Педагогикалық бақылаудың мәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Реферат

Тақырып: Бақылау формалары

Орындаған: Аймакова Т. Б.

Тобы: ХТОВМ - 19 - 1

Тексерген: Нурмаганбетова М. С.

2019-2020 оқу жылы

Жоспар

I. Кіріспе . . . 3
1. Оқу жетістіктерін бақылау білім сапасын басқару элементі ретінде . . . 4
1. 1 Педагогикалық бақылаудың мәні . . . 5
1. 2 Оқу үрдісіндегі білімді бақылаудың функциялары және принциптері . . . 5
1. 3 Бақылаудың түрлері мен бөлімдері . . . 9
2. Педагогикалық бақылаудың негізгі ұғымдарын сипаттау . . . 10
2. 1 Сыртқы бақылау . . . 10
2. 2 Өзара бақылау . . . 12
2. 3 Өзін - өзі бақылау . . . 12
2. 4 Бақылау нысандары . . . 13
2. 5 Бақылау әдістері . . . 15
III. Қорытынды . . . 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 17

Кіріспе

Бақылау білім берудің және білім сапасын басқарудың негізгі компоненттері-нің бірі болып табылады. Білім беру процесін формальды емес, нақты басқару үшін мұғалімге білім беру процесінің жан - жақты жиылған нақты деректері болуы қажет. Білім беру сапасын басқару процесі ағымдағы бақылау құралдары бойынша алынатын аралық нәтижелер туралы ақпаратсыз, тұрақты кері байланыссыз мүмкін болмайды. Бүгінгі күні білім беру процесіне қатысушылардың алдында білім беру сапасын арттыру, оның жаңа стандарттарға бейімделуі проблемасы тұр. Қазіргі уақытта педагогикалық бақылау ерекше маңызға ие, өйткені "сапалы білім беру"түсінігін қайта қарау жүріп жатыр. Ақын педагогикалық бақылаудың тиімділігін арттыру мәселесі өзекті.
Бақылау жүйесінің тиімділігі және оқыту нәтижелілігінің барысын бағалау оқыту мақсаттарының қаншалықты нақты және толық іске асырылып жатқанын негізді түрде бағалау және уақытында қажетті түзетулер енгізу, оқушыларды мектеп пәндерін табысты меңгеруге ынталандыру үшін қажет. Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі мектептегі педагогикалық бақылаудың түрлері мен нысандарын және оның білім сапасына әсерін зерттеуінде тұр.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді бөлуге болады:
1. Қазіргі білім беру тәжірибесі аясында оқу жетістіктерін педагогикалық бақылаудың мәнін анықтау үшін әдебиетті талдау.
2. Педагогикалық бақылаудың негізгі ұғымдарын сипаттау.

Білімді бақылау мәселесі бойынша жинақталған мәліметтерді жүйелеу
оқытушылардың алдында тұрған негізгі мақсатты болып саналады.
Мұғалім сабаққа дайындалу кезінде бақылаудың қажетті түрлерін іздеу және оны ұйымдастыру - педагогтың маңызды міндеті екенін есте сақтау қажет. Кімді, қашан, қанша оқушы, қандай мәселелер бойынша, қандай құралдардың көмегімен сұрау және бағалау қажет - мұның бәрін мұғалім сабаққа дайындалу кезінде ойлауы тиіс. Әрбір мұғалімнің өзінің бақылау жүйесі бар, ол оқушылардың мұғалімнің өз жетістіктерін, білімді меңгеру деңгейі мен сапасын үнемі қадағалайтынын түсінуі үшін жұмыстың әр түрлі құралдары мен тәсілдерін қамтуы тиіс. Айта кететін жайт, оқыту мазмұнының негізгі компоненті білім ғана емес, дағдылар мен икемділіктер де болып табылады. Оларды қалыптастыру кезінде бірінші жоспарға нығайту сияқты оқыту тәсілі ұсынылады. Дағдының табысты қалыптасуы (демек, шеберлігі) оқушының іс-әрекетінің дұрыс немесе дұрыс еместігін білмей жүзігі асырылмайды. Мұндай ақпаратты сырттан алмастан (негізінен мұғалімнен), ол өз іс-әрекетіне өзі баға береді, бұл жиі қате нұсқаулықтар бекітеді және оқушылардың дұрыс емес дағдыларын қалыптастырады. Сөйлеу дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру кезінде оқушының іс-әрекетіне мұғалім баға беруі тиіс. Оқушының іс-әрекетін бағалау және нығайтупедпгогтың басты назарына айналғаны дұрыс деп есептеймін. Сонымен қатар, бағалау дұрыс болуы үшін, нақты айтқанда, білікті бақылау қажет және бағдарлау болып табылады.

Білім берудегі бақылау неге ерекше маңызға ие екені және толық теориялық негіздемені неге талап етеді деген сұраққа бүгін жауап беруге тырысамын.

1. Оқу жетістіктерін бақылау білім сапасын басқару элементі ретінде
1. 1 Педагогикалық бақылаудың мәні

Оқушылардың білімін білім беру үдерісінің жеке құрамдас бөлігі ретінде тексеру туралы түсініктің принципті маңызы бар. Материалды меңгеру тиімділігін бақылау оқытудың барлық кезеңдерінде талап етілетін міндетті компонент болып табылады. Бағдарламаның қандай да бір бөлімін өткеннен кейін немесе кезекті сыныпты аяқтағаннан кейін оны жүзеге асыру аса маңызды.

Бақылау - бұл бір уақытта теориялық зерттеулердің объектісі және педагогтың практикалық қызметінің саласы. Бақылаудың көмегімен оқытудың жаңа әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға, жоспарланған, жүзеге асырылатын және қол жеткізілген білім беру деңгейлері арасында өзара байланыс орнатуға, әртүрлі оқытушылардың жұмысын салыстыруға, оқушының, студенттің жетістіктеріне баға беруге және оның білімдеріндегі кемшіліктерді анықтауға, оқу орнының басшысына басқарушылық шешімдер қабылдау үшін объективті ақпарат беруге болады.

"Педагогикалық бақылау" ұғымының өзі оқу процесіне қатысты бірнеше түсініктер қалыптасқанын біле отыра, мен өзімнің түйімдемемді қосқым келеді. Педагогикалық бақылау тексеру қызметінің тұтас дидактикалық және әдістемелік жүйесі болып табылады. Педагогтердің жетекшілік және ұйымдастыру рөліндегі оқытушылар мен оқушылардың өзара байланысты бірлескен қызметі оқу процесінің нәтижелерін анықтауға, оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Екінші жағынан, әдеттегі оқу процесіне қатысты оқушылардың оқу іс-әрекетінің қорытындысын анықтап, бағалап бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады деп түйіндеймін.

1. 2 Оқу үрдісіндегі білімді бақылаудың мақсаты, функциялары және принциптері

Білімді, қабілетті ұрпақ оқытудың негізгі мақсаты қазірден бастап оқушылардың жетістіктері, жемістері үшін жағдайлар жасау, білімді, іскерлікті тереңдету жағынан оң әсерін тигізбек. Өйткені, кейіннен осы пункттер арқылы болашақ студенттерді белсенді шығармашылық қызметке қосу оңайырақ болмақ. Бұл мақсат ең алдымен меңгеру сапасын анықтаумен байланысты, оқу материалдар бойынша бағдарламада көзделген дағдыларға жауап беріп, бағаланау арқылы студенттің қортынды бағасы есептелінетіні ежелден келе жатқан қағида. Екіншіден, қадағалаудың негізгі мақсатын нақтылау студенттерді оқытумен байланысты өзара бақылау және өзін-өзі назарда ұстау, өз-өзіне деген жауапкершілікті тәрбиелейді. Үшіншіден, бұл мақсат оқушылардың жеке қасиеттерін бағалап, орындалған жұмысына деген жауапкершілігі алғыр бастаманың көрінісі. Егер білім мен іскерлікті бақылаудың аталған мақсаттары жүзеге асырылса, онда бақылау келесі функцияларды орындайды деп айтуға болады:
1. Бақылау
2. Оқыту
3. Диагностикалық
4. Болжамдық
5. Дамытушылық
6. Бағдарлылық
7. Тәрбиелеу

Бақылау функциясы оқушылардың білімі мен іскерлігінің жағдайын, олардың ақыл - ой дамуының деңгейін анықтаудан, танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру дәрежесін, тиімді оқу еңбегінің дағдыларын жинақтаудан тұрады.

Бақылаудың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыларды одан әрі игеру үшін бастапқы деңгей анықталады, оларды ұғыну белсенділігі мен көлемі зерделенеді. Жоспарланған нақты нәтижелермен салыстырылады, педагок қолданатын оқыту әдістерінің, нысандары мен құралдарының тиімділігі меңгеріледі.

Бақылаудың оқыту функциясы білім мен іскерлікті жетілдіруден, оларды жүйелендіруден тұрады. Тексеру барысында оқушылар зерттелген материалды тексереді және бекітеді. Олар бұрын зерттелген білімдерін ғана емес, сонымен қатар жаңа жағдайда білімі мен іскерлікті қолданады.

Тексеру - оқушыларға зерделенген материалды анықтауға, білім мен іскерлікті нақты және анық түсінуге, өз ойын қортындылауға көмектеседі. Бақылау сондай-ақ білімді жинақтау мен жүйелендіруге ықпал етеді.

Бақылаудың диагностикалық функциясының мәні - оқушылардың оқу материалдарын меңгерудегі білімдері мен іскерліктеріндегі қателіктер, мен кемшіліктер, олқылықтар, саны, сипаты туралы ақпарат алу негізінде жатыр. Диагностикалық тексерулердің нәтижелері оқытудың неғұрлым қарқынды әдістемесін таңдауға, сондай-ақ оқыту әдістері мен құралдарының мазмұнын одан әрі жетілдіру бағытын нақтылауға көмектеседі.

Тексерудің болжамдық функциясы оқу - тәрбие процесінде озық ақпаратты жүйелеп алуға қызмет етеді. Тексеру нәтижесінде оқу процесінің белгілі бір бөлігінің барысы туралы болжам жасауға негіз бола алатынын: оқу материалының ( бөлімнің, тақырыптың) кейінгі ақпараттарды меңгеру сапасы нақты білім, білік және дағдыны сіңіріп алуға жеткілікті дәрежеде ме ?, - деген сұраққа жауап іздейді.

Болжамның нәтижелеріне сүйене отырып, бүгінгі күні бұрынғы, қазіргі заман типіндегі қателіктерге жол беретін немесе танымдық іс-әрекет тәсілдері жүйесінде белгілі бір проблемалар бар студенттің ары қарай мінез-құлқының моделін құру үшін нақты ақпарат жинап, студенттермен тікелей жұмыс жасауында жатыр.

Болжам оқу процесін одан әрі жоспарлау және жүзеге асыру үшін дұрыс қорытынды алуға көмектеседі.

Бақылаудың дамытушылық функциясы оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырудан, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудан тұрады. Бақылау оқушылардың дамуында ерекше мүмкіндіктерді ашуға ықпал етеді. Бақылау барысында студенттердің сөйлеу, есте сақтау, зейін, қиял, ерік-жігері мен ойлауы дамиды. Бақылау - жеке тұлғаның қабілеттері, бейімділігі, мүдделері, қажеттіліктері сияқты қасиеттерінің дамуына және көрінуіне үлкен әсер етеді.

Бақылаудың бағдарлаушы функциясының мәні-жекелеген оқушылар мен жалпы топпен оқыту мақсатына жету дәрежесі туралы ақпарат алу, оқу материалының қаншалықты меңгерілгендігі және қалай терең зерттелгені жөнінде білу.

Жалпы қоса кетер жайт, бақылау оқушылардың бос уақытында олардың қателіктерін және кемшіліктерін аша отырып, білім мен іскерлікті жетілдіру бойынша күш - жігерлерін ұтымды қолдану бағыттарын көрсетеді. Бақылау студентке өзін жақсы білуге, өз білімі мен мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.

Бақылаудың тәрбиелік функциясы студенттердің оқуға, тәртіпке, ұқыптылыққа, адалдыққа деген жауапкершілігін тәрбиелеуден тұрады.

Тексеру студенттердің тапсырмаларды орындау кезінде өздерін барынша байсалды және нақты бақылауға итермелейді. Ол тұрақты еңбекке деген ерік-жігерді, табандылықты, әдетті тәрбиелеудің шарты болып табылады.

Бақылау функциясының бөлінуі оның білім алу процесіндегі рөлі мен білімін көрсетеді. Оқу процесінде функциялардың (атқарымдарының) өздері әртүрлі дәрежеде және әртүрлі үйлесімде көрінеді. Бөлінген функцияларды іске асыру қандай дәрежеде болғаны дұрыс ?, - деген сұрақ туындайды. Ең бірінші талап оқу процессі өз дәрежесінде түсіндіріліп, студенттерге ұғымды тілде білім берілгенінде, екінші талап практикада бақылау тиісті деңгейде жүргізілсе соғұрлым білікті маман алуымызға септігін тигізері анық. Бақылау: мақсатты; объективті; жан-жақты тұрақты және жеке болуы тиіс. Бақылау қағидаларын толық ашайық:

а) әрбір тексерудің мақсатын нақты анықтауды көздейді. Мақсатты қою бақылаудың пайдаланылатын нысандарын, түрлерін, әдістері мен құралдарын негіздеу жөніндегі барлық одан арғы жұмысты айқындайды. Бақылау мақсаттары мынадай сұрақтарға жауаптарды болжайды: кімнің сұралуы тиіс, тексеру нәтижелері негізінде қандай қорытынды жасауға болады, тексеру жүргізуден қандай нәтиже күтіледі. Бақылау мақсаттарын нақтылау кезінде оқытудың осы кезеңінде іске асырылатын студенттерді тәрбиелеу, дамыту және оқыту мақсаттарынан туындайды.

б) бақылаудың объективтілігі оқушылардың нақты үлгерімін бұрмалайтын және бақылаудың тәрбиелік мәнін төмендететін субъективті және қате пайымдаулар жағдайларын ескертіп, бақылауында болады. Бақылаудың объективтілігі көптеген факторларға байланысты. Олардың арасында мыналар бөлінеді: оқытудың жалпы және нақты мақсаттарын негізгі сатыларға бөлу, іріктеу, бақылау мазмұнының негізділігі, бақылау нәтижелерін өңдеу, талдау, бағалау әдістерімен қамтамасыз етілуі, бақылау жүргізудің ұйымдастырылуы. Бұл мәселелерді шешуге көбінесе бақылаудың объективтілігі мен сапасына тікелей тәуелді.

в) бақылаудың жан-жақты болуына тағы бір пункт тексерілетін материалдың мазмұны бойынша қарастырылуында. Бұл принцип осы курстың негізгі идеяларын меңгеруді және белгілі бір мазмұндық, өзекті желілері бойынша оқу материалын меңгеруді және оқушылардың жекелеген және маңызды фактілерді, ұғымдарды, заңдылықтарды, іс-әрекет тәсілдерін білуін қамтытады. Мұндай жағдайда тексерілетін материалдың көптігі тапсырмаларды құрастыру әдістемесіне қарап күрделенеді, яғни тексеру объектілерін бөлу және жинау жүйесіне жоғары талаптар қойылады.

г) жүйелі бақылау - ол оқу үрдісімен үйлеседі.

Жүйелі бақылау даралығы әр студенттің білімін, іскерлігін, дағдыларын бағалауды талап етеді.

1. 3 Бақылаудың түрлері мен бөлімдері

Бақылау-оқытудың ажырамас бөлігі. Оқу үрдісінде бақылауды орындайтын функцияларға байланысты оның үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:

1. алдын - ала

2. ағымдағы

3. қорытынды

Алдын ала бақылаудың мақсаты білім алушының тұлғасының әр түрлі жақтарының бастапқы деңгейін, ең алдымен - танымдық қызметтің бастапқы күйін, сонымен қатар - әрбірстуденттің жеке деңгейін белгілеуден тұрады.

Кез келген тақырыпты (бөлім немесе курс) зерделеудің табысы оқытудың алдыңғы кезеңдерінде ұққан ұғымдарды, терминдерді, ережелерді және т. б. меңгерудің дәрежесіне байланысты сараланады. Егер педагогта бұл туралы ақпарат болмаса, онда ол оқу үрдісінде жобалау және басқару, оның оңтайлы нұсқасын таңдау мүмкіндігінен айрылады. Қажетті ақпаратты педагогтерге білімді алдын ала бақылау ретінде белгілі пропедевтикалық диагностиканы қолдана отырып алады. Соңғысы оқудың бастапқы деңгейін анықтау үшін де қажет. Оқытудың бастапқы деңгейін жеткен жетістіктермен салыстыру білімнің "өсуін" өлшеуге, білік пен дағдының қалыптасу дәрежесін, дидактикалық процестің динамикасы мен тиімділігін талдауға, сондай-ақ педагогтың, оқушылардың оқытылуына қосқан үлесі, педагогикалық еңбектің тиімділігі туралы объективті қорытынды жасауға, педагогтың кәсібилігін бағалауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы бақылаудың маңызды функциясы кері байланыс функциясы болып табылады. Кері байланыс оқытушыға әрбір студенттен игеру (ұғыну) барысы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ол игеру процесінің табысты өтуінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кері байланыс түпкілікті нәтиженің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы ғана емес, сонымен қатар процесс барысын бақылауды жүзеге асыруға, білім алушының іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік беруге тиіс.

Ағымдағы бақылау дидактикалық үдерістің барысын диагностикалау, соңғысының динамикасын анықтау, жекелеген кезеңдерде нақты қол жеткізілген нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру үшін қажет. Болжау функциясынан басқа ағымдағы бақылау және білімді есепке алу, оқушылардың оқу еңбегін ынталандырады, материалды меңгеру барысындағы олқылықтарды уақытылы анықтауға, оқу еңбегінің жалпы өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

Әдетте ағымдық бақылау ауызша сұрау арқылы жүзеге асырылады, қолданыста педагогтар: бейнелер, магнитофонды және т. б. сияқты формаларды кеңінен қолданады. Жұмыс аяқталғаннан кейін жіберілген қателіктер міндетті түрде талданады.

Оқушылар үнемі игеру процесінің өзінің уақытша шекарасы бар екенін және бағаланатын белгілі бір нәтижемен аяқталуы тиіс екенін білуге міндетті. Бұл дегеніміз, кері байланыс функциясын орындайтын бақылаудан басқа, қол жеткізілген нәтижелер туралы түсінік беруге бағытталған бақылаудың басқа түрі. Бақылаудың бұл түрі әдетте қорытынды деп аталады. Қорытынды жеке оқыту циклына да, тұтас пәнге де немесе қандай да бір бөлімге де қатысты болуы мүмкін. Оқыту практикасында қорытынды бақылау оқу нәтижелерін бағалау үшін кеңінен қолданылады.

Қорытынды бақылау әр тоқсан мен оқу жылының соңында кезекті қайталау кезінде, сондай-ақ емтихан (сынақ) барысында жүзеге асырылады. Дидактикалық процестің дәл осы бөлімінде оқу материалы жүйеленіп, қорытылады. Жоғары тиімділікпен тиісті түрде құрастырылған оқыту тесттері қолданылуы мүмкін. Қорытынды тест тапсырмаларына қойылатын басты талап - олар ұлттық білім беру стандартының деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Қазіргі заманда компьютерлерді және арнайы бағдарламаларды қолдана отырып, қорытынды тестілеу технологияларын кеңінен пайдалануға мүмкіндіктеріміз әлде қайда жоғарғы дәрежеде.

Оқушылар қызметінің нәтижелеріне бақылауды кім жүзеге асыратынына байланысты бақылаудың келесі үш түрін бөледі:

1. Сыртқы (оқушының іс-әрекетін тиісті органдар қадағалау арқылы жүзеге асырады)
2. Өзара (оқушыларға жолдастарының ықпалымен жүзеге асырылады)
3. Өзін - өзі бақылау


2. Педагогикалық бақылаудың негізгі ұғымдарын сипаттау
2. 1 Сыртқы бақылау

Оқушылардың білімі мен іскерлігін оқытушы бақылау барысында келесі компоненттерді бөледі:

1. Оқу материалының осы бөлігін зерттеу мақсатын нақтылау және бақылаудың нақты мазмұнын белгілеу.

2. Оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін бағалау.

3. Қойылған мақсаттарға сәйкес келетін бақылау түрлерін, нысандарын, тәсілдері мен құралдарын таңдау.

Бақылау мазмұнын анықтау оқу материалының бөлімін зерттеу мақсатына байланысты. Оқушылардың білімі мен іскерлігін бақылау үшін құралдарды әзірлеу негізі мақсаттар мен мазмұнды сипаттаудың әртүрлі тәсілдеріне жүгінеді.
Олардың екеуін қарастырайық:

Бірінші тәсіл оқушылардың білімі мен іскерлігін оқыту нәтижесінде қалыптасқан білімге тән қасиеттерді: толымдылығы, тереңдігі, жалпылануы, саналы түрде көрсете отырып байланыстырады.

Екінші тәсіл білімді меңгеру деңгейін және оларға сәйкес қызмет түрлерін көрсетумен байланысты.

Материалды меңгерудің келесі деңгейлерін анықтайды: тану, есте сақтау, ой талдау, түйіндеу.

Оқушылардың білімі мен іскерлігін бақылау үрдісі бағалаумен және зерделеумен байланысты. Бұл ұғымдарды ажырату керек.

Бағалау - адам жүзеге асырған іс - әрекетіне деген оң процесі, әрекеті (қызметі) .

Зерделеу осы процестің нәтижесі ретінде (іс-әрекеттің нәтижесі), оның шартты формальды өрнегі ретінде түйіндеме шығарады.

Оқытушы үшін бағалау оқытушы - оқушы жүйесіндегі кері байланыс барысында оған түсіндірілетін ақпаратты өңдеу нәтижесі болып табылады. Осы ақпаратты жүзеге асыра отырып, оқытушы оқушыға баға берудің сандық көрінісі болып табылатын белгі қояды. Белгі оқушы жетістіктерінің деңгейін көрсете отырып, құжаттарда тіркеледі. Орта арнаулы оқу орындарында оқушылардың білімі мен іскерлігі он балдық жүйе бойынша бағаланады.

Бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы зор. Ол оқушының оқу іс-әрекеті нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады, оның білімі мен іскерлігінің жай-күйі және олардың бақылау талаптарына сәйкес дәрежесі туралы түсінік береді, оқушының өзі туралы қандай пікір қалыптастыра алса, сол арқылы оқу бөлімшесінің білім беру сапасынан да хабардар ететінін естен шығармаған жөн. Мұның бәрі оқушының өзін-өзі бағалауын түзетеді.

2. 2 Өзара бақылау

Студенттердің оқу іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігін өзара бақылаудың рөлін асыра бағалау қиын.

Ол адалдық пен әділдік, ұжымшылдық сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыруға жәрдемдеседі. Өзара бақылау оқытушыға оқушылардың білімін тексеруді жүзеге асыруға көмектеседі. Оқу орнында сабаққа ұйымдастырушылық дайындығын өзара тексеру (үй тапсырмасын орындауды анықтайтын өзара бақылау) және оқушылардың білімін ішінара, эпизодтық өзара тексеру (сабаққа жауаптарды рецензиялау, жазбаша жұмыстарды рецензиялау) жиі қолданылады. Білім, білік, дағдыларды жүйелі тексеру өте сирек қолданылады.

Білімді өзара тексеру оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді, білімге деген қызығушылықты арттырады. Сөздің шыны керек, дәл осындай топтық жұмыстар мен үшін өте қызықты, әрі тиімді бағалануыма өз септігін тигізгенін байқадым. Өзара бақылау барысында студенттердің жеке ерекшеліктері, олардың жолдастарымен қарым-қатынасы ашылады.

2. 3 Өзін - өзі бақылау

Сабақ тақырыбына байланысты белгілі бір дағдыларды қалыптастыру арқылы сабақта және сабақ тақырыбына байланысты өзгеріп отыратын өзіндік тапсырмаларды жүйелеп, әр студенттерге бөліп беруден тұрады. Бір жағдайда ол талдау: тәсілдер, заңдылықтарды көре білуге, сұрақтар қоюға, қорытынды жасауға үйретуге негізделген қағидат.

Басқа жағын алып қарастырсақ ол студенттердің өз жұмысының нәтижелеріне сыни көзқарастарды сезініп, сол арқылы өзіне деген талапты қалыптастыруына көзін ашады. Оқытушының үнемі назарын студенттердің өз қабілетіне деген сенімін тәрбиелеу мәселесі де талап етіледі. Көптеген студенттер шүйеленісті мәселелерді шешуге кірісуден қорқады. Оған бір себеп, мәселенің шешімі белгісіз болғандығынан болар. Кейде қиындықтар алдында қорқыныш пайда болады, оларды өз бетінше жеңе алмау келешекте үлкен қақтығыстарға алып келетіні сөзссіз. Мұнда бір ғана шығу жолы бар - оқушыларға, студенттерге өзін-өзі бақылау дағдылары мен өз алгоритімдерін құрастырып, бір шешімге келуге үйрету. Бұл тәрбие психологиялық, педагогикалық тұрғыдан аса маңызды. Өйткені оқушылар, студенттер өз оқу іс-әрекетін басқаруға қатысады. Бұл олардың сабақтарына, жұмысына қанағаттану рахатын сездіріп, олардың өзіне, өзінің танымдық қабілетіне сенуге мүмкіндік береді, шығармашылық бастама мен дербестік үшін кең өріс ашатыны айдан анық.

2. 4 Бақылау нысандары

Тексеру - қорытынды бақылау нысандарында жүзеге асырылады, көп жағдайда тапсырмаларының сипаты және ондағы терең ой сарапталып ақпарат анықталып алынады. Мұның барлығы мұқият басты тапсырмаларды іріктеуді талап етеді.

Тапсырма әрдайым маманды даярлау кезінде қандай да бір пәнді зерделеу мақсатын көрсетуі, оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бақылау келесі нысандарын бөледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау
Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау
Педагогикалық себептер
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Бастауыш және орта кәсіптік оқыту
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz