеріне тамашалатуда. Өзі де олардың таңданысын тамашалауда.
Басқалардан артық қасиеті бар кез келген жан онысын өзі де көргісі келеді, өзгеге де көрсеткісі келіп тұрады. Бұл өнер адамдарында да кездеседі. Олар өз өнер туындыларын көрмелер мен галереяларға қойып, көпшіліктің тамашалағанын, бағалағанын қалайды (пенденікі қайдан мінсіз болсын) . Мұндай көрмелердің көптігі сонша, күн сайын біреуі ашылып, біреуі жабылып жатады. Негізі адамдағы кемелдік пен әсемдік, шынайы Сұлулық пен Кемелдік егесі - Аллаһ тағаланы тануда өлшем бірлігі ретінде пендеге өте аз мөлшерде берілген. Бұған қоса, осындай өлшеу құралымен болса да, хас Сұлулық пен нағыз Кемелдік иесі - Аллаһ тағаланың өзінің сұлулығы мен кемелдігін көргісі әрі көрсеткісі келгендігін, сол үшін табиғатты тамсана тамашалайтын ғажап көрмеге айналдырғанын пайымдап түсінуге қашан да жол ашық. Әрине, егер адам баласы терең ойлана білсе, онда Оны шын мәнінде ұлықтап, пәктер еді. Аллаһ тағаланы ұлықтап, еске алу шынайы құлшылықтың не екенін ұғудан барып туады. Мұндай ғибадат - адамның, тіпті бүкіл болмыс атаулының жаратылыс мақсаты екені шындық. Міне, себептер баспалдағы бізді осы мақсатқа бастап, жаратылыс мәнін ұқтыру тұрғысынан аса маңызды дер едік.
Табиғат заңдылықтары мен себептерде біртіндеп даму ерекшелігі қалыптасқан. Бұл - иләһи шеберліктің ұлылығын дәлелдейтін ең сырлы дәлелдердің бірі. Өйткені әрбір дәрежеде, әрбір сатыда ұлық есімдерді бір-бірлеп алдымызға жайып салуы, тұтастықтағы теңдессіз шеберліктің оның әрбір бөлшегінде де сақталуы тек қана Аллаһ тағаланың шеберлігіне тән нәрсе, ол осындай Ұлы Шеберге ғана жарасатын ерекшелік. Дәл осындай ерекшелікті басқа ешбір өнер туындысынан көру не көрсету мүмкін емес.
Табиғат заңдылықтары мен себептер - біздің мына тылсым әлемде ғұмыр кешуіміздің қажеттілігі мен мақсаты. Ақырет - құдірет әлемі, ал бұ дүние - хикмет әлемі. Яғни, о дүниеде құдірет-күш басым болса, бұ дүниеде тылсым сырлардың салмағы ауыр. Сондықтан о дүниеде заңдылықтар мен себептер өз үкімін жүргізе алмайды. Алайда бұ дүниеде тылсым сырлардың қажеттілігіне қарай заңдылықтар мен себептер іске қосылуда.
Аллаһ тағаланың Халиқ (жаратушы), Рәззақ (рызық беруші), Шәфи (шипа беруші), Муқаддир (барлық нәрсені белгілеуші), Мусаууир (бейнелеуші, түрге салушы) . . . секілді ұлық есімдерінің қатарынан Хаким есімі де орын алады. Аллаһ осы қасиетті есімі арқылы хикметпен жаратады; хикметпен заңдылықтар мен себептерді өзінің істеріне дәнекер етеді; хикмет пен себеп-нәтижені байланыстыра отырып, болмысты жоқтан бар етеді деп Сулайман Улудаг жазады [3, 87б. ] .
О дүниеде хикмет емес құдіреттілік үкім жүргізетіндіктен, Аллаһ тағала ол жақта шексіз құдіретін көрсетеді. Мына өткінші пәни дүниені барша заңдылық, себептерімен қоса тып-типыл етіп, жаңадан мүлдем өзгеше өлшемдер билік ететін әлем жасайды. Ол әлемде бұл дүниеге тән қаншама құндылық өлшемі бар болса, бәрі өшіріледі, болмыс басқаша пішінге еніп, құдірет шеберханасына жіберіледі.
Құдірет үкім жүргізетін ол мәңгілік өмірде жәннат жемісін жеу үшін жер жыртып, тұқым себудің қажеті жоқ. Жәннат киімі ешқандай ине-қайшы тимей-ақ тігілген күйде адамға кигізіледі. Ол жерде ескіру, әжім басу, қартаю және өлу деген ұғым болмайтындықтан, сол жағдайларға түрткі себептер де атымен болмайды. Бұл дүние - қызмет ететін орын, ал о дүние - жасалған қызметтің ақысы берілетін жер. Сондықтан ол жерде сауапты істердің рахатын көру үшін бұл дүниеде аянбай тер төгіп, еңбек ету керек әрі себептерді есепке ала отырып әрекет еткен жөн. Алайда о дүниеде бұл себеп те басқа себептердің кебін киіп, көзден таса болады. Онда еңбек етуге деген қажеттілік те болмайды.
Заңдылықтар мен себептер шымылдық рөлін атқарады. Ғайыпқа сенетіндер мен сенбейтіндерді бір-бірінен ажырату үшін көзіміз бен ғайып арасына түрілген перделер иманды жандардың имансыздардан ажыратылуын жеңілдетеді. Ғайыпқа сену - мүмін адамның ең айрықша белгісі. Бұл жерде мына мәселеге көңіл бөлген жөн.
Аллаһ тағала қаласа, заңдылықтар мен себептерді жаратпас еді. Тіпті Аллаһ қаласа, көзге көрінетін бір періштеге міндеттеп, бізге жердің тартылыс заңдылығы туралы сөз қозғатпас еді. Я болмаса нәрестенің дүниеге келуі үшін бізге бір қасиетті дұғаны үйретсе, біз сол дұғаны оқып-ақ нәрестені есіктің алдынан тауып алар едік. Егер Аллаһ тағала қаласа, аспандағы жұлдыздарды әріптің орнына пайдаланып, барша адамзат оқи алатындай етіп өз атын жазып, Өзін бізге танытар еді. Не болмаса Аллаһ тағала әр адаммен бетпе-бет сөйлесіп, әу бастан-ақ адамды осындай қабілеттермен жаратар еді. Осы айтылғандар мен әлі де айтылмай қалғандардың бәрінің де болуы мүмкін еді. Алайда мұндай жағдайда бұ дүниедегі негізгі мақсаттың ешбір қадір-қасиеті қалмас еді. Өйткені адамның жаратылудағы мақсаты - сынақ. Егер де жоғарыдағы айтқандарымыз болғанда, онда ақылдың да, құлшылықтың да ешқандай мәні болмас еді. Бұл дегеніңіз адамның өз еркіне жол бермей, қаласа да, қаламаса да, иман келтіруге мәжбүрлеу болып шығар еді. Егер шын мәнінде солай болғанда, онда алмастай жарқылдаған Әбу Бәкірлердің қара ниетті Әбу Жәһилдерден ешбір айырмашылығы болмас еді. Сынақтан мән қашқандықтан, құлшылығымен періштелерді де басып оза алатын адам баласының дәрежесі тұрақтылықпен шектеліп, оның жаратылыс мақсатының да мәні жойылар еді. Өйткені адам жаратылмай тұрып-ақ дәрежесі тұрақты періштелер бар болатын деп көненің көзі, дананың сөзі атты енбекте келеді [4, 36 б. ] .
Адам баласы жаратылған күннен бері қоршаған ортаны зерттеп-зерделеп, жаратылысы беймәлім заттар мен құбылыстардың ақиқатына көз жеткізді . . . мәдениет пен технология да адамның осындай тынымсыз еңбегінің нәтижесінде қазіргі деңгейіне жетті. Алайда о бастан-ақ бүкіл болмыстың қыр-сыры белгілі болғанда, адамның білуге деген құштарлығы мен әуесқойлығы жоғалып, оның бойында зерттеуге, ойлап табуға деген құлшыныс, талпыныс, ізденіс секілді жасампаздыққа бастайтын күш болмас еді. Сөйтіп, адамдар дүниеге келген кездегі қалпымен ештеңеге қызықпай, мына пәни дүниеден кетуге асығар еді. Дүниеге көзін ашқан күннен бастап өлетін күнін күтуден басқа ісі жоқ бейшара адамның осындай аянышты жағдайы бәріміздің басымызға туар еді. Бәлкім, оның аты қазіргіден басқаша болар ма еді? Дегенмен ондай ұғым болмағандықтан, болмаған нәрсеге атау да бере алмаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz