Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Орындады: Ұ. Ә. Ерғараева
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. к., доцент: Ж. Е. Алшынбаева
Қарағанды 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері . . .
- Мектеп жасына дейінгі балалардағы табиғи қорқыныш және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары . . .
- Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін қорқыныш сезімдерінің түрлері . . .
- Балалардың бойында кездесетін қорқыныш сезімдерінің пайда болуы . . .
2 Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық арналған эксперименттік жұмыстар . . .
2. 1 Мектепке дейінгі ересектер тобы балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру және оның әдістемелері . . .
2. 2 Мектепке дейінгі ересектер тобы балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру зерттеу әдістемелерінің қорытындылары . . . Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі страгиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы қорқыныш сезімі, сенімсіздік сезімі бой көрсетіп келеді. Осы бала бойындағы қорқыныш әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Қорқыныш сезімінің қай түрі болса да, бұл өзіне сенімсіздік көрсету дегенді байқатады. Қорқыныш сезімінің қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіріледі. Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З. Фрейд, А. Фрейд, Э. Фромм, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни және т. б. анықтауы бойынша қорқыныш - инстинкті әрекет, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі. Қорқыныш сезімдерінің тиесілі бағыты: бұл жерде эмоциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л. Берковитц, Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған. Гуманистик бағыт: (К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз) түсіндіруі бойынша қорқыныш - бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Қорқынышты түсіндіру - бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі. Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімі проблемасы көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген ресейлік авторлардың тізімі (Г. А. Андреева, В. В. Знаков, Л. П. Коломинский т. б. ) кездесті. Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде қорқыныш сезімінің анықтамалары мен сипаты, қорқыныш сезімдерінің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.
Осындай жағымсыз сезімінің туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей балалармен психологиялық түзнту-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір қорқыныш күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді.
Қорқыныш сезімімен баланың қорқу кезінде олардың мүмкіндігінше ыңғайлы қарым-қатынас құра отырып, эмоционалды күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық тренингтер үйрету керек.
Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет. Адамның өзіндік қорқыныш күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.
Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі бала қорқынышы және оның түзету-дамыту жолдарында аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.
Қорқыныш қалып мәселесінің қазіргі уақытта бала бойындағы, мектеп жасына дейінгі жастан бастап ауқымды бой көтеруі. Ата-аналар осы проблема бойынша өзін, баласын қорқыныш сезімінен арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан көмек сұрап келуінің жиілеуі.
Біздің зерттеуіміз арнаулы мәселелерді шешуге арналады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, қорқыныштың кері әсерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зерттеудің нысаны :мектеп жасына дейінгі, яғни үш-төрт жас аралығындағы балалар.
Зерттеудің пәні: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобының балаларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Зерттеудің міндеттері:
- Қорқыныштың табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың әрекетін теориялық зерттеу.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйлерінде көрінетін қорқыныш сезімінің түрлерін ашып көрсету.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімін эксперименттік зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы егер, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобының балаларына адамгершілікке тәрбие беру жолдарын анықтап, оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бағдарлама енгізсек, онда ересектер тобы балаларының адамгершілік тәрбиесі арта түседі.
Зерттеудің теoриялық және әдіcнaмaлық негізі: біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған инстикті, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған; қорқыныш қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейг ілімдері;
К. Рожерс, В. Франкл, Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакциясы туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсететін С. Н. Ениколопов, Л. Берковиц, Д. Зильман, отандық еңбектер Ж. Аймауытов, Ә. Алдамұратовтың үйрету нәтижесінде қалыптасқан сезім көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.
Теoриялық мaңыздылығы: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған бірқатар материалдар, қорқыныш күйді сипаттауға бағытталған теориялық материалдар психология ғылымындағы адамның психологиялық күйін ссипаттайтын теориялық ілімді толықтырады. Қорқыныш күйдің өзгешеліктерін салыстырмалы тұрғыда ашып көрсетеді. Зерттеу жұмысымыздағы қорқыныш туралы ілімдер ересек адамдардағы кейбір санадан тыс болатын оның жемісті әрекетіне кедергі жасайтын психологиялық сипатының астарын түсіндіреді.
Прaктикaлық мaңыздылығы :Қазіргі қоғамымызда кез-келген сенімділікпен жауап беру мақсатында, оның едәуір ерте көріну себептерін түсіндіруде, қорқыныш әрекетті болдырмау тұрғысында бұл зерттеудің маңызы зор болмақ. Мектеп жасына дейінгі балалардағы эмоциялық тұрақсыздықты реттеу мақсатында психокоррекциялық жұмыстарды балабақшада, сонымен қатар мектепте бастауыш сыныптағы балаларға да қолдануға тиімді және ол өз жемісін береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқынышын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстар нәтижесі бойынша жасалған нұсқаулар мен кеңестер балабақша тәрбиешісіне, мектеп мұғалімдеріне, мектеп психологы мен ата-аналарға таптырмайтын қазына болып табылады.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді әдістемелік-теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістеріне шолу жасау, балабақшадағы тәрбиешілердің жұмысына талдау жүргізу, бақылау, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент (анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау), жиналған материалдарды өңдеу, қорытындылау, математикалық және статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының «Балақай» бөбекжайы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріcпеде зерттеу тaқырыбының өзектілігі көрcетіліп, зертеудің ғылыми aппaрaты aйқындaлды.
« Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобының балаларына адамгершілік тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобының балаларына адамгершілікке тәрбие беру мәселесі қарастырылып, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу ерекшеліктерінің мәнін ашылады.
« Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобының балаларына адамгершілік тәрбие беру жолдарын тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан зерттеу және оны талдау » атты екінші бөлімде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобы балаларының адамгершілік қасиеттерін салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар арқылы дамытуда анықтаушы эксперименттің нәтижелері мен рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ересектер тобының балаларына адамгершілік тәрбие беру жолдарын анықтауда жүргізілген қалыптастырушы және бақылаушы эксперименттерінің нәтижелері берілген.
1 «Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері»
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардағы табиғи қорқыныш және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары
Қазіргі таңда, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында балаларға көптеген жағымсыз факторлар қарқынды әсер етуде. Осы факторлар адамның қабілеттерінің дамуын тежетпей ғана қоймай, сонымен қатар, даму процесін кері қайтару мүмкін. Сондықтан да балалардың қорқыныш мәселесі ерекше орын алуда. Балалық шақтағы қорқыныштар жастық және невротикалық болуы мүмкін. Жастық қорқыныш әдеттете, барлық балаларға тән болып келеді. Әсіресе, ол эмоционалды сезімтал балаларда психалық және тұлғалық ерекшелік ретінде жиі көрінеді. Олардың пайда болу себептеріне келесілерді жатқызуға болады [1] .
- Туған адамдарында қорқыныштың болуы. Қорқыныштардың көбісі ата-аналарынан саналы емес түрде беріледі, сонымен бірге, сендірілетін қорқыныш категориялары да бар (мәселен, жалмауыз кемпір, өрмекші, жылан және т. б. ) . Осы категорияға белгңлң бір тәртіпке қол жеткізу мақсатында, ата-аналардың өз балаларын қорқытатын кейіпкерлер жатады;
- Балаға қатынас орнату барысында туындайтын үрейлік;
- Қауіптен қорғау барысындағы әсершілдік;
- Тыйымдардың тым көп болуы;
- Отбасындағы ересек адамдардың жүзеге асыра алмайтын көптеген қорқытулар;
- Шошу, шок алу тәрізді психологиялық жарақаттар;
- Отбасылық рөлдерді ауыстыру нәтижесінен туындаған, анасының жүйке-психикалық тозуы;
- Отбасындағы қақтығыстық жағдайлар;
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында балалар қорқыныштарының көптеген түрлері бар екені анықталды. Қорқынышты психосоматикалық симтомдары арқылы анықтауға болады және де, егер бала өз қорқыныштарын балалық шақта жеңе білсе, онда бұл оның келешегі үйлесімді дамуына әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz