Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жөнінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе3
1 Балабақшада балаларға музыкалық тәрбие берудіңмақсат-міндеттері51.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік мәні51.2 Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың міндеттері 11
2 Ортаңғы топтағы балаларды ән салуға үйрету әдісі 14
2.1 Орта топтарды ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері 14
2.2 Ортаңғы топтағы балаларды ойын технологиясы арқылы
ән салуға үйрету 17Қорытынды 21Пайдаланған әдебиеттер тізімі 23
Қосымша

Кріспе

Музыка - адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек. Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады. Музыкалық ойлау - күрделі эмоциялық сенсорно - интелектуалдық білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген сөз. Оны не интелектуалды қабылдауы, музыкаға адамның сәулесі, музыканы меңгеру дейді т.с. Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың музыкалық - қабылдау ойлауы бірлік пен қарым - қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке қабылдаушылығы. Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.
Музыкалық тіл - бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық ақпаратты жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл - грамматикалық норма жүйесі, қолдану ережесі, сөз-моделді қосуы. Музыкалық тіл - барлық дыбыс құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл - музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.
Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сүлу әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Музыка - адам мен үрпақ арасындағы қарым- қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы -адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауын дамуына бағытталған. Балаларға ән айтуды үурету барысында музыкалық көңіл- күйінің, ой сезімінің, көзқарасының үлкен маңызы бар.
Зерттеу объектісі. Ортаңғы топтағы балаларды ән салуға үйретудің ерекшеліктері мен әдістемесі.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі музыканың орны.
Курстық жұмыстың мақсаты. Ортаңғы топтағы балаларды ән салуға үйрету әдісі, әнді дұрыс ырғақпен айтуға үйрету және музыкалық қабылдау ерекшеліктерімен таныстыру және теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ортаңғы топтағы балаларға ән айту дағдыларын үйрету ерекшеліктері туралы;
- Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жөнінде;
- Ортаңғы топтағы балалардың музыканы қабылдау ерекшеліктерімен;
- Баланың музыкаға бірінші реакциясы және алғашқы музыкалық тілдің элементтерін меңгеруі туралы толық мағлүмат беру.
Зерттеу мәселесі - отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру, балаларға ән айтқызып үйрету. Музыкалық білімдерін қалыптастыру.
Зерттеу пәні - Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету.
Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сүхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Балаларға ән үйретудің түрлері мен күрделі түстарына теориялық түрғыда сипаттама берілді;
Ән айту дағлыларымен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
Бала мен ата-ана қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді. Тәжірибелік маңызы: эксперименттік - тәжірибе жүмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата-аналармен жүмысында, іс - шараларында қолдануға болады. Балалардың музкалық білімдерінің қалыптасуына және оны күнделікті өмірде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы, құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Балабақшада балаларға музыкалық тәрбие берудіңмақсат-міндеттері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік мәні

Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық тәрбие берудің басты міндеті - балалардың музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білу баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән айту дағдыларын жүйелі түрде қоя білумен тығыз байланысты. Ән салу дағдыларын жүйелі түрде жолға айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз.
Ән салу - музыкадағы іс-әрекеттің бір түрі. Ән салуға үйретуде балалардың музыкалық қабылдау дағдысы басты рөл атқарады.
Алдымен, әннің өзі не дегенге тоқталайық. Ән - музыка мен сөздің бірлігі ғана емес, осылар арқылы орындаушының өз сезімін білдіруі. Өз сезімін орындаушы ән арқылы бере алғанда ғана орындалған ән тындаушыні сезіміне әсер етіп, музыка мазмұнын түсінуге жол ашады. Балабақшада ән салу - әрбір өз сезімін музыка арқылы бере білуі үйренуі, сол арқылы музыканы тереңірек қабылдау процесі.
Осы орындаушылық шеберлікті меңгере отырып, баланың музыкалық-теориялық білімі артады.
Бала музыканың ішкі сырын қаныға отырып, кейбір нашар әдеттерден (қысылу, уяңдық, сылбырлық , т,б.) арылуға мүмкіндік алады. Әнді көпшілікке қосылып орындау баланың өзіне деген сенімін оятады, оны жеке орындауға психологиялық жағынан біртіндеп төселеді.
Баланың орындаушылық шеберлікке жеткізетін көрсеткіштің бірі - ән репертуары. Ән репертуарына қызықса ғана баланың әнді жақсы орындауға деген ықыласы артады.
Баланы ән сала білі шеберлігіне үйретуші басты тулға - тәрбиеші. Ол балапардың дамуын, жас ерекшелігін ескере отырып, соған сай репертуар таңдап, жүйелі жұмыс жүргізсе, балалар әнді толғана сезініп, шығарма мазмунына үңіле отырып, сол мазмунын өз даусы арқылы бере біліуге жаттығады.
Әуенде дыбыс жасау дыбыс аппараттарының құрлысына байланысты.
Балалар даусының ересектер даусынан ерекшелігінің өзі де осында. Бала даусы жоғары болғанымен, дипазоны шектеулі. Көмекейдің (дыбыс апараттарының) жоғары орналасуы, қысқалығы мен майысқақ, жумсақтығы дауыс сипатын анықтайды.
Баланың әнді жай болса да орнықты, дыбысты толқытпай айтуы табиғи жеңілдік пен дыбыс бояуын сақтауға көмегін тигізеді. Сонымен, балаларға ән айтқызуда олардың даусының әлсіздігін, нерв жүйесінің тез шаршап, дауыс апараттарының жетілмегендігін үнемі естен шығармаған жөн.
Әнді таза айта апмайтын балалармен жумыс жасау. Мундай балалардың барлығы бірдей ән айтуға шамасы жетпейді немесе музыкалық есту қабілеті жоқ деп қарауға болмайды. Олармен жумыс жасауды әнді таза айта алмау себебін анықтаудан бастаған жөн. Балалардың кейбірі әнді қысылып, уялшақтықтан яғни психологиялық дайындығыныңжоқтығынан айта алмаса, енді біреулер естіген дыбыс биіктігін даусымен бере алмайды. Екінші біреулерінің вокальдық дағдысының төмен болуы мумкін. Алайда бул екі топтағылар да дыбыс биіктігін анық сезе алатын балалар болып келеді.
1 .Өнді таза айта алмаушылардың дауыс регистрі төмен болып, көкірек резонаторымен айтады да, булардың дауысы біртіндеп кіші октавада қалыптасады. Естігенін жоғары немесе орташа регистрде сәйкестендіре алмайды.
2.Таза айта алмаушылардың ішінде музыкалық есту қабілеті төмен балалар кездеседі. Булардың дауысын.есіту қабілетін жетілдіру узақ уақытты қажет етеді.
3.Әнді қатты, айқайлап айтқандықтан, дауысы жарықтанып шығатында балалар кездеседі. Ал жай айту кезінде дауыста қосалқы шуыл пайда болады. Балалар дауысындағы бул кемшілік көбіне үйретушінің вокальдық білімінің төмендігінен және бапаны қоршаған ортаның әсерінен (теледидардан, радиодан тыңцаған концерт), орындаушылардың немесе өз ата-аналарының ән айту мәнеріне еліктеуден туындайды.
4. Балалардың кейбірінің ән айту қабілетінің төмен болуы музыкаға, оның ішінде ән айтуға бөлінетін уақыттың шектеулі болуына да байланысты. Тағы бір себеп-ән айтудыңжалпылама хор түрінде жүргізілуінен.
Мұндай балалармен мынадай жүмыстар жүргізілуі тиіс:
Бір топта әнді таза айта білмейтін балалардың кімдер екенін анықтап, музыкада олардың отыратын орнын белгілейді. Мұндай балалардың қасына енді таза айта білетін сенімді бапалар отырғызылады. Үйретілетін әннің орындауға қиын соғатын бөлігі вокальдық есітуі нашар балаларға бөлек үйретіледі.
Алғашқы үйрену кезеңіндегі әндерді баланың іштей орындауы арқылы есіту мен дыбыс жасау мүмкіндігі арасында бірлікті қалыптастыру, ішкі сезімін жетілдіру.
Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындату балаға бірыңғай өз дауысын бақылауға мүмкіндік береді. Бүл әдіс баланың дауысын жеке бақылау үшін мүғалімге де тиімді.
Бұл топтағы балалардың үйретілген әнді игеру сапасын тексеру кезінде әнді таза айтатын балалармен бірге сұрау оны қыслып, ұялудан арашалайды.
Ән айту қабілеті төмен балалармен үнемі үздіксіз жүмыс жүргізу баланың вокальдық сезімінің біртіндеп дамуына жол ашады. Баланың ән айта алмауы үйретушіге үнемі жауапкершілік жүктейді.
Ән айту жаттығулары негізінде мына төмендегі бағыттарда қолданылады:
а)жаттығулар жасап, дауысты ән айтуға дайындау:
б)балалардың назарын дайындық кезінде шешілуге тиісті көптеген маңызды, әрі түйінді мәселелерге бағыттап, олардың ынтасын арттыру.
Төменгі топ балаларының дауыс аумағы (диапазоны) аса кең емес.
Сондықтан жаттығуларды да, репертуарды да балалардың дауыс мумкіндіктерін ескере отырып таңдаймыз. Оларды тамағына күш түсірмей, әнді айқайламай айтуға дағдыландыру керек. Осыған байланысты жаттығулар дауыс еркін жететін дыбыс аумағында (примарная зона) жүргізіледі. Бұл -бірінші октаваның до- си ноталар аралығы.
Ән айту кезінде ең басты назар аударатын нәрсе - дұрыс тыныс ала білу. Балаларды дұрыс тыныс алудың негізгі үш ережесімен таныстырамыз:
Дем өте қысқа, әрі жылдам, жеңіл ғана алынады;
Тыныс ала салысымен бір сәт тына қалып, демді айқындап, әнді барлық бала бір мезетте бастауы керек;
Ән айтқан кезде ауа легін асықпай біртіндеп, әрі бір келкі шығарып отыру қажет.
Демнің ережеге сай өте жеңіл, қысқа болуын және дем алған кезде иықтың көтерілуін қадағалаймыз. Ал ыңылдап жабық ауызбен айту үнінің жинақы және нақтылы шығуына көмектеседі. Алайда бүл әдісті дүрыс орындай білу қажет: ерінде бірі -біріне сәл ғана жанасып, ал астыңғы және үстіңгі тістер мулдем жақындаспай тұруы тиіс. Көмекей ашық (сәл есінегендей), таңдай көтеріңкі келіп, ауызда кішкентай алма бар сияқты әсер болуы керек. Сонда дыбыс еркін, әрі жарқындау шығады. Бүл жаттығулар тамақты қысып айтатын жағымсыз әдеттен арылуға да септігін тигізеді. Жаттықтыру бірінші октаваның до-ля ноталары аралығында жургізіледі. Балаларға үйретілетін келесі негізгі дағды- әнді дыбыс сарынын үзбей, үнемі жалғастыра, ұластыра әдемі унмен айта білу. Ол ушін ән өлеңде кездесетін дауысты дыбыстарды дүрыс қалыптастыра білудің маңызы зор. Мысалы: ә, е, и, і, а, я сияқты езулік ашық дауысты дыбыстарды ерінді шеңберлей жинақылап, жабыңқы унмен айту талап етіледі. Оларды орындаған кезде еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсіп, таңдайдың жоғары көтерілу мөлшері, көмекейдің ашылу кеңдігі барлықорындаушыларға бірдей болып келуі - вокалды хор дикциясының басты шарты. Осы шартты орындағанда ғана әншілердің ундері бірігіп, таза унисон болып шығады.
Әнде дауыстылармен қатар дауыссыз дыбыстарды да дұрыс айта білу талап етіледі. Ол үшін дауыстау мүшелерінің жұмысын жақсартатын, атап айтқанда, ерінге, тілдің ұшына және таңдайға әсер ететін жаттығулар пайдалы. Жылдам екпіндө орындалатын әндердің үзіндісін де осы мақсатта жаттығу ретінде пайдалануға болады. Әсіресе тез айтылатын әндерді айту тиімді. Осылайша жаттығулар айтқызу арқылы біртіндеп балалардың дауыс аумағын үлғайтып, оның икемділігі мен жүрдектілігін қалыптастырамыз. Балалар әнді бірде баяулатып, бірде асқақтата шырқай, әр түрлі екпінде және жылдамдықта орындай алуы тиіс. Әрине, репетиция кезінде ән айту дағдысы үйрету және балаларлардың дауысын тәрбиелеу мақсатында пайдаланылатын жаттығулар сан алуан.
Ән айту дағдысын қалыптастырудан бұрын балалардың дауыс аппараттарының кедергісіз, еркін жүмысын қамтамасыз ету міндеті қойылады. Ол үшін денені дұрыс үстап отырудың мәні зор: басты төмен салбыратпай немесе өте шалқайтпай, еркін, түзу ұстау қажет, өйтпеген күнде көмекей қысылып.дауыс еркін шықпайды.
Дене салмағын екі аяққа тең түсіріп, нық түру, отырғанда аяққа салмақ салып, орындықтың шетіне ғана отыруденені тік, еркін ұстау әнді отырып айтқанда қолды тізеге еркін қою қажет.
Әншілердің бүкшиіп отыруы тек дауысқа ғана емес, дене бітіміне де зиянды әсер етеді. Балалардың омыртқасының майысуына өкеліп соғады, диафрагмаға салмақ түсіреді.
Тынысты дүрыс алу-вокальдық- ән айту шеберлігін меңгерудің негізі.
Дыбыс жасаудың сапасы вокальдық ән айту шеберлігінің осы түріне байланысты. Ән айту кезіндегі тыныс алу мен әдеттегі тыныс алудың арасында үлкен айырмашылық бар. Ән айтуда дауысты дыбыстардың созылыңқы, ұзақ айтылуына байланысты ауа көп шығындалады. Сол себепті балаларларды дұрыс тыныс ала білуге үйретудің де маңызы зор.
Жалпы, ән сөздерінің айтылу ерекшеліктері шығарманың мазмұнына, жылдамдығы мен жанрына байланысты болады. Марш екпініндегі героикалық немесе патриоттық мазмұнындағы салтанатты әндерде дауысты дыбыстар іріленіп, қомақтыланып, ал дауыссыздар нық айтылады;
Балалар ән әсерінен туған ішкі жан тебіренісін бет бейнесіне, дауыс ырғағына, үн бояуына беленсе, шығарманы сезіммен әсерлей орынлауы тиіс.
Барлық дауысты дыбыстарды анық айту. Бұл - балалардың бір дыбысты екіншісінен ажыратып анық сөйлемеуіне байланысты қойылатын талап.
Қосарланып келген екі- үш дауыссыз дыбыстардың барлығында анық, тусінікті етіп айту. Дауыссыз дыбыстар қосарланып келген кезде буынды ауырлатпасс үшін соңғы дауыссыз дыбыс бәсеңдетіп айтылады. Бұл дыбыстар сонымен қатар бір- біріне барынша жақын, қысқа айтылуды талап етеді.
Мысалы: Б.Ғизатовтың Біз өмірдің гүліміз әнінің сөзін алсақ;
Зеңгір көктем,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Бұл әндегі дауысты дыбыстардың барынша әндете созып, ал дауыссыз дыбыстардың барынша қысқа орындалуына көңіл бөлінбесе, балалар әнді көбіне тақпақ терізді айтып кетеді.
Сөзбен музыкадағы күшті үлестің бәріне бірдей екпін түсірмей, логикалық екпін түсіру арқылы сөйлеу тұтастығын сақтау.
Балалардың ән айту сәтіндегі көңіл күйі: зейінінің шоғырлануы, қызығушылық сезімінің сақталуы, ерекше күш түсіп, шаршамауы қарастырылады. Бүған ән айтуға бөлінген уақыт ұзақтығы мен дұрыс жоспарлануы (ән салудың іс- әрекеттің қай түрінен кейін қойылуы) ықпал етеді.
Ән салудағы үйретушінің басшылығы мен бақылауы: балалардың әуендік және гармониялық есту қабілетін жүйелі түрде жетілдіріп отыру.
Музыка бірнеше іс- әрекеттің түрлерін қамтиды, соның бірі- нотамен ән салу. Балаларға бұл іс- әрекеттің турін меңгерту үшін музыканың алғашқа күндерінен бастап-ақ дайындық жргізіледі. Нота сауатын өтуді дайындықсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Ал, дыбыс биіктігін түсіне меңгеріп, нотаны білмейінше өеді айтуды жақсы үйрету қиын. Балаларды біршама уақыт дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын сезінуге дағдыландырған жөн. Ал, нотамен ән айтудың уақытын сыныптағы балалардың музыкалық даму деңгейі, дайындығы шешеді. Дайындық кезінде дыбыстың ұзақтығы мен биіктігі жөнінде мәлімет түрлі көрнекіліктер, танымдық қимылдар немесе графикалық жазулар арқылы беріледі.
Әннің дыбыс биіктігін, ырғақтық ерекшелігін оңай меңгере бастағанда оларды нота аттарымен таныстыруға мүмкіндік туады.
Нота сауаты бойынша ербір жаңа материал осы тақырыбына байланыстырылып алынған музыкалық сүйене отырып өтіледі.
Нотамен ән айтудың алғашқы кезеңінде дауыс жаттығуына арналған бір қайырым әндер алынады. Бұл әндердіің шағын көлемі баланың тезірек меңгеруіне, дыбыс биіктігі лад басқыштарының тартылыс заңдылықтары жөніндегі түсінігін қалыптастыруға қолайлы.
Балалар ән айтуға дауыс жаттығуы арқылы дайындалып, белгілі бір вокальдық дағдыны меңгеруге бағытталады. Ғ.Қарамолдаева бұл жөнінде: Жаттығуларды өз алдына оқшау нәрсе емес, курделі де қиын, әншілік өнерге баулудың негізгі қүралы деп қараған жөн. Қандай жаттығу болмасын, вокальдық-техникалық талаптарды жүзеге асырып қана қоймай, сезімталдықты баулуды қанағаттандыруы тиіс - дейді. Өн айту дағдыларын қапыптастырудағы вокальдық жаттығулардың рөлі деген мақаласында ол қ дыбысынан бастапған жаттығулардың дауыс аппаратын активтендіретіні, ал г, к дыбыстары таңдай дыбыстары болғандақтан дауыстың жоғары позицияда шығуын, у дыбысы дауыс аппараттарын бастауға көмегін тигізетінін айтады. Дауыс жаттығуы ретінде шағын әндерді, уйретілетін әндердің вокальдық орындау тұрғысынан қыйындықтудыратын бөлігінен үзінді, бір дыбысқа қүралған әуенмен жаңылтпаштар алуға болатындығын мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетеді. (ле, ля) байланысты орындату бастауыш сыныптың балаларын қызықтыра қоймайды. Сондықтанда вокальдық ән айту дағдыларын меңгеруге септігін тигізетін дыбыстан басталатын түрлері өлеңнен алынған үзінділер арқылы орындатқан тиімді.
Тыңцалатын шығарманың әуендік ерекшелігі мен сипатын аша алатындай шағын бөлшектерді дауыс жаттығуы ретіндө орындату музыкалық шығарманы баланың тұтастай қабылдауын жеңілдетумен бірге оның сезімінө.көңіл күйіне әсер етеді.
Музыкада жаңылтпаштар айтқызу баланыңән мақамын анықайтуына көмегін тигізеді:
Көп көкек, Көкөктеп,
Көптен келді. Көкек кеп,
Көктен көк, Көктем келді.
Жаңылтпашты айтқызуға сөздің анықтығымөн бірге біршама - өлеңдете орындалуын мән берілгені жөн.
Ас аспай бас аспазшы,
Ас асты жас аспазшы.
Жаңылтпаштағы с, ш дыбыстары қысқа айтылуы көрек .
Кейде сөздердің жазылуы мөн айтылуы сәйкес келмейді, яғни нота саны мен буын саны дәл емес. Мұндай жағдайда едөби тілімізде эпонтеза, протеза деп аталатын фонетикалық заңдылықтарды пайдаланамыз: р, л, ш дауыссыздарының алдына і немесе ы дауысты дыбыстарын қосып, буын мөн нота санын туралаймыз. Бүл ережелерді әсіресе жылдам айтылатын әндерде бұлжытпай орындау қажет.

1.2. Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың міндеттері
Музыкалық қабілет - баланың өзіндік түлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет - жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту сандық аспект емес, сапапықаспектініңсәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, музыкалық әуесқойлық, ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан музыкаға әуесқой адамдар басым.
Музыкалық әуесқойлықты дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сүранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
Амузия деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі - ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы - адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) - адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді. Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский-Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бүл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов:... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі. Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылыгын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі Неміс психологі Г.Ревеш:... музыкалық қабілет - ол жай гана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда - жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзікте күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке түлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалықаспаптыңерекшелігі, нақты кәсіби өрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе? Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) - музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік - кәсіби музыкалық іс-өрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады - қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.
Музыкалық қабілет қүрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі - парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді қүрайды);
- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу бала өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы, бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);
- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);
- музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мумкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не саз гармоникалық).
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда - Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин:... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 2,5 - 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3 - 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6-7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және ырғақтық сурет - міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6-7 жасар балалар). Метр - 24, 44 және % ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі - дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам). Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық өрекетіндегі басты және тез алда дамуы - ол музыкамен музыкалық журіс. Музыкалық жүріс - бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің дамуы, алда жүретіні - ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс - халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық гимнастика мен аэробика т.б.
Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі балаларда қалыптасуы. Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қапыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші - бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді.
Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші - жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады.
Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады.
Алтыншы - сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.

2 Ортаңғы топтағы балаларды ән салуға үйрету әдісі

2.1 Орта топтарды ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері
Музыка тыңдау жөніндегі бағдарламаның талаптары балалардың музыкалық қабылдауын одан әрі жетілдірудің алғы шарты болып табылады. Ол музыканың жаңалық, толқыныс жайлы әңгімелейтіндігін, балалардың музыканы тыңдауға деген қызыптпылығы мен оның дыбысына деген ынтасынан келіп туады. Сондықтан да онша күрделі емес шығармаларды: салтанатты-көңітді, нәзік сезімді, байсалды, біркелкі секшді алз'ан әсерлердің бейнелещі маңызды.
Бұл жастағы балаларда музыканы ақырына дейін тыңдау кезінде есту қабілеті мәдениетінің қарапайым дағдысы қалыптасады. Мұның өзі пьесаның жалпы еипаты мен бағдарын, оның айқындаушы қүралдарын балалардыңтусінуіне көмектеседі. Егер шығарманың жоғарыладтық, ырғақтылық, темптік, динамикалық сан қырлылықты үштастыра отырып, музыкалық образ жасайтын жарқын сипатты әуені болса, онда оны тұтастай қабылдау мазмұнды бола түееді. Орыс композиторы С.Рахманинов әуенді музыканың жаны деп атаған.
Музыканы балалардың түсінуіне және есте сақтауына көмектесетін әр турлі ойын тәсшдерін, музыкалық жүмбақтарды, ойыншықтарды қолданған жөн. Әрбір жаңа шығарма- әсер алу, толқу,жаңалық болып табылады.
Сабақтарда педагог тыңдау дағдысын тәрбиелеу жүмысын үдайы жүргізіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету
Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары
Барлық дыбыстарды анық айту
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Мектепке дейінгі жастағы баланың музыкамен айналысуы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Мектептегі музыка сабағы
Пәндер