Жұмыстың көлемі мен құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық жəне синтетикалық есебін ұйымдастыруға тікелей əсер ететін өзіне тəн ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді. Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тəн ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кəсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде жəне де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тəуекелмен байланысты. Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін жəне бірнеше есептік мерзімді қамтиды. Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына жəне көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Құрылыс қызметi - жаңа объектiлер салу жəне (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту, олармен байланысты технологиялық жəне инженерлiк жабдықтарды монтаждау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кəдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет.

Құрылыс саласының ұйымдастырушылық, өзіне тән сала экономикасының ерекшеліктері бухгалтерлік есепті жүргізудің жағдайына, ұйымдастырылуына әсер етеді. Атап айтқанда, құрылысты ұйымдастыру мен құрылыс саласы экономикасының бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсер ететін ерекшеліктері:

1) құрылыс объектілерінің территориялық оқшаулығы;

2) құрылыс объектілерін салудың, құрылыс жұмыстарын жүзеге асырудың жеке сипаты;

3) құрылыс-жобалау, монтаждау жұмыстарының ұзаққа созылуы;

4) құрылыс-сонтаждау жұмыстарының сан алуан болуы;

5) құрылысты жүргізу мерзімі мен сапасының объектіні салу орнынан, табиғи климаттық жағдайдан, жыл маусымынан тәуелділігі және т. б.

Аталған ерекшеліктерге орай құрылыстағы бухгалтерлік есепті жүргізу келесідей сұрақтар аясын ашып алуды көздейді:

1) мердігерлік шарттардың жіктелуі. 11 ҚЕХС сәйкес құрылыс жұмыстары, олардың мәні туралы нақты ақпарат келтірілмеген.

- объектілерді салумен тікелей байланысты жасалған шарттар;

- құрылыс салумен байланысты қызмет көрсету шарттары (жобаны басқару, архитектуралық жұмыстар) ;

- объектілерді бұзуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған шарттар.

2) табысты танудың негізгі қағидалары;

3) шығындарды танудың негізгі қағидалары;

4) жұмыстың орындалу сатысын анықтау;

5) табыстар мен шығындарды пайда мен залал туралы есепте тану ерекшеліктері.

Құрылыс салуға жасалған шарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған шарт. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті жүргізу осы шарттың түрімен де байланысты.

Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі талаптары 11 «Құрылыс жасауға шарттар» ҚЕХС анықталады.

11 «Құрылыс салуға жасалған шарттар» ҚЕХС мақсаты - құрылыс салуға жасалған шарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылыс салуға жасалған шарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай шарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен шарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі. Сөйтіп, құрылыс салуға жасалған шарттар есебіндегі басты мәселе құрылыс жұмыстары жүргізілген есепті кезең жөніндегі шарт бойынша түсімдер мен шығындарды тану болып табылады.

Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге əкеліп соғады.

Құрылыс саласының аталған ерекшеліктері, соған орай саладағы есепті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен күрделілігі дипломдық жұмыстың мақсатын, шешілуі тиіс міндеттер аясын негіздеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Апартаменты Казахстана» ЖШС-де құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуына баға беру негізінде құрылыстағы бухгалтерлік есепті жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың мақсатына қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:

- құрылыс саласының өзіндік ерекшеліктерінің бухгалтерлік есепті жүргізуге ықпалын бағалау;

- құрылыс келісім-шарттарының түрлерін, тараптардың қатынастарын, тараптарда бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктерін анықтау;

- кәсіпорында табыс пен шығындарды танудың негізгі қағидаларын оқу;

- кәсіпорында табыстар мен шығындарды пайда мен залал туралы есепте тану ерекшеліктерін анықтау;

- кәсіпорында есепті жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Апартаменты Казахстана» ЖШС-де құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері.

Жұмыстың әдіснамалық және әдістемелік негізі ҚР шаруашылық субъектілерінде есеп пен аудитті жүргізуді реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін заңдық және нормативтік құжаттар, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен оларға әдістемелік нұсқаулар (11 ҚЕХС), осы бағытта жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалар құрайды.

Дипломдық жұмысты орындау барысында ғылымды танудың әртүрлі әдістері пайдаланылды: жүйелеу, салыстыру, мәліметтерді талдау мен жалпылау, теориялық және тәжірибелік материалды жүйелеу, екі жақты жазу, баланстық әдіс және т. б.

Жұмысты зерттеудің ақпараттық базасы ҚР заңды-нормативтік актілері, бухгалтерлік есеп және аудит облысындағы мамандардың бухгалтерлік және салық есебі бойынша мақалалары, «Апартаменты Казахстана» ЖШС-нің 2012-2013 жж. қаржылық есеп мәліметтері табылады.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (жалпы саны 28) тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 62 бет негізгі бөлімнен, 13 кестеден, 2 суреттен, 4 қосымшаны құрайды.


1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі

Құрылыстық қызмет белгілі бір орындаушының дайындығын талап ететіндіктен лицензиялануы қажет, онсыз белгіленген тұтынушылық сапалы құрылыс өнімін құру мүмкін емес. Сондықтан да құрылыс өндірісімен айналысқысы келетін барлық шаруашылыққа құрылыс жұмыстарын жүргізу олардың қызметінің негізгі түрі болады немесе құрылыстан басқа да қызмет түрлерімен паралельді түрде шаруашылық əдіспен жүргізілетін жұмыстарын жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алуы қажет. Жұмыс жүргізетін құрылыс кəсіпорындары жыл сайын лицензияларын жаңалап, қайта тіркеуден өткізуі қажет.

Елімізде құрылыс жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 ж. 16 шілдедегі № 242-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының нормаларымен, ҚР құрылыс нормалары мен ережелерімен, ҚР Азаматтық кодексі, «Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, ҚР Лицензиялау туралы Заңымен реттеледі.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңға сәйкес: құрылыс қызметі - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет [1] .

Құрылыс өнімі - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары келесілерді қамтиды:

- жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;

- қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға, уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын жайластыруға, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстарын;

- үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;

- желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;

- сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;

- конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;

- автомобиль және темір жол құрылысын;

- технологиялық жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), іске қосу-жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

Аяқталмаған құрылыс - пайдалануға беру үшін тапсырысшы белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici.

«Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жəне құрылыс қызметі» туралы статистикалық жинаққа сәйкес: құрылыс қызметi - жаңа объектiлер салу жəне (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық жəне инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кəдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет [2] . Осы жинақтағы әдістемелік түсініктемеге сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемі - жасалған мердігерлік келісім шарт бойынша жеке жəне заңды тұлғалармен орындалған құрылыс жұмыстарының құны. Осы жұмыстардың құнына бас, тікелей жəне қосымша мерігерлік келісім шарттар бойынша орындалған барлық қаржыландыру көздері есебінен жаңа объектілер құрылысы, күрделі жəне ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын жəне тұрғын емес жəне инженерлік имараттарды жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, сондай-ақ өзге де мердігерлік жұмыстар жатады.

Құрылыс ұйымдарына - жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық жəне мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік “Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) ” сəйкес қызмет түрі “Құрылыс” қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады

Күрделі құрылыс - жаңа кәсіпорындар салуға, қызмет істеп тұрған өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға арналған материалдық өндіріс саласының бірі болып табылады [3] .

Құрылыс саласы еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар динамикасы 1-кестеде келтірілген.

1-кесте - Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың 1995-2012 жж. динамикасы

Жылдар: Жылдар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар
Жылдар: млн. теңге
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: өткен жылға %-бен
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: млн. теңге
өткен жылға %-бен
Жылдар: 1995
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 223 042
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 57, 0
28 775
62, 2
Жылдар: 1996
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 155 386
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 60, 0
19 734
51, 5
Жылдар: 1997
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 187 503
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 111, 6
22 125
106, 5
Жылдар: 1998
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 264 204
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 174, 8
19 127
80, 0
Жылдар: 1999
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 369 084
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 133, 0
13 771
66, 8
Жылдар: 2000
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 595 664
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 148, 5
22 435
145, 7
Жылдар: 2001
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 943 398
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 144, 7
27 310
114, 4
Жылдар: 2002
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 1 099 986
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 110, 6
36 158
124, 4
Жылдар: 2003
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 1 327 864
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 116, 6
59 524
158, 9
Жылдар: 2004
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 1 703 684
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 123, 1
130 495
210, 2
Жылдар: 2005
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 2 420 976
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 134, 1
254 287
185, 9
Жылдар: 2006
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 2 824 523
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 111, 1
368 354
138, 2
Жылдар: 2007
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 3 392 122
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 113, 5
490 375
126, 2
Жылдар: 2008
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 4 210 878
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 114, 8
468 039
88, 8
Жылдар: 2009
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 4 585 298
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 102, 9
310 848
63, 1
Жылдар: 2010
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 4 653 528
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 97, 0
335 655
103, 6
Жылдар: 2011
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 5 010 231
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 102, 9
421 013
120, 3
Жылдар: 2012
Негізгі капиталға салынған инвестициялар: 5 473 161
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар: 104, 1
428 241
96, 4

1-кесте бойынша тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың арту қарқыны 2008-2009 жж., 2012 ж. төмендегені байқалады. Ол саладағы осы кезеңдердегі дағдарысқа байланысты.

Құрылысты жүзеге асырудың ең көп тараған әдістерінің түрлері болып мердігерлік, шаруашылық және шаруашылық-мердігерлік (аралас) әдістер саналады. Құрылысты жүзеге асырудың ең жетілген түрі- мердігерлік әдіс, мұнда тапсырыс берушімен жасасқан келісім шарт бойынша мердігерлік ұйым келісім шартта көрсетілген объектінің құрылысын уақытында және жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес салуға және тапсыруға міндетті болады.

Құрылыстың шаруашылық әдіс бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын құрылыс учаскілері, жөндеу-құрылыстық цехтар немесе ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелері өткізеді.

Өндірістің шаруашылық әдісі кезінде арнайы құрылыстық немесе монтаждық-технологиялық жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын тікелей мердігерлік келісім шарт бойынша субмердігерлік-монтаждық және мамандандырылған ұйымдарды тартады. Жалпы құрылыстық жұмыстар қажет болған жағдайда бір мезгілде шаруашылық және мердігерлік (тікелей келісім шарт бойынша) әдістер арқылы (аралас әдіс) қатар жүргізіледі.
Құрылысты жүзеге асырудың негізгі қатысушылары болып:

- тапсырыс берушілер - жаңа құрылысты салуды, ғимараттар мен құрылыс-жайларды және басқа да объектілерді кеңейтуді, қалпына келтіруді, жаңартуды және техникалық жаңартуды ұйымдастыратын, тапсырыс беретін, қаржыландыратын және бақылайтын ұйымдар мен мекемелер;

- жобалау ұйымдары - тапсырыс беруші-салушының тапсырысы бойынша жаңа құрылысты салуға, ғимараттар мен құрылыс-жайларды және басқа да объектілерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға және техникалық жаңартуға жобалық-сметалық, техникалық және басқа да құжаттарды дайындайды;

- ғылыми-зерттеу ұйымдары - нақты тапсырыс беруші-салушылардың тапсырысы бойынша құрылыс-монтаж ұйымының жұмыстарының және құрылыс-жайлары мен жергілікті жердің ерекшіліктерін есепке ала отырып, жаңа және қызмет істеп тұрған құрылыстық, технологияларды дайындау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдары тапсырыс берушімен жасаған келісім шарт бойынша ұйымдар мен объектілердің құрылысын жүзеге асыру үшін кешенді жұмыстарды орындайды. Мердігерлік келісім шарт тапсырыс берушімен бас мердігерлік ұйымдардың арасындағы байланыстарды зерттейді. Келісім шарт жасасу кезінде мердігерлік құрылыс ұйымы тапсырыс берушіден объектінің жобалық-сметалық құжаттарын алады, оның негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың тәртібі, көлемі, мерзімі және құрылыстың келісім бағасы көрсетіледі.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үрдісінің субъектілері 1-суретте келтірілген [4] .

1-сурет - Күрделі құрылыс үрдісінің субъектілері

Келісім бағаға құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны, мердігердің қызметіне байланысты тапсырыс беруші төлейтін жұмыстар мен шығындардың бөлігі (материалдар құндарының айырмасы, көп жылғы еңбегі үшін төлемдер, жұмысшыларды тасымалдау шығындары, аккордтық еңбек ақы, жұмыстың жоғарғы қарқынына байланысты вахталық әдіспен жұмыстарды ұйымдаcтыру және басқа да шығындар, сонымен қатар ұйымның жаңа құрылыстарды игеруге байланысты жұмыстары; құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына қосылатын жоспарланбаған жұмыстар мен шығындарға жалпы резервтегі қаражаттардың бөлігі және таға басқа да шығындар) . Мердігерлік құрылыс келісім шартының нақты бекітілген және ашық бағамен екі түрі болады.

Нақты белгіленген бағамен мердігерлік құрылыс келісім шарты бойынша екі жақ құрылыс жұмыстарының тұрақты бағасына (құнына) немесе өзгермелі баға бойынша орындалған жұмыс бірлігіне бекітілген құнына келісімге келеді.

Ашық бағамен келісім шарт бойынша мердігерге орындаған құрылыс жұмыстарына тікелей байланысты нақты шығындар және келісілген сыйақы мөлшері қоса төленеді. Мердігерлік келісім шарт бойынша кірістерге мыналар қосылады:

1) құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны;

2) келісім шарттың өзгеруіне байласты кірістер, талаптар бойынша кірістер және кіріс әкелетін жағдайда сыйақы түріндегі төлемдер.

Мердігерлік құрылыс келісім шартының өзгерісі- келісім шарт бойынша бұл кірістің жоғарылауына немесе төмендеуіне ықпал ететін жұмыстың көлемін, құрылымын және орындалу мерзімін өзгерту жөніндегі тапсырыс берушінің бұйрығы.

Талаптар бойынша кірістер - бұл келісім бағаға енгізілмеген қосымша шығындардың орнын толтыру үшін мердігердің тапсырыс берушіден алуға тиісті сомалары.

Сыйақы төлемдері - келісім шартта көрсетілген мөлшерлеме (норма) орындалғаны немесе артық орындалғаны үшін мердігерге төленетін қосымша сомалар.
Мердігерлік келісім шарт бойынша шығындарға төмендегілер қосылуға тиісті:

1) осы келісім шартқа байланысты тікелей шығындар;

2) мердігерлік келісім шарт бойынша таратылатын және келісім шарттың құнына қосылатын жалпы құрылыстық жұмыстармен байланысты үстеме шығындар;

3) мердігерлік құрылыс келісім шартының шарттары бойынша тапсырыс берушімен төленетін қосымша шығындар.

Егер мердігерлік құрылыс шартының шарттарында келісілген болса, тапсырыс берушімен төленетін шығындардың құрамына жалпы және әкімшілік шығындардың кейбір түрлері қосылуы мүмкін.

Ірі құрылыс кезінде бас мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдары өздеріне көмек ретінде мамандандырылған субмердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдарын, қосалқы ұйымдарды, кешенді тресттер мен басқармаларды, құрылыс механизацияларының трестерімен басқармаларын шақырады.

Бас мердігерлер субмердігерлік ұйымдарды құрылыс жұмыстарының белгілі бір түрлерін орындауға, фундамент салуға, су өткізгіш желілерін, канализация құбырларын өткізуге, электромонтаж, жарықтандыру, жылыту жұмыстарын орындауға шақырады.

Бас мердігер мен субмердігердің арасындағы өзара байланыстар бас мердігер мен тапсырыс берушінің арасындағы келісім шарттың негізінде жасалған келісім шартпен рәсімделеді. Субмердігерлік келісім шарт бойынша тапсырыс беруші болып бас мердігер саналады. Субмердігерлер орындаған жұмыстарды бас мердігерлер қабылдап, содан соң құрылысы аяқталған объектінің (орындалған жұмыстардың) жалпы құрамымен тапсырыс берушіге тапсырады.

Құрылыс ұйымдарының құрамында әртүрлі қосалқы (көмекші) өндірістер мен қызмет көрсетуші шаруашылықтар болуы мүмкін. Бір қосалқы (көмекші) өндірістер құрылыс үшін құрылыс материалдары мен жартылай фабрикаттарды (тас, қиыршық тас, құм және басқа да материалдарды шығару бойынша карьералар, ағаш өңдеу шеберханалары, бетон және темір бетон құрылғыларын, бөлшектерді дайындаушы зауыттар, кірпіш зауыттар және т. б. ) өндіру, қайта өңдеу шығару және дайындаумен айналысады.
Кейбір қосалқы (көмекші) өндірістер құрылысты қажетті электр энергиясымен, бумен және т. б. (электр станциясы, бу айдағыш құрылғылар, жөндеу шеберханалары, көлік ұйымдары және т. б. ) қамтамасыз етеді.
Құрылыс өндірісінің технологиялық ерекшеліктері шаруашылық субъектілерінің талдамалық (аналитикалық) және жиынтық (синтетикалық) есебіне елеулі әсер етеді. Құрылыс өнімі тікелей жерге байланысты болады. Құрылыс барысында дайындалған өнім орнында қалады да, ал құрылыс техникалары жаңа объектілерге көшеді. Жұмысшы күшін және құрылыс техникаларын жаңа орындарға көшіру қосымша шығындарды қажет етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін демонтаждау, монтаждау) есепте алдын ала жинақталып, тиісті мерзімі және объектілері бойынша таратылып (бөлініп) отырылады.

Құрылыс өндірісінде өнімнің бір өлшемін дайындау үшін бірнеше есепті мерзімді құрайтын ұзақ уақыт қажет болады.

Өндірістің басқа түрлеріне қарағанда құрылыс өндірісінде өндіріс процесінің үздіксіздігін және бірнеше объектілерде бір уақытта жұмыстардың қатар жүргізілуін қалыптастыратын аяқталмаған құрылыс көп болады. Құрылыс процесіне жергілікті жердің өзгермелі метеорологиялық жағдайларында жұмыстардың ашық жерлерде орындалуы үлкен әсер етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын қыс мезгілінде орындау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге тиісті қосымша материалдық шығындар, сонымен қатар жылу, электр энергиясы қажет болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Қорғау және бағалау
Реферат құрылымы
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу
Құрылыс компанияларындағы шығындар есебі мен аудитін ұйымдастыру
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Практикалық жобалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz