Шығыс жекпе жектерінде аяқпен тебу түрлерінің жарыс кезінде қолдану ерекшеліктері


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тақырыбы: Шығыс жекпе-жегінің философиясы.
Орындаған:Жайлыханова Назгүл 2 курс
Сурдопедагогика 2 топ
Тексерген: Кенджибаев. А.
2020
КІРІСПЕ
Зертеудің маңыздылығы, өзектілігі. Қазақстан жерінде шығыс жекпе жектері жаңадан дамып келе жатқан спорт түрлері қатарына жатады. Шығыс жекпе жектерін үйрену, пайдалану, онымен жаттығу Кеңестер Одағы кезінде ХХ ғасыр аяғына дейін рұқсат етілмеген спорттар қатарында болды. Қазақстанда шығыс жекпе жектерінің жаппай дамуы ХХІ ғасырдың басынан Қазақстан егеменді ел болып танылғаннан кейін басталды.
Шығыс жекпе жектерімен шұғылдану оны дамыту осы спорт түрлерінде адам өміріне қажетті пайдалы қозғалыс жаттығу түрлерінің мол болуымен, әскери қорғаныс элементтерін өмірде пайдалану мүмкіндіктерін беруімен, сонымен қатар адам денсаулығын шынықтыруға бағытталған пайдалы әсерлердің көп болуы, және шығыс жекпе жектерімен барлық жастағы адамдардың жаттығуларына болатындығы оның жер шарының барлық түкпірлерінде жылдам тарауына себеп болып отыр. Шығыс жекпе жектерінде адам қолымен, денесімен, аяғымен қолдануға болатын әдіс тәсілдер түрлері өте көп. Соның ішінде адамның аяқтары мүмкіндігін қолдануы мол екендігімен ерекшеленеді. Шығыс жекпе жектерінің барлық түрінде аяқпен тебу, соққы беру түрлері көпекендігін ескере келе олардың түрлерін, қолдану ерекшеліктерін, жаттықтыру әдістемелерін анықтайтын зерттеулер өте аз екендігі, ал қазақ тілінде мүлдем зерттелмегені анықталды, осы жағдай жұмыстың өзекті тақырып екендігін айқындайды.
Шығыс жекпе жектеріндегі аяқпен тебу, соққы беру түрлерінің өзара айырмашылықтарын зерттеу оларды үйрету, жаттықтыру, жарыс кезінде ұтымды пайдалануға жол ашады және болашақта сапалы мамандар даярлауға көмектесетіндігі жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.
1. Шығыс жекпе-жектері , философиясы.
Азия құрлығында өмір сүрген әртүрлі халықтар қашаннан бір-бірімен мидай араласып келеді. Бұл олардың арасындағы дене тәрбиесі мен спортта да анық байқалады. Ондағы ерекшелік Азия халықтарының тен жаттығуларында ұқсастық тамырларындағы біртектілік. Бұлардың барлықтары да денсаулықты сақтау мен қорғау, өз отандарының тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау, жауынгерлік дайындық ретінде дүниеге келген. Жалпы Ш. жекпе-жектерінің мынадай негізгі көздер біріктіреді. Оның негізін Оңт. -шығыс халықтарында дао философиясы, Инь-Ян күштерінің біртұтастығы (ағаш, от, жер, металл, су) өзара байланысы; йога-дене мен рух күшінің бірлігі оған психотерапиялық әсер ету; дала халықтарында бостандыққа, кеңдікке деген құштарлық құрайды.
Ш. Жекпе-жектерін осылайша жіктеу оны меңгеру үшін қажет. Мұнда мынадай қағиданы есте сақтау қажет: әдістерді үйренуге 6 ай, дене тәрбиесі ретінде білуге 2 жыл, мәдениет деп бойға сіңірген бүкіл ғүмыр қажет дегенді ескерген жөн.
Шығыс жекпе-жектері - спорт түрлеріне Азия құрлығын мекендеген халықтар арасында қарсыластарын жеңу және олардың шабуылынан қорғану мақсатында талай ғасырлар бойы дамып, өркендеп келе жатқан Айкидо, Таэквандо, Ката, Каратэ, сияқты т. б. жекпе-жек спорттүрлері жатады. Ш. Жекпе-жектеріндегі қарулар - сойыл, балға, шоқпар; Ағаш қарулар-таяқ, шыбық, айыр, бақан, шанышқы; сапты өткір қарулар - орақ, шалғы, балта, айбалта, ілмек, сүңгі, бекі, пышақ, қанжар, қылыш, семсер; майысқақ қарулар - шылбыр, шынжыр, қамшы, құрық, бүғалық, дойыр, арқан; киетін карулар - киме (кастеттер), ататын, лақтыратын карулар - садақ, арбалет, орақ (бумеранг), шар, тас т. б.
2. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ ЖЕКТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шығыс жекпе-жектерінің әлемдік дамуына шолу
Жер шарындағы адамзаттың дамуына Шығыс халықтарының оның мәдениетінің ықпалы үлкен екендігін тарих дәлелдеп отыр. Шығыс елдерінің жауынгерлік өнерге, адамды шынықтыру, жаттықтыру бағытында және жекпе- жек өнерлерінің дамуына қосқан үлестері зор. Жер бетіндегі барлық халықтардың өзіндік ерекшеліктері бар дене тәрбиесі, жекпе-жек түрлері дамыған. Халықтардың өзара қарым- қатынас жасауы жағдайында бір елдің мәдениетінің, салт- дәстүрлерінің басқа елге таралуы орын алып отырады. Осындай жағдай жекпе - жек өнеріне де тән, бір елде пайда болған жекпе жек өнері қазіргі кезде көптеген елдерге тарап отыр кейбірі әлем біріншіліктері мен олимпиада ойындарына еніп отыр оған жапонның дзюдосымен, корейлердің таеквандосын мысалға алуға болады. Шығыс жекпе-жегі дегеніміз - бұл алдымен шығыс халықтарының ұлттық ойыны. Каратэ жапон халықтарының ұлттық ойыны болса, у-шу қытайдікі, ал таеквондо кәрістердікі дегендей. Бұл аталған халықтар өздерінің осы ұлттық ойындарын ғасырлар бойы үздіксіз жетілдіріп, дамытып келе жатыр. Өз елдерінде өтетін ұлттық мейрамдарында осы ойындардан түрлі көріністер қойып, ел тұрғындары мен қонақтарға оны тамашалатып жатады. Бір біріне сыртқы көріністері ұқсағанымен, олар бірінен бірі өзгеше. Әр халықтық өздерінің менталитетіне, тарихи дамуына, психологиясына байланысты олар ерекшеленіп тұрады. Мысалы, қытайлықтардың ұлттық ойыны - у-шу бірнеше түрден тұрады. Қазіргі тілмен айтқанда олар бір бірінен көп айырмашылықтары бар бірнеше стильдерден тұрады. Көп жылдар билік басында болған солтүстік Қытайда орналасқан Цин империясының стилі қатты қимылға толы болса, ал оңтүстік қытайлықтардың стилі созылмалы жәй қимылға ұқсаған қозғалыстардан тұрады. Сонымен қоса шығыс жекпе-жегі түрлі жан-жануарлардың қимылдарын салған әдістерді қолданады. Себебі, шығыс халықтары табиғатқа тереңірек мән береді, табиғатпен етене жақын. Адамзат дамуынан бастап қару ең алдымен аң аулау, тайпааралық қақтығыстарда шабуыл жасау, қорғану құралы ретінде пайдаланылды. Алғашқы қауымдық қоғамның дамуымен еңбек құралымен бірге шабуыл құралы да жетілдірілді. Бұған көптеген археологиялық деректер дәлел. Шаруалар мен қатардағы азаматтардың феодалдармен салыстырғандағы экономикалық және әлеуметтік теңсіздігі оларды қарулы жәбірлеушілерден қорғану тәсілін іздеуге мәжбүрледі. Бұл қолда бар құралдарды пайдалана отырып және тіпті оларсыз кәсіби қарумен қаруланған жаудан қорғану үшін жауынгерлік өнерді дамыту кезеңі болды. Бұл процесс Шығыста да, Батыста да белең алды. Кәсіби жауынгерлер үстілеріне арнайы сауыттарды киюі, темірден жасалған қару жарақтарды арқылы қорғанудың пайда болуы қоғамның жоғарғы буынының қару пайдаланбайтын жауынгерлік өнерге қызығушылығын төмендетті. Бұдан әрі мұндай қарым-қатынас от қарудың пайда болуымен және ақсүйектердің спорттық бейіндегі семсермен, қылышпен сайысуға қызығушылық танытуы қарусыз жекпе жектерге деген ынтаның төмендеуіне әкелді.
3. Шығыс жекпе-жектерінің Қазақстанда дамуы
Қазақ халқының жауынгерлік өнері тарихы өте ерте дәуірлерден басталады. Елін, жерін жаудан қорғау мақсатында соғыс қару жарақтарын жетілдіру, шабуыл және қорғаныс тәсілдерін жетілдіру мақсатымен қатар адамдардың жекпе жек өнерлерін жетік білулеріне көп көңіл бөлінген. Қазақ жерінде сайыстар мен жекпе жектердің көптеген түрлері дамығандығын көреміз. Халқымыздың үлкен байтақ өңірге орналасуы, көшіп- қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдердің салт- дәстүрлерінің әсер етуі қазақтың жерінде балуандық өнердің бір- бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі - аңыздарда, батырлар жырларында, этнографиялық жазбаларда, тарихи және көркем шығармаларда, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы дәлелдер көптеп кездеседі. Жер бетінде адамдар пайда болған кезден бастап тамақ тауып жеу, ұрпақ тарату, жауларынан қорғану мақсатында адамдар өзара жекпе-жекке түсіп отырған. Бұрын да, қазіргі уақытта да балуандық өнер түрлерін жас ұрпақтың дене тәрбиесін дамыту, олардың дене-күшінің, батылдық жігерінің артуына, жерін, халқын қорғауға дайын болуына тәрбиелеу құралы ретінде кеңінен пайдаланады. Күрес өнері халықтардың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі ретінде дами отырып, кейіннен жеке спорт түрлеріне айналды, үлкен-үлкен жарыстар ұйымдастырылатын болды. Қазақ топырағында балуандық өнердің өте көне тарихы бар екендігінің бір дәлелі осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдында) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той- жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т. б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр - хүреш, Ат - хүреш, Ланса - хүреш (ланса - қазақша найза), Шабарман - хүреш, Жебе - хүреш, т. б. Ээр, Ер - күшті мағынасында, Хүреш-балуан күрес мағынасында. Қазіргі шығыс жекпе-жек түрлері де біздің жерімізде кеңінен таралғандығы туралы да деректер көп. Батырлар жекпе-жекке шығар алдында бір-бірінен: «Алыспақ керек пе, әлде жұлыспақ керек пе?» деп сұрауларының өзі сайыстың қай түрі болса да «дайынмын» деуді көрсетеді. Қазақ халқының ішінде таралған балуан күрестерін киім киініп шығуларына қарай төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі, шапан киіп, белдік буынып күресу, белдік буынып, кеудені жалаңаштап күресу, аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу, т. б. Әр аймақта күресу тәртіптері де әртүрлі болып келген. Кеудені жалаңаштап немесе киіммен күресу жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне де байланысты болған. Күресу шартын балуандар алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп отырған. Ел арасында ауызша тараған күрес ережелері қатаң сақталып, оны талассыз мойындаған. «Күш атасын танымас» деген қағидаға сүйеніп, балуандарды жас ерекшеліктеріне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлмеген. Белдесу кезінде «ер кезегі үшке дейін», «ит жығыс», «жол беру» сияқты тәртіптер қолданылған. Күшті балуанға қаратып айтылатын «Жауырыны жерге тимеген балуан», «Тізесі бүгілмеген балуан» деген сөздер осы кезге дейін сақталған. Қазақстанда жекпе жектерінің көптеген түрлері дамып келеді. Олардың ішінде таеквандо, карате, джу - джицу, айкидо, тай бокс, хабкидо, сумо, киокушинкай-кан каратэ, ушу т. б.
Мұстафа Өзтүрік (23. 11. 1954-15. 03. 1995) - Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңлағы. 1954 жылдың 24 қарашасында дүниеге келген атақты спортшы Ыстамбұлдағы орта мектепті тәмамдағаннан соң, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп кәрістердің көне спорт өнері - таэквондоны үйренеді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. 1990-жылдары елімізге шығыс жекпе-жегі - таэквондо спортын алып келген Мұстафа Өзтүрік еді. Ол Алматыда алғаш таэквондо спорт мектебін ашып, осы спорт түрін жоғары деңгейге көтерді. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында таеквандо олимпиадалық спорт түрі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта бұл спортпен әлемнің 191 елінде 70 миллионнан астам адам шұғылданады. Шығыс жекпе-жектері арасында таеквандо тарихы терең ең көне спорт түріне жатады. Ол тек денені шынықтырып қана қоймай, адамның ақыл-парасатын жетілдіреді. Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі уақытта халықаралық дәрежеде дамыған жекпе жек түрлерімен қоса өз жерінде кезінде дамыған бірақ кейінгі кезде ұмыт болған жекпе жек түрлерін дамытуды қолға алып келеді олардың ішінде «Жұдырықтасу», «Сайыс», «Жекпе жек», «Бес қару», Қазақстандық жекпе жек спортшылары дүние жүзі барлық елдерінде болып жатқан жарыстарға қатысып жақсы көрсеткіштерге жетуде. Мысалы Американың Атлантик Сити қаласында 2012 жылдың қаңтарында жыл сайынғы Халықаралық жекпе жек өнері Академиясы өткізетін «Қара белбеу» сьезінде «Спортшы Оскары» атағын алуға барлық континенттерден спортшылар, жаттықтырушылар, актерлер, каскадерлер шағырылды барлығы 1200ден астам адамдар қатысты.
4. Шығыс жекпе жектерінде аяқпен тебу түрлерінің жарыс кезінде қолдану ерекшеліктері.
(ҚР чемпионаты т. б. жарыстар ҚР чемпионаты Астана қ. ) 15. 05. 2011ж. салмақ категориясы 51 кг. ерлер
Екінші тарау бойынша қорытынды. Кесте - 1 де шығыс жекпе жектерінің үш түрін ала отырып жарыс кезінде спортшылардың аяқпен тебу кезінде неғұрлым көп көздейтін жерлерін анықтау маңызды болып табылады. Себебі аяқтың тиген жері бойынша ұпай санын беру әр спорт түрлерінде әртүрлі болып келеді. Біз зерттеген жарыстар түрлерінде каратэ спортында бастан тебуді көп қолданса (40рет), таэквандода кеудеден тебуді көп қолданған (39рет), ал кикбокста ең көп көзделген жер (20рет) адам басы екендігін көруге болады. Бұл көрсеткіштерден төмендегідей қортынды шығаруға болады. әр спорт түрлеріндегі ережелерге байланысты аяқтың қай жерге тиюі арқылы берілетін ұпай саны әртүрлі болып келеді сондықтан спортшылар неғұрлым көп ұпай беретін тұстарды көздеуге тырысады мысалы каратэде адам басы болса, таэквандода кеудесі, ал кикбокста адам басын көздеу жиі орын алған. Осы көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып спортшыны жаттықтыру кезінде аяқпен дененің қай жеріне көбірек соққы беру керектігіне баса назар аудару тиімді екендігін көрсету, спорттық жарыстар кезінде жеңіске жетудің тактикасын дұрыс қалыптастыруға көмектеседі деп санаймыз. Осы жағдайларды басшылыққа ала отырып
Кесте - 2 бойынша төмендегідей қорытынды шығарамыз. Шығыс жекпе жектерінде аяқтың денеге тиетін жерлерін анықтау өте маңызды орын алады, себебі техникалық әдіс айланы үйрету кезінде аяқтың денеге тиетін жерлері арқылы соққы түрі, оның күші, жылдамдығы, спортшының өз тепе теңдігін сақтау мүмкіндігі анықталады. Мысалы кестеде көрсетілгендей каратэ спортында аяқтың үстіңгі жағымен тебу ең көп қолданылса, таэквандода аяқтың ұшымен тебу, ал кикбокста айланып барып аяқтың өкшесімен соғу көп қолданылған. Барлық үш спорттүрлеріндегі қосынды бойынша ең көбі аяқтың үстімен тебу (142рет) екендігін көреміз. Сондықтан аяқтың үстіңгі жағымен соғу өзінің басқа түрлерге қарағанда неғұрлым қолайлы екендігімен, тебу кезінде спортшының өз тепе -теңдігін сақтап қалуына мүмкіндігі көп болатындығымен ерекшеленеді себебі аяқтың үстімен соғу кезінде спортшыға айлану, еңкею, бұрылу сияқты күрделі қозғалыстарды орындау жеңіл болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz