Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. МҮНКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ...5
1.1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 8

2. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТРЕНИНГТЕР ӨТКІЗУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Мүмкіншілігі шектелген балаларды отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері...13
2.2 Балаларды дамытудағы Отбасы бөлмесінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жұмысындағы сауаттандыру технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Педагогика ғылымындағы - әлеуметтік педагогика саласы, тәрбиелеу және білім беру саласы процесстеріндегі адамның қоғамдық өмірге, қоғамдық қатынастар жүйесіне араласу құбылыстарын зерттейді, яғни әлеметтік педагогика тұлғаның, әлеуметтік топтардың және қоғамның бір-бірімен әрекеттесу процессімен байланысты тәрбиелік аспектілер мен құбылыстарды қарастырады. Қазақстанда бұл мамандық 90-шы жылдардан бастап, жоғарғы кәсіби білімдер қатарына кіргізілді және осы мамандыққа арнайы кадрлар даярлана бастады. Бірақ, әрине, педагогика ғылымының бұл саласының, әлемнің басқа мемлекеттеріндегідей терең және ертеден келе жатқан дәстүрлері бар. Тек, бұл даму мемлекетіміздің тарихы сияқты, сан қилы қиындықтар мен жетістіктерге толы болды. Әлеуметтік педагогиканың жаңа кәсіби сфера болып қалыптасуы, дәл осы қиындықтармен шартталып отыр, өйткені бұл сфера өзіне тек әлеуметтік-педагогикалық мекемелер мен қызмет орталықтарын кіргізіп қана қоймай, оларды басқару органдарын, мамандарды даярлау жүйесін, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ғылыми зерттеу базасын кіргізеді.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметті барлық адамдар қажет етеді, дегенмен олардың ішінде адамға отбасында және мектепте алынған көмек көбірек әсерін тигізеді. Өсе келе адам бір мезгілде әлеуметтік-педагогикалық қызметтің объектісі де субъектісі ретінде бола отырып, өзіне деген сол көмекті жүзеге асыра бастайды. Алайда әлеуметтену процесінде туындаған қиыншылықтарға адамның өзінің шамасы жетпейтін жағдайлар пйда болады, осы кезде әлеуметтік-педагогикалық көмекті мемелекеттік және қоғамдық ұйымдар жүзеге асыра бастайды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік педагогикалық оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстандағы әлеуметтік педагогика саласының ең бір кенже қалған, баяу дамушы саласының бірі - ол мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс. Ресейде бұл тақырыпты А.В.Мудрик, Ю.В.Василькова, Р.В.Овчарова, В.А.Никитин, М.А.Галагузова, Т.Р.Певзнер, Я.К.Бородулина сияқты ғалымдар педагогиканың осы саласында бірқатар еңбектер жазып, бұл қазіргі таңда өте үлкен мәселе екенін атап көрсеткен. Отандық ғалымдардың ішінен Сулейменова Р.А., Халықова Б.С., Ниязбекова, Колумбаева Ш. т.б. ғалымдар осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған. Педагогика ғылымының бұл дамушы саласының зерттеу объектісі мен пәнінің нақты анықталмағандығын, негізгі ұғымдарының әлі де болса дискуссиялық екенін, болашақта шешімін табуды қажет ететін сұрақтарының өте көптігін айта кеткен жөн деп білеміз.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер қазіргі заманға сай мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау жүйесінің тиімді жолдары жасалып, анықталса, онда мүгедек балалармен жүргізілетін жұмыс нәтижелері жақсара түсер еді.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасымен тәрбиелеу ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу жұмысының пәні: мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізетін әлеуметтік педагогтың қызметі.
Зерттеу мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтендірудің, көмек көрсетудің бағыттарын анықтау, отбасымен жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын іздестіру.
Зерттеу жұмысының міндеті: Мүмкіндігі шектеулі балаларды ата анасымен қарым қатынастарын анықтап, оларды тәрбиелеудегі маңыздығын, ерекшеліктерін талдау.

1. МҮНКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.
Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті . Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. [ 3.23]
Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті - білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда [1, 2].
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз , нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін , оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке , мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар : мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы , инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.
Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр. [1. 27]
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.
Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады ; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.
Бәріне бірдей мүмкіндік принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне Сапалы білім барлығы үшін түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. [3. 23] .
Баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл - ой сезімі адамның кез келген әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл - күй болып табылады. Ал сондай ақыл - ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның себебі негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері , отбасының әлеуметтік жағдайы . Мұндай ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл - ой кемшілігі қосылып, ақыл - есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты. [5. 15]
Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.
Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.
Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.
Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:
- дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;
- дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.
- Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:
Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау. [5.14]
Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет - қарымын анықтап, дұрыс бағыт - бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап , үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып , өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды , қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек.

1.2 Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары:
1) білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және түзете дамыту ортасын құру;
2) мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы көрнекі дидактикалық материалдар);
3) балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жүргізетін дефектолог мұғалім, педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін түзете дамыту құралдарымен, оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен жабдықтау;
4) білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігі психологиялық, педагогикалық, медициналық диагностиканың және жалпы көрсеткіштердің мәліметтері бойынша анықталады:
1) білім беру ұйымында болған бала мен ананың жағымды әсері;
2) баланың сенімділігі (позитивті, тең Мен тұжырымдамасын қалыптастыру үрдісі);
3) баланың өзге балалармен ынтымақтастыққа бейімділігі (топтардың, сыныптардың, балабақшаның, мектептің), ересектермен;
4) тиісті жас кезеңін меңгеру жетістігі және баланың қызмет түрлеріне қарай ерекшеліктері.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін анықтау үшін катамнеза әдісін қолдануға болады. Мәліметтерді жинау баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін жарты жылдан соң, одан кейін жылына бір рет ұйымдастырылады.
Катамнез жинаудың үлгі кестесі:
1) баланың аты, жөні;
2) жасы;
3) соматикалық деңгейі;
4) психикалық деңгейі;
5) қызметтің әрбір түріне қатысты басымдық қызығушылықтары;
6) мамандардың пікірі бойынша бейімделу мінезі;
7) ата-аналардың пікірі бойынша баланың бейімделу мінезі;
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар түзету сабақтарындағы уақытты есептемегенде, үнемі күні бойы дамуы қалыпты балалармен бірге болады. Олар кемшіліктерінің деңгейіне қарамастан даму қалыпты балалармен бірге тәрбие, мәдени-ойын сауық, спорттық-сауықтыру және өзге де бос уақытты тиімді ұйымдастыру шараларына қатысады.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары мүмкіндігі шектеулі балаға білім беру және тәрбиелеуде отбасының ауқымды әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады.
Баланың отбасымен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттері:
1) ата-аналарда балаға қатысты қарым-қатынасты қалыптастыру, оны отбасында тәрбиелеуге белсенді қатысу;
2) ата-аналарға баламен өзара әрекет жасау тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу мен оқыту әдістерін және тәсілдерін меңгеруге көмектесу;
3) ата-аналарды түзете-дамыту жұмысына белсенді түрде тарту;
4) ата-аналармен психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу, олардың психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін зерттеу.
Ата-аналармен жұмыс әртүрлі формаларда жүргізіледі:
oo жеке әңгімелесулер мен кеңестер;
oo ата-аналар лекторийлері;
oo ашық есік күндері;
oo семинарлар мен өзге де іс-шаралар.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарының (заңды өкілдері) құқықтары:
1) жеке білім беру және түзету бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатыса алады;
2) оқу және түзету сабақтарына қатыса алады;
3) консультациялық көмек ала алады;
4) түзете дамыту және білім беру үдерісін жүргізу нәтижелері туралы толық және нақты ақпарат ала алады.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ Адамның бақыты -- балада деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы - ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.
Ал, мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді. Ата-ана тарапынан ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық сияқты қасиеттер болуы тиіс.
Отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген даналық оймен түйе білген. Кемістің түріне де және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады.
Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді тікелей түзетуге ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Бірақ жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін.
Баланың түзету дамыту жұмыстарының бір түрі ересектер мен құрбылардың ықпалы. Ересек балалар үшін қайталау обьектісі. Яғни жүріс - тұрыс, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек , дұрыс іс-әрекетте қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет.Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді тәсілдердің қатарына жатады.Мысалы, баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты тапсырма беру.
Педогогикалық қолдау әдісін қолдана отырып, ересек адам бала тұлғасын, оның тәртібін негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті қолдайды анық және ашық түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді. Оқыту мен тәрбиенің түзету әдістері баланың күн тәртібін және ұстаз тұлғасына сәйкес өзгеруі.
Дұрыс ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның кемшіліктерін түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады. Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың психоэмоционалдық жағдайына жағымды әсер етеді. Күн тәртібі икемді, көп вариантты, келеңсіз жағдайлары ескерілуі тиіс. Күн тәртібі үшін уақыт дұрыс анықталуы тиіс. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған жөн:
Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзету.
Екінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.
Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл-күйіне назар аудару керек.
Қазіргі тңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.
Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары: Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы.
Тәлім - тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.
Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт. Әр тапсырмаларды орындау барысында балалардың міндеті мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы тәрбие берсе, ол да өз ата-анасына қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.

2. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТРЕНИНГТЕР ӨТКІЗУ
2.1 Мүмкіншілігі шектелген балаларды отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері

Қазіргі кезде дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көптеп көңіл бөлінуде. Психикалық және дене ақауы бар балаларға диагноз қойылған және оларды алдағы уақытта тәрбиелеу мен оқыту мәселесі туындаған кездегі ата-ананың күрделі ахуалына түсіністікпен қараған жөн.
Ата-аналар қалалық психологиялық-медициналық педагогикалық кеңеске:
баланың өз қатарластарынан өзгешелігі - өздігінен тамақ ішу және сөйлеу қабілетінің болмауы, серуен кезінде басқа балалармен араласа алмауы, үлкендердің талабын орындай алмауы т. б. жағдайларда;
қойылған диагнозды нақтылау - балабақша мамандары психолог, медбике т. б. тарапынан ұсыныстар алу;
балабақша таңдау - бала дамуындағы өзгешеліктерді байқай отырып, таңдау жасауы жағдайларында жүгінеді.
Көп жағдайда орталық жүйке тамырлар жүйесі зақымданған балалардың ата-аналары, оларды емдеуді қолға алады. Алайда, баланың мінез-құлқы мен дамуында ауытқушылықтар пайда болған кезде, ата-аналар бұған аса мән бере бермейді және балаға қамқорлық танытуды және шектен тыс еркелетуді одан әрі жалғастыра береді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар тез шаршайды, өйткені олар шамадан тыс қозғалғыш болып келеді, ұжымдық қызметке үнемі бағына бермейді, сондықтан олар дәрігерлік емдеуден басқа, олармен педагогикалық-психологиялык түзету жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Көрнекті қоғам қайраткері, педагог, философ Ян Амос Коменский Ана мектебі немесе жеткіншектерді алғашқы алты жаста қамқорлықпен тәрбиелеу туралы кітабында бала өз дамуының әр жылдарында не нәрсеге үйренетінін түсіндіреді: жаңа ғана туылған баланың өмір сүруінің бар мәні - ішу, жеу, ұйықтау және өсу. Тек өз өмірінің екінші немесе үшінші жылында ғана олар әке, ана, тамақ немесе сусын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру
Дефектология ғылымына жалпы түсінік
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Пәндер