Шудың түспей қалуының себебі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Шудың түспей қалуының себебі

2. 2. Шуды түсірудің әдістері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Шу - деп жатырдың ішінде төлдің өсіп дамуына байланысты пайда болған қағанақ қабаттарын айтамыз. Олар үш қабықтан тұрады ең сыртқы қабығы - хорионнан, одан төменгісі - аллантоис және ең кіші қабығы - амнион. Шу төл сыртқа шығып боған соң сиырда 6-12 сағатта, қой мен ешкіде 5 сағтта, шошқа және қоянда 3 сағатта, ал биеде 1, 5 сағатта тусу керек. Егер осы көрсетілген уақыттың ішінде шу түспесе, онда жедел жәрдем көрсетеді.

2. 1. Шудың түспей қалуының себебі

Шудың түспей қалуының себебі буаз малдың бағым - күтімі нашарлау серуенге шықпағандықтан организм болбырайды. Ал айтқанда жатырдың жиырылып- серпілу қызметі нашарлағандықтан шуды сығып шығарға әлі жептейді. Сонымен қатар жатырдың кілегей қабаты мен хорион жабысып қалуынан да шу түспей қалады. Мұндай жағдай көбінесе бруцеллез, трихомоноз, вибриоз тағы сол сияқты жұқпалы аурулармен ауырған малдан кездеседі.

Шудың түспей қалуы сиыр малында жиі кездеседі. Шу бір тәуліктен астам уақытта түспесе, ол шіри бастайды. Малдың жанына барғанда - ақ сасық иіс мүңкиді. Млдың дене қызуы көтеріледі. Жем- щөпке тәбеті болмайды. Бір - екі күнде сүті кеміп кетеді. Малдың өзі бүкірейіп, ыңырысып, күшене береді. Биелер үшін шу түспей қалу өте қауіпті. Егер дер кезінде шара қолданбаса жатырдағы у қанға тарап, бие бір - екі күннің ішінде өліп кетуі мүмкін.

2. 2. Шуды түсірудің әдістері

Шуды түсірудің әдістері көп- ақ. Сиырдың шуы 6-8 сағаттан кейін түспесе, оған синэстролдың 1 % майлы ерітіндісін 2-5 мл мөлшерінде питуитрин немесе окситоцинді 40-60 өлшемде жіберу керек. Кейде тік ішек арқылы қол салып жатырды уқаласа да жақсы нәтиже береді 0, 3-0, 5 кг қантты суға езіп, аузына құяды. Бұдан басқа қолданылатын дәрілер: эрготалдың 0, 5% ерітіндісі 6-8 мг; эргометриннің 0, 02 % ерітіндісін- 5-6 мл, прозериннің 0, 5% ерітіндісін 2-3 мг немесе карбохолиннің 0, 1% ерітіндісін 2-3 мл жібереді.

Прозерин мен карбохолинді өте сақтықпен қолдану керек.

Көп жағдайда осы дәрі- дәрмектер шуды түсіре алмайды. Сондықтан жатырдың ішінде әр түрлі микробтардың өсіп кетуіне жол бермеу үшін жатырға неше түрлі антибиотиктердің қосындысын құяды. Атап айтқанда соңғы кезде кеңінен қолданылып жүрген препараттар: метромакс, экзутеп, септиметрин. Сондай- ақ жатырға 3-5 литр ас тұзының 5-10% ерітіндісін немесе пепсин араласқан түз- қышқылын (пепсин 20 гр, тұз қышқылы 10мл, су 100 мл ) құйса шу жылдам түседі.

Егер жатырдың кілегей қабаты мен хорион жабысып қалған болса жоғарыда айтылған шаралар түсіре алмайды. Онда шуды қолмен түсіреді.

Ол үшін салбырап тұрған шуды бір қолмен жинап алып айналдырып орай бастайды, екінші қолды хорион мен жатырдан кілегкй қабатының басына салып ақырындап алға қарай жылжи береді, хорионның жатырға жабысқан жерлеорін біртіндеп ажыратып, босаған хорионды басқа қабықтармен сыртқа ақырындап тартып, шығара береді.

Шуды осылай қолмен алып түсірген кезде акушер қолын бірнеше рет хинол майымен қайталап майлап отырады және әлсін - әсін жатырға дезинфекциялық ерітінділер құйып отырса тіпті жақсы.

Шуды алып біткен соң жатырдың ішін ас тұзының қанықтырылған ерітіндісін, әйтпесе ихтиолдың 10-20 % ерітіндісін 300-500 мл шамасында, құю керек. Фуразолидон таяқшаларын антибиотиктер қосылған эмульсиялар немесе құрғақ ұнтақ дәрілер де жақсы нәтиже береді.

Жатырдың қабынуына жол бермеу үшін құрсақ ортасына Д. Логвиковтың әдісі бойынша новокаиннің 1% ерітіндісін 100 мл шамасында жіберсе, немесе Мосин блокадасын жасаса өте пайдалы болады. Сондай-ақ глюкозаға езілген ихтиолдың, 7% ерітіндісін бұлшық етке салса да тәуір нәтиже береді.

Биенің шуын құлындап болған соңі екі сағаттан асырмай мал алып тастау керек. Ал шошқаның шы түспей қалса, бұл өте қиын жұмыс Мұндай жағдайда барлық үмітті жатырды қоздыратын синэстрол, питуиртин (1-2 мл) ияқты дәрілерге ғана артады. Басқа емдеу әдістерінің пайдасы жоқ. Дене ыстығы көтерілсе бұлшық етке пени және басқа да антибиотиктер салу

Шаруашылықтағы гинекологиялық аурулардын таралуын болдырмау малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиясы жөнінен терең білімі болмай мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Гинекологиялық аурулар малдың қысыр қалуының бірден-бір себебі болып табылады.

Аналық малды бағып-күтудің ережелерін дұрыс сақтап, оны ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмдегі болатын физиологиялық-биологиялық процестерді дұрыс пайдаланып отырса, озық тәжіребие көрсеткендей әрбір 100 сиыр мен құнажыннан жыл сайын 100 аса бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады. Бағып күтудің ережелерін сақтамай, жануарлардың рационың дұрыс құрмай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында оның физиологиялық-биологиялық мүмкіндіктерін бағаламай қалай болса, солай малды пайдаланса, төменде келтірілген гинекологиялық ауруларға мал басының шалдығуы мүмкін. Гинекологиялық аурулардың салдарынан мал бедеулікке ұшырауы әбден ықтимал. Ал, бедеулік мал басының көбеюіне кері фактор болып табылады. Міне осыдан шаруашылыққа гинекологиялық аурулардың тигізер экономикалық залалын баса айтуға болады.

Шарушылық өркендеп, мал тұқымын асылдандыру ісі күшейген сайын ауыл шаруашылық малдардың бедеулігімен күресу туралы мәселе өзінен-өзі туды. Сондықтан гинекология ғылымы, яғни аналық малдың буаз емес кезінде, туар кезінде және туғаннан кейін жыныс системасының аурулары туралы ғылым керек болған.

Шудың түспеуі деп төл қабаттарының әр малдың өзіне тән белгілі уақытта түспеуін айтады. Туудың бұл патологиясы қыс, көктем айларында жйі кездеседі. Сиырдың шуы түспеуі - туғаннан соң 6-8 сағат өткенше шуының түспеуін айтады. Себептері: негізгі себебі - жатыр атониясы және хорионның жатыр карункулдарына жабысып қалуы. Әкеліп соқтыратын факторлар: малдың көтерімдігі, рационда құнарлы және минералды заттардың жетіспеуі, мационның болмауы, буаз кезінде індетті ауруға шалдығуы. Клиникалық белгілері және анықтауы: ауырған сиыр тынышсызданып, жонын көтеріп, жиі-жиі зәр жіберіп тұрады. Әрі қарай түспеген шуға микроорганизмдер еніп, оның шіріп, ыдырауы басталады. Жатыр бұл кезде мик-рофлорға толып кетеді. Малдың улануына байланысты дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді немесе болмайды, уыздың бөлінуі азайып, малдың жағдайы нашарлайды. Шуы түспеген сиырдың жыныс ернеуінен қызыл түсті былғаныш дене салбырап тұрады, мал жиі күшенеді. Осы көріністерге қарап диагноз қою оңай болады. Емдеу: сиырдың организімін күшейту үшін оған тұздалған су, шарана суын ішкізген жөн, 2 л суға 400-500 гр қантты ерітіп беру қажет. Күре тамырына 150 мл глюкозаның 40%-дық ерітіндісін, 100 мл кальций хлоридінің 10%-ды ерітіндісін және 10 мл 20%-дық кофеиннің ерітіндісін жібереді. Тері астына 20%жаңадан сауылған уызды егеді. Қолқаға новокаиннің 1%-дық ерітіндісіне (30-40 ӘБ)

окситоцинді қосып жібереді. Жатыр арқылы жатырдың кілегей қабатымен және хорионның ортасына 300-500 мл ерітіндісін жіберіп, 2-3 таблетка экзутер дәрісін салады немесе ақ чемерицаның 10%-дық ерітіндісін балық майымен қосып жатыр ішіне жібереді. Ақ чемерицаның балық майымен қосындысын жатыр қуысына 100-150 мл бір рет жібереді, керек жағдайда 10-12 сағаттан кейін қайталайды. Ерітіндіні ПОС-5 приборымен (шошқаны ұрықтандыруға арналған) немесе резеңке катетермен шыны түтікше арқылы жібереді. Препаратты жібергеннен кейін 10-20 минут өткенсоң жатыр мен қынап 30-60 минутқа дейін қатты жиырылады. малдың шуы түспегенде алғашқы уақыт ішінде шара қолданса немесе туа салсымен алдын-алса, емдеу жұмыстары жоғары нәтиже береді. Егер атап өткен шаралар нәтиже бермесе, онда шуды қолмен алып тастайды. Шуды қолмен алар алдында сиырға төменгі сакралды анестезия жасап, жатыр қуысына 300-500 мл 20%-дық ихтиолдық ерітіндісін немесе натри хлоридінің гипертониялық ерітіндісін жіберіп, шуды алуды жеңілдетеді. Шудың салбырап тұрған бөлігін қолмен ұстап жиырып тартады. Содан кейін алдын-ала ихтиол майы жағылған оң қолмен карнукулдарды тауып, олардан харионның кателидондарын ағытады. Сол қолмен ағытылған сайын шуды тартып отырады. Шуды алып болғаннан кейін жатыр қуысына көпіретін (септометрин, экзутер) немесе микробтарға қарсы эмульсиямен суспензияларды балық майына араластырып жібереді. Тері астына окситоцин егіп, Мосин блокадасын жасаған жөн

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу
Аборттың жіктелуі
Сиырларда жатыр инволюциясының ұзақтығы
Паразиттік аурулар
Сарпай мен қынаптың жарақаттары
Аналық ұрық безі
Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )
Туғаннан кейінгі эндометриттің таралуы
Созылмалы катаральді эндометрит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz