СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi

«Aлмaты Мeнeджмeнт Унивepcитeтi» ББМ

Менеджмент Жоғары Мектебі

«Research method» пәнінен

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Күрделі статистикалық жинақтау»

Орындаған:

«Менеджмент» мамандығы, 1-курс студенті Калелхан А. К.

Тексерген:

МЖМ доценті, э. ғ. к. Амирова А. У.

Алматы, 2020 ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

3
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:
  1. СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ . . . 4
3:
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:
  1. Статистика негізгі ұғымдары мен категориялары, міндеттері . . . 4
3: 6
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3: 1. 2. Статистикалық мәліметтерді жинақтау мазмұны мен міндеттері . . . 6
3: 8
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:
3:
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:
  1. КүрДЕЛІ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖИНАҚТАУДЫ ҚОЛДАНУ . . . 8
3:
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:
  1. Күрделі статистикалық жинақтау мазмұны мен міндеттері . . . 8
3:
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:
  1. Қазақстан Республикасы студенттерінің контингентінің нәтижелері . . . 10
3:
МазмұныКІРІСПЕ . . . 3:

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 13

ҚОСЫМШАЛАР . . . 14

3:

КІРІСПЕ

  1. СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУСтатистика негізгі ұғымдары мен категориялары, міндеттері

Статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Ондағы сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша халықтың тұратындығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықтың күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екндігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлінетінің біз әрдайым біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады. Қазіргі кезеңде «статистика» термині төмендегідей әртүрлі мағынады қолданылып жүр:

  • статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
  • статистика - статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
  • статистика - қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) - «мемлекет» және statista (статиста) - «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г. Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.

Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XVII ғ. болып табылады. Бірінші деңгей - статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.
Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтерін Әлеуметтік статистика - адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т. б. статистикасы.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын ХVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 - 1674) пен Вильям Петтидің (1523 - 1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады.

Статистика дамуының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605 - 1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр.

Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Олардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719 - 1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796 - 1874), англия ғалымы А. Боули (1869 - 1957) және тағы басқалары.

4

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілі анықталады. Бұл салада П. Л. Чебышев, А. А. Марков, А. М. Ляпунов, С. Н. Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті.

Статистика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым - қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.

Табиғатында, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады.

Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де анықтайды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен - бірі тығыз байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады. Демек, сандық көрсеткіштерді айтсақ, онда оның сапасын бірге көрсеткеніміз немесе керісінше, сапасын көрсете отырып, оның сандық мәнін анықтағанымыз.

Статистика әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді. Олар мыналар: 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайьн анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер кажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер мен және т. б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады.

5

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау мазмұны мен міндеттері

Статистистикада зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді:

- статистикалық бақылау

- статистикалық мәліметтерді жинақта, топтау

- статистикалық мәліметтерді қорытындылау, талдау.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептеледі және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты - статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Бастапқы алынған мәлiметтердi жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделi және жауапты іс болып саналады. Себебi каншама бай, толъқ материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзiнің мағынасън жоғалтады. Іс жүзiнде кұнсызданады жене одан нәтижелi талдау қорытындылары жасалынбайды. Сондықтан, статистикальқ баылаудьң нәтижесiнде жиналған мәлiметтердi дұрыс жинақтап, өңдеудiң әлеуметтiк-экономикалык маңызы өте жоғары. . Сол үшін алдын-ала мәлiметтердi жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негiзiнен, жинақтау кезiнде кiмдердiң қандай жұмыс атқаратындығы және оның қашан, кай уақытта орындау қажеттiгi толық карастырылады. Сонымен бiрге жиналған мәлiметтердi өңдеу тәсiлдерi анықталып, кестелердiң үлгiлерi жасалынады.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау жай және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Жай жинақтау дегеніміз - жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Бұл - жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердің санын есепке алып, қосамыз.

Күрделі жинақтау деп алдын - ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбір жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттерді мамандықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т. с. с.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы - барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы баланың тууы, адамның өлуі, некелесу және ажырасу туралы есептеулерді алуға болады. Екінші жолы - алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика органдары өз аумақтарындағы кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, шаруашылықтар және тағы басқа ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қорытынды көрсеткіштері облыстық статистика агенттігіне тапсырылады. Ал облыстық статистика органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша жиналған мәліметтерінің қорытынды көрсеткіштерін Ұлттық статистика агенттігіне тапсырады. Мәліметтер екі түрлі тәсілмен - қолмен және машинамен жинақталады. Материалдарды шифрмен белгілеу, оларды жинақтап, бөлу және оны қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау тәсілі электронды есептеу машиналары мен компьютер арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде статистика органдарында электронды есептеу машиналары мен компьютерлер түгелге жуық қолданылуына байланысты қолмен жинақтау тәсілі сирек қолданылады.

Статистикалық мәліметтерді жүзеге асыру кезеңдері:

1) Топтау қасиетін таңдау

2) Топты қалыптастыру тәртібін анықтау

6

3) Топты сипаттайтын статистикалық көрсеткіштің жүйесін жасау

4) Жинақтаудың нәтижесін көрсету үшін статистикалық кестелердін макетін жасау

Сонымен, жалпы алғанда, статистикалық жинақтау деп, бақылау нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша топқа бөліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады. Демек, мәліметтерді жинақтау жұмыстары көптеген аса күрделі есептеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.

7

  1. КүрДЕЛІ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖИНАҚТАУДЫ ҚОЛДАНУКүрделі статистикалық жинақтау мазмұны мен міндеттері

Күрделі жинақтау деп - алдынала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбiр жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi мамандықтарына қарай қосу аркылы есептеймiз жене т. с. с.

Зерттелген құбылыстар мен процестердің сипаты мен мазмұнын жан-жақты теориялық талдау негізінде статистикалық қорытынды жасалады.

Статистикалық жинақтау жүргізудің бағдарламасы мен жоспары оның нәтижелерінің сенімділігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Статистикалық жинақтау бағдарламада статистикалық байқаудың жиынтығын бөлуге немесе бөлуге болатын топтардың тізімі, сондай-ақ зерттелген құбылыстар мен процестердің жиынтығын және оның жеке бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі бар. Статистикалық жинақтау бағдарламасы зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Статистикалық жинақтау бағдарламасымен бірге оны жүзеге асырудың жоспары жасалады. Жоспарда есепті жүргізудің дәйектілігі, мерзімдері мен техникасы, оны орындаушылар, нәтижелерін кестелік түрде пішімдеу тәртібі мен ережелері туралы ақпарат болуға тиіс.

Орталықтандырылмаған статистикалық жинақтау - бұл материалды жалпылау тәсілі, ол басқарудың иерархиялық сатысымен жоғарыдан төмен қарай жүзеге асырылады және әр кезеңде өңделеді.

Орталықтандырылған статистикалық жинақтау дегеніміз - статистикалық байқау нәтижесінде алынған барлық бастапқы мәліметтер бір орталық ұйымда шоғырланған және басынан аяғына дейін өңделетін әдіс.

Статистикалық топтау әдiсi деп, қоғамдық құ6ылыстар мен процестердi өздерiне тән белгiлерiне өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешелiктерiне, түрлерiне, үлгiлерiне сәйкес бiр-бiрiнен ажыратуға болатын топтар мен iшкi топтарға бөлудi айтады. Топтау әдiсiнiң алдына қойған өз максаты мен мәнi бар. Оның басты мақсаты - жиналған мәлiметтерге талдау жасау үшiн ретке келтiрiп, ықшамдау, өзгермелi белгiлерiне қарай iрiктеу, жиынтық бiрлiктерiн қанша топқа бөлу керек екендiгiн анықтау жеке керсеткiштер жүйесiн белгiлеу. Статистикалкалық топтау бiр үлгiдегi типтік, құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлiнедi. Бiр үлгiдегi (типтiк) топтаудың мақсаты бiртектес топтарды, типтердi, сыныптарды әлеуметтiк-экономикалық түрлерiне қарай саралау болып табылады. Бiр үлгiдегi топтау төмендегi тәртiп бойынша жүргiзiледi:

1) алдын-ала, пайда болатын типтердi, сыныптарды өздерiне тән сапалық белгiлерiне қарай анықтап, белгiлеп қою;

2) топтау белгiлерiне сай топтарды анықтау;

3) жиналған сандық көрсеткiштердi белгiленген топтарға бөлу. Бір үлгiдегi топтау экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиi қолданылады. Сонымен, бір үлгiдегi (типтiк) топтау дегенімiз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлi бағыттагы жиынтьқ көрсеткiшiтердi сапалық жағынан бiр жүйеге келтiрiп, топтарға бөлуi және оның қорытынды көрсеткiштеріне талдау жасауды айтады. Құрылымдық топтау бiртектес, бiркелкi жиынтық бiрлiктерiнің өзгерiсiн өздерiне тән белгiлерiне қарай бөлудi айтады. Бұл топтау әлеуметтiк-экономикалық кұбылыстар мен процестердiң құрамын зерттеу кезiнде кеңiнен қолданады.

Талдаулық топтау. Бiр-бiрiне әсерiн тигiзетiн талдаулық топтаудың себептiк белгiлерi қоғамдық, құбылыстың өзгергендiгiн, ал нәтижелiк белгiлерi сол себептердің тигiзген әсерiн, көрсетедi. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесiн жоғарылату себептік белгiге жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуi нәтижелік белгiге жатады.

8

Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгісі қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі:

- бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру;

- әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлес бойынша қайта топтастыру.

Статистикалық мәліметерді топқа бөлу кзінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі керек. Мұның барлығы топтау көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты. Топтау негізгі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа -еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы - сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ
Статистикалық бақылау туралы жалпы мағлұмат
Статистикалық жинақтау
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Статистикалық бақылау зерзаты
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистиканың жалпы теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz