Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Айналым қаржысының айналымдылығын жеделдету жолдары
Мазмұны
Кіріспе

І. Кәсіпорын айналым капиталының экономикалық-теориялық түсінігі
1.1. Кәсіпорынның айналым қаржысының мәні, құрамы, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Кәсіпорынның айналым қаржысын және қорларын пайдалану мөлшері

ІІ. Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне қаржылық талдау жүргізу (Қазақстан коммуналдық жүйелері ЖШС мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстан коммуналдық жүйелері ЖШС-тің даму тарихы және жетістіктері ... ... ... ... ..
2.2Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазақстан коммуналдық жүйелері ЖШС капиталын басқарудың жалпы қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ. Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР кәсіпорындарының айналым капиталын айналымдылығын арттыру жолдары
3.2 Кәсіпорын айналым капиталын басқаруға арналған бағдарлама әзірлеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады. Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.

Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған.
Екінші тарауда теориялық тұрғыны пратика жүзінде, кәсіпорын мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни Эйр Астана кәсіпорынның қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.

І. Кәсіпорын айналым капиталының экономикалық-теориялық түсінігі
1.1. Кәсіпорынның айналым қаржысының мәні, құрамы, құрылымы

Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материялдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өндірістік айналым қаржысының заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметімен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры бұл өндірістік мүндетті, ал өндірістің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
o өндірістік айналым қорлары;
o айналыс қорлары;

Айналым капиталы

Айналым қорлары
Айналыс қорлары
Өндіріс-тік запастар
Аяқталма-ған өнадіріс
Болашақ кезең шығындары
Қойма-дағы дайын өнімдер
Жөнелтілген, бірақ ақысы төлен-беген тауарлар
Есептеулер-дегі ақша құралдары
Ақша және т.б. қаражат айна-лымы
Нормаланған
Нормаланбаған

Өндірістік айналым қорлары - өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
o Өндірістік запастар. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
o Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
o Болашақ кезеңдердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары - запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.

Сонымен, айналым қорлары - бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Айналым капиталының қаржыландыру көздері
Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.
Меншікті айналым капиталы - бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады.Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.
Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.
Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі,ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.
Меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның пайдасы болып табылады. Сонымен қатар, меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландыруға меншікке теңестірілген тұрақты пассив деп аталатын өзге де көздерді пайлалану қажет болып табылады. Өкінішке орай, қазір БЕС-ке сәйкес тұрақты пассивтер меншікті айналым капиталына жатпайды. Өмірде бұл қаржыландыру көзін кәсіпкерлер үнемі пайдаланып отырады. Бұл, әсіресе, қаржы ресурстары жаппай тапшы болған өтпелі кезеңде кеңінен қолданыс тауып отыр.
Тұрақты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдалатын,бірақ оның меншігіне жатпайтын пассивтерді атайды. Олар келесілерден тұрады:
а)жұмыскерлер мен қызметкерлер еңбекақысына берілетін ең аз мөлшердегі көлемі есебінен;
ә)әлеуметтік сақтандыру мен салық төлемдерінен;
б)келешекте болатын төлемақылар резервінен;
в)ағымдағы сыйақы тағайындауға арналған материалдық ынталандырудың тұрақты айнымалы қор қалдығынан, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысына арналған қорлардан;
г)жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген тауарлар бойынша берешектен;
ғ)заңнаға сәйкес сатып алатын тауары үшін ең аз мөлшердегі алдын ала төленген қаржы көлемінен.
Тұрақты пассивтерді меншікті айналым капиталына теңестіру қажет, себебі олар үнемі кәсіпорын иелігінде болады және шаруашылық айналыста пайдаланылады.Олардың үлес салмағы, әсіресе еңбекақы өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігін құрайтын өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ өнімнің жартылай дайындығы бойынша төлем жүргізетін салаларда жоғары болып келеді.

1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері

Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
o Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
o Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
o Мамандану деңгейі;
o Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
1. Айналым сферасы;
2. Элементтері;
3. Норма ауытқуы;
4. Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:
1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Айналым қорларының бір айалымын мынадан көруге болады:
А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А* (1)
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).
2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
3. Болашақ кезеңдер шығындары.
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).
4. Қоймадағы дайын өнімдер.
5. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
6. Есептеулердегі ақша құралдары.
7. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).
Айналым капиталы (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған жартылайфабрикаттармен қоса өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттарды да қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі бөлігін - тауарлы-материалды қор құрайды:
1. шикізат;
2. материалдар;
3. аяқталмаған өндіріс;
4. дайын өнім;
5. тауарлар.
Тауарлы-материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1. Тауарлы-материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы-материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:
1. Тауарлы-материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
2. Олар ескірген кезде;
3. Тауарлы-материалды қордың бағасы төмендеген кезде.
Бұл әдіс өте аз айдаланылады.
Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен
құрылған сатубағасы;
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы-материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы-материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы - бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпорын айналымында жеке және заемды айналым капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады.
Орнықты пассивтер:
o Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
o Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
o Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
o Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
o Өндірістің маусымдылығы;
o Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;
o Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д (2)
мұнда Р - материалдардың ортакүндік шығыны;
Д - айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):
Д=Т+С+М+Ф+П. (3)
Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.
Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.
Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:
Н= (ВД)*Т*К, (4)
мұнда В - IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі, руб;
Д - кезеңдегі күндер саны (90);
Т - өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;
К - өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;
Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:
K=CП (5)
мұндағы, С - аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;
П - бұйымның өндірістік құны.
Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.
Н=П+Р-С, (6)
мұнда П - болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы;
Р - келесі жылдың болашақ кезең шығыны;
С ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым қаржыны тиімді қолдану жолдары. Амортизация әдістері
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
Айналым капиталының элементтері
Айналым өндірістік қорлар
Айналыс қорлары
Өндірістік айналым қоры
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Пәндер