Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы
4
1.1 Мемлекеттік мекеме қызметінің сипаттамасы, миссиясы, міндеттері, функциялары және құқықтары
4
1.2 Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы ММ құрылымы, кадр құрамы
5
1.3 Бизнес-климатты және инвестициялық тартымдылықты жақсарту
7
2 Инвестициялар жəне инновациялық дамуын талдау
14
2.1 Негізгі капиталға және өндіріске инвестициялау көздері
14
2.2 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың режімі және экономикадағы орны
18
Қорытынды
23
Қолданылған әдебиеттер тізімі
24

Кіріспе

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас - тыры - лады.
Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған "Қазақстан-2030" Жол - дау - ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра - тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести - циялардың нақ - ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi - рiс - - тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса - руы - нан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
Дипломалды тәжірибе жұмыстың зерттеу обьектісі: Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы ММ

1 Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы

1.1 Мемлекеттік мекеме қызметінің сипаттамасы, миссиясы, міндеттері, функциялары және құқықтары

Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі облыстың ішкі саясат саласындағы басқарушылық функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Міндеттері:
1) Облыста ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) Облыстағы жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) ҚР Президентінің Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын облыста түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
5) ішкі саясат саласындағы облыстық маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
6) облыста ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) облыстағы ішкі саяси процесстерді және олардың даму беталысын зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
8) азаматтық қоғам институттарымен, облыс жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
Функциялары: ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша облыстағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу; ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру; облыстағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау; әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және облыстық деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың (АНТ) қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету; саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асырады.

1.2 Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы ММ құрылымы, кадр құрамы

Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штат саны Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Құрылымы бойынша Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы 5 бөлімнен және кадр бөлімінің бас маманынан тұрады:
1) Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімі - 4 адам;
2) Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі - 5 адам;
3) Әкімшілік бөлімі - 4 адам;
4) Болжамдау және әлеуметтік технологияларды талдау бөлімі - 3 адам;
5) Саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі - 3 адам;
6) Кадр бөлімінің бас маманы - 1 адам.
Басқарма басшылығы 3 адамнан тұрады:
Басқарма басшысы - 1 адам
Басқарма басшысының орынбасарлары - 2 адам
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1. облыстың жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
2. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3. Қазақстан-2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясының, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтары саласында түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;
4. Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар, ұсыныстар әзірлеу;
5. Облыстың ұлттық және мемлекеттік мерекелерін, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
6. Әдістемелік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Саяси партиялар туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Заңдарын, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы туралы ережені, Басқарманың жұмыс регламентін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы ММ құрылымын 1 суреттен көруге болады.


Сурет 1 - Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы ММ құрылымы

1.3 Бизнес-климатты және инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.
Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында облыста инвестицияларды тарту және өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес құрылып, жұмыс істеуде.
Инвесторлармен жұмысты реттеу мақсатында Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша тәртіп әзірленді және бекітілді. Тәртіп инвесторларды бастапқы кезеңнен бастап толық өндірісті іске қосуға дейін алып жүруді көздейді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында инвесторлармен кездесулер мен келіссөздер жүргізуге арналған бөлме құрылды (ShowRoom).
Облыста барлық заманауи талаптарға жауап беретін Қарағанды облысының инвестициялық порталы іске қосылды (investinq.kz).
Шетелдік инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын тауашалар мен экономикалық өсу нүктелерін айқындау жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Қытай отырысы аясында келісілген пысықтаудың жоғары дәрежесі бар тізімге жалпы сомасы 1163,7 млрд. теңге болатын, 3500-ден астам жұмыс орны құрумен 7 жоба енгізілді, олардың қайта бөлудің жоғары деңгейі және инновациялық құрамдас бөлігі бар:
1. Қазақстан Республикасында көмірді қайта өңдеу кешенін салу;
2. Вольфрам кендерін өндіру және қайта өңдеу зауытын салу;
3. Электролиттік марганец өндіру зауытын салу;
4. Гүлшат кентіндегі күн электр станциясының құрылысы;
5. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру зауыты;
6. Болат дайындамалар өндіру зауытын салу;
7. Кабель өнімдерін өндіретін зауыт құрылысы.
Ауыл шаруашылығы салалары ішінде инвестициялау үшін мал шаруашылығы өте тартымды болып табылады, ол салаға соңғы жылдары барлық инвестициялардың едәуір бөлігі жіберіледі. Бұл инвесторлар үшін перспективалық капитал салу, әсіресе экспортқа бағытталған жобаларда.
Перспективалы инвестициялық жобалардың ішінде 500 мың басқа арналған "QAZAQ STEPPE SHEEP" "КАЗАК СТЕП ШИП" ЖШС қой шаруашылығы мегафермасын құру және жылына 8 мың тоннаға дейін қой етін өңдейтін ет комбинатын салу, "SABCOM ENGINEERING" ЖШС етті терең өңдейтін 60 мың басқа арналған шошқа өсіру кешенін салу және "АгроПремиум КZ" ЖШС сүт - ет бағытындағы ІҚМ өсіру бойынша шаруашылық құру, жылына 2000 тоннадан астам сүт және 700 тонна сиыр етін шығару, жылына асыл тұқымды 300 мал басын сату.
Мал шаруашылығын дамыту үшін қолда бар 16 млн. гектар жайылымдық жерлер үлкен басымдылық болып табылады.
Облыс жыл сайын шамамен 2 мың тонна. қылшықты қой жүнін өңдеу және өткізу бойынша кәсіпорындарды құру бөлігінде инвесторлармен ынтымақтасуға әзір.
Астық дақылдарын тереңдетіп өңдеу инвесторлар үшін басым және перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.
Өндірілетін картоп көлемі облыста оны өңдеу және дайын өнімді (крахмал, сағыздар және т. б.) республиканың және шет елдердің нарықтарына шығару үшін кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ инвесторлар үшін капитал салуға тиімді болып табылады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау, өткізу және логистика әлі де өзекті мәселе болып отыр.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету, Азық-түлік тауарларының көтерме саудасын арттыру үшін Қарағанды қаласында "Альфарух" ЖШС базасында 21 га. алаңда көтерме-тарату орталығы салынуда.
Картоп қоймасы, жеміс-көкөніс қоймасы, ірі мал сою пункті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандары, оның ішінде инвесторлардың қатысуымен салынатын болады.
Іскерлік ахуалды жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға және жоюға, құрылысқа рұқсат беру мерзімін қысқартуға, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымын одан әрі жақсарту, инвестициялық тартымдылық деңгейін арттыратын ақпараттық технологияларды енгізу мен дамытуға бағытталған шаралар қабылдануда.
2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары
Қазақстан Республикасының және Қарағанды облысының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары аймақтарды экономикалық дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде негізгі бағыттары болып:
1.Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
2.ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту: газдандыру, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту;
3.Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, анықталды:
Адами капиталдың сапасын жақсарту
Үшінші технологиялық жаңғырту мен Төртінші өнеркәсіптік революцияның басты ресурсы жоғары білікті адами капитал болып табылады. Елдің болашағы қоғамның білімділік деңгейіне, азаматтардың өмір сүру салтына байланысты.
Орта мерзімді перспективада жаңа білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне, сондай-ақ әлеуметтік жүйені жетілдіруге баса назар аударылатын белсенді әлеуметтік саясат жүргізілетін болады.
Білім беру саласында Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі инфрақұрылым жергілікті бюджет пен МЖӘ тетіктері есебінен мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар, шағын орталықтар салу және ашу арқылы кеңейту жалғастырылатын болады.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруда сабақтастық құрылады. Балаларды жастайынан дамытудың кешенді жүйесі денсаулықты, тиімді тамақтануды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ерте жастан когнитивті, әлеуметтік және өздігінен оқу дағдыларына үйретуге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды, білімі мен дағдыларын нақты өмірде қолдану қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған жаңартылған қамтуды енгізу жалғастырылады. Оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді, бағдарламалауды, робот техникасын және бастауыш технологиялық даярлауды дамытуға бағытталған STEM-элементтері енгізілетін болады.
Педагогикалық мәртебенің беделін арттыру үшін ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бойынша кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін, жеке қасиеттерін бағалайтын мұғалімдерге арналған санаттардың жаңа торы енгізілетін болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген бірінші жұмысшы мамандығын алу тегін қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде барлық тілек білдірушілерге оқу орталықтары мен колледждердің базасында курстық даярлау арқылы.
Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальды оқытудың негізгі қағидаттарын және World Skills International халықаралық стандарттарының талаптары ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларын енгізу жалғастырылады. Ерекше білім беруді талап ететін студенттер Abilympics және DeafSkills халықаралық кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысатын болады.
ТжКБ жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтері қайта қаралып, ТжКБ ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады. ТжКБ білім беру бағдарламаларының және жоғары білімнің бағалау қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізілімі жаңартылатын болады.
Президенттің үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін 2018-2019 оқу жылдары жоғары білімнің қол жетімділігін арттыру үшін қосымша 20 мың грант бөлу жоспарланып отыр.
Студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін 2022 жылдың соңына дейін жаңа жатақханалардың кем дегенде 75 мың орны пайдалануға беріледі.
Жоғары оқу орындарын (бұдан әрі - ЖОО) орталықсыздандыру және олардың академиялық, басқарушылық дербестігін арттыру мақсатында, оқу бағдарламаларын әзірлеуде, кадрлық жұмысты ұйымдастыруда және бюджетті басқаруда дербестік берілетін болады. Республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту және әлемдік үрдістер контексінде университеттерді насихаттау мақсатында қосымша инвестиция тарту үшін ЖОО-дарды қайта құру жалғасады. ЖОО-лардың білім бағдарламаларының тәуелсіз рейтингі өткізілетін болады.
Елдің Инвестициялық саясаты Дүниежүзілік банктің қатысуымен әзірленген Ұлттық инвестициялық стратегияда (бұдан әрі - Стратегия) айқындалған және тиімділігін арттыруға бағытталған қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге, инвестициялар тартуға бағытталған. Жаңа инвесторларды тартуға ғана емес, сол сияқты жұмыс істейтін инвесторларды ұстап тұруға және қайта инвестициялауды ынталандыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Инвестициялық стратегиясын іске асыру мақсатында инвестициялық саясаттың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, шетелдік жұмыс күшін тарту, шарттарын жақсарту, инвестициялық омбудсмен институтын реформалау, визалық және көші-қон режимдерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Нәтижелері жыл сайын Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы баяндамада жарияланатын болады.
Инвестициялық жобалар карталары интеграцияланған, инвестициялық жобалардың ақпараттық мониторингілеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Өңірлік стратегияларға сәйкес инвестицияларды тарту өңірлік деңгейде қайта форматталатын болады, нақты индикаторларды, жобаларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір саланың немесе өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі шараларды қамтамасыз ету, жыл сайынғы салалық және өңірлік инвестициялар тарту жоспарлары әзірленетін болады.
2022 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
- жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 1,26 есе ұлғаяды;
- тиімділікті арттыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі тікелей шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 1,5 есе ұлғаяды;
- шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар (мемлекеттік бюджетті қоспағанда) 1,46 есе ұлғаяды;
- экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есе ұлғаяды.
Экономиканың әсу қарқыны 2019 - 2023 жылдары 3,8 - 4,5%-ды құрайды.
Қазақстан экономикасы әлемдік экономика өсуінің қалыпты қарқындары, сұраныстың біртіндеп қалпына келтірілуі, сондай-ақ шикізат тауарларының орташа бағасының сақталуы аясында дамитын болады. Сонымен қатар жалпы жинақтардың неғұрлым көбірек ұлғаюы, халықтың тұтынуының және экспорттың бірқалыпты және тұрақты өсуі есебінен орнықты және үдемелі экономикалық серпін күтілуде.
Экономикалық өсудің негізгі факторлары: Бүгінгі таңда экономикалық процестердің тереңдеп саясилануы мен геосаяси қауырттылықтың сақталуы қосымша тәуекелдерді туғызады және жаһандық экономикада белгісіздікті күшейтеді.
Сауда барьерлерінің ұлғаю мен реттеу жүйесінің қайта қаралуы жаһандық инвестициялық ағындарға кері әсерін тигізеді және оқшаулануды үдетуге ықпал ете отырып, әлемнің барлық өңірлерінде экономикалық өсуді шектейтін болады.
Сыртқы белгісіздік жағдайында экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге негізгі құралы бағдарламалық құжаттарды, 100 нақты қадам Ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының жолдаулары мен жаңа әлеуметтік бастамаларын іке асыру болып табылады.
Аталған реформалардың тиімді іске асырылуы ел экономикасының тұрақты және теңдестірілген дамуын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге оң әсер етеді.
Экономиканың өсу қарқыны 2019 - 2023 жылдары 3,8 - 4,5%-ды құрайды.
Қазақстан экономикасы әлемдік экономика өсуінің қалыпты қарқындары, сұраныстың біртіндеп қалпына келтірілуі, сондай-ақ шикізат тауарларының орташа бағасының сақталуы аясында дамитын болады. Сонымен қатар жалпы жинақтардың неғұрлым көбірек ұлғаюы, халықтың тұтынуының және экспорттың бірқалыпты және тұрақты өсуі есебінен орнықты және үдемелі экономикалық серпін күтілуде.

Кесте 1
2019 - 2023 жылдарға арналған ЖІӨ құрамдауыштарының болжамды көрсеткіштері, өткен жылға қатысты %-бен

Атауы
2018
2019
2020
2021
2022
2023
Бағалау
Болжам
Тҥпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар
102,2
102,1
103,0
102,9
102,7
102,7
үй шаруашылықтары
103,2
101,8
103,1
103,0
102,8
102,8
мемлекеттік басқару органдары
97,7
103,1
102,4
102,6
102,2
102,3
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар
104,0
102,9
102,2
102,4
102,1
102,3
Жалпы жинақ
103,2
107,3
107,2
107,2
107,3
107,3
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің таза экспорты
118,4
105,8
102,8
102,9
102,6
105,7
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспорты
106,1
103,8
102,3
102,2
102,0
103,1
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импорты
102,3
102,9
102,1
101,9
101,8
102,1
Жалпы ішкі өнім
103,8
103,8
104,0
104,2
104,1
104,5

Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың елеулі факторы болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар, отандық және шетелдік бизнестің, халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын тарту ішкі сұраныс серпініне инвестициялар салымын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы жинақтардың орташа жылдық өсу қарқыны 7,4 % шегінде күтілуде.
Инвестициялардың озық өсуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай іс-шараларының іске асырылуы ықпал етеді:
- бизнес шығындарын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жобаны жедел әрі тиімді басқару арқылы қосылған құнды ұлғайтуға және тартылған инвестициялық қаражатты оңтайлы пайдалануға бағытталған Жобаны басқарудың бастамалары;
- өңдеу және агроөнеркәсіптік секторлар, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер салаларында кәсіпорындардың аталған тобының топтарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған орта және шағын кәсіпкерлікті кредиттеу бойынша шаралар;
- тұрғын үй және жоғары білім беру салаларындағы инвестицияларды ұлғайту есебінен, осы салаларға қолжетімділікті арттыруды көздейтін жаңа әлеуметтік бастамалар;
- борыш капиталын қоса алғанда, жеке капиталды инфрақұлымдық құрылысқа инвестициялау үшін тартымды жағдайлар туғызу арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тиімді тетіктері.
Экономика мұнай мен металдардың әлемдік бағасының құлдырауына бейімделгеннен кейін 2019 - 2023 жылдары тауарлар және көрсетілетін қызметтер экспортының серпіні қолайлы өсу траекториясын сақтайды.
Сондай-ақ, импорт біртіндеп өсумен сипатталатын болады. Тұтыну өнімі түрінде халық тарапынан да, сол сияқты инвестициялық тауарлар ретінде бизнес саласы тарапынан да серпінді дамып келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру қажеттігінен, елге сырттан келетін тауарлардың өсу серпіні болжанған деңгейден жоғары қалыптасуы мүмкін.
Тауарлар мен қызметтер экспортының болжамды өсуін ескере отырып, 2019 - 2023 жылдары ЖІӨ-нің өсуіне таза экспорттың оң салымы байқалатын болады.

Сурет 2- ЖІӨ-нің өсуіне таза экспорттың үлесі

2 Инвестициялар жəне инновациялық дамуын талдау

2.1 Негізгі капиталға және өндіріске инвестициялау көздері

Инвестициялар: 2016-2018 жылдары Қарағанды облысы республикада негізгі капиталға инвестиция тарту орташа үлесі бойынша 5,0% (8 орын) құрайды, 2019 жылдың 9 айында - 3,6% (10 орын) құрады.
2016 жылы негізгі капиталды инвестициялау көлемі 411,8 млрд. теңге немесе 2015 жылы Жезқазған-Сексеуіл, Арқалық-Шұбаркөл темір жолы, трубопровода Атасу-Алашанькоу құбыры құрылысы жобасы бойынша үлкен инвестициялар есебінен 2015 жылы 96,6% төмендеді.
2017 жылы негізгі капиталды инвестициялау көлемі 343,4 млрд. теңге немесе
Қазақмыс Корпорациясы ЖШС, АрселорМиттал Теміртау АҚ, Жайрем ГОК АҚ, сонымен қатар Қазақстан темір жолы ҰК АҚ жəне Қазақстан-Қытай құбыры ЖШС жүйе құраушы кəсіпорындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Құжат айналымы. Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Құжат айналымының көлемі
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы есеп
Қазгидромет
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Облыс әкімі
Пәндер