Шартты рефлекстердің тежелуі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Орталық Қазақстан Академиясы
Педагогика және Әлеуметтік жұмыс факультеті
Педагогика және Психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: И.П.Павловтың рефлекс жайлы тұжырымдары мен зерттеулері.
Орындаған: Сәкен Ж. ПП16-02 топ студенті
Тексерген: Кенжеева Ш.А. п.ғ.м.
Қарағанды - 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
I. И.П.Павловтың рефлекс жайлы зерттеулері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Шартты рефлекстердің тежелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3Үлкен ми сыңарлары қыртысының аналитикалық-синтездік қызметі Тітіркенуді анализдеу және синтездеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II. Бірінші және екінші сигналдық системалар. Олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызы. Сигналдық системалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13
2.1 Сигналдық системалар мен қыртыс асты түзінділердің өзара байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Нерв системасы типтерінің функциясына сиппатама. Нерв системасы типтерінің белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Үлкен ми сыңарлары қыртысы және қимыл дағдыларының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Рефлекс(лат reflexus -- кері қайтарылған, шағылысқан) -- ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 -- 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. "Рефлекс" терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 -- 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай Рефлекстің бірнеше түрлері бар.
:: Биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау рефлексі, т.б.;
:: рецепторлардың (сезімтал жүйке ұштары) табиғатына қарай экстеррецептивтік, интеррецептивтік, проприрецептивтік Рефлексі;
:: нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) рефлексі болады.
Зерттеудің мақсаты: Рефлекстің адам өмірінде пайда болу кезеңдері мен түрлерін теориялық негіздеп, ажырата білу.
Зерттеудің міндеті: Рефлекстің адам өмірінде пайда болу жиілігі мен ерекшелігін көрсету.
Зерттеудің объектісі: Рефлекс түрлері.
Зерттеудің болжамы: Егер зерттеу тыңдаушыларда қызығушылық тудырса, онда рефлекс түрлеріне көбірек мән беріліп ортада пайдаланылуы көбеюіне мүмкіндік тудырар еді.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
I. И.П.Павловтың рефлекс жайлы зерттеулері
1.1 Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу)
Рефлекстің бұлай бөлінуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады. Себебі, орт. жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдары арасында тығыз морфол. және функц. байланыс болады; эфференттік бөлімнің сипатына қарай Рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің (эффектордың) әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуші Рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай Рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі. Рефлекстің түрлі органдардың қызметі мен олардың байланысын реттей отырып, ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етуде, оны сыртқы орта жағдайларына бейімдеуде маңызы зор. Жүйке жүйесінің Рефлексті әрекетінің нәтижесінде ағза әрекетінің тұтастығы және оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы анықталады. И.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни жасалған нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді. И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады. Физиологияның таза физиологиялық деп есептелген процестерді зерттеуден психикалық процестерді зерттеуге көшуі осы кезеңнің бастамасы болды. Жалпы айтқанда бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән: 1) организмді оның біртұтас күйінде және табиғи жағдайларда зерттеу; 2) организмнің ортамен өзара әсер етуі мен барлық тіршілік процестерінде ми қыртысының жетекші роль атқаратынын тану; 3) нервизм идеясы, яғни нерв системасының организм қызметінің әр түрлі көрінісіндегі жетекшілік рөлін тану.
1.Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады. Ал шартты рефлекстер жеке ағзаның тіршілік ету барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес.
2. Кез келген шартсыз рефлекс, егер орталық жүйке жүйесі тиісті даму дәрежесіне жетсе, белгілі тітіркендіргішті бірінші рет және бір-ақ рет қолданғанның өзінде-ақ пайда болады. Жаңа туған баланың аузына тамақ түссе, шартсыз рефлекторлық жолмен сілекей ағады. Ал шартты рефлекстер бірден пайда болмайды, олар белгілі жағдайларға байланысты, біртіндеп дасалады.
3. Шартсыз рефлекстің дайын рефлекторлық доғасы бар, ал шартты рефлекстер болу үшін шартты байланыс деп аталатын, ми қыртысында жаңа байланыс орнауы қажет. Сөйтіп, бұрын болмаған жаңа рефлекторлық доға тұйықталуы қажет.
4. Шартсыз рефлекс доғасын рецептор, кондуктор (қозу өткізетін - сезгіш, қозғағыш, аралық нейрондар жүйесі) және эффектор құрайды. Ал шартты рефлекстердің доғасының 1-звеносы - анализатор (тітіркендіру әсерін қабылдап, одан сапалы түйсік тудырады); 2-сі - тұйықтағыш (замыкатель) - өзгергіш келеді, анализатор клеткаларын эффекторды жабдықтайтын жүйке клеткаларымен байланыстыратын жүйке жолы; 3-сі - эффектор.
5. Шартсыз рефлекстерді түрлік деп, яғни бір түрдің барлық өкілдеріне тән деп қарау керек. Ал шартты рефлекстер жануардың жеке басының тіршілік ету барысында пайда болған. Дегенмен, сыртқы ортаның ұзақ уақыт өзгермейтін факторлары бар жағдайда, кейбір жеке тұрақты шартты рефлекстер (көбінесе атадан атаға қайталайтын, особътың (дараның) тіршілік етуінің жас кезінде пайда бодатын рефлекстер), біртіндеп тұқым қуалайтынға, яғни шарттыдан шартсызға айналуы да мүмкін. Бұған мысал етіп құстардың жаңа ғана жұмыртқадан шыққан балапандарының олардың ұясының дірілдеп қозғалуының әсерінен ауыздарын ашуын ала аламыз. Балапанның анасының ұшып келіп ұяға қонуы, ол кезде ұяның дірілдеуі (қозғалып шайқалуы) әр уақытта тікелей балапандардың тамақтануының алдында ьолып отырады. Сөйтіп тез шартты тамақ рефлексі пайда болады. Ал, кейін, біртіндеп бұл рефлекс тұқым қуалацтын, шартсызға ауысты деп есептеуге болады.
6. Шартты рефлекс мидың жоғарғы бөлімдерімен байланысты, ал шартсыз рефлекстердің доғасы мидың түрлі төменгі бөлімдері арқылы да өте алады. Жоғары сатыда ұйымдасқан, үлкен жарты шарлар қыртысы бар жанураларда шартты рефлекстер жасалу үшін мидың осы бөлімінің болуы міндетті. Мысалы: иттердің ми қыртысын алып тастаса, оның шартты рефлекстік әрекеті толығымен тоқтайды. Ит өзінің иесін танымайды, басқа жануардың тұрғанын (тіпті мысықтың да) елемейді, оны сипасан қорғану рефлексімен жауап береді, алдына қойылған тамаққа ұмтылмайды. Сөйтіп, ол сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне бейімделу қабілетін жоғалтады.
И.П.Павловтың астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгіменің өзі сілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды. Сілекей бездерінің өзектері сыртқа шығарылған (ұзақ мерзімдік фистула қойылған) жануарларға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететінін байқады. Мәселен, егер итті әлденеше рет азықтандыруда электр шамын жақса немесе қонырау соқса, бұлайша ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін онда осы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана сілекей бөлінеді. И.П.Павлов организмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді.
И.П.Павловтың өзі жазғанындай, шартты рефлекстер туралы ілімнің құрылуы тамақ ішу алдында әсер ететін агенттерге сілекей бөлінуіне табиғи-ғылыми талдау жасаудан басталады. Ғалым бұл актіден сонымен бірге тұтастай және толық дәрежеде ғана физиологиялық құбылыс бола алатын қарапайым психикалық құбылысты көрді.
Организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартсыз және шартты рефлекстер деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер - бұлар организмдердің осы түрінің өкілдеріне тән, іштен туа болған, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе, ахиллов және басқа рефлекстер. Сонымен қатар, белгілі бір жаста, көбею кезеңінде және нерв системасы қалыпты дамығында ғана жүзеге асатын шартсыз рефлекстер болады. 18 апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекстердің қатарына жатады. Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлекстерді қалыптастырудың негізі болады. Олар балалар есейген сайын синтездік рефлекстер комплексіне айналып, организмнің сыртқы ортаға бейімделушілігін арттырады.
Шартты рефлекстер - бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілген немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқартын функциясы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен байланысты, өйткені олар белгілі бір материалдық субстраттың - нерв тканінің жауап әсері болып саналады. Егер ұрпақтан-ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлар тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін. Қызылшақа және қанаттанбаған балапандардың оларды азықтандыруға ұшып келген құстың ұяны қимылдатуына тұмсығын ашуы осындай рефлекске мысал бола алады. Ұяның қимылдауы азықтандырумен ұштасқандықтан, ал мұның өзі барлық ұрпақта қайталанатындықтан шартты рефлекс шартсыз рефлекске айналады. Алайда шартты рефлекстердің бәрі де жаңа сыртқы ортаға бейімделу әсерлері болып табылады. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адам нағыз мүгедекке айналып, қажетті күтім болмаса, өлімге душар болады.
Сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысының қалыпты функциясы организмде ауру процестері мен бөгде тітіркендіргіштердің болмауы шартты рефлекс қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайда, қалыптастырылатын және бекітіле түсетін рефлекстен басқа, бағдарлау немесе ішкі мүшелер (ішек, қуық және т.б. ) рефлексі де пайда болады.
Әсер етуші шартты тітіркендіргіш әрқашан ми қыртысының тиісті аймағында әлсіз қозу ошағын туғызады. Бұған қосымша (1 - 5 секундтан соң) әсер ететін шартсыз тітіркендіргіш тиісті қыртыс асты ядроларында және үлкен ми сыңарлары қыртысының учаскесінде едәуір күшті қозу ошағын туғызады, бұл ошақ алғашқы едәуір әлсіз (шартты) тітіркендіргіштің импульстерін өзіне тартады. Осының нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қыртысындағы екі қозу ошағының арасында уақытша байланыс орнайды. Әрбір қайталанған, яғни бекітілген сайын бұл байланыс берік бола түседі. Шартты тітіркендіргіш шартты рефлекс сигналына айналады.
Балаларда намесе ересектерде шартты рефлекс қалыптастыру үшін сөзбен бекітілетін секторлық, жыпылықтау немесе қимыл методикасын, жануарларда тамақпен бекітілетін секреторлық және қимыл методикасын пайдаланады. Мысалы, итте сілекей бөліну методикасы бойынша рефлекс қалыптастыру, яғни шартсыз тітіркендіргіш тамақпен бекітілетін жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлу керек. Алдымен шам жанады, ит оған басын, құлағын бұрып, бағдарлау әсерін білдіріп, жауап береді. И.П.Павлов мұндай әсерді бұл не? рефлексі деп атады. Осыдан кейін тамақ беріледі - шартсыз тітіркендіргіш (бекіту). Осылайша бірнеше рет қайталайды. Бұл жағдайда бағдарлау әсері барған сайын сиреп, соңынан мүлде жойылады. Екі қозу ошағынан (бірі - көру аймағында, екіншісі - тағам орталығында) ми қыртысында келетін импульстерге жауап ретінде бұл ошақтар арасындағы уақытша байланыс нығая түседі. Осының нәтижесінде итте бекітілмесе де, жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлінеді. Бұл ми қыртысында әлсіз импульстің күшті импульс жағына қарай орын ауыстыруынан болады. Ми қыртысы төменгі орталықтардан өзгеше, бұрынғы тітіркенулерді барынша жинақтап, олардың ізін жандандыра алады. Екі ошақ та біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара бастайды. Жаңадан қалыптасқан рефлекс (оның доғасы) өткен қозуды жаңғырта алады, яғни оның шартты рефлексті жүзеге асыру қабілеті болады. Түзілген уақытша байланыс импульстердің көру аймағынан тамақ орталығына, ал одан эфферентті талшықтар арқылы сілекей бөліну орталығы мен сілекей бездеріне өтуіне мүмкіндік туғызады да сілекей бөле бастайды. Бұл қолданылған тітіркендіргіш арқылы қалыптасқан қолда бар шартты рефлекс. Алайда қолда бар тітіркендіргіш импульстері қалдырған із де шартты рефлекс үшін сигнал бола алады. Мысалы, егер сол шартты тітіркендіргішпен 10 секунд әсер етіп, ол тоқтатылғаннан 1 минуттан кейін тамақ берсе, онда жарықтың өзі сілекейдің шартты рефлекторлы жолмен бөлінуін туғызбайды, бірақ ол тоқтағаннан бірнеше секундтан соң шартты рефлекс пайда болады. Мұндай рефлексті із рефлексі деп атайды.
Қандай методика бойынша қалыптастырылатынына қарай шартты рефлекстер секреторлық, қимыл қан-тамыр рефлекстері, ішкі мүшелердегі өзгеріс рефлекстері және т.с.с. болып бөлінеді.
Шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқылы қалыптастырылған рефлексті бірінші қатардың шартты рефлексі деп атайды. Оның негізінде жаңа рефлекс қалыптастыруға болады. Мысалы, жарық сигналын азықтандырумен үштастыру арқылы итте берік сілекей бөліну шартты рефлексі қалыптастырылған. Егер жарық жарық сигналынан бұрын қонырау соғылса, мұндай ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін итте дыбыс сигналына сілекей бөліне бастайды. Бұл шартсыз тітіркендіргішпен емес, бірінші қатардың шартты рефлексімен бекітілетін екінші қатардың рефлексі немесе екінші рефлекс болып табылады. Екінші қатардың шартты тағам рефлексінің негізінде итте басқа қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыруға болмайтынын практика көрсетті. Бірінші қатардың шартты рефлексі қорғану рефлексінің негізінде түзілген жағдайда ғана үшінші қатардың рефлексі түзілуі мүмкін, мысалы, терінің немесе кілегейлі қабықшаның тітіркенуі. Бірақ бұл жағдайда да үшінші қатардың рефлексін ғана қалыптастыруға болады, ал төртінші қатардың рефлексін әзірге қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Балаларда алтыншы қатардың шартты рефлексін қалыптастыру сәті түсті. Жоғары қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыру үшін жаңа индифферентті тітіркендіргіш бұған дейін қалыптастырылған рефлекстің шартты тітіркендіргіші әсер ете бастаудан 10-15 с. бұрын әсер етуі қажет. Егер тітіркендіргіш едәуір жақын аралықта немесе бірге әсер етсе, жаңа рефлекс пайда болмайды, ал бұрын қалыптасқан рефлекс сөнеді, өйткені ми қыртысында тежелу болады. Бірге әсер ететін тітіркендіргіштерді әлденше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркнедіргіштерді әлденеше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркендіргіштің екіншісіне әсер ету уақытын едәуір ұзарту комплекстік тітіркендіргішке рефлекс пайда болуына мүмкіндік береді.
Белгілі уақыт аралығы рефлекс қалыптастыру үшін шартты тітіркендіргіш бола алады. Егер жануарды үнемі әрбір 10 минут сайын азықтандыратын болса, бірнеше рет азықтандырудан кейін уақытқа байланысты шартты рефлекс түзіледі, яғни 10 минут өткен соң жануарда сілекей бөлініп, азыққа байланысты оны жалау, сілекейін жұту және т.с.с. қимыл актілері орындала бастайды. Уақытқа байланысты рефлекс қалыптасқан адамдарда олар әдеттегі тамақ ішетін уақытта аштық сезімі байқалады. Уақыт аралығы мүлде аз болуы мүмкін.
Мектеп жасындағы балалардағы уақытқа байланысты рефлекстің белгісі - сабақ аяқталар алдында (қонырау соғылудан 1 - 1,5 минут бұрын) зейінінің әлсіреуі. Бұл қажудың ғана емес, сондай-ақ оқу сабақтары кезінде мидың ырғақты жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылады.
Организмде уақытқа байланысты туатын әсер - тыныс алу, жүрек қызметі, ұйқыдан ояну, жануарлардың түлеуі және т.с.с. оқтын-оқтын өзгеріп тұратын көптеген процестердің ырғағы. Тиісті мүшелерден миға және одан керісінше эффекторлық аппараттарға ырғақты түрде импульстер жіберіп отыру организмде уақытқа байланысты туатын әсердің негізі болады.
1.2 Шартты рефлекстердің тежелуі.
Шартты рефлекстердің тежелуін зерттей келе, И.П.Павлов оның шартсыз (сыртқы) және шартты (ішкі) тежелу деп аталатын екі түрін ажыратты. Шартсыз тежелу. Басталған рефлекстің толық тоқтауы немесе сыртқы ортадағы өзгерістердің әсерінен оның активтілігінің кемуі шартсыз тежелу деп аталады. Жаңа бөгде тітіркендіргіш ми қыртысында басқа (ерекше) қозу ошағын туғызады, бұл ошақ басталған рефлекторлық актіні тежейді немесе үзеді. Сырттан естілетін шу, жарық түсуінің өзгеруі, бөгде иіс және т.с.с. осындай тітіркендіргіш бола алады. Шартты рефлекс неғұрлым жаңадан қалыптасса, оны тежеу соғұрлым оңай болатыны анықталған. Мұны орталық нерв системасында индукция процесінің дамуымен түсіндіруге болады. Тежеуді шартты рефлекске қатысы жоқ бөгде тітіркендіргіш туғызатындықтан, И.П.Павлов оны сыртқы (индукциялық) тежелу деп атады.
Шартсыз тежелу кенет пайда болады, ол организмде туған кезден бастап кездеседі және бүкіл орталық нерв системасына тән. Оның жүзеге асуына ми діңі ретикулярлық формациясының белгілі бір құрылымы қатысады. Сыртқы тежелу көбінесе бөлмеге сырттан өнетін кез келген шу рефлекторлық актінің барысын бұзатын жағдайда коллективте (класта, топта) жұмыс істейтін балаларда байқалады. Мысалы, жазу сабағы үстінде көшеден өрт сөндіру машинасының сирена үні естіледі. Оқушылардың көпшілігі күшті тітіркендіргішке қарай бұрылып, бұл жағдайда зейінінен, байсалдылығынан және қолайлы отырысынан айырылады. Сондықтан оқушының дәптеріндегі жазу толық болмай, әріптер дұрыс жазылмайды, сөздердің арақашықтығы әр түрлі болып шығады және т.с.с. Алайда шартсыз тежелу екінші қозу ошағы пайда болмаса да, жүзеге асуы мүмкін. Бұл тітіркендіргіштің өте күшті әсер етуінен ми қыртысының клеткалары жұмыс істеу қабілетін кемітуіне немесе толық тоқтатуына байланысты болады: тіршілігін жоймау үшін клеткалар тежелу күйіне өтеді. Тежелудің мұндай түрін шектен тыс тежелу деп атайды. Ол организмде қорғаныш қызметін атқарады.
Ми қыртысы клеткаларының жұмыс қаблеттілігінің шегі тұрақты шама емес және ол баланың жасына, оның қажу тәжірибесіне, қандай аурумен ауыратыныа және басқа себептерге байланысты.
Сабақты өте дауыстап және біркелкі үнмен түсіндіруде, сондай-ақ импульстері жинала келе, ми қыртысы клеткаларының жұмыс қабілеттілігі шегінен асып кететін әлсіз тітіркендіргіш (біркелкі баяу дауыс) әсер еткенде оқушыларда шектен тыс тежелу пайда болады.
Тежелудің бұл түрі орталық нерв системасының жоғары бөлімдеріне тән және шартты сигналды шартты тітіркендіргішпен бекітпеген, яғни екі қозу ошағы уақыт жөнінен өзара сәйкес келмеген жағдайда ғана дамиды. Ол онтогенез процесінде біртіндеп, кейде өте қиындықпен қалыптасады. Шартты тежелудің өшпе, жіктеліс тежелу деп аталатын және басқа да түрлерін ажыратады. Шартсыз тітіркендіргішпен бекітілмеген шартты сигнал бірнеше рет қайталанғандва өшпе тежелу пайда болады. Мысалы, жарық тітіркендіргішіне сілекей бөліну рефлексі қалыптасқанда бұл сигналды тамақпен ұштастырмай жиі қайталау рефлекстің біртіндеп кемуіне, одан соң толық өшуіне себепші болады. Рефлекстің өшу жылдамдығы шартты тітіркендіргіштің қайталану жиілігі мен күшіне, қалыптасқан рефлекстің беріктігіне және жоғары дәрежелі нерв қызметінің типіне байланысты. Мысалы, жыртқыш жануар жемтігі азайып бара жатқан жерге баруын азатайды, себебі бұрынырақ қалыптасқан шартты рефлекс тамақпен (шартты тітіркендіргіш) бекітілмегендіктен, өшеді. Бұл жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуіне, яғни өзінің мінез-қылығын тіршілік жағдайларына сай реттуге жәрдемдеседі.
Өшпе тежелу адамның қалыптасқан (жаман, ескірген) әдеттен арылуына көмектеседі. Мысалы, оқушы жатып оқуға әдеттенген. Фантастикалық және шытырман оқиғалы әдебиеттердің қызықтыратыны соншама, ол мұндай кітаптарды ұйықтамастан, үй тапсырмаларын орындамастан, таза ауаға шықпастан-ақ оқып шығады. Бұл оның денсаулығын нашарлатып, үлгіріміне әсер етеді. Мұғалімдер мен ата-аналар қолайлы сәт туғанша мектеп оқушысының қызықтырып әкететін кітапті саналы түрде қолын алмауы үшін жұмыс режимін өзгертуді табандылықпен талап етугке міндетті. Алғашында мұндай әдеттен арылу едәуір қиындыққа түседі, бірақ бірте-бірте ол дұрыс режимге дағдыланады да, жағымсыз әдеті жойылады.
Жіктеліс тежелуінде немесе жіктеуде (ажыратуда) бекітілмейтін тітіркендіргіш рефлекс туғыза береді, сондықтан жағымды тітіркендіргіш тежейді. Қозу және тежелу процестері шоғырланады және бөлінеді. Жіктеліс тежелуі шартты рефлекторлық қызметтің ішкі түрі болғандықтан, сыртқы дүниенің әсеріне анализ жасау үшін және осыған байланысты тиісті мінез-құлықты қалыптастыру үшін қажет. Осындай қабілетінің арқасында есту анализаторы дыбыстарды биіктігіне, күшіне және бағытына қарай жіктейді, көру мүшесі түстерді, олардың реңкін, заттардың қашықтығын айырады; тері сезімталдығының анализаторы жанасуды, қысымды және т.б. айырады. Егер жіктеліс тежелуін қалыптастыру шартты тітіркендіргішке барынша жуық тітіркендіргіштерді (мысалы, до және ре үндері) айырудан басталса, онда бұған до және фа үндері сияқты бір-бірінен едәуір қашық тітіркендіргіштерді айырудан гөрі ұзағырақ жаттығу қажет болады. Мұнда екінші жіктеу біріншіден гөрі оңай қалыптастырылады, өйткені тітіркендіргіштердің бір-бірінен күшті айырмашылығы бар. Ана тілі және шет тілі сабақтарында әріптер мен дыбыстарды оқып үйренуде, математика, ән, музыка т.б. сабақтарына жіктеліс тежелуінің төтенше зор маңызы бар. Тітіркендіргіштерді айыра бастау уақыты балаларда түрліше болады. Ол ми қыртысының жасқа байланысты кәмелеттенуіне, бұған дейінгі дайындығына (жаттығуына) және организмнің қажу дәрежесіне байланысты. Сонымен қатар, белгілі бір жасқа тән қозу және тежелудің жайылуы мен шоғырлануының нақты дәрежесінің де маңызы бар.
Сигналдарды дұрыс айыра білу табиғат құбылыстарын, оның заңдары мен процестерін тереңірек танып білуге жәрдемдеседі. Ішкі тежелудің тағы бір маңызы мынада: адам алуан түрлі күрделі жағдайларда бағдарлай білу мүмкіндігіне ие болады.
1.3 Үлкен ми сыңарлары қыртысының аналитикалық-синтездік қызметі.
Тітіркенуді анализдеу және синтездеу. Үлкен ми сыңарлары қыртысының аса маңызды функциясы - анализ бен синтез. Тітіркенуді анализдеу деп сигналдарды айыруды, олардың организмге әсерін жіктеуді түсінеді. Тітіркенуді анализдеу адамның үлкен ми сыңарлары қыртысында ең жоғары және өзіне тән даму шегіне жетеді, мұны оның бірқатар мысалы. А+Б+В+Г және А+В+Б+Г компоненттерін қамтитын комплексті тітіркендіргіштерді айыру қабілеті көрсетеді. Анализдеудің кейбір түрлері (мысалы, иісі, дыбысты айыру) адамдағыға қарағанда, кейбір жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысында жақсы дамиды. Мәселен, ит біреуі шартсыз тітіркендіргішпен бекітілетін жағдайда 18 үндегі екі дыбыстың айырмашылығын қабылдай алады.
Ми қыртысының қозу элементтерін анализдеуден соң оларды комплекске біріктіру қабілеті синтездеу деп аталады. Мұнда шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқасында тиісті қозу ошақтары арасындағы байланыс нығаяда, ал осының нәтижесінде шартты (көбінесе бекітілетін тітіркендіргішке теңбе-тең) рефлекс түзіледі.
Анализдеу мен синтездеу - ми қыртысының өзара байланысты функциясы. Олар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz