Ойын әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын анықтау
Ө.Сұлтанғазин атындығы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Психология және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Қорғауға жіберілді ___________2020 ж
Қолы __________Ли Е.Д
(каф.меңгерушісі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЫН ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Қостанай, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЫН ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ойын әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларын сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда педагог - ғалымдардың зерттеулері ... ... ... ... .11
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық ойын әдістеріі арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 16
1.3 Ойын әдістері және оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЫН ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТІК ЖҰМЫСТАР
2.1 Ойын әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2 Қалыптастыру кезеңінде бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген сабақтың үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.3 Қорытынды эксперименттің барысы, нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 68
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

___________________________________ ________________________________ мамандығы
Бекітемін:
МД және ББ кафедрасының меңгерушісі
___________________________________ __
______ ____________________ 20___ ж.
Дипломдық жұмысты орындау үшін
ТАПСЫРМА
Студент ___________________________________ ___________________________________
(Т.А.Ә.)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ _________________________
___________________________________ ___________________________________ _______
20___ жылдың ______ ______________ № _____ ЖОО-ның бұйрығы бойынша бекітілді
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ___________________________________ _________
Жұмысқа қажетті соңғы мәліметтер ___________________________________ __________
Дипломдық жұмыстың әзірлемесіне қажетті сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың
қысқаша мазмұны:
а) ___________________________________ ___________________________________ _____
ә) ___________________________________ ___________________________________ _____
б) ___________________________________ ___________________________________ _____
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________ ________________________________ ___________________________________ _____________________Жұмыс бөлімдері бойынша жүргізілетін кеңес беру жұмыстары
Бөлімдері
Кеңес беруші
Тапсыру мерзімі
Қолы
Дипломдық жұмыстың жоспарын құру үшін әдебиеттерді іріктеу.
Бірінші тараудың әзірлемесі және оны тексеруге ұсыну.
Екінші тараудың әзірлемесі және оны тексеруге ұсыну.
Қорытынды мен ұсынысты ғылыми жетекшімен келісу.
Қорғауға арналған баяндама тезисінің әзірлемесі, пікір және сын-пікірмен танысу.
Тапсырманың берілу күні ___________________________________ ____________________
Кафедра меңгерушісі ___________________________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ғылыми жетекшісі ___________________________________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Тапсырманы орындауға алған студент ___________________________________ _________
(қолы) (Т.А.Ә.)
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Ойын ерте заманнан бері тиімді әдіс болып табылады және ол ғылымда өз дәлеліне жеткен. Біздің тақырыбымыздың маңыздылығы соңғы жылдары оқушылардың әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасы жоқ екенін байқаймыз. Бұл деген балалардың білім сапасының нашарлауына алып келеді. Педагогикалық процесте, әсіресе бастауыш сыныпта, мұғалімнің жаңаша ойлауына қойылатын талаптарға және оқушының шығармашылық жеке басының қалыптасуына ықпал ететін оқытуды ұйымдастырудың сапасына көп көңіл бөлінеді. Еліміздің экономикалық және рухани дамуының болашағы білім беру жүйесінің әр адам мен тұтас қоғамның сапалы білім беру қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне байланысты. Бұл жұмыс бастауыш сынып оқушыларын мотор-когнитивті іс-әрекетке дайындаудың маңызды бөлігіне арналған, ол балалардың оқу процесіне жан-жақты әсер етеді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың көбісі компьютерлік немес басқада инновациялық құрал-жабдықтардың құрсауында қалып жатады. Сол себепті балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалімдер сабаққа ойын түрлерін кіріктіруі керек. Сабақ барысында оңтайлы пайдаланылған ойындар, балалардың қызығушылығы мен қатар ынтасын арттырады. Мұғалімнің бұл жердегі міндеті - ойын арқылы ұйымдастырылған сабақты дұрыс балаларға жеткізе білу. Оқу материалының ішінде тақырыптың негізгісін бөліп алу, оны дәлелдеу, түсіндіру мұғалімнің негізгі жұмысы болып табылады. Жалпы айтқанда, ойын бастауыш сынып оқушыларының білім сапасы мен қатар шығармашылық қабілетін, бір сөзбен айтқанда жан - жақты үйлесімді дамыған азамат болып жетілуде маңызы өте зор[1].
Бұл тақырыпты алуыма себеп болған, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы еді. Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында білім саласындағы мамандардың алдына үлкен міндеттер қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек.
Қазіргі таңдағы білікті мамандар пәндік оқытудың білікті-білімді жағына ден қою болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары үшін оқуда негізгі іс - әрекет ол ойын болып табылады. Ойын сабақ өту процесі кезінде оқыту әдісі ретінде қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларының ойынға ерекше мән беретін, мінез - құлықтарында еріксіздік болатыны анық. Сол себепті мұғалімдер сабақ өту барысында ойын технологияларын ұтымды пайдалана алуы тиіс. Бұл мұғалімнің білім сапасының жоғары екенінің дәлелі болмақ. Жаалпы ойын еңбекте де, қоршаған ортаны тануда да тиімді тәсіл болып қала бермек. Ойын - айналадағы құбылысты тану құралы болып саналады. . С. Макаренко бойынша: Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, ересектердің жігерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала өзін қалай көрсетсе, болашақта еңбекте де сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойын бастауыш сынып оқушылардың оқуға, өмірге, жұмысқа деген ынтасын, қызығушылығын дамытуда негізгі құрал болып табылады.
Мұғалімнің қызметі -- балаларды ойынға өз қызығушылықпен қатысуын қадағалау.
Ойын адам баласының мәдениетін дамытуда да әсері мол. Ойынның жалпы адамзаттың дамуындағы маңызы психологияда және әлеуметтік факторлармен де дәлелденген. Ойын әдістері ерте заманнан бүгінгі күнге дейін білім беру барысында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақта ұйымдастырылған ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде рқылы құрылады. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, ойы, дүниетанымы дамиды. Негізгі мәселе оқушы білімінің деңгейін дамыту. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа деген қызығушылықтары мен даму деңгейлері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі -- дидактикалық ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың кез - келген сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану тиімді болып табылады. Мысалы:жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары кішкентай яғни, ойын баласы болып келеді. Сондықтан мұғалім оларды зеріктірмей түрлі ойын түрлерін кіріктіру арқылы сабақты қызықты етіп жеткізуге тырысу керек.
Ойындар арқылы оқушылардың ой -- өрісін дамиды, танымдық қабілеттері артады , меңгерген, өтпелі тақырыптарды жетік меңгеруге зор әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын кеңейтіп, сауатты жазып, оқуға да баулиды. Оқушылар ойын барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да түсінетін болады. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ? - деген сұрақтау туындауы мүмкін.
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана болып емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі[3, б.124].
Зерттеу тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдістері арқылы сабаққа деген қызығушылығын дамыту.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдістері арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын теориялық жағынан негіздеп, әдістемелік жолдарын қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларын ойын әдістері арқылы сабаққа деген қызығушылығын дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту жолдары мен әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының сабақ барысына ойын әдістерін кіріктірсе және оны жиі, тиімді қолданса, балалардың білім сапасы мен сабаққа деген қызығушылықтар дамиды.
Зерттеу міндеттері:
Ойын әдістері арқылы бастауыш сынып оқушылардың сабаққа деген деңгейін дамыту туралы жазылған әдебиеттерді зерттеу, талдау жасау;
Сабаққа деген қызығушылықтарын дамытатын ойынның әдіс - тәсілдерді анықтау;
Диагностикалық тексеру жүргізу.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер зерттелініп; ойын әдістерінің сабақта қолдану тиімділігі анықталды; бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыруда ойынның орны анықталады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: бастауыш сынып оқушылардың педагогикалық іс-тәжірибесінде және оларға ойын әдістерін кіріктіру арқылы оқыту әдістемесінің практикалық сабақтарда пайдалануға болады .
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; озат тәжірибелерді меңгер; эксперименттік материалдарды дайындау; диагностикалау әдістері; бақылау жүргізу; балалар білімінің нәтижесін салыстыру; тәжірибелік эксперимент өткізу; сараптап; қорытындылау.
Зерттеу жұмысының практикалық базасы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би аулының №24. У.Туктибаев атындағы орта мектеп МКҚК, 3 ә, а сынып.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1.1 Ойын әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларын сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда педагог - ғалымдардың зерттеулері
Жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі бастауыш сыныпта қаланатыны бәрімізге аян. Бастауыш сыныптың негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген қызығушылық дағдыларын меңгерту -- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті нәтижелі орындау үшін, әрбір жас баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушының ой-өрісін арттыруға дайын болуымыз керек. Әрине, бұл бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын жауапкершіліктің, талаптың маңызы зор[4, б.18-27].
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін ашу, ой-өрісін толық дамыту, оларға жүргізілетін оқу бағдарламалырын тиімді ұштастыра білу, инновациялық технологияларды тиімді қолдана білу мұғалімнің білімділігіне байланысты болып келеді. Осы орайда сабаққа ойын әдістерін тиімді кіріктірілсе, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Сондықтан да сабақта ойын технологияларын жиі қолдану керек. Бұл дегеніміз оқушылардың ынтасын ғана арттырып қоймай, есте сақтау қабілеттін жақсартады. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының білім,даму деңгейі түрлі деңгейде. Ойын элементтері тіпті үлгерімі ең төмен оқушылардың өзінің тапсырмаларды асқан ынта - жігерімен орындауына әсері мол.
Белгілі ғалым А.В. Кенеман бойынша: Ойын - бұл үлкен жарық терезе, ол арқылы әлем туралы идеялар мен түсініктердің ағымы баланың рухани әлеміне енеді. Ойын ежелден оқуға деген қызығушылықты ояту құралы ретінде қолданылып келеді. Ойынның эмоционалды бояуы, қызықты жағдай сізге айтарлықтай ақпарат алуға, салыстырмалы түрде қысқа мерзімде тереңдетуге, білімді жүйелеуге мүмкіндік береді, бірақ міндетті шарт - бұл ойын материалының сабақтың мазмұнымен органикалық байланысы. Ойын - бұл қызығушылық пен қызығушылықты нұрландыратын ұшқын. Қазіргі өмір адамның интеллектуалды және әлеуметтік дамуына жоғары талаптар қояды. Алайда, оқушыларға үлкен көлемде ақпарат сіңіруге тура келетіні психологиялық шамадан қаупі бар. Тек ойын арқылы денсаулықтарына зиян келтірместен білімді белсенді түрде игере алады. Бұл әлеуметтік проблема педагогикадағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. А.С. Макаренко айтуы бойынша: Ойын - бұл маңызды әдіс, және оны баланың іс-әрекеті ретінде қарастыру біршама қате, өйткені бала кезіндегі ойын - бұл қалыпты жағдай, сондықтан бала ауыр жұмысты орындаған кезде де ойнауы керек. Оның бүкіл өмірі - ойын[5, б.80-83].
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің Ойыншы адам, Д.Б. Элькониннің Ойын психологиясы, Әрик Берннің Адамдар ойнайтын ойындар атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б. Ойын сабақтың әртүрлі кезеңдерінде өткізілуі мүмкін. Сабақтың басында ойынның мақсаты - балаларды қызықтыру, олардың белсенділігін ояту. Сабақтың ортасында дидактикалық ойын тақырыпты игеру мәселесін шешуі керек. Сабақтың соңында ойын іздеу сипатына ие болуы мүмкін. Бастауыш мектепте сабақ барысында қолданылатын ойындардың негізгі түрлері әдістемелік әдебиетте анықталған. В.А.Сухомлинский жазуы бойынша: Ойын - бұл үлкен жарық терезе, ол арқылы әлем туралы идеялар мен түсініктердің ағымы баланың рухани әлеміне енеді. Осылайша, оқыту, әмбебаптылық, қайталанушылық және жаттығу қағидаларын ұстанатын ойын дамыту элементтерін қолдану білімді мықты игеруге және балалардың ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. қытудың дәстүрлі тәсілі білімнің орта деңгейіне бағытталған. Мәселе мынада, бастауыш мектепте тақырыпты стандартты түрде ұсыну, балалардың оқуға деген қызығушылығын жоғалтуға әкеледі. Олар мектепке баруды жалғастырады, өйткені бұл өте қажет. Сонымен қатар, балалар ата-аналарынан жаңа ойыншық немесе қарапайым мақтау алу үшін жақсы баға алуға тырысады. Бастауыш мектепте ойын технологиясы балалардың негізгі пәндерге деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Бұл математика, әдебиет, жазу, шетел және орыс тілі. Өзіңіз білетіндей, қызығушылықсыз алған білім кез - келген адам үшін пайдалы болмайды. Сондықтан ойынның(дидактиканың) ең қиын және маңызды міндеттерінің бірі оқуға деген қызығушылықты арттыру мәселесі әрқашан болып келген және болып қала береді. Сабаққа деген қызығушылық мәселесін психологияда Б.Г.Анианиев, М.Ф.Беляев, Л.И.Божович, Л. А. Гордон, С. Л. Рубинштейн, В. Н. Мящеев және педагогикалық әдебиетте Г.И. Щукина, Н.Р.Морозова ғалымдардың еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын жан-жақты зерттеген. Алайда, кейбір мәселелер әлі де шешілмеген. Ең бастысы - бастауыш сынып оқушыларының тұрақты сабаққа деген қызығушылықты қалай қалыптастыру болып табылады. Жалпы айтқанда, жыл сайын оқушылардың оқуға деген көзқарастарының бей-жай екендігін байқаймыз. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Осыған байланысты мұғалімдер оқу іс-әрекетін жандандыруға, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ететін тиімді формалар мен әдістерді іздеуде. Ерте заманнан бергі мәселе болып келеді. Психолог ғалымдардың айтуынша, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мүмкіндігінің бірі - сабақтан тыс жұмыстарды кеңінен қолдану делінген. Сыныптан тыс жұмыстар танымдық қызығушылықты, оны жүзеге асырудың әр түрлі формалары арқылы арттыру сияқты оқу тапсырмасын орындаудың қуатты резервіне ие. Осы формалардың бірі - ойын-сауық. Танымдық қызығушылықты жүйелі түрде нығайту және дамыту оқуға деген оң көзқарастың негізіне айналады. Танымдық қызығушылық - бұл іздеу сипаты. Оның әсерінен адамның үнемі сұрақтары болады, жауаптарын өзі үнемі және белсенді іздейді. Сонымен бірге оқушының ізденіс әрекеті ынта-жігермен жүзеге асырылады, ол эмоционалды өрлеу, сәттілік қуанышын сезінеді. Көңілді ойындар өздерінің эмоционалдылығымен ерекшеленеді, оқушылардың сабаққа жағымды көзқарасын тудырады; оқу қызметін жандандыруға ықпал ету; интеллектуалды процестерді шиеленістіреді және ең бастысы әртүрлі пәндерге танымдық қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді. Бірақ айта кету керек, ойын-сауық сабақтың формасы ретінде сирек қолданылады, өйткені оны ұйымдастыру мен өткізудің қиындықтарына байланысты. Осылайша, ойын-сауық ойындарын сабақтарда қолданудың үлкен білім беру, бақылау, тәрбиелеу мүмкіндіктері (атап айтқанда, танымдық қызығушылығын дамыту мүмкіндігі) жеткіліксіз жүзеге асырылады.
Ресейлік педагогтардың зерттеу пікірлері:
Оқушы үшін қызығушылық, күрделі және өте маңызды білім ретінде оның психологиялық анықтамаларында көптеген түсіндірулерге ие, ол келесідей қарастырылады:
-Оқушылардың селективті назары (Н.Ф. Добрынин, Т. Рибот);
-Оның психикалық және эмоционалдық белсенділігінің көрінісі (С.Л. Рубинштейн);
- Бастауыш сынып оқушыларының өмірлік мәні мен эмоционалды тартымдылығын санадан туындаған объектіге тұлғаның ерекше қатынасы (А.Г. Ковалев).
Г.И.Щукина шын мәнінде қызығушылық біздің алдымызда тұрады деп санайды:
- оқушылардың психикалық процестерінің дүниенің объектілері мен құбылыстарына таңдамалы бағытталуы;
- индивидтің құбылыстардың дәл осы саласымен айналысуға бейімділігі, ұмтылысы, қажеттілігі ретінде, қанағаттануға әкеледі;
- және тұлғалық белсенділіктің қозғаушы күші ретінде;
- және, сайып келгенде, әлемге, оның объектілеріне, құбылыстарына, процестеріне ерекше селективті көзқарас ретінде.
Н.Р.Морозова бастауыш сынып оқушылары үшін кем дегенде үш міндетті тармаққа қызығушылықпен сипатталады:
1) оқу қызметке қатысты жағымды эмоция;
2) осы эмоцияның танымдық жағының болуы, яғни. білім мен білім қуанышы деп атайтын нәрсе;
3) қызметтің өзінен туындайтын тікелей мотивтің болуы, яғни. іс-әрекеттің өзі оны басқа себептерге қарамастан тартуға және ынталандыруға итермелейді. Көптеген ұлы адамдардың - ғалымдар, жазушылар, композиторлар, суретшілер - бала кезінен-ақ ғылымға, әдебиетке, музыкаға және бейнелеу өнеріне қызығушылық пен бейімділік танытты. Бірақ бұл қызығушылық нөлден туындамайды. Қызығушылықтардың қалыптасуына қоршаған орта, тәрбие және білім әсер етеді.Қазіргі мұғалімдер баланың жан-жақты дамуын қалыптастыру факторы ретінде баланың мүдделерін тәрбиелеуге үлкен мән берді. Сухомлинский әр оқушының сүйікті пәні болуы керек деп атап өтті. Мұғалім білімге қызығушылықты оятады, дарындылықты ашады. Оқуға деген қызығушылық дегеніміз - бұл белсенділіктің ерекше тонын, жеке тұлғаның ерекше күйін қалыптастыратын көптеген психикалық процестердің қосылуы (оқу процесінің қуанышы, қызығушылық субъектісін тереңірек танып білуге деген ұмтылыс, танымдық іс-әрекет, сәтсіздіктерді бастан өткеру және оларды жеңуге деген ұмтылыс) (Скаткин М.Н.)[6, б.211-212].
Щукина Г.И. ойын әдістері қызығушылық таным субъектісіне оқушының таңдамалы қатынасын және оның тұлғаға әсер ету дәрежесін көрсететін қызығушылықты дамыту кезеңі ретінде қарастырады.
Рамонова К.М. ойын әдістері арқылы сабаққа қызығушылық танытудың өзіндік белгілері болып табылатындығын, бірқатар белгілермен сипатталатынын атап көрсетеді: сабаққа қызығушылық - тұрақты танымдық бағдарлауды қалыптастырудың бастапқы кезеңі, бағдарлау рефлексі мен бағдарлау іс-әрекетімен байланысты;
қызығушылық оқушы құбылыстардың себептерін анықтауға итермелейтін қайшылықты фактілерді көрсеткен жағдайда дамиды. Оның дамуындағы танымдық қызығушылық оқушыларда әдетте танымдық белсенділікпен сипатталады. Танымдық іс-әрекеттің дамуы әлемнің жаңа әсерлерін алуға бағытталған іздеу әрекеттерінде көрінеді.
Сергей Герасимов Танымдық іс-әрекет және түсіну мақаласында оқу барысында пайда болатын қызығушылықты білуге деген құштарлықпен байланысты екенін, ал келесі кезеңнің қызығушылығы - көруге деген ұмтылыс екенін айтады. Тест мотивациясы түсінумен бірге туындайды және тек өз іс-әрекетінің нәтижесімен ғана таусылады.
Поляк зерттеушісі Стефан Шуман Ойын атты еңбегінде, ойын оқушы іс-әрекетінің өзіне тән және ерекше формасы екенін айтады, соның арқасында ол тәжірибе жинақтайды. Шуманн ойын оқушыда ең жоғары эмоционалды тәжірибені тудыратындығын және оны барынша терең іске қосатындығын атап өтті. Шуманның ойынша, ойын байқау,қызығушылық, қиял, түсінік пен дағды қалыптастыруда ерекше тәсілге бағытталған даму процесі ретінде қабылдауға болады. Мұғалім әрине ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Осы жағдайда ғана ол жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады[9]. Ойын дайындау мен өткізудегі мұғалімнің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Жұмыстың бастапқы кезеңінде мұғалім оқушылардың іс-әрекетін белсенді бақылайды, бірақ біртіндеп ол тек бақылаушы болады. Бұл қазіргі ойыннің мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі рөлі туралы ережелерімен сәйкес келеді. Ю.К.Бабанскийдің білім беру процесінің өзі оқушылардың оқу пәні ретінде белсенді белсенділігінсіз мүмкін емес деген пікірімен келісуге болмайды. Бұл екпіннің сабақтағы белсенді әрекеттен оқушылардың белсенді іс-әрекетіне ауысатындығына байланысты. Бұл мұғалімнің оқу процесінің ұйымдастырушысы ретіндегі рөлін арттырады. Оқу материалын игеруде оқушылардың белсенді және саналы әрекеттерін бақылайды. Сондықтан кез-келген оқушы ең алдымен бала екенін, ал ойын кез келген баланың өмірінің ажырамас бөлігі екенін ұмытпайық. Оқыту әдісі ретінде ойынның күшті және әлсіз жақтары бар, оны бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасайтын мұғалім білуі және ескеруі керек. Оқытудың қосымша, жанама әдісі ретінде қажеттілігі, Р.И. Жуковский материал, мен оны тереңірек түсіндім . Ойын әдістерінің педагогикалық құндылығы - бұл балалардың ақыл-ой белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын дамытады, оқу материалын саналы қабылдауды, бір бағыттағы әрекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, тәуелсіздік пен бастаманы дамытады[8, б.52-54].
Ойын әдістері бастауыш сынып оқушыларының керемет феномені ретінде Н.А. Короткова, Н.Я. Михайленко, А.И. Сорокина, Н.Р. Эйдж және т.б. орыс ғалымдарының зерттеулерінде толығырақ қарастырылады.
Жалпы білім беретін мектепте ойын іс-әрекетінің аспектілерін Иран Ислам Республикасының ғалымдары Алиаброр Джафари, Ахмад Мачиди және басқалар қарастырды.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының ойын белсенділігі мәселесі тәжік ғалымдары М.Л.Лутфулоева, Р.К. Курбонова, А.Н.Нуров, Б.Р.Рахимов Ф.Ш.Шарифов және басқалардың ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі философия, педагогика және психология бойынша іргелі еңбектерінде, сонымен қатар бастауыцш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын дамытуда ойын технологиясын қолдану туралы тұжырымдамалық ережелерін Иран ғалымдарының ғылыми еңбектерінде кездемтіреміз: басқалары; орыс және тәжік ғалымдарының мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекеті проблемаларына арналған еңбектері: С.В. Арутюнян, О.С. Газман, В.М. Григорьева, О.А. Дьячкова, Ф.И. Фрадкина, Г.П. Щедровицкий, М.Л. Лутфулоева, Р.К. Курбонова, А.Н.Нурова, Б.Р. Рахимова, Ф.Ш. Шарифова және т.б. педагого-психологтар зерттеген. Ойынның негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушылары ақпаратты қабылдауға және талдауға дайындау, теориялық білімді практикалық жағдайда қолдана білу қабілетін қалыптастыру және дамыту. Ойын технологиясы, біздің ойымызша, осы мақсаттарға жету үшін өте қолайлы. Мұндай сабақтар нақты динамикалық ортаны модельдеуге мүмкіндік береді, нақты экологиялық факторлардың әсер ету мысалын келтіреді. Нақты жағдайларға байланысты дайындалған білім беру ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәжірибелік қызмет саласына енгізеді. Сондай-ақ, олар қазіргі жағдайды сыни бағалау, оны жақсарту жолдарын табу қабілеттерін дамытады және практикалық білім мен дағдыларды игеру үшін өз бетінше жұмысты жандандыруға күшті ынталандыру болып табылады. Ойын барысында жинақталған практикалық дағдылар жас студенттерге өзіндік жұмысқа көшу кезінде пайда болатын қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Педагогикалық ойында қатысушыларды оқыту бірлескен іс-әрекет процесінде жүреді. Бұл жағдайда әрқайсысы өзінің жеке міндетін өзінің рөлі мен қызметіне сәйкес шешеді. Педагогикалық ойындағы қарым-қатынас - бұл білімді бірлесіп игеру процесіндегі қарым-қатынас қана емес, ең алдымен, зерттелетін нақты іс-әрекет процесінде адамдардың қарым-қатынасын еліктейтін, көбейтетін қарым-қатынас. Педагогикалық ойын - бұл бірлескен іс-әрекеттерді, дағдылар мен ынтымақтастыққа үйрету .Өздеріңіз білетіндей, ойын балалар мен ересектер үшін белсенді оқыту құралы ретінде ұзақ уақыт бойы қолданылып келген. Іскерлік ойындарға ең жақын пән - XVII-XVIII ғасырларда пайда болған соғыс ойыны. Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының сабақтарына рөлдік ойынның пайдасы мол екенін атап өтті және оның пайда болу тарихын қарастырады. Оның пікірінше, алғашқы рөлдік ойын пайда болған кездегі тарихи сәтті дәл анықтау мүмкін емес. Бұл әртүрлі халықтар үшін олардың өмір сүру жағдайларына және дамудың жоғары сатысына өту формаларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Балалар ересектер өміріне кірді, құралдарды және барлық қатынастарды игерді, ересектер жұмысына тікелей қатысты. Дамудың неғұрлым жоғары сатысында балаларды еңбектің маңызды бағыттарына қосу арнайы түрдегі дайындықты қажет етті, ол формада азайтылған құралдарда өтті. Бұл рөлдік ойын деп аталатын болды деп тұжырым жасады[10, б.84-87].
Бастауыш сынып оқушының жеке индивид ретінде қалыптастыруда ойынның педагогикалық-психологоиялық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт,Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский еңбек қосқан. Ойынның теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше мән берген.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану р ғалымдардың еңбектерінде де айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.) [10, б.84-87].
Д.Б.Эльконин өзінің Психология ойыны атты кітабында ойын сөзіне көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, екі мағынада қолдана береді. Мысалы: тағдыр ойыны, отпен ойнау, т.б.
Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Е.А. Покровский өзінің кітабына былай деп жазған: ойын ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар.
Бірақ ойын әрекетінің түсіну философиялық-теориялық жоспарында Ф.Шиллер мен И.Кант еңбегі зор. Олардың пікірінше, ойын - адам әрекетінің бостандық бейнесі. Кант және Шиллер, ең бірінші болып ойынның эстетикалық табиғатын бекітті, ойында адам тіршілігінің сипаттамасын көрді. Бірақ Шиллер ойын мәнін адам әрекетінің бостандығы деп шексіздеді. Оның айтуынша, жануарлар әлемінде ойын - күштің молдылығы, бұл жануарлардың ойын әрекетіне түрткі болады, ал өз тіршілігіне бұл әрекет бағытталмаған. В.В.Петрусинскийдің пікірі бойынша педагогтың басты міндеті - оқуға үйрету. Ал педагогтың белсенді көмекшісі - ойын. Педагог негізгі күшті алғашқы әрекетке (ведущая деятельность) салу керек. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өңдген кезеңдік схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және арнайы әрекет типі - алғашқы әрекет болып табылады. С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты - бұл оның нақты құндылығы: қуанышты жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық. Э.Берннің пікірінше ойынның тарихи мағынасы адамдар ойнайтын ойын ұрпақтан ұрпаққа беріледі[11, б.177].
А.И. Субетто: "Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай, өмірге де дайындайды" десе, В.А. Сухомлинский: "Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес" деген[12, б.85]. Ойын өз алдына оқыту үрдісі, оқушыларды еңбекке дайындаудың белсенді құралы. С.Л. Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі пікірлер біршама қызмет атқарып отыр. Ол оқушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның сабаққа ынтасын, білімін жеңілдетеді (Д.Б. Эльконин). Ойын арқылы оқушылар жеңіл білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды тануға үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Занковтың айтуынша, сабаққа кіріктірілген ойын әдістері оқу процесіндегі зерттеушілікті көруге көмектеседі, оқуышалардың білімін кеңейтуге, шығармашылық ізденімпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға қызығушылығын және ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Кеңестік педагог А.С. Макаренконың пікірінше: "Ойында баланың психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай - ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі" [12, б.85]. Сондықтан да мұғалімдердің ойын әдістерін жеңіл, тиімді етіп қолдану басты міғдеті болып табылады. Сонымен қатар қазақ педагогы А.Байтұрсынов еңбектерінде дидактикалық ойын терминдерін байқаймыз. Аты аталып, түсі түстелмеседе ол өзінің тәжірибесінде ойынның бастауыш сынып оқушыларына әсері мол екенін атап кеткен. Оны мына жерден байқаймыз.
Мәселен: "Қата оқыған жақ қайта оқиды" атты дидактикалық ойыны.
Алты бала одақтасып ат бақыл атты.
Дала балалары одақ болды.
Қала балалары одақ болды.
Асандар атты. Алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды.
Асандардан асық қарыз алды.
Қақбақылдан да Назарлар қалды.
Осы 8 сөзді 8 баладан бірігіп жарыса оқиды. Бәстері қата шығармау; шығарған жақ қайта оқу, бала басынан бір сөйлемнен оқиды. Бірі қаталасса, қатасы одағының бәріне жұғады. Қаталасқан жақтан біреуі бөтен мақаланы қатасыз оқып шықса, одақтастарының қатасының бәрін жуады. А.Байтұрсынов дидактикалық ойындарды баланың сөйлеу, сғни орфоэпиялық дағдылары мен ой-өрісін дамытуда қолданған. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің Ойыншы адам, Д.Б.Элькониннің Ойын психологиясы, Эрик Берннің Адамдар ойнайтын ойындар атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, Г.М. Қасымова т.б.[13, б.147-148].
Н.К. Крупская Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді - дейді[14, б.64].
Ойын ұғымы қандай қызмет түрін білдіретінін анықтауға тырысайық. Ойын, көптеген ғалымдардың пікірінше, дамудың, әлеуметтік белсенділіктің, әлеуметтік тәжірибені игерудің формасы, адамның күрделі қабілеттерінің бірі. Сондықтан жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беру мекемелерінің қазіргі оқу процесінде ойын әдістері көбірек қолданылады.
Педагогика мен психологияда ойын белсенділік мәселесін К.Д.Ушинский, Л.П.Блонский, С.Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин зерттеген. Баланың қимыл қозғалысының дамуын анықтаған қозғалтқыш әрекетін дамуын А.В.Запорожец зерттеген болатын. Ол балалардың қимыл қозғалтқыш қызметінің макроқұрылымын анықтады және қозғалтқыш белсенділігінің субъектілік мазмұнын (қозғалыстың үлгісі), оны іске асыру құралы, мақсаттар, мотивтер және нәтиже жасырылған жағдайларды қарады.
Қозғалыс кезінде, кез-келген басқа сияқты, операцияға сәйкес келетін шарттар мен құралдар және мақсаттар әрекеттерге сәйкес келеді. Балалардың қимыл қозғалтқыштың элементтерінің немесе бөлшектерінің нақты қатынасын А.В. Запорожец өзінің ғылыми зерттеген жұмыстарында айқын анықтап берген болатын [15, б.114]. К.Д.Ушинский былай деп жазды: Бала үшін ойын - бұл шындық, ал шындық оны қоршаған нәрсеге қарағанда әлдеқайда қызықты. Бұл бала үшін қызықтырақ, себебі оның бір бөлігі өз қолымен жасалады ... ойында бала қазірдің өзінде пісіп-жетіліп, қолын сынап, өз туындыларын дербес басқарады. Ойын - бұл тәжірибе. Бала ойнайды, өйткені ол дамиды, өйткені ол ойнайды. А.С.Макаренко өсіп келе жатқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде және қалыптастыруда ойынның маңыздылығын атап өтті. Испан мәдениеттанушысы Хуан Ортега и Гассеттің, американдық психолог Эрик Берннің қызықты зерттеулерді жүргізген. Осы күнге дейін сабақтарға жүргізілген ойынды зерттейтін отандық мұғалімдерімізде аз емес. Мысалы: А.П.Ершов, В.М.Букатов, Л.М.Некрасов, П.И.Пидкасисти, Ж.С. Хайдарова, Е.Е. Шулешко, Л.К. Филякин. Алайда, Хейзинга ойынды, оның ең қарапайым формаларында да, физиологиялық құбылыстарға немесе дененің физиологиялық тұрғыдан ойластырылған реакцияларына ғана азайтпайды, одан: Ойын - мағынасы бар функция. Ойын жұмыс пен оқумен қатар мәдениеттің функциясы ретінде де адамның негізгі әрекетінің бірі болып табылады. Г.К.Селевко ойынды мінез-құлық арқылы өзін-өзі басқару дамып, жетілдірілетін әлеуметтік тәжірибені демалуға және игеруге бағытталған жағдайлар жағдайындағы қызмет түрі деп анықтайды.
Ойын технологиясы білім беру технологиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Жіктеуі бойынша Г.К. Селевко, педагогикалық технологиялар басым (басым) әдісімен ерекшеленеді:
1. Ойын.
2. Догматикалық, репродуктивті.
3. Түсіндірме-иллюстрациялық.
4. Дамытушылық жаттығулар.
5. Проблемалық, ізденіс.
6. Бағдарламалық оқыту.
7. Диалог.
8. Шығармашылық.
9. Өзін-өзі дамыту жаттығуы.
10. Ақпараттық[16, б.145-146].
Ойынның функциясы туралы жиі кездесетін пікір - бұл ересектердің қимыл-әрекеттерін үйрету туралы. А.Н. Леонтьев Бастауыш сынып оқушыларының ойындардың психологиялық негіздері атты кітабында тоқтала кеткен. Баланың іс-әрекеті барысында оның объектілермен әрекетке деген қажеттілігінің тез дамуы мен осы әрекетті жүзеге асыратын операциялардың дамуы арасында қарама-қайшылық туындайды. Іс жүзінде оқушы көлікті өзі басқарғысы келеді, бірақ бұл әрекетті орындай алмайды. Ол берілген әрекеттің нақты субьектілік шарттары талап ететін операцияларды иеленбейді, бірақ ол бұл әрекетті ойын әрекетінде орындай алады. Кітаптың тарауларының бірі Л.С. Выготскийдің Педагогикалық психология еңбегінде ойынның педагогикалық маңызы туралы зерттеу бар. Онда ойын кездейсоқтық емес, ол адамдардың мәдениеті мен өмірінің барлық кезеңдерінде кездеседі, бұл адамның табиғи ерекшелігі деп айтады. Ойындар шоғырлануды, тапқырлықты, қабілет пен күшті қажет етеді. Ойын - баланың ұжымдық тәжірибесі, қоғамдағы мінез-құлықты үйретеді [17, б.111].
А.С.Макаренко: Мен ойынды тәрбиенің маңызды тәсілдерінің бірі деп санаймын. Бастауыш сынып оқушы топтарының өмірінде маңызды жауапкершілік пен іскерлікте ойын үлкен орынға ие болуы керек. Сіз, мұғалімдер, ойнай білуіңіз керек.
Қ.С.Станиславский мұғалімдерге ойынды сенім мен шындықпен ерекшеленетін оқушыларға үйретуге кеңес берді. Мысалы: атқа секіру - бұл орындық, бала оның астындағы орындық шынымен ат деп ойламайды немесе тауға көтерілген үстел - бұл тау. Мектепке дейінгі балалық шақтағы ойын әрекеті бастауыш мектеп жасында (Л.С. Выготский) әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сондықтан ойын белсенділігіне, ойын формалары мен әдістеріне сүйену балаларды тәрбие жұмысына қосудың ең қолайлы әдісі болып табылады деп тұжырымдаған [18, б.113]. Егер біз қаласақ, бастауыш мектептегі білім дамып келе жатқан болса, онда біз алдымен мазмұнның ғылыми табиғатын және ойынның маңыздылығын ескеруіміз керек - деп жазады Д.Б.Эльконин. Ойынның шартты әлеміне ену оны жағымды эмоционалды етіп жасайды, ал ойын әрекетінің эмоционалдылығы баланың барлық психологиялық процестері мен функцияларын белсендіреді[19, б.14-15].
Ойынның тағы бір жағымды жағы - бұл білімді жаңа жағдайда қолдануға ықпал етеді деді Николина Екатерина Сергеевна.Бабаева Бахара Мугаттасовна бойыншы: жалпы білім беретін оқу орындарында заманауи оқыту әдістерінің өзекті мәселелерінің бірі - оқылатын пәндерді оқыту процесінде ойын технологияларын қолдану[20, б.85].
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының ойын әдістері арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттырудың маңызы.
Қазіргі дамыған кезеңде қызмет етіп жүрген әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты - білім деңгейін көтеру, сабақ түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының ынта - жігерін арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту барысы жаңартылып, білім беруде озық технологияларды қолдануда. Сондай әдістердің бір түрі - Ойын арқылы оқыту технологиясы. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ, Болашақ жастардың қолында десек, білімнің негізі бастауыш қабырғасында қаланатыны таңба басқандай айқын. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, жан - жақты үйлесімді дамытуға, танымдық қабілетін арттыруға үлкен үлес қосады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда және тәрбиелеуде ойынның алатын маңызы педагогика саласында сонау өткен заманнан, бүгінгі күнге дейін зерттеліп келеді. Озық білімді мұғалімдердің бәрі де ойын әдісі арқылы оқытуды керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. Оқу процесінде ойын әдісін пайдалану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде, пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы оқушылардың ойынға қызығушылығы басым, мінез- құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз. Ойын оқушылар үшін оқу да, еңбек те тиімді болып табылады. Ойын - дүниетанымды кеңейту және ацналаны тану тәсілі. Ойын оқушыларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Оқу процесінде ойын әдісін пайдалану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін А. С. Макаренко: Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Өз іс-тәжірибеден қарасақ,ойын әдісі арқылы өтілетін сабақтарды көрнекіліксіз өту мүмкін емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындау керек. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтауға, оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыра түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданылып жүр және Ойын арқылы оқыту технологиясының да жиі қолданылып жатқанын байқаймыз. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. себебі бқл жастағы балалар ойын баласы және оқудың маңыздылығын түсіне бермейді. Ойын ойды қозғайды. Баланың ойынын тыйғанын - ойлауын тыйғаның деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті. Педагогикалық ғылым мен практика мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің әр түрлі формаларын ұсынады. Технология пәні үшін дидактикалық ойындардың өзектілігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz