Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Құжат СМЖ 3 дәрежелі
ПОӘК

ПОӘК
042-16-02.1.0903-2013

Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы Оқу- әдістемелік кешені
5В011400 -тарих
мамандығына арналған

Редакция №1

Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)

5В011400 тарих мамандығы үшін

СЕМЕЙ -2013
ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
5В011400 тарих мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Тарих кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент З. Қ. Мұқатаева.
______ __________ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ
0.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Тарих кафедрасының отырысында
Хаттама №______ __________ 2013 жыл

Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №______ __________ 2013 жыл

ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева

3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №______ __________ 2013 жыл

ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова

4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № ___ ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны :

1. Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Қысқаша дәрістер мәтіні ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Практикалық (семинар) сабақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4. Студенттердің өздік жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6.3.1 ГЛОСАРИЙ

Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.
Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.
Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Инновация-жаңалық енгізу
Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі
Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.
Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..
Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси -әлеуметтік төңкеріс - қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
Саяси- әлеуметтік коммуникация - тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.
Саяси- әлеуметтік конвергенция - түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.
Саяси- леуметтік қозғалыс - адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
.
Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Саяси теңсіздік - адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
Урбанизация - қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

6.3.2 Қысқаша дәрістер

1.ХҮІІ ғ.соңы жартысындағы - 1918 жж. Қытай және Монголия
XVII ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті терең дағдарыс кезеңін бастан кешірді. Шаруалардың жағдайының күрт төмендеуі, олардың жер иеліктерінен айырылуы, салық көлемінің өсуі, тұрмыс деңгейінің нашарлауы халық бұқарасының наразылығын тудырып отырды. Қытай халқының басына түскен үлкен ауыртпалық 1628-1644 жылдардағы шаруалар көтерілісіне әкелді. Көтерілісті қарапайым шаруа отбасынан шыққан Ли Цзычен (1606-1645) басқарды. Алғашқы ұйымдасқан бас көтерулер Хубей мен Шэньси провинциясында басталып, біртіндеп бүкіл қытай жеріне таралды. Ауыр тұрмыс зардабынан күйзелген шаруалар елдің әр түпкірінде көтеріліске үн қосып, наразылық шеруіне қосылды.
Ли Цзычен бастаған көтерілісілер елдің көне астаналарының бірі - Сианьді басып алып, көтеріліс көсемін елдің императоры деп жариялады. Енді шаруалар әскері Пекинді алуға аттанды. 1644 жылы көктемде көтерілісшілер астанаға таянды. Оларға қарсы қатты қарсылық та болған жоқ. Себебі, бұл кезде Қытайдың ішкі жағдайының нашарлауы, сондай-ақ Мин императорларының 15 жыл бойы елдің солтүстігінде өмір сүріп отырған маньчжур тайпаларының шабуылына қарсы соғыс жүргізуі мемлекетті қатты әлсіреткен еді. Сондықтан көтерілісшілерді басуға Мин императорының күш-қуаты жеткіліксіз болды. 1644 жылы сәуірде Ли Цзычен бастаған көтерілісшілер Пекинді басып алды. Мин әулетінің соңғы императоры бұл оқиғадан соң император бағында асылып өледі. Мемлекет билігі Ли Цзыченнің қолына көшеді.
Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығыс шекарасын күзетіп тұрған әскери шептің қолбасшысы У Саньгуй жедел түрде маньчжурлардан көмек сұрайды. Ондағы ойы маньчжур әскерінің көмегімен Пекинді басып алып, шаруалар көсемі Ли Цзыченді тақтан тайдырып, өзінің билігін орнатпақ болатын.
Маньчжур тайпалары Қытайдың солтүстігімен шекаралас аймақта өмір сүрді. XVII ғасырда маньчжур тайпалары бір саяси бірлестікке топтаса бастайды. Нәтижесінде маньчжурлардың әскери қолбасшысы Нурхаци негізін қалаған алғашқы маньчжур мемлекеті пайда болды. Нурхацидің мұрагері Абахайдың тұсында маньчжур мемлекеті Цин (қытайша "таза" деген мағынада) деп аталды.Цин мемлекетінің алғашқы билеушісі Абахай болды. Цин мемлекеті қытайдың мемлекеттік үлгісінде құрылды. Мемлекеттік басқару әдісі, мемлекеттік аппараты дәл Мин мемлекетіндегідей болды. Маньчжурлардың бұл мемлекеті, негізінен, әскер күшіне әсіресе атты әскерге арқа сүйенді.
Маньчжурлар көрші елдерге басқыншылық соғыстар жүргізді. Қытайға, Монғолияға, Кореяға жүргізілген басқыншылық соғыстар барысында бағындырылған халықтар есебінен 8 қытай, 8 монғол әскерін жасақтады. Қытайды басып алуға аттанар алдында маньчжурлар әскерінің саны 200 мыңға жетті.
XVII ғасырдың 40-жылдары маньчжурлар Қытайға бірнеше рет басқыншылық жорықтар жасаған болатын. 1644 жылы кезекті шабуылға әзірленіп жатқанда, күтпеген жерден Қытайдың шекара әскерінің қолбасшысы У Саньгуйден көмек сұраған өтініші түседі. 1644 жылы көктемде маньчжурлар мен У Саньгуйдің әскері бірігіп, Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Қытайды азат етуге кіріседі. Пекинді басып алған маньчжурлар Қытай императорының тағына Абахайдың кәмелеттік жасқа толмаған баласын отырғызады. Бұл император (аты Шунчжи) Қытайды 1661 жылға дейін билік етті. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билігі орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейін Цин империясы деп аталады. Қытай жат жерлік маньчжурлардың үстемдігінде өмір сүрді.
Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі боғдыхан (император) Көк Тәңірінің ұлы деп саналды. Оның жеке басы-қасиетті болып есептелді. Қарапайым халыққа оның жүзін көруге тиым салынды. Императордың шын атын дауыстап айтуға, қағазға жазуға болмайтын. Халық императорды оның ұранымен атайтын. Цин империясының ең жоғарғы заңды құылымдары императорлық әкімшілік пен әскери кеңес болды. Мемлекеттік қызметке ең алдымен маньчжурлар алынатын, содан кейін ғана маньчжурларға берілген, адал деп саналған қытайлықтар, бірен-саран моңғолдар қабылданатын.
Цин империясының мемлекеттік құрылысы Мин әулеті билеген Қытайдың мемлекеттік мекемелері мен салалық басқарушы органдары үлгісінде құрылды. Бүкіл Қытай жері әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінді. Оны император тағайындаған әкімдер басқарды. Конфуцилік дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар алынатын. Оларды шэньшилер деп атады. Шэньши дәрежесін алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырытын, маньчжурлар билігі тұсында емтиханды ақшаға сатып алған маньчжурлық феодалдар көбейді.
Әлеуметтік сатыда маньчжурлардан кейін тұрған, басы бос қытайлықтар төрт сословиеге бөлінді: оқымыстылар, егіншілер, қолөнершілер мен саудагерлер. Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі қытай егіншілері, яғни қарапайым шаруалар кірді. Ең төменгі сатыда кембағылдар деп аталған әртістер, қарапайым қызметшілер, үй малайлары тұрды. Бұл топқа жататын адамдар еш уақытта мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейтін, яғни олар еш уақытта мемлекеттік қызметке алынбайтын. Маньчжурлар Қытайды басып алғаннан соң, мемлекеттегі орасан зор ең құнарлы жердің қожасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай Цин императорының меншігінде жалпы көлемі 13 мың цин (1 цин - 6 гектар) 70 жер қожалығы болды. Императордан соң ірі жер иеліктері қолбасшылар, императордың туыстары, маньчжур ақсүйек бай таптарының қолында болды. Маньчжур феодалдарының жер иеліктерінде қытай шаруалары еңбек етті.
Қытай феодалдарының иелігіндегі жерлерге мемлекеттік салық салынды. Ал қолында аздаған жер иеліктері бар қытай шаруаларының жағдайы тіпті ауыр болды. Шаруларға көптеген салықтар салынды. XVII-XVIII ғасырларда Цин мемлекетінде жер иелену ірілендірілді. Ауыр салықтарға шыдамаған шаруалар жерін сатып, өздері феодаладарға жалдануға мәжбүр болды. Мемлекеттегі халықтың басым бөлігі кедей шаруалар егіншілікпен қатар қолөнер мен ұсталық, тоқымашылық, зергерлік сияқты жұмыстармен де айналысты. Қытай шаруаларының қолынан шыққан тоқыма бұйымдар елдің ішкі саудасымен қатар сырт елдерге де шығарылды. Осы кезеңдегі Қытайдағы ең ірі тоқыма орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханьчжоу, Шанхай және тағы басқа қалалар жатты. Бұл қалаларда шығарылған Қытайдың жібек, мақта -мата бұйымдары дүние жүзіне белгілі болды. Қытайдағы қолөнердің ең көп таралған түрі фарфор өндірісі еді. Қытайдың атақты фарфор бұйымдары әлемнің әр түпкіріне таралды. Сондай-ақ қытайда тау кен өндірісі дамыды. Мыс, темір, т.б. металдар қорытылды.
Қолөнершілер ірілі-ұсақты ұйымдарға бірікті. Мемлекеттік мануфактуралар құрылды. Олардың негізгілері әскери қару-жарақ жасау, тау-кен өндірісі салаларында болды. Қазыналық қолөнер шеберханалары мен мануфактураларда жалдамалы қолөнершілер істеді.
XVII-XVIII ғасырларда Қытайдың аграрлық құрылысы натуралды шаруашылыққа негізделіп, үйдегі қолөнер өндірісі мен егіншілікті ұштастырылды.
Қытайды бағындырған цин билеушілері көрші елдерге қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Басқаншылық соғыстар жүргізе отырып, империя құрамына жаңа жерлерді қосып алып отырды. Басқыншылық соғыстар арқылы Қытай халқының назарын өздеріне қарсы азаттық соғыстан басқа жаққа бұру саясатын жүзеге асырды. Цин билеушілерінің алғашқы басқыншылық жорығын Манғолияға бағытталды. XVI ғасырдың ортасында-ақ үш хандыққа бөлінген монғолдардың Шығыстағы Чахар хандығын маньчжурлар 1636 жылы өздеріне бағындырған еді. 1691 жылы Солтүстік Монғолиядағы ойрат тайпаларының Жоңғар хандығы циндіктерге қуатты қарсылық көрсетіп, ұзақ уақыт өзінің дербестігін сақтап тұрды.
XVIII ғасырдың ортасында Жоңғар хандығының ішкі дағдарыстарын пайдаланып, Цин әскерлері 1755-1757 жылдардағы соғыстың нәтижесінде бұл хандықтың жерін де иеленді. Қанды қырғын арқылы бүкіл бір хандықтың жерін халқынан босатып, Цин империясының құрамына қосты . Жоңғариядан кейін цин әскерлері шығыс Түркістанды басып алуға кірісті, Жергілікті халықтың қарсылығын басып, Цин әскерлері 1759 жылы бұл жерлерді де бағындырды. Осыдан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістанды Цин империясына қосылған Жаңа шекаралық аймақ (Синььцзян) деп атайды.
Цин империямының басқыншылық саясаты сондай-ақ Тибетке, Үндіқытай елдеріне де таралып, Цин империясының құрамына Тибет, Бирма, Вьетнам, Непал сияқты елдер кірді. Басқыншылық соғыстар арқылы Цин билеушілері империя құрамына орасан зор жерлерді қосып, Қытайдың шекарасын кеңейтті. Сонымен қатар бірқатар көрші жатқан елдерді өз ықпалына қаратып, тәуелділікте ұстады. Ол елдер Қытай императорына жыл сайын елші аттандырып, сыйлық тапсырып отырды.
Цин империясының басқыншылық саясаты Қытай халқына оңайға түскен жоқ. Үздіксіз жүргізілген соғыстар мемлекет қазынасына үлкен шығын әкелді, бұл шығынды толтыру үшін өкімет халықтың мойнына ауыр салықтар салды. Халық бұқарасының тұрмыс жағдайы нашарлап, қытай халқының билік жүргізіп отырған Цин үкіметіне наразылықтары күшейді.
XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басында Қытайдың экономикасы қайта жанданды. Қытай шаруалары басқыншылық соғыс кезінде қараусыз қалған жерлеріне қайта оралып, егіншілікпен айналыса бастады. Маньчжур билеушілері жергілікті халықтың наразылық көтерілістерін есепке ала отырып, шаруаларға салынытын салықты реттеп, ауыртпалықтарын біраз жеңілдетті. Ұсақ шаруа қожалықтары кеңінен дами бастады.
XVIІ ғасырдың соңында Қытай қалаларының қайта жандана бастауына сәйкес, қала мен ауыл арасында сауда байланыстары өркендеді. XVIII ғасырда Қытайда қазыналық және жеке меншік қолөнер өнеркәсібі дами бастады. Мақта мен жібек мата өндіру жақсы дамыды. Бұл бұйымдар елдің ішінде ғана емес, сыртқа экспортқа да шығарылды. XVIII ғасырда Цин билеушілері Қытай халқының сырт елдермен байланысына шектеу қойды. 1757 жылы император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салды.
Қытай саудагерлері елдің оңтүстігінде, тек Гуаньчжоу портты қаласы арқылы ғана сырт елдермен сауда жасай алды. Оның себебі маньчжур үкіметінің өздерінің Қытайдағы билігін сақтау, қытайлықтарды сырт елдердің ықпалынан оқшау ұстау саясатынан туған болатын.
Қытай экономикасындағы тұрақтылық XVIII ғасырдың соңғы ширегіне дейін ғана сақталды. XVIII ғасырда империяның жүргізген үздіксіз басқыншылық соғыстарының ауыртпалығы қытай экономикасына үлкен зиян келтірді, халықтың басына түскен ауыртпалық - салықтар көбейді. Басқыншылықтар соғыстар, басып алған жерлерді қорғап тұру, халық көтерілістерін басу орасан зор шығынға түсті.
Сөйтіп, XVIII ғасырдың соңында Цин империясы дағдарыс кезіне аяқ басты.
Цин державасында басталған дағдарыс белгілері сондай-ақ мемлекеттік аппараттың ыдырауында, шенеуніктіктің бүкіл тобын қамтыған сатқындықтың таралуанда көрініс тапты. XVIII ғасырда Қытайда күрт ұлғайған тұрғын халықтың өсуі айқын рөл атқарды. XVIII ғасырдың басында елде 100 миллион адам болса, ал XVIII ғасырдың соңында 300 миллионнан аса адам тұрды. Император Цяньлун (1736-1796) Қытайда өндірушілер аз, ал тұтынушылар көп деп күйінішпен айтқан. XVIII ғасырдың соңында шенеуніктер халықтың шамадан тыс көптігі туралы: алқаптарда үйлер үшін жер жетпейді деген мәліметтерді хабарлаған. Қытайда азық-түліктің қатты жетіспеушілігі сезіле бастады. Мемлекет әрекет етуге дәрменсіз болды.
Елде толқулар мен көтерілістер басталды, олардың ұйымдастырушылары құпия қоғамдар мен діни секталар болды. Мәселен, XVIII ғасырдың соңында Ақ лотос қоғамының басшылығымен жаңа кезең кезеңіндегі аса ірі халық көтерілістерінің бірі басталды. Көтерілісшілер Маньчжур династиясын құлату, сатқын және қатал шенеуніктерді жою ұрандарын көтерді. Циндік әскерлер көтерілісшілерді аяусыз жазалады, қарсылық ошақтары басып жаншылды. Бірақ ауыр жеңілістерге қарамастан, құпия қоғамдар мен діни секталардың іс-әрекеті тоқтамады. Олар жаңа тарихтың келесі кезеңінің өн бойында Цин үкіметіне қарсылықтың дем берушілері болды.
Сыртқы әскерлер империяның шекараларын бұрын болып көрмеген шекке дейін кеңейтті. Пекиннің әсем сарайлары бүгінде өзінің құдіреттілігін еске түсіреді. Тұрғын халық жылдам қарқынмен өсті. Бір кездердегі Таң империясының билеушілері сияқты ғалымдығы және ақындығы бар Цяньлун императордың өзі күшті әрі қабілетті билеуші болды және өзін тандық император Тайцзуньмен салыстырғанда жақсы көрді. Цяньлун империяны алпыс жыл басқарды. Оның өлімінен кейін бірден бүліктер мен көтерілістер басталды, жарты ғасыр өткеннен кейін ағылшын әскерлері елдің бүкіл басты пункттерін оңай жаулап алды. Цяньлун патшалығынан кейін ылаң мен құлдырау ғасыры жүрді. Цяньлун империясының салтанатты бет әлпетін ақыл-ой және рухани тоқырау, шенеуніктер жемқорлығы бүркемеледі.
ХІХ ғасырдағы Қытайдың әлсіреуі оның еуропалық державаларға тәуелділігіне алып келді.
ХІХ ғасырдың басында маньчжурлар билігіндегі қытайда ортағасырлық феодалдық қатынастар үстемдік етті. Ел өмірінде ілгерлеушілік байқалмады. Ауыл шаруашылығы, қолөнер өндірісі, армия мен флот, жалпы қоғам өмірі көнеден келе жатқан конфуцилік дәстүрлер деңгейінде қалды.
Басқыншылық соғыс арқылы маньчжурлар құрған Цин империясының құрамына маньчжурлардың өз атамекені Маньчжурия, 18 провинциядан тұратын бүкіл Қытай жері және Монғолия, шыңжаң, Тибет аумақтары кірді. Маньчжур императоры Қытайдағы билігін ертеден келе жатқан конфуцилік ережелеріне қарап жүргізді. Император көк тәңірінің ұлы деп саналды. Маньчжур императоры Цин империясының күш-қуатын, беделін қытай халқының жоғары ұстау үшін, бүкіл оған бағынышты басқа халықтарды варварлар деп атады. Олардың өзі ішкі варварлар - монғолдар, тибеттіктер және сыртқы варварлар - Қытайға көрші бүкіл халықтар болып бөлінді. Қытай өзімен байланыс жасамақ болып, Пекинге келген елшіліктің бәрін варварлардың императордың рақымшылығын сұрауы, өркениетке жақындау әрекеті деп түсінді. Цин империясы ешқандай елмен ХІХ ғасырдың 40-жылдарына дейін тең дәрежеде дипломатиялық не сауда байланысын жасап көрген емес.
Цин үкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда үстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Орасан зор аумағына, табиғат байлықтарына, мемлекеттік даму тәжірибесіне қарамастан, Қытай дамымаған феодалдық ел болып қалды. Қытай халқы мемлекет басында отырған маньчжур үстемдігіне наразылық күрес жүргізумен болды, маньчжурлерге қарсы бағытталған құпия ұйымдар көбейді. Мысалы, Ақ лотос, Аспан ақыл-парасаты, т.б. құпия ұйымдар маньчжурлерге қарсы күрес ұйымдастырды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Цин империясы әлсірей бастады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап, ашаршылық, жұқпалы аурулар, қайыршылық етек алды. Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді.
Цин империясының ішкі дағдарысына сыртқы әсерлер де қосылды. Қытайға ағылшындардың отарлық әрекеті басталды.
Капиталистік Англия өз тауарларын өткізетін сыртқы рынок ретінде Қытайды ашуға кірісті. XVIII ғасырдың соңынан бастап ол Қытайға үш елшілік аттандырды. 1791 жылы Қытайға Макартией елшілігі, 1816 жылы Ахмерст, 1834 жылы Нэпир елшілігі келді. Қытайдың сырт елдермен сауда жасауға рұқсат берілген бір ғана аймағы Гуаньчжоудағы Гунхан сауда монополиясы болатын. Англимя енді бүкіл елде шетел саудасын жүргізуге рұқсат ету талабын қойды. Бұл талаптарына Цин империясы тарапынан жауап ала алмаған ағылшын отаршылдары Қытайға күш көрсетіп, соғыс ашуға сылтау іздеді. Ағылшын саудагерлері Гуаньчжоу порты арқылы Қытайға қарақшылық жолмен Апиын әкеліп сата бастады. Апиынның зардабынан шаруашылық күйреуге ұшырап, халық азғындауға айналды. Қытайдың алтын-күміс байлығы Апиынға айырбасталып, Англияға ағылды. Пекин ағылшындардың Қытайға апиын әкелуіне тиым салды, қытай әскерлері ағалшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтыра бастады.
Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайға қарсы соғыс бастады. 1840-1842 жылдары болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетт.іп, Цин империясын тізе бүктірді. Қытай жеңілгенін мойындап, еуропалықтар алдында тізе бүгіп, әділетсіз нанкин келісімшартына қол қойды.
Бұл келісім бойынша Қытай ағылшындарға тағы да бес порт ашық деп жариялауға, орасан зор мөлшерде өтемақы төлеуге мәжбүр болды. Гунхан сауда моноплиясын жойды. Нанкин келісімнен кейін Цин империясы жартылай отар елге айналып, шетелдіктерге тәуелділікке түсті. Осыдан кейін Англия мен Франция бірігіп, Қытайды отарлауды кеңейту үшін екінші апиын соғысын бастады. 1856-1860 жылдар болған екінші апиын соғысы кезінде Қытайдың ішкі жағдайы да өте ауыр халде болатын. 1850 жылы елдің оңтүстігіндегі Гуандун, Гуанси провинцияларында шаруалар көтерілісі басталған еді. Елдің эеономиткалық күйзелісі, апиын қозғалысының зардаптары, Цин империясын елді зардаптан шығаруға дәрменсіздігі шаруалардың ашу-ызасын туғызды. Олар тайпиндер деген атпен өздерінің саяси көсемі Хун Сюцюанның басқаруымен көтеріліске шықты.
Осындай шиленісті шақта ағылшын, француз және американ капиталистері Қытайды отарлаудың қолайлы сәтін пайдаланып, тағы да апиын соғысын танған еді, Цин үкіметі басқыншыларға қарсы қарымды қарсылық көрсете алмай, жеңіліп қалды. 1858 жылы Тяньцзинге таяу жердегі Дагу бекінісін ағылшын-француз әскерлері басып алған соң, Цин үкіметі державалардың қойған талаптарын мойындап, келісімге келді. Қытай Англиямен және Франциямен жеке-жеке Тяньцзин келісіміне қол қояды. Англия мен Франция пекинде өзің елшілерін ұстауға және өз елдерінің азаматтары Қытайды емін-еркін жүріп тұруына, Янцзы өзені бойында сауда жасауға мүмкіндік алды. Апиын сатуға шек қойылмайтын болды, саудаға салынатын салық мөлшері қысқартылды.
Тяньцзин келісімі Қытайды шетелдіктерге тәуелді, жартылай отар елге айналдырды. 1860 жылы Цин мемлекеті атынан князь Гун Англия және Франциямен пекин конвенциясына қол қойды. Бұл бойынша Тяньцзин келісіміне қосымша Қытай 16,7 млн лян өтемақы төлеп, Тяньцзин портын ашуға келісті. Англия Қытайдан кули (жалдамалы жұмысшы) әкетуге рұқсат алды. 1860 жылы Ресей Қытайдан Уссурий аймағын толық қайтарып алды.
Батыс капиталистері Цин империясын түпкілікті әлсіретіп, қытайды өз ықпалдарына айналдыру саясатын жүргізді. Апиын соыстарынан кейін Англия 1875-1876 жылдары пекинге тағы да соғыс қаупін төндіріп, Чифу конвенциясы бойынша тағы да жаңа төрт портты ағылшын саудасына ашып берді.
1884-1885 жылдары Франция Қытайға соғыс ашты. Вьетнамды Қытайдан тартып алып өз билігін орнатты. 1894-1895 жылдары Жапония соғыс ашып, қытайдан Тайвань, Пяньху аралдарын тартып алды. Кореяны Цин империясы билігінен азат етіп өз ықпалына көшірді. Франция оңтүстік Қытайда үстемдік етті. Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегінде, Жапония Фуцхянда билік жүргізді. Ал АҚШ болса ашық есік саясатын жүргізуді көздеді.

2.Қиыр Шығыс елдері: Жапония және Корея (ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж.)
1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады. Осыған байланысты Жапония буржуазиясы сегунатты жоюда феодалдық атақтылардың бір бөлігімен одақ жасады. Ішкі дағдарысты онан әрі қарай тездете түскен шетелдіктердің Жапонияға жасаған экспансиясы болды. Американың экспансиясы және батыс державаларының Жапонияға теңсіздік келісімдер системасын зорлап тануы, күшпен Жапонияның жабық есік саясатын жоюы Жапонияны дүниежүзілік капиталистік рынокке тартты. Жапонияның ұлттық тәуелсіздігіне төнген қауіп, сегунатқа қарсы жарылысты күшейтіп, революцияны өрістете түсті.
1867-1868 жылдардағы революцияның және буржуазиялық қайта құрулардың тарихи маңызы- Феодалдық системаны толық жойып жібергенімен ұлттық мемлекетті құрды. XIX ғасырдың 60-жылдары мен 70-жылдардың бас кезіндегі Жапониядағы Қайта құрулар-ауылшаруашылығында Феодализмнің кейбір қалдықтарының сақталуына қарамастан капитализмнің дамуына жол ашты. Аталып отырған кезеңде Жапония мемлекеттік өнеркәсіптің дамуына айрықша көңіл бөлді. Үлгілі өндіріс орындарына, фабрикалар, заводтар, темір жол үйлерінің құрылыстары мемлекет есебінен салынды. Жапонияда өндірістің орталықтануы тез жүргізіліп алғашқы монополиялар пайда болды.
XIX ғасырдың 90-жылдарында Жапония жақсы армия мен флотқа ие болды. Жапонияның отаршылдық экспансиясының объектісі- Корея мен Қытай болды.
XIX ғасырдың 70-80 жылдардағы Жапониядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалыстарды қарастырғанда капиталистік елдерден ерекшеліктеріне зер салу керек. Халық еркіндігі мен правосы жолындағы қозғалыстың инициаторы тек бурж. Топтар ғана емес, помещиктер болды.
ХIX ғасырдың екінші жартысына дейін Корея феодалдық ел болып қалды. Барлық жер ірі жер иелерінің қолында болды. Шаруаларды қанау әрбір феодалдың, сондай-ақ оның өкілі феодалдық мемлекеттің күшімен жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік шаруалар жер алым рента төлеумен тағы да басқа қосымша қызметтер атқарып отырды. ХYII-XYIII ғасырларда Кореяда өндіргіш күштер едәуір дамыды. Өкімет иелігіндегі қолөнеркәсіп өзінің маңызын едәуір дәрежеде төмендетіп, оның орнына еркін шеберлердің қолөнерлері дами түсті. Ірі сауда орталықтары мен жергілікті рынок пайда болды. Өндіріске сауда капиталы пайдалана бастады.XIX ғасырдың 1-жартысында Кореяда жаңа капиталистік қарым-қатынастар пайда бола бастады.
Кореяның саяси өмірінде аталған кезеңде, халық бұқарасының күресі үнемі өсіп отырумен таптық қайшылықтар шиелене түсті. Сол кездегі ең күшті феодалдарға қарсы Хон Геннэнің басшылығымен 1811-1812 жылдардағы шаруалар көтерілісі XIX ғасырдағы Корея тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі болды. Әсіресе халық қозғалысы осы ғасырдың 2-жартысынан бастап кең өріс алды. Тек 1862 жылдың өзінде ғана 21 шаруалар көтерілісі болып, оған оң мыңдаған адам қатысты. Бұл көтерілістердің жеңіліп қалуының басты себептері: оның стихиялылығы мен бірыңғай басшылығының болмауы еді. XYII-XYIII ғасырларда Кореяда Сирхакпос - нақтылы ғылымды жақтаушылар деп аталатын қозғалыс дами бастады . Мұны жақтаушылар өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті өзгерту қажет деп есептеді. Бұл қозғалысты жақтаушылар конфуций ілімінен бас тартуға, Кореяның нақты жағдайын зерттеуге, үйретуге шақырды. Оның негізгі өкілдері:Лю Хе Вон, Ли Ик, Хон Дэ Ен, Пак Чи Вон және Чон Як Ен.
Капиталистік державалардың белсенді түрде жүргізген экспансиясы Кореяға да жетті. 1866 жылы Франция үкіметі, 1871 жылы АҚШ үкіметі Кореяның жағалауына бірталай әскер- теңіз флоттарын жіберді. Мұндағы мақсаттары Кореяны күшпен ашу оны өз товарларын өткізетін рынокке және шикізат көзіне айналдыру еді. Бірақ бұл экспедициялар Корея халқының наразылығына ұшырап, өз істерін сәтсіздікпен аяқтады.
1876 жылы Кореяға тұңғыш рет Жапония бейбітшілік және достық туралы теңсіздік келісімді зорлықпен таңыды. Келісім барысында империалистік мемлекеттердің тоқыма материалдары ағыла бастады, ал Кореядан шикізат өнімдері сыртқа әкетілді. Жапония Кореяның сыртқы саудасының көп бөлігімен кеме қатынастарын т.б. өз қолына алды. Теңсіздік келісімдердің жасалуы феодалдық системада дағдарысты шиеленістіріп, Корея халқының күшті қарсылығын туғызды. Феодалдарға қарсы шаруалар көтерілісі ұлт-азаттық қозғалыс ұйымдастырды. Бұлардың ішіндегі ең күштісі 1882 жылғы Сеул қаласындағы халық қозғалысы мен 1894 жылғы жапондықтарға қарсы партизан отрядтарының соғысы болып есептелді.
1894-1895 жылдардағы Жапон- Қытай және 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысынан кейін Жапония Кореяны бүтіндей өзіне бағындыруды көздеп, соғысушы елдерді Кореяны өзіне протекторатқа айналдыру туралы келісімге қол қойғызды. Бұл бойынша Жапония Кореяның ішкі саясатын бақылауға алды және сыртқы саясатта ол ешқандай елмен өз бетімен байланыс жасай алмады. Мұның өзі Азияның оянуы жағдайында халық бұқарасының ұлт-азаттық күресінің жаңа өрлеуін туғызды. Корея халқының бұл қозғалысы Жапонияның әскерімен басылып тасталды. 1901 жылы Жапония империалистері Кореяны толық басып алып, мұнда әскери-террорлық тәртіп орнатты.

3.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж. Оңтүстік Шығыс Азия елдері.
Индонезия Азияда тұңғыш отарлық бұғауға түскен ел болды. Онын аралдарында 1902 жылы құрылган голландық Ост-Үндi компанияларынын бiртiндеп ену процссi нәтижесiнде бiрнеше голландық сауда бiрлiктерi, буржуазиялық мемлекеттердiн шарыктауына колониалдык эксплутация курыла бастады.
Үлкен Индонезия архипелагында мыңдаған үлкен кiшiлi аралдарында XVII ғасырда 3 млн. халкы болды. Индонезиянын халқы және тайпалары әр турлi тiлде сөйлейдi, бiрақ көбiне туыстық этникалык катынастары эканомикалык дамудын көлемiнде болды. Iшкi аудандар Суматра, Калимантана (Борнео), Сулавеси (Целебес) көптеген ұсақ аралдарда алгашқы коғамдық бөлiну және таптык қоғамдык кұрылу процессi жүрдi. Явада, Суматра ауданынын маңайында және кейбiр дамыған баска аралдарында феодалдык қатынастар пайда болды. Явада орта ғасырдын өзiнде мемлекеттiк құрылыстар дамығанын Индонезияда және онын баска бөлiктерiндегi iрi саяси басқарулардын құрылғанын көремiз. Индонезияда алғаш европалық жаулаушылар (португалдыктар) келген кезенде XVI гасырда жойылды. Онын орнына династиямен катарлас тэуелсiз мемлекет ендi. Ява халкы жоғарғы дамыған мәдениет құрды. Бiздiн кезiмiзге дейiн сақталған буддалык және индуистiк храмдар сәулет өнерiнiн кереметтiгiне куә бола алады. Әлемдегi буддалык әдемi храмдардын бiрi Боробудра орта ғасырлык Яванын дiни сипатта бейнеленгенiн көрсетедi. Аса кереметтiлiк индонезиялык қолонершiлердiн бағалы маталардан және пiлдiң сүйегiнен жасалған бұйымдары және жазылған маталардан (батик) байқауға болады. Ертеде құрылған қуыршақ театры (вайанг) дамыды. Театр қойылымдарынын мазмұны индуистiк эпостарды жандандырды, индонезиялык аныздар мұсылмандық сипатта болды. Вайанг халыктын көзайымы болды. Сонымен бiрге би өнерiде дамып, феодалдардын аулаларында көрсетiлдi. Музкалык өнер дамыды. Индонезиялык аспаптар оркестрi халыктык мейрамдарда ойналды. Ауызша поэзияда кең түрде дамыды. Маджапахит кезенiнен берi сақталып келген атақты Пропанче ақыннын туындылары және баска да ақындардын туынды жазбалары әдебиеттiң явандык тiлде (кави) дамығанын, берін келе монархтар арасында эдиктардын және дни ырымдардың- санскрит тiлдерiнде жазыла бастады.
Исламның енуi Индонезияда европалықтардын көбеюiне және оларды жаулап алудың қарсанында эдебиеттiн дамуымен байланыстыра, күнделiктi соттардын шешiмi мен құқықтары мұсылмандық дiнмен байланысты. Европада бiрiншi кезекте Шығыс пен Батыс базарларында ертеден кездесетiн бұрыш, мускат және калампыр өсетiн аралдар қызықтырды. Молуккс архипелагынын тұрғындары Банда, Амбоне аралдарындағы өсiрiп отырған дәмдiлiктерге салық төледi және баска товарлармен айырбас жасады. Европалық басшылыктың пайда болуымен бұл бағалы экспорттық азык- түлiктерге екi султанат - Тидоре және Тернате таласты. Осында алғашқы европалық басқыншылар- португалдыктар келдi. Тернатеге онын қарсыластарына қарсы күреске көмектесемiз деген сылтаумен португалдыктар өздерiнiн бекiнiстерiн Амбонеде құрды және турғындарды ең арзан бағамен қалампырды сатуларына мәжбүрледi. Португалдық монополияның саудасынан бiрiншi кезекте халык бұхарасына
қиындык түстi. Бiрак пайданын азаюынан Тернате феодалдары португалд ықтарға қарсы шығуға окталды. Португалдыктардың территориялык баскыншылары Индонезиянын кейбiр архипелаг аудандарымен гана шектелдi. Малакке (1511)және амбоненi басып алган португалдыктар Онтустiк шыгыс Азиянын барлык iшкi сааудасынада оз билiгiн жургiзбекшi болды. Индонезияга басты жол Малаккс бугазы португалдыктардын колында болды. Бул оларга откен кемелерден салык алудын мумкiндiгi болды. Индонезиянн iшкi тенiздерi Ундi мухиты, Бенгал шыганагы Онтустiк-Кытай тенiзi аркылы олар оздерiнiн гегемониясын куруга тырысты. Португалиянын дамыган Ява аралдарынын мемлекеттерi турмак усак княздыктарды тотеп бере алмады. Индонезия халкынын португалдык колонизаторларга деген жек корiнiштiлiк Индонезияга Баска халытардын кiруiне жол бердi.
XVII гасырдан Индонезиянын мыкты мемлекетi Матарам болды,
озiннiн билiгiмен Орталык және Шыгыс Яваны бiрiктiрдi. Орта гасырда курылган Явандык халыктар, мемлекет шенберi болып ежелгi жергiлтi тыгыз орналаскан аудандар болды. Султан Матарама барлык жердiн иесi болды, бiрак жер ауыл адамдарынын иелiгiнде болды. Егiннен тускен болiктен шаруалар султанга салык толеуге мiндеттi болды. Бул феодалдык рента турiндегi салык болды. Бундай рента- салыкты султан шенеунiектерi , когамдык администрация жинады. Ауылдык администрация мемлекеттiн ортак жумыстарымен (жолды жонеу, каналдар салу, азык- тулiк тасымалдау, салык жинау т.б ) аиналысты.
Жердiн жартысы султаннын иелiгiнде болды, коптегене ауылдар онын эйелдерiне, туыстарына, iрi феодал шенеунiктерге брiлдi. Кейбiр ауылдар мешiт, зират куруга мусылмандарга берiлдi. XVII гасырда ислам архипелаг болiктерiнде жайыла бастады ( Бали аралында индуизм дiнi сакталды). Кенiстiкте колонер, жер мэселесiнiн дамуы товар - акша катынасы шаруалардын басты формасы болды.
XVII гасырдын алгашкы жартысында-ак Матарам озiнiн иелiгiн кенейттi. Солтустiк- Шыгысындагы Мадура аралы, батыс- Черибон княздыктарындагы аудандары жаулап алынды. Матарам озiнiн кол астына мыкты султанат Бантамды (Батыс Ява) караты. Коптеген саудагерлер урылардан және Малаккс бугазындагы португалдыктардан аулак журу ушiн Зонд бугазы аркылы журудi тиiмдi кордi. Бантам iрi сауда орталыгына айналды. Шыгыс және Кытай, Ундi және Сиам саудагерлерi базар астанасы Бантамда кездестi. Бунда 1595 жылы алгаш голландык сауда экспедициясы Корнелис Хутманнын басшылыгымен келдi. Бантамнын iшкi жагдайы феодалдык карым катынастын дамуына және шаруалар экспедициясынын кенеюiне эсер еттi . Саудадан байыган олар шаруаларды бурыш осiруге куштедi. Шаруалар бурыш пен рента- салыгын толедi. Салыктан калган бурышты экспортка шыгарып сатылды. Джакарта мен Бантамнын ара кайшылыктарын пайдаланып голландыктар Джакартаны басып алып ББатвияны иелендi. Алайда Матарамда Бантамда XVII гасырдын ортасына дейiн Явада голландык жаулаушыларды мойындамады. Екi княздыктада мыкты компания болганымен кулдырау шагында калды. Голландыктар екi княздыкты оз карамагына карату ушiн олардын араларына от салып бiр- бiрiн шагыстырып отырды. Бул тактика компания басшылыгмен жасалган Ен басты дурыс саясат - бiр княздыкты екiншiсiне карсы кою... бiрак Бантамнын элсiреуiн , матарамнын - Мантамнын кушеюiне жол бермеу.
XVII гасырдын ортасында голландыктар Ост- Ундi компаниясы озiнiн даму шегiне жеттi. Ол Индонезиядан барлык европалык карсыластарын жойып және озiнiн монополиясын курды. Голландык флот сол кезде ен куштi және коп салалы болды. Голландык биржасы да сол озiнiн мануфактурасы сиякты Европадагы ен iрi биржа болды. Голландык Ост- Ундi компаниясы озiнiн сол кездегi улкен капиталымен акционерлiк брлiгi болды. Баска елдердегi Ост- Ундi компанияларымен сонын iшiнде Англия мен салыстыруга турмады. Голландыктар оз монополияларн тыныш жаткан шыгыс Индонезия аралдарын байланыстырды. Бакылауга ынгайлы болу ушiн онiмдердi және дэмдiлiктердi тасуда компания оларды белгiлi шектеулi аудандарга болдi : Амбонада - калампыр , Бандада- муската. Баска аралдарда туратын тургындар осындай осiмдiктердi куртуга м2жбур болды.
Колонизаторладын жаулап алуынын нэтижесiнде компанияларда феодалдык эксплутация остi. Феодалдармен шенеунiктер шаруалардан тускен пайданын бiр болiгiн оздерiне алып калып отырды. Бул шаруалардын наразылыгын тугызып антифеодалдык котерiлiстiн кушеюiне экелдi. Матарамда катал және озiмшiл басшы Амангкурата I кейбiр таптык билiк ететн басшылыктарга оздерiнiн пайдалары ушiн халыктык козгалысты пайдаланды. 1674 жылы халык котерiлiсi басталды, котерiлiстi мадурлык князь - Трунжая баскарды. Явада пайда болган модурлык повстандыктар кен колдай корсеттi.
Ост- Ундi компаниясы Матарамдегi окиганы оз пайдаларына колданбакшы болды. Ол тiптi Тунуджаймен кабалдык келiсiмдi мойындаган жагдайда голладдык комек корсетемiз деп келiспекшi болды. Келiсiмдi повстандык басшы кабылдаган жок. Котерiлiс кушейiп, шетелдiктердi куып, Маджапахит мемлекетiнiн курылу туралы лозунг оттi. Астана Матарама повстандыктармен жайлуа алынды. Аманкурат компания иелiгiне озiнiн билiгiнiн кайта курулуы ушiн ештене аямайтынын айтып, комек сурады. Аманкурата I улы Аманкурат II компаниямен келiсiмге кол койды. Онда Ява аралындагы проывинциялар катарындагы компанияларды беруге және оган Матарамдагы шексiз саудага кукык бердi.
1678 жылы компания Матарамга карулы куштерi элсiз болып, повстанцтарга женiлiс экелдi. Аманкурата II билiкке отырды. Компания уэде еткен барлык жерлерiн алды. Алайда котерiлiстiн басылуыны элi де 3 жыл курес керек едi.
Матарамдагы котерiлiстi басып салган голландык колонизаторлар ендi Бантанга деген куштерiн кушейттi. Султан Бантаннын кезiнде агылшын Ост-Ундi компаниясынын тыншылары пайда болды. Голландыктар котерiлiсте Бантандыктарды пайдаланды. Оларга колдай беру аркылы оз кезегiндегi 1684 жылгы голландык компаниямен келiсiмге отырды. Оларга Бантандагы және Суматра территориясында сауда жасауга руксат берiлдi. Матаранамен Бантама арасында жасалган келiсiм Ява аралын толыктай басып алуга және голландыктардын позициясын Индонезияда кушейттi. Саудагерлер және баска европалыктар Бантамнан кетуге мэжбур болды. Ал шындыгында агылшындар Суматранын батыс жагасын иелендi. Бiрак голландыктар архипелагты оз иелерiне алды. Ол бурынгыдай пайда экелмедi. 1863 жылгы келiсiм Тернате номиналды сюзеренитетке нукте койды. Дэмдiлiк аралдар голландыктардын карамагына оттi.

4.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж. Үндістан.
Азияның көптеген елдері ежелгі әрі бай мәдениет ордасы болды. Олардың көркем қолөнермен, табиғи байлықтар -- алтын және асыл тастармен, татымдылықтармен, ағаштардың бағалы түрлерімен даңқы шықтьи Азияның барлық жерінде патриархалдық-рулық қатынастардың, кейде құлдық құрылыстың сарқын-шақтары сақталған феодалдық тәртіптер үстемдік етті.
Европамен салыстырғанда Азия елдерінде өндіргіш күштердің дамуы баяу жүрді. Оның себептерінің бірі Азияның егіншілікті мемлекеттеріне мал өсіруші көшпенділер атты әскерінің әлде-неше рет басып кіріп, ойран еалуы болды. Азия елд.ерінің быты-раңқылығы, тецізде жүзу ісініц нашар дамуы, таулар мен шөл-дер арқылы өтетін құрлықтағы катынастың қиындығы олардың арасындағы сауданың дамуын қиындатты, зл бұл қаладағы қолөнер кәсібінің өсуін баяулатты.
Дегенмен, XVI-XIX ғасырларда Азияда баяу болса да кейбір қалалардың маңызы есті, мануфактуралар пайда болды.
Азия елдерінің дербес дамуына, ондағы феодализмнің ыдырап, капиталистік ңатынастардың дамуына европалық отаршылдардың басып кіруі кедергі келтірді^Азия елдерінде феодалдық және отаршылдық езгі көп уақытқа дейін сақталды, ал капитализмнің дамуы мен буржуазиялық қайта құрулар бұрынғыдан бетер ке-шеуілдей берді.
Британияның жаулап алуы қарсаңындағы Үндістанның феодалдық құрылысы мен саяси бытыраңқылығы. Үндістанда бірнеше жүздеген ірілі-уақты феодалдық князьдықтар болды. Бұлардың арасында ғасырлар бойы ұзақ әрі жойқын соғыстар болып тұрды.
Бүкіл елде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVII ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары
III – X ғасырлардағы Қытай
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Тайпин көтерілісі және Тайпин мемлекетінің құрылуы
Үш жүздің басын біріктіруші – Абылай
Моңғолстан
Мал шаруашылыгының негізгі саласы шошқа шаруашылыгы
Қазақ хандығы туралы ақпарат
Жапонияның қарсы тұруы
Пәндер