Сабуроның сұйық ортасы
Ф.7.03-18
Аханов Ү.Қ.
ӨНДІРІСТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ
пәнінен зертханалық сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2019ж.
Ф.7.03-18
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Биотехнология” кафедрасы
Аханов Ү.Қ.
ӨНДІРІСТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ
пәнінен зертханалық сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқау
5В070100-Биотехнология мамандығының
студенттеріне арналған.
Оқу формасы: күндізгі
Шымкент, 2019ж.
ӘОЖ
КБЖ
Құрастырушы: аш.ғ.к., доцент. Аханов Ү.Қ.
Өндірістік биотехнология пәнінен зертханалық сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқау.-Шымкент : М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019.- 76б.
Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Өндірістік
биотехнология пәнінің оқу жоспарымен бағдарламасына сәйкес
құрастырылған.
Пікір берушілер : З.К
.Нарымбаева - х.ғ.қ ОҚМУ
Биотехнология кафедрасының доценті
Н.М.Есқараев -
б.ғ.к. ХТГУ Биология
кафедрасының доценті
Биотехнология кафедрасының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
хаттама № 2019 ж.
Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Химиялық инженерия
және биотехнология жоғары мектебінің иновациялық технологиямен оқыту
және әдістемелік қамтамасыз ету комитетімен мақұлданған.
Хаттама № 2019 г.
Комитет төрайымы __________ Есмурзаева Р.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды
№ хаттама 2019ж.
© М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті 2019ж .
Мазмұны
Кіріспе
Микробтық клеткаларды сақтау әдістері.
Қаттыфазалық дақылдау.
Ашытқы биомассасын алу.
Ақуызға бай өнімдер.
Наубайхаа ашытқыларында ылғалдың сандық үлесін анықтау.
Ашытқы ашуының энергиясын анықтау.
Сірке қышқылын алу.
Лимон қышқылын алудың беттік әдістері.
Лимон қышқылын алудың тереңдік әдістері.
Продуценттердің антибиотикалық белсенділігін анықтау
Антибиотиктердің МПК анықтау
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Лаборант-микробиолог жұмысшы мамандығын дайындау практикумы 5В
070100 – Биотехнология мамандығы бойынша лаборант-микробиолог жұмысшы
мамандығын дайындауға бағытталған биотехнологиялық циклдегі пән ретінде
саналады.
Лаборант-микробиолог жұмысшы мамандығы – әртүрлі мақсаттағы
биотехнологиялық өнімдерді өндірістік жолмен алу және жаңа биотехнологиялық
процестерді өңдеу, тағамдық және қайта өңдеу, микробиологиялық,
фармацевтикалық өнеркәсіптердің өндірістік мекемелері мен
лабораторияларында, медициналық және ветеринарлық зертханаларда,
ауылшаруашылық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау лабораториясында
жұмыс жасауға және экологиялық мекемелер лабораториясында жұмыс жасауға
маман даярлайды.
Лаборант-микробиолог жұмысшы мамандығын дайындау практикумы пәнінде
микроорганизмдер мен вирустардың құрылымдық құрылу ерекшеліктері, микробтар
əлемі туралы, микробиологиялық зертханадағы техникалық қауіпсіздік
ережелері және зертхана және зертхананың жабдықталуы туралы жалпы түсінік
беріледі. Биотехнологиялық қондырғылар мен жабдықтар, биотехнологиялық
объектілерді зертеудің әдістері мен әдістемелері, биотехнологияның әртүрлі
салаларында қолданылатын негізгі әдістер туралы мағлұматтар беріледі.
Атқаратын маман ретінде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Лаборант-
микробиолог мамандының іс-әрекетіне теориялық түсініктеме береді.
Курстың мақсаты – студентті арнайы дайындау нәтижесінде болашақ лаборант-
микробиолог ретінде микробиологиялық, биотехнологиялық процесте ғылымның
жетістіктері қазіргі аспап пен құралдарды пайдалануды, биотехнологиялық
объектілерді зертеудің әдістері мен әдістемелерін, өсіру принциптерін,
микроб жасушасындағы өтетін процестері жəне оларды реттеуші механизм туралы
мəлімет беру. Лаборант-микробиолог мамандығының іс-әрекетіне үйрету.
1 Модуль. Микроорганизмдер туралы жалпы түсінік және микробиологиялық
зертхана
Зертханалық жұмыс №1
Зертханадағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерімен танысу.
Биотехнологиялық, микробиологиялық зертханаларды ұйымдастыру
Жұмыстың мақсаты: Зертханада жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік
ережелері бойынша нұсқаулармен танысу, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі – жұмысты дұрыс
ұйымдастырумен, құралдар мен ыдыстармен танысу.
Жалпы түсінік: Микроорганизмдермен жұмыс жасаудың өзіндік
ерекшеліктері бар екені бізге мәлім. Олардың ішіндегі ең маңыздысы —
тазалық сақтау.
Зертханада жарық мол түсуі керек. Оның терезелері солтүстік-батыс,
солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек. Егерде терезелер
оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны материалмен жауып,
көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс боялған немесе пластиктермен жабылған
болуы тиіс. Зертханадан шығатын есікте қол жуғыш, дезинфекциялаушы
ерітіндісі бар бутил, сабын және сүлгі болуы керек. Еденді пластикамен жабу
қажет, өйткені қарағай еденнің тақтайларының аралығында лас жиналады да
тазалыққа нұқсан келтіреді.
Жұмыс үстелдері де терезе алдына орналасуы керек, оған жарық мол түскені
жөн. Үстел беті пластикамен қапталған болуы тиіс.Үстелдің ортасына
пробиркаларға арналған штативтер, флакондар немесе бояулар құйылған
ыдыстар, спирт шам немесе газ жанарғысы орналасады. Студенттерге үстел
айналасынан жеке орын бекітіліп беріледі. Жұмыс үстелінің үстінде сабаққа
қатысы жоқ бөтен заттар болмауы тиіс. Сабаққа қажетті заттардың барлығы
өнебойы стол үстінде болғаны жөн. Құрал-жабдықтардың жұмысқа сай, дайын
болуына лаборанттар жауапты болады.
Зертханада халатпен, ақ қалпақпен немесе ақ жаулықпен жұмыс істелетінін
естен шығармау керек.
Жұмысқа пайдаланылған заттарды ішінде дезинфекциялаушы сұйықтары
(хлораминнің 1%, фенолдың 3%) бар ыдысқа салып қою керек. Металдан жасалған
заттарды (инелерді, ілмешектерді, пинцетті) жұмыс жасап болғаннан соң
спиртовка жалынына жақсылап қарып алады. Киімге немесе тұтынатын заттарға
зерттелетін материалдар кездейсоқ тамып кетсе, ол жерді дезинфекциялаушы
сұйықпен жақсылап өңдейді. Жұмыс біткеннен кейін қолды дезинфекциялаушы
сұйықпен, артынан сабынмен жуып тастайды.
Бөлмені белгілі бір уақыт өткен соң дезинфекциялаушы ерітіндімен, ал
боксты (микробтармен жұмыс істейтін бөлме) жұмыс жасап біткеннен кейін
бактерицидтік шаммен 30 минуттай өңдеп алады.
Жалпы зертхананың зат жуғыш, автоклав, қоректік орта даярлайтын,
термостаттар орналасқан, препараторлық, бокс-бөлме, виварий бөлмелері болуы
керек.
Химиялық реактивтер және кейбір биологиялық препараттарды үй асты
төлесінде немесе қабырғаға ойып жасалған қараңғы шкафқа орналастырады. Жыл
маусымында ол бөлмелер құрғақ, температуралары бір-келкі тұрақты болғаны
жөн.
Сабаққа зертхананы лаборант даярлайды, студент тапсырмаларды орындайды,
олар келесі ережелерді сақтаулары тиіс:
1.Зертханаға сырт киіммен, бас киіммен, кіруге және басқа да бөтен заттар
алып кіруге болмайды. .
2. Оқу жұмыстарына тек халат киіп кірісу керек.
3. Химиялық реактивтермен және бояғыштармен жұмыс істегенде, олардың
қолдану тәртібін қатал сақтау керек.
4. Спирт пен эфир қосындысымен өте абай болу керек. Оларды оттық тұрған
столға апармау керек.
5. Микроорганизмдер, әсіресе саңырауқұлақ споралары, өте аллергия туғызғыш
болғаны үшін, олар тұрған Петри табақшалардың, колбалардың, пробиркалардың
беті әрқашан жабық болуы керек.
6. Микроорганизм суспензиясын немесе реактивтерді пипетканың көмегімен алу
кезінде, оның үшкір емес ұшы мақтамен тығындалғанына көз жеткізу керек.
7. Зертханада ұқыптылық пен тазалықты сақтау керек. Оқу жұмыстары аяқталған
соң микроскоптың иммерсионды жерін жұмсақ матамен сүртіп, микроскопты
полиэтиленді қапшықпен жауып, жұмыс орнын тазалап, қолды жуу керек.
8. Студенттер, өздері қолданған микроскопқа, құрал –жабдықтарға және жұмыс
орнының тазалығына жауапты.
9. Оқу жұмыстары аяқталған уақытта, кезекші құралдардың тоқ көзінен
ажыратылғанын, газдың, судың өшірілуін тексеру керек.
Биотехнологиялық зертханаларды ұйымдастыру
Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі –
жұмысты дұрыс ұйымдастырумен келесілерді есте ұстау керек:
1. Зертханаға адамды техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждан
өткен соң жібереді.
2. Барлығы медициналық халатта жұмыс істеуі керек. Халатсыз
кіруге тиым салынған.
3. Зертханада темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды.
4. Жұмыс орны үлгідегідей реттілікте болуы керек, ал артық
заттар арнайы орындарда тұрады. Столға өзге затты қоюға
болмайды.
5. Күтпеген жерден биологиялық материал столға түскенде және
т.б. бұл орынды дизинфицирлейтін ерітіндімен мұқият сүртеді.
6. Жұмыс нәтижесін жұмыс журналына жазу керек.
7. Жұмыс алдында және соңында қолды мұқият жуу керек.
8. Жуылмаған қолмен бетті сипауға болмайды.
9. Зерттелген материалға ауадан және ауыз қуысынан микрофлора
түсетін болғандықтан артық қозғалып, сөйлемеу керек.
Жұмыс кезіндегі студенттер мен кезекшінің міндеті:
1. Кезекші оқу материалын қабылдап оны студенттерге
таратады.
2. Жұмыс кезінде жұмыс орнын таза және жинақы ұстап,
микроскопқа және өзге жабдықтарға мұқият қарау, жұмыстың
кез келген этапында мұқият болуы керек, сөйлеспеу,
жөтелмеу, қышынуға болмайды.
3. Барлық егіске (пробиркадағы, чашкадағы, колбадағы) жазу
жазады, фамилияны, курс, егіс егілетін күн,
стерилизациялануы.
4. Барлық қолданылған пипетка, жұғынды жасалған зат шынысы
дезинфицирленетін ерітіндіге салынады.
5. Столда түсті карандаштар болуы тиіс. Дәптерге
қажеттілерін жазамыз.
Студенттер мен кезекшілердің жұмысты аяқтағаннан кейінгі
міндеттері.
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Барлық пробирка, табақшадағы жасалған егісті
кезекшіге тапсыру (Кезекші термостатқа қояды).
3. Қолданылған материалдарды кезекшіге
залалсыздандыру үшін тапсыру.
4. Микроскопты ретке келтіру: салфеткамен иммерсиялық
объективті майдан мұқият тазарту; объективті 8х-ға
келтіріп, оның астына салфетка қойып, объективті
жай қысып, заттық үстелшеге дейін сүрту және егер
қажет болса, микроскопты шыны қалпақ астына шкафқа
қою.
5. Қолды дезинфицирленген ерітіндімен сүртеді және
сабындап мұқият жуады, материалдарды сақтау,
залалсыздандыру мұғалімнің және лаборанттың
келісімімен жасалады.
Зертханалық жұмыс №2
Зертханалық құралдар мен ыдыстарды залалсыздандыру әдістері
Жұмыстың мақсаты: Зертханалық жұмыс жасаудағы құралдар мен
ыдыстарды залалсыздандыру әдістері
Жалпы түсінік: Зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдыстар химиялық
тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге залалсыздандырылған
болуы тиіс. Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен (қосалқы анықтамада
келтірілген) өңдейді. Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды
органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30—40 минут
ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан алынған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін
салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, оны 10% тұз қышқылы
ерітіндісінде 10—15 минуттай тағы да қайнатып, артынан сумен шаяды.
Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар
қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате
көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға
мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай
атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған
заттық әйнектерде микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды.
Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан
соң оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да, артынан жақсылап
жуады. Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтайды (қосалқы
анықтамада келтірілген). Жуылған ыдыстарды сүртпейді, бөлме
температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100— 105° С температурада
құрғатады. Таза ыдыстарды шаң-тозаң түспейтін, тығыз жабылатын ыдыстарда
немесе шкафтарда сақтайды.
Құрал-жабдықтарды, ыдыстарды залалсыздандыру.
Залалсыздандырудың физикалық әдістері.
Залалсыздандыру дегеніміз – белгілі бір берілген объектідегі
микроорганизмдердің толығымен жойылуы. Микробиологиялық лабораториялардағы
зерттеулік жұмыстарға арналған барлық құрал-жабдықтар және ыдыстар
залалсыздандырылған болу қажет.
Микроорганизмдерге арналған қоректік орталарды жиі қыздыру немесе
термозалалсыздандыру арқылы залалсыздандырады. Залалсыздандыру алдында
барлық пробиркалардың аузы мақталы тығындармен жабылады. Оның себебі:
орталарды басқа микроорганизмдерден қорғау үшін.
Қысым арқылы қанныққан бумен залалсыздандыру.
Мұндай залалсыздандыру жұмыстарын автоклавтарда жүргізеді. Автоклав –
екі қабырғалы, металды, цилиндр тәрізді ыдыс. Қабырғалардың арасында су
болады. Залалсыздандыратын объектіні автоклав түбіне қояды. Автоклавта
будың қысымын көрсететін манометр және ауаның немесе будың шығуы үшін
ағынды краны болады.
Автоклав газбен немесе электр тоғымен қыздырылады. Қайнау барысында
түзілген бу саңылаулар арқылы автоклавтың ішіне өтеді және ағынды кран
арқылы сыртқа шығарылады. Автоклав ішіндегі ауа толығымен ығысылып шыққанан
соң, ағынды кранды жабады және автоклав ішінде қысым жоғарлайды. Қысымның
көрсеткіші 1 атм жеткенде, қысымның деңгейін бір қалыпты сақтау үшін
қыздыруды реттеп отырады. Мұндай қысым кезінде буының температурасы 120оС –
қа тең болады.
Мұндай температурада қоректік орталарды 20-30 мин зылылсыздандырады.
Залалсыздандыру кезінде тек микроорганизмдердің тек вегетативті клеткалары
ғана емес, сонымен қатар бактериялардың споралары өледі. Залалсыздандыру
жұмыстары аяқталғаннан кейін автоклавты өшіреді, манометр стрелкасы нолге
келгенде, ағынды кранды ашып, автоклавтағы буды шығарады (3-сурет).
Автоклавта суды, ет-пептонды бульонды, ашытқы автолизатын, агарды және
басқа да орталарды залалсыздандырады.
1- залалсыздандыру камерасы; 2-ауа шығатын кран; 3- манометр; 4-
сақтандырғыш клапан; 5- камера; 6- воронка; 7- саңылау (залалсыздандыру
камерасына будың кіруі); 8- автоклав қақпағы; 9- залалсыздандыратын
материалды орналастырату табаны.
Сурет 3. Автоклавтың құрылысы.
Ағынды бумен залалсыздандыру
Залалсыздандырудың мұндай түрі – кезектесіп өтеді. Ол залалсыздандыру
уақытында құрамын өзгертетін қоректік орталар үшін арналған. Мұндай
залалсыздандыру үшін Кох аппаратын пайдаланады. Кох аппараты – сырты
изоляцияланған, темір цилиндрден тұрады. Цилиндрдің түбі екі қабаттан
тұрады. Цилиндр түбіне су құйылады, судың бетінде бу өтетін саңылаулар бар
металды пластинка болады. Осы пластинкаға қоректік орталарды орналастырады.
Аппарат ішіндегі су электр тогы арқылы 100оС-қа дейін қыздырылады. Пайда
болған бу пластинка саңылаулары арқылы өтіп, материалды залалсыздандырады.
Суықпен залалсыздандыру
Бұл әдіс сұйық орталарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Бұл әдістің
негізіне микроорганизмдерді ұстап қалатын, ұсақ поралары бар
бактериологиялық фильтрлер пайдаланылады. Мұндай фильтрлер әртүрлі
материалдардан дайындалады: фарфор сазынан, асбесттен, нитроклетчаткадан
және т.б.
Бұл әдіс арқылы барлық шыны ыдыстар, мақта және басқа да объектілер Т
160о – 170о С-та 1,5 және 2 сағат аралығында кептіргіш шкафтарында
залалсыздандырады. Ыдыстар алдын-ала таза жуулы, кептірілген және арнаулы
қағаздарға (фольга немесе калька) оралуы керек.
Қыздыру және өртеу арқылы залалсыздандыру
Ол спирт шамы жалынында – скальпельді, инелерді, заттық шыныларды
залалсыздандырады. Залалсыздандырудың мұндай түрінде құралдардағы барлық
микробтар өледі.
Тапсырма
1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған
құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер,
бактерицидтік лампалар).
2. Залалсыздандыру үшін Петри табақшасын, пипетканы, шпательдерді n7,7
даярлау.
3. Залалсыздандыру үшін эрленмейеровский колбасын даярлау, мақта
тығынмен не қағаз салфеткамен жабу және байлау.
4. пробирка, колба даярлау: мақталы-марлялы тығынмен тығындау, қағаз
салфеткамен жабу, байлау.
5. Залалсыздандыру үшін құбыр суы бар пробиркаларды даярлау.
Зертханалақ жұмыс №3
Микроорганизмдерді культивирлеуге қоректік орта дайындау және
залалсыздандыру әдістері.
Жұмыстың мақсаты: Микроорганизмдерді культивирлеуге қоректік орта
дайындауды үйрету
Жалпы түсінік: Микробиологияның негізгі мақсаты қай субстратта
болмасын ондағы микроорганизм санын табу. Бірақ субстраттағы
микроорганизмді, жан-жақтылық табатын орта әлі жоқ. Неміс ғалымы Р.Кох ет
сорпасы негізінде әмбебап ортаны ұсынды, онда органикалық азотқұрамды
қосылысты пайдаланатын микроорганизмдер жақсы өседі.
Кейін микробиология практикасына С.И.Виноградский белгілі
микроорганизм тобына арналған элективті немесе сайлаушы ортаны енгізді. Бұл
орталарды тек таңдаулы микроорганизм өсетіндей, қатты шартты есеппен
құрады. Элективті ортаның негізгі принципі – спецификалық жағдайда өсетін
микроорганизмнің таңдаулы қажеттілігін есептеу. Микроорганизм сәйкес
топтарының физиологиялық негіздерін біле отырып, ортаның тек химиялық
құрамын сұрыптай қоймай, оның мынадай культивирлеу жағдайларын (ортаның
активті қышқылы, аэрация жағдайы, температурасы және т.б. ) алуға болады.
Мұндайда табиғи жағдайда тұратын экологиялық қуыстың зертханалық имитациясы
пайда болады. Элективті орта – алдын ала ортаны залалсыздандырылмай-ақ
зертханаларда және өндірісте биологиялық ортаны іске асыра алады. Элективті
ортаға мысал ретінде азотфиксаторы мен нитроиндикатор бөлу үшін және
олардың жинақтаушы культурасын алуға қолданады.
Жинақтаушы орта Голландия ғалымы М. Бейеринкоммен ұсынылған. Мұнда оны
қандай микроорганизм немесе микроорганизм тобы қолданатынын білу үшін
зерттеушіні қызықтыратын орта компоненті артығымен қолданды. Өйткені ол
немесе олар осы ортада доминирленеді.
Құрамына қарай орта – табиғи (натуралды), синтетикалық болып 2
топқа бөлінеді.
Табиғилық деп – күрделі, анықталмаған химиялық құрамды мал азығынан
немесе өсу тегінен тұрады. Бұл өсімдіктің әр түрлі бөліктері жануар
талшықтары, солод, ашытқы, көң, топырақ, теңіз суы, өзен және минерал
көздері. Бұларды көбінесе тұнба немесе экстракт ретінде пайдаланады.
Микроорганизмдердің көбі табиғи жағдайда жақсы өсіп-өнеді, өйткені онда өсу
үшін қажет компоненттері бар. Бірақ анықталмаған құрамды орта
микроорганизмнің заталмасу физиологиясын зерттеуге жарамсыз, өйткені ол
орта компонентінің бір қатарын пайдаланатынын ескермейді, және де
микроорганизмдердің қандай зат құрайтынын білу керек. Бұл кемшіліктер
табиғи ортаның құрамының өте күрделі болғандығынан және тұрақсыздығына,
өйткені азық түріне қарай және дайындау әдісіне байланысты қарай ауытқиды.
Бұл микроорганизмдердің өсуіне әсер етеді. Табиғи орталарды негізінен
микроорганизмнің культурасын қолдауда жинақтауының биомассасына және
диагностикалық мақсатында қолданады.
Синтетикалық – деп құрамына белгілі таза химиялық қосылыстардың нақты
берілген концентрациясы кіретін ортаны айтады. Құрамына қарай: жай және
күрделі болып 2-ге бөлінеді. Оларды микроорганизмдердің заталмасуын
зерттеуде пайдаланады.
Жартылай синтетикалық орта болады, олар анықталмаған құрамды ортаға
жатады. Оларға белгілі химиялық табиғаты қосылыстарымен қатар құрамы
анықталмаған заттар кіреді. Мысалы етті сорпаға күрделі және химиялық
құрамы анықталмаған заттармен бірге пептон, глюкоза немесе сахароза, тұз,
калий фосфаты кіруі мүмкін. Картопты орта глюкоза мен пептоннан тұруы
мүмкін. Жартылай синтетикалық ортаны микробиологиялық практикада витамин,
антибиотик, аминокислот және де басқа микроорганизмдерге керекті азықтарды
алуға кеңінен пайдаланады.
Қоректік орта әр түрлі консистенцияда болуы мүмкін: сұйық, тығыз,
жартылай сұйық.
Тығыз қоректік ортаны, бактерияның санын білуде, таза культураның
бөлінуінде және де т.б. мақсаттарда пайдаланады. Мұндай ортаны 1,5 – 2,5%
агар немесе 10-15% желатин қосылған сұйықтан дайындайды.
Агар – бұл өсіретін коллоид. Оларды кейбір теңіз балдырларынан алады.
Оның құрамына полисахаридтер, өте аз мөлшерде азоттық заттар кіреді. Агарды
пластинка түрде, ұнтақ және көбі оны субстрат түрде қолданбайды, сондықтан
агар инертті тығыздау ортасы ретінде қолайлы. Агардың еру температурасы –
1000С, қатуы – 400С.
Желатина – азотқұрамды қышқыл зат, оны сүйекті, шеміршекті, балық
қабыршағын қайнату арқылы алады. Желатиннің еру температурасы (22-250С)
көптеген микроорганизмдердің инкубация температурасынан төмен (30-370С).
Тығыз қоректік орта болып С.Н. Виноградскийдің микробиология
практикасына енгізілген гельдік пластиналар жатады. Азоттық органикалық
пішінін меңгерген микроорганизмдерді өсіру үшін етті-пептон ортасын
қолданады: етті-пептонды сорпа, етті-пептонды агар және етті – пептонды
желатин.
Тапсырма: Келесі қоректің ортаны дайындау: етті су, етті-пептонды
сорпа, етті пептонды агар, ашытқы автолизат, Сабураның қатты және сұйық
ортасын, сыралы сусло-агарды, чапека ортасын.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Автоклав, Кох аппараты, электр қыздырғыш пеш, жас ет, дистильденген
су, химиялық стакан 100, 200 мл, сүзгі(марля), мақта, 0,5% таза ас тұзының
ерітіндісі, пептон, ас содасы, агар-агар, желатин.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Ет-пептонды бульон ЕПБ. Бульон дайындау үшін жас етті алып, оған
су құйып қайнату керек. Дайын болған бульонды бірнеше рет сүзіп, бастапқы
көлеміне жеткізіп су құяды. Оның үстіне 0.5% таза ас тұзын NaCl және Етті
суға 1% пептон 0,5% химиялық таза тұз және 10% су құямыз. Бульонды пептон
ерігенше 10-20 минут қайнатады. Ортаның сутектік көрсеткіші рН= 7,2-7,4
болғанға дейін 1% сода ерітіндісін құйып, 15-20 мин қайнатады ортаны қайта
сүзеді. Залалсыздандыруды 1 атм. қысымда 30 мин өткізеді. қайнатамыз. Сосын
ыстық сорпада РН 7,3-7,5 анықталады. Сорпаны пробиркаларға ұйып 15-20 мин
1200С-де стерильдейді.
Ет- пептонды агар ЕПА. ЕПБ ортасына 2г агар қосады және агары
өзгергенше қыздырады, ыстық күйінде мақта, дәке арқылы сүзеді. Немесе 1л
етті суға 10г пептон және 5г тұз алып 30мин қайнатады. РН-ын анықтайды,
фильтрлейді, архангельдің 30г агарын, қосамыз. (одессалық агар болса – 60г
қосады), тегіс араласқанша қыздырады және реакцияны тексереміз.
Залалсыздандыруды тұнық ортаны колбаларға бөліп құйып 15-20 мин, 30 мин 1
атм қысымда 1200С-да өткізеді.
Етті су. Сүйектен етті, майдан, қабыршақтан және сіңірден
ажыратады, ет турағыштан өткізеді, екі немесе 4 еселік кран суын құяды
(салмағына қарай) және 1 сағат қайнатады. Сұйықты дәке немесе мақтамен
сүзеді, сосын фильтр қағазымен сүзеді. Фильтратты өлшейміз және алғашқы
көлеміне жеткізу үшін дистильденген су қосамыз. 3-5 метрлік ыдыстарға құйып
30-40минут 1200С залалсыздандырамыз.
Ашытқы автолизаты. Бұл ашытқы автолизатты тығыз агар ортада
негізгі қоректік субстратты дайындауға қолданады. Нанды және сыралы
ашытқыларының 40-60% азотты заттар, және бірқатар ферменттер. Олардың
өзіндік сіңірулеріне себепші болады. Ашытқы орталары азоттың аздығына және
төмен дәрежелі көбіршіктенуіне қарамастан ісініп ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Наубайханаға тән пресстелген ашытқыны орташа бөліктерге бөліп ыдыстарға,
автолизат осы ыдыстың 15 сыйымдылығын алу есебімен салады. (20л ыдысқа 4кг
ашытқы). Ашытқылы ыдысты термостатқа 600 С температурада 2 сөткеге қояды.
Ыдыстағы ашытқының сұйылу өлшеміне қарай оны бір келкі араласу үшін
шайқайды. (1-2 рет, сөткеде). Автолиздің аяқталуы, оның толық сұйылуында
болып табылады. Автолизат қоңыр түсті және жағымды иісті болуы керек.
Егер осы процесс 580С температурада болса автолизаттың сапасы
бұзылады. Автолиз сияқталған соң ыдысқа 3 реттік мөлшердегі жылы құбыр
суын қосады. (16л суды 4кг ашытқыға). Араластырылған автолизатты 1-1,3 атм
(120-1230С) –дағы автоклавқа стерилдеуге 30 мин қояды. Оны бірнеше күнге (5-
7 күннен кем емес) қалдырады.
Сабуроның қатты ортасы (ашытқыға және саңырауқұлаққа). Бұл ортаның
негізі – ашытқылы су. 1л құбыр суына 80г пресстелген наубайхана ашытқысын
алады (немесе 20г кептірілген ашытқыны) 15 мин қайнатады, қағаз фильтр
арқылы өткізеді, флакондарға құямыз және оны 1атм 20 мин стерильдейді.
100мл стерильденген ашытқылы суға 1% пептон, 2% агар қосып, агар ерігенше
қыздырады, сосын 4% глюкоза (немесе мальтоза) қосады, фильтрлейді,
пробиркаларға құяды және 0,5 атм 20мин стерильдейді. Ортаны тек ашытқы да
емес, сондай-ақ 1%-ды пептонды суда дайындауға болады. Пробиркадағы ортаны
стерилденген соң, оны қиғаштайды.
Сабуроның сұйық ортасы. Жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы, мұнда
агар қолданылмайды. Ортаны 150-200 мл колбаларға құйып жоғарыдағыдай
стерильдейді. Бұл орта негізінен гемокультураны алуға пайдаланылады.
Сыралы сусла агары. Қызуланбаған сыра суслосын Баллинга бойынша 7-
8%-дың қанты болғанша құбыр суымен араластырады. (қант өлшегішпен өлшейді)
және 1100С ді 10 мин стерильдейді. Бұл түрде сусло ұзақ уақыт сақталады.
Қолданарда тұнба үстіндегі сұйықты ақырын тұнбадан құйып алады. 1л
стерильденген суслоға 18г агар қосып, оны ерігенше қыздырады және
колбаларға құяды. 1100С-да 10мин стерильдейді. Тұнбадағы алынған сұйықты
құйып алған соң, сұйық суслоны пробиркалар мен колбаларға құйып
стерильдейді. (сусло-агорға арналған режимде).
Қоректік орталарды залалсыздандыру.

Бақылау сұрақтары:
1. Қоректік орталар қандай топқа бөлінеді, оған мінездеме бер.
2. Қоректік ортаны дайындағандағы агар мен желатиннің ролі.
3. Қоректік ортаны дайындағандағы негізгі тұздар мен макро,
микроэлементтер.
4. Қоректік ортаны дайындағандағы азық түрлері.
5. Залалсыздандыру үшін Сұйық ортасы бар эрленмейеровский
клобасындаярлау, мақта тығынмен не қағаз салфеткамен жабу және байлау.
6. Залалсыздандыру үшін көмірсуды тотықтыратын ашытқыларды
культивирлеуге арналған қоректік ортасы бар тербеткіш колбаны даярлау:
мақталы-марлялы тығынмен тығындау, қағаз салфеткамен жабу, байлау.
7. Залалсыздандыру үшін құбыр суы бар пробиркаларды даярлау.
Зертханалық жұмыс №4
Микроскоп құрылысы және микроскоптау әдістерімен танысу.
Жұмыстың мақсаты: Микроскоп құрылысы және микроскоптау әдістерімен
танысу.
Жалпы түсінік: 1. Микроскоптар. Микроскоп micro – ұсақ, кіші , Scopus-
көремін оптикалық құрал (сурет 1) және негізгі үш бөліктерден тұрады:
механикалық, жарық және оптикалық. Микроскоптың бірнеше түрі бар.
Зертханада кең қолданылатыны- биологиялық микроскоп.
Сурет-2. Микроскоптың құрылысы
Микроскоптың құрылысымен танысу:
Механикалық бөлігі - штатив микроскоп табанынан, тубустан,
тубусұстағыштан, заттық үстелшеден және винттерден тұрады. Табан (1) – таға
тәрізді, ол тіректік қызмет атқарады. Тубус – микроскоптың көру түтігі (3).
Тубустың жоғарғы жағына – окуляр (10), төменгі жағына өз өсінде айналатын
револьвер (4) орналасады. Револьверге - объективтер (9)
орналастырылады. Тубус ұстағыш (2) - доға тәрізді. Ол микроскопты бір
орыннан екінші орынға тасымалдау үшін ұстағыш ретінде қолданылады. Заттық
үстелше (6) ортасында саңылау орналасқан. Ол жарық сәулесін өткізу үшін
қажет. Винттер – макрометрлік (7) және микрометрлік (8) болып бөлінеді.
Винттер арқылы тубусты жоғары және төмен қарай қозғалтуға болады.
Жарық бөлігі – заттық үстелшенің астында орналасқан. Ол айнадан (5)
және конденсордан (11) тұрады. Айна – конденсор бағытына қарай жарық
сәулелерін өткізеді. Конденсор – препаратты жарықпен қамтамасыз етеді. Ол
айнадан шағылысқан жарық сәулелерін жинап, заттық үстелшедегі саңылау
арқылы препаратқа бағыттайды. Крис-диафрагма (12) - конденсор сәулелерінің
санын реттейді.
Оптикалық бөлігі – объективтер (9) мен окулярдан (10) тұрады. Олар
Линзалар жүйесінен тұрады. Әр объективтің шетінде ұлғайту сандары
көрсетілген 8,15,20,40,90. Окуляр (10) – екі линзадан тұрады. Жоғарғы
линза – көру, ал төменгі – жинағыш қызметтерін атқарады. Окулярда да
ұлғайтқыш көрсеткіштері көрсетілген 7,10,15.
Объектінің жалпы ұлғайту көрсеткіші – объектив пен окулярдың ұлғайту
көрсеткішіне тең.
Биологиялық микроскоппен 0,2 мкм-ге жететін затты қарастыруға болады.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма: Микроскоппен жұмыс істеу ережесімен танысу.
Микроскоппен жұмыс істеуде төмендегідей ережелерді білу қажет:
1. Микроскопты қорыта алғанда бір қолмен штативтен, екінші қолымен –
штативтің табанынан ұстау қажет. Микроскопты жан-жаққа шайқауға
болмайды. Өйткені окуляр тубустан түсіп, сынуы мүмкін.
2. Микроскопты жұмыс үстелінің шетінен 3-5 см арақашықтықта
орналастырады. Жұмыс істеу алдында құрғақ, жұмсақ шүберекпен
микроскоптың техникалық және оптикалық бөлігіндегі шаңды сүрту қажет.
3. Микроскоптың көру аймағындағы жарықты дұрыс орналастыру қажет. Ол үшін
окулярға қарағанда түскен жарық сәулелерін объективке бағыттайды.
4. Заттық үстелшеге зерттелетін препараттарды орналастырып, клеммалармен
қысу қажет.
5. Алдымен препаратты 8 объективпен көреді, сонан соң көрсеткіштерге
ауыстырады.
6. Қажетті жарық дәрежесін конденсорды жоғары немесе төмен түсіру арқылы
алады.
7. Заттық үстелшеде орналасқан бүйірлік винттерді қозғау арқылы алады.
8. Препараттарды бірнеше жерінен көруге болады.
9. Зерттелген препараттарды қарағанда екі көзді ашық ұстау қажет.
10. Жұмыс аяқталған соң препаратты заттық үстелшеден алып, конденсорды
түсіріп, микроскопты қайта қорабына салу қажет .
Бақылау сұрақтары:
1. Микроскоп туралы не білеміз?
2. Микроскоптың қандай түрлері бар?
3. Микроскоп құрылысымен таныстыр.
Зертханалық жұмыс №5
Микроскопиялау үшін препарат даярлау. Грамм әдісі бойынша бояу.
Жұмыстың мақсаты: Микроскопиялау үшін препарат даярлау. Грамм әдісі
бойынша бояу дағдысын игеру. .
Жалпы түсінік:
Фиксирленген препараттар даярлау. Зертханалық жағдайда микроорганизмдерді
әдетте пробиркада, колбада, Петри табақшасында сұйық және қатты қоректік
орталарда өсіреді. Культураны егу кезінде немесе препарат даярлауда
жасушаның бір бөлігін бөліп алғанда препаратты басқа микроорганизмдермен
зақымданбауын қадағалау керек. Фиксирленген препарат даярлау кезінде үш
этапты бөліп көрсетуге болады: 1) мазок даярлау; 2) фиксация; 3)
препараттарды бояу.
Мазок даярлау. Таза заттық шыныға бірнеше тамашы су тамызады. Оның
үстіне зерттелетін материалды орналастырады және жақсылап араластырып, шыны
бетінде жұқалап тегістейді.
Кептіру. Препараттарды бөлме температурасында кептіреді. Препараттың
кебуін арттыру үшін заттық шыныны жалынның үстінен 1-2 рет өткізеді.
Мазокты қатты қыздыруға болмайды, себебі микрооргантзмдер
деформирленуі мүмкін. Жақсы мазок кептіруден соң зат шынысының үстінде
әрең көрінетін жұғынды беруі керек.
Егу келесідей жолмен жасалынады:
1. Пробирканы сол қолдың ортаңғы саусағымен қысып ұстайды.
2. Ілгекті күйдіреді.
3. Петри табақшасының қақпағын ашып ілгекпен колониядан материал алынып,
қақпағы жабылады
4. Қисық кесілген агардың үстінен тек штрих арқылы егу жасалынады.
5. Пробиркаға колонияның номері, жасалған күні және кейбір жазбалар
жазылады содан соң егінді термостатқа қояды.
Көптеген бактериялардың таза культураларын алу үшін ет пептонды агар
қолданылады, ал ашытқыларға сусло-агар қолданылады. Бұл тәсілдің
кемшілігі кейбір кезде таза емес, аралас культуралар алынады. Мұның
себебі бір нүктеге түскен бір клеткадан емес екі немесе одан да көп
клеткадан колониялар өседі. Сондықтан бұл таза культура алу тәсілі 2
немесе 3 рет қайталанады. Бұл үшін залалсыздандырылған құбыр суында
бөлектенген колонияның культурасынан тұратын суспензия жасайды. Әр
суспензиядан залалсыздандырылған пипеткамен таза залалсыздандырылған
құбыр суында араластыру жасалынады (1 тамшы суспензия 8-10 мл суға) және
бұл микрооорганизмдер жиынтығын Петри табақшасындағы тығыз қоректік
орталар бетіне егеді. Петри табақшалары термостатқа 3-4 күнге қойылады. 3-
4 күн өткен соң өскен колонияларды қарап, оларды өсірілу керек колонияның
қасиеттерімен салыстырады.
Колонияның біртектілігі және барлық белгілерімен сәйкес келуі
культураның тазалығын білідіреді.
Жекеленген колонияларды пробиркадағы қисық кесілген қоректі агарланған
ортаның бетіне егіліп, бір белгілі температурада 2-3 күн ұстайды.
Препараттарды фиксациялау. Фиксациялау барысында төмендегідей мақсаттар
қарастырылады:
1) микробтарды өлтіру;
2) мазоктың заттық шыны бетінде бекуін қамтамасыз етеді;
3) боялуға қажетті мазок дайындау, өлі жасушалар тірі жасушаларға
қарағанда жақсы боялады.
Фиксациялау үшін жоғары температура қолданған жөн. Осы мақсатта заттық
шыныны мазокты жоғары қаратып үш рет жалынның үстінен өткізеді. Бояр
алдында препаратты салқындатады.
Препараттарды бояу. Фиксацияланған препаратқа қандай болмасын бояу
ерітіндісін тамызады. Таза препарат алу үшін бояуды препаратты жабатындай
етіп сүзгіш қағазға тамызады.
Жай бояу әдісінде бір ғана бояу қолданылады.
Күрделі бояу әдісі микроорганизмдер құрылысын және олардың жіктелуін
анықтау үшін қажет.
Күрделі бояу әдісінде екі және одан да көп бояулар қолданылады.
Жаншылған тамшы препаратын дайындау.
1. Заттық шыны ортасына бір тамшы су тамызады.
2. Оған зерттелетін микроорганизмді орналастырады.
3. Тамшыны ақырын ғана жабындық шынымен жабады.
4. Тамшы заттық шыны мен жабындық шыны арасындағы кеңістікті толтырып тұруы
қажет.
5. Жабындық шыны сыртына шығып кеткен суды сүзгіш қағазбен сорып алады.
6. Бактериялар мен ашытқылар 40 объективпен, ал саңырауқұлақтарды 8 және 40
объективтермен көруге болады.
7. Микроорганизмдердің құрылысымен танысу.
8. Суретін салу.
Жүзгінді тамшы препараттарын дайындау.
1) Заттық шынының ойыс ортасына зерттелетін микроорганизмі бар
сұйықтықтан бір тамшы тамызады.
2) Тамшыны ақырын ғана жабындық шынымен жабады.
3) Заттық шынының шетін алдын-ала вазелинмен майлау керек.
4) Бактериялар мен ашытқы 40 объективпен, ал саңырауқұлақтарды 8 және 40
объективтермен көруге болады.
5) Микроорганизмдердің қозғалысын немесе спора түзуін бақылау.
6) Суретін салу.
А) жаншылған тамшы препараты,
Б) жүзгін тамшы препараты.
11-сурет. Препараттар дайындау:
Тапсырма
1. Жаншылған тамшы препаратын дайындау.
2. Жүзгінді тамшы препараттарын дайындау.
3. Препараттарды бояу.
Бактерияларды Грам әдісімен бояу.
Бұл әдіс бактерияларды бір-бірінен ажырату үшін қажет . Грам әдісімен
бояу бірнеше сатыдан тұрады:
1. Заттық шыны үстінде мазок дайындалады.
2. Мазокқа 2-3 тамшы генцианвиалет ернітіндісі тамызылады. 2 минуттан
кейін бояуды сумен жуады.
3. 2-3 тамшы Люголь ерітіндісін йодтың йодты калийдегі ерітіндісі
тамызып, 2 минуттан кейін сумен жуады.
4. Мазоктың үстіне 96% спирттің 1-2 тамшысын тамызып, 30 секундтан
кейін сумен жуып тастайды.
5. Препаратты 1-2 мин фуксин ерітіндісінде бояйды, сумен жуады және
сорғыш қағазбен кептіреді.
Грам + бактериялар күлгін түске; грам - бактериялар қызыл түске
боялады.
Бактериялар спораларын М.А.Пешков әдісімен бояу.
1. Дайын мазокты от жалынында фиксациялайды.
2. Фиксацияланған препаратқа Лиффлер метилен көгі ерітінді-
сін тамызады және оны жалынның үстінде қайнағанша ұс-
тайды (15-20 секунд).
3. Сумен жуып, 0,5% нейтралды қызыл бояудың судағы ерітін-
дісімен бояйды. Дистилденген сумен жуып, кептіріп, иммер-
сионды май арқылы микроскоппен көреді. Споралар көкшіл
немесе көк түске боялады. Жас споралар – қара-көк түсті,
ал
протоплазма қызғылт түске боялады.
Тапсырма
Bacillius subtilis. Pseudomonas aeruginosa. Micrococcustis. Proteus
vulgaris бактерияларының Грамм бойынша бояу, тексеру үшін грамм -
Escherichia cjli және грамм + Sarcina flava бактерияларды қолдан.
Бақылау сұрақтары
1. Микроскопиялау үшін препарат қалай даярланады?
2. Фиксирленген препарат дегеніміз не?
3. Препарат қалай боялады?
Зертханалық жұмыс №6
Бактериялардың, актиномицеттердің және ашытқылардың морфологиясын
зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Бактериялардың, актиномицеттердің және ашытқылардың
морфологиясын зерттеуге үйрену.
Негізгі түсінік. Микроорганизмдердің әлемі үлкен саналуан форманы
қамтиды.Олардың ортақ қасиеттеріне кіші мөлшері- микрометрдің оннан бір,
кейде жүзден бір бөлігі болатын (мкм) мөлшері жатады. Микроорганизмдердің
көпшілігі- бірклеткалы, ценоциттілер де кездеседі, бірақ олардың
жасушаларының мүшелерге, ұлпаларға дифференциациясы жоқ. Жасушалардың
микромолекулалық ұйымдастырылуы туралы қазіргі көзқарастар бойынша тірі
табиғаттың жоғары таксондарын үш патшалық үсті және алты патшалыққа
жатқызылады (кесте 1).
Тірі организмдер жүйесінде микроорганизмдер ерекше орын алады. Бір
патшалық үстіне эукариоттарға жататын өсімдіктер мен жануарларға қарағанда
, микроорганизмдер үш патшалық үстіне жатады.
Сондықтан акариоттар мен пракариоттар патшалық үстіне тек
микроорганизмдер ғана жатқызылады. Өсімдіктер патшалығына
микроорганизмдерден- микроскопиялық балдырлар, жануарлар патшалығына-
қарапайымдылар жатқызылады.
1-кесте. Тірі табиғаттың жоғары таксондарының жүйесі
Патшалық үсті Патшалық
Акариоттар (ядроыздар) Вирустар
Прокариоттар (ядроға дейінгілер) Археобактериялар
Эукариоттар (ядролылар) Цианобактериялар
Эубактериялар
Өсімдіктер
Жануарлар
Саңырауқұлақтар
Микроорганизмдердің табиғи тіршілік ортасына топырақ, су, адам,жануар,
өсімдік ағзалары жатады. Ауа олар үшін қолайлы ортаға жатпайды, себебі
ауада тамшылы- сұйық күйдегі су болмайды.
Саңырауқұлақтардың морфологиясы.Саңырауқұлақтар – эукариотты ағзалар,
тірі табиғаттың ерекше бір тобы. Саңырауқұлақтардың пішіні де, мөлшері де
әр түрлі болады. Қалпақты, діңгекті саңырауқұлақтармен бірге көзге
көрінбейтін өте ұсақтары да, тіпті салмағы бірнеше кг-ға дейін жететін
ірілері де бар. Бұл топты өсімдіктермен бірге қарастыратын себебі:
саңырауқұлақтар жануарлар сияқты қозғала алмайды, бір орында және жіпшелері
бірқатар клеткалардан тұрып, ұзарып өседі.
Саңырауқұлақтардың жыныссыз, жынысты көбеюде өсімдіктерге ұқсас,
жануарларға да ұқсас белгілері бар. Клеткаларында жасыл түс беретін
пластидтері болмайды. Клетка қабығында хитині болады. Қор заты ретінде
денесінде гликоген және май жинақталады. Клеткасы бір, екі немесе көп
ядролы, цитоплазмасы және басқа да органоидтар болады. Саңыраукұлақтардың
көпшілігі - өлі органикалық заттарды ерітінді күйінде бүкіл денесіне
сіңіріп қоректенетін сапробионттар.
Саңырауқұлақтар өсімді, жыныссыз (вегетативтік), жынысты жолмен
көбейеді.
Өсімді көбеюі: жіпшелердің үзіліп, жіпөрімде бүршіктердің пайда болуы -
бүршіктену (ашытқы саңыраукүла-ғы). Қолайсыз жағдайға төзе алатын қабығы
өте қалың клеткалары (хламидоспор) арқылы жіпшелеріндегі төмпешіктері
біртіндеп үлкейіп, негізгі денешіктен бөлініп, өзінше тіршілік етеді.
Жыныссыз көбеюі зооспора, спора, конидий арқылы өтеді. Зооспорада
талшықтар болады. Ол арнайы орында (зооспорангийде) дамиды, әсіресе
саңыраукұлақтардың суда тіршілік ететін түрлері осылай көбейеді (қозғалғыш
споралар).
Спора - саңырауқұлақтардың таралуына қызмет ететін арнайы құрылымды
клетка. Споралар түзілетін орын спорангий деп аталады. Қолайлы жағдайда
споралардан жіпшелер шығады. Конидий да - спораның бір түрі. Бұл
жіппіумақтың үсгінен түзілетш болғандыктан, сыртта дамитын споралар болып
есептеледі. Жынысты көбею екі жыныс клеткасының (гамета) қосылуынан ерекше
клетка - зигота түзілу арқылы жүреді.
Гаметогамия - гаметангияда (төменгі сатыдағы саңыраукұлақтар) пайда
болган гаметалардың қосылуы.
Соматогамия - вегетативтік мицелидағы екі клетка құрамының қосылу
процесі. Нәтижесінде гаплоидты мицелиге бастама беретін спора пайда болады.
Гаметангиогамия - гаметаға жіктелмеген екі арнайы жыныс құрылымының
қосылу процесі.
Зең саңырауқұлақтар және ашытқы саңырауқұлақтар
Табиғатта қалпақшалы саңырауқұлақтардан басқа да, мысалы, зең
сақырауқұлақтар кездеседі. Кейде оларды өте ұсақ болғандықтан, микроскоппен
ғана көруге болады. Ак зең түзетін мукор саңырауқұлағы осындай. Бұл
саңырауқұлақ үлпілдегін ақ өңез түрінде нанда, көкөністерде, жылқының
тезегінде жиі пайда болып, біраз уақыттан соң қарайып кетеді. Мукор
саңырауқұлағының жіпшумағы түссіз жіңішке жіпшелерден құра-латыны
микроскоппен қарағанда жақсы көрінеді. Бұл өте жайылып өсіп, тарамдалған
бір ғана клетка, оның цитоплазмасында ядро өте көп болады.
Мукор спорамен көбейеді. Жіпшумақ жіпшелерінің кейбіреуі жоғары қарай
көтеріліп, ұштары жуандайды. Қара домалақтанған осы жуантық жерде споралар
түзіледі. Споралар пісіп жетілген соң бұл домалақ жарылады. Споралар жел
арқылы таралады. Қолайлы жағдайда олардан жіпшумақ өніп шығады. Барлық
саңырауқұлақтардағы сияқты, мукордың жіпшумағында да хлорофилл болмайды.
Мукор дайын органикалық заттармен қоректенеді.
Тамақтық азық-түлік пен топыраққа басқа да зең саңырауқұлақтар
қоныстанады. Солардың бірі – пеницилл. Пеницилдің жіпшумағы перделер арқылы
жекелеген клеткаларға бөлініп, тармақталған жіпшелерден тұрады. Оны
мукордың бір-клеткалы жіпшесінен осы белгілері бойынша ажыратуға болады.
Пеницилдің споралары мукордағыдай домалақ түзіндіде емес, кейбір
жіпшелердің ұшындағы майда шашақтарға орналасады. Бұл саңырауқұлақты
пенициллин дәрісін алу үшін арнайы өсіреді Пенициллин көптеген ауру
тудыратын бактериялардың тіршілік әрекетін тоқтату үшін, мысалы, өкпенің,
ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, баспа және басқа ауруларда кеңінен
қолданылады.
Ашытқы саңырауқұлақтар — бұл адам ертеден пайдаланып келе жатқан, тек
микроскоппен ғана көрінетін, өте үсақ саңырауқұлақтар. Оның клеткалары шар
тәрізді болады. Ашытқы саңырауқұлақтар қанты мол қоректік сұйықтықта
тіршілік етеді. Олар бүршіктеніп көбейеді. Ол үлкейе келіп, дербес клеткаға
айналады және көп кешікпей бастапқы клеткадан үзіледі. Ашытқы
саңырауқұлақтардың бүршіктенетін клеткалары тармақтала-тын тізбекше тәрізді
болып келеді. Қамырдағы ашытқы саңырауқұлағы қантты спирт пен көмірқышқыл
газына ыдыратады. Бұл кезде босап шығатын энергияны ашытқы саңырауқұлақтары
тіршілік әрекетіне пайдаланады. Қамырда пайда болатын көмірқышқыл газдың
көпіршіктерінен қамыр жеңілдейді және кеуектенеді.
Саңырауқұлақтар денесін мицелий деп атайды. Зең аңырауқұлақтарының
денесі: бұтақтанған жіңішке және бір-бірімен айқасып жататан жіпшелерден
тұрады. Оларды гифалар деп атайды.
Бір клеткалы саңырауқұлақтардың мицелиі - бұтақтанған бір ғана
клеткадан, ал көп клеткалы саңырауқұлақтар гифаларында көлденеңінен
тосқауылдар болады. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың ауалық мицелиі өрмек
түрінде, мамық түрінде және т.б. түрінде кездеседі.
Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері болып - көбею органдары мен көбею
турлері арқылы ерекшеленеді. Саңырауқұлақтар спораларының әртүрлі типтері
белгілі. Олар бір-бірінен құрылысы, пішіні және түсі жағынан срекшеленеді.
1 –Mucor, 2 - Aspergillus, 3 – Penicillium, 4 – Fusarium, 5 –Oidium, 6
–Saccharomyces, 7 –Schizosaccharomyces, 8 –Saccharomycoides, 9 –Candida
12-сурет . Саңырауқұлақтар.
13-сурет . Саңырауқұлақтардың көбею жолдары.
Тапсырма
1. Саңырауқұлақтардың өсуімен танысу. Мusor, aspergillus, Penicillium
туысына жататын саңырауқұлақтардан препараттар дайындап, микроскоп арқылы
қарап, суретін салу.
Мusor туысына жататын саңырауқұлақтардан препарат дайындау үшін оның
қара-сұр түсті мамық ауалық мицелиінен азғана алып, су тамшысы тамызылған
заттық шыны үстіне орналастырады да , жабындық шынымен ақырын жабады.
Зерттеу барысында мицелидің бір клеткалы құрылысы мен көбею органы -
спорангиеносецпен танысу.
2. Спорангиеносец - өте қарапайым, бұтақтанбайды, олар бір-бірлеп
саңырауқұлақ, қалпақшасынан өсіп шығады. Олардың жоғарғы бөліктерінде ірі,
шар тәрізді спорангиялар орналасады. Спорангиялардың өте жұқа
қабықшаларының споралары көрінеді. Бұл спораларды спорангиеспоралар деп
атайды. Олар бір клеткалы, дөңгелек және эллипс пішіндес, түссіз немесе сұр
түсті болып келеді.
3. Аspergillus туысына жататын саңырауқұлақтар препаратын дайындау
үшін, саңырауқұлақтың боялған ауалық мицелиін алу қажет. Зерттеу
барысында көп клеткалы гифалардан тұратын мицелиді және көбею органы -
конидиеносецпен танысу. Ол сыртқы пішіні жағынан қарапайым , бір
клеткалы және бұтақтанбаған болып келеді. Оның ұштарында
"түйреуіш" тәрізді құрылымдар орналасады , оның түстіне қатарласып -
стеригмалар және конидиялар орналасады.
4. Рencillinium туысына жататын саңырауқұлақтар препаратын дайындау
үшін қалпақшаның жас, жасыл бөлігін алу қажет.
Зерттеу барысында көп клеткалы гифалардан тұратын мицелиді және көбею
органы - конидиеносецпен танысу. Олар көп клеткалы гифалар; гифа ұштары
бұтақтанған, әр бұтағында 2-4 стеригмалар, ал стеригмалар үстінде бір
клеткалы тізбектелген көкшілтім түсті конидиялар орналасады.
Бақылау сұрақтары
1. Бактериялардың, актиномицеттердің және ашытқылардың қандай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz