Банк қызметінің деңгейлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.

Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда елімізде банк жүйесін ырықтандыру мен банктік қызмет нарығының жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіленіп отыр. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің қызмет нарығының жағдайын жақсарту мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы ұшқыр жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазақстанда бүгінгі күнгі қаржы нарығына негізгі қатысушы қаржы нарығының тұрақты дамуы қызметіне, сондай-ақ тұтастай ел экономикасына әсерін тигізетін банк секторы болып табылады. Қазіргі кезде, дүниежүзілік қаржы нарықтарындағы дағдарысқа байланысты банк секто­ры қызметіне талдау жасау, сондай-ақ негізгі қаржылық және экономикалық тәуекелдерді анықтап, оларды барынша азайту неғұрлым өзекті мәселе болып отыр.

Бүгінгі екінші деңгейдегі банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді қызметтер екінші деңгейдегі банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің екінші деңгейдегібанктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Екінші деңгейдегі банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Екінші деңгейдегібанктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.

Екінші деңгейдегі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке-жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмысының мақсаты :ҚР-да банктік қызмет нарығының қазіргі таңдағы жағдайын арттыру мен оны ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк қызметтерін дамытуға байланысты теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

Курстық жұмысының міндеттері . Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

- Қазақстан Республикасының банктік қызметтер нарығын теориялық тұрғыдан ашып қарастыру;

- банктік қызметтер нарығындағы жаңа өнімдер мен қызметтерді қарастыру;

- банктік қызметтер нарығының қазіргі жағдайын талдап көрсету;

- Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары;

- отандық банктердің проблемаларын ашып көрсету мен оның шешу жолдарын ұсыну;

- отандық қаржы нарығына ислам банктерінің енуін ырықтандыру.

Курстық жұмысының обьектісі болып «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының қызметтер нарығы болып табылады.

Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізі . Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің банктік қызмет нарығының қазіргі жағдайын талдау кезінде орын алатын мәселелері туралы және оны ұйымдастырудағы зерттеулері пайдаланылды.

Курстық жұмысының құрылымы . Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 31 беттен құралған, 9 сурет, 2 кесте бар.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Отандық банктердің көрсететін қызметтері мен операцияларының маңызы және олардың түрлері

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Екінші деңгейдегі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Екінші деңгейдегі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.

Нарықтық қатынастардың дамуы дамыған банк қызмет көрсету нарығының болуын талап етеді. Нарық − ол нақты бір тауар немесе қызметке сұраныс және ұсыныс [1, 235б] .

Банктік қызмет нарығының қызмет етудің теориялық негіздерін қарастыру негізгі түсініктерін нақтылаудан бастау қажет.

Екінші деңгейдегі банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Екінші деңгейдегібанктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Нарық жағдайында банктің 3 қызмет ету аясы маңызды болып отыр:

Біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Алайда уақытша босақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:

- шоғырландырылған уақытша бос қаражат банктің өз қажеттілігіне емес,

басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;

- шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі бастапқы несиеберуші (банк клиенті) ;

-қаражатты шоғырландыру тек арнайырұқсатпен (лицен­зия) жүзеге асырылады, әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.

Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несиеберуші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.

Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. Оған тереңірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі.

Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет [2, 120б] .

ҚР Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банк­тер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу: халықтың ақшалай салымдарын қарау, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .

Еліміздегі банктердің қызмет көрсетулері Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы, Қазақстан Республикасының банк және банк қызметтері туралы Заңдарының негізінде реттелініп жүргізіледі.

Банктік өнім - аяқталған сипаты бар және банктің клиентке қаржылық, заңдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимылды реттейді. Яғни, банктік өнім банк қызметінің клиенттерге қызмет көрсету бойынша нәтижесі болып табылады. Мысалы, нақты бір заңды тұлғамен рәсімделген несиелік келісімшарт банк пен қарызгердің қолы қойылып, мөрмен расталған болса, банктік өнім болып табылады, яғни банк қызметінің несиелеу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі [3, 225б] .

Банктік қызмет пен банктік өнімнің ұқсастығы, клиенттің қаржылық қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, банктік қызмет бірінші ретті сипатта, ал банктік өнім - екінші ретті. Банктік қызмет материалдық жақтан болмашы, ал өз кезегінде банктік өнім елеулі[4, 150б] .

Енді қазіргі кездегі әдебиеттерде кездесетін банктік қызметтердің жіктелуін қарастырайық.

Мысалы, американдық маркетологтар банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді(1-сурет) .

пайдалы
Кешенді
кеңейтілген
күрделі

Сурет 1 - Банк қызметінің деңгейлері

Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:

- 1 деңгей - көпшілік тұтынушылармен, басқа адамдардың көмегінсіз бағалана алатын пайдалы қызметтер;

- 2 деңгей - кешенді түрде көрсетіле алатын, оларды түсіну үшін арнайы дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтер;

- 3 деңгей - жете техникалық білімді немесе мамандандырылған кеңесті алу мүмкіндігін талап ететін кеңейтілген қызметтер;

- 4 деңгей - өнімді сатып алу жағдайын ескере отырып, тұтынушының айналасындағы банктік өнімдер туралы арнайы білімді қажет ететін күрделі қызметтер[5, 70б] .

Ресей экономистері сондай-ақ банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді, алайда оларды өткізу жағынан жіктейді (2-сурет) .

Сурет 2 - Банк қызметінің жіктелімі

Жоғарыдағы 2-суретке сәйкес банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:

- түпкі ой бойынша қызмет, бұл банк өзінің және өзінің клиенттерінің пайдасына жүзеге асырылған қызметтер;

- нақты орындаудағы қызметтер (қызметтер жиыны), бұл банк ұсынатын және өзінің клиенттеріне ұсынатын қызметтер;

- қосымша күші барқызметтер, яғни клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің барлық түрін кіріктіретін қызметтер, мысалы траст, лизинг т. б. сияқты дәстүрлі емес банктік қызметтерді рәсімдеген кезде ерекше жағдайлар;

- қоғамдық мойындауын алған қызметтер, яғни сәтті бәсекелестік күресті сипаттайтын, банктің беделін қалыптастыратын, қызметтерді дамытуға және пайда әкелуге мүмкіндік беретін қызметтер[6, 50б] .

Екінші деңгейдегі банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- ақылы негізде депозиттерді тарату;

- клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;

- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;

- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;

- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;

- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау.

Сонымен, жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, шетел экономистері қызметтердің тауар ретінде ерекшелігін талдауға көп көңіл бөледі, алайда банктік қызметтер аса күрделі болып табылады: банктердің өзіндіктабиғатымен, олардың ақша-несиелік қатынастарды ұйымдастырудағы функционалдық ролімен, клиенттермен өзара қарым-қатынастартүрімен сипатталатын өзіндік ерекшеліктерге тән.

1. 2 Банктік қызметтер нарығындағы жаңа өнімдер мен қызметтер

Инновациялық банктік қызмет жоғары пайда табуға, коммерциялық банктің дамуын ынталандыратын және инвестициялайтын, тұтынушылардың жаңа қажеттіліктеріне бағытталған жаңа және жетілдірілген банктік қызметті жасауға бағытталған банктік қызметтің инновациялық түрі болып табылады[7, 178б] .

Қазақстан Республикасында инновациялық банктік қызметтердің пайда болуы мен кеңеюінің себептеріне, сондай-ақ келесілерді жатқызуға болады:

- Қазақстанның БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) кіруі;

- Қазақстан банк жүйесінің Еуропалық Одақпен интеграциясы;

- қазақстандық банктердің әлемдік ірі банктермен ынтымақтастығы;

- екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеудің күшеюі.

Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі кез-келген банк 3 негізгі функцияларды атқарады: ақшалай қаражатты жинау, олардың орын ауыстыруы және несиелендіру.

Ақшалай қаражат жинау ол банкке шығын арқылы келеді, олардың орын ауыстыруынан табыс түсіруге болады, бірақ негізгі банк бизнесі - бұл несие беру. Өкінішке орай, біздің республикамызда ұйымды несиелендіру қазіргі кезде сенімсіз және әлі оған бағытталуға мүмкіндік бермейді. Ол негізгі салада банкке табыс әкелмейді. Ұйымның электрондық есептеу жүйесі көмегімен банктік өнімді алуға болады, қазіргі Қазақстан жағдайын ескере отырып, банктік функцияның үшеуін біріктіріп табыс түсіруге мүмкіндік береді: орташа жағдайлы клиенттердің арзан ресурстарын үлкен көлемде жинау, банктік шот циклы бойынша айналымын қадағалау.

Клиент - дүкен - банктік шот - кәсіпорынды несиелендіру және өнім құрылымдары клиентурамен байланысты болады. Бұл банкке табыс түсірудің негізгі бір жолы болып табылады.

Пластикалық карточка - бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка - бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточкалар шартты түрде:

- халықаралық;

- жергілікті;

- дебеттік;

- кредиттік;

- корпоративтік;

- жекешелік;

- құрамаболып бөлінеді.

Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар:

- VISA;

- Master Card/Europay;

- American Express.

Visa Electron - ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік халықаралық банктік карточка. Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін кезіңізде және күнделікті өміріңізде сізге қолма - қол ақша алуыңызға, тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі. Visa Electron бойынша электрондық құрылғылар: банкоматтар және POS - терминалдар арқылы қызмет көрсетіледі.

Visa Classic - Қазақстанда және шет елдегі ең танымал төлем карточкасы. Қызмет көрсетудің ең пайдалы тарифтері, сондай - ақ әлемнің кез келген елінде нақты қолданылу ыңғайлылығы оны шет елге шығатындар үшін маңызды нәрсе етеді.

Visa Gold анағұрлым мәртебелі карточка қолайлылық пен сервистің жоғары деңгейін бағалайтындарға арналған. Visa Gold ұстаушыларына айтарлықтай шегерімдер мен жеңілдіктер беріледі. Карточка ұстаушыларының көрсететін қызметтерінің міндетті түрлерінің қатарына карточка жоғалатын жағдайда шұғыл қызмет ету, жоғалғанның орнына уақытша карточканы тегін алу мүмкіндігі және т. б. кіреді. Visa Gold карточкасының иесі қаржылық жағынан қабілеттілігін атап көрсетеді және анағұрлым қаржылық мол мүмкіндіктерді береді.

American Express карточкалар - карталар бойынша жұмсау лимиті түбегейлі анықталмаған. Бұл - сіз несиеге сатып аласыз да, келесі айда сізге төлейтін шотыңыз келеді деген сөз. Карточка ашу үшін сақтандыру депозитін ашу қажет, алайда карточка бойынша рұқсат етілген жұмсау лимиті депозит мөлшерінен едәуір асып түседі.

Жалақы карточкалары - бұл тек қолма-қол ақша алудың ыңғайлы құралы ғана емес, сізге өз ақшаңызды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржылық құрал, әрі қазіргі банктік қызметтерге кілт болып саналады.

Корпоративтік карточкалар - қызметкерлердің қызмет міндеттемелерін орындауымен байланысты кәсіпорын шығыстарын басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Төлем жасау және қолма - қол ақша алуға мүмкіндік береді.

Visa Electron Instant Card әмбебап төлем карточкасын ұсынады, мұны кез келген адам банкке тікелей хабарласып, қажетті құжаттарын ресімдегеннен кейін ала алады. Visa Electron Instant Card төлем карточкалары бойынша ұсынылатын барлық банктік қызметтерге толық мәнді қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық атаулы емес төлем карточкасы, әрі сонымен бірге біраз артықшылығы бар - мезетте алу. Бұл төлем карточкасының және оны рәсімдеу шапшаңдығы мен ыңғайлылығының үйлесуінде [8, 10б] .

Жоғарыда аталып өткендей, нарықтық қатынастар кезінде инновацияның басты стимулы-екінші деңгейдегі банктерде көрсетілген қызметтер түрінде айқындалатын бәсеке болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктері әртүрлі инновациялық қызметтер арқылы көрсететін қызметтер аясын кеңейтті:

- Қазақстан мен ТМД елдері бойынша жедел электрондық аударымдар;

- «Western Union» жүйелері арқылы аударымдар;

- хоумбанкинг;

- VIP-банкинг;

- теле банкинг;

- интернет-банкинг;

- WAP банкинг;

- желілік банкинг.

Homebank-тің артықшылығы:

- құпиялылық және қауіпсіздік: берілетін ақпаратты қорғау кепілдігі;

- жылдамдық: 100-ден астам қызметке тәулік бойы қол жеткізу,
мүмкіндік болмай қалған жағдайда провайдер қызметіне жүгіну;

- географиялық тәуелсіздік: әлемнің кез-келген нүктесінен шығу мүмкіндігі.

VIP-банкинг - бұл:

- сіз үшін таңдалып алынған қаржылай өнім мен қызмет көрсетудің икемділігі;

- сіздің активтеріңізді сенімді басқарып, сізді нарықты қадағалау қажеттілігінен босатады;

- қаржылық шешімдер мен схемаларды тиімді жасау мақсатындағы инвестициялық банкингтік қызмет көрсету түрлері;

- кәсіби менеджер - халықаралық стандарттар деңгейіндегі банктік қызмет көрсетуді ұсынатын сіздің жеке қаржылық агентіңіз;

- ерекше төлем карталары әлем бойынша сіздің беделіңізді және эксклюзивті «клубтық» қызмет көрсету пакетіңізді ерекшелеп тұрады;

- депозиттік бағдарлама сіздің қаржы салу мен сақтаудағы жекелеген қажеттіліктеріңізді есептеп отырады;

- сақтандыру пакеті барлық басты бағыттар бойынша қауіп-қатерді сейілтеді.

Телебанкинг - қалалық немесе ұялы телефонның көмегімен Homebank қаржы порталы қызметіне жеңіл әрі тиімді тәсілмен қол жеткізудің кеңейтілген түрі. Жай қалалық нөмірден қоңырау шалу арқылы, сіз:

- өзіңіздің дербес және карталық есепшотыңыздағы балансыңызды білу;

- барлық аймақ бойынша «Қазақтелеком» АҚ қызметін төлеу;

- ұялы байланыс операторларының қызметін төлеу;

- эфирлік кабелді «Алма-ТВ» қызметін төлеу;

- Homebank қаржы порталына кірудің құпия сөзін өзгертуіңізге болады.

Ұялы телефонды қолдану арқылы Сіз жоғарыдағыдай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «тез төлем» қызметімен өз ұялы телефоныңызды толтыра аласыз.

WAP-банкинг:

Көптеген клиенттер өз шоттарымен интернет арқылы жұмыс істеудің ыңғайлылығы қызмет көрсетудің жаңа түрін- сіздің шотыңызға ұялы телефон арқылы кіру қызметі.

Телефоныңыз WAP жүйесіне қосылған болса, сіз оны компьютердің қажетінсіз төлемдер жасау мақсатында өз шоттарыңызды бақылау құралы ретінде қолдана аласыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк филиалының активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау
Білімді қаржыландыру
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.
Ақшаның номиналистік теориясы
Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz