Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МКҚК
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ

Орындаған: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы
0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі біліктілігі бойынша оқитын 217 к тобының студенті Есбаева А.А
Жетекшісі: Кусаинова А.А
Мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер пәнінің оқытушысы

2019-2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА
ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ ... .. 5
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары ... ... ... ... 5
1.2 .Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруындағы ересек топқа арналған жаңа технология түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2. ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
2.1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу қызметі
2.2 Мультимедиялық құралмен ашық оқу қызмет
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Қосымша



КІРІСПЕ
Өзектілігі. Балалар бақшасында педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек.
Қазіргі таңда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену.Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу, жинақтаған іс тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпаратты пайдалана отыра, баланың білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс тәсілдердің жаңа формаларын оқу тәрбие үрдісіне қолдану қажет.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде балабақшада қарапайым математика элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеудің мақсаты: балабақшада қарапайым математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі тақырыбын ашу және балалардың оқу қызметіне қызығушылығын арттыруда қолданылатын жаңа технологиялардың маңыздылығына тоқталу.
Зерттеудің міндеттері:
- Әдебиеттерді таңдау,теориялық бөлімнің маңызын ашу, қажетті материалды жинақтау;
- Практикалық бөліміне әдіс-тәсілдерді таңдап, оны зерттеу арқылы балалармен жұмыс жасау;
- Әдіс-тәсілдердің қорытындысын және нәтижесін шығару;
Зерттеудің нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияның тиімділігі
Зерттеу пәні: Балаларда материал бойынша нақты түсінік қалыптастыру мақсатында математика сабағында оқыту құралдарын қолданып, оқу процесін ұйымдастыру.
Зерттеудің болжамы: Егер қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда жаңа технологияны пайдаланатын болсақ балалардың таным қабілеті және логикасы мықты болар еді.
Зерттеудің теориялық маңызы:Қарапайым математика оқу қызметінде жаңа технологияларды қолданудың балаларға тигізетін пайдасы бойынша әдебиеттермен танысып, мәліметтер жинақталды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Қарапайым математика оқу қызметін

1. ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ.
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары

Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын,сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін.
Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері(қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды, Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. З жастан асқан, үйден келген балалар болғандықтан көпшілігі оң-сол, жоғары -төмен,алыс- жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс- жақын, биік- аласа, көп -аз, үлкен- кіші ұғымдарын шатыстырып, 0- ден 5-ке дейінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек 0 - ден 10- ға дейін тағы да кері санауда қиынсынды, кейбір балалар ауызша есептер шығарғанда көп қиналады. МАД тобында осы балалармен деңгейлік тапсырмалар орындату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі.
Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек,осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп шығу өте ауыр, сондықтан. Өзімеыңғайлы болу үшін, 1-шіқатарға З деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғыздым,2-ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-ші қатарға1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғыздым. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез- келген қиыншылыққа төзуге,жеңуге болады деп ойлаймын.
Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау- шығармашылық жұмыс бастамасы Келесі 4 деңгейді орындайтын оқушылар бірте - бірте дараланып шыға бастайды.Ал, 4 деңгей тапсырмаларын үнемі жеке карточкалар арқылы беріп отырамын. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай,уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларғаберілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін)теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогқа байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында Дамыта оқыту технологиясын қолдансақ, ондаЛ.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан -жақты дамуы үшін негізін жасау. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып жан -жақты дамыту.Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе балаларды оқытуда шығармашылық әрекетін енгізу. Күнделікті сабаққа әзірленгендеосы дамыта оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдаланамын. Балалардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіру, әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. [2]
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте - бірте мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеті ұшталады.Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалды,сөйтіп жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Баланың логикалық ойын дамыту
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер