Каспий - Балық өндірістік кооперативі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қаржы және есеп кафедрасы
Қорғауға жіберілді
______________
кафедра меңгерушісі
э.ғ.к.,аға оқытушы Э.М.Адиетова
_________________ 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Балық шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
5В050800 - Есеп және аудит мамандығы бойынша
Орындаған: Хатенов М.М.
Ғылыми жетекеші: Габдуллин Н.И.
Э.ғ.к., қауым.профессор м.а
Норма бақылау:
Атырау 2020
мазмұны
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Бухгалтерлік қызмет жұмысының ұйымдастырылуы
1.2 Ұйымдардағы шаруашылық операцияларын құжаттау
1.3 Бухгалтерлік есепті жетілдірудің негізгі бағыттары
2 КАСПИЙ-БАЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Каспий-Балық ӨК есептеу-талдау қызметінің жұмысы
2.2 Каспий-Балық ӨК қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
3 КАСПИЙ-БАЛЫҚ ӨК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Қаржылық есептілік
3.2 Бухгалтерлік баланс
3.3 Кірістер мен шығыстар туралы есеп
3.4 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
3.5 Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп
3.6 Кірістер мен шығыстарды есепке алу, талдау және аудит
Қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер
қосымша
КІРІСПЕ
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Осы дипломдық жұмыста мен Балық шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйек айындағы Жолдауында Қазақстан дамуының маңызды векторы - әлеуметтік-экономикалық модернизация атты жолдауында көрсетілгендей қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында экономика секторының дамуында бәсеке қабілетті кәсіпорынның алатын орны зор. Бәсеке қабілетті кәсіпорын нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтап, сұраныс талабын қанағаттандырып, өнімдерді өндіруді ұйымдастырып және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етіп, басқаруды жетілдіруде сапалы бухгалтерлік ақпаратты қолдануы тиіс. Бүгінгі күні кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық тетігін, даму деңгейін және болашақтағы перспективасын айқындау барысында бухгалтерлік ақпараттың, яғни бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындарды ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге өтуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің каржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны ссепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Сондықтан да берілген курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - балық шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық - әдістемелік, тәжірибелік негіздерін зерттеу. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
oo бухгалтерлік ақпарат түсінігін, түрлерін және оны қолданушыларын
анықтау;
oo ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық
негізін айқындау;
oo бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызын сипаттау;
oo Каспий-Балық өндірістік кооперативі (ӨК) бойынша жалпы мағлұмат бере отырып, коорперативтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттеу:
oo аталған коорперативтің даму проблемаларын көрсетіп, шешу жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың объектісі: Каспий-Балық өндірістік кооперативі.
Дипломдық жұмыстың пәні: Кәсіпорынның қызметіндегі бухгалтерлік ақпараттарды талдау негіздері. Берілген дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік Заңдары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен Каспий-Балық ӨК бойынша мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және ұйымдардарғы шаруашылық операцияларын құжаттау туралы теориялық мәлімет берілсе, екінші және үшінші бөлімде бухгалтерлік ақпарат негізінде Каспий-Балық ӨК қызметінің экономикалық-қаржылық жағдайына талдау жасалған. Сондай-ақ коорператив бойынша негізгі проблемалар айқындалып, оларды шешу жолдары көрсетілген. Бұл үш бөлім өз ішінен бөлімшелерге бөлінді. Сонымен қатар қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілген.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
0.1 Бухгалтерлік қызмет жұмысының ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып қоғамның әлеуметтік жағдайына байланысты өзгерістерге ұшырап келе жатқан сонымен қатар өзіндік ерекшелігі бар ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушы және дамытушысы Француз монахы Лука Пачоли болып табылады.Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген трактатын жазған.Ал бухгалтер термині 15 ғасырда Австрия қаласында пайда болған.
Бухгалтерлік есеп субьектінің қаржылық ақпараттарын есептейтін, өңдейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе . Бухгалтерлік есеп - халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгі бөлігі. Барлық шаруашылық субьектілері бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау сияқты қызметтерді орындау үшін қажет. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері, міндеттемелері, капиталы, шығындары, өндірілген өнімдері мен оны сатудан түскен табысты және оның тиімді жұмсалуы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те санайды. Себебі қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда есеп қызметкерлеріне жүктелетіні белгілі. Есеп қызметкерлері салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және нақты болуына жауап береді. Егер дәлме - дәл және сәйкес келетін мәліметтер болмаса, өндіріс, маркетинг, сатып алу, қаржылық және әкімшілік саласында қандайда бір шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Бухгалтерлер мен аудиторларға өз міндеттерін атқару барысында үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын, заңдарын, икемді салық жүйесін пайдалануға талпыныс жасауда. Ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты және жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуына сәйкес 1995 жылдың желтоқсанында ҚР президенті Бухгалтерлік есеп туралы жарлыққа қол қойды. Содан соң кейбір өзгертулер мен және толықтырулармен 2007 жылдың 28 ақпанында Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң қабылданды.
1996 жылдың қарашасында ҚР-да алғаш рет бухгалтерлік есепке алудың стандарты жасалды. Бухгалтерлік есеп стандарты (БЕС) - бұл активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, кіріс және шығын жөніндегі қаржылық есеп берудің элементтерін анықтай отырып, бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері мен тәртібін анықтайтын құжат.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі - ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып, тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымның өз экономикалық жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп кәсіпорындарда төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
1. Ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
2. Қаржылық - ақпараттық мәліметтерді пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешімдер қабылдайды.
Халық шаруашылығында есеп жүйесінің 3 түрі бар :
1. Жеделдік немесе техникалық есеп
2. Статистикалық есеп
3. Бухгалтерлік есеп
Жеделдік есеп кәсіпорындар мен мекемелерде өндірілген өнімдерді, көрсетілген қызметтерді өлшеу, бақылау жұмыстарын жедел жолдармен іске асырады. Бұл есептің маңызы тез және өз уақытында орындалған жұмыстарды басқару, тапсырмалардың орындалу дәрежесін әрбір бөлімшелер бойынша қадағалап отыруға арналған.
Статистикалық есеп қоғам өмірінде болып жатырған құбылыстар мен процесстердің барлығын есепке алып отырады. Халық шаруашылығындағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер статистикалық есеп арқылы жинақталады. Статистикалық есептің мақсаты экономиканы дұрыс басқарып, реттеп отыру үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп тиісті уақытында жоғары органдарға тапсыру болып табылады.
Бухгалтерлік есеп арқылы қолда бар материалдар мен олардың жұмсалуын, ақша қаражаттарының қозғалысын жүргізуге болады. Басқа есептермен салыстырғанда бухгалтерлік есептің ерекшелігі үздіксіздігі мен құжаттылығында, яғни бухгалтерлік есеп тек қана құжаттарда тіркелген көрсеткіштер негізінде жүргізілетіндігінде.
Есеп жүргізуде төмендегідей өлшемдер пайдаланылады:
1. Натуралдық немесе табиғи өлшемдер
2. Еңбек өлшемдері
3. Ақшалай өлшемдер
Натуралдық өлшем есепке алынуға тиісті материалды заттар мен құралдарды өлшеу, санау, көлемін анықтау арқылы есепке алынады. Мысалға сүтті литрмен, жерді гектармен, ағаш дайындауды шаршы метрмен, шегені киллограммен т.с.с натуралды өлшемдер қолданылады.
Еңбек өлшемдері атқарылған жұмыс уақытының санын өлшеуге арналған. Жұмыс уақытының көрсеткіштері қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу үшін қажет. Еңбек өлшемдері атқарылған адам - сағаты және адам-күні болып табылады.
Ақшалай өлшем шаруашылық қорларының қозғалысын, жұмсалынған шығындарды, таза пайданы өлшеуге керек.
Бухгалтерлік есеп қағидалары: есептеу, үздіксіз, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік, салыстырмалылық, бейтараптық, толықтылық.
Есептеу қағидасы кәсіпорындағы кез келген операцияның (кірістер мен шығыстар) есептеліп отыру қажеттігін білдіреді. Түсініктілік қағидасы бухгалтерлік есептің ақпараттары оны пайдаланушыларға түсінікті болуымен сипатталады. Берілген ақпараттарға оны пайдалаушылар сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады. Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері өткен уақыттағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалығы мен маңыздылығы арта түседі.
Бухгалтерлік есептің пәні болып шаруашылық қорлары, процесі, олардың қозғалысы және нәтижесі саналады. Қандай да кәсіпорын болмасын белгілі бір жұмысты орындау үшін және өнім өндіру үшін, олардың қарамағында шаруашылық қорлары болуы керек. Олар: үйлер, ғимараттар, машиналар, техникалар, материалдар, ақша қаражаттары. Шаруашылық қорларының бухгалтерлік есебін дәл, дұрыс жүргізу үшін олардың жіктелуін, топталуын жақсы білу керек. Барлық шаруашылық қорлары мынандай үлкен екі топқа бөлінеді:
1. Өнім өндіру процесі мен атқаратын міндеті бойынша;
2. Қорлану (жасалу) көздері бойынша;
Шаруашылық қорлары өнім өндіру процесі мен атқаратын міндеті бойынша өз кезегінде және мынандай топтарға бөлінеді:
1. Өндірістегі құралдар - оған еңбек құралдары, еңбек заттары жатады. Еңбек құралдары - үйлер, ғимараттар, техникалар т.б. Еңбек заттары - шикізаттар, материалдар, қосалқы бөлшектер .
2. Айналымдағы қаражаттарға - сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар, кассадағы және банктегі ақша қаражаттары жатады.
3. Айналымнан тыс қаражаттар - бұл бюджетке төленетін салықтар, резервтік қорлар жасау
Шаруашылық қорлары қорлану көздері бойынша өз кезегінде мынандай топтарға бөлінеді:
1. Меншікті қорлар (өзіндік қорлар)
2. Уақытша қарызға алынған
Меншікті қорға: таза пайда, жарғылық капитал, резервтік капиталдар жатады.
Уақытша қарызға алынған - бұл банктен алынған несиелер.
Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығын шаруашылық процесі деп атайды. Шаруашылық процесі 3 сатыдан тұрады:
1. Өндірістік қорларды дайындау процесі
2. Өнім өндіру процесі
3. Сату процесі
Өндірістік қорларды дайындау процесі - өндірісті жүргізуге, өнім өндіруге немесе белгілі бір жұмысты орындауға қажетті құрал - жабдықтарды, материалдарды әзірлеп, дайындап алу. Бұл сатыдығы есеп жұмысының міндеті:
1. Сатып алынған құралдарды, материалдарды уақытында құжаттау, кіріске алу.
2. Сатып алынған құралдардың, материалдардың, заттардың нақты өзіндік құнын есептеу.
3. Жүк қоюшылармен, жабдықтаушылармен уақытында есеп айырысу.
Өнім өндіру процесінде шығындар жұмсалады. Нәтижесінде дайын өнім алынады немесе жұмыс орындалады. Бұл сатыдағы есеп жұмысының міндеті:
1. Өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс есепке алу.
2. Өндірілген өнім санын, сапасын анықтау.
3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
Сату процесінде өндірілген өнімдер сатылады. Одан ақша түседі, табыс табамыз. Бұл сатыдағы есеп жұмысының міндеті:
1. Сатуға байланысты шығындарды дұрыс есептеу.
2. Сатудың нәтижесін дұрыс анықтау (пайда не зиян).
Шаруашылық құралдарының құжатпен рәсімделген қозғалысы мен өзгерісінің фактісін шаруашылық операциясы деп атайды. Шаруашылық операциялары бұл кәсіпорындағы жасалып жатқан жұмыстар.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыруы - бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелігі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат деп - кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да, құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі, осы құжаттар арқылы ғана кез-келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды. Бастапқы құжаттар деп - заңды мағынасы бар шаруашылық фактілерінің мазнұнын арнайы үлгідегі қағаздарға рәсімдеп жазу мен куәландыруды айтамыз. Бастапқы құжаттар есептік жазуларды негіздеудің құралы ретінде міндет атқарады. Өз мәнінде рәсімделген құжаттардағы мәліметтер шаруашылық фактілерінің заңдылығы мен сенімділігін көрсетеді. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге жататындар:
құжаттың аты, нысанының коды;
құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);
құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
шаруашылық операцияның мазмұны;
шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай); шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
еңбек жіне еңбекақы;
негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
материалдар;
кем бағалы және тез тозғыш заттар;
капиталдық құрылыстағы жұмыс;
құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
автокөліктегі жұмыс;
түгендеу нәтижелері;
кассалық операциялар;
сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Есептеу үдерісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:
Мақсаты бойынша (назначению)
Толтырылатын орнына байланысты (месту составления)
Шаруашылық фактілерінің сипатына
Жинақтау дәрежесі мен мазмұны бойынша
Операцияны қамту және пайдалану жиелігіне қарай
Мақсаты бойынша құжаттар:
өкімдік (распорядительные),
атқарушылық (оправдательные, исполнительные),
бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления)
құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлінеді.
Өкім құжаттарына - шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Өкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық (растайтын) құжаттар - шаруашылық операцияларының орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға - тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есеп шотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар - ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Құрамдастырылған құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын (қарастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз - белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың мұндай түрі арқылы қандай да бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлы - материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды), жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін (ведомостарын), есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға - кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлы-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот - фактураларды, сенімхаттарды және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Шаруашылық фактілерінің сипатына қарай құжаттар кассалық, банктік, материалдық, есеп айырысу болып сипатталады. Сонымен қатар, құжаттар авторлық, қызметтік, жеке, стандартық және стандарттық емес, түп нұсқалық, көшірме құжаттар болып та сипатталады.
Жинақтау дәрежесі мен мазмұны бойынша бухгалтерлік құжаттарды бастапқы құжаттар және жинақтаушы (сводные) құжаттар деп бөлініп қарастырылады.
Бастапқы құжаттар шаруашылық операция жасалған сәтте жасалады және өз алдына толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босатуда толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысалы: Акционерлік қоғамнан бір күнде босатылған өнімге шектеулі - заборлық картасы толтырылады.
Жинақтаушы құжаттар бастапқы құжаттарда тіркелген есептік ақпараттарды жалпылау үшін пайдаланылады.
Құжат айналымы мен маңызына тоқталайық:
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпараттық-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты.
Құжат айналымы дегеніміз - кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың жасалуынан (құрылуынан), яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі. Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудың уақыттылығы қамтамасыз етеді.
Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;
кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін (графигін) құру;
есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
құжаттың бағалы сараптамасы (экспертизасы) және істі ұзақ сақтауға дайындау.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітеді. Кесте немесе сызба (схема) құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін.
Құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру - кез-келген бухгалтерия жұмысының жемісті болуының міндетті шарты.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді.
Ұйымға келіп түскен құжаттар қозғалысының технологиялық схемасы келесідей:
Құжат айналымының кестесі ұйымның қызметтік нұсқаулықтарымен және есеп саясатымен үйлесімді болуы тиіс. Осы құжаттар бірін-бірі толықтырып тұруы тиіс. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс.
Сонымен қатар, кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақтылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытты бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс ресімделуін тексеру керек. Ережеге сай ресімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған (толтырған) адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.

Бухгалтерлік есепті жетілдіру кез-келген кәсіпорын үшін қажет. Жетілдіру процесі көптеген кезеңдерді, яғни: бухгалтерлік қызметті ұтымды құрудан бастап, тиімді жұмыс істейтін ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға дейін қамтиды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіру - бұл жүйелі бағытталған процесс. Оның құрамы бірнеше маңызды кезеңдерге бөлінеді:
* бухгалтерлік қызмет құрылымын құру және жетілдіру;
* есеп саясатының ережелерін егжей-тегжейлі зерделеу және оның қазіргі нұсқасын жүргізу;
* бухгалтерлік есеп ақпаратын өңдеудің заманауи технологияларын енгізу;
* жұмыс кестесінің уақтылы орындалуын бақылау;
* пайдаланылған бухгалтерлік есеп жүйесін талдау және бағалау, қолданыстағы заңнама шеңберіндегі ең ұтымды және тиімді нысанды қолдану мүмкіндігін зерттеу;
* ішкі бақылау жүйесін құру және жетілдіру;
Бухгалтерлік есеп ақпараттарды жинаудың, тіркеудің, жүйелеудің және жинақтаудың үздіксіз процесі болғандықтан, бухгалтерлік есепті жетілдіру ең алдымен мыналарға бағытталады:
* бухгалтерлік ақпаратты өңдеу құралдарының жеткіліксіздігі мен жетілмегендігінің себептерін жоюға;
* кәсіпорын басшылығының қажетті бухгалтерлік ақпарат пен мүмкіндіктерге деген қажеттілігі арасындағы оңтайлы тепе-теңдікке қол жеткізу (бухгалтерлік есеп ақпаратының толықтығы, уақтылығы және сапасы қажеттілігі);
* пайдаланушыларға тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ақпаратты есепке алу арқылы қалыптастыру және т.б.
Бухгалтерлік есепті жетілдіру процесінде маңызды қызмет түрлері:
* бухгалтерлік есеп жүйесінің өндірісті жоспарлауды және басқаруды ұйымдастырумен тиімді өзара байланысын құру;
* есеп жүйесін ұйымдастыруда және жетілдіруде математика мен кибернетиканың қазіргі жетістіктерін пайдалану.
Бухгалтерлік қызмет құрылымын оңтайландыру - бухгалтерлік қызмет құрылымын жетілдіру шаралар жиынтығы болып табылады, оның ішінде:
* бухгалтерлік қызметтің әр құрылымдық бөлімінің жұмысына тұрақты талдау (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу, жалақыны есептеу, тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және т.б. үшін);
* орындаушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын қарау, оларды есепке алу процесінің қажеттіліктері мен бухгалтерлік есепті қолданушылардың ішкі сұраныстарын ескере отырып түзету;
* жұмыс уақыты мен еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалану мақсатында орындаушылардың функционалдық міндеттерін таңдау (реттеу аудандарын біріктіру кезінде);
* ұжымның жұмыс микроклиматын құруға және қызметкерлердің қақтығыстарды болдырмауға мүмкіндік беретін психологиялық үйлесімділігін ескере отырып, ішкі есепке алу бірліктерін қалыптастыру;
* басқа қызмет түрлері (компанияның құрылымы мен ауқымына, қызметінің әртүрлілігіне және т.б. байланысты).
Кәсіпорын неғұрлым ірі және тармақталған құрылым болса, бухгалтерлік қызметтердің саны соғұрлым көп болады және оның басқа бөлімшелермен және құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесуі қиындайды.
Бухгалтерлік есеп бөлімі тиімділіктің жетіспеушілігінен және кәспорынның басқа құрылымдық бөлімшелерімен келісілген өзара әрекеттесуінен зардап шекпеуі үшін серіктестіктің ішіндегі бухгалтерлік қатынастардың көп қырлы сипатын сипаттайтын ішкі жергілікті акт әзірлеу қажет, бұл әр мердігерге өзінің іс-әрекетінің жалпы есеп процесінде маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның ішкі актісі күнделікті еңбек процесінде және оның орындалуын үнемі бақылауда болуы керек.
Ішкі бақылау жүйесі кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жетілдіруге айтарлықтай әсер етуі мүмкін элементтердің бірі. Заңды аудитке жататын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ішкі бақылауын ұйымдастыруға міндетті.
Ішкі бақылау жүйесіндегі процесстер:
* арнайы әдістер мен рәсімдерді қолдана отырып жүзеге асырылады;
* қойылған мақсаттарға жетудің жеткілікті сенімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету: есеп берудің сенімділігі, шаруашылық операциялардың тиімділігі, қолданыстағы ережелерді сақтау.
Ішкі бақылау жүйесі бухгалтерлік есеп процесінің жақсаруына ықпал етеді, өйткені:
* бұл компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін жүйелі және тиімді жүргізудің құралы;
* активтерді қорғауға көмектеседі
* қателіктерді және ақпаратты бұрмалауды уақтылы болдырмауға (анықтауға, түзетуге) мүмкіндік береді.
Ішкі бақылау жүйесі жүйелі басқаруға негізделген:
* шаруашылық операциялар үшін;
* бастапқы есепке алу құжаттары;
* нормаларды қолданудың дұрыстығы, шығындарды бөлу және т.б.;
* жоспарланған нормативтік индикаторлардың сақталуы және т.б.
КАСПИЙ-БАЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Каспий-Балық Өндірістік кооперативі - Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы балық өндіретін және өңдейтін жалғыз толық циклді кәсіпорын. Шортанбай АҚ және Қызыл-таң кооперативінің негізінде 1999 жылы құрылған Каспий-Балық ӨК-і бүгінде Қазақстандағы балық өнеркәсібінің ірі өндірістік бөлімшелерінің біріне айналды.
Каспий-Балық ӨК жыл сайын шамамен 3500-3900 тонна балық жинайды және 3000-3200 тонна дайын өнім шығарады. Балық аулау және тауарлық өнімді өсіру орнында орналасу, техникалық базаны үнемі жетілдіріп отыру және технологиялық жабдықты жаңарту кооперативке арзан балық пен оған арналған өнімдерге үнемі өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуде көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Каспий-Балық сауда маркасының балық өнімдері олардың дәмі мен керемет ұсынысы үшін бағаланады. Тұтынушыларға Каспий балықтарындағы құнды және қоректік заттарды жеткізу үшін компания оны өндіруге, сақтауға және өңдеуге қойылатын стандарттар мен талаптарды қатаң сақтайды.
Қазір Каспий-Балық ӨК үшін 45 балықшы және 5 звено балық аулау жұмыстарымен айналысады. Меншікті мұз дайындау, катерлі қайықтарды, транзиттік балықшыларды, қуатты мұздатқыштар мен суық камераларды жасау жоғары сапалы шикізатты шығынсыз тасымалдауға және сақтауға көмектеседі. Балықты одан әрі өңдеу кооперативтің зауыттық шеберханаларында жүреді, оның ішінде 2003 жылы пайдалануға берілген арнайы кесу цехын бөліп көрсету керек. Ол халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін терең өңделген балық өнімдерін өндіруге арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
Балық - бұл біздің үстеліміздегі ең қажетті және пайдалы өнімдердің бірі. Бүгінгі таңда Каспи-Балық ӨК-і 10-нан астам тауарлар үшін дайын өнімдердің кең ассортиментін ұсынады. Салқындатылған, мұздатылған, тұздалған, кептірілген, қақталған, жылтыратылған балық және Каспий-Балық сауда маркасының жартылай тұқымдарының уылдырығы әрдайым қолданылады. Балық қалдықтарынан дайындалған жемдік ұнға сұраныс аз емес. Каспий-Балық брендінің барлық өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Украинада және басқа ТМД елдерінде танымал. Кооперативтің тұрақты серіктестерінің қатарында ірі фирмалар, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлер бар.
Қазіргі уақытта балық шаруашылығы Атырау облысының экономикалық әлеуетінің өсуіндегі маңызды құрамдас бөлікке айналуда. Каспий-Балық ӨК балық аулау саласы нарығындағы үлесін біртіндеп арттырып, әлемдік деңгейге шығады деп күтеді. Кооператив өндірісті кеңейтіп, техникалық базаны дамыта отырып, барлық балықты ұнататындардың қол жетімді бағамен сапалы өнімдерге деген сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мүмкіндігі.
Заңды тұлғаның атауы, заңды мәртебесі, меншік нысаны
Каспий-Балық өндірістік кооперативі, меншік үлестерін меншік иелері арасында инвестицияланған бөлікке пропорционалды түрде бөлу.
Компанияны тіркеу және қайта тіркеу күні - 1999 жылдың 19 қаңтары.
Компанияны басқару - жасын, білімін, жұмыс тәжірибесі
Өндірістік кооператив Өндірістік кооперативтер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жұмыс істейді. Ол балық өндірісі мен балық нарығында 7 жыл қатысқан жеке тұлғалардың мүліктік салымы негізінде құрылды.
Мекен-жайы, телефоны, факс
060414 Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Утера ауылы, 3-14-00
Коорперативтің қазіргі кездегі өндірістік және коммерциялық қызметінің сипаттамасы және даму бағыттары:
Өндірістік кооператив мамандандыратын негізгі қызмет түрі - балық өндіру және оны қайта өңдеу. Қазіргі уақытта өндірістік кооператив Құрманғазы ауданындағы ірі кәсіпорын болып табылады. Барлық ауланған балық өңдеуге жіберіледі, балық өнімдерін өткізудің негізгі арнасы көршілес Ресей Федерациясы, сондай-ақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстары. Қазіргі уақытта өндірістік кооператив ISO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) құру мәселелерімен айналысуда. Сондай-ақ, өндірістік кооперативтің қызметін жетілдірудің және стратегиялық жоспарлаудың маңызды бөлігі ретінде бенчмаркинг - бизнесті жетілдіру моделі арқылы озық тәжірибені енгізу өте өзекті болып табылады.
Банктік реквизиттер:
Есеп айырысу шоты 100609905
Рубльдік шот 058160305
Шот 00107071
Темірбанк АҚ Құрманғазы филиалы
Өнімдер мен қызмет түрлері:
Өндірістік кооператив мамандандыратын негізгі қызмет түрі - балық өндіру және өңдеу. Қазіргі уақытта өндірістік кооператив Құрманғазы ауданындағы балық өндіру және өңдеу бойынша ірі кәсіпорын болып табылады. Балықты 5 баркас, 3 балық аулау пункті, 5 моторлы қайық, 13 балықшы, 190 будар мен тор куластар ұстайды. Жалпы салмағы 700 тонна болатын тоңазытқыштар, жол талғамайтын цех - 800 тонна, кептіру цехы - 120 тонна және ысту цехы - 5 тонна. Сондай-ақ сыйымдылығы 16 тонна жасанды мұз шығаратын зауыт, мұздатқыш - 3 тонна, вакуумды орау машинасы. Арнайы операциялар ғимараты пайдалануға берілді. Балықтың және оның өңделген өнімдерінің күрделі нарығында қысқа мерзім ішінде өндірістік кооператив сенімді және тұрақты іскери серіктес ретінде беделге ие болды. Өнімдер Қазақстанда, көршілес Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде кеңінен танымал.
Балық аулаумен қатар, ауылшаруашылық салаларын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Көкөністер мен бақша дақылдарын өсіретін өсімдік шаруашылығы саласы дамыды.
Болашақта өнімнің түрлерін кеңейту үшін өңдеуші мамандарға балық өнімдерін тікелей тұтынушылармен, қоғамдық тамақтандырудың ғылыми мекемелерімен үнемі байланыс орнатуға көңіл бөлу жоспарлануда. Жаңа жұмыс орындарының пайда болуы жұмыссыздық мәселесін едәуір шешті.
Қазіргі уақытта Каспий-Балық өндірістік кооперативі - Атырау облысы, Құрманғазы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары арасында жалпы және сатылатын өнім көлемі бойынша жалғыз және ірі ферма.
Өндірістік кооперативтің қолданыстағы басқару құрылымы нарықтық жағдайда күрделі жұмыстарға бейімделген, маркетинг саясатына толық сәйкес келеді және жұмыстың ерекшелігін ескереді.
Кооперативтің жұмыстарын басқару сайланбалы органдары арқылы жүзеге асырылады. Олар Кооперативтің жалпы жиналысы, ревизиялық комиссия, басқарма алқасы және басқарма алқасының төрағасы арқылы жүзеге асады. Серіктестіктің жұмыстарын басқаруында жоғарғы орган болып Кооперативтің мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Бұл жоғарғы басқару органдарының мерзімі 5 жыл болып табылады.
Кооперативтің жоғарғы басқару органы төмендегі мәселелерді шешуге құқылы:
1. Кооперативтің Жарғысына тузетулер енгізу.
2. Атқарушы ревизиялық органдарды құру және оларды тарату.
3. Кооперативтің қорларының түрін және олардың мөлшерін анықтайды.
4. Кооперативтің қатысушысын қабылдау мәселелерін шешуге.
Каспий-Балық ӨК-нің басқару құрылымының 1-кестеде схемасы бейнеленген, осы таблицадан көргендей Кооператив төрағасы, оның әр сала бойынша орынбасарлары және бас бухгалтер бар. Сондай ақ балық өңдеу цехының басшысы тікелей директорға бағынышты. Осыдан басқа директорға бас инженер, қайта өңдеу цехының басшысы және бас есепші бағынады.
1.1-Кесте. Компанияның басқару құрылымы
Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы
Кооператив төрағасы
Төрағаның қаржыландыру жөніндегі орынбасары
Төрағаның экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Төрағаның өндірісті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары
Төрағаның кадр жөніндегі орынбасары
Жоспарлау бөлімі
Бас бухгалтер
Сала жетекші мамандары
Кадр бөлімі
Ақпараттық бөлімі
Сыртқы экон-қ байланыстар бөлімі
ӨК салалары
Кадр бойынша инженер
Өндіріс
Бухгалтерия
Құрал - жабдықтар
Сату
Есеп саясаты - бұл әрбір шаруашылық басшысы қолданатын бухгалтерлік есеп жүргізу үшін және олардың принциптерімен негіздеріне сәйкес қаржылық есеп берулерді ашып көрсету немесе талдау әдістерінің жиынтығы.
ӨК есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін рәсімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен рәсімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарымен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді, оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.
Каспий-Балық ӨК есеп саясаты 2007 жылы 28 ақпанындағы 234-ІІІ Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы, Қаржылық есептілікті дайындау мен көрсетудің Концепциясы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары (бұдан әрі- ҚЕХС), оның ішінде қаржылық есептің халықаралық стандарттары - ҚЕХС (IFRS), Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары - БЕХС (IAS) және оған Интерпретанциялар, сонымен қоса бухгалтерлік есепті реттеу бойынша уәкілетті орган әзірлеген ҚЕХС-ны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде әзірленген. Қоғамның есеп саясатының қағидалары барлық оның құрылымдық бөлімшелеріне және олардың еншілес ұйымдарына қатысты.
Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелер туралы толық әрі сенімді ақпарат тұжырымдау үшін қажет, ал ол өз кезегінде операторлық басқару үшін керек. Сондай-ақ бұл ақпараттарды ішкі және сыртқы ақпараттық пайдаланушылар (кәсіпорынның ішкі қызметкерлері, менеджерлер, сонымен қатар сыртқы серіктестер, несие берушілер, инвесторлар, салық, қаржы органдары,өзге де) пайдалана алады.
Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлық-материалдық қорлар (ТМҚ), еңбек және қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыру қажет.
Бухгалтерия қызметінде 4 адам қызмет атқарады. Бухгалтерлік есеп қызметкерлері экономикалық ортада жылдам және дәл бағдарлай алу үшін, нарықтық жағдайды және оның беталысын түсіну үшін бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін жақсы білуі керек. Олар кәсіпорынның қызметін, бухгалтерлік есепті және салық есебін ұйымдастыруды реттейтін ережелер, нұсқаулықтар және басқа да ережелерді қатаң түрде сақтау керек. Кәсіпорын бухгалтериясының құрамы мынадай:
1. Экономист-бухгалтер - өндіріс шығындары мен экономикалық жағдайды талдау, статистикалық есептер құрастыру;
2. Кассир - бастапқы құжаттарды дайындау, кассирдің есебін жасау;
3. Материалдық топтың есепшісі - тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын, материалдардың түсімдері мен шығыстарын есепке алу жұмыстарын жүргізу, материалдар бойынша ай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz