Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1) Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі.

2) Фармацептика бағытында қылмыстық құқық бұзушылық.

3) Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері.

Қорытынды

К І Р І С П Е

Медицина қызметкерлері әлемдегі ең ізгілікті мамандық иелері бола отырып, Гиппократ антының негізінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жүктелген ізгі міндеттерді мүлтіксіз орындауы тиіс. Бірақ біздің шынайы өмірімізде, медицина қызметкерлері өзінің кәсіби міндеттерін бұзатын көптеген фактілер орын алуда, ол өз кезегінде бұл саладағы қылмыстылықтың өршуіне алып келуде.
Қылмыстық істерді алдын ала тергеу және сот істерінде қарау тәжірибесі көптеген күрделі жағдайларға байланысты әрқашанда заңдылық талаптарына сәйкес келе бермейді. Медицина қызметкерлеріне қарсы қылмыстық істерді қозғауда, өздерінің кәсіби міндеттеріне қылмыстық-немқұрайдылықпен қарау немесе орындау нәтижесінде өлімге ұшыратуда, науқас адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіретін медицина персоналының ішінен өз ісіне адал қарамайтын тұлғаларды анықтауда дәрменсіздік танытуда.
Медицина қызметкерлерінің науқас адамдармен қатынасында туындайтын даулы жағдайларды дұрыс шешуде қылмыстық заң тарапы тұрғысынан бағалаудың күрделілігі, медициналық кәсіби міндеттері, құқықбұзушылығының ерекшелігі жөнінде терең түсінігі болмағандықтан сот-тергеу қызметкерлері көбінесе шарасыздыққа ұшырауда.
Қарастырылып жатқан мәселе медициналық проблемалар жайлы теория және іс тәжірибесінде туатын пікірталасқа байланысты монографиялық зерттеудің пәні болып танылады. Құқықтық мәселе тұрғысынан медицина саласындағы құқықбұзушылыққа тиісті баға бере отырып, бұл проблеманы шешудегі қиындықтар медицина сарапшылары тарапынан корпоративтік пиғылдың туындайтындығын айтпай кетуге болмайды.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Негізгі басымдықтар: Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету . . . », - делінген [1] .
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1 - бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған [2, 4 б. ] .

1) Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 15 бабы негізінде қылмыстың субъектісі дегеніміз - белгілі бір жасқа толған есі-дұрыс адам. Қылмыстың субъектісі болып заңды тұлғалар танылмайды. Субъектісіз қылмыс та болмайды. Қылмыстың субьектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық, заңда белгіленген белгілі жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер қандай да болмасын қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Қылмыстың субъектісін дұрыс анықтау, тергеу сот органдарының тәжірибелік қызметінде үлкен маңызға ие. В. Н. Кудрявцевтің ойынша, кінәлінің жасы, бұрынғы соттылығының болуы және арнаулы субъект сияқты субъектінің бірқатар белгілері қылмысты саралау үшін ықпал етеді [1, 161 б] .

Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі арнаулы субъект қатарында орын алады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық құқық доктринасына сәйкес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект болып танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі деп, жалпы субъектінің қажетті белгісінен басқа (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) сияқты белгілерден басқа нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше қосымша белгілер болуы қажет. Медицина қызметі саласында қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің белгілерін анықтау барысында анықтаушы фактор ретінде заңмен белгіленген медициналық көмек көрсету болуы тиіс.

В. С. Орловтың пікірінше, арнаулы субъекті деп ҚК-тің баптарының диспозициясында қосымша белгілері мен ерекшеліктері бар тұлғалар жатқызылады [2, 138 б] .

В. В. Устименконың пікірінше арнаулы субъекті деп арнайы және қосымша белгілері бар тұлғалар танылады [3, 8-9 бб] .

Заңи әдебиетте қылмыстың арнаулы субъектісінің ұғымы мен белгілерінің анықтамасына байланысты бірыңғай көзқарас жоқ дей келе, Р. О. Орымбаев, «тиісінше арнаулы субъект, субъектінің жалпы қажетті белгілерінен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) басқа аталған қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше, қосымша белгілерді иеленген тиісті адам танылады», - деді [4, 39- 46 бб] .

Қылмыстың арнаулы субъектісін топтастыруда әртүрлі көзқарастар бар. М. Н. Сыздықов арнаулы субъект белгілерін төрт топқа бөлді: азаматтық-құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер, демографиялық белгілер, лауазымдық жағдайын, атқаратын жұмысын және кәсібін сипаттайтын белгілер, бұрынғы әлеуметке қарсы іс-әрекетімен немесе қылмыстарды бірнеше рет жасауымен сипатталатын белгілер.

С. С. Молдабаев және С. М. Рахметов арнайы субъектінің келесідей белгілерін сипаттайды: субъектінің жәбірленушімен өзара қатынасын сипаттайтын белгілер, физиологиялық және демографиялық қасиетін сипаттайтын белгілер, құқықтық жағдайын немесе әлеуметтік рөлін сипаттайтын белгілер.

Арнаулы субъектінің осындай белгілерін көрсете отырып, аталған авторлар келесідей жіктеу береді: 1) құқықтық жағдайымен байланысты, 2) демографиялық факторымен байланысты, әлеуметке қарсы іс-әрекетімен байланысты [5, 75-76 бб] .

2) Фармацептика бағытында қылмыстық құқық бұзушылық:

Енді біз медицина және фармацевтика қызметкерлерінің субъект ретіндегі ұғымын нақтырақ аша түссек. Медицина қызметкерлері біліктілік деңгейіне сәйкес мамандығы бойынша кәсіби қызметті атқаруға құқығы бар. Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайлардан басқа, мемлекет органдары және басқа да ұйымдар, сондай-ақ азаматтар тарапынан медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне араласуға тыйым салынады.

Фармацевтика қызметкерінің ұғымын анықтап алмастан бұрын, фармацевтикалық қызметтің түсінігін ашып кетсек. Фармацевтикалық қызмет деп денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттардың (препараттардың) қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуді, дәрілік заттардың өндірісін, жасалуын, жойылуын және өткізілуін (бөлінуін) қамтитын қызметті айтамыз.

Фармацевтика қызметкерлері - жоғары фармацевтика біліміне сәйкес дәрілік заттар айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы жоғары фармацевтикалық білімі бар адам. Аталған талаптарды қанағаттандыру үшін химия және биология саласында арнайы дайындықтан өткен жоғары фармацевтикалық білімі бар провизорлар жіберіледі. Құқық бұзушылықтың субъектісі арнайы - заңға және арнайы ережелерге сай кәсіби міндетін атқару барысында көмек көрсетуге міндетті 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті төмендегі мамандар көрсете алады: учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер және медбике. Дәрігерлік құпияның субъектісі жоғары (дәрігерлер) және орта (медбикелер) медициналық білімі бар барлық медицина қызметкерлері, сонымен қатар медициналық білімі жоқ тұлғалар (бала бағушы, күтуші, тіркеуші) болып табылады. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау құрамы бойынша құқық бұзушылық субъектісі болып медицина және фармацевтикалық қызмет түріне сертификаты немесе лицензиясы жоқ 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу құрамы бойынша құқық бұзушылық субъектісі болып медицина және фармацевтикалық қызмет түріне сертификаты немесе лицензиясы бар, 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады. Бірақ тікелей кәсіби ем көрсету кезінде барлық медицина қызметкерлері ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттердің ұстанушысы ретінде қарастырылмайды. Осы міндеттерді атқарумен байланысты емес науқасқа операция жасап жатқан бас дәрігер немесе бөлім меңгерушісі, өзінің лауазымдық міндеттерін емес, тек қана кәсіби құзыреттерін жүзеге асырады. Медицина қызметкерлері кәсіптік қызметтерін атқарумен байланысты әкімшіліктің өкілі емес, тек қана хирург немесе гинеколог болады. Лауазымды қылмыстар объект және субъект белгісі бойынша Қылмыстық кодексте дербес тарауға бөлініп шығарылған. Біз бұл жерде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік және лауазымдық міндеттерінің арақатынасын нақты ажыратуды айтып кетуіміз қажет. Мәселен, аурухананың бас дәрігері жұмысқа орналастырғаны үшін адамнан ақша талап етіп алса, Қылмыстық Кодекстің 366 бабы «Пара алу» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бас дәрігер жеке бас пайдасы үшін құжаттарға өзгерістер енгізсе, Қылмыстық кодекстің 369 бабы «Қызметтік жалғандық жасау» бойынша қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай тұжырым жасауға болады:

Медицина және фармацевтика қызметкерлері субъект ретінде тікелей емдеумен және дәрілік қызметті қамтамасыз етумен байланысты кәсіби міндетін жүзеге асыратындықтан кәсіби міндетіне қарай жіктелуі қажет, ал лауазымдық құзыретін жүзеге асыруға байланысты медициналық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған лауазымды медицина қызметкері жаңа Қылмыстық кодекстің 371-бабымен сараланатындықтан лауазымдық белгісі бойынша жіктелуі тиіс.

3) Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері:

Заңсыз аборт жасау (319-бап)

Аборт дегеніміз - заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынш а- 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі ҚР бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.

Қылмыстың объектісі-әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы (319-баптың 1-тармағы) сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т. б. жасаса, онда олар осы қылмыстың істелгені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды.

Субъективтік жағы қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Кінәлы адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі-жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар. Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа) аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрыңғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.

Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру т. с. с.

Қылмыстың субъектісі-16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар заңсыз аборт жасаған адам хирург-гинеколог, акушер-гинеколог, осы қылмыстың ауырлататын түрі -Қылмыстық кодекстің 319-бабының 3-тармағында заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның осы әрекетті қайталанғаны үшін жауаптылығы көзделген. Жауаптылықтың шарты-мұндай адамның сотталғандығы жойылмауы немесе сотталғандықтан арылмауы қажет.

Науқасқа көмек көрсетпеу (320-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі-ауру адамның өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыс объективтік жағынан:

1) заңға сәйкес немесе арнайы Ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі;

2) бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі;

3) әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс табады.

Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бақытсыз жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жарақат алғандарға, ұландарға немесе басқадай кенеттен пайда болған аурумен ауырғандарға тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті медициналық мекемелер аумақтық, ведомстволық немесе меншік нысанына, бағыныштылығына қарамастан тез, кез келген уақытта, кез келген жерде көрсетпеуге міндетті.

Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлы қылмыстық кодекстің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.

Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлы қылмыстық кодекстің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТЕУ ТӘРТІБІН БҰЗАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz