АҚАН СЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ . . . 3

І АҚЫН МҰРАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
1. 1 Көкше өңіріндегі әншілік. ақындық дәстүр . . . 7
1. 2 Ақан серінің шыққан тегі, өскен ортасы . . . 11
1. 3 Ақан серінің махаббат лирикасы . . . 16

ІІ. АҚАН СЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
2. 1 Ақан туындыларындағы тақырып пен идея тұтастығы . . . 23
2. 2 Ақан сері лирикасының көркемдік ерекшелігі . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақ елі-ән- әуез, музыка өнеріне ерекше мән берген дана халық. Дана дейтін себебіміз әуездің жағымды ырғағы адам бойындағы табиғи куш-қуаттың молайуына, толығып отыруына, қайрат пен жігердің өмір сүигіштік ыңғайға бейімделуіне қозғаушы куш болатынына көз жеткен. Әуезді тек думаншыл- сауықшыл, салдық-серлік мақсатқа пайдаланбаған, Әуездің философиялық маңызын түсіне отырып, өнер арқылы өткендегі ізгілікті, жақсы мұрағаттарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастыруға айрықша көңіл бөлінген. Көкше өңіріндегі әншілік -ақындық дәстүрдің зерттелмеген тұстары ұшан теңіз. Ақан сері-азаматтың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі. Өлді деуге сия ойлаңдаршы, өлмейтұғын артыны сөз қалдырған -деп, хакім Абай айтқандай, Ақан сері -жүрегі қазақ деп соққан әр бір Алаш ұрпағының жадында мәңгі қалатын тау тұлға, сөнбес сәуле еді.

Жастайынан табиғатынан жақын ән өнерін өзіне серік етіп, жеті қазынасын түгендеген сегіз қырлы сері Ақан алдында тұмақ торланған болашақ күтіп тұрғанын білмеген. Бірінен соң бірі шыр айналдырған қайғынын орнын немен толықтырарын білмеген Ақан сері-қаламынан сия іздеп, өз қайғысын өлеңдермен бөліскен қаншама ән қалдырды. Оның әр қайсысының бір-бір дастандық оқиғалы сыры бар .

Ақанның серілік құрып, бақытты жастық өмір сүрседе, сол заманның дерті-өмірдің теңсіздік, отаршылдық, әйел басындағы ауыртпашылық теңсіздігі сынды өзекті мәселелер Ақанды би -жәй қалдырмады. Сондай-ақ, достық пен махаббат Ақан сері әндерінің басты тақырыптары болады. Ал, Бәтима, Ұрқия, Ақтоқты ғашықтары Ақанның махаббат лирикасына толы әндерінің жарық көруіне себеп болған жандар. Бағана бұйырмасада Ақтоқтыға «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» атты әндерін арнаған

Қазақ дейтін халықтың қасиетті өнерінің алтын діңгегіндей ХIХ ғасырда өмір сүрген ұлы Абай бастаған мол шоғырының қатарындағы жарық жұлдыздардың бірі -Ақан (Ақжігіт) Қорамсаұлы.

3

Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері дарқан, -

деп қазақ поэзиясысың «Құлагер» Ілияс Жансүгіров жырлағандай, қазақ даласындағы сал-серілік дәстүрдің аса ірі өкілдерінің бірі тамаша талғам иесі, қасірет пен қуанышқа толы тағдыр иесі Ақан сері Қорамсаұлының махаббат лирикасымен Ақанның ардақты тұлпары Құлагер жүиріктің өліміне байланысты тұған жырларды сарыптау, өз шамамызша талдау максаты алға қойылды

Ғылыми жұмысты тиянақты да тұжырымды жазу үшін Ақан сері өмірі мен шығармалығына арналып бұрынғы-соңғы жазылған мақалалар мен пікірлердің бір сыпырасы қарастырылып, ой сүзгісінен өткізіледі.

Ақан сері бейнесін қарасөз жанрында келістіре сомдаған Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы мен Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқты» драмасын, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмаларын аитпаганда ақын өміріне арналып бір көркем фильм, бір бейнефильм, бірнше поэма, әр жылдары ірілі-ұсақты ақындардың сан ондаған өлеңдері арналған екен. Күні бүгін арналуда және қазақ деген халық барда, қазақ рухы барда талай-талай шығармалар мен зерттеу еңбектер туа бермек.

Әйгілі сыршыл лирик ақын Мағжан Жұмабаев «Ақан сері» атты көлемді танымдық деректі мақала жазса, әр жылдары Ілия Жақанов Кәкімбек Салықов, Естай Мырзахметов, Жұмабай Есекеев, Қадіржан Абуев, Төлеген Қжыбаев, Серік Ақсұңқарұлы қатарлы көптеген қаламгерлер мен тарихшылар, өнертанушы, сазгерлер Ақан сері өмірінің белгісізде дүдәмал тұстарын айқындауда өзіндік еңбегін сіңіргенін айта кеткен жөн.

Қазақтың әдеби мұрасын қажымай-талмай зерттеген әдебиет танушы ғалым М. Ж. Көпеев аз сөзбен ғана «Ақан сері -өз заманының сұңқары, қызылтілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» -деп ақынның болмысын сипаттайды.

4

1. АҚЫН МҰРАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

1. 1. Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүр

Әр ғасыр өз заманына үн қатар асыл ұлдарын тұдырады десек, табиғаты тамылжыған көрікті Көкшеде бір кезде өмір сүріп, айдай әлемге әйгілі болған төрт бұлбұл төрт дүлдүлдің есімдері тілімізге оралады.

Елдерін араласаң өскен өнген,

Суретті көркем түрлі көп ескен өлең,

Кең көкірек, керней дауыс, ақын әнші,

Келеді жігіттері боп өскелең.

Іс қылған адамының денесі ірік,

Жігерлі, ер көңілді, еті тірік,

Ақын да, палуан да, әнші де көп.

Дей алмас көрген адам мұны өтірік.

Ерлер бар-бітістері жасыл, құрыш,

Ерлер бар-айтса қайтпас, алмас қылыш,

Ақын бар-алмас садақ тілдерінен . . .

Кейде бал ағызады кейде бұрыш, -деп атақты Сәкен Сейфуллин тамсана жырлағанындай Көкше өңірі қашанда өнерпазға кемде болмаған

Туған елін әнмен аялап, жырымен желпіндірі «Аққуға қосқан» Біржан сал, «бір бойында мың өнер» деп тұтастарын таңқалған Сырымбеттің сыршыл серісі Ақан, бұла күш, балуандық пен өлең- әнді тең ұстаған Балуан Шолақ, «Гәккуін қайтқан қаздай қаңқылдата» бел-белеске әнін жеткізген. Үкілі Ыбырай аталарын бүгінгі ұрпақ мақтан тұтады. Бүгінгі қазағының рухы қанында ойнаған әрбір қазақ баласы осы алып бабаларыгың жарқын жолдарын ұстанып, мирасқорлары болуға талпынады. Аталарының жырларын жаттап, жадында сақтап, әндерін айтып, күйлерін шертеді қай-қайда да.

5

Дархан дарындардың есімдерін мақтанышпен ауызға ала отырып, олардың

жарқын бейнелерін әркім көз алдына келтіреді. Арқалы аталарымыздың

өмірі-тіршілігінің катпарлары калың тарих, жазылып бітпеитін жыр-дастан, замандардан -замандарға ұласар ғұмырнама, ұлы мұра, өркенді өнердің биік бәйтерегі, саялы шынары.

ХIХ ғасыр -Алаш тарихында ерекше із қалдырған, қазақ халқына зиялылар мен қайраткерлері келуімен ерекшеленеді, Солардың ішінде ер жігітке тән мінез бен болмыс, серіліктің сан үлгісін қалыптастырып кеткен өңір .

- Көкше өңірі, Көкше өңіріндегі әншілік- ақындық дәстүрдің зерттелмеген тұстары ұшан теңіз.

Ақмола облысының мәдени мұрасы өте бай. ХIХ ғасырдың атақты музыканты, сал серісі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай туған өлке. Балуан Шолақ Жетісуда туғанымен, Көкшетауда ер жетті. Жаңадан ашылатын білім ордасының негізгі мақсаты арқа өңірінің музыкалық дәстүрін жалғастыру болып табылады.

Әйгілі қазақ ақыны, сазгер Біржан Көкшетау өңірінде дүниеге келген . Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқақ әнші, әрі тамаша композитор.

Асқан талантының арқасынан Біржан Арқада алған әншілік дәстүрін қалыптастырды. Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты әнші ақындар осы Біржанның шәкірттері.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ-қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны болган .

Көкшнің кең табиғатын тебіренткен келесі өнер иесі Ақан серінің өмірі - ХIХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық өмір. Ақан ең алдымен өз кезінде де, өзінен кейінде жұртшылықтың назарын өзнің әнімен, өлеңімен аударды. Жвъас кезінен-ақ нәзік лирикалы, жан тербеткен үні мен сазы тыңдаушыларын сұқтандырса, өсе келе сол сазына сәйкес, өзі ән шығаратын композитор

6

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан Сері шығармалары
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Ақан серінің махаббат лирикасы
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Салдық өнер
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Нұржан наушабаевтың бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі және өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz