Кәсіпкерліктің даму ерекшіліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
I.Кәсіпкерліктің даму ерекшіліктері
3. Қорытынды

Кәсіпкерлік: дамуы
Буржуазиялық саяси эканомикада "кәсiпкерлiк" түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк - инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: "Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады". 2
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда "кәсiперлiк" деген термин, одан да бұрын "антрепренер" француз тiлiнен аударғанда "делдалдық" дегендi бiлдiредi. Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерцияқ дамуына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған. ХІІІ ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарында -- мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған. XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымеи қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады.ХІХ ғасырдың екінші жартысында натуралды шаруа шылықтың бөлінуі Қазақстанның Ресей, Орта Азия, Қытаймен сауда қатынастарының жалғасуымен ұласты. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және шетелдік капиталдың келуі де үлкен пайдасын тигізді. Өте кең дамығаны -- банк капиталы болды. Сауданың стационарлық жене жәрмеңкелік түрлері етежақсы дамыды. Жөрмеңкелік сауда бүкіл ресейлік сипат ала бастады. Осы кезеңце шет ел капиталының әсері өте маңызды болды. Ақпан жөне Казан төңкерістерінің өсері рыноктық экономикалық байланыстардың өлсіреп жойылуына әкеліп соқгы.
Нарықтық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызына келетін болсақ, кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайдыСоңғы он төрт-он бес жыл бойы республиканың әлеуметтік-экономилық саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылатыны -- кәсіпкерліктің ел экономикасының маңызды элементі екенін дәлелдейді. Нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі - кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми-техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды пайдалану, ақша қаражаттарының аз жұмсалуымен және т.б. байланысты.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Нарықтың даму тарихы және теориясы
Муниципалдық менеджмент
НАРЫҚТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ ТУРАЛЫ
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Жалпы және өмірді сақтандыру
Еңбек нарығы туралы түсінік
Пәндер