Қазақ тіліндегі жылқы ұғымының ағылшын тіліне аудармадағы сипаты


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
К. К. Оразгалиева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Мамандық: 5В020700 «Аударма ісі»
Нұр-Сұлтан, 2020 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Қорғауға жіберілді:
Жалпы тіл білімі және аударма
теориясы кафедрасының меңгерушісі
Ескендирова М. Ж.
« » 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
5В020700 - «Аударма ісі» мамандығы
Орындаған Оразгалиева К. К.
(қолы)
Ғылыми жетекші,
аға оқытушы, магистр Джабашева Б. М.
(қолы)
Нұр-Сұлтан, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жылқы ұғымының алатын орны және аудармадағы ерекшеліктеріҚазақ және ағылшын тілдеріндегі жылқы ұғымының зерттелуіҚазақ тіліндегі жылқы ұғымының тілдік сипаты және зерттелуі
Қазақ халқының дәстүрлі өмір-салты мен дүниетанымының түсінігінде жылқы малы ерекше орынаға ие. Жылқы үй жануары болғандықтан қазақ тілінде көптеген тілдік деректер мен салт-дәстүрлер қалыптасып орнады. Қазақ халқы көшпенді өмір сүру салтын ұстанған, ал жылқы көшпенділер үшін күн сайынғы тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысып, мәдени өмірінің бірінші орнына шығып, наным-сенімдерінің культіне айналғанына мәлім.
Егер қазақты танығысы келгендер ат үстінде танысын десек - артық айтқандық болмас. Қазақтың тұрмыстық өмірінде төрт түліктің, ал соның ішінде жылқы малының шешуші фактор атқаратындығын көруге болады. Жылқы малы, не жалпы төрт түлік, киетін киімі, ішетін тамағы, шөлдегенде ішетін сусыны, жүретін көлігі, жататын төсеніші болғаны белгілі. Қазақ халқының өмір тіршілігінің қуанышына, сүйіншіне, наласы мен ренішіне, тек өзіне тән ғана дүниетанымына, рухани мәдени өмірі мен әдет ғұрпына сіңіскен жылқы малы басқа үш түліктерге қарағанда барынша дәріпке, бағалы қасиетке, аса қадірге ие болды.
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологизмдер өзге де түркі тілдеріндегідей құрылымы мен мазмұны жағынан алуан түрлі, олардың басым бөлігі этностың мəдени тарихын, тұрмыс тіршілігін, дүниетанымын, өмірлік көзқарасын жəне т. б. бейнелей отырып, олардың өткен өмір белестерінен сыр шертеді. [2] Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, тарихы, күнделікті тұрмысы, сондай ақ, оның этникалық және әлеуметтік дифференциясы қазақ тіліндегі «жылқы» малы жөніндегі тұрақты сөз тіркестерді, яғни фразеологизмдерді қарастырғанда, оның бойындағы лингвомəдени жəне этнолингвистикалық өзгешелігінің түп тереңіне үңілу нәтижесінде анық ашылады. Салғыстыруға негіз болған жылқы малына туралы тұрақты тіркестер ұлттық руханилық маңызға ие. Жылқы малына қатысты тұрақты тіркестеріндегі ұлттық мәдени ақпарат беретін қалыпты дүниетаным мен ұлттың өзгешеліктері байқалды.
“Халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізетін, оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым үшін құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойына сақтаған халықтың фразеологиялық қорында философиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мəдениеті көрініс тапқан” [4] .
Қазақ халқы жылқыны “мал патшасы” деп ерекше бағалап, өз өмірлерінің ажырамас бір бөлігіне айналдырған. Сондықтан да бұл шағын мақалада қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологизмдер бойындағы этносқа тəн əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, наным-сенімі негізінде қалыптасқан ұғым түсініктердің лексика-семантикалық жəне этнолингвистикалық мазмұнын лингвистикалық тұрғыдан тарқатып беруді мақсат еттім. Жалпы қазақ тіліндегі төрт түлікке қатысты фразеологизмдердің басым бөлігі шығу тегі мен қалыптасу барысы жағынан тарихы тереңде жатқан, көнелігі басым болып келеді. Жəне төрт түлікке қатысты атаулар мен фразеологизмдер түркі халықтарының мəңгілік мұрасына айналған көне жазба ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мəселен, Махмұт Қашқаридың “Дивану луғатит-түркі” атты классикалық сөздігінде Қорқмïш кішігä қоj башï қош кöрÿнÿр - “Қорыққан адамға қойдың басы қос көрінеді” немесе Кіші сöзлäшÿ jïлқï jïзлашу - “Танысу үшін адамға сөйлесу, ал жылқыға иіскесу жеткілікті”. Сал. : қазақ тілінде Адам - сөйлескенше, жылқы - кісінескенше (сол мағынада) [5, 4-б. ] .
Жылқыға қатысты əдет-ғұрыптардың бір тобы адам өмірінің кезеңдерімен (туу, балалық шақ, өсіп-ержету, үйлену, жерлеу) астасып жатса, енді бір тобы шаруашылығына байланысты туындаған. Мəселен, бұрынғы уақытта аяғы ауыр əйелдің толғағы қатты болып қиналғанда, үйдің сыртына əкеліп ат байлайтын немесе атпен тасырлатып шауып өткен, үйдің маңынан дүркіретіп жылқы айдаған. Мысалы, жазушы С. Сейфуллин бала кезінде, босана алмай жатқан бір əйелдің толғағы жеңіл болсын деп, ауылдастары көршілес елдің жал-құйрығы, кекілі жерге төгілген, тоқпақ жалды бір ақ-қара бас айғырын алып келгенін көзімен көргенін жазады [6] .
Жылқы малына қатысты атаулар мен фразеологизмдер ғасырлар бойы қолданылып келген екі тілдің негізгі сөздік қорының өзегін құрайды. Жалпы жылқы атауының жалпылық мəні басым. Мəселен, жылқы атауының мағыналық мазмұнын жетілдіріп, жалпылығын толықтыратын құрамдас компоненттері өте көп. Біз бұл шағын мақалада жылқы атауының жалпылануын білдіретін лексикалық бірліктерге ғана тоқталуды жөн санадық. Жылқы атауының жалпылануына жылқының жасы мен жынысына, мінезі мен қасиетіне, өлшем бірліктерге, салт дəстүрлерге қатысты, т. б. көптеген категорияларға қатысты болып келеді. Қазақ тілінде жылқының жалпылануына ат, құлын, жабағы, тай, бие, жүйрік, т. б. ұсақ жəне ірі құрылымды лексикалық бірліктер негіз болады.
Жалпы ғылымдағы жан-жануарлар мен хайуанаттарды, аң-құстарды зерттейтін ғылым саласы зоология екендігі белгілі. Ал олардың аталуын лингвистика ғылымының бір саласы ономастика арнайы қарастырады. Осы жағынан келгенде лингвистика ғылымы тұрмыстық өмірдегі бар ғылым саласымен (қоғамдық жəне жаратылыстану ғылымдары) тікелей байланысты болып табылады. Яғни, тіл арқылы дүниенің өзімен қатар əрбір құбылысын тануға болатындығы сөзсіз. Лингвистика ғылымында жан-жануарлар мен хайуанаттарды, аң-құстарды жалпылама түрде зоонимдер деп атайды. Ал “зооним” (zoo гр. “жануар”+onіm. атау) - жан-жануар аттары. Ономастикада зоонимдер туралы қорғалған еңбек болғанмен, зоонимика саласы əлі түбегейлі зерттеу нысаны болған емес. Шетел, орыс лингвистикасында зоонимдерді гиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жəндік) т. б деп жіктеп, арнайы зерттейді. Жан-жануар, аң - құс, құрт - құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер зоофортық атаулар (ЗА) деп аталады” [3, 60 -б. ] .
- Ағылшын тіліндегі жылқы ұғымының тілдік сипаты және зерттелуі
Жануарлар қашан да кез келген тілде үлкен символдық роль атқарған. Кез келген нəрсені таңбалаушы тілдік бірлік жайындағы ұғымы əр ұлтта өзгеше. В. фон Гумбольдтың ойынша: “Тіл ұлттың, халықтың өзіне тəн ерекшеліктерін білдіреді жəне оны қалыптастырады, дүниені танудың ұлттық сипатын бейнелейді, сондықтан да түрлі ұлттардың дүниетанымының негізін олардың тілінен іздеу керек”. Қазақ халқының да мəдениеті мен тұрмысында мəні ерекше төрт түлік мал жөнінде басқаларға ұқсамайтындай өзіндік пікірі бар. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz