Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. “Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық” - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де сарқылмас бұлағы. Қолөнер көркемдік мән - мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Халық өнері - халық даналығының жемісі.

Әрбір адам өз бойына даналықты халықтан, ақиқатты табиғаттан, шеберлікті еңбеккерліктен сіңіреді. Халық өнерінің туындыларын кеңінен пайдалану, оларды дамытып, шығармашылықпен еңбектену қажеттігін өмір талап етуде. Біз көркемдік пен эстетикалық тәрбиені халық өнерінен үйренеміз, сол арқылы жаманды жақсыдан ажырата аламыз. Асыл қазына болып саналатын көне мұраларымыздың бірі - ұлты-мыздың дәстүрлі қолөнер мәдениеті. Қазақ халқының тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Халық қолөнері түрлеріне әдет - ғұрып жабдықтарымен бірге аң аулауға, мал өсіруге, егіншілікке қажетті құрал - жабдықтар мен қару - жарақтар жасау өнері де кіреді. Киіз үйдің сүйектері, ағаштан дайындалған үй жиһаздары - сандық, жүк аяқ, асадал, кебеже, ағаш кереует, жүннен дайындалған үй бұйымдары: кілем, құрақ құрау, қайыс өру, таспа өру, жүген, ши тоқу, бесік жасау, келі - келсап, күбі, ыдыс - аяқтар қолөнер шеберлері әр түрлі ою - өрнектермен нақыштап безендіре білген. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып өз сабақтастығын тауып отырған сәндік қолөнерінің бір түрі -ағашты көркем өңдеу. Технология сабағында балаларға қолөнердің әр түрін үйрету барысында жаңалықтар енгізіп, көркемдеу туралы мәліметтер бере отырып, қолөнер түрлерінің қайсысында болсын белгілі бір дәрежеде жергілікті ерекшеліктер де болатындығын атап өткен жөн. Қазақ халқының қолөнері - барынша дамыған, бағалы әрі мол мұра. Оқушылар үшін оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор.

Жұмыстың мақсаты. Шығармашылық жұмысымның мақсаты - оқушылардың қолөнер бұйымдарын жасай отырып шеберлігін дамыту және ағаштан әртүрлі бұйымдар жасауды үйрету, үйренгендерін тұрмыста пайдалануға бағыт беру және өнердің мәңгі өшпейтін осы түрінің сыры мен қырын үйрету.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді. Оқушыларға технология сабағында ұлттық тәрбие беріп, шығармашылық іс - әректтерді меңгеру керек. Өйткені көркем шығарма-шылық іс - әрекеттердің күнделікті пайдаланып жүрген әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы оқыту технологиясы деп отырғанымыз халық мұрасындағы қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық тәрбие беру ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, ұлттық тәрбие беруде бірінші орында оқушы тұрады және оның білім алудағы белсенділігіне басты назар аударылады.

Зерттеу болжамы. Көркем еңбек сабағында ұлттық тәрбие берудің негізі түрлері - тәрбие берудің дербес және топтау түрлері. Бұл жерде алға қойған мақсат оқушыға деген сенім, ұлттық қолданбалы қолөнерге қызығу мүмкіндіктеріне сүйеніп, ұлттық қадір - қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальді түрлері көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуге ғана пайдаланылады.

Жетекші идея. Жаңа технологияның мақсаты бойынша технологиялық білімін жетілдіру үшін пайдаланылатын әдістемелік құралдар оқушының танымдылық іс -әректтерін жүргізе алатындай болуы керек. Қазақ халқының қолөнер түрлерін меңгерту процесінде оқушының технологиялық білімін қалыптастыру мақсатында әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланамыз.

Зерттеу әдістері. Оқушының шеберлігін қалыптастыру мақсатында халықтың қолөнерін оқытуды ұйымдастыру мұғалімді оқушылардың ақыл - ойы мен практикалық іс - әрекетін белсендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушыға қолөнерді үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға, жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оны талдай білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал - жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұжымдастыруға және орындауға, қолөнер түрлерін жасау процесінде оқушының оған деген қызығушылығын, сұранысын арыттыруға, қолөнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата - аналардың шығармашылық жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының қолөнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруға ықпал етеді. Зерттеу пәні. Сонымен, технология пәнінде қолөнерді негізге алып, оқушыларға ұлттық және шығармашылық бағытта тәрбие беру арқылы еліміздің білімді жастарын тәрбиелейміз. Қолөнер арқылы көркем еңбек сабағында оқушылардың іскерлігін қалыптастыру.

Зерттеудің жаңалығы. Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты - мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт - дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тұрмыс - тірліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата - бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау - баршамыздың парызымыз.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы. Ж оғары сынып оқушысының кәсіптік дайындығын диагностикалау жолдары, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің әдістемесі жасалынды. Шымкент қаласындағы № 50 А. Байтұрсынов атындағы гимназия мектебінде өткізілді.

Жұмыстың құрылымы және көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту

1. 1Көркем еңбек пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы игі қасиеттерді қалыптастыру

Бүгінгі таңда қолөнерді оқыту үрдісінде көшіріп салу, дайын жобалық нобайлармен жұмыс жасау орын алып келеді. Әрбір оқушының қоршаған ортадан алған әсері, көркем дүниені қабылдауы, жүрегімен сезінуі, түсінуі әр алуан. Сондықтан оқушының жеке - дара қабілетін ескеріп, өз бетімен ізденуге жағдай туғызу керек және өз ойын еркін жеткізіп бейнелеуге, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру - біздің басты парызымыз. Осыған орай қазақ қолданбалы қолөнеріндегі кеңінен тараған қолөнер түрлерін оқушыларға еңбек сабағында таныстыру, осы бағытта баули отырып, эстетикалық тәрбие беру, жастарды халық қолөнерінің көп ғасырлық үрдісіне негіздеу қалыптастырылады.

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана - сезімін, ұлттық психологиясын, оны сонау ерте замандағы ата - бабалар салт - дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу - ұлтжанды ұлағатты ұстаздардың абройлы ісі. Қазақ қолөнерінің тарихы мен теориялық маңызын жете түсінуіміз керек Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейтесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу - қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет - дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылды. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Бұл міндет - адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүдесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Көркем еңбек сабағы - мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз. * Еңбекқорлық ; * Ұлтжандылық ; * Рухани мәдениет ; * Іскерлік ; * Шыдамдылық ; * Ізденімпаздылық. Оқушыларды еңбек қызметіне іс жүзінде даярлау міндетінің де маңызы бұдан кем емес, өйткені адам белгілі бір еңбек ете алмайды, әрі бұдан басқа еңбек үрдісінде ғана, оқушыларды мектептегі сарамандық еңбек қызметіне тарту жолымен еңбекке қатынастық негізін қалауға болады. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек. Халық өнерін оқып, оны өмірмен ұштастыра білген адамның жан дүниесі кеңейеді, ой алғырлығы артады, шеберлігі кемелденеді. Ол адамның мәдени, рухани және шығармашылық дәрежелерінің көрсеткіші ретінде адамның күш - қуатының даму үрдісін іске асырады, кісіні сауаттылыққа жетелейді. Оқушы өзін қоршаған ортаның дүниенің салт - дәстүріміздің, қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсінуі керек.

Көркем еңбек пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы игі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Ұстаздық қызметтегі басты мақсатым - халқымыздың қолөнерінен туған асыл мұраларын әр оқушыға саналы түрде жеткізу, оның сырын ұқтыру, түсіндіру, терең зерттеу, заман талабына сай көркем шығармашылықты дамыту. Бәсекеге қабілетті ұлттық құндылықтарды меңгерген құзыретті тұлға қалыптастыру.

Көркем еңбек сабағында іс жүзінде жұмыс нақты жүргізілгендіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек. Бұл іске барлық оқушылардың шамасы жете бермейді. Сондықтан оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ең басты мақсат - ұлдардың сабақтан шет қалмауы, берілген тапсырманы орындауын қадағалаймын. Технология пәнінде ер балалардың іске икемділігін, жинақы, әрі тиянақты болып, өз ойын дәл, дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап етемін.

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны үлкен. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық оларды өндірістік бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп атаған. Ал бұл шебердің әр қайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да уақ - түйек бұйымдар түрлерін жасай білген. Әсіресе, ұста аталған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысқан. қазақ арасындағы ағаш ұсталары бұлардан басқа да көптеген құрал - сайман, әр түрлі жабдықтар және үлкенді - кішілі үй жиһаздарын жасаған. Қазақтың ағаш өңдеу кәсібінің ішіндегі ең күрделісі де, көшпелі халыққа ең қажеттісі де киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер екені даусыз. Киіз үй сүйегінің әр түрлі әлеуметтік ерекшеліктерін былай қойғанда, оның жергілікті ерекшеліктері болған. Ағаш өңдеу кәсібіндегі ең күрделісі ол киіз үйдің сүйегін жасау.

Қолөнер түрлерінің қайсысында болсын, белгілі бір дәрежеде жергілікті ерекшеліктердің орын алғандығы анық. Мұндай ерекшеліктердің ең алдымен халқымыздың көрші елдермен эконмикалық байланысына, мәдениет саласындағы бір -біріне тигізетін игі әсеріне, ертеден қалыптасқан өнер дәстүріне және жергілікті жерлерде жиі кездесетін шикізат түрлеріне де тікелей байланысты болды.

Ершілер өнерінде де жергілікті өзгешеліктер бар. Ол ерекшеліктер Қазақстанның әр өңіріне тән ер түрлерінің жасалу тәсіліне, сыртқы кескіне, қандай ағаш түрлерінен жасалатындығына және көркемдеп өңдеуіне байланысты. Қазақстанның оңтүстігінде негізінен құранды ер, батысында қозы құйрық ер, солтүстігінде, орталығында, шығысы мен оңтүстік шығысында қазақ ерінің көптеген түрлері жасалған. Ердің қазақы ер, қоқан ері, құранды ер, жас балаға арналған ашамай, қазықбас ер, орыс ері және сол сияқты тағы да көптеген түрлері бар.

Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш, кебеже тәрізді үй іші мүлкі мен аяқ табақ оятын іскерлерді оймашы деп таныған.

Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіпетушілерді балташы десе, балық ұстау үшін түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, мынта, шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліністің тиянақты шегі жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқумен немесе тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымда ағаш ұстау ісімен шұғылданатын шеберлерді ұста деп атаған, ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшеліктеріне орай темір ұстасы, ағаш ұстасы болып бөлінген. Бұл бөлініске қарамастан нағыз ұста ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрін де жете меңгерген. Сондықтан он саусағынан өнер тамған шеберді ғана халық ұстасы деп таныған. Атап айтқанда қас шебердің қолынан шыққан заттарды ырым етіп іліп қою бүгінге дейін сақталған.

Қолөнер ғасырлар бойы дамып қалыпттасып келе жатқан халық шығармашылығы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп жаңарып келіп атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер . Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалқ тәлім алып өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірде, сол дәуірде өмір сурген халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін өнер арқылы білдірген. Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуге болады.

Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Қазақ қолқөнернің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалармен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмірден біртіндеп отырықшылдыққа көһшу процесі көршің елдермен әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстарының арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі, сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал етті.

Ол кездегі қазақ ауылының көпшілігі қаламен тығыз байланыста болмады. Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, халық шеберлерінің жасағандарын пайдаланды.

Кеңес үкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өме зор. Өйткені қазақ қолөнері - жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бәрі.

Қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағатан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арбашы, ұста деп даралап бөлген[1] .

Ағаш өңдеу өнерінің іскерлікпен қатар қыруар еңбекті, шынайы талғамды аса қажет ететін түрі-кйіз күй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбінесе өзен жағасында өсетін ір түрлі талдардан жасалған.

Ежелден көшіп-қонып мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі-салт ат болды. Соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше. Қазақ өз бетімен ата мінуге жараған барлық балаларына арап ер турман дайндыған. Қазақ шеберлері ішінде ел арасында тұрып, тері илуді кәсіп еткендері де аз болмаған. Осындай ісмерлер Семей, Өскемен, Омбы, Орынбол, Верный, Тараз, Ақмешіт (Қызылорда) қалаларында тері илеп, былғары жасауды үйреніп, кейінірек ел арасына шығып, осы кәсіппен айналысқан, Жетісу өнер шеберлері күнделікті тұрмыс мүмкіндіктеріне қарай киім-кешек ті гуде ат абзелдерін сәндеп, әшекейлеуде аянбаған.

Кең байтақ қазақ жер інде өнердің қай саласында болмасын, айталықтай жергіліктері ерекшеліктер кездеседі.

Мұндай ерекшеліктер ер тұрмандарынан да байқалады. Олардың бір-бірінен негізгің айырмасы-жасалу тәсілі мен сыртқы көрістерінде. Осы ерекшеліктеріне байланысты “Қазақы ер”, “Үйрек бас ер”, т. б. ата улар қалыптасты.

Бұлар ел арасына кең тарап, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын ертұрман түрлерін ертеден келе жатқан үлгілерін сақтап дамытты. Қазақ зергерлері түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады.

Әсіресе күмістен соғылған көптеген сәндік бұйымдар сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекілік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, жүзік, белбеу, сақина, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден ақ кең тараған заттар.

Сондай-ақ ерлерге арналған кемер белбеу, кісе, ертұрмандарының күмістелген, алтындалған әшекейлері бар.

Ерте заманнан күні бұгінге дейін өзінің қадір қасиетін жоймай қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, ісмдігімен әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан кал май келе жатқан бұйымдар -ұлтық киімдер.

Халық өнерінің түрлері оның орындалу тәсілдері жоғарыда айтылғандай өте көп кілем тоқу киім үлгілері өрімшілік зергерлік соүйектен мүйізден ағаштан жасалатын бұйымдар ер-тұрман тері илеу тас қашау ұршық иіріп жіп есу өрмек жүгіртіп кесте тігу [2] .

Жүн түтіп ши орау өнерлері әрі қиын әрі қызық бұл өнерлердің өркен жаюы біріншіден тұрмыста пайдалану үшін болса екіншіден халықтың өнерді аса жоғары бағалауынан да туған қасиет олардың сүйектен жасаған кереуетері мен сандық асадал адалбаақан жүкаяқ кебеже мүйізден шақшалары мен ыдыстары сәндік бұйымдары сырға білезік жүзік өңірше алқа шолпы шаштеңге шашбау сақина ілгекқапсырмалары ел арасында әлі де жиі кездеседі тұс киіз сырмақ текемет аяққап кесе қап шабадан санндық қап бау-басқұр қоржын тағы басқа киіз үй жасаулары күні бүгінге дейін бар.

Ал кілем тоқу өнері де біздің өрс алған ауылдық жерлерде тұратын қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма жүн түтіп жүн сабауды ұмыта қойған жоқ қызылорда шымкент жамбыл торғай ақтобе обылыстарында кілем тоқу өнері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жаңаша түр ою-өрнектер мен әсемдік орнын қадір қасиетін жойған жоқ.

Сондықтан тиісті орендар осы сияқты жергілікті қолөнер шеберлеріне деген қамқорлықты оларға коректі шикізат қорын бөліп ғасырлар бойы халқымызбен жасасып келе жатқан қолөнердің алдағы уақытта да өркендей беруіне көңіл бөлінеді деп. сенеміз

Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдинетті бар. Мол рухани мәдинетінің маңызы бір саласы қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барсында туды және тұрмыс тіршілігінде қолданылаттын өнермен тығыз байланыстты болды Барлық заттар көшпелі халықтұрмысына бейімделіп жасалды.

Археологиялық қазбалар арқылы күні бүгінге дейін жетіп, мәдени мұраға айналған қолөнер туындыларын халық мәдениетінің бастауы деп. білеміз. Атадан балаға мирас болып жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнер дәстүрінің тамары тереңде болса, қазіргі көркем кәсіпшілік өндірісі де сол халықтық дәстүрлерден нәр алып отыр.

Қазақ қолөнерін жіктеуде ағаш өңдеу, тері өңдеу, темір өңдеу мәселлерінің технологиялық ерекшелігіне баса назар аударған жөн. Киіз- көп қолданылатын материалдардың бірі.

Жүннен жасалған бұйымдардың ішінен кілем текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын т. б. түрлерін атауға болады.

Қазақ халқының зергерлік өнерінде ерекше шеберлікті көруге болады. Қазақ зергерлері зер салып бедерлеуде дәстүрлі өрнектер мен сәндік ұтымдылықты сақтай білген.

Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бірі болыр табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз ұлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері-кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан жылға дамып келеді.

Әсіресе қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлер шығармашылығы қазақ халқы мәдениетін жаңа қырынан байытып отырды. Қолөнерге әр дәуір өзінше өшпес із қалдырып, көркемдік жағынан өз әсерін тигізді.

Қолөнер туындылры айналадағы құбылыс, күнделікті кәсіп, қоғамдық құрылысқа арай өзгеріп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гобелен тоқу әдістері
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеу
Гобелен тоқу технологиясы
Киімнің негізгі міндеттері
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Ағаштарды қолөнерде пайдалану
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz