Рейкалы домкрат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
IT-технологиялар,автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті
Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау кафедрасы


Реферат

Тақырыбы:

Домкраттар

Орындаған: Ескермесова К. ТМО-315к
Тексерген: т.ғ.к,профессор Жүнісбаев Б.

Алматы,2020 ж

Жоспары:

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Жүк көтеру машиналары жəне олардың элементтері.
2.2 Негізгі жүккөтергіш машиналар мен құрылғыларды қолдану саласы.
2.3 Домкрат және оның түрлері.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Көтеру-тасымалдау машиналары (КТМ) көтеріп-тасымалдау, тиеп түсіру, құрылыс-монтаж жұмыстарында жəне өндірісті ме-ханизацияландыру мен автоматтандырудың аса тиімді жабдығы ретінде халық шаруашылығының əртүрлі саласында, соның ішінде өнеркəсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен, металлургия, машинажа-сау салаларында кеңінен таралған. Осы салалардың барлығында жалпы қолданыстағы көтеру-тасымалдау машиналарының көп түрлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын жүктердің түрлері мен жалпы қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталады, сонымен қатар өндірістің кез келген саласында тасымалданатын жүктердің та-сымалдау траекториясы мен геометриялық формасына байланысты қабылданады. Ондай машиналарды қолдану ауыр қол жұмыстарын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай өнеркəсіпте жəне халық шаруашылығының басқа салаларын-да қолданып жүрген көтеру-тасымалдау техникасының құрылымын жетілдіріп, өнімділігін көбейтіп қана қоймай, техника-экономикалық параметрлері тиімді болатын, жаңа жобадағы машина өндірісін ұйымдастыру қажет.Заманауи көтеру-тасымалдау машиналар өндірісін ұйымдастыру-да жеке блокты бөліктер мен жаңа конструкцияларды жасауды біріздендіруге негізделеді, демек машинажасау мен оларды пай-далану кезінде сапаны жоғарылатуға жəне ең жоғары техника-эко номикалық тиімділігін алуға мүмкіндік туындайды. Блоктық конструк ция қағидасымен жасап шығарылатын машинаның жеке бөліктері мен тетіктерін максимальді түрде біріздендіру мақсаты, өндіріс сериялығын жоғарылатуға, құрастырылып біткен күйде сол бөліктерді өзара бір-бірімен тез ажыратылып қосыла тын элементтерімен жабдықталады. Бұл өндірістің ірі сериялық өндірістегі сапасы мен өнім-ділігін арттыруға көп əсер етеді. КТМ-ның қолданыстағы паркін пайдалану кезінде олардың кон-струкциясы мен техникалық мүмкіншіліктерін жетілдіру орындала-тын жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Тиім ділік ті арттыру машинаның өнімділігі мен сенімділігін жоға-рыла ту есебінен іске асырылады. Жоғарыда көрсетілгенге байланысты КТМ сапалы конструкци-ясын жасауда олардың есептеп жобалау əдістерін дұрыс құрастыру ең маңызды жұмыс болып табылады. Жобаланатын КТМ алды-на қоятын мақсат жұмыстың қажетті технологиялық үрдісін ең тиімдірек орындалуын қамтамасыз ету керек, себебі жобалау кезінде оның жұмыс істеу мүмкіншілігін кеңірек пайдалану қажет. Арналу-ына қарай КТМ негізгі параметрлері сол салаға сəйкес анықталуы мүмкін. Осы таңда жасап шығарылатын КТМ сапасы мен негізгі параметрлері үлкен мəнге ие болуда. Жаңа КТМ өзінің ғылыми-техникалық деңгейі бойынша өзінің алдыңғы моделінен жақсырақ болуы керек те, ғылыми-техни калық прогрестің жоғары талапта-рына сəйкес келуі қажет.

2.1 ЖҮК КӨТЕРУ МАШИНАЛАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Жүк көтеру машиналары көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі түрінің бірі болып саналады. Олар жүк қармайтын (жүк та-ситын) құрылғының қайтармалы-үдемелі қозғалысы бар циклдік əрекетті машиналар қатарына жатады. Жұмысының əр циклі жүкті қабылдаудан, жүкті тік көтеруден, оның орнын ауыстырудан, жүкті босату жəне келесі жүкті қармау аралығындағы бос қозғалыстан, келесі жүкті тағы да көтеру жəне тасымалдауға арналған жұмыстарымен сипатталады. Жүкті көтеру жəне түсіруден басқа, бұл жүккөтергіш машиналар горизонталь жазықтықтан басқа да жұмыстарды: жүк ілініп тұрған кранды немесе оның жебесін бұру; жебесінің ұзаруын өзгерту; кранның жебесінде орналасқан арбаны немесе кранды толығымен қайта қозғалту арқылы жүкті біраз жер-ге тасымалдау жұмыстарын орындайды. Бірақ жүкті немесе жола-ушыларды таситын кабина немесе тақтасы бар көтергіштер (лифт) сияқты жүккөтергіш машиналар тұрақты бағыттауыштар бойымен қозғалады. Өйткені олар жүкті немесе адамдарды (жолаушыларды) тік көтеру немесе түсіру үшін қызмет атқарады.Жүккөтергіш машиналар келесі негізгі қасиеттерімен: көтеру қозғалысымен; жұмысының кезеңділігі немесе циклдігімен; əртүрлі (ірі, дара немесе сирек, сусымалы, ыдысқа салынған) жүктерді та-сымалдау мүмкіндігімен; тұрақты кең жол бойында əртүрлі жеке басқарылатын қозғалыстарға жүктің бағытын өзгерту мүмкіндігімен; жүктерді тиеуге жəне түсіруге арналған тұрақты орындарының болмайтынымен сипатталады. Демек, жүккөтергіш машиналарды құрылыс алаңдарынан немесе өндірістік кəсіпорынның нақты бір шектелген ауданынан аздаған қашықтыққа жүктерді көтеру жəне тасуға арналған кезеңдік (циклдік) қозғалысты машиналар деп атауға болады. Жүккөтергіш машиналар өзінің қолданылуы (дамуы), жұмыс жасау принциптері жəне құрылымдық орындалуы бойынша əртүрлі болады. Оларды қолданылуы бойынша екі топқа: жалпы жəне ар-найы - деп бөледі. Жалпы қолданылатын жүккөтергіш машиналар негізінен əмбебапты болып саналады. Оларды көтеру-тасымалдау жұмыстарының көптеген түрлерін орындауға арналған өндірістік жағдайларда пайдаланады. Белгілі бір жүктерді көтеру жəне тасымалдауға немесе арнаулы технологиялық үрдістерде көтеру-тасымалдау жұмыстарын орындау үшін арнайы жүккөтергіш маши-наларды қолданады. Бірінші топтағы машиналар құрылғысының салыстырмалы қарапайымдылығымен, жүкті қармаудың жеңіл жəне оңай орын-далуымен ерекшеленеді. Оларға: домкраттар, лебедкалар, поли-спасттар, тальдер (жүк көтергіштер), консольдік крандар, топсалы-теңестірілген манипуляторлар жəне т.б. жатады. Арнайы қолданылатын жүккөтергіш машиналарға тəн қасиеттер: құрылымдық күрделілігі; арнайы жүк қармау немесе жүккөтергіш құрылғыларды пайдалануы; орындайтын технологиялық үрдістердің біртиптілігі (бірқалыптылығы); жұмысының күрделілігі, т.б. жата-ды. Машиналардың бұл түріне - металлургиялық крандар, аспалы монтажды крандар, жүк тасымалдайтын манипуляторлар жəне т. б. жатады.Жүкті қозғалту бағытының санына байланысты барлық жүккөтергіш машиналарды үш түрге бөлуге болады, оларға: жүкті тек бір бағытта көтеретіндер (домкраттар, лебедкалар, полиспаст-тар, көтергіштер); екі-үш бағыттағы қозғалысты қамтамасыз ететіндер (көпірлі крандар, қозғалмалы жүккөтергіштер (тальдер) жəне т.б.); жоғарыда көрсетілгеннен басқа жүкті тағы бір бағыттағы қозғалыспен қамтамасыз ететін айналмалы-бұрылмалы немесе жүкті кеңістікте қозғалтатын, т.б. құрылғылар (мұнаралық, порталдық крандар жəне т.б.) жатады. Жұмыс жасау қағидасы жəне құрылғыға тəн ең негізгі ерекшеліктері бойынша осы жүккөтергіш машиналарды үш топқа бөледі, олар: 1) қарапайым жүккөтергіш құрылғылары; 2) көтергіш механизмдері; 3) крандар . Қарапайым жүккөтергіш құрылғыларға домкраттар, полиспасттар жəне лебедкалар жа-тады. Көтергіш механизмдерге жүк көтергіштер (тальдер) жəне көтергіштер (құрылыс-жөндеу құрылғылары жəне ауыр затты көтергіштер, т.б.) жатады. Крандарға жүкті көтеруді, оны аздаған қашықтыққа тасымалдауды жəне жүкті қармау арқылы оны түсіруді қамтамасыз ететін жүккөтергіш машиналары жатады. Крандардың қозғалу тəсіліне байланысты жүккөтергіш машина-ларды стационарлық, орын ауыстырылатын, тасымалданатын жəне өздігінен жүретін топтарға бөлуге болады.

2.2. Негізгі жүккөтергіш машиналар мен құрылғыларды қолдану саласы

Əр түрдегі жүктерді көтеру жұмыстарын орындаған кезде ең жиі қолданылатын жүккөтергіш машиналар мен құрылғылар 2.2-суретте көрсетілген: - бұрандалы домкраттар (2.2 а-сурет) - жөндеу, монтаждау жəне т.б. жұмыстарда пайдаланады; - полиспасттар (2.2 ə-сурет) - лебедкамен, сондай-ақ барлық көтергіш крандарда орналасқан жөндеу жəне көтеру - түсіру жұмыс-тарында қолданылады; - қол лебедкалары (2.2 в, г-сурет) - қосымша жабдық ретінде қолданылады; - қабырғаға бекітілген крандар (2.2 д-сурет) - жөндеу жəне мон таждық жұмыстарды орындаған кезде лебедкалармен бірге қо-сым ша жабдық ретінде пайдаланылады; - тұрақты консольді бұрылмалы крандар (2.2 е-сурет) - депода жəне машина құрастыратын кəсіпорындарының цехтарында əртүрлі қосымша көтеру-тасымалдау жұмыстарын орындауға арнал ған құрылғы; - жылжымалы консольді бұрылатын крандар (2.2 ж-сурет) - жөндеу, монтаждық жəне тиеп-түсіретін жұмыстарды орындаған кезде пайдаланады; - жылжымалы электрлі тальдер (2.2 з-сурет) - жөндеу, монтаждық жəне тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылады; - автомобильдік крандар (2.2 и-сурет) - құрылыста жəне технологиялық жабдықты жөндеген кезде, жеке жүктерді көп тиеп-түсіретін жұмыстарда пайдаланады; - порталдық крандар (2.2 к-сурет) - гидротехникалық құрылыс-тарда жəне зауыттарда, құрылыстық-монтаждық жұмыстар да, порт-тарда өте ауыр жүктерді тиеген кезде қолданылады; - мұнаралы жебелі крандар (2.2 л-сурет) - өндірістік жəне тұрғын үй құрылысында қолданады; - вантты мачталы-жебелі крандар (2.2 м-сурет) - ірі құрылыс ғимараттарында технологиялық жабдықтарды жəне жинақталған құрылымдарын жөндеген кезде пайдаланады; - көпірлі крандар (2.2 н-сурет) - машина құрастыратын кəсіпорын дардың цехтарында, депода, қоймаларда, полиграфия өндірі сінде, т.б. қолданады; - төрт тіректі тағанды көпірлі крандар (2.2 о-сурет) - гидро-техникалық құрылыста, қоймаларда жұмыс жасау үшін құрылыстық жəне монтаждық жұмыстарда жəне тиеп-түсіру жұмыс тарында пай-даланады;көпірлі кран-штабелерлер (2.2 п-сурет) - көп ярусты жүктерді сақтайтын қоймаларда автоматты режимде жұмыс жасайды; - стеллаждық кран-штабелерлер (2.2 р-сурет) - жүктерді тек-шелеп стеллаждарға қоюға, текшелеп жинауға арналған жұмыстарда қолданады; - кабельдік крандар (2.2 с-сурет) - олар көбінесе үлкен аумақты ашық қоймаларда, ағаш жəне таскөмір қоймаларында, өзендер мен сайлардан жүкті өткізу үшін қолданылады.

2.2-сурет. Жүккөтергіш машиналар мен құрылғылар сызбасы:а - бұрандалы домкраттар; ə - полиспаст; в, г - қабырғаға ілінетін жəне еденге бекітілетін қол лебёдкалары; д - қабырғаға бекітілген кран; е, ж - стационарлық консольді қозғалмалы крандар; з - электрлі таль; и - автокран; к, л, м - порталдық, мұнаралық жəне ванттық-жебелі крандар; н, о - көпірлі жəне төрт тіректі тағанды крандар; п, р - көпірлі жəне стеллаждық кран-штабелёрлер; с - кабельдік кран.
2.3 Домкрат және оның түрлері.

Домкрат - дегеніміз құрылымы қарапайым жəне күштен ұту қағидасымен жасалынған, көтерілетін жүкті астынан аз ғана биіктікке көтеріп түсіруге арналған құрылғы. Домкраттар көбінесе жөндеу, құрылыс-монтаж жұмыстарында өндірістің барлық салаларында қолданыс табуда. Домкраттарға қатаң талаптар қойылған, көлемі ықшамдалған, массасы аз, беріктілігі мен сенімділігі жəне техникалық қолдану қауіпсіздігі жоғары, себебі домкраттар көбінесе тасымалданатын, қол күшімен жұмыс жасайтын құрылғы. Домкраттар құрылымы мен жұмыс жасау үрдісі бойынша үш топқа бөлінеді: - бұрандалы дократтар; тісті рейкалы; гидравликалық домкраттар. Домкраттардың басқа механизмдерден өзгешеліктері жүкті көтеріп-түсіру үрдісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдаушы машиналар
«Автомобильдердің рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер»
Рульдік басқару жайлы
Транспорт түрлері және тасымалдау қондырғыларын таңдау
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
Рульдік механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу принциптер
Газ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу
Рычагы-тісті механизмін құрастыру
БҰРАНДА - СОМЫН БЕРІЛІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Пәндер