Тауарды жеткізу шарты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қаржылық есептің халықаралық стандарттарының еңгізілуіне байланысты қазіргі шаруашылық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады. Қоғамдар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікі капиталдармен қатар басқа тартылған капиталдарды да қолданады. Сол тартылған капиталдың бірі болып қоғамның жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы берешек қарыздары саналады Қазіргі кезде, жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есептесуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жағдай ұнемі шаруашылық құралдардың айналымы мен түрлі есептеулердің үзіліссіз жанарып тұруына ықпал етеді. Кең таралған есептеудің бір түрі болып жабдықтаушылармен шикізат, материалдар, тауарлар және де т. б. құнды заттар үшін есеп айырысу табылады.
Кез келген қоғам үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау эканомикалық және әлеументтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Қоғам өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техника мен қамтамасыз ету жөнінде келісімшартқа отырады.
Ендігі жерде тұрған мәселе, ол қоғамың қызмет көлемін үлғайтып, ал экономикалық - өндірістік қатынастарда болатын партнерлар санын көбейту, сөйтіп ішкі нарықта өз қызметтеріне сұранысты ұлғайтып, ұзақ шаруашылық қызмет атқару болып табылады.
Қоғамдар жабдықтаушы немесе мердігерлермен келісім-шартқа отырарда қоғамдарда кемшіліктер, келіспеушілік болмас ұшін, алдымен оны зерттеп танысып алу керек. Сонан кейін түсініспеушілік болмас үшін сол қоғаммен келісім-шартқа отыру керек. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен уақытылы және дұрыс есеп айырысу өте маңызды. Егер қоғамдар жабдықтаушылар мен мердігерлермен дер кезінде есеп айырыспаса, онда келісім-шарт бойынша өсімақы төлеу міндеті жүктеледі, осыдан келе, қоғамның шығындарының ұлғаюына әкеліп соқтырады да, қоғамның беделін түсіруде көрініс табады. Жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу-не тауарлы материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электрэнергиасын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т. б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар аккредетивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады . Жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты- жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың теориялық негіздері мен тәжірибелік аспектілерін зерттеу. Осы қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі мәселелер қарасытылады:
- Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу операциялардың
мәнін ашу;
- Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың құқықтық реттеуін зерттеу;
- Жабдықтаушылармен есеп айырсуда құжаттардың ресімделуін қарастыру;
- Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырсудың жетілду жолдарын іздестіру.

Курстық жұмысты орындау барысында Салық кодексі, Азаматтық кодексі, ХҚЕС-ы және тағы басқа әдебиеттер қолданылған.

Есеп саясаты - бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау жəне ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер жəне тəжірибе.

Бағалаудағы есептік өзгеріс - бұл активтің немесе міндеттемелердің қаржы есептілігі туралы есептік құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынуда активтердің жəне міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нəтижесі болып табылады жəне тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) - бұл Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары жөніндегі кеңес (ХҚЕС) қабылдаған Стандарттар жəне Түсіндірулер. Оларға мыналар кіреді:

-Халықаралық Қаржылық есептіліктің стандарттары ;

-Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары ;

-Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша түсіндірме комитетінің Түсіндірмесі; жəне

-Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің Түсіндірмелері.

Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олардың əрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне əсер етсе Маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мəтініндегі бағаланатын мөлшеріне жəне сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін.

Өткен кезеңнің қателері - бұл ұйымның бір немесе одан көп кезеңдегі мынадай сенімді ақпаратты пайдаланбауы немесе қате пайдалануы салдарынан қаржы есептілігіндегі қателер жəне сенімсіз деректер:

1) осы ақпарат осы кезеңдердің қаржы есептілігін бекіту үшін рұқсат етілген болғанда; жəне

2) берілген ақпаратқа қатысты оның осы қаржы есептілігін дайындау жəне ұсыну кезінде алынатын жəне ескерілетінін күту негізделген болуы мүмкін болған кезде.

Мұндай қателерге есептеулердегі дəлсіздіктердің, есеп саясатын қолдану кезіндегі қателердің, фактілерді толық бағаламаудың немесе дұрыс түсіндірмеудің, сондай-ақ алаяқтықтың салдары кіреді.

I. ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Ғалымдардың еңбегіндегі жабдықтаушылармен және мердігерлермен

есепайырысудың толық жетілдіру сұрақтары.

«Қазақстан аудит орталығы» тәуелсіз аудиторлық компаниясының директоры В. В. Радостовецтың ойы бойынша, жабдықтаушы мен тапсырыс берушінің арасындағы есептеуде басты проблемасы талапқа көну келісім шартын бұрыс құруда деп есептейді. Талапқа көну келісім-шарты, кейде «цессия-келісім шарты» деп аталатын, төлемсіз шешу проблемаларында кең қолданылатын нормативті-заңды құрал болып табылады. Цессия келісім-шарты бойынша бір заңды тұлға қайтару негізінде міндеттерінің құқысын атқару талабын басқа заңды тұлғаға толық немесе жартылай мөлшерде тапсырады. «Бастысы, кез-келген цессия келісім-шарт мәтініндегі тиісті болуы - ескіден жаңа кредиторға құқығының негізін жіне ретін тапсыруы. Бұл жерде, цессия келісім шартында екі жақта, мысалға: тек, тапсырылған қарыз ақшаның саны немесе тауардың сапасы, басқа тұлғаға берілу талаптары көрсетілуі керек емес, сонымен қатар міндетті түрде, айқын жағдайлардың туындауына негіз болған нықты құжаттарды атауы қажет. Бұл құжаттардың көшірмелері куәландырылып, цессия келісім-шартының қосымшалары болуы тиіс».

Цессия келісім-шартына отырғанда заңнамалық актілерде анықталған шек қоюларды да ескеру жөн. Сонымен қатар, басқа тұлғаға алимент төлеу талап құқысын және өмірге немесе денсаулыққа зиян келтіруге жол беруге болмайды.

Тәуелсіз аудитор З. П. Дружининнің осы бойынша, жабдықтаушылармен есептесуде өте жиі кездесетін проблема - жабдықтаушыға ұсынылған шот - фактураға сәйкес алдын ала төлеуде бухгалтерлік операциялар бойынша жазуларының қате жазылуы. «Тауарды алған кезде мынадай жағдай анықталған, жабдықтаушы ұсынылған есеп-шотта тауар бірлігінің қате бағасын көрсеткен - өз нақты бағасынан төмен, осының бәрі тауардың жалпы бағасының төмендеуіне әкеледі. Сатып алушы жабдықтаушыға жетпеген соманы өолма-қол ақшамен төлеп, жабдықтаушыдан касса чегін алады.

Жеке заңгерлік агенттігінің директоры Р. А. Маметовтың ойынша, тәжірбиде таластардың бірі Заңды және нормативті актілерді қолдану жөнінде туындауы мүмкін. Бір заңдарда және ережелерде баяндалған ерекшеліктерде тәжірибе кезінде, кәсіптік қызметке бөгет болатын және уәкіл естілген органдармен жығымсыз қағысуда проблемалар туындайды.

Мысалға, шот- фактура дайындап ҚҚС төлеу кезінде ҚР «Салық және басқа да бюджетке төлентеін қажетті төлемдер жөнінде» және «Шот-фактура дайындау, қолдану және ҚҚС төлеу ережелері» Заңының 65 бабы жөнінде талай таластар туындайды.

ҚҚС есептеу кезінде жабдықтаушының мөрі көрсетілуі қажет (ҚР «Салық және басқа да бюджетке төлентеін қажетті төлемдер жөнінде» Заңының 65 бабы ҚР Қаржы Министрлігімен келісім бойынша және ҚР статистика жөніндегі агенттігімен өңделген: «Шот-фактура жабдықтаушымен 2 данада жасалады, бастық пен бас бухглатері, сонымен қатар басқа да тауарларға мысалы жауапты тұлға қол қоя алады және жабдықтаушы мөр қоюы қажет».

Соынмен, ҚР «Салық және басқа да бюджетке төлентеін қажетті төлемдер жөнінде» Заңымен тап осы заңды өндеуге арналған ережелерінің арасында қайшылық анықталады.

  1. Егер, Заң шот-фактураны мөрмен куәландыру мүмкіндігін нақты

қарастырса, онда ережелер тек мөрді кесімді түрде қажеттілік етеді.

2) Шот-фактураны берілгенде жабдықтаушының бастығының қол қажет, деген заңда айтылмаған, ал ереженің жайларында бухгалтермен тауарларға жауапты тұлғадан басқа жабдықтаушы бастығының қол қойюы қажет деген.

Біз білгенімізше, Жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есептесуі қоғам мүлігінің үлкен бөлінің құрайтын өндіріс қормен байланысты, ал заттық қордың шығындары кейбір салаларда өнімнің өз құндылығы 90 және одан да көп %-дейін жетеді.

Сондықтан есеп айырысу операцияларын есептеуінің үлкен маңызы бар, олардың қалпын бақылауы, дұрыс бағалауы қоғамның рентабельдігіне және қаржы жағдайына үлкен ықпал көрсетеді.

Теңге курсының азат жүзу бағытына ауысқанда, біздің республикамыздағы көптеген коғамдар өнім қорларының бағасын үнемі өсіріп тұрады. Осыған байланыста ғалымдар мен белгілі қоғамдарының мамандары бағаға Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу сұрақтарын толық жетілдіруге қатысты көптеген мақалдар жазған. Солардың бірін толық қарастырайық:

Экономика ғылымдарының кандидаты Ф. С. Сейдахметова өзінің «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы кезіндегі қателіктері» еңбегінде, есеп айырысу операцияларымен байланысты ең кең тараған бухгалтерлік қателікті, яғни операцияларды дұрыс бағаламаулықты ашып көрсетеді. Қазіргі таңда көптеген қоғамдар негізгі және айналым қаражаттарының арасындағы шекараны анықтамай, пайда табу мақсатында өздерінің қорларын сатуға кіріскен. Ф. С. Сейдахметова кейбір қоғамдар өздерінің жарғыларында пайдаға асыруға келмейтін немесе ескірген өндіріс қорларымен келісім жүргізу туралы тауарларды көрсетпегендігін қателік деп санайды. Осыдан келіп, өндірістік қорлар көптеген жфлдар ішінде пайда табу мақсатында сатылады. Бұл жағдайда келісім шарттар жарамсыз деп танылып және салық органдарының тексеруі кезінде осы пайдалар бюджеке түсуі мүмкін.

Сондықтан Ф. С. Сейдахметова айыппұлдардан аулақ болу үшін құрылтайшылдық құжаттардың ішінде басшысының құқығы дайын өнімді сату оынң тек бір ғана құқығы деп көрсетуді ұсынады.

Қаржы академиясының доценті Е. Л. Шуремов өзінің «Қорларды бағалауа тәсілдері» атты еңбегінде бухгалтерлік есепті дамытуының маңызды тапсырмаларының бірі сатылған қорларының, көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнының есебін, яғни ТМҚ-ң, қызметтерінің әртүрлі Жабдықтаушылардан әртүрлі бағамен келіп түсуіне және кең көлемді өндіріске енгізілуін ашып көрсетеді.

Ал, профессор Кеулимжанов өзінің «ҚР-дағы бухгалтерлік есепті әрі қарай дамытуының кейбір сұрақтары» атты еңбегінде басқалай шығындарының есебі туралы сұрақты қарастырады. Қорлардың өзіндік құны өзіне оны сатып алуға кеткен, яғни пошлиналарды, комиссиондық сыйақыларды, транспорттық және басқа да тікелей шығындарды қосады.

Егер сатып алу құны нақты материалдық өзінідк ұүнына тікелей жолмен қосылатын болса, онда бір партияда тауардың, өызметтің бірнеше түрі жеткізіледі. Сондықтан оның ойынша, басқалай шығындарды жеке бухгалтерлік шотта қарастырылуы керек дейді.

1. 2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қолсыз есептесу нысандары.

Қоғамдар және жеке тұлғалар есеп айырысуды қолма-қол және қолма-қолсыз түрде жүзеге асырады. Ақшасыз есептесудің жүйесі Қазақстан Респубилкасында банктік операциясныа сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта қолма-қолсыз есеп айырысудың келесі түрлері бар:

1) төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

2) аккредиттік есеп айырысу түрі;

3) төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу;

4) чектермен есеп айырысу;

5) вексель арқылы есеп айырысу;

Ақшасыз есеп айырысу түрін таңдар кезінде қоғам, Жабдықтаушылармен және мердігерлер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер арасында есеп айырысудың барынша тездету мүмкіншілігі ескертіледі. Банк мекемесі есептесудің қандай түрін таңдау негізін қадағалайды. Жабдықтаушылармен және сатып алушының банк мекемесінің орналасуына байланысты есеп айырысулар қалалық және қалааралық болады. Қалааралық - бөлек банктермен қызмет көрсетілетін, әр түрлі қоныстанған пунктілерде орналасқан кәсіпорындардың арасындағы есеп айырысулар. Олардың есептудің басты түрі - жоспарлық төлем ретіндегі, тапсырма-талаптармен төлеуі, төлем тапсырмаларымен және чектермен.

Ақшасыз есептесудің көп таралған түрі-төлем тапсырмасы. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенфициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Онда міндетті түрде аударылатын ақшаның сомасы көрсетілу тиіс. Қызмет пен жұмысты және тауарлы - материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын ала төлем жасған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларының есептесудің жедел, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін. Жедел төлемдер: аванстық төлемдер, яғни тауар тиелгенге дейін; яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер. Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмейтіндей етіп жасалуы керек.

Төлем тапсырмасымен тауарлы және тауарсыз операциялар арқылы есептесуді іске асырады. Тауарлы операциялар: шикізатты, құралдарды стау және сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауы. Тауарсыз операцияларға коммуналды мекемелермен, ғылыми-зерттеу т. б. ұйымдармен есептесулер жатады.

Аккредитивтік түрі екі жағдайда: жабдықтаушы сатып алушыға, өндіріс-техникалық тағайындау өнімдеріне жіне халықтық тұтыну тауарларын аударғанда.

Есептесудің аккредитивтік түрінің ерекшелігі төлем құжаттарынын ақы төлеуі жабдықтаушының тұрған орнында лезде өнім түскеннен кейін іске асырылады.

Аккредитив - бұл сатып алушы банктің бөлімшесінің, жабдықтаушы банк бөлімшесіне әдейі аккредитивті шот ашуға тапсырмасы, жедел жабдықтаушы төлеуге аккредитивтік арызда қарастырылған және арызда көрсетілген сомаға сәйкес төлеуі. Аккредитивтермен төлеуі жабдықтаушы банкісінде мерзім ішінде толық аккредитивте немесе жартылай жабдықтаушымен ұсынылған шот тізімдеріне қарсы жіне көлік немесе тауарларды түсіруін куәландыратын қабылдау-тапсыру құжаттар арқылы жүзеге асады.

Қоғам бухгалтериясында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

1) Аккредитив ашылғанда:

Дт 1060 Кт 1030

2) Аккредитив есебімен Жабдықтаушылардың шоты төленді:

Дт 3310 Кт 1060

3) Аккредитив қайтарылды:

Дт 1030 Кт 1060

Төлем талап - тапсырмалармен есеп айырысу. Есептесудің бұл түрінде құралдарды сатып алушыға қызмет көрсететін банкке есеп айырысатын құжатты ұсынуы қажет. Бұл құжатта алушыға төлемді банк арқылы ТМҚ-ға белгілі соманы алу, жасалған жұмыстар жіне көрсетілген қызметі үшін төлеушіге қойылған талаптары көрстеілен. Төлем талап - тапсырмалармен төлеуі акцеппен және акцепсіз жүзеге асырылады. Акцепт есеп айырысуда төлеушінің төлемге келіскенін білдіреді. Төлеушінің акцепт шотынан толық сомада, жабдықтаушымен түсірілген өнім заңсыз, сапасыз, стандартсыз болған жағдайда бас тартуға құқы бар. Жабдықтаушымен баға, жеңілдіктер бұзылғанда, тапсырыс берілмеген заттың бөлшегі түскенде, өнімдер сапасыз болғанда т. б. жағдайларда акцептен жартылай бас тартуға болады.

Чектермен есеп айырысу, Шот иесі қызмет көрстететін банкте чекте көрсетілген соманы чек алушының шотына аударарда, жахбаша тапсырмасы есеп айырысуда қолданады.

Мердігерлермен және тапсырыс берушілер арасында тұрақты, шарушылық қарым-қатынас орнаған уақытта өзара есептесе алады.

Бұл түрдің маңызы, тапсырыс беруші болашақ құрылыс өнімін келісіммен анықталған мерзімінде тең сомамен төлейді.

Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң, нысанда белгіленген төлем құжаты.

Аударма және жай вексель болады.

1) Вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп түскен мерзімінде (пайызсыз) :

Дт: 1030 Кт: 1210

2) Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі:

Дт: 1030 Кт: 1280

3) Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасында шегерілді:

Дт: 1610 Кт: 1210

Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілен ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқашандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (транссаттың) үшінші тұлғаға (транссатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынылған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтыныдығы туралы міндеттемесі.

Ақшасыз есептесудің қолдануы қолма-қол ақшаның қажеттілігінін қысқартады, ақша айналымының шығындарын төмендетеді, банктегі азат ақшалы құралдарға көздеуге жағдай жасайды, олардың сенімді сақтауын қамтамасыздандырады.

II. ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТӘРТІБІ

2. 1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы.

Қоғам өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Қоғамды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Қоғам өзінің ұдайы өндірісін қамтамассыз ету үшін өнім шығарушы қоғамдармен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.

Демек, қоғам жабдықтаушылармен және мердігерлермен сеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылармен және мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлем ақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, Жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі.

3310-шоттың кредиті бойынша Жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебиті бойыншаесеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлем ақысы жазылады.

2. 1. 1. Терминдер және анықтамалар

Келісім-шарт - осы жеткізілім келісім шарты, №1 қосымшасымен бірге (жеткізілім келісім шартының ерекше шарттары), бұдан кейінгі жазбаша келісімдері жеткізілім келісім-шартының ажырамас бөлігі болып табылады, және бірыңғай құжат болып қаралады.

Тауар - осы келісім-шарт бойынша Сатып алушы сатып алатын тауар-материалдық құндылықтар, келісім-шарттың №1 қосымшасында оның толық сипаттамасы көрсетілген.

Банк күні - банк операцияларын жүргізу үшін келісім-шарт тараптарына өызмет көрсететін банктердің ашық жұмыс күні.

Инкотермс 2000 - келісім-шарт жасау кезіндегі ағымдағы сауда термин-дерін талқылауға арналған Халықаралық сауда палатасының ресми ережелері.

Жеткізу базисі - келісім-шартының №1 қосымшасында көрсетілген

Инкотремс 2000 сәйкес тауарды жеткізу шарттары.

Межелі орын - жабдықтаушы тауарды стаып алушыға тарсыру орны.

Тауарлы-көліктік құжаттама - тауармен бірге жабдықтаушының ұсынатын құжаттамасы, оның тізбесі келісім-шарттың №1 қосымшасында көрсетілген.

2. 1. 2. Келісім-шарт мәні

Жабдықтаушы келісілген уақытта тауарды сатып алушыға тапсыруға, ал сатып алушы тауарды қабылдап және оның құнын төлеуге міндеттеледі.

Жеткізу мерзімі, тауар құны, саны және басқа да тауарға қойылатын талаптар келісім-шарттың №1 қосымшасында көрстеліген.

Жабдықтаушы келісім-шарт әрекеті кезінде қаржылай күйлі болатынына, оның қызметкерлері, және де келісім-шартты орындау үшін тартылған үшінші тұлғалар қызметкерлерінің жеткілікті біліктілігі, білімі болуына кепілдік береді.

2. 1. 3 Тауарға қойылатын талаптар.

Жабдықтаушы тауар меншігіне құқығы бар және оны толықтай инлік етуі тиіс. Тауар қандай да бір жауапкершіліктен, таластардан және міндеттемеліктен азат болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу - сату шартының елеулі және қосымша талаптары
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Сату жане сатып алу
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Сатып алу-сату шартынының жалпы ұғымы мен түсінігі
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Сатып алу – сату шартының жекеленген түрлері
Тауар жеткізілімі шарты
Тауарды шартқа сәйкес тауарға айырбастау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz