Операциялық жүйелердің түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
1.Операциялық жүйе туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім:
1.Операциялық жүйелердің түрлері
2. ЭЕМ үшін әртүрлі типті операциялық жүйелер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Операциялық жүйе (ОЖ) - программалық құралдардың кешені, олар:

- ресурстарды (физикалық және логикалық) басқаруды, яғни компьютерлердің барлық ақпараттық құралдарының үйлесімді жұмысын;

- үрдістерді басқаруды, яғни программалардың орындалуын, олардың аппараттық құралдар, мәліметтермен әсерлесуін;

-пайдаланушы интерфейсін, яғни пайдаланушының компьютермен диалогын жүзеге асыруды жасақтайды. Бұлар ОЖ-нің негізгі атқаратын қызметін анықтайды.

ЭЕМ (компьютер) физикалық ресурстары қатарына - оперативті жад, процессор, монитор, басу құралдары, магниттік және оптикалық дискілер, ал логикалық қатарына - программалар, файлдар, оқиғалар, т.с.с. жатады.

Үрдістер дегеніміз - сәйкес енгізілген программамен және ол қолданатын мәліметтермен анықталған қимылдардың белгілі бір тізбегі.

Операциялық жүйе - ең машиналық-тәуелді программалық құралдар, сондықтан олар белгілі компьютер типтеріне бағытталады. Қазіргі замнға дейін ОЖ де ЭЕМ-дер дамуына сәйкес өзгерістерді бастан кешірген және көптеген әртипті машиналар кластарына сәйкес түрлері бар (OS360, OS370, OS2, VMSVAX, VNIX, LUNIX, MS-DOS, Windows 95, Windows NT, Windows XP, т.с.с.). Операциялық жүйелерді жіктеуді бірнеше ірі мінездемелерге байланысты қарастырайық (әдебиеттерде мұндай жіктеулердің әртүрлілері ұсынылады): алдына қойған мақсаттарына, есептерді өңдеу режімдеріне, жүйемен әсерлесу әдістеріне байланысты.

Мақсаттарына байланысты:

- жалпы мақсаттағы;

- арнайы мақсаттағы

операциялық жүйелер болып бөлінеді. Арнайы мақсаттағы ОЖ-ң келесі түрлері болады: тасымалданатын микрокомпьютерлерге және әртүрлі ендірілген жүйелерге арналған, мәліметтер қорын ұйымдастыруға және жетелеуге арналған, ақиқат уақыт режіміндегі есептерге арналған, т.с.с.

Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:

- бірпрограммалы (MS-DOS, MSX),

- мультипрограммалы (OS2, UNIX, Windows) режімдегі ОЖ.

Мультипрограммалы режімде бір процессорлы машинада бір уақытта бірнеше программаның орындалуы жүзеге асырылады. Кейде бұл жағдайда мультиесепті режім туралы да айтылады, алайда мультипрограммалы және мультиесепті режімдер синонимдер емес, жақын ұғымдар.

Олардың негізгі айырмашылықтары:

-мультипрограммалы режімде бірнеше программалардың бір уақытта орындалуы жүйенің өзімен басқарылады;

-мультиесепті режімде мұндай басқаруды программалаушының өзі жүзеге асыруы қажет.

Қазіргі дербес компьютерлерге арналған ОЖ жоғарыдағы екі режімді де қолдайды.

Есептеу жүйесімен диалогтық режімде әсерлесу мінездемелеріне байланысты:

-бірпайдаланушылы (біртерминалды) (MS-DOS);

-көппайдаланушылы (көптерминалды) (UNIX, Windows NT) ОЖ болып жіктеледі. Көппайдаланушылы ОЖ-де бір есептеу жүйесімен бір уақытта бірнеше пайдаланушылар өз терминалынан жұмыс атқаруына болады. Сондықтан көппайдаланушылы режім мультипрограммалы режім болуын қажет етеді.

Сонымен қатар, көптеген ОЖ-дің маңызды қасиеті бір есептің көлемінде есептеулерді параллель жүргізуге байланысты көптармақты (көпағындықты) болуы. Мұндай ОЖ-де процессор уақыты бірнеше есептер арасында емес, бір есептің әрбір тармақтары (ағындары) арасында бөлінеді.

ОЖ-дің көпроцессорлық өңдеуді қолдайтын маңызды қасиетіне байланысты көппроцессорлы ОЖ анықталады. Мұндай жүйелердің қатарына IBM фирмасының OS2, Sun фирасының Solaris 2.x, Microsoft-тың Windows NT және Novell NetWare 4.1 жүйелері жатады.

2. ОЖ төрт негізгі түрі бар:
Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;
Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысын тездетеді.;
Бір пайдаланушылық көп есептік бір қолданушыға көп есептермен жұмысжасап,өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады;
Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады. Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.
Компьютердіңәртүрлімоделіндеәртүрлі архитектуралықжәнемүмкіншілдікопера циялықжүйелердіқолданады.Оларменжұм ысістеуүшінәртүрліресурстарқажет. Оларәртүрлібағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді.Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:
Еңгізу шығару бағдарламаларын басқару;
Файлдық жүйе және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар;
Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған командаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.
Әрбір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы олар арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады:
Каталогтарды қарау;
Сыртқы жетек таңбаларды орындау;
Бағдарламаларды еңгізу;
Басқа әрекеттер.
Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың еңгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады.Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады -- драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер еңгізу-шығару базалық жүйе жиынын құрайды. (BIOS).

3. Қазіргі уақытта әртүрлі ЭЕМ үшін әртүрлі типті операциялық жүйелер бар, бірақ олардың құрылымдарында бірнеше жалпы принциптер бар. Мұндай принциптерге келесілер жатады:

-жүйенің негізі - ядросы болады. Ядро құрамына жиі қолданылатын модульдер: үзілістерді өңдеу модульдері, ОЖ және процессор ресурстарын бөлу модульдары, т.с.с. кіреді. Ядро құрамына енетін программалар ОЖ жүктелген уақытта оперативті жадқа орналасады және ЭЕМ қызметі кезінде әрқашанда сонда қалады. Мұндай программаларды резидентті деп атайды.

-командалық процессор - пайдаланушыдан берілген қарапайым командаларды интерпретациялайды және орындайды, сондай-ақ олардың ядромен әсерлесуін жүзеге асырады;

- утилиттер - компьютерлердің әртүрлі құрылғыларына қызмет көрсететін кішігірім программалар (мысалы, магниттік дискілерді пішімдеу утилиттері, байқаусызда жойылған файлдарды қалпына келтіру утилиттері, т.с.с) болады. Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) -- компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар -- тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйенің жоғары бөліктегі жазылуы
Компьютерлік операциялық жүйелер
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері
Операциялық жүйелердің қауіпсіздік моделі
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, nc, os/2,unix, windows, оның түрлері
Операциялық жүйе
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
Операциялық жүйелердің көпесептелігі
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, ns, os\2, unix, windows, оның түрлері)
Ақпаратты жинақтаумен байланыс
Пәндер