Кірістер мен шығыстардың есептілігі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш .Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
С .Сәдуақасов атындағы аграрлық -экономикалық институтының
Экономика және есеп кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қаржылық есеп 1 пәні бойынша
Тақырыбы Түсім , кірістер мен шығыстарды тану
Орындаған Айтқожа Айжан
Сырттай бөлімнің 2 курс студенті
5В050800 Есеп және аудит мамандығы
Тексерген оқытушы : Тлеубаева З.Д.
Көкшетау қаласы 2019 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ...4
1.2КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5ТҮСІМ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПБЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ
ІІ.КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1Кірістер мен шығыстардың есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2Кірістер мен шығыстардың есептілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға қүқығы бар.
Бүгінгі кәсіпорындарда кірістер мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. "Қосымша құн" мен "Пайда" категорияларының экономикалық мазмүны іс жүзінде бара - бар. "Табыс" категориясының "Қосымша құн" категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.
Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы табыс кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдык қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шарттарда анықталады.
Шығыстар өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ма, сатылған өнімнің көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Атап айтқанда:
- жалпы және әкімшілік шығындары;
- пайыз бойынша шығыстар;
- тауар - материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.
Үлестірмелі шығыстар - бұл амортизация және сақтандыру шығындары.
Оларға сәйкес активтер таза табыс әкеледі деп күтілетін кезең ағымына да жүйелі үйлестіріледі.
Үстеме шығыстары бұл өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.
1.1.КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын табысты көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір цызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аральщ сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа стадиясына - айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп корланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары баска субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кэсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе элеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылыц ұйымдардың және халықтың бастащы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен кайта бөлудің үдерістеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар, ең алдымен бюджеттік қор жасалынады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады, кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылықтык мұқтаждарга пайдаланылады. Мекемелер көрсететін қызметтерді төлеу арқылы халықтың бастапқы табыстары да кайта бөлінеді. Бұл түсімдер қызметтер көрсету сферасы кэсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды.
Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық қатегория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кэсіпорындардың қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық қатынастардың бөлігі ретінде көрінеді.Орталықтандырылмаган кірістер кәсіпорындардың өздерінін, ақшалай табыстары мен корланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым белігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера кажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік бе-реді. Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс корлар жатады. Кірістер үғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте,шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ацшалай қаражаттардың анықтамасы.
Мемлекет кірістерінің экономикалық табиғаты және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді.
Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақшалай қатынастардың даму дәрежесімен, өндіріс эдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тэн мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының калыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның баска қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс кұралдырының және тиісінше, косымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлъщтаіі көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кэсіпкерлік сектордың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен кұралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржылық активтерді (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) жалпы табыс (пайда), косылған кұн салығы, акциздер, кеден табыстары түріндегі мемлекеттік кэсіпорындар мен үйымдардың табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-су, басқа табиғат ресурстарынан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынат^йй^абыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұймдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері
4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, косалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды кіріктіретін бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.
Қаржылық ресурстар ұғымы мазмұны жағынан мемлекеттің кірістері ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржылық ресурстардың кұрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдык кажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі кұрал- жабдыктарды (капиталдарды) калпына келтірудін амортизациялық аударымдары, айналымдагы қаражаттардың артыгы, куыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомапары, ісген шыккан, иесіз мүлікті (өлген адамнан калган мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқыкбойынша мемлекеткеөткен,талап етілмеген (көліктегіталап етілмеген жүк, талап етілмеген депозитсомалары, таратылмаған пошталықжөнелтім) мүлікті өткізудентүскентүсімдер. Бұл ақшалай қаражаттар(сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура магынада табыс, ягни қаражаттарды жүмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты эр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсімпұлдар кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржылық ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар - қарыздык қаражаттар Мемлекеттік кэсіпорындардың тұракты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылықтык ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды
Кірістер дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты - табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі - осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету.
Пайда - шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін.
Шығындар - бұл шаруашылық жүргізуші субъктіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қспағанда субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайларнәтижесінен капиталдың азаюы.
1.2. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ МӘНІ
Табыс - есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкесөлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдаланылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен ерекше болады.
Табыс банктің өмір сүру көзі болып табылады. Банксіз табыс жоқ, ьабыссық банк жоқ. Табыстың мәнін анықтау, бағалау және табысты уақытпен байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері. Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізі емес қызмет түрлеріне байланысты.
Нәтижелі шоттарды құру тәсілін, табыстар мен шығыстардың құрамын, оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлььық банкі анықтайды және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес банкті басқару және оған салық салу үшін жеткілікті деңгейде түсінікті болуы қажет.
Табыстар әдетте мәміле орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығыс немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалғын актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.
Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі - сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оның өзінде қалдырса, онда ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.
Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің тиімділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы-шауашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп құру үшін табыстар мен шығыстар маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.
Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген жағдайлар мыналарды қамтиды:
:: тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің таза құнына дейін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының - қалпына келтіру құнына дейін төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;
:: банк қызметі құрылымының өзгеруі және құрылымының өзгеруі бойынша шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;
:: жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы;
:: ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
:: үзілген операциялар;
:: сот үрдістерін реттеу;
:: резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.
Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік ие табыстар мен шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің басқа да табыстары мен шығыстары құрамында есептеледі. Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсетуге пайдаланылады.
Банктің табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып танылады. Әдетте есепті кезең аралығында танылған табыстар мен шығыстардыңбарлық баптары таза пайданы немесе шығынды анықтауда қолданылады. Осылармен бірге таза пайданы анықтауға төтенше баптар және есепті бағалардағы өзгерістер нәтижелері қолданылады. Іс жүзінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе шығынды анықтауда қолданылатын барлық кірі және шығыс баптары банктің күнделікті қызметі барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.
Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда соңғы мәліметтерді қоса есептегендегі пікірталастарды енгізетін бағалау үрдісі жүргізіледі. Әр түрлі кезеңдерде қаржылық есептердің сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында, есептік бағалардағы өзгерістерден бұрын кәсіпкерліктен түскен табыс немесе шығындар есебіне қосылған бағаларға әсері таза пайда немесе шығын құрамына енгізіледі.
Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалық дұрыс есептмеулер нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда, фактілерді, дұрыс талқыламау, жалған мәліметтер алу немесе абайсыздық нәтижесінде туындауы мүмкін. Түзетулер, соның ішінде кезекті кезеңдегі әдетте ағымдағы жылдағы таза табыс немесе шығынды анықтауға негізделеді.
Табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар шоттарының ерекшеліктері - олардың қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері жайында есеп беру шоттары болып табылатындығында. Оларды уақытша шоттар деп атайды, себеі мәліметтерді тек ағымдағы кезең үшін ғана жинақтауда қолданылады. Әдетте бір жыл болып келетін әр есепті кезеңнің соңында олардың қалдықтары келесі кезеңге ауыстырылады немесе жабылады. Бөлінбеген табыс туралы есеп берудегі бұл кезең аралық көшіру жабылатын өткізбелер көмегімен жүзеге асады; олар әдетте екі мақсатта қызмет етеді: таза табысты немесе шығынды бөлінбеген пайдаға аудару, келесі есепті кезеңді бастау үшін әр уақытша шоттардан нөлдік мөлшерлеме тағайындау. Осылайша, бұл шоттар келесі жылға мәліметтерді уақытша жинақтау қызметтерін атқаруға дайын болады.
Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалайтүсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды. Түрлері: материалдық табыс - сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы; негізгі құрал-жабдық (қор) табысы - кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы; саудадағы тауарлар табысы - тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары; жалпы табыс - бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома; сыртқы төлем табысы - шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы; тарату табысы - мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат; қорланған табысы - қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс; күтулі табыс - ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз -- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс -- бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі -- қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанша бұйым тек жумсалган шығынды ғана өтеп, ешқандай табыс келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде түтынуға пайдаланған жәнс еткен жылдардағы табысланбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
1.кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
2.кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі -- кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі -- тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тутынуға багытталган барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байлаиысты пайдаланбай қалған пайда қәлдығының үлкен маңызы бар және алдагы жылдардагы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
Табыс ұғымы және нарық жағдайында табыстың ролі.Табыс -- кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы. Таза табыс экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз -- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс -- бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі -- қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес.Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған онім өндіруді арттырып, оның сапасын жаңсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, табыс мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Табыс баланстық және есептеулік болып болінеді. Жалпы баланстық табыс мынадан құралады:
* тауарлы өнімдерді сатудан түскен табыс;
* тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдсрден және қызмет көрсетуден түскен табыс немесе зиян;
* сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен табыс немесе зияндар.
Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік табыс -- бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық табыс.Табыс жоспары бағалар мсн келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар не-гізіғтде жасалады. ІІайда көлемін анықтау тікелей ессптеу немете талдау әдістерімен жүргізіледі. Табысты тікелей есептеу әдісімен аныктау -- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.Табыс белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын ңызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, табыс ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, табыс бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салык түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға табысланады.Нарықтық экономика жағдайында табыстың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді
Кәсіпорынның табысы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық табысиың жиынтық деңгейі -- кәсіпорынның жалпы табысы. Жалпы табыстың негізгі жиынтық элементтері болатындар:өнімді сатудағы, қызмет атқарудан, қызмет көрсетудсн түсетін табыс;негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін табыс;өткізуден тыс операциялардыд қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты:өнім бағасы жәнс оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы -- сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі
1.4.КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Табысты үлестіру объектісі косіпорынның баланстық табысы болып табылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы -- салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Табысты үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатып, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.
Табысты үлестірудің принциптері:
-- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған табысты шаруашылық субъөктісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
-- мемлекет алған табыстың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес.
-- Салықтың құрамы жәнө алымы, оларды өсептеудің және бюджст жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
-- салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын табыс мөлшері өнім көлемінің артуы жәнс өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
-- Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық табыс екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі -- кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі -- тұтынуға пайдаланатын табыс үлесін сипаттайды. Сонымен, тутынуға бағытталған барлық табысты толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған табыс қалдығының үлкен маңызы бар және алдагы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде түтынуға пайдаланған және еткен жылдардағы табысланбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz