ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Бегалы А. Б.
«Қызылорда облысының туристік-рекреациялық әлеуеті»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
5В090200 - Туризм мамандығы
Алматы, 2019
Мазмұны
КІРІСПЕ
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Қызылорда облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, іскерлік және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ыңғайлы геграфиялық жағдай ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі. Қызылорда облысы туристік саланы дамытудағы алғашқы қатарлы туристік аймақтардың бірі болып табылады. Және де бұл аймақтағы туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен алғы шарттарының жетерлік болуы тартымды туристік аудандардың біріне айналдырып отыр. Сондықтан өңірде туризм түрлерін дамыту өзекті мәселе болып табылып отыр. Дегенмен бұл мақсатты жүзеге асыруда осы күнге дейін кедергілер мен мәселелер жетерлік. Ғылыми түрде туризмнің осы аймақта қалайша тарылып, дамып отырғаны жайлы да әдебиет басылып шығарылмаған. Сондықтан берілген курстық жұмысының тақырыбының іске асырылуындағы Қазақстан Республикасын танымал етіп, туристік саласын жоғары қарқында дамытудағы маңызы өте зор.
Жұмыстың мақсаты. Қызылорда облысы өңіріндегі туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен әлеуетін зерттеу, осы саланы дамытуға талдау жүргізу.
Жұмыстың міндеттері. Жоғарыдағы белгіленген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер туындады. Бұл міндеттер жұмыстың мақсатын ашуға бағытталған:
- Қызылорда облысының тарихына, туризмді дамытуға көмектесетін ресурстар жіктеліміне толық сипаттама беру.
- Қызылорда облысының туристік-рекреациялық ресуртарына, оның ішінде табиғи-рекреациялық ресурстары мен әлеуметтік, тарихи- мәдени ресурстарына сипаттама беру.
- Қызылорда облысы өңіріндегі туризм ресуртарына талдау жүргізу.
- Аймақтағы жалпы туризм саласының дамуына талдау жасау.
- Аймақтағы туризмнің дамуының болашағына тоқталу.
Зерттеу пәні. Қызылорда облысы өңірінің туризмі.
Зерттеу объектісі. Қызылорда облысы өңірі.
Курстық жұмыстың барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды: салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және тарихи әдістер, жүйелік талдау. Курстық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жұмыс 10 суреттен, 4 кестеден, 17 пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Қызылорда облысының географиялық орналасуы, даму тарихы
Қызылорда облысы бай тарихымен мақтана алады. Орталық Азия інжу-маржаны Сырдария бойындағы жүз шақырымға созылған оның аумағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне мол. Бұл жерде халық қастерлі табынушылыққа, көрнекті батырға және қолбасшыларға, ақындар мен музыканттарға тиесілі мазарлар мен кесенелер орналасқан. Орта ғасырларда ғалымдар, миссионерлер мен саяхатшылар, Әмудария мен Сырдария өзендерінің арасында қоныстанды.
Қызылорда облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8, 3% -ы) . Тұрғыны 783 099 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3, 4 адамнан келеді. (2018) .
Облыс орталығы - Қызылорда қаласы (кезінде Петровск және Ақмешіт деп аталған) . Қала тұрғындары - 212 мың адам. Қызылорда қаласы 1925 жылдан Қазақ АКСР-ның астанасы болды, 1927 жылы астана мәртебесі Алматы қаласына ауысты [1] .
Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік-шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде-Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4-орында.
Қызылорда облысының басым бөлігі кезінде сақ - массагет иелігінде болған, қалған бөлігін қаңлылар басқарған. Ғұн тайпаларының батысқа қоныс аударуы кезінде Сырдарияның төменгі ағыстарына жетті. Б. з. 93 жылы Арал маңын мекендеген ғұндар эфталиттер мемлекетінің негізін қалайды. 427 жылы эфталиттер Үндістанға жорықтары нәтижесінде Сотүстік-Батыс Үндістан, Орта Азия, Шығыс Иран және Ауғанстан территориялары кірген үлкен мемлекетті құрайды.
1930-1940-жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белоруссия мен Батыс Украинадан депортирленген поляктардың, немістердің, кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ халықтарының Фашистік Германия жаулап алған аймақтардың эвакуанттарының есебінен едәуір артты.
1938 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді.
1960-70-жылдары целлюлозалы-картонды, механикалық, күріш зауыттарымен және аяқ-киім фабрикасымен қатар Гагарин, Титов қыстағы секілді тұрғын үй кешендері құрылды. Осы жылдары «Главриссовхпзстрой» тресті ашылды. Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысымен шектеседі. Ресей Федерациясы жалға алған жерлерсіз облыстың жалпы аумағы (Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша) 240 414 құрайды. Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 1 облыстық бағыныстағы Қызылорда қаласы, сондай-ақ 1 республикалық бағыныстағы Байқоңыр қаласы бар (сурет 1) . Аудандар мен олардың орталық қалалары:
- Арал ауданы, орталығы - Арал қаласы;
- Қазалы ауданы, орталығы - Әйтеке би кенті;
- Қармақшы ауданы, орталығы - Жосалы;
- Жалағаш ауданы, орталығы - Жалағаш кенті;
- Сырдария ауданы, орталығы - Тереңөзек;
- Шиелі ауданы, орталығы - Шиелі;
- Жаңақорған ауданы, орталығы - Жаңақорған кенті.
Сурет 1. Облыстың әкімшілік картасы [1]
Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м. ) . Облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі; оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан; батысында - Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.
Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетін Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м. ), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін) .
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан.
Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.
Туризмді дамытудың негізгі мақсаты-бәсекеге қабілетті туристік индустрия үшін жағдай жасау және экономиканың пайдалы секторына айналдыру. Туризм индустриясының негізі-қонақ үйлер, қазіргі заманғы көліктің, телекоммуникацияның, инфрақұрылымның әртүрлі түрлері және шетелдік туристерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі.
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында келушілер саны 25778 адам 34, 2% құрады. Қала бойынша туристік қызметті қамтамасыз ету бойынша 10 туристік агенттік және 1 туроператор айналысады.
Жалпы облыс туризмі соңғы уақыттарда ерекше қолға алынып келеді. Туристік тартымдылық-өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі. Соңғы жылдары облыста туристік саланы және жол бойындағы сервисті дамыту үшін үлкен жұмыс жүргізілді. 2018 жылдың шілде айында Жаңақорған ауданында «Менің Отаным - Қазақстан» облыстық туристік слет өткізілді, ал 2018 жылдың қыркүйек айында «Arai Sunrise» лагерінде ("Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында) Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара өткізілді. Өңірдің оң имиджін қалыптастыру үшін «Туристік көрікті жерлер» туристік каталогы және «Қызылорда облысының туристік объектілері» жолсілтемесі жасалды. Облыс делегациясы 18-ші «Туризм және Саяхат» халықаралық көрмесіне (KITF-2018) және 15-ші «AstanaLeisure 2018» халықаралық көрмесіне қатысты.
Туристік саланы дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді және облыс туризмін дамытудың Тұжырымдамасы әзірленді.
Аймақта «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің бойындағы жол бойындағы сервис нысандарын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні 690 тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5, 7 млрд. теңге болатын 25 нысан пайдалануға берілді. Қармақшы ауданындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралінің бойында (Байқоңырдан 10 шақырым жерде) жер учаскесі анықталды және "Байқоңыр"ойын-сауық-туристік аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Егер туризмді дамыту бойынша елдік проблемалар ретінде шешілетін болса, аймақ экотуристік мақсаттармен, флорамен, фаунамен, өзіндік мәдениетпен танысу мақсатында саяхаттайтын шетелдік туристер үшін қызығушылық тудыруы мүмкін. Туризмді дамыту үшін қолайлы жалпы жағдайлар жасау туристер ағынын едәуір арттыруы мүмкін.
Статистикалық ақпараттарға жүгінетін болсақ, қазіргі күнде туристік ағын саны күн санап артуда және барлық көрсеткіштер бойынша жақсы көлемді көрсетуде. 1-кестеде Қызылорда облысының 2015-2018 жылдарда қызмет көрсетілген келушілер саны көрсетілген.
Кесте 1. Соңғы жылдардағы қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер саны [8]
Кестеден 2016 жылы 2015 жылға қарағанда өте жылдам өсу көрсеткішін көре аламыз. Сонымен қатар келушілер саны 2015 жылға қарағанда 2018 жылы 28206-ға өскені байқалады, ол 67%-ды береді. Ал облыстың ішкі және келу туризміне келер болсақ, ол да жақсы көрсеткіштерге ие (сурет 2) .
Сурет 2. Ішкі туризм бойынша көрсеткіштер [8]
Суретке қарап, 2019 жылғы келушілер санының өте тез көбейгенін байқай аламыз, ол облыстың туристік бағытта жақсы жобалар шығарып, дұрыс бағытта жылжып жатқанын дәлелдейді.
Cурет 3. Келу туризмі бойынша көрсеткіштер [8]
Жоғарыда көрсетілген статистикалық ақпараттарға қарай отырып, біз Қызылорда облысындағы туристік мақсатта келушілер санының, жыл санап тек артып келе жатқандығын көре аламыз. Ол аймақтың бренді қалыптасқандығын, туристтерге қызықты нысандардың көбейгендігін және жалпы инфрақұрылымның жақсарғанын білдіре алады.
1. 2 Аудандар бойынша туристік рекреациялық потенциал
Қызылорда облысы өз әкімшілік бөлінуінде 7 ауданға бөлінген. Әрбір ауданның өзіндік ерекшелігі, өз брендтері бар. Сондай-ақ аудандарда туристік әлеуеті жоғары нысандар да жетерлік.
Арал ауданы. Арал ауданының орталығы-Арал қаласы. Ауданның жалпы ауданы - 5, 5 млн. га жуық. Аудан бренді - "Аралтұз"АҚ және балық өнімі, Арал теңізі [10] .
Арал ауданына туристерді тарту үшін Қамбаш көлі маңызды рөл атқарады. Қазір мұнда халықаралық кластағы туристік аймақ қалыптастырылуда, сондай-ақ көлдің құмды жағажайларында демалушылар үшін орындар жабдықталатын болады. Бүгінгі таңда Қазалы және Арал аудандарының 30-дан астам кәсіпкері ӘКК басшылығымен келісімге қол қойып, демалыс аймағының құрылысына қатысады. Қазіргі уақытта 70 нысанның құрылысына 30 миллион теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Жағажай аумағында теңіз ойын-сауығының барлық түрлерін қолдануға болады: катамарандар, катерлер, үрлемелі қайықтар, гидроциклдер және т. б. 2018 жылдың жазында "Қамыстыбас" демалыс аймағына 89 мыңнан аса адам келген болатын. Шетелдік туристердің үлкен қызығушылығын ғасыр құрылысы - Кіші және Үлкен Арал қаланған Көкарал бөгеті. Ауданның тағы бір көрікті жері-Ақеспе және Ақбасты ауылдық округтеріндегі артезиан суының ыстық көздері. Өз суының емдік күші арқасында, көздер-бұл адамдар тіпті алыс қалалардан келетін нағыз сауықтыру. Туризмді дамыту мақсатында аудан әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Жақында топ мүшелері көптеген жылдар бойы туризм нарығында жетекші позицияларды ұстап келе жатқан Түркияда болып, тәжірибе алмасты.
Қазалы ауданы. Аудан орталығы-Әйтеке би кенті. Ауданның жалпы ауданы-37, 6 мың ш. км. Халық саны-шамамен 76 мың адам. Қазалы ауданында республикалық деңгейдегі 5 ескерткіш, 60 жергілікті және 22 алдын-ала есепте тұр. Кластер аясында туризмнің бірнеше түрі дамитын болады. Қазіргі уақытта Жанкент тарихи қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Ғанибай мешіті, Ғанибай үйі, Ғ. Мұратбаев мұражайы, Сараман қосы мұнарасы, Ақтан батыр кесенесі, Мирас (Нұралы) мешіті, Әйтеке би ескерткіші, Мүсірәлі кесенесі сияқты объектілерді туристік бағытқа қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақсай-Қуандария көлдері жүйесіне кіретін, аудан аумағында орналасқан, жалпы көлемі 9007 га су айдыны бар 17 су қоймасы экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Жанкент қаласының оғыздар астанасының сақталған үзінділері, ал ежелгі Жібек жолы жолында шетелдік туристердің назарын аударады.
Қармақшы ауданы. Аудан орталығы - Жосалы кенті, жалпы ауданы - 3 млн. га астам. Аудан бренді-түркі философы Қорқыт құрметіне салынған "Қорқыт ата" мемориалдық кешені және "Байқоңыр" ғарыш айлағы. Қармақшы ауданы "Жүз жыраудың отаны" деп аталады, өйткені мұнда жыршы мен жыраудың ондаған мектептері бар.
Тарихи-мәдени мұра болып табылатын "Қорқыт ата" мемориалдық кешені және үлкен туристік әлеуеті бар Байқоңыр ғарыш айлағы біздің облысты басқа облыстардан ерекшеленетін аймақтың символына айналдырды. 2019 жылдың 9 айында "Қорқыт ата" мемориалдық кешеніне 11 747 адам келді. Қармақшы ауданында туристік саланы дамыту жол бойындағы сервис кешендерін дамыту компонентін қамтиды. Қазіргі уақытта жол бойындағы сервистің 5 кешені заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Олардың 4-і жұмыс істейді, 1-інің құрылыс жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, жол бойындағы кешендердің құрылысы мен қайта жаңартуының 2 жобасы мақұлданды. Қармақшы ауданында 6 қонақ үй жұмыс істейді.
Жалағаш ауданы. Жалпы аумағы - 27 мың ш. км, аудан орталығы - Жалағаш кенті. Халық саны-шамамен 37 мың адам. Ауданда тарихи мәдени ескерткіштер жетерлік. Жалпы 63 ескерткіш есепке алынған оның ішінде республикалық деңгейдегі- 1, жергілікті есептегі 28 және алдын-ала тіркеуде тұрған 34 ескерткіш тіркелген. Ерекше ескерткіш деп Жент қалашығын айта аламыз.
Жент қалашығы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырымда орналасқан. Жент - 10-12 ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысы бойында орналасқан ортағасырлық қала орны. Қалада мұсылман дінін ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Моңғол шапқыншылығынан кейін Жент қаласы қайта жанданып, Сыр өңіріндегі ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналды. Қалада ақша сарайы жұмыс істеп, күміс және мыстан соғылған теңгелер шығарылды. Қазіргі кезде осы ескерткішке ерекше көңіл бөлініп, республикалық деңгейдегі ескерткіштер қатарына қосылып отыр.
Шиелі ауданы. Жалпы аумағы 3, 5 млн. га, орталығы - Шиелі кенті. Бұл ауданда 82 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда Қазақстанның бас күріш өсірушісі, «далалық академик» Ыбырай Жақаев дүниеге келді.
Шиелі ауданында туризм саласы бойынша аудан қонақтары ауданда орналасқан "Оқшы Ата" кесенесі, "Бала Сауысқандық" шатқалындағы ежелгі жартас суреттері, "Нартай Бекежанов" және "Ыбырай Жақаев"мемориалдық мұражайларымен таныса алады. Сонымен қатар, Бәйгеқұм ауылдық округіне "Ханқожа" көлінің жағасында жаз мезгілінде тіркелген жеке кәсіпкерлер ақылы негізде қызмет көрсететін демалыс аймақтарын ашты [11] .
Жаңақорған ауданы. Жалпы аумағы - 16, 6 мың шаршы шақырым, орталығы - Жаңақорған кенті. Халық саны-шамамен 83 мың адам. Жаңақорған ауданында туризм саласы бойынша 14 - тіркелген субьектілер бар, оның: 2 - балалар лагері, 6 - қонақ үй, 3- шипажай, 3-шипажай маңындағы демалыс орындары. Сондай-ақ, аудан көне кезеңнің ескерткіштеріне бай. Олар Сығанақ, Сауран, Құмиян, Өзгент тарихи қалалары; Көккесене - Алпамыс батырдың әйелі Гүлбаршынның кесенесі, Қатын Қамал - Қаратау тауындағы ежелгі үңгір, Таңбалы Тас - Қаратау тауындағы Бесарық өзенінің шатқалы, ежелгі адамдардың жазған петроглифтері, Төлегетай - Қылышты, Қорасан кесенелері. Бұлардың барлығы өте көне және ауданның туристтер үшін тартымдылығын арттыратын нысандар болып табылады.
Сырдария ауданы өте кішкентай аудан болса да, ескерткіштер мен мұражайлар да бар. Сырдария ауданы көлемінде 49 мәдениет және тарих ескерткіштері орналасқан . Ауданда республикалық маңызы бар 2, жергілікті маңызы бар 19 және алдын-ала есепте тұрған 19 ескерткіш бар. 15 археологиялық ескерткіштер, 34 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері тіркеуге алынған. Бұл аудандағы республикалық маңызы бар ескерткіштерге сипаттама беріп кетсем.
Мүлкалан мазары ХҮІ ғ. Мүлкалан күмбезі, Молла Калан мавзолейі - 16 ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-батсықа қарай 3 км қашықтықта, оңтүстік-батсықа қарай 3 км қашықтықта орналасқан. Мүлкалан күмбезі маңдайшалы-күмбезді құрылыс қатарына жатады.
Сырлытам кесенесі ХІІІ ғ. Сырлытам кесенесі - 13 ғасырдың аяғында қабір басына тұрғызылатын мемориалды белгі, архит. ескерткіш. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 105 км, Іңкәрдария ауылынан 30 км жерде орналасқан.
Негізінен, Қызылорда облысының ішінде туристтер көп келетін аудандар: Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.
Қызылорда облысының әкімшілік бөлінуі міне осындай, айтып өткенімдей облыстың әрбір ауанында қызықты, туристтер үшін аттрактивті орындар жетерлік. Сондықтан, бұл аудандар туризм дамуына өз септігін тигізе алады.
- Аудандардың тарихи мәдени ескеркіштері
- Түрлі туризм түрін дамытуға көмек беретін ресурстар
- Мемлекеттің осы аудандарда туризм дамытуға деген қызығушылығы
- көңіл көтеру инфрақұрылымының әлсіз дамуы
- қонақ үйлердің нөмірлерінің аз саны
- туристік инфрақұрылым сервисінің төменгі сапасы
- кадр жетіспеушілігі
- Инвесторлардың мемлекеттік қолдауы
- Туристік бизнестің дамуы
- Қазақстан туризм нарығында алдыңғы позицияға шығу мүмкіндігі
- Туристтерге ерекше тартымды болып келе жатқан басқа аудандардың бәсекелестігі
- Төмен сервис әсерінен туристтерді қашырып алу қаупі
Сурет 4. Аудандарда туризмді дамытудың SWOT-анализі [автормен құрастырылған]
Аудандарда туризмді дамыту талдауына сәйкес, негізінен аумақта туризм даму мүмкіншілігі жоғары деп айта аламыз. Алайда облыстың аудандарында әлі де сервистің дамымауы үлкен қауіп төндіруде. Туризм дамуы барлық факторды есепке алады. Аудандардағы тарихм мәдени ескерткіштердің көп болуы, туризм түрлерінің дамуы туристік нарықта жоғары позицияға шығуға толықтай септігін тигізеді деп айта алмаймыз. Егер жолдар, жалпы сервис, кадрдың жеткілікті деңгейде дамып, қолға алынбаса бұл аудандардағы туризм Қазақстан туризм нарығында жоғары орынға шыға алады деп ойламаймын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz