Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамыту үдерісі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті
Балтабаев Ергали Тургынбайулы
Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - «Кәсіптік оқыту»
Шымкент, 2020
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті
«Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту» факультеті
«Көркем еңбек және бейнелеу өнері» кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
Л. Ахмет
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесі »
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындаған: Е. Т. Балтабаев
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Ж. Жусупов
Норма бақылаушы
Шымкент, 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 Тараудың атауы
1. 1 . . .
1. 2 . . .
1. 3 . . .
2 Тараудың атауы
2. 1 . . .
2. 2 . . .
2. 3 . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша (лар) . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес кәсіптік білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар-адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Елбасымыздың Жолдауында оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажеттігі баяндалған. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек екендігін атап көрсетті [1, 2 б. ] .
Елбасымыздың он қадамы бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыру елімізднгі ЖОО оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіру қарастырады.
Бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға бар күш-жігерін салу. «Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар-бұл ХХI ғасырда адамзат дамуына негізгі қозғаушы күш» деген (Н. Назарбаев) .
Сондықтан ертеңгі ғылым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс. Студенттерге заман талабына сай кәсіптік білім беру сапасын арттыруда оқытудың инновациялық технология, интерактивті сабақтар студенттердің білім құштарлығын, өз ойларын шығармашылық тұрғыда дамытуды айқындайды.
Ғылыми шығармашылық қызығушылықты тудыру студенттердің ізденімпаздық қабілетін дамытудың негізгі өзегі. Сондықтан жаңашылдық бағыттар арқылы ғана тұрақты ізденіс, шығармашылық қызығушылыққа қол жеткізуге болады. Шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның дамуында, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылады. Елбасымыз отандық өнімді көбейту туралы ашық айтты. Сондықтан болашақ жас мамандарды білімдар етіп тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасы қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, елжанды азамат тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру. Осы заманғы әлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бірлесіп құру, толеранттылық, азаматтық және осы елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу секілді шарттармен анықталады.
“Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде”атты еңбегінде: “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу бұл, әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы дамытуға барынша қолдау жасап отыр”, - деген сөзі мұның айғағы [2, 3б. ] .
Дегенмен, ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де тапшы. Сондықтан бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екенін дәлелдейтін жағдай. Осы қарама-қайшылықты негізге ала отырып ғылыми-теориялық негізде бір жүйеге келтіру және зерттеу мазмұнын айқындайтын «Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесі» деп аталатын зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесі.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді:
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің критерийлері мен деңгейлерін анықтау;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің жүйесін жетілдірудің жиынтығын негіздеу;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесін тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеу болжамы Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамуы арта түседі, егер:
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің ғылыми - әдістемелік негізі жасалса;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің мазмұны мен механизмдері жүзеге асырылса;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің шығармашылық қабілетін дамыту инновациялық негізде қарастырса.
Жетекші идея: Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамыту үдерісі.
Зерттеу әдістері: дерек көздеріне нақтылы және салыстырмалық талдау жасау; философиялық, психологиялық-педагогикалық, этнопедагогикалық, этнографиялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; психологиялық-педагогикалық бақылау әдістерін пайдалану; этнопедагогикалық материалдарды жинақтау және өңдеу, әдістемелік құралдарын пайдаланудың озық педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену; жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мамандықтары студенттерінің шығармашылық қабілетін дамытудың инновациялық әдістерін талдау мен оны ғылыми негізінде зерделеу, бағалау; тәжірибелік жұмыс негізінде зерттеу мен оның нәтижелерін анықтау.
Зерттеу пәні Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің ғылыми негізде оқыту әдістемесі.
Зерттеу жаңалығы Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің сонымен қатар зерттеу жұмысында алынған нәтижелер жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесінде, оқыту жоспарлау педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде қолданыс табуы мүмкін.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамытудың педагогикалық тәжірибелері айқындалды;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамытудың критерийлері мен деңгейлері анықталды;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамытудың жүйесін жетілдірудің жиынтығы негізделді;
- Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамыту әдістемесін тәжірибелік тұрғыда дәлелденді.
Жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, әр тарау 3 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ТАРАУ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Көркем еңбек пәнін оқытудың маңыздылығы мен педагогикалық шарттары
Бүгінгі бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық оны біз 20 жылдықта айттық. Сондықтан, мақсатқа жету біздін қолымыздан келеді. Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз. Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті. Біздің міндетіміз-айқын, алған бағытымыз дұрыс деп санаймын. Бұл жолда біз үшін ең бастысы - тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы. Дана халқымызда «Игілік басы - ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін не керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты - Көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет деп атап өтті. Мұның барлығы тәрбие барысындағы дамып жатқан өнердің әртүрлі салаларын кеңінен қолдану мен таратудың шұғыл даму жұмыстарының проблемасын туғызып отыр. Сондықтан, біз зерттеуді халықтың өнері, эстетикасы, философиясы, тарихы жайлы жазылған әдебиеттер сараптамасынан бастау алады. Халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан қазақ халқының қалыптасуы барысындағы шығармашылық дамуы бірнеше кезеңдерден өткен.
Қазақ мәдениетін қалыптастыруда ерекше еңбек еткен ғалымдардың көзқарасы қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде тәрбие жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған.
Қазақ халқының ағарту саласында педагогикалық-психологиялық негіздерін қалаған Әл-Фараби, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, т. б. еңбектерінде жарық көрген [3, 53б. ] .
Біздің зертеу жұмысымыз үшін жалпы педагогикалық теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған, сонымен қатар тәрбие аспектілерін зерттеген ғалымдар С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, Ж. Балкенов, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, К. Ж. Қожахметова, Ә. Табылдиев, Қ. Е. Ералин, Д. Ә. Кемешев және т. б. оқу үрдісінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту мәселесіне аса көп көңіл берген [4, 110б. ] .
Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы оқу-тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, педагогикалық және психологиялық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.
Қазақ мәдениеті мен қолөнерін зерттеуге археолог ғалымдар Қ. Ақышев, М. Қыдырбаевтар ерекше үлес қосты. Қ. Ақышев Іле бойынан табылған алтын киімді адамды тауып, М. Қадырбаев ашқан тасмола қазынасы еліміздің көне мәдениетін көрсететін теңдесі жоқ әлемдік жаңалық болды.
Әлі де болса көне қолөнердің халыққа қажетті үлгілері көп. Олардың ішінде табылмай, халыққа танылмай келе жатқандары де жетерлік. Қанша ғасыр өткенімен қатты метариалдарға орындалған өрмек, кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап, текемет, сырмақ түс киіз сияқты көркем бұйымдардың озық үлгілері бізге әлі тегіс жеткен жоқ.
Халық өнерінің туындыларын зерттеуде Қазақстандағы музейлер қызметкерлері, ғалымдар, археологтар, өнер зерттеушілері орасан зор еңбек етті. Жинақталған көне бұйымдар республикамызда орналасқан тарихи - өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде сақталуда. Бұл музейлерден қазақ халқының тарихын, этнографиясын, ою-өрнектерін көрсететін көркем бұйымдардың үлгілерін көруге болады.
Көне өнер туындылары Алматыдағы Орталық музейде Республикалық халықтық қолөнер музейінде, Қазақстан ғылым академиясының тарихы, археология және этногрфия институтында сақтаулы.
Қазақтың көне сәндік қолданбалы өнерін зерттеу ертеден басталған. Мұндай зерттеуге көптеген саяхатшылар, коллекционерлер, ғалым-этнографтар, археологтар, суретшілер кеңінен қатысқан. Бұлардың қатарынан Аткинсон, Краплат, Стасов, Берштам, Массон, Чекалов сияқты көрнекті зерттеушілер орын алады.
Кеңес дәуіріндегі халықтың қолөнерін зерттеуге Г. В. Григорьев, А. Н. Бернштам, Ә. Х. Марғұлан, Т. Басенов, А. Қ. Жұбанов, Ә. Тәжімұратов, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев, М. Мұқанов сияқты ғалымдар қомақты үлес қосты.
Сәндік қолданбалы өнердің қазіргі үлгілерін зерттеуге К. Өмірғазин, Б. Өмірбеков, Е. Асылғанов, К. Ли, С. Оразбаев, С. Төленбаев, М. Әлімбаев, А. Ниязов сияқты өнер зерттеушілердің еңбегі ерекше.
Республикамызда қолөнер мәдениетін бүгінгі талғам биік дәрежесінде халықтық дәстүр негізінде дамыту - нарықтық экономикалық заманында тиімді. Қазіргі халықтық көркем бұйымдары музейлерге қою үшін жасалмай, өнер тұрмыста қолдану үшін жасаулы қажет. Оларды жасау технологиясы жетілдіре түсуді қажет етеді .
Қазіргі кезде саптама етік, ер-тұрман, ұлттық шапан, тақиы, қалпақ сияқты ұлттық бұйымдар қазіргі тұрмыста жиі қолдануда.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің кейбір түрлері зауыттармен, фабрикалармен, кіші кәсіпорындарда жасалуда. Бұлардың қатарына Алматы керамика зауыты, Семей ет комбинаты, Шымкент кірпіш зауаты, Қапшағай Ақмола фарфор зауыты Шымкент тері илеу зауыты, Отырар музейі жанындағы цех сияқты кәсіпорындар кіреді.
Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады. Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады [5, 32б. ] .
Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.
Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесі халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарын меңгерудің орны ерекше. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т. б. бұйымдар) Ағаш, тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т. б.
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар. Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады. Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер дәлел.
Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарды.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу) .
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М. А. Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы - киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны - біз үшін үлкен мақтаныш.
Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай - ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған. 1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан.
1. 2 Студенттерінің шығармашылық қабілетін дамытуда тарихи кезеңдерді
оқыту
Кезінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстан есімі кеңінен таныс болған шеберлеріміз туралы айтқанда аузымызға ең бірінші Мұрын жыраудың есімі түседі. Шын аты Тілеген Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлап, етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең, бай іс- тәжірбиесін үйреніп жазып алып қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда Жүсіп, Махамбет, Күмбетбай, Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Аяған деген атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің өндірістік көркемөнер көрмесінің төтенше коммиссиясы қазақ шеберлерінің ыдыстарын «жұмысының мінсіздігімен, өрнектердің әсемдігімен ерекше көзге түседі»- деп атап өткен екен. Мінеки, қазақтың қолөнер шеберлеріне Ресей сияқты мемлекеттің берген үлкен бағаларының бірі осындай.
Студенттерінің шығармашылық қабілетін дамытуда тарихи кезеңдерді оқыту Қазақ халқының адам мен әлем арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретінде ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейтін педагогикалық ғылымы жалпыға білім беру жүйесінде көптеген көкейкесті мәселелерді айқындады. Әлемдік деңгейге жақындатылған жалпы орта білім стандарты белгіленді, сондай-ақ жоғары кәсіптік білім беру стандарттары жобалары жасалған.
Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңның 14 бабының оқу-тәрбие ісі барысын ұйымдастыру бөлімінің 8 пунктінде оқытудың жаңа технологияларын ресми түрде мақұлдап, жаңа мазмұн ендіру үшін білім беруді ұйымдастырудағы тәжірибе ретінде іске асырылатын білім беру программалары әзірлене алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz