Өндіріс факторларынан түсетін табыстар



Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Пайданың тарихы және пайда табудың көзі
2. Еңбекақы жүйесі
3. Рента ұғымы
4. Пайыз ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет
Пайда және пайда табудың жолдары,пайда табудың көздері жайлы көптеген пікірлер айтылады.Солардың ішіндепайда теориясына экономикалық теория классиктері А.Смит пен Д.Рикардо өздерінің елеулі ұғымдарымен маңызды үлес қосты.
А.Смиттің пайданың – бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні-пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д.Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан, яғни пайданың жоғарлауы немесе төмендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланысты екендігін айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда –бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К.Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: «Пайда - қосымша құнның өзгерген түрі». К.Маркс пайданың нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыларға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.Әр экономис өз пікірлерін осылайша қалыптастырды, алайда әр ой өзіндік мағынаға ие,себебі қанша адам өмір сүрсе соншалықты пікір қалыптасатынына ешкім таласпақ емес.
1. «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ. Сағындыков Е.Н. Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С. Комягин Б.И.
Ақтөбе – 2004 ж.

2. «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ. Байжомартов Ү.С.
Жүнісов Б.А. Комягин Б.И.
Алматы – Ақтөбе 2002 ж.

3. Реферат уч. П.Самуэльсона и В.Нордхауса «Экономика"- ж. Экономические науки №1 1991 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстаи Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Өндіріс факторларынан түсетін табыстар

Орындаған: ККТжТ-23
Серикова
Г.
Тексерген: Омарова К.А.

Астана-2012ж

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Пайданың тарихы және пайда табудың көзі
2. Еңбекақы жүйесі
3. Рента ұғымы
4. Пайыз ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Пайда және пайда табудың жолдары,пайда табудың көздері жайлы көптеген
пікірлер айтылады.Солардың ішіндепайда теориясына экономикалық теория
классиктері А.Смит пен Д.Рикардо өздерінің елеулі ұғымдарымен маңызды үлес
қосты.
А.Смиттің пайданың – бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет
жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу
ұстамдылық, күтушілік, тәуекелділік теориялары пайда болып, бірақ ол
теориялардың мәні-пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д.Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын Саяси экономия және салық салуды
бастау деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-
біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан, яғни пайданың
жоғарлауы немесе төмендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен
байланысты екендігін айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда –бұл
жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К.Маркс өзінің Капитал деген еңбегінде пайданы қарастырып қомақты
үлес қосты. Ол былай деген: Пайда - қосымша құнның өзгерген түрі. К.Маркс
пайданың нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыларға төленбеген
қосымша еңбекті есептеген.Әр экономис өз пікірлерін осылайша қалыптастырды,
алайда әр ой өзіндік мағынаға ие,себебі қанша адам өмір сүрсе соншалықты
пікір қалыптасатынына ешкім таласпақ емес.

Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып XV-XVII
ғасырларда меркантилистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы сауда
нәтижесінде тауарды шет елге жоғарғы бағамен сату арқылы жинақталады. Пайда
теориясына экономикалық теория класиктері А.Смит пен Д.Рикардо үлес қосты.
Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А.Смит өзінің Табиғатты
зертеу және халықтар байлығының себептері (1776ж) атты басты еңбегінде
былай деген: жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке
бөлінеді –біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі – кәсіпкердің пайдасын
төлеуге кетеді. А.Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы еңбегі мен өнімнен
шегеру ретінде қарастырған. А.Смит ойын былай қортындылаған: пайда- бұл
жұмысшының төленбеген еңбегі, алайда оның қорытындылары қарама –қайшылықта
болды. А.Смит өнім құнының осы бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет
жасағандағы марапаттау ретінде жүзеге асқанын айтады.
А.Смиттің пайданың – бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет
жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу
ұстамдылық, күтушілік, тәуекелділік теориялары пайда болып, бірақ ол
теориялардың мәні-пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д.Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын Саяси экономия және салық салуды
бастау деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-
біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан, яғни пайданың
жоғарлауы немесе төмендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен
байланысты екендігін айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда –бұл
жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К.Маркс өзінің Капитал деген еңбегінде пайданы қарастырып қомақты
үлес қосты. Ол былай деген: Пайда - қосымша құнның өзгерген түрі. К.Маркс
пайданың нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыларға төленбеген
қосымша еңбекті есептеген.
Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше
көзқарасты атап көрсетті:
1. пайда өндіріс факторларынан алынған шартсыз табыс және оны
кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;
2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық
жетілдіруді ендіру;
3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін
төлем;
4. пайда монополды табыс ретінде.
Кез-келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда
нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгілі ақшалай қолға
түсетін шағын түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға
алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін қарастыруға болады:
жиынтық, орташа және шекті:
а) жиынтық табыс (TR) – белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын
ақшалай сомма. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын (Q) оның бағасына (P)
көбейткенге тең:

TR=Q x P;

ә) орташа табыс (AR) - сатылатын бір тауар бірлігінен алынатын табыс:

AR= TR Q;

б) шекті табыс (MR) - бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алатын
қосымша табыс.
MR= ATR AQ
Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде
өндіріс көлемін қысқартпайды және фактордың өзара алмасуы мүмкін. Ең
қарапайым өндірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек қана екі
өндіріс факторы-еңбек (L) пен капитал (К) өзара байланысы ашылады. Бір
өндіріс фактырының (L) өзгеруіне қарай және басқа фактордың (К)
өзгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.
Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа
экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және
шекті өнім.
Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) - бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың
сандық анықталуы кезінде және басқада өзгермейтін өндіріс фактоында
өндіріледі.
Орташа өнім (АР)- бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор
санының (L) қолданбағанды ғана қатынасы;

АР= ТР L;

Шекті өнім (МР)-бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне
ұлғайған кезде алынады:
МР= ∆TP ∆L;

Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері.
Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық
экономикаға көшуі жалдамалы еңбекті қолдануды қажет етеді және еңбек ақыны
реформалауды қатар жүргізіп отырады. Еңбекақы-еңбек құнының (бағасының)
ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлуметтік бағыттаған
нарықтың экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбекақыны
мемлекет кепілдендіреді және еңбек өнімділігін артырудың басты құралы
болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
Экономикалык теория да екі тұжырымдама бар: 1) жалақы еңбек бағасы,
оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар - сұраныс және ұсыныспен
анықталады. 2) жалақы жұмыс күші - тауардың құнының ақшалай көрінісі
(бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы
өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар – сұраныс
және ұсыныспен де аныкталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан
бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының
классиктері А.Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит
еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсетпеген. Оның
ойынша, еңбек - табиғи бағасы бар (немесе табиғи жалақы) тауар деп
саналады. Ал, табиғи баға - өндіріс шығындарымен анықталады, яғни
жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне кажетті құнымен есептеледі.
А.Смит табиғи жалақы деп жұмыс күшінің құнын түсіндірді. Жалақы мөлшері
жұмысшының тіршілігіне қажетті минималды құн арқылы анықталады. Осыдан
басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді камтиды. Осыған байланысты А.
Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсінді. А. Смит
жалақы дәрежесінің төмен және оның тіршілік минимумына өте жақын болуы
жұмысшы табының ұйымшылдығының жоқтығымен байланысты дейді. Жалакы
динамикасын (қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырады. Экономикалык
өрлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де, нарықтық жалақы табиғи
жалақыдан жоғары болады.
Еңбекақы жалданушының табысы болса, жалдаушының шығыны болып
есептелінеді. Еңбекақыны көбейту әдістеріне жатады:біліктілікті көтеру;
еңбек өнімділігін арттыру; қосымша жұмыс уақытын ұзарту немесе бірнеше
жұмыс орындау.
Нарықтық жағдайда еңбекақыға келесідей факторлар әсер етеді:
1) нарықтық факторлар- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс;
ресурстардың ҒТП-ке байланысты өзара алмасуы; тұтыну тауарлары мен қызмет
бағаларының өсуі; кәсіпорынға ресурстардың пайдалылығы.
2) нарықтан тыс факторлар- еңбекақыны мемлекеттік реттеу шаралары;
кәсіпорынның экономикалық, қаржылық жағдайы; жеке адамның еңбектегі үлесі,
еңбек ету нәтижесі.
Еңбекақының келесідей қызметтері бар:
1) ұдайы өндіруші- еңбекақы жұмыскердің өзіне және жанұясының
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
2) ынталандырушы- жұмыскердің еңбекақысымен оның еңбектегі үлесі
арасындағы байланыстың болуы;
3) өлшемді бөлу- еңбекақы көмегімен жұмыскердің еңбекақы мөлшері
анықталады;
4) ресурстарды орналастыру- аймақ бойынша, экономикалық салалары
бойынша еңбек ресурстарын ұтымды орналастырып пайдалану;
5) халықтың төлем қабілеттілік сұранысын қалыптастыру- яғни, еңбекақыны
жоғарлату, қызығушылықты тудыру арқылы жұмыскерлерді қызметке тарту.
Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласына қарай өзіндік ерекшелігімен
айқындалады.Ол бес принципке негізделген:
1- еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек
жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбек ақы жоғары
болуы тиіс.
2- еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр, қалыпты
және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге
қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.
3- еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында
басқаларына қарағанда өсімі мен ақы төлеу жоғары болады.
4- экономикалық аудан мен аймақтық, табиғи - климаттық жағдайының
өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық аумақтарда
коэффицент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде косылады. Қазақстан
Республикасында бұл коэффициент 1,15-ті құрайды. Демек, елімізде
барлық салаларда істейтіндер жалақысына 15% қосымша қосып алады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардың Қазақстан
Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбекақы төлеу
туралы қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданылып жүрген
салалық, аудандық коэффициенттер сақталады.
5- бірдей еңбекақы түріне тең еңбекақы төлеу. Нарық жағдайында бұл
принцип бойынша адамдардың жасына, ұлтына, жынысына байланысты
алалаушылықтың болмауы.
Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде жалақының негізінен
екі түрі негізгі еңбекақы, оның ішінде: мерзімді мен кесімді және қосымша
еңбекақы қолданылады
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста
болған уақытына, яғни, олардың істеген уақытына, атқарған қызметіне
төленеді. Негізгі еңбекақыға жатады: 1) мерзімді еңбекақы- жұмысшы мен
қызметкердің жұмыс жасаған уақытына немесе сағаттық, күндік еңбекақы
мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның
жұмыста болған уақытына төленеді. 2) кесімді еңбекақы- жұмысшы мен
қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек
уақытын қысқартуды ынталандыру мақсатында қолданады. Кесімді еңбекақы түрін
қолданғанда жұмысшы мен қызметкерге тиісті еңбекақы олардың өндірген
өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне,
яғни кесімді бағаға көбейту арқылы анықталады. Кесімді баға- белгіленген
жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп
белгіленеді.
Кесімді еңбекақының келесідей түрлері бар: 1) тікелей кесімді; 2)
кесімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерге қосымша еңбектері үшін ақшалай
сыйақы және марапаттау қағаздарын беру; 3) үдемелі кесімді- өнім өндіруде
белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндіргені үшін қосымша сыйақы түрінде
төленеді. Бұл көп жағдайда қиын әрі ауыр болып саналатын операциялар мен
жұмыстарды орындағаны үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден
артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданады. 4) аккордтық
еңбекақы – жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына,
көлеміне қарай алдын- ала кесімді бағаны қоюды талап етеді. Бұл жүйе
бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын –ала атқарылатын жұмыстың көлем імен
сапасы анықталуы тиіс. 5) жанама кесімді еңбекақы – қосымша еңбекақы
шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет
көрсететін көмекші өндірістің жұмысшыларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және формалары
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы
Өндіріс факторларының нарығы. Жер нарығы және нарығы
Пайда және оны белгілейтін факторлар
Акционерлік қоғамның табысының қалыптасу жолдарын және олардың бөлу әдістерін қалыптастыу
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
Пайда және оның эволюциясы
Мүліктік кешеннің құны
Экономикалық өсу түсінігі туралы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Пәндер