Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минсистрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
"Щучинск қаласы,педагогикалық колледжі"МКҚК
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы.
Орындаған:Ш-42 топ студенті
Хамитова С.Ж
Жетекші:Махметова А.А
2017-2018 оқу жылы.
Мазмұны
I. Кіріспе бөлім - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - ___________________________________ 4-7 бет
1.1 Ұлттық идеологияның кепілі-рухани жаңғыру
1.2 Ұлттық тәрбие туралы түсінік
II. Негізгі бөлім______________________________ _____8-22 бет
2.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері
2.2 Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі.
2.3 Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.
III. Қорытынды__________________________ ________23 бет
IV.Қосымша_________________________ ____________24 бет
V.Пайдаланған әдебиеттер_________________________ 25 бет
Зерттеудің мақсаты: Ұлттық тәрбие туралы мәлімет беру Эстетикалық тәрбие туралы мәлімет бере отырып,ұлттық өнерді насихаттау.Эстетикалық тәрбиенің негізгі ұғымын анықтау..
Зерттеудің міндеттері:
- Ұлттық тәрбие туралы мәлімет беру;
- Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру;
- Эстетикалық тәрбиенің мақсаты,міндеттері;
- Эстетика.лық тәрбиемен ұлттық өнерді сабаққа қолдану.
Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті
М. Жұмабаев
Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын көрсетуге бағытталған. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тарихы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.Жеке адамның өзіндік санасының ұлттық санаға айналуы ұлттың руханяты арқылы жүзеге асады. Ұлттың руханияты ұлт болмысының интеллектуалдық өрісі мен деңгейін біріктіре отырып, ұрпақтың тұлғалық қалыптасуы мен ел болмысының тұлғалануын қамтамасыз етіп отырады. Ұлттық санамен қалыптасқан және ұлттық зердеге бағынатын жеке адамның рухани ізденістерінің негізінде ел игілігіне ортақ, оның болашағына қызмет ететін танымы, бойындағы қасиеттері, білімі, тәжірибесі мен идеясы қалыптасады. Рухани жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін жүктейтін құбылыс. Рухани жаңғыру жолында адамдар бай кедей деп бөлінбеуі тиіс.Ұлттың мүддесі, тарихтың рухы, елдің болашағы халықтан, әрбір адамнан ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ дүниелерді ғана талап етеді. Ұлттық код жеке адамды өзінің күшімен, рухымен, қасиетімен теңестіреді. Сондықтанда халық игілігін зерделеген адамға алға қойған мақсат, өзі бағындырған белес, шыққан биігі қабілеті, білімі, шығармашылығы арқылы келуі тиіс. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы, зиялы адам ретінде танытатын қасиет жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының болмысына күш беру.Рухани жаңғыру ұлт пен оның өкілі жеке адамның кісілік табиғатына тәуелді. Ұлттық код ұлттық болмыстың рухани көзі, тарихи негізі. Ұлттық код болмаса тарихи ақпараттар, мәдени құндылықтар ұрпақ санасында бірікпейді. Ұлттың игілігіне негізделген барлық тарихи және заманауи ақпараттар ұлттық код арқылы ұлттың зердесінде жинақталып, таратылып, өңделіп жүзеге асып отырады. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухани кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық тәрбие.Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасиеті мен рухани
құндылықтарға тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген. Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың білім алуына, рухан деңгейінің қалыптасуына қыпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және ғылым туралы кемел түсінігі. Ұлттық тәрбиедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді, ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш зиялыларының болмысына, тарихи қызметтеріне қарайтын болсақ рухани жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы.Рухани жаңғыру жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы тежеліп отырады.Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашырлығынан бастау алмақ.Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы айтып көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухани жаңғырудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалау, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Тәрбие - өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақшада - тәрбиеші, мектепте - мұғалім болып келеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға мұғалім - тәрбие көзі.
Ұлттық тәрбие - біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал - бұқаралық ақпарат құралдары екені бәріміз білеміз.
Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген
М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу - бүгінгі заман талапының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту - баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр адамның дұрыс ой түйіп, өнеге ге жол сілтеуі,рухани күшін нығайтуға, аға буын өкілдеріне ізет көрсету отансүйгіштік тәрбенің бастамасы болып табылады.
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады,-деп Мұхтар Әуезов айтқан.
Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды.
Қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы - халықтық педагогикасы.Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз болып келеді.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен бірте өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттық әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры қабылданады.
Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жұрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған өлке"жеке ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне, аялы, көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,т.б), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский,т.б) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
II. Негізгі бөлім

Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, олар ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесісімді дамуында әрбір адамның өз өмірін әдемілік заңы бойынша құруға тырысуы қажет. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының эстетикалық көзқарастарын дамытуда, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеуді мектеп мұғалімдерінен күн санап талап ететін мәселесі. Эстетика сөзі грек тілінен алынған. Сезім, түйсік деген мағананы білдіреді. Олай болса эстетика-өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады В.Г.Белинский: Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы.Онсыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ойда да жоқ. Эстетикалық сезім-ізгілік негізі адамгершілік негізі- деп түсіндіреді. Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу - көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім .
В.Н.Шацкая. Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен мәні атты мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз - айналаға қатысты болмысты, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезіну, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу.
Баланың сезіміне әсер ету - шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.
Суретші Б.М.Неменскийдің эстетикалық тәрбие туралы айтқан:
"Эстетикалық тәрбие кең мағанада - бұл үлкендерді тәрбиелеу және терең сезіну, бұл адамның саналы және адамгершілік тәрбиесі ең алдымен адамның адамгершілігінде. Бұл бірінші кезекте адам жүрегіндегі тамаша тәрбиені, тамаша ақылмен жетекшілік еткен және адамның жүріс-тұрысы, оның адамдарға қарым-қатынасы. Мен терең сеніммен және біз сондай сеніммен эстетикалық тәрбиені кең мағынада, адамның жалғыз және аса қажетті тәрбие құралы деп атадық".
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу ‒ адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.
Б.М.Неменский эстетикалық тәрбие туралы былай деген: "Адамды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу - сонымен оның ойлау және сезіну эстетикасын қалыптастыру, оның өмірге көңіл бөлуі, өнерге, еңбеккке, отбасына, достыққа, жалпы күресте. Бұл өмірлік ұсыныс әсемдікті заң бойынша қалыптастыру. Ұсыныс және әрекет," - деп адам өміріндегі эстетикалық тәрбиенің маңызды екенін түсіндіреді.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі ‒ эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады, әдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласы бойынша әрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру ‒ эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, пайымдай және бағалай алады.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік рөлі атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан барынша игі әсер етеді.
Эстетикалық тәрбиені өмірден, шығармашылық белсенді іс-әрекеттен бөлуге болмайды. Қайта осы өмірмен тығыз байланыстыра отырып, біз ақыл-ой адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік туғызады.В.Н.Шацкаяның Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі атты кітабы оқушыларға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған:
- көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу;
- құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту;
- баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскерлігін қалыптастыру.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет. Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары. Сонымен қатар эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Оқушыла рдың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz