Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі КММ

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік тұлғалы антропонимдер (қазақ тілі деректері негізінде)

Орындаған: Павлик Олжас, 10 сынып оқушысы


Жетекші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Б.Тайжанова

Балқаш-2020 жыл
Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Пікір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
I. Қазақ тілдеріндегі антропонимдердің құрылымдық сипаты
1.1. Қазақ тілдеріндегі антропонимердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 8
1.2. Қазақ тілдеріндегі антропонимдердің шығуы, пайда болуы ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы ... ... ... 11
1.4. Етістік тұлғалы дара антропонимдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5. Етістік тұлғалы күрделі антропонимер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
II. Етістік тұлғалы антропонимдердің лексика-семантикалық сипаты
2.1. Әр түрлі ырымдарға, әдет-ғұрыптарға байланысты қойылған етістік тұлғалы есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Төрт түлік малға және түрлі табиғат құбылысына байланысты қойылған етістік тұлғалы есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Етістік тұлғалы антропонимдердің варианттылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... .21
2.4. Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы лақап есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиетте ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Аннотация
Жобаның мақсаты:
Қазақ тіліндегі етістік тұлғалы антропонимдердің қалыптасуы мен құрылымын анықтай отырып, мағыналық ерекшеліктері мен қойылуы себептерін саластырып, ашып көрсету.
Гипотеза:
Мен бұл ғылыми жобаны зерттеп, жазу барасында қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонмдерді салыстыра отырып ортақ заңдылықтар мен ерекшеліктеріне талдау жасадым. Етістік тұлғалы антропонимдердің лексика-семантикалық типтерін анықтағым келді.
Методика:
Зерттеу барасында кісі есімдерін салыстыру арқылы зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестік дәрежесі:
Жобаның ғылыми және өзінің жаңашылдығы етістік тұлғалы антропонимдердің негізгі құрылымдары көрсетіліп, салыстырмалы анализі жасалды.
Дерекнама:
Зерттеу жұмысына жалпы және түркі тіл біліміндегі ономастика туралы еңбектер, зерттеулер, қазақ көркем әдебиеті мен баспасөз материалдары пайданылды.
Қорытынды:
Қорыта келгенде, осы ғылыми жобаның мақсаты бойынша тілдегі антропонимдерді қарастыру барасында аңғарғаным қазақ халқында діни есімдердің белгілі бір кезеңді қамтитындығы, етістік тұлғалы есімдердің дара тұлғасынан гөрі күрделі тұлғасы жиі ұшырасатындығы, етістік тұлғалы анторопонимдердің көбі негізінен салт-дәстүр, ырымдарға, сенім-нанымдарға байланысты қойылатындығына көз жеткіздім.

Аннотация
Цель проекта:
Выявление структурных и лексико-семантических особенностей турецких и казахских антропонимов глагольного образования.
Гипотеза:
Я в этом научном проекте рассматривал турецкие и казахсике антропонимы глагольного образования в сопоставительном плане, выявляя их структурные и семантические особенности. Для этой цели рассмотрел около 500 турецких антропонимов и около 800 казахских антропонимов глагольного образования.
Методика:
Во время исследования турецкие и казахские антропонимы в зависимости от их мотивации, подразделены на лексико-симантические группы, так как имеют несомненное сходство и специфику.
Новизна и индивидульная степень проекта:
Новизной работы является то, что приведены основные структуры антропонимов глагольного образовния и сделан сопоставительный анализ. В работе рассмотрены научные труды и исследования в области ономастики и языкознания, казахская и турецкая художественная литература и печатные издания.
Заключение:
В заключении приведены основные выводы, обобщены результаты исследования. Целью моего научного проекта было сравнение казахских и турецких антропонимов. Изученая эту тему, я пришел к выводу, что в турецких антропонимах основное место занимают имена с религиозными происхождениями, а в казахских такие имена относятся только к определенной эпохе. В ходе исследованний убедился, что в обычаях и традициях много общего и что антропонимы связнные с ними аналогичен.

Annotation
The project purpose:
Revealing structural and lexicon-semantic features of Turkish and Kazakh antroponyms of verbal formation.
Hypothesis:
In this scientific project Turkish and Kazakh antroponyms of verbal formation considered in the comparative plan6 revealing this structural and semantic features. For this purpose I has considered about 500 Turkish antroponyms and about 800 Kazakh antroponyms of verbal formation.
Technique:
During research Turkish and Kazakh antroponyms depending on them motivations6 are subdivide on lexicon-semantic groups as have doubtless similarity and specificity.
Novelty and individual degree of the project:
Novelty of work is that the basic structures of antroponyms of verbal formation are resulted and the comparative analysis is made. In work proceedings and researches in area onomastics and linguistics6 the Kazakh both Turkish fiction and printing editions are considered.
The conclusion:
In the conclusion the basic conclusions are resulted, results of research are generalized. Comparison Kazakh and Turkish antroponyms was the purpose of my scientific project. Studied this theme, I have come to a conclusion that in Turkish antroponyms the basic place is occupied with names with religious origins, and in Kazakh such names concern only a certain epoch. During researches it was convinced that in customs and traditions much in common and that antroponyms connected with them similarly.

Әлихан Бөкейханов атындағы
Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі КММ
10 сынып оқушысы Павлик Олжастың
Етістік тұлғалы антропонимдер
тақырыбында жазылған зерттеу жұмысына

пікір
Аталған зерттеу жұмысы тіл білімі курсындағы маңызды мәселелердің бірі - етістік тұлғалы антропонимдердің қазақ тілдерінде салыстырылған зерттелуінде.
Оқушы етістік тұлғалы антропонимдерді қазақ тілдері бойынша салыстырыла қарастырған. Жұмыста етістік тұлғалы антропонимдердің негізгі құрылымдық қалыптары көрсетіліп, етістік категорияларына қарай талданған, әрі олардың семантикалық топтары мен белгілері айқындалып, салыстырмалы анализі жасалып, қорытындысы шығарылған. Сонымен бірге текстологиялық анализ жасалып, сандық есеп жүргізілген.
Ақпарат көздерінен жинақталған материалдарын, ғылыми тұрғыдан ғылыми тұжырымдарды қолданып, өзіндік талдауларымен ұштастыра білген. Жобаның мақсаты бойынша тілдегі антропонимдерді қарастыру барысында қазақ халқында діни есімдердің белгілі бір кезеңді қамтитындығы ашып көрсетілген.
Қазақ тіліндегі етістік тұлғалы антропонимдердің қалыптсуы мен құрылымын анықтай отырып, мағыналық ерекшеліктері мен қойылу себептерін салыстырған.
Зерттеу жұмысының жетістігі ретінде оқушының қазақ тілінде алған білімін тіл білімі саласымен байланыстыра алуы деп айтуға болады.
Етістік тұлғалы антропонимдер тақырыбында жазылған зертеу жұмысын оқушының жас ерекшелігіне сай жақсы жазылған деп бағалауға болады.

Кіріспе
Соңғы жылдарда түркітану ғылымдарының қайта өрлеу дәуірі деп атауға болады. Бұған қазіргі кездегі түркі тілдерін салыстыра қарастырылып жатқан еңбектер дәлел бола алады. Түркі ономастикасының антропонимика саласында да салыстыра зерттеудің тарихы мен тарихи этнография үшін маңызы зор. Себебі, осы антропонимикалық материалдар арқылы тілдегі көне лексикалық қабаттар, граматикалық формалар мен синтаксистік құрылыстар, халықтың әдеп-ғұрыптары мен ырымдары, салт-дәстүрлері толық аңғарылды. Қазіргі тіліміздегі антропонимдердің көпшілігі шығу тарихы жағынан ерте замандардан келе жатқан есімдердің жалғастары болып саналады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ, қойылу себептері, құрылыстары ұқсас антропонимдер осыған дәлел бола алады. Жалпы, түркі тілдері анторопонимдері қатарынан етістік тұлғалы антропонимдер елеулі орын алады. Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдер өте қарапайым, олардың көбі күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сөздерден жасалып, осы есімді иеленген адам туралы өзі сөйлеп тұрады. Бұл - етістік тұлғалы антропонимдердің өзіндік ерекшелігі.
Алға қойған мақсаттар мен міндеттер:
* қазақ тіліндегі антропонимдердің зерттелу тарихына шолу жасау;
* етістік тұлғалы антропонимдердің шығу, жасалу жолдарын көрсету;
* қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдерге құрылымына қарай салыстырмалы талдау жасау;
Қазақ тіліндегі антропонимдерге құрылымына қарай салыстырмалы талдау жасау нәтижесінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:
oo қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдер қойылу ерекшеліктеріне, жасалу жолдарына, тұлғасына қарай ұқсас болып келеді.
oo етістік тұлғалы кісі есімдерінің дара тұлғасынан гөрі күрделі тұлғасы жиі ұшырасады.
oo етістік тұлғалы антропонимдердің көбі негізінен салт-дәстүр, ырымдарға, сенім-нанымдарға байланысты қойылады.
oo Қазақ тілінде етістік тұлғалы әйел есімдеріне қарағанда ер адам есімдері басым болып келеді.
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдерге талдау жасау барысында Заман-Қазақстан газеті (1998-1999), түрік көркем әдебиеті туындылары, сондай-ақ М.Қашқаридің Түркі тілдерінің сөздігі және Ұлттық ғылым Академиясының шығарған он томды Қазақ есімдері анықтама сөздігі, Т.Жанұзақовтың басшылығы мен жарық көрген Қазақ есімдері анықтама сөздігі (1988) , Есіміңіз кім? түсіндірме сөздігі (1989), қазақ көркем әдебиеті мен баспасөз материалдары мен халық ауыз әдебиеті бойынша кейбір деректер негіз болды.

I. Қазақ тілдеріндегі антропонимдердің құрылымдық сипаты
1.1. Қазақ тілдеріндегі антропноимдердің зерттелуі
Ономастиканың кісі аттарын зерттейтін негізі бөлімі антропонимика деп аталады. Бұл саланың негізгі қарастыратын мәселелері антропонимдердің
шығу тегі, даму заңдылығы, олардың құрылымы, жүйесі және басқа тілдердің оларға тигізетін әсері болып табылады. Бұл мәселелердің барлығы да қазірде өз шешімін тауып зерттеліп келе жатыр. Жалпы, түркі халықтары балаға есім беруде өте тапқыр, оның ішінде қазақ халқының тілге бай, шешендігі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар тапқырлығы осы есім беру кезінде де көрінеді десек жаңыспаған болар едік. Қарастырылып отырған түрік халқы да, қазақ халқы да антропонимге өте бай, әрі әрбір есімнен есім иесінің дүниеге келуі ерекшелігін, бұл есімнің не үшін қойылғанын анық аңғаруға болады. Яғни, әрбір есім өзін иеленуші адам жайында бір сырды аңғарта алады. Антропонимдер - көне заман жемісі. Олар әр халықта әр түрлі. Уақыт өте келе олар өзгеріп, кейбірлері қолданыстан қалып отырса, заман ағымына қарай жаңадан енген есімдер олардың орнын толтырып отырады. Яғни, әр заманға, тарихта болған әрбір елеулі оқиғаға тән есімдер бар. Антропонимдер туралы Г.К.Сапиева еңбегінде Антропонимдер (гректің antropos - адам, onoma - есім) - бұл сөз, олар тілдегі барлық сөздер сияқты тілдің ішкі заңына бағанады, пайда болады, өзгереді, жойылады. Антропонимдер қоғамдағы адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Сондықтан антропонимдерге лингвистердің, тарихшылардың, этнографтардың қызығуы түсінікті жағдай. Соңғы он жылда антропонимге қызығушылық артып, көптеген жұмыстар жазылды деген пікір айтылады. Ғылымның қай саласы болмасын, өзіндік зерттеу тарихы, ғылым ретінде даму жолы, негізі бар екені белгілі.

1.2. Қазақ тілдеріндегі антропонимдердің шығуы, пайда болуы туралы
Жалпы түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттелу жайына келсек, ономастиканы зерттеген ғалымдар, ең алдымен, ономастиканың орыс тілі біліміндегі зерттелуіне тоқталу керек екендігін айтады. Себебі, орыс тілі біліміндегі ономастиканың зерттелу тарихы түркі тіл біліміне қарағанда, тым әріден басталған. Яғни, түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттелуіне жол ашқан. Қазақ тіліндегі адам есімдерінің зерттелу жайына тоқталар болсақ, антропонимдер жөнінде Қазан төңкерісінен бұрын да бірлі-жарым мақалалар жазылған екен. Ол туралы антропонимдерді зерттеген ғалымдар еңбектерінен көре аламыз. Ғалым Т.Жанұзақов өз еңбегінде қазақ есімдері туралы мақалалар XIX ғасырдың II жартысынан бастап, оған мысал ретінде А.Е.Алекторовтың, А.Диваевтың мақалаларын ұсынады. Қазақ ономастикасы туралы кейбір материалдар азды-көпті этимологиялық талдаулар В.В.Бартольдт, Ш.Уәлиханов, Ильминский, А.И.Самойлович еңбектерінде де кездеседі. Ономастика ғылымы жалқы есімдердің жиынтық атауы болса, осы ономастиканың бір саласы - антропонимика. Антропонимика кісі аттарын қарастырады. Кісі аттары туралы қазақ тілі білімінде алғаш рет қалам тартқан профессор - Қ.Жұбанов. Өзінің еңбегінде біріккен тұлғалы кісі аттарының синтаксисіне, оның құрылысына тоқталып өткен. С.Аманжолов та өз мақаласында кісі аттарының сөздік қорға тән екендігін, өз алдына жеке зерттеу обьектісі бола алатындығын және оларды шығу,қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелерінің қажеттігін айтады. Адам есімдері санаулы жыл ішінде тосыннан пайда бола қалмаған, ол - көне замандар жемісі. Оның өзіне тән тарихы, шығу, пайда болу жолы бар. Қазіргі түрік, қазақ есімдерінің ішінен сол ерте замандарда шығып, көненің қарт куәсі, жұрнағы ретінде өмір сүріп келе жатқандары да, орта ғасырға тән және жаңа дәуірде жасалғандары көп. Антропонимика - тіл тарихын зерттеуде құнды да бағалы мұра. Халықтың әдет-ғұрпы, тарихы дәстүрлері мен кісі аттарының арасында өте тығыз байланыс бар. Әсіресе, түрік, қазақ халықтарының түрлі ырымдарға байланысты қойылған есімдерінің ішінен етістік тұлғалы антропонимдерді көптеп кездеруге болады. Мәселен, халқымыздың ғасылдар бойы басынан кешірген өмір жолында табиғат пен аңға, құсқа сыйыну, ай мен күнге табыну,хайуандарды (қасқыр, ит, бұқа сияқтыларды) тотем ету - бәрі кісі аттарының қойылуына әсер еткен. Көрші-қоңсы елдермен араласу, шет елдермен байланыс жасау нәтижесінде де тілімізге мыңдаған сөздермен қатар, кісі аттарының да еніп отырғаны белгілі. Сонымен қатар түрік, қазақ халықтарының асқақ қиялы мен ұшқыр ойынан туған, тарихымен бірге қайнап, бірге жасап келе жатқан бай ауыз әдебиеті мен мәдениетінің сарқылмас мұрасы іспетті мол қазынасының бірі - фольклордың сол халықтардың антропонимиясын байытудағы орны өте үлкен. Ал фольклордың халық тарихында рөлі үлкен екені белгілі. Ол - халық ойынан туған қауымдық шығарма. Ондағы кейіпкерлердің есімдері мен образдары бүгінгі ұрпаққа жетіп, өмірде, күнделікті тұрмыста қолданылып жүр. Бұған қазақ тіліндегі ертеден қолданылып жатқан есімдер дәлел бола алады. Баян, Жібек, Төлеген есімдері. Тіліміздегі антропонимдердің шығу,даму негізі халқымыздың өткендегі тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі тіліміздегі кісі аттарының көбінің көне түркі есімдерімен түбірлес, мағынасы ұқсас, жасалу тәсілі мен құрылысы жағынан бірдей болып келуінің сыры - есімдердің шығу тарихы жағынан көне түркі заманы мен орта ғасырда пайда болған антрополексеманың жалғастары болып саналатындығында. Қазақ тілінде күшті хайуандардың аттарын балаға есім ретінде беру бар. Мысалы: қазақтарда Бөрібай, Қойлыбай, Арыстан сияқты есімдер қойылады. Тіліміздегі көптеген есімдердің шығуы жағынан ерте замандарға тән екендігін байқатады. Қазақтар мал-жанның амандығын тәңірге байланысты деп түсінгендіктен де тәңірге жалбарынып, мал-жанның амандығын тілеген. Шаман дініне байланысты шыққан есімдер осы кезеңге тән. Шаман діні туралы халқымыздың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов былай дейді: Аспан-көк тәңір, бұл шаман дініндегі мың есім түрінде көк деген сөзі-көзге көрінетін заттың түсі, ал зат түрінде тәңір деген сөз - Алла мен Құдайдың синонимі. Демек Тәңірберген деген кісі аты о баста шамандықтан шығады. Бұл есімнің синонимдері - Алдаберген, Құдайберген есімдері. Ертеректе кісі аты ретінде жаратылыс, табиғат құбылысына қатысты есімдер көбірек қойылған. Мұндай есімдердің ішінен етістіктен жасалғанда кездеседі. Мәселен қазақ тілінде Айту, Айтолыс, Күнтуар есімдері бар. Ата-бабамыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан малға байланысты қойылған етістік тұлғалы есімдер де бар. Ондай есімдер түрік тілінде де кездеседі.
Ауылдық жерде малға қасқыр шапқан кезеңде туылған бала болса, онда ол балаға осы оқиғаға байланысты есімдер қойылатыны туралы айтылады. Осы мағынадағы етістік тұлғалы антропонимдер түрік халқынан гөрі қазақ халқына көбірек кездеседі. Мысалы: Малбағар, Малбақ, Жылқыайдар, Қойбағар, Түйебақ. Осы есімдердің барлығы да екі сөздің бірігуі арқылы жасалып тұр. Жалпы тілміздегі етістіктен жасалған адам есімдерінің құрылымы, жасалу жолы біркелкі емес. Сондықтан әрі қарай түрік және қазақ тілдеріндегі антропонимдердің құрылымы туралы сөз етпекшімін. Тіліміздегі сөз таптары ішінде етістіктер - ең күрделі категориялардың бірі. Осы етістіктердің кісі есімдерін жасауда өзіндік орны бар. Қарастырылып отырған екі тілде де етістік тұлғалы антропонимдер молынан ұшырасады. Етістік тұлғалы антропонмдердің құрылысына қарай талдау барасында оларды әуелі дара, күрделі дек екіге топқа бөліп алып, одан кейін дара тұлғалы антропонимдерді морфолоигиялық құрылымына қарай негізгі түбір антропонимдер, туынды түбір антропонимдер деп екі топқа бөліп қарастырдым. Негізгі түбір антропонимдер ешбір қосымшасыз түбір етістік күйінде кісіге есім ретінде беріледі. Иланбек болып бірікккен тұлғалы кісі есімі ретінде кездеседі. Ал Сағын, Жасар, Ұлас түрінде қойылады. Қазақ тілінде Лаула, Жайна сияқты қыз бала есімдері бар.
Жаңыл, Оңал есімдерінің мағыналары бірдей. Екі тілде де Жаңыл есімі қыз туудан жаңылсын, келесі бала ұл болсын деген тілекпен қойылса, Оңал есімі - осы бала арқылы жағдайымыз түзелер, оңалармыз деген тілекпен қойылады. Негізінен, қазақ тілінде негізгі түбір антропонимдерге қарағанда туынды түбір антропонимдер көбірек кездеседі. Туынды түбір антропонимдерге келсек, олар етістік тудыратын әр түрлі қосымшалар арқылы жазылатыны белгілі. Осы антропонимдік қосымшаларды қазақ тілі білімінде ғалым Т.Жанұзақов екі жікке (тірі жіне өлі жұрнақ) бөліп қарастырды. Мысалы: Ерміш, Жармыш, Тілеміс, Өтеміс сияқты антропонимдер құрамындағы -міс, -мыш көне жұрнақтар. Бұлар қазіргі тіліміздегі сөздерге жалғанбайды, тек осы антропонимдер құрамында ғана кездеседі.
Кісі есімдерінің дені көнеден келе жатқан есімдер болып келеді. Ал тірі жұрнақтар бір сөз табына тән сөздерден, екінші сөз табына жататын сөздерді және антропонимдерді жасайды. Ол жұрнақтардың атқаратын қызметі, өзіне тән мағыналары бар. Зат есімнен етістік тудыратын - лан, -лен, -тан, -тен, -дан, -ден жұрнақтары арқылы жасалған кісі есімдері екі тілде де кездеседі, әрі осы жұрнақтар арқылы жасалған антропонимдерің мағынасы ұқсас болып келеді.
Ал күшті, батыр болу мағынасындағы Батырлан, Ерлен есімдерімен мағыналас Жандан есімі бала жылдам, ширақ болсын деген тілекпен дәрежесі жоғары, билекке самғар алғыр болсын деген тілекпен есім ретінде қойылатын болуы керек. Бұл есіммен мағыналас қазақ тілінде нардай бол мағынасындағы Нарлан есімі бар. Қазақ халқында түйе малы - қасиетті, әрі ең үлкен жануар болып саналады. Сондықтан, жас қазақ баласын ботам деп еркелетсе, елге қорған болар ер жігіттерін нар тұлғалы, нардай деп сүйсіне айтып отырады. Сонда бұл есімде да нардай үлкен азамат болсын, елге қорған болсын деген тілекпен қойылатын болуы керек.
Есім баланың еңсесі биік, дәрежесі жоғары болсын деген тілекпен есім ретінде беріледі. Етістік тудыратын - ай, -ей жұрнақтары арқылы жасалған туынды түбір антропонимдер тек қазақ тілінде ғана кездеседі, олардың өзі өте аз. Олар - Көбей, Есей, Марқай, Қарай есімдері. Қазақ тіліндегі Көбей есімінің түбірі - көп-мөлшер үстеуі, тілдегі кейінгі ықпал бойынша -ей жұрнағы жалғанғанда түбірдегі п дыбысы б дыбысына айналған. Есімнің мағынасы - бала жалқы болмасын, тағы да соңынан бала ерсін деген тілек. Есей, ес-зат есіміне етістік тудыратын - ей жұрнағы қосылуы арқылы жасалған. Мағынасы - тезірек ер жетіп, азамат болсын деген тілек. Ал Марқай есімі Есей есімімен мағыналас, яғни, есей, үлкен боп өс деген мағына береді. Қарай есімінің түбірі - қарасын сөзіне негіз болып тұрған қара сөзі. Бала тірі болсын, қарайып жүре берсін деген тілекпен қойылған есім. Басқа сөз табынан етістік тударатын жұрнақтар арқылы жасалған кісі есімдерінің ішінде есім жасауға негіз болатын ең белсенді сөз табы - зат есім, Дәурен, Көбей, Марқай есімдерге ғана үстеу, сын есім сөз таптыры негіз болып тұр. Етістіктің әр түрлі категорияларында тұрған кейбір сөздер де контексте ерекшеленіп, негізгі ойды білдіру нәтижесінде кісі есіміне айналады.

1.3. Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Қарастырылып отырған тілдегі етістіктер өздерінің лексика-грамматикалық қызметі бойынша бір-біріне жақын болып келеді, демек тілде етістіктер қимыл-қозғалысты, іс-әрекетті білдіреді. Тілдегі етістік категориялары да бір-біріне ұқсас. Дегенмен, әр тілдің өзіне тән тілдік ерекшеліктері болатындығы даусыз. Бұл ерекшеліктер екі тілдің салыстырыла зерттеуілінде байқалады. Орхон-Енисей ескерткіштерінде де, XI ғасыр жазбаларында да етістіктердің барлық түрлері кеңінен қолданылған. Бұл туралы М.Қашқари түркі тілдерін алғаш рет салыстыра қарастырған еңбегінде: Етістік жасаудың негізі - бұйрық рай етістігі. Түрлі мақсат үшін қолданылатын қосымшалар осы негізге қосылады, - деп көрсетеді. М.Қашқаридің Түркі тілдерінің сөздегі еңбегінің де жартысынан көбін тек етістіктердің әр түрлі формалары құрайды. Яғни, етістіктердің түрлі грамматикалық көрсеткіштерінің көне және орта түркі дәуірі жазба мұраларында көптеп кездесуі - олардың тарихи категориялар екендігін дәлелдеді. Тіліміздегі сөз таптары ішінде етістіктер-ең категориялардың бірі. Осы етістіктердің кісі есімдерін жасауда өзіндік орны бар. Қарастырылып отырған етістік тұлғалы антропонимдердің тілімізде молынан ұшырасады. Антропонимдер лингвистиканың бір саласы болғандықтан да тілдің ішкі заңдылығына бағына отырып, түбір күйінде тұрып та, етістіктің әр түрлі категорияларында түрленіп келіп те кесіге есім ретінде қойыла береді.
1.4. Етістік тұлғалы дара антропонимдер
Морфологиялық құрылымы жағынан кісі есімдері зат есімге тән екендігі белгілі. Дегенмен, басқа сөз таптарынан да кісі есімдері жасалып, кісі есіміне айналғанда субстантивтенеді. Әсіресі, етістік сөз табы кісі есімдерін жасауда елеулі орын алады. Кісі есімдері қолданылуына қарай әр дәуірге тән болып келеді. Олардыі ішінде бастапқы мәнін жоғалтпай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқандары да, қазіргі заманға лайық жаңа есімдер де кездеседі. Мысалы, тілімізде кездесетін Төлеген, Өтеген сияқты есімдер сонау ерте замандардан бері қолданылып келе жатса да өз мәнін жоғалтпаған, әлі де қойыла беретін есімдер болса, Жадыра, Нұрлан есімдері - жаңаша сипаттағы есімдер. Жалпы етістік тұлғалы антропонимдер құрылысына қарай дара және күрделі болып үлкен екі топқа бөлінетіндігін айтып өттік. Олардың ішінде дара антропонимдерді морфологиялық құрылымына қарай талдау жасау барысында негізгі түбір антропонимдер, туынды түбір антропонимдер деп іштей екі топқа бөлеміз.
а) Негізгі түбір антропонимдер: Жалаң тұлғалы антропонимдер ешбір қосымшасыз түбір етістік күйінде кісіге есім ретінде беріледі. Мысалы, Иланбек есімінің мағынасы - сену, қазақ тілінде бұл есім түбір күйінде емес, Иланбек болып біріккен тұлғалы кісі есімі ретінде кездеседі. Сағын, Жасар, Ұлас түрінде қойылады.
Қазақ тілінде осы мағынада Лаула, Жайна сияқты қыз бала есімдері жарқыра мағынасын білдіреді. Сондай-ақ Жаңыл, Оңал есімдерінің мағыналары бірдей. Жаңыл есімі қыз туудан жаңылсын, келесі бала ұл болсын деген тілекпен қойылса, Оңал есімі - осы бала арқылы жағдайымыз түзелер, оңалармыз деген тілекпен қойылады. Аталған есімдерден басқа қазақ тілінде кездесетін негізгі түбір антропонимлер: Ілес, Қуан, Жұбан, Жұбат, Ұмтыл, Адас, Төле, Орал, Жадыра, Жаңыл, Ұмсын, Сайра, Аңса, Ұлсай. Осы есімдердің әрқайсысының өзінің қойылу себептері, белгілі бір мағынасы бар. Яғни, кез келген етістікті алып, кісіге есім ретінде қоя салуға болмайды. Мәселен, Қуан, Сағын есімдері ер бала туылғанына қатты қуану, әрі балаға зарығу мағынасындағы ер адам есімдері болса, Аңса - көптен баласы болмай жүрген ата-ана тарапынан қойылатын қыз бала есімі. Жұбан, Жұбат, Төле, Адас есімдері алдындағы баланың төлеуіне берді, балаға көз тимесін, бәле-жала аулақ болсын, бізден адассын мағынасында қойылады. Қазақ тілінің түсіндірде сөздігінде осы жұбан, жұбат сөздеренің түбірі - жұба етістігі деп берілген. Мағынасы - жұбату, көңілін аулау. А.Хасенов осындай етістіктер туралы Өздік етіс және басқа етіс аффикстердің бірінсіз қолданыла алмастай болып көнеленген түбірлер бар. Осындай өлі түбір етістіктердің бір қатары не сөздік етістің немесе өзгелік етістің аффикстерімен қосылып туынды түбір етістіктердің бір қатары не өзгелік болып қолданылады,-дейді. Біз бұл есімдерді түбірі ажыратылмай бұртұтас сөзге айналып кеткен етістіктер деп алып, жалаң тұлғалы кісі есім ретінде қарастырып отырмыз. Сол сияқты Ұлас, Ілес есімдерін де түбір ажыратылмайтын есімдер қатарында жатқызамыз. М.Томанов Қазақ тілінің тарихы грамматикасы еңбегінде ұлас етістігі туралы ...өлі түбірлердің үлкен бір тобы - с қосымшасымен келеді. Ұлас(ұласу) етістігі қазақ тілінде тек осы сипатында ғана жұмсалады. Қолданылы жиелігі жағынан өзінмен синонимдес жалға етістігіне қарағанда әлдеқайда пассив. Көне түркі тілінде: ула-связывать, присоединять Қазіргі тілінде түбірдің тек ортақ етіс қосымшасымен біріккен түрі ғана қалған ,- дейді. Бұл сөздер кісі есімі ретінде көбіне, екінші не үшінші туылған ер балаларға қойылады. Мағыналары - ілесіу, соңынан еру, жалғасу. Демек, соңынан ерді, ілессін немесе тағы да соңынан бала ерсін деген тілек. Кейде қыз балаға да соңынан ұл бала ерсін деген тілекпен Ілескүл, Ілесжан деген аттар қойылады. Ал Төле есімі өлген баланың орнына келген балаға қойылған есім болсы, Ұмсын, Ұмтыл есімдері алға ұмтылу, беті қайтпау мағыналарын береді. Балаға бұр есімді берудегі мақсат - бала беті қайтпайтын батыл, өжет болсын, алға ұмтылып, қалғанына қолы жетсін азамат болсын деген тілек. Ал Лаула, Жадыра, Жайна, Самға есімдері - оттай лаулаған жалынды, жаздай жадыраған жайдарлы, гүлдей жайнаған сұлу, биікке самғар алғар болар деген тілекпен қыз балаға қойылатын жаңаша сипаттағы есім. Ал тіліміздегі Есей есімімен мағыналас Ұлғай есімінің сыртқы формалары бір қарағанда ұқсас сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл екі есімнің мағыналары ұқсас болғанымен жасалу жолдары әр түрлі. Есей есімі туынды тұлғалы кісі есімдері қатарында қаралады да, Ұлғай есімін түбір тұлғалы кісі есімі ретінде қарастырамыз. Негізінде тарихи тұрғыдан келгенде ұлғай етістігі де туынды түбір. М. Томанова еңбегінде бұл етістік тұлғыдан былайша талданады: Ұлғай етістігі мен ұлы, ұлық есімдері арасында грамматикалық тіке байланыс байқала бермейді. Алайда сөздің семантикалық ерекшеліктерін ескерсек, осылардың арасында қандай да бір жалғастырушы мәндер барлығын байқауға болар еді. Бұларды өзара салыстырғанда, үшеуіне ортақ ұл морфемасы шығады. Көне түркі тілі: ұлғад-расти, увеличиваться, ұлғайда- расти, возвышаться, улуғ- большой, старший, улғлуғ-велечие, увеличиваться. Демек, ұл түбіріне әр түрлі қосымшалар жалғану арқылы туынды түбірлер жасалған.
ә)Туынды түбір антропонимдер
Антропонимдердегі етістіктің көсемше түрінің көріністері.
Жалпы, етістіктің көсемше түрі тек қазақ тілінде көбіне дара тұлғалы антропонимдерден гөрі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Абай жолы романындағы антропонимдер
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Ертегі кейіпкерлерінің есімдеріне тілдік талдау
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Қазақ тіліндегі антропонимдер
Қазақ тіліндегі кісі есімдерінің ескерткіштер мен шежірелердегі қалпын талдап, оны қазіргі қазақ тіліндегі атаулармен байланыстыра зерттеу
Қазақ антропонимжасамындағы үйлесім факторы
Пәндер