Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Әлемнің саяси картасының қалыптасуы
Орындаған:Арғынбай Иманғали
Қабылдаған:Сарсенова И.Б.
Алматы 2020
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
3.Дүние жүзі елдерін типке бөлу және топтастыру
4.Қорытынды
1.Кіріспе
Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл -- өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар.
2.Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) -- алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар -- Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V -- XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан -- XX ғ. басына дейін) -- капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс -- отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер -- Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт казіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймактың қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым -- Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді.1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада -- Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл Африка жылы болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. 1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен -- Солтүстік және Оңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет -- Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман -- Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары карсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері -- Литва, Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырады.Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына әкеліп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана алғашқы -- Югославия Одағына бірікті, кейіннен федеративтік құрылымдағы аталмыш республикалар атауымен қайта жаңғарды. Бірақ осы екі республика арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси даудамайлар әлі де өршіп тұр.1993 жылдың қаңтарында Чехо-Словакия Федерациялык Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының осы үшінші кезеңіне өзіміз куә болып отырмыз. Біртұтас Кеңес Одағы, Югославия және Чехо-Словакия Федерацияларының бұрынғы республикаларының егемендік алуы, социалистік жүйенің ыдырауы мен басқа да тәуелсіз мемлекеттердің (Эритрея, Палау, Шығыс Тимор) пайда болуы және бүгінгі таңдағы дүние жүзі картасындағы кептеген саяси өзгерістерді осы соңғы кезеңге жатқызамыз.
Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршедігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол ав-тономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
Отарлар,яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар, еркін қауымдастықтағы мемлекеттер, т.б. болып табылады. Мұндай жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер.
3.Дүниежүзі елдерін типке бөлу және топтастыру
Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар.Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар.
Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революциясынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси-қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социалистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.
ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Азия мен дүниенің басқа бөліктерінің кейбір елдеріндегі бертіндегі біраз жылдар ішінде болған түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты социализм жүйесі типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ қазіргі кезде социализм құрылысын ұстанып отырған мемлекеттер дүние жүзінде бар, олар Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.
Жалпы экономикалық-географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология. Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік кұрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе басқару және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер болғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық, т.б.) және өндіруші (отын, шикізат, т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады.
Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағын да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолменен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысының жалпы көлемдері, оның қатынас түрлері мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық-түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде "ақыл-ойдың сытылуы" тән.
Осылайша дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз: 1) өнеркәсібі дамыған (капиталистік) елдер; 2) өтпелі экономикалы кезеңдегі (бұрынғы социалистік) елдер; 3) дамушы елдер. БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурс-тарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістанды да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытаймен бірге елі де социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін "негізгі дамушы" немесе "жаңа индустриялы елдер" -- Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.Сонымен қатар бұл топ елдерін жіктеуде демографиялық көрсеткіштер де есепке алынады. Мәселен, халқының орта жасының ұзақтығы, туу мен өлім коэффициенттері, халықтың есу қарқыны, экономикалық тұрғыдағы белсенді адамдар үлесі, қала мен ауыл халқының арасалмағы, т.б. Соңғы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайларын "өмір сүру сапасы" көрсеткіші бойынша талдау басты орын алуда. Бұл жерде: халықтың білім алуындағы деңгейі, денсаулық сақтаудағы қол жеткен табыстары, тағамдану сапасының дәрежесі, тұтыну заттары (автомобиль, компьютер, т.б.) және электр энергиясын, басқадай адамның жайлы да салауатты ғұмыр кешуіне қажеттіліктерді пайдаланудың жиынтығы, т.б. мәдени-тұрмыстық көрсеткіштер есепке алынады.
Дамушы елдер топтарына берілген саяси-экономикалық анықтамаларда "социалистік бағыттағы" елдер туралы сипаттама ескерілмеген. Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70 -- 80-жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20-дан астам болатын. Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси-әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік басқыншылықтың өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы-экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық) қысқартылуынан, т.б. осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында іс жүзінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz