Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Минстрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы


Орындаған: Забигуллов А.Т.
Тобы: ГРМ-19-1
Тексерген:Нурмаганбетова М.С.

Қарағанды 2020

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Ерте ғасырдағы адамды еңбекке дайындаудың негізі
2. Заманауи кәсіптік білім берудің дамуы
3. Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны
III. Қорытынды

Кіріспе
Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау - білім беру жүйесінің маңызды саласы мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол ең-бек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті жұмыскерлер-ді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 - 3 жыл, кәсіптік лицейде - 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша - 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмыс-шылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылым-дарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушы-ларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі - 3 - 4 жыл. Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамадардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберліліге байланысты болады. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ете-тін, нарықтық сауат-тылықты енгізетін "қуатты фактор рөлі" жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысқа тиісті мемлекеттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар мен несиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

ІІ. Негізгі бөлім
1.Ерте ғасырдағы адамды еңбекке дайындаудың негізі
Ұрпақты еңбек іс-әрекетіне дайындау адамзат өз тарихының әр кезеңдерінде түрлі жолмен шешімін тапқан, маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ертеде болашақ буынды еңбекке дайындау тікелей еңбек іс- әрекетінің барысында жүзеге асырылды. Бұл жұмысты іске асырған - отбасы, қоғам. Еңбек бөлінісінен жер өңдеу, мал шаруашылығы, қолөнер пайда болғаннан кейін жастарды тіршілік әрекетіне отбасында дайындады. Аңшылық қауымдағы шаруашылық кәсібі адамдардың өндірістік формадағы егіншілік пен шаруашылық еңбектерімен ұласты. Қоғамдағы шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өндіріс құралдарына иелік ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады. Қоғамдағы билеуші топтар, көсемдер, ақсақалдар, дінбасылары балаларды еңбекке баулу тәрбиесіне, есеп-шотты пайдалануды үйретуге, тәрбие мазмұнын кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, білімін үйрететін арнаулы мекемелер (мектеп типтес) ашылды. Онда балалардың практикалық іскерліктері мен дағдылары жетілдірілді. Жинақтаған өмір тәжірибесін адамдар ұрпақтан-ұрпаққа беру бірлескен еңбек іс-әрекетінде қамтылып отырды. Олар балаларын өздерімен бірге ертіп жүріп аң, балық аулауға және жеміс-жидек жинау жұмыстарына үйреткен. Осы жұмыстарды орындаудың әдістерін меңгеруге және ептілікке, шеберлікке баулыған. Құл иеленушілік қоғамда тәрбие жұмысына арналған арнайы мекемелер мен кәсіпқой-тәрбиешілер пайда болды. Құл иеленушілердің балалары жекеменшік немесе мемлекеттік мектептерде тәрбие алды, онда олар гимнастика және әскери істермен айналысуға, музыкаға, ән салуға, оқуға және жазуға үйренді. Кейбір мектептерде геометрия және астрономия сабақтары берілді, олар сәулетшілікке, құрылысқа, кеме жүргізуге қажет болды. Құл иеленушілік кезінде ой еңбегі мен дене еңбегі бөлінді. Құл иеленушілердің балалары мектепке барды және олар дене еңбегінен босатылды. Дене еңбегі тек қана құлдарға арналды. Құлдардың балалары жас кезінен бастап құл иеленушілік шаруашылығында еңбек етіп, қолөнер-еңбек тәрбиесін алды және тіл алуға, бой ұсынуға үйренеді. Құл иеленушілік қоғамы кезінде ерте Грецияда педагог термині құл иеленушінің баласына қарайтын, оны мектепке ертіп апаратын құлды айтқан. Пейдагос деген грек сөзі (пейда - бала, гогос - жетектеп апару) бала жетектеп апару мағынасын білдіреді. Кейіннен келе педагог деп балаларды оқытып тәрбиелейтін адамдарды айтқан. Осы сөздің мағынасына сәйкес тәрбие жұмысына арналған педагогика ғылымы пайда болды. Сол уақытта пайда болған мектеп термині грекше бос уақытты өткізетін оқу орны дегенді білдіреді. Демек, алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие антропосоциогенетикалық атты арнайы кезеңде пайда болды, социобиогенетикалық деңгейде әлеуметтік қызмет атқаратын жабайылық деңгейде қалыптасты. Алғашқы қауымдық өркениетте тәрбие рационалды- әлеуметтік деңгейде болды. Алғашқы педагогикалық дәстүрлер адамның балалық шағына ерекше назар аударды. Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіпке дайындықты меңгеру үдерісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI-IX ғғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Кәсіптік білім берудің бастауы Т. Мордың (1478-1535) Утопия және Т.Кампанелланың (1568- 1670) Күн қаласы атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.
Жаңа уақыт қарсаңында ағылшын философы және педагогы Д.Локк (1632-1704) міндетті түрде белгілі бір қолөнерін үйренуді енгізген джентельменді (игі, мейірбан адам) тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасады. Француз материалисті Дени Дидро (1713-1784) өз кезеңінде кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы атты кітабын шығарды.
XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және өндірістік технологияларды меңгере алу қойылды. Социал-утопистердің К.А. Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858) қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіби дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың индустриалды ұранының дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік мектептердің теңдігі.
Егер қазақ ағартушыларын алатын болсақ, Ыбырай Алтынсарин - қазақ педагогикасын құру, мектеп ашу арқылы оқу-ағарту тарихында қазақтың тәрбие тағылымының, оның ішінде еңбек тағылымының еңбек пен еңбек тәрбиесінің теориясын жасаушы тұнғыш педагог. Ол, 1883 жылы Торғай қаласында ашылған қолөнер мектебіне еңбек сабағын енгізіп, оқушыларды еңбекке үйрету бағдарламасын жасап, училищенің басты мақсаты оқушылардың еңбек тәрбиесін жақсарту деп біледі. Алтынсарин ең бастысы өзінің халқын сүйген. Ол осы тұрғыда былай деп жазған болатын: Қазақ табиғатынан ақын жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар: ол біріншіден - олардың білімімен кенжелігі, екіншіден - еңбек етуге баулуы және еңбек тәрбиесінің жетіспеуі деген екен. Одан әрі пікірін жалғастырып Қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін, оған тек сана-сезімі жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді халықтық еңбек өнерін үйрену керек деген болатын. Орыс педагогикасының және өзінен бұрынғы Орта ғасыр ғұламаларының, Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірлеріне ғылыми талдау жасаған Шоқан жастарды, тіпті үлкен адамдарды жеке кәсіпті игеруге қалыптастыруда мектеп оқуының ғылыми негізде құрылуын, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуымен, алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуге негіз екенін ерекше бағалады. Шоқан Уәлихановта еңбек пен еңбек тәрбиесінің пайда болып, оның дамуын ғылыми тұрғыда шешті. Еңбек тәрбиесінің теориясы, оның практикада қолданылуы - еңбектің дене еңбегі мен ой еңбегі болып бөлінуіне байланысты дамиды деген тұжырым жасады.
2. Заманауи кәсіптік білім берудің дамуы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Осы кезеңнің ерекшелігі келесіде: бірінші орынға білім беру дамуында идеологиялық және әлеуметтік-саяси факторлар шықты.
Кәсіптік педагогиканың мәселелері мынандай журнал беттерінде басылды: Жұмыс мектебінің өмірі, Жұмысшы білім, Өндірістік кадрлар және ХХ ғасырдың педагогтары кәсіптік педагогика жалпы педагогикаға ғана емес, сонымен қатар техника мен технологияның жетістіктеріне сүйенеді деп есептеген. Социалистік қатынастар өндірістерде, колхоздар мен совхоздарда ұжымдық еңбекті жүзеге асыратын болғандықтан, қоғамдық жауапкершілік, ұжым алдындағы әрбір мүшенің жеке мүддесі үшін саналылықты талап етті. Сондықтан қазақ еңбекшілері жаңашыл бастамалар, социалистік жарысты ұйымдастыруға белсене араласты. Социализмдегі еңбек өзі үшін, өзінің табы үшін, қоғам үшін жасалынатын еңбек. Ерікті Отан игілігіне арналған социалистік еңбек еңбекші бұқараның тұрмыстық дәрежесінің өсуіне жағдай жасап, оның артықшылығын көрсетті. Құлшына жасалынған еңбек, халық шаруашылығының қарқынмен өсуіне, еңбекшілердің қоғамдық және саяси белсенділіктерінің дамуына ықпал етеді.
Социализмдегі жалпының пайдасына бола еңбек ету әдеті мен жалпының пайдасына бола еңбектің қажеттілігі, әдетке айналған саналы көзқарас бойынша істелетін еңбек әрекетінде адамның іскерлік қабілеті, күш-қайраты, психологиясы қалыптасады. Еңбек арқылы адамның білімі артады, дүниеге көзқарасы тереңдей түседі. Жұмысшы табының рухани бейнесінің өзгеруі, оның қоғамдық және саяси қызметке белсенді қатынасуы және қоғам құру жолындағы күресте пайда болды. Сондықтан заводтар мен фабрикалар, құрылыстар, колхоздар мен совхоздар, кеңес жұмысшысының қалыптасып, өсу мектебіне айналды. Социалистік құрылыстың еңбектегі келесі бетбұрыс келбетінің бірі - стахановшылар қозғалысы. Бұл қозғалыс халық шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру негізінде шығып еді. Өндіріс жаңашылдарының мұндай қозғалысын еліміздегі әлеуметтік құрылыстың ірі жетістіктерінің заңды нәтижесі болып табылады. Қазақcтан Республикасында бұл қозғалысқа алғашында ауыр өнеркәсіп, көмір, түсті металл және мұнай орындары қатынасса, кейін басқа да өнеркәсіп орындары, транспорт және ауыл шаруашылығы өндірістері қамтылды. Социалистік құрылыстың өркендеуі арқасында қазақ ұлтының жұмысшы табының қалыптасуы, олардың кәсіптік шеберлігінің артуы жарыстардың өріс алуына, бұқаралық жаппай екпінділіктің тууына ықпал жасады.
1917-1940 жылдар аралығындағы кәсіптік-техникалық білім беру кезеңдерінде кәсіби-техникалық білім берудегі кеңестік жүйе тарихының құрылуы мен даму мәселелері қарастырылады. 1918 жылғы мамырда Риддер қоғамының кәсіпорындары, Екібастұз көмір кендері, қорғасын, қалайы зауыты, Спасск мыс қорыту зауыты, барлық темір жолдар, Ертіс кеме шаруашылығы кәсіпорындары түгел дерлік еңбекшілер мемлекетінің қолына өтті.
Мектепті қайта құрудағы басты бағыттар, білімді демократияландыру 1918 жылы 16 қазанда БОАК (ВЦИК) декретімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда және РСФСР-дің біртұтас еңбек мектебі туралы ережеде айтылған. Мектептерді бастауыш, гимназия, реалды училищелерге бөлу қысқартылды: екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: бірінші - 8 жастан 13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екінші - 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу.
Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесімен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей:
- бастауыш кәсіптік білім;
- орта кәсіптік білім;
- жоғары кәсіптік білім;
- жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
- қосымша кәсіптік білім.
Қазақстан Республикасында Білім беру туралы Заңының 22-бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады.
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- орта білім;
- жоғары кәсіптік білім;
- жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім.
Бастауыш кәсіптік білім - кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде - 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімінде де жұмыс істей алады.
Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады.
Орта кәсіптік білім - колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады. Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады. Сондай-ақ колледждер мен училищелерде салалық мамандықтар бойынша республикалық оқу - әдістемелік бірлестіктер құрылады. Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің типтік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім беруді дамытудың қазіргі күнгі тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың заманға сай икемді де адекватты технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр.
Қазақстанда кәсіптік білім беруді реформалаудағы дүниежүзілік тенденциялармен, сондай-ақ, ҚР жоғары оқу орындары дипломдарының әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына деген жағдайлар, алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі.
Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау ең алдымен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болған жаңаша тенденциялармен: жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту және жоғары білімнің еңбек рыногы сұранысына жауап беруі қажеттілігінен туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдарламасын енгізумен байланысты.
Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Сондықтан кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарымыздың біріне айналуда. Сол себепті қазіргі заманғы кәсіптік оқытудың тарихи дамуын зерттеу - халықтың тұрмыстық деңгейі мен ел экономикасында маңызы зор.
Нарық талабына лайық жоғары білікті дәрежеде білім беретін кәсіптік мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын игеріп, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.
Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім алушылар бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған. Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі, - деп Әл-Фараби айтқандай, білім алушыларға рухани тәрбие беруде кәсіптік білім берудің алатын орны ерекше. Кәсіптік білім беру адамның өмір сүру үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін аса қажет.
Қазақстан Республикасының алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың халқына жолдауында тәрбие мен еңбек мәселелері өзекті қарастырылған.
Дүниеге келген сәбидің адам болып жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе - еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі - адам өмірі үшін ең қажет, маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бірден шешу мүмкін емес.
Білім алушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеуде қойылатын мақсаттар мынадай:
- тұлғаны еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру;
- тұлғаның еңбекке қабілеттілігін дамытып жетілдіру, еңбекті сүюге баулу;
- еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету, еңбекке қызығушылығын арттыру;
- әр тұлғаның бойындағы талант пен дарынын зерттеу және оны дамыту;
- білім алушының өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау;
- білім алушының ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;
- білім мен тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу;
- атамұраны қалыптастыру және дамыту;
- білім алушының білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін және толықтылығы мен тереңдігі, сапалылығын жақсарту, оқыту жүйесін жетілдіру;
- оқытудың негізгі ұстанымдарын анықтау және басшылыққа алу;
- әр тұлғаға білім алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Педагог кадрларды даярлау процесі
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті
Кәсіптік бағдарлау жұмысы
Пәндер