Патенттік әдебиет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Аударма және филология факультеті

Синхронды аударма кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми-техникалық мәтіндерді орысша-қазақша аудару ерекшеліктері (тау-кен саласы негізінде)

Алматы, 2020

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Ғылыми-техникалық мәтіндерді орысша-қазақша аудару ерекшеліктері (тау-кен саласы негізінде)

Жұмыстың көлемі:

Пайдаланған әдебиеттер саны:

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1-тарау. Ғылыми-техникалық мәтіндерді аударудың теориялық және әдіснамалық негіздері

  1. Ғылыми-техникалық мәтіндердің негізгі түрлері мен түсінігі
  2. Ғылыми-техникалық аударманы орындаудың басты ережелері

2-тарау.

Кіріспе

Қазіргі ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың қоғам мен адам өміріндегі рөлі күн сайын артып келе жатыр. Жасанды интеллект, робот, қызмет көрсету, өндіріс, өңдеу және тағыда басқа салаларды арнайы компьютерлік механизмдермен басқару жаңа заманның жетістіктері.

Қай елдің ғылымы мен технологиясы басқа елдерден озық болса, сол ел әлемдік аренадағы көшбасшылардың бірі болып саналады. Жапония, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттер қазір басқа елдермен салыстырғанда бір сатыға жоғары тұр деп айтуға болады. Бұған бірден бір себеп ғылымның дамуында.

Өнеркәсіптік революция - бұл адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және саяси арақатынастарын толықтай өзгерткен жаңа технологиялардың жаппай пайда болуы мен басталуына әсерін тигізген технологиялық төңкеріс. Бастапқы 3 революцияда дәл осындай өзгерістерге әкелді:

  1. ХVII ғасырдың соңында бумен жүретін машиналардың пайда болуынан бастап, қоғам технологиялық дәуірге қадам басты. XVIII-XIX ғасырлар бойында бірқатар маңызды өзгерістер негізінде табиғи шаруашылықтың өнеркәсіптік экономикаға ауысуы басталды. Урбандалу, өнімділік, еңбек нарығының кенеттен артуы - осы кезеңдерді бірінші өнеркәсіптік революция деп атауымызға болады.
  2. Екінші өнеркәсіптік революция ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында электор мен комвейерлі өндірістің пайда болуымен ерекшеленеді.
  3. Ал үшінші өнеркәсіптік революция осы 100 жылдықтың ортасында өндірістің автоматтандырылуы мен компьютерлік технологиялардың пайда болуымен тығыз байланысты.

Байқағанымыздай барлық жағдайда да ортақ қағида сақталған. Ол жаңа технологияларды ойлап табу мен оның енуі және ескі технологиялардың, тәсілдердің жылдам ескіруі. Тек бір ғана параметр өзгереді, ол осы процесстер болып жатқан әр кезеңде қысқарып жатқан уақыт. Қазіргі таңда әлем төртінші өнеркәсіптік революция немесе индустрияның төртінші дәуірінің басында тұр. Ол өзіне өндіріс құралдарын экономиканың ескі және жаңа үлгілерін, жетістіктерін алып бір мегажүйеге біріктірді. Бұл алдыңғы прогресстерге ұқсамайды. Оны тек 2009 жылы интернет желісіне қосылған заттардың саны адам санынан артқан кезден басталғаннан-ақ болжай аламыз. Осы жүйеде барлық өндіріс құралдары бір-бірімен нақты уақытта байланыса алатыны мен жаңа механизмге өздігінен реттелетіні болжанып отыр. Мысалы, зауыттар өндірісті саны төмен қателіктермен реттей алады. Өндірілген тауарлармен өзара байланысады және қажет жағдайда адамның көмегінсіз тауарды өндіріп, сапалы түрде шығаратын құрылғыны өздері анықтай алады. Бірақ индустрия 4 өзіне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Жаңа технологиялар мен біліктілігі төмен халыққы бар елдер дамыған елдер арасында өз артықшылықтарын жоғалтуы және олардан қалып кетуі мүмкін.

Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа кезеңінде біздің елемізді не күтіп тұр? Бұл сұраққа жауап және қадам жасауға нақты жетекші болу үлгісі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында берілген. Бағдарламалық мақалада еліміздің әлемдік жаңа интеграциямен байланысы көрсетілген. Олар әлемде не болып жатқанын ұғыну, өзгерістерге дайын болу, өзгенің тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік беретін сана ашықтығы. Болашақ белгілерін тура қабылдай отырып, қазіргі таңда қалай өмір сүруге үйрететін тарих сабақтарын еске сақтауға шақыратын «эволюциялық даму». Экономиканың кәсіби бейнесінің өзгеруі мен ескі мамандықтардың жартысының жойылуын реттейтін білімге талпыну. Прагматизм, өмір сүру стереотиптері мен әдептердің өзгеруі, қалыпты өмір сүре білу, мақсаттарға жетуге сеніммен қарауды айтамыз. Бәсекеге қабілеттілік ХХІ ғасырға лайық қасиеттер жиынтығына ие болу. Ұлттық бірегейлікті сақтау дамудың әмбебап көшу жағдайындағы ұлттық өзіндік сананың ішкі ядросы болып табылады. Көріп отырғанымыздай біздің елімізде ғылымның дамуына соңғы жылдары көп көңіл бөлініп келе жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 2018 жылғы 10 қаңтарында жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да осыған дәлел деп айтуға болады.

Қазіргі цифрлы заманда адам өмірінде маңызды орын алып отырған ғылым саласының аудармамен қандай байланысы бар? Кей адамдардың түсінігі бойынша, ғылым сандық жүйелерден немесе терминдерден тұрады, сол себепті аудармамен байланысы қатты маңызды емес деп ойлайды. Дегенмен ғылымды ойлап табатын, жасайтын адам. Сондықтан адамның ғылыми ойы жаһандық ортада өте құнды дүние болып табылады. Сол үшін өзге тілдерде сөйлейтін адамдар бір-бірін түсініп, өз орталарында тәжірибе алмасуы, жаңа ғылыми-техникалық жаңалықтармен танысуы үшін аударма қажет болып саналады.

Ұшатын дрондар, өздігімен қызмет көрсететін жасанды интеллект, ақылды үй және тағыда басқалары жаһанда трендке айналып жатыр. Осындай озық заманауи технологиялармен мемлекетті жабдықтау ел экономикасын және халықтың әл ауқатын көтереді. Ал бұндай құрылғыларға қол жеткізу үшін, сол технологияның тілін және қалай басқарылатынын білу кажет. Сол себепті аударманың бұл салада орны өте маңызды деуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолдануы мен дамытуы мақсатында атқарылып жатқан қызметтер жетерлік. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында, қазіргі қоғамымыздың қай саласын алып қарасақта қазақ тілінің қолданысын арттыруға байланысты көптеген іс-шаралар көптеп атқарылып жатыр. Отандық кинотеатрларда шетелдік фильмдерді қазақ тіліне тәржімалау, мемлекеттік орындардағы құжаттарды орысшамен қатар қазақша нұсқадада ұсыну, тіпті өндірістік зауыт-фабрикаларда ғылыми-техникалық ақпараттарды, жаңа технологиялық құрылғылардың басқару жүйелерін қазақ тіліне аударылып жатыр.

Осы дипломдық жұмыста ғылыми-техникалық мәтіндердің негізгі түрлер мен аударманы орындау барысындағы басты ерекшеліктерге тоқталатын боламыз. Сонымен қатар ғылыми-техникалық мәтіндердің (соның ішінде тау-кен саласы бойынша) орысша және қазақша нұсқаларын салыстырамыз. Мәтіндерді аудару барысында аударманың қандай түрі қолданылғанын, мәтіннің негізге стилистикалық жанрын, орысшадан қазақшаға немесе қазақ тілінен орыс тіліне аудару барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктері қарастырылады. Аударылған мәтіндерді түпнұсқамен салыстыра отырып, сөйлемдердің бір-бірімен байланысын және мәтіндердегі терминдерге тоқталатын боламыз.

Аударма саласындағы басты мәселелердің бірі - терминдер және оларды аудару. Қазіргі таңда көпшілік аудармашылардың арасында термин сөздерді аудару-аудармауға байланысты екі пікір туып отыр. Терминдер халықаралық сөздер болғандықтан оларды аудару барысында сөздің түпкі мағынасына мән берген жөн. Ең алдымен терминдердің арасында байланыс болуы қажет және ол басқа тілге аударылғанда бастапқы мағынасын жоғалтып алмауы керек. Қазіргі таңда терминдердің көп бөлігі қазақ тіліне аударылып жалпы халыққа түсініксіз болып жатыр. Мысалы, «балкон - қылтима », «хирург-оташы», «фонтан-субұрқақ, шаптырма» және тағы басқалары. Көріп отырғанымыздай, кей терминдер аударылу барысында жалпы халыққа түсініксіз немесе ауызекі стилге ауысып кеткен. Терминдер негізінен ғылым мен техникада көптеп кездеседі. Сол үшін ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару барысында терминдерге аса мән берген жөн.

Әрине қазіргі таңда аудармада, соның ішінде орысша ғылыми техникалық мәтіндерді қазақ тіліне аудару өте оңай секілді көрінеді және осындай мәтіндер кейде сөзбе-сөз аударыла салады. Сол себепті кейбір аударылған мәтіндер түсініксіз немесе түпнұсқалық мағыналарын жоғалтып жатыр.

1-тарау. Ғылыми-техникалық мәтіндерді аударудың теориялық және әдіснамалық негіздері

Аудармашы негізгі басты мақсаты түпнұсқа мәтіннің мазмұныын аудару барысында дәлме-дәл жеткізу керек. Сол үшін, ең алдымен дипломдық жұмыстың басында ғылыми-техникалық мәтіннің түрлеріне тоқталып, содан соң ғылыми-техникалық аударманы орындаудың басты ережелерімен танысатын боламыз.

  1. Ғылыми-техникалық мәтіндердің негізгі түрлері мен түсінігі

Ғылыми-техникалық стиль ғылыми-техникалық мәтіндердің жұмыс істеуінің ақпараттық кеңістігі болып табылады, бұл көптеген ғылыми-техникалық сөйлеу жанрлары жұмыс істейтін ғаламдық ақпараттық-функционалдық өріс. Ғылыми-техникалық сөйлеу ғылыми функционалдық-тілдік стиль ретінде ғылыми сөйлеудің негізгі түрлерінің бірі. Осы сөйлеу стилінің басты формасы арнайы ғылыми-техникалық әдебиет болып табылады. Басқа негізгі ішкістиль ғылыми-гуманитарлық сөйлеу деп саналынады. Ғылыми стильдің көрсетілген екі түрі бойынша стильдік қырлардың жиынтығы жалпы бірдей болса да, ғылыми-гумнитарлық мазмұнда жеке стильдік қырлар қатаңдық пен жүйелілікті сақтамайды. Салдарынан ғылыми-гуманитарлық сөйлеу тілінде эмоционалдық элементтер болуы мүмкін және бұл публицистикалық стильге жақын болады.

Ғылыми-техникалық стиль зерттеу, теориялар мен дәлелдер, ғылыми фактілерді түсіндіру, гипотезалар саласында қолданылады және өзінің ерекше стильдік белгілері бар, ал техникалық стиль оларды монтаждау, пайдалану немесе қызмет көрсету процесінде аспаптарға, станоктарға, механизмдерге, құрылғыларға іске асырылған техникалық шешімдерді пайдалануға қажетті қолданбалы сипаттағы мәтіндерге арналған. Техникалық құжаттардың мәтіндері, А. В. Федоровтың пікірінше, фирманың немесе зауыттың өнімдерін тұтынатын тұтынушыға арналған. Яғни, техникалық оқулықтан, анықтамалықтан, каталогтан немесе спецификациясы арнайы түсіндірмелерді қажет етпейді. Ал терминдер алдын ала белгілі болады. Бұл категорияның мәтіндері арнайы терминологиямен қамтылған және сонысымен ерекшеленеді. Терминдердің жиілігі өте үлкен. Бұл түсіндірме бөлімде қандай да бір машинаның немесе осы өндірістік процессінің сипаттамасын біз толық нұсқасын кездестіреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Интеллектуалдық меншіктің негізгі институттары
Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Интеллектуалдық меншік
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ИНСТИТУТТАРЫ
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Патенттік құжаттар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz